Выготский Л. С
1. Выготский Л. С. еңбектері
2. Л.С.Выготскийдің психикалық даму теориясы
3. Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.

Выготский Л. С. (1896-1934) - әлемдік психологияда әйгілі кеңес психологі. Оның жасаған жоғары психикалық функциялардың дамуында мәдени-тарихи концепциясының теориялық және эмпириялық мүмкіндіктерінің маңызы өте зор. Л. С. Выготскийдің көптеген еңбектері балалар мен педагогикалық, арнайы және клиникалық психологияның өзекті әрі іргелі мәселелерін қамтиды. Ол оқу-тәрбие істерінің бала психикасын дамытуда шешуші қызмет атқаратынын нақты тәжірибелік мысалдармен дәйектейді. Арнайы психология саласында Л.С.Выготский кемтар балаларды оқыту мен тәрбие істерінде тиімді жолдар арқылы елеулі табыстарға жетуге болатындығын ғылыми тұрғыдан ашып көрсетті. Оның зерттеу нәтижелері тек психологияға ғана емес, адамтану ғылымдарына қатысты өзге де ғылыми пәндер болып саналатын: дефектология, тіл білімі, психиатрия, өнертану, этнографияның дамуына пайдалы үлесін қосты. Выготский мектебінің өкілдері (Божович Л.И., Запорожед А.В., Левина Р.Е., Леонтьев А.Н., Луріія А.Р., Эльконин Д.Б.,т.б.) Нtгізгі еңбектері: 6-томдық шығармалар жинағы (1982-1984) "Пtдагогикалық психология"(1926), "Қылықтар тарихының этюдтары"(1931, Луриямен А.Р. бірге), "Өнер психологиясы"(1965), т.б

Л.С.Выготскийдің психикалық даму теориясы. 20-30 жылдары Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы қалыптасты. Выготский Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс процесінде құралдардың көмегімен табиғат күштерін өзгертудегі еңбектің рөлі жөніндегі идеяларына сүйене оытрып, еңбек- адамның құралмен істейтін әс-әрекеті, ол адамның мінез-құлық типін өзгертуге, адамды жануарлардан ерекшелеуге жеткізеді деген ой айтты. Адамның бұл ерекшелігі оның іс-әрекетінің жанама сипатта болуынан білінеді. Жанамалау адамның сыртқы практикалық іс-әрекетінде құралды қолданатыны сияқты, өзінің ішкі психикалық әрекетінде белгілерді ( сөзді, цифрды т.б. ) пайдалануы негізінде мүмкін болған.
Адамның дамуы оқыту арқылы барлығын игеру процесін де жүзеге асады. Оқыту баланың психикалық дамуын анықтай отырып, оның өмірін ұйымдастырудың бүкіл жүйесінде негізгі орын алады. Психика дамуының бұрынғы ұрпақ тәжірибесін игеруге себепкер белгі тәсілдері меңгерілетін әлеуметтік ортадан тыс қаралуы да және оқытусыз түсінікті болуы да еш мүмкін емес. Л. С. Выготскийдің психологиялық теориясында адамның әлеуметтік мәні жөніндегі маркстік идея жүзеге асты. Мәдени дамудың жалпы генетикалық заңын Выготский былайынша тұжырымдады: "... баланың мәдени дамуындағы қандай да болмасын іс-әрекет сахнада екі рет, екі бағдарда: әуелі- әлеуметтік, кейін- психологиялық, алдымен интерпсихикалық категория ретінде, баланың ішінде көрініс береді". "Қандай да жоғары психикалық функция бастапқы әлеуметтік функция болатындықтан, өз дамуында сыртқы саты арқылы өтуі қажет".
Бала тілінің дамуында маңызды рөл атқарады. Л.С.Выготскийдің пікірінше, мінез-құлықтың барлық жоғары формаларының ең көне негізі болып саналатын көрсеткіш ым-ишарат тарихы.
Сонымен, барлық жоғары психикалық функциялардан адамдардың әлеуметтік қарым-қатынастары көрініп жатады. Л.С.Выготскийдің адамның психологиялық табиғаты дегеніміз ішке енгізілген және жеке адам функциясы мен оның құрылымының формлары болған қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығы деп жазды. Әлеуметтік мінез-құлықтың генетикалық түрде жеке-дара мінез-құлықтан шығарған дәстүрлі психологияға қарама-қарсы. Л.С.Выготский жоғары псизикалық функциялар алдымен қарым-қатынастар ретінде қалыптасады да, тек содан кейін ғана жеке адамның психикалық функциясына айналады деп көрсетті. Л.С.Выготскийдің теориясына сәйкес, талас ой толғаныстарын туғызады. Жеке адамның қалыптасу процесі дегеніміз жеке адамның кім болып шығуы оның басқа адамдарға жасаған қарым-қатынасы арқылы болады деген сөз.
Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
Выготский Ф.Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс процесінде құралдардың көмегімен табиғат күштері өзгертудегі еңбектің ролі жөніндегі идеяларына сүйене отырып, еңбек -- адамның құралмен істейтін іс-әрекеті, ол адамның мінез-құлық типін өзгертуге, адамды жануарлардан ерекшелеуге жеткізеді деген ой айтты. Адамның бұл ерекшелігі оның іс-әрекетінің жанама сипатта болуынан білінеді. Жанамалау адамның сыртқы практикалық іс-әрекетінде құралды қолданатыны сияқты, өзінің ішкі психикалық іс-әрекетінде белгілерді (сөзді, цифрді т. б.) пайдалануы негізінде мүмкін болады. Құрал мен белгінің ұқсастығи (психологиялық жағынан) олардың жанама іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беруінен көрінеді. Құрал мен белгі арасындағы айырмашылық олардың түрлі бағыттылығынан келіп шығады. Құрал сыртқары бағытталған, ол объектіде өзгеріс туғызуы тиіс, ол табиғатты игеруге бағытталған адамның сыртқы іс-әрекетінің кұралы. Белгі ішке бағытталған, ол объектіде еш өзгеріс туғызбай, адамның мінез-құлқына әсер етеді. Табиғатты игеру мен мінез-құлықты игеру өзара байланысты, өйткені адамның табиғатты өзгертуі адамның өз табиғатын да өзгертеді. Құралды пайдалану мүшелердің табиғи іс-әрекет түрлерін өзгертіп, психикалық белсенділік мүмкінді-гін шексіз күшейтіп, кеңитіні тәрізді, белгілерді (қосалқы құралдарды) пайдалану, яғни жанама іс-әрекетке көшу, адамның бүкіл психикалық іс-әрекетін өзгеріске түсіреді.
Адамның дамуы оқыту арқылы осы тәсілдердің (құралдардың да, белгілердің де) барлығын игеру процесінде жүзеге асады. Міне, сондықтан да, оқыту баланың психикалық дамуын анықтай отырып, оның өмірін үйымдастырудың бүкіл жүйесінде негізгі орын алады. Демек, психика дамуының бұрынғы ұрпақ тәжірибесін игеруге себепкер белгі тәсілдері меңгерілетін әлеуметтік ортадан тыс қаралуы да және оқытусыз түсінікті болуы да еш мүмкін емес. Сонымен, Л. С. Выготскийдің психологиялық теориясында адамның әлеуметтік мәні жөніндегі маркстік идея жүзеге асты. Мәдени дамудың жалпы генетикалық заңын Выготский былайынша тұжырымдады: ...баланың мәдени дамуындағы қандай да болмасын іс-әрекет сахнада екі рет, екі бағдарда: әуелі -- әлеуметтік, кейін -- психологиялық, алдымен интер-психикалық категория ретінде адамдар арасында, одан соң интрапсихикалық категория ретінде, баланың ішінде көрініс береді. Қандай да жоғары психикалық функция бастапқы әлеуметтік функция болатындықтан, өз дамуында сыртқы саты арқылы етуі қажет.
Бала тілінің дамуында маңызды роль атқаратын, Л. С. Выготскийдің сөзімен айтқанда, мінез-құлықтың барлық жоғары формаларының негізі бөлігі саналатын көрсеткіш ымының тарихы, міне, осындай. Бастапқыда көрсеткіш ым -- іс-әре-кет алдында затқа бағытталған сәтсіз қармау қимылы (қолын затқа қарай созады, бірақ ұстай алмайды). Балаға ересек адам келіп көмектесе отырып, сәбиді қызықтырған заттың көрсеткіші ретінде ымды ұғындырады. Осылайша көрсеткіш ым сәтсіз қармау қимылынан басқалар үшін көрсеткіш мәні бар ымға ауысады.Ым -- белгіге, қармау-көрсеткішке айналады. Міне, осыдан кеііін ғана бала өз қимылына көрсеткіш ретінде қарап бастай-ды. Басқаларға деген ым (белгі) өзіңе деген ымға (белгіге) айналады. Сейтіп, өзінің ымын ұғынуға бала ең соңынан жете-ді. Оның мағынасы алдымен объективтік жағдайлар, ал соңы-нан баланы қоршаған адамдар арқылы жасалынады. Дәл осы заңдылықты Л. С. Выготский бала тілінің қалыптасуы үстінде де байқаған. Сөз затқа деген қарым-қатынасты білдіреді (бірінші саты). Сөз бен заттың арасындағы бұл объективтік байланысты үлкендер баламен қарым-қатынас жасау құралы ретінде пайдаланады (екінші саты). Сөз баланың өзі үшін де ұғынықты болады (үшінші саты). Міне, сонда барып, бастапқыда басқаларға әсер ету құралы болған сөз енді өз мінез-құлқын басқару құралына айналады.
Сонымен, барлық жоғары пснхикалық функциялардан адамдардың әлеуметтік қарым-қатынастары көрініп жатады. Л. С. Выготский адамның психологиялық табиғаты дегеніміз ішке енгізілген және жеке адам функциясы мен оның құрылымының формалары болған қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығы деп жазды. Әлеуметтік мінез-құлықты генетикалық түрде жеке-дара мінез-құлықтан шығарған дәстүрлі психологияға қарама-қарсы Л, С, Выготский жоғары психикалық функциялар алдымен адам арасындағы қарым-қатынастар ретінде қалыптасады да, тек содан кейін ғана жеке адамның психикалық функциясына айналады деп көрсетті. Мәселен, сырттай қарағанда ой-пікірлер, дәлелдемелер, айғақтар, генетикалық түрде ой-толғаныстарының қақтығысынан туындайтын таластан бұрынырақ болатын сияқты көрінсе, Выготскийдің теориясына сәйкес, талас ой толғаныстарын туғызады. Жеке адамның қалыптасу процесі дегеніміз жеке адамның кім болып шығуы оның "басқа адамдарға жасаган қарым-қатынасы арқылы болады деген сөз.
Мімез-құлық дамуының құралы ретіндегі сыртқы белгілер баланың ақыл-ой өрісінің дамуында ақау бар, жоқтығын психологтың анықтау қажеттілігі туған жағдайда маңызды көрсеткіш (диагностикалық) құрал болып та саналады. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балаға жүргізілген бақылаулар бала белгілерді қолданған жерде кемшіліктің орнын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz