Бабалар мұрасы. Эссе


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Үлгілі орта мектебі

ЭССЕ

Тақырыбы: Бабалар мұрасы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Жансақалова А. Ж

Бабалар мұрасы

Ата - бабамыз ана құрсағыннан бастап, бала дүниеге келгенше тәрбие жұмысын үзбей жүргізіп отырған. Алғашқы кезеңде тәрбие ойын - сауық түрінде жүргізілген. Бала жеті жасқа жеткенше бетінен қақпай, еркін, еркелетіп өсіреді. Зекімейді, жасқамайды, баланы ұрмайды. «Баланы басынан ұрма бағы таяды, арқасынан ұрма әруағы қашады» деп айту тәрбиенің негізі болып табылады. Әрбір отбасы ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, ұлттық тәрбиені қалыптастыратын ата, әже, әке, мектептері арқылы халықтың салт - дәстүрлері, әдет - ғұрыптарына, ата кәсібіне балаларды үздіксіз тәрбиелеу арқылы қол жеткізіп отырған. Аталарымыз табиғатпен етене өмір сүріп, барлық жақсы үздік, тәрбиелік мәні зор әдістемелердің барлығын ұрпақ тәрбиелеу жолына бағыштап отырған.

Біздің ата - бабаларымыз Әл - Фараби, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абай, Қаныш т. б. аталарымыз қазақтың осындай ұлттық тәрбиесінде өскен. Ұлы бабаларымыздың бойынан қазақ халқының теңдесі жоқ бай қасиеттерін көріп, таңданасың.

Ұлы бабаларымыз аталардың өсиет, нақыл сөздерін, әжелердің ертегісі мен аңыз, әңгімелерін, танымдық, ұлттық ойындарын, жұмбақ, жаңылтпаштарын т. б. жаттап, естіп, үйреніп өсті. Жас ұрпақтың бойында ананың әуенімен оятатын бесік жырларымен қатар қиял - ғажайып ертегілер, ұлттық ойындары арқылы ұнамды жағымды әдеттер мен мінез - құлықты, жақсы қарым - қатынасты, ынтымақ пен жарасымдылықты, қайырымдылық пен ізгілікті, еңбек сүйгіштік пен үлкендер еңбегін құрметтеу, жауапкершілік, патриоттық сезімдер т. б. адамгершілік - рухани қасиеттер қалыптасады.

Жұмыр жерді мекендеген халықтардың, ел-жұрттардың қай-қайсысының да ғасырлар бойы сұрыпталып, інжу-маржандай асыл, ұлағатты, шешендік, даналық сөздері болады. Тіл байлығының алтын қоры саналатын осынау ғибратты сөздер өмір шындығын, халықтың тұрмыс салты мен тіршілігін, психологиясын тайға таңба басқандай дәл шебер етіп бейнелейді. Бізүлкен болайық, кіші болайық, бәріміз - талай-талай тәлімнің тәліміміз. Бағзы заманда көз жұмған арғы бабаларымыз, үлкен әкелеріміз бен әжелеріміз мәңгі өшпес ізгі дәстүрдің өнегесімен біздің баулып жатыр, баули да береді. Тіршілік етуші әрбір жан тәжірибе жияды, оны топтан саралап түйіндейді, осы қазыананы өзгелерге таратады, игілігіне асырады. Ең берекелі, ең парасатты тәжірибе - әрине, халық түйген тұжырымдар, шешендік сөздер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар.

Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.

Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғауда¬ғы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыз¬дың бойындағы отансүйгіштік құндылық-тарды ұрпақтан-ұрпақ¬қа беріліп отыр¬ған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі зама¬нынан бастау алған патриоттық құн¬ды-лық Күлтегін жазбаларын¬да былай деп суреттеледі: “Елте¬ріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” - деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патрио¬тизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатын¬дығын көрсетеді. Күлте¬гін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:

Кедей халықты бай қылдым,

Аз халықты көп қылдым…

Түркі иелігінен айырылған халықты

Ата-баба мекеніне орнатты… - делінген еді.

Бұл жазбадан патриотизмнің -ата-баба мекеніне ие бо¬лып отыру жолында жан ая¬мау, діл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.

Туған жерге деген ыстық сезім, ата¬мекенге деген құрмет пен қадір қа-сиет тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қор¬қыт Ата, әл-Фараби, Жүсіп Бала-сағұни, Мах¬мұд Қашқари, т. б. айтқан бола¬тын. Ақын-жыраулар халыққа өне¬ге¬лі сөздерімен ықпал етіп, олар¬ды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорық¬тарға бірге аттанды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.

Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» деген мақал бар. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін үлкендер де өз соңынан ерген ұрпақты дұрыс тәрбиелеуі керек. «Отаным маған не бересің деп емес, Отаным, мен саған не бере аламын?» деп өсу керек. Сонда елімізде әрқашан да бейбітшілік болады. Себебі, ертеңгі елдің тізгінін ұстар азаматттар білімді болса, олар барлық қиыншылықтарды ақылмен шеше алатын болады.

Қазақ халқы өзінің ата-баба тарихына сүйіс¬пен¬шілік¬пен қарауға құқықты. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз бір сәт құлдыққа бас сұғып, өзінің отар ел болған болмысына ризашылық білдіріп, отырып қалған емес. Олар арының тазалығын ту қы¬лып, азаттық жолын қалады. Ата-баба салты - тарихымыздың үлесі халқы¬мыздың баға жетпес мұрасы.
Қазақ халқы ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген қасиет тұтқан ел. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған еді. Оны Қазыбек би: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз; ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі-тұзын ақтай білген елміз; асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды» дей отырып, қазақ халқының өз елін, жерін қорғаудағы қажырлығын, жанын аямайтын патриоттығын, такаппарлығын сипаттаған еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның эволюциялық дамуы туралы
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының мазмұны
Әбілғазы ханның «Түрік шежіресінің» әдеби маңызы
Елеке сазының зерттелуі
Модульдік оқыту технологиясының болмысы
Қалған ұлттар диаспора
Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде
Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері
Түркілердің рухани мәдениетін дамытудағы исламның маңыздылығы
Олжас Сүлейменов өмірі мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz