Болашаққа – нық қадам


БОЛАШАҚҚА - НЫҚ ҚАДАМ
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылғы “Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында
“Болашақ - аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда” деген болатын. Осы дөп басып айтылған пайымды сөздің өміршеңдігіне біздің Тимирязев ауданының бүгінгі тіршілік-тынысы да мысал бола алады.
Ауданның негізгі өндіріс саласы болып табылатын ауыл шаруашылығында жалпы өнім өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107, 2 пайызға артып, 909, 5 миллион теңгені құрады. Оның табиғи көлемі индексінің өсімі негізінен ет өндірісі көлемін тірі салмақта 2, 1 пайызға немесе 814 тоннаға, сүтті 10, 8 пайызға немесе 6, 6 тоннаға арттыру есебінен қамтамасыз етілді. Барлығы 260, 9 мың гектарда жаздық дақылдар өсірілуде, оның 196, 6 мың гектарын дәнді дақылдар алады, соның ішінде бағалы дақыл бидайдың көлемі - 155, 9 мың гектар, майлы дақылдар 47, 4 мың гектарды құрайды. Одан басқа 15, 6 мың гектар жемазықтық дақылдар, 940 гектар картоп және 302 гектар көкөніс егістіктері бар. Өткен жылмен салыстырғанда майлы дақылдар алқабы 13, 1 мың гектарға ұлғайтылды. Ол, әрине, егіншілік саласын әртараптандырудың нәтижесі.
Сұрып ауыстыру жұмысын жүргізу үшін 1240 тонна элиталық тұқымдар пайдаланылды. Дәнді дақылдарды арамшөптерден химиялық әдіспен тазарту 194, 7 мың гектар алқапта жүргізілді. Аграрлық секторды дамыту үшін жыл сайын мемлекеттен айтарлықтай қаржы бөлінеді. Көктемгі егіс және орақ жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағармай құнын арзандатуға ауданымызға сомасы 485, 0 миллион теңгенің демеуқаржылары берілді. Сондай-ақ, минералдық тыңайтқыштарды алуға 6, 1 миллион теңге демеуқаржы төленді. “Мерей” ЖШС-і ауылдық кредиттік серіктестігі көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 258, 2 миллион теңгенің 22 кредитін берді.
Биылғы шілде айының өте жауын-шашынды болуына байланысты шөп дайындау күрделі жағдайда өтуде. Дегенмен, тамыз туғанша 20, 0 мың тонна шөп дайындалды, ол қажеттіліктің 70 пайызын құрайды. Өткен жартыжылдықта машина-трактор паркі біршама жаңарды. Жалпы сомасы 433 миллион теңгеге 36 техника сатып алынды.
Биыл “Сыбаға” бағдарламасын жүзеге асыру аясында және шаруашылықтардың өз қаржылары есебінен аудан бойынша 2300 бас ірі қара сатып алу жоспарланған. Әзірге мал басын өсірудің көздегендей болмай отырғаны рас, бірақ біз оны екінші жартыжылдықта пәрмендірек жүргізуге күш саламыз. Өткен алты айда ауданға 351 бас ірі қара әкелінді, оның 18-і - асылтұқымды бұқалар. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының өз қаржыларына алғаны 324 бас. Үстіміздегі жылы мал шаруашылығын демеуқаржыландыруға 40, 1 миллион теңге бөлінді, шаруашылықтарымыз одан 27, 5 миллион теңгенің қаржылай көмегін алды.
Ауданда осызаманғы асылтұқымды мал шаруашылықтарын құру және дамыту жұмыстары қолға алынды. Жолдауда еліміздің ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі өндірушіге айналуға тиістілігі айтылған. Оған асылтұқымды мал шаруашылығын дамытпайынша қол жеткізу мүмкін емес. “Мичурин” ЖШС-нің өндірістік базасында 400 бас “Ангус” тұқымды ірі қараға арналған мал семірту алаңы құрылды. Оған осы жылғы төртінші тоқсанда тағы 400 бас мал қосылады. “Атамекен-Агро-Тимирязево” ЖШС-і де асылтұқымды репродукторларын 400-ден 800 басқа дейін көбейтуді жоспарлап отыр.
Елбасы Жолдауында “ . . . бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс” деген сөзді тегін айтқан жоқ, ертеңгі күнге лайықты іс-қимыл жасасын деп отыр. Бүгінде бізде мұндай ілгері басу мысалдары жетерлік. Айталық, Интернационал ауылдық округіндегі “Ной-Север” ЖШС-інде 25 бас сауын малына арналған отбасылық үлгідегі сүт фермасы құрылды. Бірінші тоқсанда Белоградов ауылдық округінде “Никифоров В. П. ” ЖК-нің сүт қабылдау қосыны ашылды. Ол 9 ауылдық округтен немесе 12 елді мекеннен сүт сатып алуды ұйымдастырып отыр. Аудан елді мекендерін сүт сатып алумен толық қамту мақсатында Тимирязев ауылдық округінде тоңазытқыш танкер қою көзделуде. Аудан тұрғындарының жекеменшігіндегі мал басы жылдан-жылға өсіп келеді.
Ауданда өнеркәсіп өндірісімен 45 кәсіпорын айналысады. Олар өткен алты айдың ішінде 1677, 3 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімін шығарды. Оның 84 пайыз негізгі үлес салмағын тамақ өнімдері өндірісі алады. Жыл басынан 19, 1 мың тонна ұн, 747 тонна нан-тоқаш және 6, 0 тонна макарон өнімдері өндірілді. Тимирязев ауылдық округінде И. Дрегердің “Дива” жеке кәсіпкерлігі құрылыстық көбік блоктары материалдарының өндірісін бастады. Қазір шығарылатын өнім түрлерін көбейтіп, қосымша жаңа 5 жұмыс орнын ашты. Ал, “КЭСС” ЖШС-і сомасы 546, 0 миллион теңгенің түркиялық диірмен жабдықтарын алдырып, ұн үгудің тәуліктік өндірістік қуатын 600 тоннадан 1200 тоннаға дейін жеткізгелі отыр. Сол сияқты, “Солтүстік Байлық” ЖШС-і тәулігіне 400 бөлке нан шығаратын шағын наубайхана ашуды жоспарлауда. Оның құрал-жабдықтары жеткізілді, наубайхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде.
“Шағын және орта бизнес - біздегі Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының берік экономикалық негізі” деп Жолдауда атап көрсетілгендей, бұл мәселеде ауданда ауыз толтырып айтарлық істер жетерлік. Ауданда шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымдарының 479 нысаны жұмыс істейді. Олардың көбісі сауда-саттық қызметімен айналысады. Биылғы жылдың өткен алты айындағы бөлшек сауда айналымы 19, 2 пайыз өсім беріп, 573, 1 миллион теңгені құрады. Жыл басынан жаңадан 16 жеке кәсіпкер тіркеліп, 32 жұмыс орны ашылды, бір дәріхана, бір техникалық қызмет көрсету станциясы, бес автомобиль жүк тасымалы қызметі, бір қонақүй және бірнеше бөлшек сауда нүктелері іске қосылды. “Бизнестің Жол картасы - 2020” бағдарламасын жүзеге асыру аясында тағы бірталай жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Жыл басынан негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 681, 5 миллион теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116, 6 пайызға артты. Жергілікті бюджеттің түсімі де жақсы, былтырғы жылға қарағанда 1, 9 пайыз өсім берді. Облыстық бюджетке 101, 9 миллион теңге түсті, ал аудандық бюджетке жиналған өз кірістері 89, 7 миллион теңгені құрады. Шығыстары бойынша нақтыланған бюджет 1622, 4 миллион теңге болды, соның ішінде әлеуметтік саланы дамыту шығыстары үлесіне 68, 8 пайызы тиесілі немесе 1115, 6 миллион теңге жұмсалды. Өткен жартыжылдықта бюджеттің шығыс бөлігі 99, 8 пайызға игерілді.
Бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Экономиканың нақтылы секторында еңбекақыны көтеру, мүліктерді қайта бағалымдау, оларды қызмет орындары бойынша салықтық есепке қою, жалға берілген жерлерді жекеменшік қолға өткізу мәселелері бойынша жұмыс тобының 16 отырысы өтті. Агроқұрылымдары басшыларымен еңбекақыны кемінде 10 пайызға көтеру туралы 38 меморандумға қол қойылды. Аудан бойынша бір еңбеккердің орташа айлық номиналды еңбекақысы алғашқы бес айда өткен жылға қарағанда 7, 5 пайызға өсіп, 61373 теңгеге жетті, соның ішінде ауыл шаруашылығында 29, 3 пайыз көтеріліп, 55497 теңгені құрады.
Жолдауда жеке-жеке даму бағыттары атап көрсетілген тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру, тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету және жол-көлік қатынасын жақсарту бағдарламалары бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Десе де, тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруда қолда бар мүмкіндіктердің толық пайдаланылмай отырғанын жасыруға болмайды. Құрылыс қарқынының өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 35, 3 пайызға төмендеуіне жол берілді. Оның себебі, тұрғындар қаржысы есебінен тұрғын үйлер тұрғызу баяулап қалды. Айталық, 2013 жылы 3541 шаршы метр тұрғын үй берілсе, биылғы жылы алты айда бар болғаны 628 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды.
Аудан тұрғындары таза ауыз- сумен “Есіл су” РМК-нің Ишим топтық су құбыры жүйесінің жалпы ұзындығы 182 шақырым үш магистральдық су құбырларымен қамтамасыз етіледі, барлығы 19 қысымды су мұнаралары бар, олардың барлығы ауданның коммуналдық меншігінде. Аудандағы 24 елді мекеннің 17-сі топтық су құбырларын, ал бесеуі жергілікті су көздерін пайдаланады, тек Приозерное және Северное ауылдарына су тасып беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz