Әлеуметтік құрылым. Қазіргі қоғамды әлеуметтік дифференциалау


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

. 1. Әлеуметтік құрылым4

2. Қазіргі қоғамды әлеуметтік дифференциалау6

Қорытынды9

Пайдаланған әдебиеттер11

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Әлеуметтік теңсіздік - жеке индивидте, әлеуметтік топтар, қабаттар, таптар тік әлеуметгік мобильділік иерархиясының әр-түрлі сатыларында тұратын, өмірлік тең емес және қажеттіліктерді қамтамасыз етудің мүмкіндіктерге ие ерекше түрі.

Француз социологы А. Турэннің пайындауы бойынша, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік дифференциация жеке меншікке, престижге, билікке, этносқа емес, ақпаратқа ие болу мүмкіндігіне байланысты. Көп ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі бар адамдар ең жоғарғы орынға ие болады.

Әлеуметтік стратификация теориясының негізгі принциптерін бөлейік:

1) үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз, қоғамда басты немесе қосымша рөль атқарса да, қоғамның барлық қабаттарын түгелімен зерттеу;

2) топтарды бірдей критерийлер бойынша өлшеу және салыстыру;

3) бұл критерийлер әр қабатты толығымен және терең суреттеу

үшін жеткілікті болуы қажет.

Саясат субъектілері, олардың билік жүйесіндегі орны мен ролі. Тұлға - саясат субъектілерінің біріншісі (бастапқысы) . Тұлғаның саяси субъектілігінің жағдайы. Адам құқығының концепциясы.

Мақсаты . Әлеуметтік-таптық дифференциация және қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясы. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік құрылымның даму тенденциясы мен саясаттың жаңа субъектілерінің қалыптасуы.

Әлеуметтік-этникалық бірлестіктер саясаттың субъектісі мен объектісі ретінде. Қазақстан Республикасындағы ұлттық-мемлекеттік жағдайының ерекшеліктері және ұлттық саясаттың негізгі бағыттары.

Міндеттері:

- адамдардың бөлінуі нәтижесінде қалыптасатын әлеуметтік-таптық құрылым (таптар, касталар, сословиелер, әлеуметтік топтар, олардың қабаттары) ;

- әлеуметтік-этникалық құрылым, яғни адамдардың белгілі бір территорияға, экономикаға, мәдениетке, дәстүрлерге, психологиялық ерекшіліктері және т. б. арқылы бірігуі негізінде пайда болған адамдардың тарихи қауымы - тайпа, ру, халық, ұлт, этностар.

- мекендердің негізгі түрлерін құрайтын (қала, макрополис, агломерация, ауыл, т. б. ) территориялық құрылым;

- жаспен, жыныспен белгіленетін (ерлер, әйелдер, жастар, балалар, «жұмыс жасындағы» адамдар, зейнеткерлер) демографиялық құрылым;

- отбасылық-тұрмыстық құрылым, көрші қауымдастықтар, ата-аналар мен балалар, сондай-ақ, некелік пен некесіз байланыстар мен қатынастар. Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіби, білім беру, діни және т. б. құрылымдарды бөлуге болады.

1. Әлеуметтік құрылым

Әлеуметтік құрылым -қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы және олардың өзара тұрақты қатынастары. Әлеуметтік құрылым қатарына халықтың жас шамасына, жынысына, ұлтына, кәсібіне, жеріне т. б. ерекшеліктеріне байланысты шоғырланған топтары жатады. Әлеутеттік-таптық құрылым таптардан және сол таптардың құрылымына енбейтін әлеуметтік топтардың жиынтығынан тұрады. Еңбектің қоғамдық бөлінісі мен өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктік қатынас әлеуметтік құрылымның негізі болып табылады. Еңбектің қоғамдық бөлінісі негізіне әлеуметтік қауымдықтар қалыптасады. Меншіктік қатынас қалыптасқан әлеуметтік құрылымды экономикалық тұрғыдан негіздейді. Қазіргі қоғамда әлеуметтік құрылымның дамуында екі негізгі үрдісті атап кетуге болады. Біріншісі, қоғамдағы дифференциациалау процестерінің белсенді түрде жүруі мен жаңа әлеуметтік топтардың пайда болуымен ерекшеленеді. Екіншісі, әлеуметтік құрылымның дамуына тікелей ықпал тигізетін дүниедегі экономика саласындағы интеграциалық процестер. Мемлекет өзінің әлеуметтік саясатында бұл процестерді үнемі ескеріп отыру керек. Мұндай саясат барлық әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеуге, олардың мүдделерін үйлестіруге негізделген. Ең бастысы - әлеуметтік әділеттілік принциптерін сақтай отырып олардың тұрақты өмір сүруіне жағдай жасаумен әл ауқатың көтеру. Әрине, бұл проблемаларды шешу онай емес. Әлеуметтік қауымдарға таптар, стратылар, кәсіби және салалық топтар, ұлыстар, ұлттар, ұлтаралық және аймақтық қоғамдастықтар, демографиалық топтар, адамдардың қалалық және ауылдық өмір сүру формалары, еңбектік, жанұйалық және т. б. құрылымдар жатады. Әлеуметтік қауымдар өте күрделі ұйымдасқан, өз кезінде бір-бірімен тығыз өзара байланыста және өзара әрекеттестікте болатын әр түрлі әлеуметтік топтар мен құрылымдардан тұрады. Даму процесінде олардың құрамы саны және сапасы жағынан өзгереді, жаңа қауымдықтар пайда болады, әлеуметтік мобильділік арта түседі. Бұл өзгерістердің бағыты көп жағдайда қоғамның дамуын белгілейді. Адамдардың санына қарай әлеуметтік қауымдар үлкен (таптар, ұлттар, кәсіби және салалық топтар және т. б. ), орташа (аймақтық қауымдар, өндірістік ұжымдар және т. б. ), кіші (жанұя және т. б. ) болып үш топқа бөлінеді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы тарихи ұғым болып табылады. Әрбір жеке қоғамның белгілі бір әлеуметтік құрылымы болады. Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыстың ру -тайпалық ұйымдасуы болды, онда ру еңбектік және жанұялық ұжым ретінде, сол секілді, әлеуметтік- этникалық қауым формасы ретінде қызмет атқарды. Құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құлиеленушілер таптары, кәсіби топтар пайда болды, этникалық қауым формасы ретінде халықтық қалыптасты, моногамды семья дүниеге келді. Феодализм дәуірінде негізгі таптар - феодалдар мен шаруалар болды. Капитализм дүниеге буржуазиа мен жұмысшы табын әкелді.

Таблица 1. Негізгі әлеуметтік қауымдықтар, олардың өлшемдері мен белгілері.

Әлеуметтік қауымдықтар түрлері
Әлеуметтік қауымдықтарды жіктеу өлшемдері
Қауымдықтардың белгілері
Әлеуметтік қауымдықтар түрлері: Таптар (стратылар)
Әлеуметтік қауымдықтарды жіктеу өлшемдері: Қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны
Қауымдықтардың белгілері: Меншікке қатынасы, кіріс көлемі, билік факторы және т. б.
Әлеуметтік қауымдықтар түрлері: Кәсіби қауымдықтар
Әлеуметтік қауымдықтарды жіктеу өлшемдері: Еңбек бөлінісі жүйесінде алатын орны
Қауымдықтардың белгілері: Еңбек ету қызметінің сипаты
Әлеуметтік қауымдықтар түрлері: Салалық қауымдықтар
Әлеуметтік қауымдықтарды жіктеу өлшемдері: Еңбекті қолдану аясы
Қауымдықтардың белгілері: Өндірістік қызметтің бағыты
Әлеуметтік қауымдықтар түрлері: Этноұлттық қауымдықтар
Әлеуметтік қауымдықтарды жіктеу өлшемдері: Этникалық және ұлттық
Қауымдықтардың белгілері: Жалпы ортақ шығу тегімен, тілімен, территориасымен, ортақ экономикалық өмірімен, мәдениеті мен психологиялық ерекшеліктерімен сипатталады.
Әлеуметтік қауымдықтар түрлері: Аймақтық құрылымдар
Әлеуметтік қауымдықтарды жіктеу өлшемдері: Этноаралық, ұлтаралық және мемлекетаралық байланыстар
Қауымдықтардың белгілері: Қоғамдық өмірдің барлық салаларында ұлтаралық байланыстардын әр түрлі деңгейлері
Әлеуметтік қауымдықтар түрлері: Демографиалық қауымдықтар
Әлеуметтік қауымдықтарды жіктеу өлшемдері: Индивидтердің жыныстық- жастық ерекшеліктері
Қауымдықтардың белгілері: Жастар, әйелдер, зейнеткерлер және тағы басқа әлеуметтік топтар
Әлеуметтік қауымдықтар түрлері: Территориалық қауымдықтар
Әлеуметтік қауымдықтарды жіктеу өлшемдері: Тұратын жері (қала, деревня, аудан, облыс және т. б. )
Қауымдықтардың белгілері: Мемлекеттік-әкімшілік құрылымдар
Әлеуметтік қауымдықтар түрлері: Нәсілдік топтар
Әлеуметтік қауымдықтарды жіктеу өлшемдері: Морфологиялық және физикалық ерекшеліктері
Қауымдықтардың белгілері: Терінің түсі, бойы және т. б.
Әлеуметтік қауымдықтар түрлері: Өндірістік ұжымдар
Әлеуметтік қауымдықтарды жіктеу өлшемдері: Өндірістік мәселелерді шешу
Қауымдықтардың белгілері: Еңбек ету қызметінің ұйымдастырушылық формалары
Әлеуметтік қауымдықтар түрлері: Жанұя
Әлеуметтік қауымдықтарды жіктеу өлшемдері: Туыстық қатынас
Қауымдықтардың белгілері: Бірлесіп тұру, ортақ шаруашылық, өзара жауапкершілік т. б.
2. Қазіргі қоғамды әлеуметтік дифференциалау

Қазіргі қоғамды әлеуметтік дифференциалаудың (жіктеудің) негізгі концепциалары. Таптар үлкен әлеуметтік қауымдықтар ретінде әлеуметтік құрылымның маңызды буыны болып саналады. Қоғамдық таптар туралы ілім маркстік кезеңге дейін пайда болды. Бірақ мұндай концепциялардың көптеген кемшіліктері болды. К. Маркстің бұл ілімге қосқан жаналығы, ол, таптардың өмір сүруін өндірістің белгілі бір тарихи даму кезеңдерімен байланыстырды. Адамдар арасындағы айырмашылықтар ішінде таптық дифференциация қоғам үшін негізгі болып табылады, себебі ол өндіріс саласында қоғамдық еңбек бөлінісі мен өндіріс құрал- жабдықтарына жеке меншіктің шығуы негізінде пайда болады. Таптар қосымша өнім мен еңбек бөлісі жұмыс күшін қанауды экономикалық тұрғыдан тиімді ететін өндіріс сатысында пайда болады. Қоғамның таптық құрылымын талдаудың маңызды методологиялық мәнісі бар, себебі ол әлеуметтік үлкен топтардың нақтылы экономикалық мүдделерін айқындауға, әртүрлі әлеуметтік қозғалыстардың нақтылы мәнің түсінуге, ғылыми негіздегі саясатты айқындаудың жолын білуге мүмкіндік береді. Марксизм философиясында таптардың біршама толық ғылыми анықтамасын берген В. И. Ленин болды. «Таптар деп, - деді ол, - адамдардың қоғамдық өндірістің белгілі бір тарихи жүйесінде алатын орнына қарай, олардың өндіріс құрал-жабдықтарына деген (көбінесе заң түрінде тұжырымдалған, бекітілген) қатынасына қарай, еңбектің қоғамдық ұйымдасуында атқаратын рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдық байлықтан олардың алатын үлесіне және оны алу тәсіліне қарай айырылатын үлкен топтарын айтады ». Бұл анықтамада В. И. Ленин тап құрастырудың төрт негізгі белгісін атап көрсетті. Бұл белгілерді жеке қарастырудан бұрын, келесі жайттарға назар аударайық. Біріншіден, В. И. Ленин таптарға үлкен әлеуметтік топтарды жатқызды. Бұл - олардың текті белгісі, өйткені, қоғамда басқа да жастық, этникалық, кәсіби және т. с. с. үлкен топтар бар. Екіншіден, таптарды сипаттағанда бұл белгілермен шектелмейміз, таптардың саяси және психологиялық ерекшеліктерін назардан тыс қалдырмауымыз керек. В. И. Ленин таптардың басты төрт экономикалық белгілерін көрсетумен шектелді, өйткені олар алғашқы, базистік, ал саяси, психологиялық және т. б. белгілері қондырмалық, екінші болып табылады. Үшіншіден, таптардың барлық белгілерін олардың өзара бірлігінде, жүйесінде қарастырамыз. Бірде- бір белгі жеке алып қарастырғанда таптарды толық сипаттай алмайды. Ал енді бұл белгілерді жеке қарастырайық. 1. Таптың қоғамдық өндірістің белгілі бір тарихи жүйесінде алатын орны. Бұл орын не қанаушы, не қаналушынікі болмақ. 2. Өндіріс құрал- жабдықтарына деген қатынасы екі түрлі болуы мүмкін. Таптық қоғам тарихында өндіріс құрал- жабдықтарына толығымен ие болған және ондай мүмкіндігі болмаған таптарды білеміз. 3. Еңбектің қоғамдық ұйымдасуында атқаратын рөлі де әр түрлі болуы мүмкін. Тарихта бір таптар өндірістің ұйымдастырушысы және басқарушысы болып рөл атқарса (құл иеленушілер, феодалдар, буржуа), ал басқалары тек орындаушы (құлдар, крепостнойлар, пролетарийлер ) рөлінде болды. 4. Қоғамдық байлықтан олардың алатын үлесі еңбектік және еңбектік емес болады, оның мөлшері де әр қалай болады. Таптарды анықтауға белгілер жүйесін қолданамыз дедік. Сонда, Ленин келтірген төрт бегінін ішіндегі ең бастысы, шешушісі болып табылатыны не? Таптын белгілері жүйесіндегі мұндай рөлді атқаратын екіншісі - өндіріс құрал - жабдықтарына деген қатынасы. Өндіріс құрал - жабдықтарына деген қатынасы, басқаша айтқанда, меншіктік қатынасқа қарай таптардың қоғамдық өндірістегі орны мен рөлі айқындалады, сондай-ақ табысының мөлшері алу тәсілі де соған байланысты болады. Қысқасы, таптардың қоғамдық топ ретінде шығуының себебі қоғамдық өндіріс тәсілінің дамуында жатыр. Жеке меншікке негізделген әрбір жеке формацияда негізгі және негізгі емес таптар болады. Негізгі таптар - сол қоғамның өндіріс тәсілі тудырған және өздерінің өзара қатынастарымен сол өндіріс тәсілінің мәнің, оның негізгі қайшылығын айқындайтын, жүзеге асыратын таптар. Мұндайларға құл иеленушілер мен құлдар, феодалдар мен крепостнойлар, буржуа мен жұмысшылар жатады. Әрбір таптық экономикалық формацияда негізгі емес таптар да бар. Олар бұрынғы таптардың қалдықтары немесе жаңа өндіріс тәсілінің бастамалары болып табылады. Мәселен, құл иеленушілік қоғамда ерікті азаматтар мен қолөнершілер болды. Капитализм жағдайында мұндайларға шаруаларды жатқызуға болады. Негізгі таптар арасындағы қатынастар антагонистік сипатта болады, сондықтан оларды антагонист- таптар деп атаймыз. Негізгі және негізгі таптар арасындағы қатынастар біркелкі емес болды. Мәселен, капитализм дәуіріндегі буржуазиа мен жұмысшы тап арасындағы таптық қайшылық антагонистік болса, онда шаруалар мен жұмысшы тап арасындағы қайшылық антагонистік емес сипатта болды. Таптардың қатынастары мен олардың арасындағы қайшылықтар біртұтас жүйе болып табылады. Бұл жүйеде келесі қатынастарды ажыратуға болады:

1. Өндіріс құрал- жабдықтарына меншіктік жөніңдегі қатынастар және тікелей өндіріс, тарату, айырбастау және тұтыну жүйесіндегі туындайтын таптар арасындағы қатынастар (экономикалық қатынастар) ;

2. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару жөніңдегі таптар арасындағы қатынастар (саяси қатынастар) ;

3. Құқықтық тәртіп жөніңдегі таптар арасындағы қатынастар (құқықтық қатынастар) ;

4. Өнегелік (адамгершілік) нормаларды жүзеге асыруға байланысты таптар арасындағы қатынас (өнегелік қатынастар) ;

5. Идеологиалық, көркемдік және басқа рухани құндылықтарды жасау мен тұтынуға байланысты таптар арасындағы қатынас (тар мағынасындағы рухани қатынастар) . Қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасағанда теқ қана тап аралық емес, сондай-ақ таптың ішіндегі айырмашылықтарды ескеру керек. Таптардың ішінде әр түрлі қабаттарды, құрамдас бөлімдерді, отрядтарды айыру олардың қоғамдық болмысы мен мүдделерін анық түсінуге және олардың әлеуметтік және саяси жағдайын жорамалдауға мүмкіндік береді. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, шынайы әлеуметтік дүниеде мұндай қайшылықтар өте маңызды болып табылады (қаржы капиталы мен өнеркәсіпшілер арасында, кіші бизнес пен корпорациялар және т. б. арасындағы қайшылықтар) .

Қорытынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім берудің жаңа моделі
Тақырыптың мақсат - міндеттері
Педагогикалық инновациялар тәрбие мен оқыту үдерісін өзгертуі немесе жетілдіруі
Кәсіптік оқытудың қазіргі технологиялары
Дидактиканың оқыту технологиясы
Әрбір оқушының өз ерекшіліктеріне, ынтасына, мүмкіндіктеріне орай білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйесін жасауға ұмтылу жолдары
Оқыту үрдісінде модульдік оқыту технологиясын қолданудың өзіндік ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін қалыптастырудағы дифференциалдық қатынас
Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы жайлы мәлімет
Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz