Қазіргі заманғы геосаясат және Қазақстан сыртқы саясатта ден қоятын басымдықтар
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Қазақстанның сыртқы саясаты 3
Қазіргі заманғы геосаясат және Қазақстан сыртқы саясатта ден қоятын басымдықтар 6
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 16

Кіріспе
Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі негізінен протоколдық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық-мемлекеттік мүддесіне саясат жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субьект ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі — Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқықты мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісіміне қосылуы, Лиссабон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шеқараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ-пен "Демократиялық серіктестік туралы хартияға" қол қоюы, НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік" бағдарламасына қосылу, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.

Қолданылған әдебиеттер
1. Д. Жамбылов. Саясаттану. Оқу құралы. — Алматы, 1996.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы, 1999.
3. Қазақстан Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. — Алматы, 1991.
4. Н. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. — Алматы, 1996.
5. Н. Назарбаев. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. — Алматы, 1996.
6. Саясаттануға кіріспе. Проф. Т. Т. Мұстафиннің редакциясында. — Алматы, 1994, І, II, III бөлімдер.
7. Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы, — Алматы, 2002ж.

Жоспар
Кіріспе 3
Қазақстанның сыртқы саясаты 3
Қазіргі заманғы геосаясат және Қазақстан сыртқы саясатта ден қоятын
басымдықтар 6
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 16
Кіріспе
Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі негізінен
протоколдық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық
шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін
алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық-мемлекеттік мүддесіне саясат
жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субьект ретінде
белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі — Қазақстан Республикасының Біріккен
Ұлттар Ұйымының толық құқықты мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісіміне
қосылуы, Лиссабон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау туралы
шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін
және шеқараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ-пен "Демократиялық
серіктестік туралы хартияға" қол қоюы, НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі
серіктестік" бағдарламасына қосылу, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және
Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік
кепілдіктері жәрдемдесті.
Қазақстанның сыртқы саясаты
Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы ұйымдарына—Халықаралық
валюта қорына, Бүкіл дүниежүзілік банкіге, Еуропалық қайта құру және даму
банкісіне енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еуропалық одақпен серіктестік және
ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін
біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымында белсенді түрде жұмыс
істеуде.
Республика тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-
мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның
айғағы — ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы көптеген елдерде ЮНЕСКО-ның
демеуімен аталып өтуі.
Елімізді қазір дүние жүзінің 117 мемлекеті таныды, олардың 105-імен
дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 26 елшілік ашылып, Алматыда
40 елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс
істейді.
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін,
егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің
дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге
асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық
институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын
қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін
қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға
сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол
халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен
өзара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени қатынастарды орнатуға
ұмтылуда.
Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер
ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, өткен тақырыпта
айтылғандай, қыруар қазба байлықтармыз. Тұтас алғанда жыл сайын Қазақстанда
1,5 млрд. тоннадай астам пайдалы қазбалар игеріледі. Республикамыз астық
өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп қана қоймай, біраз бөлегін әлемдік
нарыққа экспортқа шығаруға мүмкіншілігі бар. ТМд елдерінің қой
шаруашылығының 25%-і қазақ даласында өсіріледі. Мұның бәрі шетелдерді
қызықтырмай қоймайды. Оған қоса республикамыздың демократияландыруға,
экономиканы нарықтық жолмен реформалауға алған бағыты да себеп болуда.
Сонымен қатар бұрынғы Кеңес империясының ыдырауының нәтижесінде мүлдем жаңа
географиялық саяси жағдай пайда болды. Қазіргі Қазақстан жері Еуропаны Азия-
Тынық мұхит аймағымен байланыстыратын сыртқы саяси және стратегиялық тиімді
кеңістікті алып жатыр. Бұл байланыстырушы буын мүмкіндігі де
Республикамызға септігін тигізуге тиіс.
Біздің географиялық жағдайымыздың тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге
тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы, қатынас жолдарынан қашықта
орналасуымыз. Мұның бәрі халықаралық экономикалық байланыстарға
қатынасуымызды қиындата түседі және сыртқы саясатты құруға да әсерін
тигізуде. Сондықтан көршілес мемлекеттермен, оның ішінде ең алдымен
Ресеймен өзара қатынастардың болуының мәні зор. Бұл ел, біріншіден,
Батыспен қатынас жолының қақпасы болып тұр. Екіншіден, республикамызда
тұратын орыстардың саны көп. Үшіншіден, Ресейде де бірталай қазақтар
тұрады. Екі елдің арақатынасы дұрыс болса, ел де тыныш болады. Сондықтан
Ресеймен Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы ұзақ мерзімді шарт
жасалды. Әсіресе, шартта көрсетілген Қазақстан мен Ресейдің қазіргі
шекараларының мызғымастығы туралы ереженің аса маңызды рөлі бар. Біз де
Ресейдің тұрақты болғанын, онда дағдарысты құбылыстардың болмағанын
қалаймыз.
Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық, ғылыми-
техникалық және мәдени ынтымақтастықта. шекара бойындағы аудандарда еркін
сауда аймақтарын ашу мәселелері жөнінде айтарлықтай жылжу бар. Қытай
Қазақстанға қарсы ядролық қаруды қолданбауға, күш жұмсамауға немесе күшпен
қорқытпауға, егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтеуге міндеттенді. Өз
кезегінде, Қазақстан ҚХР-дың аймақтық тұтастығына қатысты осындай
міндеттемелерді мойнына алды. 1994 жылғы сәуір айында Алматыда Қазақстан
мен ҚХР арасындағы мемлекеттік шекараның өтуі туралы Шартқа қол қойылды.
Бұл құжаттың маңызы өте зор екендігі айтпаса да түсінікті.
Өмір бойы көршілес болып, шаруашылығымыз, мәдениетіміз тығыз
байланысып, араласқан Орта Азия елдерімен біздің ортақ мүдделеріміз көп.
Әлбетте, олармен ізгі қатынастарға алдыңғы қатарлы орын берілді. Тілі бір,
тарихы тамырлас, рухани бауырлас Туркиямен екі арада өзара тиімді
экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, мәдени байлықтармен алмасуға деген
екі жақты ұмтылыс бар. Сол сияқты Иран елімен де достық ынтымақтастық
қатынастар дамып, бекіп келеді. Екі ел Каспий теңізін Қазақстанды Солтүстік
Иранмен және Парсы шығанағымен байланыстыратын көлік артериясына айналдыру
туралы уағдаласты.
Біз Азия құрлығында өмір сүріп отырмыз. Мұндағы елдердің экономикалық
қоғамдық құрылымы сан алуан. Сондықтан бұл аймақ үшін өзара тиімді іс-қимыл
және сенім мен қауіпсіздікті сақтаудың маңызы зор. Аймақ мемлекеттерінің
экономикалық, экологиялық және т.б. бірлесе отыра шешетін ортақ мәселелері
бар. Соның бәрін ескере отырып, республикамыздың Президенті Н. Назарбаев
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес сияқты Азия
аймағында да қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың құрылымдарын құру идеясын БҰҰ
Ассамблеясының 47 сессиясында, Брюссельде НАТО елшілерімен кездесу кезінде
және т.б. жоғары мәжілістерде ұсынды.
Таяу Шығыс аймағындағы негізгі мемлекеттер Египет, Сирия, Сауд
Арабиясы, Оман және Израильмен саяси және іскер байланыстар орнатылуда.
Сондай-ақ Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың белді, жетекші елдерімен де
жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту көзделіп отыр
Қазіргі жағдайда қай ел болмасын нарықтық жүйенің орталығы болып
отырған, дүниежүзілік саяси істерде рөлдері орасан зор Америка Құрама
Штаттары, Батыс Еуропа және Жапониямен байланыстарды бекітіп, іс-қимылдарды
үйлестірудің орны ерекше екендігі айтпаса да түсінікті. Дегенмен, бұл қарым-
қатынастар біздің түпкілікті мүдделерімізге нұқсан келтірмегені жөн.
Бұрынғы Кеңестер Одағының ыдырауына, Ресейдің ортақ ақша, экономика
аумағынан ығыстыруына байланысты Орта Азия елдері өздерімен тамырлас Орта
және Таяу Шығыс мұсылман елдерімен қарым-қатынастарын кеңейтуде. Ал мұны
кейбіреулер пантюркизм, панисламизм қайтадан бас көтеріп келе жатыр деп
байбалам салмақ. Бұл дұрыстыққа жатпайды. Себебі, бұрынғы коммунистік
идеяның үстемдік етіп түрған кезінде Шығыс мәдениеті шеттетіліп, олармен
жөнді байланыс болмады. Енді ол құрсаудан құтылған соң ислам мәдениетінің
рухани негіздеріне деген халықтардың табиғи ұмтылыстарын түсінуге болады.
Оның үстіне, ислам дүниесі зор ресурстардың иесі екендігін, оның
халықаралық саясатта өзіндік орны бар екендігін де ескеру керек. Қазақстан
болса бұл бауырлас елдермен қатынасын халықаралық құқықтық жалпыға бірдей
ережелердің негізінде өзара тиімді, еліміздің, экономикасы мен бүкіл
халқының әл-ауқатын көтеру тұрғысында құрады.
Республиканың сыртқы саясатына экономикалық байланыстарды нығайтып,
дамыту да кіреді. Бүгінде республикада 200-ге жуық шетел фирмаларының,
банкілерінің, өзге ұйымдарының өкілдері бар. Қазақстан қазір әлемнің 80-нен
астам еліне өнімдер шығарады. Тауар айналымының Қытайға 22%-і Германияға —
13,6%, Ұлыбританияға — 11,6%, Швейцарияға — 11%, Нидерландыға — 4,7%,
Австрияға—2,5%-і келеді. Елімізде 2000-нан астам бірлескен кәсіпорындар
тіркелген. Біздің серіктестеріміздің ішінде дүние жүзіне белгілі "Шеврон",
"Эльф Акитен", "Бритиш Гэз", "Аджип" мұнай, газ өндіретін компаниялары және
басқалары бар. Мұндай байланыстар алдағы уақытта да арта түспек.
Сыртқы саясат экология мен айналадағы ортаны қорғау мәселелерімен де
астасып жатыр. Бұл орайда, алдыңғы қатарда Қазақстанның екі қасіреті тұр.
Біріншісі — тартылып бара жатқан Арал теңізі. Оның бассейнінің шөлге
айналуы аймақтағы экологияның күрт нашарлауына әкеліп соғып отыр. 150 млн
тонна тұзды шаң-тозаң аспанға көтерілуде. Ол айналасында тұратын 3
миллионнан астам адамның денсаулығы мен экономикасына теріс зардаптарын
тигізуде. Бұл қасірет қазір сол адамдарға ғана зардаптарын тигізсе, ертең
ол талай-талай миллиондаған адамдарға қайғы болып шығуы мүмкін. Сондықтан
бұл өңірді дүниежүзілік көлемдегі экологиялық апат аймағы деп түсініп, оған
шұғыл әрі көлемді халықаралық көмек көрсетпесе болмайды.
Екінші экологиялық қасіретіміз — Семейдегі ядролық полигон. Мұнда
1949—1963 жылдары атом және сутегі бомбаларының жарылыстары жер беті мен
атмосферада өткізілген. 1963— 1983 жылдары жер астында жүргізілген. Ал
олардың, қуаты Хиросима мен Нагасакидегі қасіреттің көзі болған
қондырғылардың қуатынан жүздеген есе көп. Жарылыс зардаптарынан жарты
миллионнан астам адам жапа шекті.
Республикадағы "Невада-Семей" қозғалысынын мұрындық болып, үкіметтің
шешімімен аталған ажал көзі жабылды. Бірлік артында талай жылдарға жетерлік
уланған орта қалды, генетикалық заң бойынша ұрпақтан-ұрпаққа кетерлік
жүздеген мың аурулар қалды. Осы аймақты сауықтыру, жапа шеккендерді емдеу,
дүниеге келген сәбилерді қауіпсіздендіру үшін орасан зор қаржы керек. Оны
аяғынан жаңа тұра бастаған жас мемлекетіміз жалғыз өзі шеше алмайды. Сыртқы
саясатымыз оны да ескереді
Сыртқы саясатпен тікелей байланысты әскери саясат. Бұл саладағы
негізгі мақсат — Қазақстан жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғай
алатын, соған сай жарақталған, шағын да икемді армияны ұстау. Республика
стратегиялық шабуыл қаруын қысқартуды жақтайды, жаппай қырып-жоятын қарудың
басқа түрлеріне тыйым салуға бағытталған бастамаларды дұрыс деп табады. Бұл
мәселелерді шешкенде Қазақстан жоғарыда аталған қаруларға ие бұрынғы Одаққа
кірген Ресей, Украина, Белорусьпен келісе отырып, бірыңғай бағыт-бағдар
ұстамақ. Әрине, мұның бәрі күрделі мәселелер. Сондықтан халық арасында
кейбіреулеріне қарсы пікір де болуы мүмкін.

басымдықтар
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін
бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның
ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен
қалыптасты. Жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына,
планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық
құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың
тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер
мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге
мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге қатысты жедел әрі
икемді үн қатуға, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске
асыруды талап етеді. Алайда, сыртқы саясаттың негізге алынатын қағидаттары
өзгеріссіз қала береді.
Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және
әскери саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті
Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары
болды. Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық
тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік
аймағын қалыптастыруға мүдделі.
Орталық Азия әлемдік державалардың стратегиялық мүдделерінің түйісу
орнына айналды. Осыған айғақ ретінде АҚШ мүдделері үшін аймақтардың маңызын
атап көрсететін, белгілі американдық саясаткер 3. Бжезинскийдің төмендегі
сөздері мысал бола алады: "Геосаясат аймақтық пайымдаудан ғаламдық сипат
алу үстінде, бұл бүкіл Еуроазиялық құрлықтан үстем болу ғаламдық тұрғыдан
жетекшілік ету үшін негіз қызметін атқарады. Қазіргі уақытта еуропалық
держава болып табылмайтын Құрама Штаттар халықаралық ауқымда жетекшілік
етуде, бұл орайда оның билігі Еуразиялық құрлықтың үш перифериялық аймағына
тікелей жүреді, осы позиция тұрғысынан ол әлгі аймақтардың ішкі аудандарына
орналасқан мемлекеттерге өзінің қуатты ықпалын жүзеге асырады"[1].
Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы саяси күштердің орналасуымен
және олардың аумақтық үйлесуімен, сондай-ақ осы факторлардың қоғамның саяси
өмірінің кеңістікте ұйымдастырылуының өзара байланысымен белгіленеді. Осы
заманғы түсініктегі геосаясат негізінен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
тұрғысында халықаралық қатынастардағы және сыртқы саясаттағы қисынға
байланысты.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзінің экономикалық әлеуетін, өзінің
геосаяси жағдайын барабар бағалай білу айрықша маңызды болды. Осы істегі
қателік Қазақстанның сыртқы саяси бағытына зиянды ықпал етуі мүмкін еді.
Шынында да егер Қазақстан халықаралық мәселелерде өзінің мәртебесіне
сәйкес келмейтін жетекші позиция ұстануға әрекет етсе, кереғар құбылысқа
душар болар едік. Сонымен бірге өзінің проблемалары шеңберінде шектеліп
қалуды және төңірегінде болып жатқан оқиғаларға енжарлықпен қарауды ақтауға
болмайды. Әлемде болып жатқан геосаяси өзгерістерді де ескермесе болмайтын,
өйткені олар белгілі бір деңгейде Орталық Азиядағы жағдайға ықпал етіп
жатты. Сондықтан Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасын әзірлеуде осы
факторлардың бәрі де есепке алынды.
Қазақстанның әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне енуі мемлекеттің
сыртқы саясат тұжырымдамасымен қатар шет елдермен сауда-экономикалық
қатынасты және халықаралық экономикалық сондай-ақ қаржылық институттармен
өзара іс-қимылды дамытудың стратегиялық бағыты болуын талап етеді.
Ел экономикасын реформалау және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету
міндеттерін шешу кезінде сыртқы факторларды, халықаралық еңбек бөлінісінің
артықшылықтарын тиімді пайдалану қазақстандық сыртқы экономикалық
дипломатияның негізгі мақсаты. Сыртқы байланыстарды әртараптандыру және
дамыту Қазақстан экономикасының осал тұстарын мейлінше азайтуға және
елімізге сырттан саяси сондай-ақ экономикалық қысым жасау мүмкіндігін
болдырмауға бағытталуы тиіс. Сыртқы экономикалық саясат мынадай міндеттерді
шешуі тиіс:
• Аграрлық және машина жасау секторларында бәсекелестікке төтеп
беретін өнімдер өндіруді қамтамасыз етуге қабілетті салаларды мемлекеттік
қолдау негізінде елдің экспорттық әлеуетін дамыту және әртараптандыру,
сондай-ақ өнімдерді өткізу рыноктарын кеңейту. Каспий жағалауы ойпатынан
әлемдік рынокқа мұнай тасымалдауға байланысты құқықтық, қаржылық, ұйымдық
және өзге де мәселелерді шешуге маңызды орын берілуі тиіс;
• Ел үшін стратегиялық маңызы бар переспективалық жоғары технологиялық
және импорталмастырушы өндірістерді дамыту үшін сыртқы сатып алуларда басты
назарды технологияға, кешенді құрал-жабдықтарға, лицензияларға, "ноухауға"
аудару есебінен импорт құрылымын ұтымды ету;
• Қазақстан компанияларының, шет елдердің, сондай-ақ халықаралық
ұйымдардың қатысуымен халықаралық инвестициялық ынтымақтастық жобаларын
іске асыруға жәрдемдесу;
• Стратегиялық шикізат пен өнімдердің экспортын реттеуге арналған
валюталық, несиелік және экспорттық-импорттық операцияларға бақылау жасау
жүйесінің негізінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• Халықаралық көліктік коммуникацияның ұтымды жүйесін қалыптастыру,
Қазақстанның байланыс пен ақпараттың әлемдік жүйесіне енуі;
• Сыртқы экономикалық саясатты дәйекті түрде ырықтандыру, экономиканы
қайта құрылымдау.
Бұл орайда дипломатиялық жолдармен мыналар қамтамасыз етіледі:
• Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудегі, несие-банк жүйесін,
сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысты заңнаманы реформалаудағы
шетел мемлекеттерінің тәжірибесіне сараптама жүргізу;
• Әлемдік экономикалық дамудың үрдістері, Қазақстанның негізгі сауда-
экономикалық әріптестерінің экономикасындағы жағдайлар, сондай-ақ біздің
еліміз үшін дәстүрлі тауарлар мен шикізат материалдарын өткізу
рыноктарындағы бәсекелестік туралы ақпарат әзірлеу;
• Шетелдердегі ықтимал әріптестерді Қазақстанның сыртқы экономикалық
қызметінің негізгі принциптерімен, инвестициялық ахуалымен, салық және
кеден саясатымен, инвестициялық жобалармен және өнеркәсіптік сондай-ақ
инвестициялық ынтымақтастық объектілерінің техникалық-экономикалық
параметрлерімен кең ауқымда таныстыру.
Дипломатиялық күш-жігер сондай-ақ мынадай бағыттарда көрініс табады:
• Экономикалық реформалар бағдарламаларын қаржыландырудың шетелдік
көздеріне мейлінше қол жеткізуді қамтамасыз ету;
• Шетелдік инвестицияларды тарту арқылы ел экономикасындағы шетелдік
капиталды ұлғайту; ірі шетелдік фирмалардың филиалдарын, сондай-ақ
бірлескен кәсіпорындар мен банктердің ашылуына жәрдемдесу;
• Елге қажетті технологиялар, құрал-жабдықтар және тауарлар өндіру мен
олардың жеткізілімі жөнінде Қазақстанның сыртқы экономикалық құрылымдарының
болашағы бар шетелдік әріптестерімен байланыстарын дамыту;
• Қазақстанның өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімдерін
халықаралық өткізу рыноктарына шығару;
• Қазақстанның және оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің
экономикалық мүдделеріне зиян келтіруді болдырмау мақсатында қазақстандық
кәсіпорындардың шетелдік әріптестері туралы ақпаратты сұрыптау, өңдеу,
жинақтау және талдау жасау.
Даулы мәселелерді шешуде қандай да бір мемлекетке күш қолдану
әдістерінен, ядролық немесе басқа да жаппай қырып-жоятын қаруды қолданудан
(ЖҚҚ) немесе оларды қолдану қаупін төндіруден бас тарту принциптерін
нығайтуға бағытталған дипломатиялық акцияларға ұлттық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуде әрдайым басымдық беріледі. Қазақстан алдағы уақытта да
төмендегідей іс-шараларды қолға алуға ниеттеніп отыр:
• Қауіпсіздіктің халықаралық құрылымдарының қызметіне және тікелей
жария дипломатия қызметіне белсенді түрде қатысу, қауіпсіздіктің және сенім
білдіру шараларының ұжымдық және кооперативтік институттарына қатысушы
барлық мемлекеттердің заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету үшін
жоғарыда аталған институттардың тиімділігін арттыруға қол жеткізу;
• Аймақтағы жанжалдарды болдырмаудың және еліміздің геосаяси
төңірегіндегі тұрақтылықты қолдаудың маңызды тетігі ретінде Азиядағы өзара
іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті шақыру жөніндегі
бастаманы ілгері жылжыту, осы мақсаттарда Шанхай ынтымақтастық ұйымының
жұмысына қатысу;
• Қазіргі бар стратегиялық шабуыл жасау қару-жарақтарының түрлерін,
жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды болдырмау, қосарланған мақсаттағы қару
мен технология экспортын шектеуге бақылау жасайтын тетіктердің тиімділігін
арттыру жөніндегі халықаралық қоғамдастықтын, күш-жігерін қолдау;
• Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың және ядролық қаруды сынауға
жаппай тыйым салу туралы шарттың ережелерін қатаң түрде сақтау, сондай-ақ
химиялық және бактериологиялық қару жөніндегі конвенцияларға жан-жақты
сипат беруге жәрдемдесу;
• Стратегиялық шабуыл жасау қару-жарағын шектеу және қысқарту туралы
шарт бойынша міндеттемелердің және осы Шартқа қатысы бар Лиссабон
Хаттамасының орындалуын қамтамасыз ету. Бұл орайда Қазақстан еліміздің
аумағында ядролық қаруды бөлшектеуге қаржылық-техникалық жәрдем көрсету
және стратегиялық ядролық күштердің жұмыс істеуіне қатысты салдарды жою
туралы АҚШ-пен, Ресеймен және Жапониямен уағдаластықтардың толық көлемді
іске асуына қол жеткізетін болады.
• Біртұтас қорғаныс кеңістігі шеңберінде практикалық іс-қимыл туралы
шешім қабылдаған кезде ымыраға келу принциптерін сақтай отырып, ТМД
шеңберінде ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету;
•Жаппай қырып-жоятын қаруды өндіруге, оны жеткізу құралдарына, сондай-
ақ жаппай қырып-жоятын қаруға байланысты технологиялық процестерге қатысы
бар қазақстандық қорғаныс кәсіпорындарын конверсиялауды мүдделі шетелдік
мемлекеттердің көмегімен жүзеге асыру;
• Аймақтық тұрақтылыққа нұқсан келтірмеуге бағытталған халықаралық
стандарттар мен нормаларды, сондай-ақ экспорттық бақылау жасау саласында
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын басшылыққа алу.
Қазақстандық дипломатияның акциялары Арал проблемасы сияқты
планетарлық салдары болатын адамзат тыныс-тіршілігінің техногендік
факторларының нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген зиянды жою жөніндегі
әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін қолдау мақсатында халықаралық
институттармен (ЮНЕП, ЮНЕСКО, ПРООН) өзара іс-қимылды нығайтуға
бағытталған. Осы бағыттағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz