Дербес компьютер құрамы



Кіріспе 3
1.Дербес компьютер 4
2. Монитор 5
3. Пернетақта 8
4. Тінтуір 10
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13
Есептеуіш техникасының пайда болуы, сандарды қосу операциясын машинаның көмегімен орындау идеясынан басталады. Бұл идеяны жүзеге асыруға тырысқаны туралы бізге жеткен алғашқы еңбек Леонардо до Винчиге тиесілі. Оның еңбектерінде санау және сандарды сүйек, тас арқылы есептеулер, есептеу техникасының қажеттігі туралы ойлар кездеседі. Ол бұдан шамамен 1500 жылдай бұрын көп таңбалы сандардың қосындысын табатын құрылғының сұлбасын жасаған.
Сауданың дамуы кең таралған римдік жүйедегі сандарды қосудың қиын екенін көрсетті. Сонымен қатар, ежелгі Римде саусақпен санаудан гөрі таспен, сүйекпен санауға көше бастағандықтан, «абак» деген құрал есептеуді жеңілдетті. Олар оны қоладан, піл сүйектері мен түрлі-түсті әйнектерден жасады. Бүгінге дейін «абак» терминінің шығу тарихы белгісіз, алайда ежелгі римдіктер оны calculi немесе abacuil деп атады. Осы атаулардан қазіргі calculatore (калькулятор) шыққаны белгілі. Қытайлықтар біздің эрамыздың VI ғасырында тастарды моншақтарға алмастырды, суаньпань деп аталды. Жапондық абак - соробан ХV-XVI ғасырда пайда болса, Ресейде абак XVI-XVII ғасырда есепшот деген атаумен тарала бастаған. Жас күнінен физикаға құмарлығымен елге танылған француз физигі, математик, инженер Блез Паскаль арифметикалық амалдарды орындайтын механикалық машина құрастырумен 18 жасынан айналыса бастады. Алғашқы жұмыс жасайтын машинаның моделі 1642 жылы дайын болды. Паскаль тынбай жұмыстанып, модельді жетілдіруге тырысты. Сөйтіп, 1645 жылы ғалымның өзі Паскаль дөңгелектері (Паскалево колесо) деп атаған 8-разрядты санау машинасы есептеу қажеттілігін қанағаттандыра бастады. Еуропаның көптеген ғалымдары қосындылағыш машинаны жаңғыртуға тырысты. Немістің ғалымы, математик Готфрид Вильгельм Лейбниц 1673 жылы арифметикалық төрт амалды орындайтын механикалық машинаның бірінші нұсқасын, кейін оны жетілдіріп, 1694 жылы екінші рет, соңғы нұсқаны 1710 жылы ұсынды. Сөйтіп Лейбництің арифмометрі әлемдік есептеу техникасының дамуындағы оңды жаңалық болды.
XIX ғасырдың басында ғылымның даму деңгейінің өсуіне қарай есептеулер күрделене түсті, адамның есептеулеріне көп уақыт қажет болды. Бұл мәселені шешудің жолдарын табуды ойлап, әлемнің белгілі ғалымдары техникалық қажеттілікті қанағаттандыру үшін есептеуіш құралдар құрастырумен айналысты. Атақты ағылшын математигі, инженері Чарльз Бэббидж 1812 жылы кестелерді машиналық есептеу тәсілдері жайында ойлана бастайды. Оның көздегені математикалық есептеулерді автоматтандырудың жолын іздеу болатын. 1786 жылы көпмүшелерді кестелеулеуге арналған машинаны сандық талдауда кеңінен таныс айырма тәсілі бойынша жасау идеясын ұсынды.
1. Ақпараттық жүйелер теориясы. Байшоланова Қ. С. ; Алматы – 2002.
2. “Информатика” Байжұманов М.Қ., Жапсарбаев Л.Қ. Алматы 2004жыл.
3. Информатиканы оқыту әдістемесі. Халықова К. З. Алматы: «Білім» - 2000
4. Интернет сайттары
5. Қазақ тілі терминдерінің ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника; Алматы:«Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.
6. Қазақ энциклопедиясы, 10 том.
7. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1.Дербес компьютер 4
2. Монитор 5
3. Пернетақта 8
4. Тінтуір 10
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13

Кіріспе
Есептеуіш техникасының пайда болуы, сандарды қосу операциясын машинаның көмегімен орындау идеясынан басталады. Бұл идеяны жүзеге асыруға тырысқаны туралы бізге жеткен алғашқы еңбек Леонардо до Винчиге тиесілі. Оның еңбектерінде санау және сандарды сүйек, тас арқылы есептеулер, есептеу техникасының қажеттігі туралы ойлар кездеседі. Ол бұдан шамамен 1500 жылдай бұрын көп таңбалы сандардың қосындысын табатын құрылғының сұлбасын жасаған.
Сауданың дамуы кең таралған римдік жүйедегі сандарды қосудың қиын екенін көрсетті. Сонымен қатар, ежелгі Римде саусақпен санаудан гөрі таспен, сүйекпен санауға көше бастағандықтан, абак деген құрал есептеуді жеңілдетті. Олар оны қоладан, піл сүйектері мен түрлі-түсті әйнектерден жасады. Бүгінге дейін абак терминінің шығу тарихы белгісіз, алайда ежелгі римдіктер оны calculi немесе abacuil деп атады. Осы атаулардан қазіргі calculatore (калькулятор) шыққаны белгілі. Қытайлықтар біздің эрамыздың VI ғасырында тастарды моншақтарға алмастырды, суаньпань деп аталды. Жапондық абак - соробан ХV-XVI ғасырда пайда болса, Ресейде абак XVI-XVII ғасырда есепшот деген атаумен тарала бастаған. Жас күнінен физикаға құмарлығымен елге танылған француз физигі, математик, инженер Блез Паскаль арифметикалық амалдарды орындайтын механикалық машина құрастырумен 18 жасынан айналыса бастады. Алғашқы жұмыс жасайтын машинаның моделі 1642 жылы дайын болды. Паскаль тынбай жұмыстанып, модельді жетілдіруге тырысты. Сөйтіп, 1645 жылы ғалымның өзі Паскаль дөңгелектері (Паскалево колесо) деп атаған 8-разрядты санау машинасы есептеу қажеттілігін қанағаттандыра бастады. Еуропаның көптеген ғалымдары қосындылағыш машинаны жаңғыртуға тырысты. Немістің ғалымы, математик Готфрид Вильгельм Лейбниц 1673 жылы арифметикалық төрт амалды орындайтын механикалық машинаның бірінші нұсқасын, кейін оны жетілдіріп, 1694 жылы екінші рет, соңғы нұсқаны 1710 жылы ұсынды. Сөйтіп Лейбництің арифмометрі әлемдік есептеу техникасының дамуындағы оңды жаңалық болды.
XIX ғасырдың басында ғылымның даму деңгейінің өсуіне қарай есептеулер күрделене түсті, адамның есептеулеріне көп уақыт қажет болды. Бұл мәселені шешудің жолдарын табуды ойлап, әлемнің белгілі ғалымдары техникалық қажеттілікті қанағаттандыру үшін есептеуіш құралдар құрастырумен айналысты. Атақты ағылшын математигі, инженері Чарльз Бэббидж 1812 жылы кестелерді машиналық есептеу тәсілдері жайында ойлана бастайды. Оның көздегені математикалық есептеулерді автоматтандырудың жолын іздеу болатын. 1786 жылы көпмүшелерді кестелеулеуге арналған машинаны сандық талдауда кеңінен таныс айырма тәсілі бойынша жасау идеясын ұсынды.
1.
1.Дербес компьютер
Компьютердің ең негізгі кұрылғысы -- жүйелік блок. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RАМ), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасушылар енеді.
Жүйелік блок ішінде компьютердің ең маңызды бөліктері орналасқан негізгі торапты (узел) білдіреді. Бұл тораптың ішінде орналасқан маңызды құрауыштар:
· Компьютердің жұмысын басқаратын электрондық схема (микорпроцессор, жедел жад, құрылғылардың бақылаушысы және т.б.);
· Компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақты токтағы электрмен қоректендіретін желілерді қалыптастыратын қоректендіру блогы;
· Икемді магнитті дискіге (дискетте) жазылуда және оқуда пайдаланылатын икемді магниттік дискісінің жинақтаушысы (немесе дискжетек - дисковод);
Алынбайтын (қозғалмайтын) қатқыл магниттік дискіге (винчестер) жазылуға және оқуға арналған қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш.

. Жүйелік блок

Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.
Жүйелік блок сыртқы түрі бойынша қорабының формасымен айрықшаланады. Дербес компьютердің қорабын деңгейлес (горизонталь) және сатылас (вертикаль) етіп шығарады. Сатылас етіп жасалған қорап габарит бойынша ажыратылып көрсетіледі: көп мөлшерлі, орта мөлшерлі және аз мөлшерлі. Деңгейлес етіп жасалған қораптардың ішінен тегістері және ерекше тегістері бөліп көрсетіледі.
Қорап үшін пішіндерден басқа факторлар пішіні (форм-фактор) деп аталатын параметрлердің де маңызы зор. Орналастырушы құрылғыларға қойылатын талаптар параметрлерге байланысты болады. Бүгінгі күні негізінен екі факторлар пішініндегі (форм-фактор) қораптар пайдаланылады: АТ, АТХ. Қораптың факторлық пішіні аналық тақша (материнская плата) деп аталатын компьютердің негізгі (жүйелік) тақташасындағы факторлар пішінімен міндетті түрде келісімде (үйлесімде) болуы керек.

2. Монитор

Монитор - мәтіндік және графикалық мәліметтерді экран бетіне шығаруға арналған құрылғы. Монитордың тарихы ерте кезден басталады, үлкен қара жәшіктен бастап сұйық кристалды, плазмалы дисплейлі монитордан аяқталады. Монитордың жұмыс жасау режиміне байланысты, денсаулыққа әсеріне байланысты оның жақсы сапалы түрін тандаған жөн. Монитордың маркасына байланысты олардың қызметтік ретке келтіру түрлері де ерекше болады, сол себепті монитордың өзгермелі параметрлері бар түрін таңдау керек. Бұл компьютердегі келеңсіздіктерді сервис орталыққа жүгінбей-ақ түзетуге болады.
Оның негізгі тұтыну параметрлері - экран қалқасының (маска) мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өндірудің (регенерация изображения) ең көп шамадағы жиілігі, қорғаныс класы.
Монитордың мөлшері диагонал бойынша кинескоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштардың арасымен өлшенеді. Өлшем бірлігі - дюйм. Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі (23-тен 107 см.-ге дейін) экранды мониторлар шығарылады.
Стандартты мөлшерлері - 14", 15", 17", 19", 20", 21". Бүгінгі таңда 15 және 17, 19, 21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап мониторлар болып табылады.
Монитор экранындағы кескін вакуумдық колбаға тығындалған, өткір бағытталған электрондар шоғырын люминофорлық жабуды сәулеге түсіру, яғни, сәуле арқылы қарап байқау нәтижесінде пайда болады. Түрлі-түсті кескінді алуы үшін люминофорлық жабу қызыл, жасыл және көк түсті боп жанатын үш тұрпатты (типті) жолаққа немесе нүктелерге ие болады. Барлық үш сәуле экранда бір нүктеге тоғысып, кескін анық көрінуі үшін люминофордың алдына ұдайы саңылау қалдыратын қалқа-панелін қояды. Монитордың бір бөлігі вертикальдық сыммен (проволочек) жарықтандырылған, бұл кескіннің анық та, қанық әрі жарық болуын күшейтеді. Саңылаулар арасындағы (қалқа қадамы - шаг маски) қадам неғұрлым қысқа болса, кескін соғұрлым дәл әрі нақты болады. Қалқа қадамы миллиметр үлгісімен өлшенеді. Қазіргі уақытта 0,25-0,27 мм қалқа қадамды мониторлар кеңінен таралған.
Кескінді қайта өндіру (жаңарту) жиілігі (частота) монитордың бір секунд ішінде кескінді қанша рет толық ауыстыра алатынын көрсетеді (сол себепті де оны кадрлар жиілігі деп атайды).
Кескінді қайта өндіру жиілігі герцпен өлшенеді. Ол неғұрлым жоғары болса, кескін соғұрлым дәл әрі тұрақты болып, көз аз талады. Ең аз шамадағы мән 75 Гц, қалыптысы - 85 Гц, ең қолайлысы (жайлы тиетіні) - 100 Гц және одан үлкен мәндер.
Монитордың қорғаныс тобы қауіпсіздік техника талаптарына сәйкес келетін стандартпен анықталады. Қазіргі уақытта мынадай халықаралық стандарттар жалпыға бірдей саналады: MPR-II, TCO-92, TCO-95, TCO-99. MPR-II стандарты адамға қауіп төндірмейтін, яғни қатер тудырмайтын шекке дейін электромагниттік сәуленің деңгейін шектейді. TCO-92 стандартында бұл норма сақталған, TCO-95 және TCO-99 стандарттарында бұл норма күшейтілген. Эргономикалық және экологиялық нормалар ең алғаш рет TCO-95 стандартында пайда болды, ал TCO-99 стандарты кескіннің сапасын (жарықтығын, қанықтығын, жыпылықтауын, жабудың антибликтік өзгешелігін) анықтығын параметрлер бойынша ең қатқыл нормаларды белгіледі.
Мониторды сатып алу кезінде келеңсіздіктер байқалмаса да, олар кейін көрінуі мүмкін. Сол себепті сатып алып отырған модель туралы Интернеттен қарап шығуға болады. Қазіргі таңда монитордың екі түрі кең тараған электронды-сәулелік түтікшелі (ЭСТ) және сұйық-кристалды.
ЭСТ мониторлары сатылымда сирек кездеседі, бірақ оларды тек қазір дизайнерлер, суретшілер, құрылысшылар қолдануы мүмкін, өйткені оларда түс сапасы жақсы беріледі. Сурет құруға арналған ЭСТ мониторларында электрондық зеңбірек орнатылған. Ол электрондық сәулелерді метал торлардан өткізіп, содан люминоформен жабдықталған экранның әйнекті қабатына өткізеді. Нәтижесінде элекронның энергиясы люминофор нүктелерін жарқыратып суретті қалыптастырады.

Мониторлар

Электронды магниттік сәулесінің әсерінен қолданушының денсаулығы нашарлайды.
Сұйық кристалды мониторлар қазіргі таңда ең жоғары дамыған түр болып саналады. Мұнда электронды-сәулелік түтікшелер қолданылмайды, сол себепті денсаулыққа зиян емес. Мұндай монитор жұмыс үстелінде аз ғана орын алады, оны тіпті іліп қоюға болады және электр энергиясын да аз жұмсайды. Монитордың панелі екі көрінбейтін пластинадан тұрады, олардың арасына сұйық кристалл кұйылған. Пластиналардың сыртында параллель орналасқан электродтар бар, олар бірінде көлденең, бірінде тігінен орналасқан. Әр толқыннан тоқ жібергенде, мұнда ұяшық пайда болады Бір пиксельді сурет шығару үшін көк, жасыл, қызыл түстен тұратын үш ұяшық қолданылады.
Плазмалық мониторлар(Plasma Display Panel, PDP) бұл монитор түрі тек бірнеше жыл бұрын ғана пайда болды.
Плазмалық мониторлардың жұмыс жасау қағидасы ультракүлгін сәулелердің арнайы люминофорға шағылуына негізделген. Плазмалық монитордың сұйық-кристалды монитордан айырмашылығы мен артықшылығы - ол экранның үлкен, кішілігіне мән бермейді. Қазіргі таңда олардың 64 дюймді, 72 дюймді және т.с.с кездеседі. Ол бәрінен артық болғанымен, оны дербес компьютерлерден кездестіру қиын, өйткені оның бағасы өте қымбат болып келеді.

Philips 220VW9FB - 22" мониторы

Техникалық ерекшеліктері: плазмалық монитордың ерекшелігі диагоналы бойынша көлемі мен жаймалау жиілігімен анықталады. Оның көлемді экраны көп мәлімет сақтауға көмектеседі. Жаймалау жиілігі күшті болған сайын көзге әсер ететін сәулелердің шағылысуын азайтады. Адам көзі мониторда шыққан суреттің шығу жылдамдығына, жарықтығына байланысты өзгеріп, бейімделіп отырады, ол арнайы көз бұлшық еттері арқылы жүзеге асады. Ал, егер монитордың жарықтылығы секундына 50 рет өзгеріп отырса, онда адам көзінің көру сапасы төмендейді.
Жақсы монитор жоғары дамыған бейне адаптерге қосылуы керек. Тек жоғары сапалы монитор секундына 85 рет экранды жаңартады. Сұйық кристалл мониторының жұмыс жиілігі 60-75Гц.
15 дюймді мониторлардың шешуі 1024x 768, 17 дюймді 1280-1024, ал 19 дюймді 1600x1200 және т.с.с.
Шешуі үлкен мониторлармен жұмыс жасау графикалық өңдеулер үшін ыңғайлы. Егер тек интернетте жұмыс жасап отырып, одан мәлімет алу керек болса, онда мониторлардың мөлшері 17 дюймді болғаны дұрыс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эем архитектурасы
Есептеу жүйесі
Эем-нің қызметі,құрамы және жіктелуі. Дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер
Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы туралы ақпарат
Дербес компьютердің құрамы
IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы туралы ақпарат
Ноутбук
ЭЕМ-нің құрылғылары,құрамы және қызметі
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер
ЭЕМ нің құрамы,қызметі және жіктелуі.IBM PS және басқа осы тәріздес дербес комьпьютер жұмысы жайында мәліметтер.Алгоритимдік тілдер туралы мәліметтер
Пәндер