МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫН ҚҰРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖОЛДАРЫ


Баймаханов Ерастанахан Ермаханович
М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құқықтану мамандығының 1 курс студенті 1 курс студенті, бакалавриат, Тараз, Қазақстан
Жетекші: Алимбетов А. В
Мәңгілік ел идеясын құрудың құқықтық жолдары
Бұл мақалада «Мәңгілік ел» идеясының маңызы, құқықтық жолдары туралы айтылған.
Өз елін, туған жерім, туған тілім сүймейтін адам жоқ шығар. Менің туған елім - Қазақстан. Даласы, таулары биік, халқы мейірімді, ғажайып өлке. Басқа елдерде соғыс болып жатқанда біздің елде тыныш, аспанымыз ашық қуанышқа толы. Біз сол атадан қалған асыл қазынаны ұмытпауымыз керек. Өмір болашағы біздерміз, жалғастырушымыз. Еліміздің жарқын болашағы Елбасының арқасы. Қазақ елі мәңгілік ел болып қала береміз. Елбасының ақыл - ойы, керемет күш - жігерінің арқасында егеменді Қазақ елі өркендеп келеді. Елбасымыз қазақ елін білімімен ақыл парасатымен, сүйене отырып, әлем таныған елдер қатарына қосты. Елімнің өркендеуі, көк тудың желбіреуі біздің Елбасының арқасында. Қазір мен - бақытты елдің, бақытты ұланымын. Елбасының арқасында ұрыс - жанжалсыз, бейбіт өмір сүрудеміз. Қазақ елінде бақытты өмір сүріп жатқаныма қуанамын, шаттанамын. Еліміз тыныш, халқымыз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Қай жерде жүрсемде Қазақ елін, Елбасымды мақтан тұтып жүремін.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуын қалаған қазақтың біртуар алты алаш ұлдары халық жауы ретінде атылып кетті. Бұл сұмдық оқиғалар менің алдымдағы ғасырда болып өткен. Мен қазір өте бақыттымын. Өйткені мен дүниеге келгенде Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болған. Қазіргі Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында өз тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасын танымайтын ел жоқ. Қаламыз гүлденіп, әсем Астана күннен - күнге көтеріліп, эканомикамыз дәуірлеу үстінде. Менің ең бірінші міндетім мектепті үздік бітіріп, жақсы мамандық алып өз Отаныма септігімді қоссам деймін. Менің өз халқыма тілейтінім соғыс болмасын, аспанымыз ашық болып, балалардың шаттық үні мен күлкісі тиылмасын[1] .
Қазақстанға тәуелсіздік оңайлықпен келмегенін іштей ұғатынмын. Атамның айтуы бойынша сонау ежелгі тарихта сақ, ғұн үшін тайпаларынан бері Абылай хан, Тәуке хан аталарымның заманын да ұлан байтақ жерімізді талай рет қалмақпен жоңғарлардан қорғап келешек ұрпаққа аманат етіп қалдырған көрінеді. Сол заманнан бері қазақ халқының мың өліп, мың тірілген, көрмеген азабы жоқ. Оған дәлелі кешегі неміс фашисттермен болған соғыс жылдары, ашаршылық жылдары. Қаншама қазақ халқы ашаршылық заманда қырылып, қаншама жастар соғыста қаза тапқан.
Өткенінің өзі - көпке үлгі болар өмірбаян. Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың аясында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей, еңбек жолын Теміртаудан бастап, Қазақстан магниткасында шыңдаған. «Қанат ұшса қатаяды» деген осы болар. Алатаудан қанат қаққан жас өспірімнің ел азаматы дәрежесіне жетіп, өмірге білек сыбана араласуына, бүгінгі ел сенімін ақтауға бірден белсене кірісуіне үлкен көмегі болған .
Бұған бір дәлел - елдік пен ерліктің үлгісіндей болып Күлтегін бабамыздың ескерткішінің Елордадан орын алуы еді. Бұл көгілдір тас байлықпен бабаларымыздың асқақ рухы қайтып оралғандай болды. Мұның бәрі - Елбасының елеулі еңбегі.
Елбасымыздың қай Жолдауы, қай үндеуі болсын арманға қанат бітіріп, сол қанатқа отаншылдық, ұлтшылдық, қасиетті тіл, сыр тұнған тарих, туған ел секілді ұғымдарды іледі. Әр үндеуі көрегендікті, ұлылықты, асқан парасаттылықты, қазақ еліне тән даналықты көрсетіп тұрғандай сезіледі маған.
Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыруда елбасымыздың еңбегі өте зор. Қазақстан Республикасының осы күнге жетіп келе жатқаны ата - бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен ұлан байтақ қазақ жерін қасық қаны қалғанша білекті сыбанып елімізді, жерімізді жаудың қолына бермей, шашау шығармай жан аямай қорғап бізгеаманат етіп бергені. Ендігі мақсатымыз елбасымен бірге мына, біз жастар осы мемлекетті мәңгілік ету. Ата - бабаларымыздың мыңдаған жылдар азаттықты аңсап күнкені еді. Осы азаттыққа жетеміз деп, тәуелсіз ел боламыз деп талай боздақтарымыз қыршынынан қиылды. Азаттық бізге оңайлықпен келмеді.
“Мәңгілік ел” идеясы сонау VIII ғасырдан бастау алған. Күлтегін батыр өз елінде тасқа қашап мәңгі ел болғысы келген. Сол үшін 30 жыл ат үстінаде жүріп егеулі найза қолға алып тәуелсіздік жолында күрескен. Сол жолда құрбан болған ержүрек азаматтардың бірі. Оның мәңгі елді аңсағаны Күлтегін ескерткішінде тасқа қашалып жазылған. Мәңгілік ел болуды хандарымыз Керей хан мен Жәнібек хан да көздеген. Осы хандардың бастауымен Қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығының басты идеясы да “Мәңгілік ел” болу еді.
Мәңгілік ел болу сонымен қатар жан алмас тәуелсіздік жолында күрескен батырларымызды атап өтсек Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы, Сырым Датұлы, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және желтоқсан оқиғасына қатысқан батырларымыз Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова және т. б. батырларымыздың ерліктерін атап өтпесе болмайды.
Елбасымыз Нұрсұлтаг Әбішұлы Назарбаев ендігі арманымыз, мақсатымыз ата - бабаларымыз аманат етіп, бабаларымыз мұра етіп қалдырған тәуелсіз, айбынды ірге тасы берік, мықты асқарлы мемлекетімізді “Мәңгілік ел” ету болды деп жариялады. Сол үшін даңғыл нұрлы жол салды, нақтылап, шегелеп 100 қадам бекітті. Сонымен сонау ежелден бастау, бағыт бағдар алған осынау кең байтақ шұрайлы жері бар мемлекетімізді “мәңгілік ел” ету алдағы мақсат. Елбасымыз 2015 жылғы жолдауында осыны айқындап көрсетті. “Мәңгілік ел” құру идеясы жолында жүзеге көптеге реформалар іске асырылып жатыр солардың бірі жүз нақты қадам, нұрлы жол - болашаққа бастар жол, Қазақстан 2050 стратегиясы болып отыр. Ендігі арман мақсатымыз елімізді 30 елдің қатарында көру болып отыр.
«Қазақстан жолы» - Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамддарын ашып көрсетеді. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай - газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді[2] .
Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдындағы тарихи парызын терең сезіне білетін азаматтық жауапкершілігін, тұрақтылық пен ұлтаралық татулық идеясын Қазақстан аясында ғана жүзеге асырып қоймай әлемдік деңгейге көтерген көрегендігін, қайраткерлігін айқара ашып көрсетеді.
Әр дәуірдің өз үні болу қажет. Ұрпақ білу керек. Бұл шығарма кенеттен дүниеге келген жоқ. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағалы бері қаншама асуларды бағындырды. Ешнәрсе өзінен - өзі бола салмайды. Оның астарында елдің моншақтап төгілген тері, аердің өлшеусіз жан алысып, жан беріскен ұйқысыз түндері жатыр. Біз тәуелсіздігімізді алғанымызбен, әлі қылыштың жүзінде ғұмыр кешіп келеміз. Сәл абайсыз адымымыз бізді кез келген сәтте майып қылуы мүмкін. Осындай жағдайда жүріп, Елбасы қаншама ауқымды тірліктер атқарды. Жиырма төрт жыл бұрын қандай едік, бүгін қандаймыз!Бәрін ой елегінен өткізген жөн. Елбасының ел мүддесі үшін атқара алмай жатқан ісі болса оған ел болып, жұрт болып қолдау білдіруге, ал ел мәртебесіне жұмсаған қажыр - қайраты мен ғаламат табыстары үшін ол кісіні ардақтауға тиістііміз. Бұл берісі адамдық, әрісі елдігімізге сын. Тәуелсіздік алғалы бері атқарылған адам сенбес ғажайыптарды санамалап айтпай - ақ қояйын. Оны елдің бәрі көріп отыр. Шығармада осының бәрін жыр тілімен өрнектедім. Көп дүниелер айтуға оңай. Ал оны қағазға құлату - қиынның қиыны. Оған төгілер көздің майы, жүректің оты қажет.
Тарихымызда қанашам ел тізгінін тартқан тұлғалар халықты ақ жолмен аман алып өткісі келеді. Қаншама қантөгісті бастан кешірді. Енді тәуелсіздікке қолы жетіп, жан - жағына бажайлап қарап тұрған біздің еліміз үшін негізгі тірек - бірлік. Форумның басты мақсаты да бірлік пен ана тілі жайында болды. Өрге қарай өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің әр саладағы білімді жастары бас қосып, мүдделері бір жерден тоқайласты. Тәуелсізлігіміздің шаңырағын шайқалтпай, гүл сияқты аялау қажеттігі және халқымыздың жарқын болашағы жайлы айтылды.
Тарихқа көз жүгіртсек, кезінде ел билеген Абылай да, Кенесары хан да Арқаның төсіне талай мәрте бет бұра берген екен. Сол киелә өлкеде талай тиянақты сөздерін, тоқсан ауыз сөздің төрелігін, тұжырымдары мен шешімдерін, ұрпақ пен болашақтың мәселесін қараған. Қазір де Елордада саяси сауаты ел азаматтары бас қосып, ұлттың шаңырағын биіктетіп отыр. Астананың сұлулығында, тарихында, тіпті ауасында магия бар. Елбасы бізге бәйтеректі бойтұмардай етіп сыйға тартты. Бұның өз аңызы бар. Ертеректе бір батыр бәйтеректің төңірегінде дамылдап жатады. Оянып қараса үлкен бір әбжылан бәйтерекке өрмелеп бара жатыр екен. Бәйтеректің төбесінде киелі құс Самұрықтың алтын жұмыртқасы бар. Батыр бірден жеесін тартып, алдырнасын сілтеп жібереді. Сұрмерген батырдың жебесінен әбжылан сұлап түседі. Осылай әлгі Самұрық пен батырдың арасында достық орнайды. Сол батырды Елбасы деп айтсақ артықтығы жоқ. Елі мен жерін алтын ұядай ғып ұстап, мемлекетіміздің мәртебесін көтерген еңбектері ешқашан ұмытылмайтын ақиқат.
Шерхан Мұртаза ағаның «Елбасы біреу, қалғаны тіреу» дегені де сол секілді дүние. Еліне, тарихына, ұлтының болашағына деген құрметі бар әрбір азамат өз мамандығының білгірі болу керек. Өз ісіне адал азаматтан асқан патриот жоқ.
Тәуелсіздіктің арқасында жүзіміз жарқын. Тек сол Тәуелсіздігімізді сақтап тұру - біздің мәңгілік міндетіміз. Қарапайым тілмен айтқанда, екі қазақ бір - бірін адами тұрғыда сыйлап, құрметтеп бірін - бірі шынайы түсіне білсе, біріне - бірі қол ұшын соза білсе, болашағымыз әбден жарқын болады. Біздің мемлекетіміздің жетістіктерін менсінгісі келмейтіндердің мысы басылады. Біз үшін ұлттық идея да, болашаққа деген бағыт - бағддарымыз да бар. Талай қиян - кесті заманда ұлттың санасын оятқан елміз. Нақты уақытта үлкен қоламтаның астында қызуы қайтпаған, қайта жалындауға талпынып тұрған шоқ секілжіміз. Біздің жүрегіміздегі сонау сақ пен ғұн бабалардың отын ешкім де өшіре алмайды!
Мемлекет басшысының қабылдаған «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталғанын атап өтті.
Ұлт жоспарының екінші реформасы - Заңның үстемділігін қамтамасыз ету. Аталған бағыттың маңыздылығы жайында Тараз қалалық сотының судьясы Бауыржан Манкетегі әңгімеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz