Бастауыш сыныпта критериалды бағалау — сапалы білім өлшемі


Кіріспе3
І тарау. Бастауыш сыныпта критериалды бағалау - сапалы білім өлшемі4
1. 1 Бастауыш сыныпта критериалды бағалау4
1. 2 Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі4
ІІ тарау. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесі4
2. 1 Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі4
2. 2 Критериалды бағалау - бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда5
Қорытынды6
КіріспеЖұмыстың өзектілігі: Бүгінгі күні білім әлеуметтік және экономикалық прогреске жеткізетін маңызды факторлардың бірі ретінде қарастырылуы керек. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден -бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау .
Бүгінгі мұғалімдердің басты міндеттердің бірі - білім беру жүйесін жаңарту болып саналады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ең беделді адам-ол өзінің ұстазы. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қоғамның дамуы келешек ұрпаққа білім беруші мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. . Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді.
Жұмыстың мақсаты: Кез-келген мұғалім критериалдық бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын толық меңгерген жөн. Сондықтан біз критерий деген сөздің мағынасын өзіміз түсінуіміз қажет.
Жұмыстың міндеттері:
- Мұғалімдердің формативті бағалауды қолдануы нәтижесінде оқушылар оқу үдерісіне тартылады.
- Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалаудың тиімділігін ұғынады.
- Мұғалімдер формативті бағалаудың рөлін түсінеді, өзін-өзі және өзара бағалауды, кері байланыс жасауды тиімді қолданады.
Критериалды бағалау оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т. б. ) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақтыанықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жүзеге асыра аламыз. Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын тақырыпқа сай ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу арқылы білімдері молаяды. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, ойлау, алдыға жетелеу. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады.
1. 2 Критериалды бағалау- сапалы оқу кепіліҚазіргі таңда Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім беру жүйесі құрылуда. Білім беру парадигмасының орын алмасуы: жаңа мазмұн, өзгеше жағдай, өзгеше қарым-қатынас, өзгеше тәртіп, өзгеше педагогикалық менталитет қалыптасуда. Білім беру мазмұны жаңа ақпарат алмасу, ғылым мен нарық практикасындағы проблеманы шығармашылық түрде білім беру процесінде жеке тұлғаға бағытталған дағдылармен байытылуда. Педагогиалық технологиялар, жалпы білім беру деңгейіне барабар ғылымның рөлі артып келеді.
ІІ тарау. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесі 2. 1 Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі- заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
- жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
- оқушылардың білім сапасын арттырады;
- оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
- тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.
Бүгінгі таңда Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқушы білімі - қалыптастырушы және жиынтық бағалау негізінде бағалануда. Қалыптастырушы бағалау - оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау - оқытуды бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау - бұл білім алушылардың оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдердің қолданатын мәліметтерді іздеу мен түсіндіру үрдісі. Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау) маңызы - білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты- оқытудың қиындықтарын анықтау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу, болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Бағалаудың мәні - бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында, сабақтың ортасында, сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі. Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың формальді, формальді емес әдістерін тиімді әрі жүйелі қолдану қажет. Формальді бағалау әдісі нақты оқу мақсатына негізделіп жүргізіледі. Дескрипторлар мен бағалау критерийлері тапсырмаға сай құрылып, оқушы білімінің нәтижесі ауызша немесе жазбаша түрде «мақсатқа жетті», «талпынады» деген бағалау түрі бойынша қорытындыланады. Формальді емес қалыптастырушы бағалау әдісі белгілі бір талаптарға сай ауызша немесе жазбаша жүргізіледі. Бұл қалыптастырушы бағалауда оқушы білімінің нәтижесі «мақсатқа жетті», «талпынады» деген бағалау түрлері бойынша емес, ауызша мадақтау немесе белгілі бір шартты қимыл арқылы қорытындыланады
2. 2 Критериалды бағалау - бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастырудаКритериалды бағалау
- Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
- Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
- Білім беру сапасын арттыруға;
- Оқытудың сапасын жақсартуға;
- Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
- Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
- Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz