Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер


МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1. Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер4

2. Ағзалардың қоректену типтері5

3. Экологиялық пирамидалардың типтері7

4. Экологиялық сукцессиялар8

5. Экологиялық қойма10

Қорытынды12

Пайдаланған әдебиеттер13

Кіріспе

Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын, өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды. Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге», яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.

Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) - табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К. Мебиус (1877) . Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді.

Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.

Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Бұл терминді енгізген 1935 ж. А. Тенсли. Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен

Экожүйенің негізгі қасиеттері:

  1. зат айналымына қатысу қабілеттілігі;
  2. сыртқы әсерлерге қарсы тұруы;
  3. биологиялық көбеюі.

Экожүйенің деңгейлері:

  1. микроэкожүйе- кішкене су қоймасы, жануарлар өлексесі олардың тіршілік ететін әртүрлі ағзаларымен бірге, аквариум, жайылым, су тамшысы
  2. мезоэкожүйе- орман, өзен, тоған, т. б.
  3. макроэкожүйе- мұхит, континент, табиғи зона, т. б.
  4. глобальдық экожүйе- биосфера

Мақсаты: Студенттерге биоценоз туралы түсінік беру және экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм, протокооперация, мутуализм, жыртқыштық, паразитизм, Г. Ф. Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі, экологиялық қуыстың потенциалды және жүзеге асырылған түрлерін түсіндіру.

Міндеттері:

1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама:

2. Экожүйедегі энергия және заттар айналымы.

3. Экологиялық пирамида және оның типтері.

4. Экожүйенің тұрақтылығы мен динамикасы.

5. Экологиялық сукцессиялар.

Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер

Биоценоз (био . . . және гр. koіns - жалпы) - тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы[1] ; Құрлықтың немесе судың белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ, өзара және тіршілік ортасының табиғат жағдайына бейімделген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер жиынтығы; тірі ағзалар бірлестігі.

Биоценоз терминін неміс гидробиологы К. Мебиус ұсынған (1877) . Биоценоз - биогеоценоз құрайтын организмдер жиынтығы. Олар тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, т. б. эволюция факторларының нәтижесінде қалыптасады. Биоценоз барлық организмдердің белгілі бір жер көлеміндегі биологиялық жиынтығы мен биологиялық өнімділігі және олардың құрылымы арқылы сипатталады. Биоценоздың кеңістік құрылымы бірдей емес түрлердің кеңістікте бір-біріне сәйкес орналасуын (мысалы, орман қабаттары), түрлік құрылымы бүкіл организмдердің түрлік құрамын және олардың құрамындағы жеке түрлердің сан мөлшерін, ал, қоректік құрылымы қоректік тізбектердің ерекшеліктерін білдіреді. Табиғаттағы зат алмасу процесіне байланысты Биоценоздағы организмдерді 3 топқа бөледі:

  1. продуценттер (өндірушілер) ;
  2. консументтер (тұтынушылар) ;
  3. редуценттер (ыдыратушылар)

Экожүйеге мағынасы жақын терминге «биогеоценоз» жатады. Бұл терминді 1942ж. академик В. Н. Сукачев енгізген.

Биогеоценоз екі блоктан тұрады:

  1. «биоценоз»- организмдердің әртүрлі түрлерінің өзара байланысы(популяция) ;
  2. «биотоп» немесе «экотоп»- мекен ету ортасы.

Экологияда жиі «бірлестік» терминін пайдаланады.

Сонымен, биогеоценоз - тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта)

Экожүйе мен биогеоценоз- тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы.

Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген, динамикалық, өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар.

Агробиогеоценоз- жасанды фитоценоз негізінде жасалады.

Биогеоценозда барлық тірі иелер қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа(3-4 буыннан тұрады) . Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- человек.

Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейі болады:

I-трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер

II- шөпқоректі жануарлар (фитофагтар) - консументтер I-қатардағы

III- трофикалық деңгей- жыртқыш жануарлар немесе зоофагтар- консументтер II-қатардағы.

IV- ірі жыртқыштар.

V-өлі организмдердегі заттарды және қалдықтарды тұтынушылар (деструкторлар, редуценты) - сапрофаг, сапрофиттер, детриттер .

Тізбектегі I-IV дейінгілер-> жеу тізбегі; соңғы - детриттік тізбек

Биоценозда әртүрлі түрлер арасында белгілі бір қарым-қатынастар қалыптасады[1; 23] А. К. Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, Ғылым. 1997ж. .

http://bio.1september.ru/2000/23/14.gif

Биоценоз

Ағзалардың қоректену типтері

Тіршілік ету жағдайлары едәуір дәрежеде ұқсас болып келетін, белгілі бір территорияда мекендейтін өзара байланысты түрлердің комплекстерін биогеоценоз құрайды. Биогеоценоз өлі табиғат факторлары мен ( топрақ, ылғалдылық, температура және т. б. ) Тығыз байланыса отырып, олармен бірге тұрақты жүйе түзеді. Өздігінен реттелу әрбір түр особьтарының саны белгілі бір, мұндай өзін - өзі реттейтін тұрақты жүйені экожүйелер деп атайды. Қоректену әдістеріне қарай барлық организмдер екі топқа бөлініді: 1. Автотрофтар 2. Гетеротрофтар Автотрофтар - негізінен өсімдіктрер органикалық заттарды синтездеу үшін айналадағы ортаның бейорганикалық қосылыстарын пайдаланады. Гетеротрофты (жануарлар, адам, саңырауқұлақтар, бактериялар) автотрофтар синтездеген дайын органикалық заттармен қоректенеді. Биогеоценоздағы зат айналымы - тіршілік үшін қажет шарт. Кез - келген биогеоценоздың негізі - жасыл өсімдіктер - органикалық зат түзушілер. Биогеоценозды міндетті түрде өсімдікпен, жануарлармен және органикалық заттарды қарапайым минералдық қосылыстарға дейін ыдрататын микро организмдер болады. Зат түзушілер - продуценттер. Микроорганизмдер - редуценттер. Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттау үшін мынадай негізгі көрсеткіштері бар: А. Түрдің алуан түрлілігі - осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктермен жануарлар түрінің саны. Б. Популяция тығыздығы - осы түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін особьтар мөлшері. В. Биомасса органикалық заттармен барлық особьтар жиынтығы энергиясының жалпы мөлшері. Биогеоценоздар өте күрделі. Оларда параллель және айқыш - ұйқыш орналасқан көптеген қоректену тізбегі болады, ол түрлердің жалпы саны жүздеп, тіпті мыңдап саналады. Әртүрлі объектілердің сан алуан түрімен қоректенеді, сөйтіп өздері бірнеше экожүйеге қорек болады. Қоректену тізбегінің негізі болып саналатын өсімдік текті зат мөлшері, әрқашан да өсімдік қоректі жануарлардың жалпы массасының бірнеше есе арттық болады, ал қоректену тізбегіндегі әрбір келесі буынның массасы жедел кемиді. Мұндай өте маңызды заңдылық экологиялық пирамида ережесі д. а. Биогеоценоздар:

1. Тұщы су қойма биогеоценозы

2. Тоған биогеоценоздың тұрақтылығы

3. Жалпақ жапрақты орман биогеоценозы

4. Еменді орман биогеоценозы

5. Орман биогеоценозындағы өздігінен реттелу

6. Органикалық қалдықтардың минералдануы деп бөлінеді.

Биогеоценоздағы өзгерістер екі топқа бөлінеді:

1. Түрлер санының ауытқуы

2. Биогеоценоздың ауысуы

1. Биогеоценоз ішіндегі әртүрлі организмдер санының динамикасы және оны анықтаушы себептерді зерттеу зиякез бунақденелердің жаппай көбейіп кетуін алдын - ала болжап, оған жол бермеу үшін қажет болды. Бұл - экологияның маңызды міндеттерінің бірі.

2. Қандай биогеоценоз болсада дамып, экологиядан өтеді.

Құрлық биогеоценоздарының ауысуы процесінде өсімдіктердің алатын орны үлкен, бірақ олардың атқаратын қызыметін, биогеоценоз біртұтас организм ретінде тіршілік етіп, өзгеріп отырады. Адамның алатын орны да өте зор. Биогеоценоздың табиғи ауысуының заңдылығы мен бағытын білу, оның ауысуы белгілі бағытта жүріп, солардың тіршілік ету ұзақтығы әр қилы болады. Биогеоценоздардың әртүрлі типтері географиялық аймақтылық пен тығыз байланысты. Мыс: солт -тен оңт - ке бірқатар табиғи аймақтар тундра, тайга, жапрақты орман, дала, шөл. Аймақтық биогеоценоздың жетекші компоненті - өсімдіктерден едәуір айқын байқалады. Экожүйенің маңызды құрамдас бөлігі және оның әрекеті нәтижесінде топрақ та географиялық аймақтарға байланысты өзгеріп отырады. Адам қолмен жасалатын биогеоценоздар - адамның ауылшаруашылық әрекетінің нәтижесінде пайда болатын қолдан жаалған биогеоценоздар - агроценоздар деп аталады[2; 69] Е. Мамбетказиев. Қ. Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы Қайнар. 1990ж.

Экологиялық пирамидалардың типтері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биоценоз, биогеоценоз және экожүйелер туралы түсініктер
Экожүйенің тұжырымдамасы
Экология ғылымының шығу тарихы
Биогеоценотикалық жүйелер
Ағза мен орта.Ағзаға әсер етуші 2 фактолар мен олардың әрекеті
Популяциялар экологиясы – демэкология жайлы мәлімет
«Биологиялық экология»
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Аймақтардың оптимальды ормандылығы
Экология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz