Бастауыш сынып оқытылатын оқу техникасын жетілдіру технологиясы пәнінің маңызы мен ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сынып оқытылатын оқу техникасын жетілдіру технологиясы пәнінің маңызы мен ерекшеліктері. Бастауыш сыныпта оқытылатын оқу техникасын жетілдіру технологиясы пәнінің жаңа технологиялары.

Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдары мен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, соңғы нәтиже оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Егер, мектеп-өскелең ұрпаққа жинақталған тәжірибе беру бойынша міндеттерді нәтижелі шешетін болса үздіксіз білім беру идеясы қазіргі заманғы жағдайда іске асуы мүмкін. Өскелең ұрпаққа тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және окушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді менгеруі кажет: ана тілін, ғылым тілін және технология.

"Технология" ұғымының мәнін өндірістік процестерге байланысты П. Р. Атутов пен В. А. Поляков "Технология (технологиялық процесс) - өндірістік процестің негізгі бөлігі. Осындай мәнде өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау және т. б., өндірісті техникалық бақылау, сондай-ақ өндірістік процестерді сипаттауды және оларды орындау бойынша нұсқауды технология . . . " деп айта келе, шикізатты алу, өңдеу және қайта өңдеу тәсілдері мен амалдарын даярлайтын және жетілдіретін ғылыми пәнді технология деп атайтынын жазды[4] .

Педагогикалық іс -әрекет саласында “Технология” деген сөздікті енгізу “индустриялдық” технология (Ф. Б. Гильбрейт, Ф. У. Тейлор және т. б) деген идеаға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау технологиясын, мұғалім мен оқушылардың іс -әрекетін (Т. А. Ильина) ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптер мен әдістерін анықтауға бағытталған[5] .

Педагогикалық технологияға берілген анықтамалар бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы (В. П. Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі) оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс -әрекеттің моделі (В. М. Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адаммен ортаның өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г. К. Селевко) В. А. Сластениннің ойы бойынша педагогикалық технология деген: ол қатаң ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету[6] .

Жалпы педагогикалық технологияның тереңдік мағынасы төмендегідей болып табылады.

Біріншіден, педагогикалық технология тәжірибе жүзінде бұрынғы педагогикалық экспериментті жоққа шығарып, оны алдын- ала жобаланған оқу -тәрбие процесс жолына аударады, кейін бұл жобаның сыныпта жүзеге асырылуын камтамасыз етеді. Бұл дидактикалық (тәрбие) түсініктеме тілдерінде мүмкін болып табылады.

Екіншіден, бұрынғы мұғалімдерге арналған сабақ жоспарларынан өзгеше, педагогикалық технология окушының өзіндік жұмыс мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесіндегі жоба ұсынады, яғни бұл оқу-танымдық жұмыс жобалануы кез-келген оқушылар санын жоғарғы тұрақты табысқа жетуге болады дегенді білдіреді.

Үшіншіден, педагогикалық технологияның айшықты қасиеті - мақсат білімділік процесі. Бұл педагогикалық технологияның негізгі мәселесі дәстүрлі педагогикадан басты айырмашылығы. Ол екі қырынан талқыланады:

- мақсат білімділіктің болжамы және окушылардың оқу

бағдарламасын сапалы меңгеруін объективті бақылау;

- жалпы тұлғаның дамуы.

Төртіншіден, педагогикалық технологияны нақты педагогикалық жүйе жобасы ретінде білу арқасында оның маңызды қағидаларының бірі - бүкіл оқу-тәрбие процесінің тұтастық қағидасын (құрылымдық және мазмұндық) тұжырымдауға болады. Тұтастық қағидасы педагогикалық жүйенің аралық элементтерінің үйлесімділігі.

№ 1 кесте

Педагогикалық технологиялардың мәні

Эксперт немесе жұмыстың атауы
Педагогикалық технология түсініктемесінің мағыналы мәні
Эксперт немесе жұмыстың атауы: 1
Педагогикалық технология түсініктемесінің мағыналы мәні: 2
Эксперт немесе жұмыстың атауы: Т. Сакамото (Жапония)
Педагогикалық технология түсініктемесінің мағыналы мәні: Ойлауды жүйелі тәсіл негізінде жүйелеп оқыту.
Эксперт немесе жұмыстың атауы: Л. Фридман, Пальчевский (Ресей)
Педагогикалық технология түсініктемесінің мағыналы мәні: Педагогикалық жүйені жүзеге асырудағы оқу ситуациясының жиынтығы.
Эксперт немесе жұмыстың атауы: Н-Таланчук (Ресей)
Педагогикалық технология түсініктемесінің мағыналы мәні: Алдағы қойылған мақсаттарға қол жеткізетін іс-әрекеттердің реттік жүйесі.
Эксперт немесе жұмыстың атауы: Білім беру және оқыту технологиясы бойынша Халықаралық жылнама, 1978 ж.
Педагогикалық технология түсініктемесінің мағыналы мәні:

А. Білім беру процесін оңтайландыру принциптері мен тәсілдерін бөліп алу.

Б. Оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.

Эксперт немесе жұмыстың атауы:

"Білім берудегі жаңа құндылықтар" жобасы, РБА

Педагогикалық жаңалықтар институты, 1995 ж.

Педагогикалық технология түсініктемесінің мағыналы мәні: Басты білім беру мақсатымен біріктірілген оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері, өзара байланысты тұжырымдалған тәсілдер мен әдістердің күрделі және ашық жүйесі.

Білім беру процесінің түйінді стратегиясы оның айқын құрылымын болжайды және төмендегідей әрекет реттілігін ұсынады:

Бірінші кезең - оқушының бақыланған іс-әрекетінің жинағы түрінде қажет етілген үлгі негізінде оқытуды жоспарлау.

Екінші кезең - бақыланатын әрекеттердің бастапқы деңгейін анықтау - диагностикалау. Оқушылардың қандай білім алғанын, одан ары танымдық ілгерілеуін жобамен емес әрқайсысын жеке -жеке тексеру.

Үшінші кезең - рецептуралық: оның құрылымында бағдарламалық оқытудың нәтижесі немесе іс-әрекеттің дамуы қарастырылады. М. Чошанов отандық және шет елдік авторлардың педагогикалық технологияларының белгілерін талдай келе:

- диагностикалық мақсаттылық және нәтижелілік оқыту процесінің мақсаты мен тиімділігіне жетуге кепілдік береді; .

- экономикалылығы -оқу уақытының қорын қамтамасыз етеді, мұғалім еңбегін оңтайландырады және аз уақыт ішінде жоспарланған нәтижеге қол жеткізеді;

- түзетушілігі- оперативтік кері байланыстың дұрыс, нақты мақсаттарға бағыт беру мүмкіндігі болатынын көрсетеді

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман», - деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді: Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған.

Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу - тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Сондықтан, ұстаз - мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады.

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік - педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен шығармашылық, педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған. Технология сөзі / techne - өнер, шығармашылық, logos - ілім /

Педагогикалық технология терминінің анықтамаларын көптеген авторлар өз түсінігі мен өз санасында қалыптасқан көзқарастарын қалыптастырған:

- «Технология» - қалыпты өзгерту, өңдеу әдістері, өнері, шеберлігі, іскерлігі жөніндегі ғылым жиынтығы. (В. М. Шепель)

- «Педагогикалық технология» - оқыту, тәрбиелеу құралдары түрлерін, әдістері, тәсілдерін үйлестіретін, әрі анықтайтын арнайы жинақ, психологиялық - педагогикалық ұстанымдар жиынтығы; (Б. Т. Лихачев)

- «Педагогикалық технология» - жоспарланған оқыту нәтижелеріне жету процесін сипаттау болып табылады. (И. П. Волков)

- Педагогикалық технологиялардың даму сатыларын жан - жақты қарастырып зерттеген ресейлік ғалымдар - Ф. А. Фрадкин, Е. Ю. Рогачева, Л. И. Богомолова,

С. И. Мезенцева, Г. Н. Осухова, Л. А. Кирсанова және де т. б. Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланатын барлық дара инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану ретімен жиынтық жүйесін білдіреді.

Педагогикалық технологияның тиімділігі:

1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;

2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;

3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;

4. Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.

5. өзін - өзі тексеруге дағдыланады.

6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.

7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады.

Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Бұған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты - тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.

Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Жалпы алғанда, жаңа технологиялардың 40 - астам түрлері бар. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр. Қысқаша осы технологияларға шолу жасайық.

Модульдік оқыту технологиясы. Модуль - белгілі бір жүйенің өзіндік бөлшегі (С. И. Ожегов) . Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі - тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, тұлғаның қажеттілігін қанағыттандыруға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы. Бұл технология тұлғаның даму ерекшеліктері туралы психологиялық ғылым мәліметтеріне, тұлғаның қызығушылық аясын дамытуға, тұлғаның танымдық құрылымын дамыту ерекшеліктеріне негізделген.

Бастауыш сынып оқушыларын оқу техникасын жетілдіру технологиясының пәнінің принциптері

Оқыту- бірлескен қызмет, мұғалім оқыту, сабақ беру, оқуға қалыптастыру міндетін атқарады. Оқушы оқу, білім алу, сапалы түрде алған білімін практикада қолдана біліу арқылы оны толықтыру, дамытуға ұластыру және өз бетінше білім алу.

1. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру дегенміз мұғалім мен оқушылардың бірлескен, ынтымақтасқан іс-әрекеттерде оқыту дістемесін ұтымды, оңтайлы, нәтижелі пайдалануға жету.

Оқыту әдістері көп функцияны орындайды, оның ең бастылары:

-білім беру;

-мотивациялық;

-дамытушы;

- тәрбиелеуші;

-ұйымдастырушылық;

Оқыту әдісі-ол мақсатқа жету жолы, бастауыш сыныптан бастап оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру, ол үшін мұғалім әдістерге таңдау жасайды. Білім беру көздері бойынша ертеден белгілері:

  • практика;
  • көрнектілік;
  • сөз, ол қазіргі мәдени дамуға процесіне сәйкес төртіншісі болып кітаптар, соңғы жылдары қуатты ақпарат көзі-бейнк жаңа компьютерлік жүйе қосылуы.

Білім көздері бойынша оқыту

2. Оқыту әдістерін мақсатқа сай-дидактикалық мақсатпен-ерекшелігі реттік сабастастық-берізділік кезеңдермен өтетін процестер:

а) білім алу;

ә) іскерлік, икемділік және дағдыларды қалыптастыру;

б) білімдерін практикада қолдану;

в) шығармашылық қызмет;

г) сабақтың материалын бекіту;

д) білімдерін, іскерліктерін, икемділіктерін, дағдыларын бекіту;

3. Бастауыш сыныптың оқушыларының оқу үлгерімін жетілдірудің бір жолы оқыту әдістерін тиімділікпен пайдалануға тәуелді.

4. Оқушылардың оқу үлгерімдерін жетілдірудің бір жолы оқушылардың танымдық қызметін жүйелі, жоспарлы жүргізу, сапалы орындау, олар:

- түсіндіру-иллюстрациялық (ақпараттық-рецесивті) әдіс;

- репродуктивті әдіс (қайта шығару) ;

- проблемалы баяндау әдісі;

- жартылай-ізденушілік (эврикалық) ;

- зерттеушілік;

5. Білім беру, оқыту, сабақ берулердің мақсаты мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру сатндарты, типтік бағдарлама, жұмысшы бағдарлама, күнтізбе-тақырыптық жоспар, оқу әдістемелік нұсқаулар, озат тәжірбие, тиімді әдістер, нәтижелі технология, ең үлгілі амал "он-лайн-сабақ" негіздеріне талаптарды мүлтіксіз орындаудың өзі оқушылардың оқу үлгерімдерін бір дәрежеге жеткізеді.

6. Бастауыш сыныптан оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының бірі мұғалім мен оқушылардың бірлескен, ынтымақтастығы оқу іс-әрекеті:

-оқу материалын-жаңа сабақты баяндау жолында тыңдау, жазу, жаттығу тапсырмаларын ынтамен орындау арқылы;

- үйге берілген тапсырмаларды зерделеп, жүйесі, сапалы орындау, қажеттілігіне қатысты қайталау, пысықтау, толықтыру;

- жаңа сабақта баяндау, түсіндіруге байланысты оны бекіту кезінде, түсініктеме беру кезінде зейін қоя тыңдау, практикалық жұмыстарды жасау;

- үйге тапсырма беруде оны орындау амалдарын, нақты тапсырмалардың үлгілерін баяндауға көңіл бөлу, үй тапсырмаларын жазып алу, үй тапсырмаларын сол берілген күні орындау, оның маңыздылығы бәрі есіңізде, ерекшелігі мүмкіндіктер бар, уақыт, сыныптастыққа ұстаз, ата-аналармен кеңесу, пікір алысу, қажет болса көмек сұрау, қайталап шығу, хрестоматиялар оқу;

- оқушылардың оқу үлгерімін жетілдірудің қазіргі кезеңдегі маңызды жолы өз бетінше оқу, өздігінен білім алу, өзін-өзі байқау, өзін-өзі салыстыру, өзін-өзі матрицалық тестілеуден өткізу, өзін-өзі практикалық жұмыстар жасау, компьютерлік жұмыстар жасау, ойын элементтері бар дидактикалық іс-әрекеттермен ұсыныстарға сәйкес жұмыстар жүргізу.

Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдары.

7. Ұстаздың сабақты оқыту әдісіне, білім беру әдісіне байланысты, оқыту әдісін ұтымды таңдай білу, тиімділігіне қатысты білім беру әдісін пайдалану.

Оқыту әдісі
Білім беру әдісі
Оқыту әдісі: 1. ақпарттық-хабарлаушы

2. түсіндіруші

3. нұсқау-іс-тәжірбиелік

4. түсіндіру-ынталандырушы

5. ынталандырушы
Білім беру әдісі: 1. орындаушы

2. репродуктивті

3. өнімді-практикалық

4. жартылай-ізденушілік

5. ізденушілік
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
CLIL -ді оқытудың теориялары, дидактикалық принциптері, психологиялық ерекшеліктері және модельдері
«Бастауыш сыныпта оқушыларға мәтіндік қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар мен мәселелер»
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Жазуды оқытудың тарихы
«Көркем еңбек» пәнін 2- сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді жолдарын теориялық тұрғыдан айқындау
Акробатикалық жаттығулардың маңызы
Шет тілін оқытудың жалпы әдістемесінің құрылымы, мақсаты және мәні
12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Конструкторлық - технологиялық дағдылар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz