Белдемше түрлері, тарихы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ерекше дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Белдемше түрлері, тарихы.

Орындаған: Сақыпбекова Н. А.

Белдемше түрлері және оларды үйлестіру


Белдемше түрлері, тарихы.

Белдемше , юбка - дененің төменгі жағын жабатын әйелдердің киім-кешек бұйымы. Белдемше барқыттан, әр түрлі жібек маталардан тігіліп, жиегі айнала кестемен немесе құндыз терісімен көмкеріледі, түрлі әшекейлермен безендіріліп, белі қапсырмамен түймеленеді. Үй шаруасында жүргенде алға байлап алатын алжапқышты да “белдемше” деп атайды

Дәстүрлі белдемше

19 ғасырдың аяғына дейін қазақ әйелдерінің белдемшесі ойын-сауық кезінде көйлек сыртынан киілген. Белдемшенің алдыңғы өңірлері бір-біріне түйісіп тұрады да, белінен төмен қарай кеңи береді. Белдемшені көйлектің етегін түгел жаппайтындай етіп тігеді.

Үй шаруасында киілетін белдемше жалаң қабат күйінде, түрлі-түсті шыттан тігіп, мал сауғанда, тамақ даярлағанда тазалық үшін киіледі.

Белдемше түрлері және оларды үйлестіру

Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды екі негізгі топқа бөлуге болады. Белдікті және иықты. Белдемше, шалбар, белдемше шорты, шалбар-белдікті топты бұйымдар, көйлек, блуза, қамзол, халат және басқалар - иықты топты бұйымдар. Белдікті бұйымдарда белдемше ең көп топты құрайды. Белдемше костюмның бөлігі, өзіндік бұйым немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Силуэт бойынша белдемшелерді тіке, етегіне кеңейе түскен және енсіз келген болады. Олар пішуіне қарай үш топқа бөлінеді: тіке, иықты және клеш. Тіке белдемшелер қынамалы бір, екі немесе үш тігісті, складкамен немесе оларсыз, кең, бүрмелі немесе резеңкеде болуы мүмкін. Тіке белдемшелерде негізгі жіптер бұйымның ұзындығында орналасады.
Клеш белдемшелердің пішу негізін толық дөңгелек немесе оның бөлігін құрайды. Оларды кеңею сатысына қарай негізгі жеті топқа бөледі: клеш, үлкен клеш, кішкене, орташа, үлкен «колокол», «полусолнце» және «солнце». Бел, жамбас, етек сызықтары дөңгелектің бөлігін құрайды. Бұл белдемшелердің негізгі және арқау жіптердің бағыты әр түрлі бөліктерінде біркелкі емес. алдының ортасында негізгі жіп ұзындығымен орналасады, ал қалған бөліктерінде басқаша. Қиық белдемшелер 4, 6, 8, 10 және 12 қиықтан тұрады, төменге қарай кеңейе түскен. Әр қиықтың кеңеюі қиық белдемшелерге складкалардың орналасуына өзіндік түр береді. Негізгі жіп мұндай белдемшелерде әр қиықтың орта сызығының ұзындығымен жатады. Белдемшеге мата таңдағанда, оны немен киетіндігін шешіп алу керек: блузкамен, жемпірмен, қамзолмен. Мата таңдауы бұйымның қолданылуына қарай (күнделікті, үйге киюге), мезгілге (жаз, қыс), сәнге және пішінінің ерекшелігіне байланысты. Тіке белдемшелерге және камзолга ауыр және тығыз мата үсынылады (жүн, джинсы матасы) . Әр түсті, сызықша немесе шатраш. Төменге қарай кеңейе түскен белдемшелерді жеңіл маталардан тігеді: мақта, зығыр, жүн және жібек. Клеш және қиық белдемшелерді тігуге жақсы драпталатын маталар лайық мақта, жібек немесе жеңіл жүн. Белдемшенің сэні матаның еніне қарай таңдауға әсер етеді. Тіке белдемшелерді пішуге енді және енсіз матаны, ал етегіне қарай кеңейе түскен немесе складкадары болса, енді матадан тікекен ыңғайлы.

Белдемше түрлері, тарихы.

Белдемше көне тас ғасырында аң терісін беліне қыстырып қолданған кезден пайда болған, белдемшені тек қыздар ғана емес, оны кейбір елде (Шотландия) ерлер де киген. Белдемшенің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Оған қару және жорықта қалталар ілінген. Белдікке тартылған терілер, жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түп нұсқалары еді.
Орта ғасырларда белдемше дегеніміз белге оралған, ұзындығы тізеге дейін жеткен киім еді. Оны еркектер де, әйелдерде кие берген.
ХV ғасырдан бастап готикалық белдемшелері көкірек тартқышқа бекітілді.
ХVI ғасырларда бай әйелдер шомбал, көлемді, салмағы ауыр киімдер кие бастады. Жамбастарына диаметрі азайтылған, былғары белдіктерге мінген бірнеше металдардан жасалған кринолин - каркас киді. Бұл белдемшенің қозғалмауын және конустық формада болуын сақтады.
XVII ғасырда бүрмелеу, түлі - түсті гирлянд, өрнектеу, шашақтар сияқты әшекейлеуі көп жұмсақ белдемшелер көбірек пайда болды.
XIX ғасырда ғажайыбы мол мода белдемшені біресе кең, біресе тар, етіп, оған шлейф жапсырмалатып, сымнан жасалған қатпарлы каркастар ілініп жасалды.
XIX ғасырдың соңында ғана әйел киімдері қарапайым бола бастады. Блузка мен белдемше жұптасқан ансамбль көбірек орындалды. Белдемше еркін, қолайлы, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды.

Белдемшелер белдік бұйымдарының ең басым тобын құрайды. Бедемше костюмнің бөлігі ретінде, жеке немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Белдемшеге: әдемілік, қарапайымдылық және ыңғайлылық талаптары қойылады.
Белдемше: силуэті бойынша - тік, етек жағынан кеңейтілген, етегінен тарылтылған болып келеді. Ал пішімі жағынан - тік, қиықты, конусты болады.
Тік белдемшелер бір тігісті, екі немесе үш тігісті; қатпармен немесе қатпарсыз, кең етекті - жиырылған немесе қатпарлы болады. ХІХғасырда қыздардың белдемшелері кең етекті, бірнеше қабаттан тұратын ұзын болды. Оларды қымбат матадан желбір салып, гүлмен әшекейлеген. Заманның өзгеруіне байланысты белдемшенің ұзындығы мен көлемі кішірейді. Өйткені қазіргі кезде әйел адамдар да көлікпен жүреді. Мұндайда ұзын белдемшелер ыңғайсыздық тудырады. Белдемшені кез- келген матадан тігуге болады.

2. Матаны таңдау.
Белдемшенің матасы әртүрлі болып келеді. Мысалы: жазда салқын түстегі (ақ, көк, көгілдір), жеңіл маталарды пайдаланамыз. Қыстыгүні жылы түстегі(қара, қызыл) қалың маталарды қолданамыз. Белдемшеге мата таңдау белдемше моделіне, пішініне, мезгілге және фигура ерекшелігіне байланысты таңдайды. Тік белдемше дайындағанда тығыз, ауыр ( жүн, зығыр, тоқыма) маталарды пайдаланған дұрыс. Ал қиық, күліш белдемшелерге жеңіл, жібек маталар қолданылады. Сонымен бірге матаны таңдағанда оның құнын, қанша мата қажет болатын сапасына қарай алу керек.

Белдемше түрлері және оларды үйлестіру

Белдемше - бұл әйел қаруы және әйел адамына тән биязылық пен нәзіктікті айқындап тұратын да осы белдемшелер. Алайда, түрлі үлгідегі белдемшелерді басқа киімдермен үйлестіре алу да маңызды рөл атқарады. Белдемше киюдің де өз ережелері бар екенін ұмытпайық.

- Ұзын белдемше бейнеге сымбаттылық береді, сырт көзге белді сәл тартып көрсетеді және мүсінді сәл ұзартады. Белдемшеңіз кеңірек болған сайын, үстіңізге киетін жейде қарапайым әрі шағын болғаны дұрыс. Міндетті түрде топ, жейде немесе жакеттің ұзындығы бел сызығынан асып кетпегенін қадағалаңыз - ұзын белдемше бейберекет қабаттарды ұнатпайды.
http://massaget.kz/userdata/users/user_24/1393933045.jpg

- Қысқа белдемше үстіңгі бөліктің барынша жабық болуын қалайды. Кеудесі ашық және еліктіретін топтармен үйлескен белдемшеңіз сізді сәнқой арудан бірден жеңілтек аруға айналдырады. Сондықтан мини-белдемшелерге жабық жібек блузкаларды, кең және casual стиліндегі жейделерді таңдаңыз. Егер мұндай белдемшені биік өкшемен немесе платформамен киюді ойласаңыз, онда үстіңізге қысқа жакет киіңіз.

http://massaget.kz/userdata/users/user_24/1393933156.jpg

- 1940 жылы Диор ойлап тапқан қарындаш-белдемше - офистік стильдің ең танымал үлгісі. Стилистер қарындаш-белдемшені қынама бел жакетпен, жемпірмен, қонымды водолазкамен немесе жағасы үшкір крахмалданған жейдемен үйлестірген дұрыс деп кеңес береді. Есіңізде болсын, мұндай белдемшені міндетті түрде өкшесі бар туфлимен киген жөн, онсыз ол басты көріктілігінен айрылады.

http://massaget.kz/userdata/users/user_24/1393933403.jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Белдемшенің тарихы
Мектепте Абай шығармашылығын оқыту
8-сынып оқушыларына сәндік-қолданбалы өнерді оқытуда дәстүрлі мәдениетке баулу
Сән
XX ғасырға дейінгі киім стилі
Іскерлік әйел костюмін конструкциялау және үлгілеу
Мини ұзындықтағы сәнді көйлектер
Технология сабақтарында жеткіншек қызбала киімін тігуде белсенді әдістерді қолдануы
Ұлттық киімдер
Қалампыр түстегі сәнді жадағай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz