Балалар ауыз әдебиетін жасаған –халық


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе3

1. Балалар ауыз әдебиетін жасаған -халық. 4

2. Ауыз әдебиеті жанрларын оқытудың түрлері7

Қорытынды9

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР10

Кіріспе

Балалар әдебиеті әдебиеттің өз алдына жеке дара саласы болғандықтан, бұл саланың өзіне тән ерекшелігі, тілі мен өзіндік бағыт-бағдары бар. Яғни, балалар әдебиеті - қазақ әдебиетінің бір арнасы. Оның да өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалар әдебиетінің басты ерекшелігі - тақырыбында, екіншіден, бала тіліне лайық көркемдігінде, үшіншіден, тәрбиелік-танымдық, дидактикалық ұғынықтылығында, төртіншіден, балаға тән юмор қажет. Баланың қажеттілігінен, сұранысынан, талабынан шығу үшін оларға тән қылық, мінез керек. Ол үшін көркем шығарма шынайы, табиғи сурттелуі керек. Онсыз баланы алдау мүмкін емес. Бірақ ол шындық қоғам дамуына сай өзгеріп, уақыт талабына шығып отырса нұр үстіне нұр.

Балалар әдебиеті - балалар өмірінің энциклопедиясы. Бастысы - балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу.

Ауыз әдебиеті - халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.

Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk - халық, lore - білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес. [1]

Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” - халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” - прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б. ) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас.

1. Балалар ауыз әдебиетін жасаған -халық.

Балалар ауыз әдебиетін жасаған -халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе болмаған. Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, тәтті қиялын өлең етіп, ән етіп баласына арналған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланың жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек-мақсаттар қою өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған. Өйткені “Адам-дүниені ұйымдастырушы, екінші жаратылысты, мәдениетті жасаушы күш-қуаттың иесі, адам -жаратылыстың органы, жаратылыс оны өзін тану, өзін көркейту үшін туғызған, міне балаларға осыны ұғындыру керек. ” деген М. Горький. Демек, халық ауыз әдебиетінің алғашқы пайда болуы, шығуы халықтың балаға арнап айтқан өлең, жыр, ертегілерден басталады.

Бала өскен соң, өздерін қоршаған жаратылыстың ішкі құпиясын ғылым жолымен сезініп білмесе де, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, адаспай кете беретін болған.

Халық ауыз әдебиетін балалар сүйіп оқиды, қызыға тыңдайды. Халықтық шығармалармен мектеп жасына дейінгі балалар да ата-анасының, туған- туысқандарының айтуы бойынша ертеден-ақ таныс бола бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер-бәрі де баланы қызықтырып, оларды мәз-мейрам етеді. Сайып келгенде, осының бәрін балалар ауыз әдебиеті деп атауға болады.

Балалар ауыз әдебиетіне халықтық шығармаларымен бірге туып жасасып келе жатқан, бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың өмір тәжірбиесіене туған игі ісі, жемісі жатады.

Балалар ауыз әдебиеті-балалардың психологиясымен, олардың ерекшелігімен санасудан туған және оларды тәрбиелеу ісінен келіп шыққан игілік. Жылаған бөбегін жұбату үшін немесе ұйықтату үшін ата-анасы балаға бесік жырын шығарған. Бөбектердің кішкентай саусақтарын қимылдатып, өз саусақтарымен өздері ойнап, уілдеп бірінші тіл қатқаны, мәз-мәйрам боп сықылдап күлгені ата-ананы шексіз қуанышқа бөлеген.

«Бесік жырынан » кейін- «тұсау кесу» жыры келеді. Мұнда жас нәрістенің қаз тұрып, апыл-тапыл басқаны «тәй-тәй» деген әнді әуенмен, жылы сөзбен, мазмұнды әсем ырғақпен жыр етеді. Балдырған өскен сайын әннің де, өлеңнің де мазмұны тереңдеп, енді балаға тілек, мақсаттар қойыла бастады.

Бізге балалар ауыз әдебиетін жинау, бастыру, оны бір жүйеге келтіріп, жас өспірімдерге ұсыну жұмысы тек ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғана қолға алынды. . Өйткені ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазақ даласында ең бірінші рет жаңа типті орыс-қазақ мектептері ашыла бастауына байланысты халық ағарту жұмысымен шұғылданған педагогтар ең алдымен халық ауыз әдебиетіндегі бала тәрбиелеуге арналған шығармаларды жинауға бет бұрды. Олар балаларды оқытуға, тәрбиелеуге ең қажетті материалдар халық ауыз әдебиетінен табылатынын анықтады.

Қазақта балалар ауыз әдебиетін бірінші жинаған және оны ең бірінші рет құрыстырып, «Қазақ хрестоматиясы», «Мактубат» атты кітаптарына енгізіп, 1879 жылы бастырып шығарған Ы б ы р а й А л т ы н с а р и н еді. Төрт бөлімене құрастырылған осы кітаптың бірінші бөліміне өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелер, ертегілер енгізілген. Ы. Алтынсарин тек балалар ауыз әдебиетін жинаушы болып қалған жоқ, сонымен қатар ол қазақ балалар жазба әдебиетінің атасы болады. Осыдан соң-ақ қазақ халқының алдыңғы қатардағы оқыған азаматтары, педагогтары қазақ балалар ауыз әдебиетін жинаумен шұғылдана бастады.

Халық шығармаларының көркемдік принципі - жағымды кейіпкерлерді мейлінше дәріптер суреттеу мен қатар, жағымсыз кейіпкерлерді жиіркенішті, жексұрын етіп көрсетуге негізделген. Халық ауыз әдебиетіндегі көркемдік әдістің творчествалық күші өзіндік өзгешелігі міне осында. Адам өз ғасырының айнасы болғандықтан, ол өз заманының сипатын танытады . Біз осы негізге сүйеніп, балалар ауыз әдебиетіндегі эстетикалық идеалға көңіл аударамыз. Қай жерде өмір болса, сол жерде поэзия бар, - деп Пушкин айтқандай, қай жерде шындық болса, сол жерде поэзия бар, - дейді Беленский . Бұл екеуі бірін- бірі толықтыратын өзекті мәселе. Бірақ өмір бар жерде өтірікте, қиянат та болады ғой. Ал қиянат бар жерде нағыз халықтың поэзия болуы мүмкін емес. Беленский айтқандай, соған қоса шындық керек. Шындық бар жерде өмір дегенің гүл-гүл жайнап, көркемденіп, жанданып сала береді. Халықты қанаттандырып, рухтандырып, ерекше әсер етеі. Сондықтан поэзия халық үшін өмір шындығын суреттеумен ғана әсерлі, шынайы көрінеді. Ал шындықты аңсау халықтың эстетикалық идеалынан туған. Бұдан шығатын қорытынды эстетикалық ешқандай көркем шығарма тумайды. Өйткені, идеалсыз өнер өмірдің тек салқын, жансыз нұр сүлдесіне айналған болар еді.

Халықтың әдеті, салты, дәстүрі, ғұрпынан тыс фольклор болмайды. Сондықтан фольклордағы эстетикалық идеал халықтың салтымен, әдетімен, ғұрпымен, дәстүрімен кәсібімен тығыз байланысты дамытады да, әрқашан әр түрлі жағдайларға байланысты халықтың көңіл-күйін танытып отырады.

Күйіну- сүйіну үстіндегі эстетикалық идеал - ауыз әдебиетіне тән ең тамаша ерекшелік.

Балалар ауыз әдебиетінде эстетикалық мазмұн, эстетикалық идеал әр жақты, әр алуан мол болды. Соның өзі балалар санасының дамуына үлкен мүмкіндіктер туғызады. Өйткені, балалар ауыз әдебиетінде халықтың болашақтан үміт еткен эстетикалық идеалы өте күшті сезіледі. Әсіресе жыршының шығарманы суырып салып орындап отырған кезінде оқиғаның ақиқатына жетердегі адамның жан дүниесін тебірентіп эстетикалық әсері тым күшесісіп отырады. Ауыз әдебиетінің ең тамаша ерекшелігі оның осындай күйінше -сүйінше үстіндегі эстетикалық әсерінен байқалады.

Егер ауыз әдебиетінің осындай қасиеттерін кино немесе магнитафон, не кітап арқылы бермен болсақ, ол өзінің эстетикалық әсерін мүлде төмендетіп алған болған еді. Демек халық шығармаларындағы жақсы адам эстетикалық идеалдан туған еңбекқор шаруаның типтік образы екені көрінеді.

Халық шығармаларында типтік образдардың портретін суреттегенде аппақ етін -қарға, қызыл бетін қанға, оған ғашықтығын кеудесіндегі жанға балап айту бар. Осыдан келіп оның ер көңілділігі, ер болып туып, ел алдында халқы үшін қызмет ететіні бірге суреттеледі.

Эстетикалық тәрбие көркем өнер мен әдебиетінің барлық салаларында ұлы шеберлер жасаған аса құнды мұраларды балалардың толық түсініп, сол шығармалардан рақаттанып, рухани азық алдын көздейді. Бұдан шығатын қортынды эстетика адамның шындықты көркем түрде игеру заңдылығын білдіретін ғылым, соның жалпы заңдылығын көркем түрде танытатын ғылым . Эстетикалық идеал-халықтың арман мүддесін бейнелеп, шындықтың шексіз шыңына жетуге тырысатын көркемдіктің шырақтау шегі.

Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді. [3] Ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол - көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да - халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеум. бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеум. -қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классик. деңгейге көтерілген. Сондықтан да қазақ халқының ауызша сөз өнері отырықшы елдердегі көп өнердің бір тармағы ретінде дамыған фольклорлық шығармашылықтан оқшауланып тұрады. Көшпелі қоғамда фольклор белгілі бір әлеум. топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ханы мен қарасына, батыры мен биіне, байы мен кедейіне ортақ өнер, әмбеге тиесілі мұра. Бұған себеп күнделікті тіршілікті өнер дәрежесіне, кез келген құбылысты бейнелі де бедерлі жеткізуге дала перзентінің бейім тұруы еді.

2. Ауыз әдебиеті жанрларын оқытудың түрлері

Ауыз әдебиеті жанрларын оқытудың түрлері

Жаңылтпаш

1. Жаңылтпаш туралы тәрбиешінің түсінік беруі.

2. Жаңылтпашты тәрбиешінің оқып беруі, балалардың мұқият тыңдауы.

3. Жаңылтпашты балалардың өз бетінше және топта (немесе парталасына) оқуы, жылдам айтып жаттығу, айтудағы бір-бірінің қатесін тауып, түзету.

4. Жаңылтпашты өз бетінше жаттау және дауыстап жатқа айту.

5. Сөздік жұмысын жүргізу (жаңытпаштағы түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін, ұқсас сөздерді табу, олардың мағынасын түсіну, дәптерлеріне жазу.

6. Дидактикалық материалдармен жұмыс жасау.

7. Жаңылтпаш айту жарысын өткізу.

8. Жаңылтпаш айтудағы өзін-өзі (жолдасын) бағалауы және жолдасының баға беруі.

Жұмбақтар

1. Жұмбақ туралы тәрбиешінің түсінік беруі.

2. Жұмбақты тәрбиешінің оқып беруі.

3. Жұмбақты балалардың өз бетінше оқып шығуы және топта (парталасына) оқып беруі; шешімін өз бетінше (немесе бірлесіп) іздестіру, тапқанын дәлелдеу, сұрақ-жауап алмасу.

4. Сөздік жұмысын жүргізу.

5. Дидактикалық материалдармен жұмыс жасау (тақырып бойынша іріктеу, топтау) .

6. Жұмбақ жарысын өткізу.

7. Жұмбақ бойынша шығармашылық жұмыстар орындау (жұмбақ құрастыру, мазмұнына сәйкес сурет салу т. б. ) .

8. Өзін-өзі (жолдасын) бағалау және жолдасының бағалауын тыңдау.

Мақал-мәтелдер

1. Мақал-мәтелдер туралы тәрбиешінің түсінік беруі.

2. Мақал-мәтелдерді тәрбиешінің оқып беруі.

3. Мақал-мәтелдерді балалардың өз бетінше және топта (парталасына) оқып беруі.

4. Сөздік жұмысын жүргізу (жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дәптерлеріне жазу, сөздердің синонимдік қатарын табу, қарама-қарсы сөздерді атау, сөздердің тура, ауыспалы мағынасын анықтау) .

5. Дидактикалық материалдармен жұмыс жасау (мақал-мәтелдерді мағынасына қарай іріктеу, тақырыпқа сәйкес топтау, мақалды немесе мәтелді аяқтау т. б. ) .

6. Мақал-мәтелдер жарысын өткізу.

7. Мақал-мәтелдер бойынша шығармашылық жұмыстар орындау.

8. Өзін-өзі (жолдасын) бағалау және жолдасының бағалауын тыңдау.

Ертегілер

1. Ертегі жанры туралы тәрбиешінің түсінік беруі.

2. Ертегі мәтінін тәрбиешінің оқып беруі немесе әңгімелеп айтуы.

3. Ертегі мәтінін балалардың өзбетінше (немесе топпен, парталасымен бірлесіп) оқуы.

4. Сөздік жұмысын жүргізу.

5. Ертегі мәтінімен жұмыс (мәтінді бөліктерге бөлу, ат қою, рөлмен оқу, кейіпкерді анықтау, оларды сипаттау, бейнелеуші сөздерді табу) .

6. Дидактикалық материалдармен жұмыс жасау.

7. Ертегі бойынша шығармашылық жұмыстар орындау (ертегінің басталуын немесе аяқталуын өз ойынан құрастыру; ертегі сюжеттеріне өздігінен өзгерістер, жаңалықтар енгізу; ертегіге жаңа кейіпкерлер қосу, олардың ертегідегі орнын анықтау; ертегі мазмұнын өз ойларынан шығарып жалғастырып (қосып) айту) .

8. Өзін-өзі бағалауы, жолдасына баға беру немесе жолдасының бағасын тыңдау.

Аңыз әңгімелер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар әдебиеті – рухани қазына
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы
Халық ауыз әдебиетінің оқытылу үрдісі
Балалар әдебиетіндегі бесік жырларының маңызы
Орта мектепте қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың жаңа технологиялары
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы жайлы
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
Балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz