Жамбыл облысының экологиялық жағдайлары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе3
1. Қала экологиясы4
2. Жамбыл облысының экологиялық жағдайлары5
3. Тараздың экологиясы қайтсе жақсарады?7
Қорытынды11
Пайдаланған әдебиеттер11
КіріспеӨндіріс орындарының күрт артуы кезеңінде, ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі проблемаларының бірі болып отыр. Бұл мәселелерге түсініксіздікпен селсоқ қарау мен техникалық экологиялық қате саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі организмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді. Қордаланған негізгі проблемаларды шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының арасындағы қарым-қатынастардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс дамумауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін.
Адамдар және олардың шаруашылық әрекеттері жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. т деңгейінде антропогендік заттар (СО2-ні есептемегенде), гидросфераға шамамен 15 млрд. т ластағыштар енгізіліп отырса, топыраққа түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. жетеді. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында топырақта жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд. тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығы антропогендік ландшафтқа айналған. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзі шөлдерінің барлығының шығу тегі де антропогендік.
Топырақты зиянды ластағыштардан қорғау адамның негізгі мақсаты, өйткені оның құрамындағы зиянды қоректік қосылыстар қоректік тізбек арқылы адам ағзасына түседі. Біріншіден, ластағыш заттар сумен шайылып ашық су көздері мен ыза суларына қосылады, ал ол суларды адам ауыз су ретінде және әр түрлі қажеттілігіне пайдаланады. Екіншіден, бұл ластағыштар топырақ ылғалы, грунт сулары мен ашық су көздерінен өсімдіктер мен жануарлардың ағзаларына түседі. Үшіншіден, зиянды қосылыстардың көбісі адам ұлпасы мен сүйегінде шоғырлану қауіпіне ие.
Зерттеулер көрсеткендей биосфераға жыл сайын 20 - 30 млрд. тонна қатты қалдықтар және 1 млрд. тоннаға жуық газды, аэрозольді ластағыштар түсуде. Сонымен қатар топырақты ластаушы негізгі көздер автркөліктер болып табылады. Бір автокөлік жүргенде атмосфераға, орташа есеппен, СО - 200 кг, NO - 60 кг, СН - 40 кг, SO2 - 2 кг, Pb - 0, 5 кг, бензопирен - 2 кг шығарылады, сондықтан да автокөлік атмосфера мен топырақтың айтарлықтай бөлігінің ластануына себепші болады.
1. Қала экологиясыҚала экологиясы (Экология города) - адамның қала ортасымен әрекеттестігінің заңдылығын зерттейтін ғылыми пән. Бүкіл дүние жүзінде кенттену процесі қарқынды жүруде. Қазіргі кезде ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтарда өте қолайсыз экологиялық жағдай орнаған. Атмосфералық ауада едәуір мөлшерде зиянды құрауыштар (шаң-тозаң, күкірт диоксиді, бензагтирен, азот оксидтері, ауыр еталдар, диоксин және т. б. ) жиналған. Қалалардың ластануына негізінен қара және түсті металлургия, химия және мұнай-химия, целлюлоза-қағазөнеркәсіптері, жылу энергетикасы, автокөлік әсер етеді. Соңғы жылдары "Адам және биосфера" бағдарламасы (МАБ) шегінде қалалық елді мекендерді қалалық ортаға және тұрғындардың денсаулығына әсер ететін табиғи, әлеуметтік-экономикалық, тынығу жөн. алалардың тұрмысқа, тіршілікке қолайлы болуын сақтау үшін оның суын, ауасын, топырағын, жасыл желегін табиғи қалпынан өзгертпей ұстау жеткіліксіз. Әсіресе қанатын кеңге жайып қарыщтап, дамып бара жатқан қалалар үшін оның қоршаған ортамен үйлесімділігі бас шарт. Қала орталықтарында жасанды көлдер, бассейндер, фонтандар жасау да ауаның қалыпты болуыны жағдай жасайды. Ауаның ластануын азайту мақсатында және транспорт тасқынын шектеу мүддесіне үлкен қалаларда газдану мен шуды азйту үшін орағытып өтетін жолдр салынуда. Қоршаған ортаны қорғауға үкімет соңғы жылдары қаржы бөлуді күрт өсірді. Ал оны тиімді әрі үтымды пайдалану жергілікті әкімшіліктің іскерлігі мен жауапкершілігі ғана байланысты болмақ.
Үзақ жылдар бойғы қала салу ісіндегі жіберілген қателер, дүрыс жоспарламау Қазақстанның өнеркәсіпті қалаларын экологиялық апатқа үшыратып отыр
Табиғат қорғау объектілерінің қүрылысына бөлініп отырған қаржының жеткіліксіздігіне орай табиғат қорларын игеру және өндірістік қуаттарды арттыру Ақтөбе облысында барынша қиын жағдайды қалыптастырады, оны жақсарту үшін төтенше шараларды қолдануды қажет етті.
Түтас облыс бойынша әр түрлі мақсатқа өзендердегі жылдық су қорының 11 проценті жүмсалды. Жер бетінде пайда болған ағынды сулар негізінен тазарту орындарына, сүзгіден өткізу қондырғыларына бағышталады, буландырады. Облыста жалпы қуаты 64, 9 млн. текше метрлік 59 тазарту қүбыплары бар, оларға 2005 жылы 44, 3 текше метр ағынды су жіберілді.
Жер асты суларының, сол арқылы жер бетіндегі судың ластануы негізінен өнеркәсіп өнімдері қалдықтарынан топырақ қабатты арқылы өтуі, булануы салдарынан болады. Бүрын өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру жөніндегі қүрылыстар сүзгісіз салынған болатын.
Су қорларының көзіне жүргізілген тексеру көрсеткеніндей Елек өзенінің жер асты және ағынды сулары 6 валентті хроммен және бормен ластанған. Бүлар негізінен хром қосындылары заводының өнеркәсіп алаңы, осы заводтың өнеркәсіп қалдықтары тасталатын орны, сондай - ақ жылу -электр орталығының гидролологиялық күлі арқылы ластануда. Хром қосындылары заводының қалдықтары тасталатын тоғаннан аққан су солтүстікке және шығысқа қарай жылжып баралы. Мүның өзі Елек өзенінің 3 километрге жуық бойында судың хроммен бүлінуіне әкеліп соқтыруда.
2. Жамбыл облысының экологиялық жағдайларыҚала - адамның колымен жасалған жасанды экожүйе болып табылады. Қала экожүйесінің ерекшелігі - халықтың бұрын болып көрмеген тығыздығы. Мұндағы адамды қоршаған ортаға шамадан тыс экологиялық салмақ түседі, себебі мұнда организмге әсер етуші факторлардың бәрі жасанды түрде өзгертілген - климат, ауа, су, микроклимат, құрылыстар және т. б. әсерінен ауаға шығарылатын әр түрлі ластықтар және жылу, су булары әсерінен үлкен өзгерістерге ұшырайды. Ірі ғимараттар ауаның табиғи түрде алмасуын қиындатады, бұл әсіресе жазғы түндерде қаланың салқындауын баяулатады, әрі атмосфера тазалығын нашарлатады. Қалаларда орташа жылдық температура айналадағы қоршаған ортадан ең кем дегенде 1 градусқа артық болып келеді.
Қалаларда ауылдық жерге қарағанда тұмандар да жиірек кездеседі, ал тұман - ауаның қатты ластануының көрсеткіші. Қала ауасының улы газдар және т. б. заттармен өте жоғары дәрежеде ластануы себебінен қала тұрғындары арасында өкпе және жоғарғы тыныс жолдары ауруларымен ауыратын адамдар көбірек кездеседі. Қала ауасы күн сәулелерін нашар өткізеді, көбінесе УК сәулелерді ұстап қалады. Сондықтан қалада рахит /мешел/ ауруы да жиі кездеседі. Жаңбыр суы қалада жинақталмай тез ағып кеткенімен, топыраққа көп сіңе алмайды, себебі оған асфальт, бетон, тас құрылымдар бөгет жасайды. Сондықтан қала ішінде ағатын өзендер жиі тасып, грунт суларының деңгейі төмендейді. Канализациялық және өндірістік сулар қала өзендерін ластайды. Қала көшелерінен өзендерге ағып қосылатын жаңбыр, қар сулары NaCl - ас тұзымен ластанған болуы мүмкін, себебі қыста қала көшелеріне көптеп тұз себіледі; ал жанар, жағар майлар асфальттан жаңбыр суларымен жуылып, өзенді одан әрі ластайды.
Өндіріс орталығы болып табылатын ірі қалаларға тән бұл жағдай Тараз қаласында да экологтардың негізгі проблемаларының бірі.
Жамбыл облысының өндірістерінің жетекші салалары - тау-кен өндірісі, химия өндірісі болған. Бірақ экономикалық қыйындықтарға байланысты бұл салалардың мекемелері жұмыстарын толық тоқтату алдында. Соған қарамастан, жеке шаруашылықтар, кіші кәсіпорындар, әсіресе көліктердің көбеюі ауаның ластану дәрежесінің әлі де болса жоғары деңгейде болуына себеп болып отыр.
Жамбыл облысының 144, 6 мың шаршы км. территориясында 1, 04 млн. адам тұрады, оның 479, 6 мыңы - қала тұрғындары.
Соңғы уақыттарда антропогендік әсер деңгейі төмендегенімен облыста жалпы экологиялық жағдай әлі де жақсарды деуге болмайды. Облыс территориясының 15 %-і экологиялық жағдайы қолайсыз аймақта, ал 5 %-і экологиялық дағдарыс (кризистік аймақта) аймағында жатыр. Осы, 5 %-тік территория Шу, Талас, Аса өзендері бассейіндерімен қатар Тараз қаласына және оның маңайына тиісті жерлер болып отыр.
Облыс тұрғындарының басым көпшілігі тұратын Тараз қаласының ауасы қоршаған ортаның негізгі компоненті ретінде адамдардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Қала ауасын негізгі ластаушы компоненттерге органикалық шаң-тозаң, күл, СО, NO, NO2, SO2 жататыны анықталды [17] . Бұл жағдай ескірген қондырғылар мен технологиялар таза емес отын түрін жағу, жылыту жүесінің децентрализациялануы және шығарылатын ластықтарды бақылау жұмысының жеткіліксіз екендігі себебінен деп түсіну керек.
Жамбыл облысы өңірінің ластануы ұзақ уақыт бойы химия өндірісімен тікелей байланыстылығы мәселесі өз маңызын жойған жоқ. Бұл жағдайда қоршаған табиғи орта сапасын реттеу стратегиясының ең маңызды мәселесі - халық денсаулығына және биосфераға ең күшті әсерін тигізетін факторлар мен көздерді анықтайтын және осы әсерге көбірек ұшырайтын биосфера элеметтерінің анықтайтын жүйе ұйымдастыру мәселесі болып табылады. Мұндай жүйеге қоршаған орта жағдайының антропогендік өзгерістерінің мониторингі жатады.
Үлкен қалалардың барлығына тән тағы да бір өзекті мәселе - су. Тау басынан ағып жатқан көптеген бұлақтардың бойына зәулім котедждер салынып жуынды мен шайындының бәрі сол суға төгіліп жатыр. Ал, бұл суды төмен жағында орналасқан үйлер тұрмыста да, бақшада да пайдаланады. Нәтижесі белгілі: адамның бүйрегінде тастың пайда болуы, асқазан қабынуы, сары ауру, соқырішектің қабынуы секілді кеселдердің пайда болуына әкеледі.
Пәтерлерге құбыр арқылы келіп тұрған ауыз суының жағдайы мүлде қиын. Шәйнекке суды қайнатуға құярдың алдында шөгіндінің болатынын байқаған боларсыз. Ең қауіптісі сол, бұндай құм, тас және басқа да көптеген ұсақ бөлшектер ескірген құбыр жүйесінен біздің ағзамызға келіп түседі. Осындай мәселелердің барлығын шешу үшін көп жұмыс атқару қажет. Сол жұмыстардың бірі қаламыздың жасыл жамылғы көлемін ұлғайту. Себебі, өсімдіктер табиғи насос қызметін атқарып, суды да тазартады, ауадағы шаң-тозаң мен көмірқышқыл газын сіңіріп, ауаны да тазартады әрі көшелердің сәнін келтіреді. Қаламызда өсімдіктер жоқ емес. Бірақ олар біріншіден жеткіліксіз, екіншіден дұрыс отырғызылмаған немесе дұрыс күтілмейді. Әл-Фараби, Розыбақиев көшелерін-ақ мысалға алып қарасақ ағаштар не суғарылмағандықтан қурап қалған немесе жақын отырғызылғандықтан өспей, бір-бірін көлеңкелеп тұр. Кейбір жерлерде бұталар мен ағаштарды ауру басып, барлығы дерлік қурап кеткен. Бұл да көгалдандыру ережелерін сақтамаудан келіп шығады. Егер, ағаштың бір түрін ғана емес, әр түрлі ағашты аралас отырғызса ауру барлығына бірдей жұқпайды. Өйткені, әр ағаштың өзіне тән ауруы болады.
Жалпы ауасы таза, аспаны ашық, аппақ қарлы таулары бар экологиялық жағынан таза қалада өмір сүргіміз келсе, әр отбасы, әрбір адам алдымен өзін-өзі табиғат сүйгіштікке, қоршаған ортаға деген жанашырлыққа тәрбиелеуі керек. Себебі табиғатты қорғап, аялау бұл - әр азаматтың парызы!
3. Тараздың экологиясы қайтсе жақсарады?Тараз қаласының экологиялық қоршаған орта жағдайы соңғы үш жылда қалыпты деңгейге жетті. Дегенмен, облыс орталығында Жамбыл гидромет орталығы зертханасының дерегіне сәйкес, екі ластану құрамы бойынша ластағыш заттардың концентрациясының жоғарылауы жиі қайталануы байқалуда. Шектеулі рұқсат етілген концентрациясы құмырысқа қышқылы 2, 7есе және азот тотығы 1, 25-1, 5 есеге артса, ал Лермонтов - Ташкент, Төле би - Абай көшелерінің қиылысқан жерінде құмырсқа қышқылы 2, 5 есе және азот тотығы 2, 5 есе, көмір тотығы 3, 5 есеге жоғарылаған.
Атмосфералық ауаның осы құрамдармен ластануының негізгі көзі - автокөлік және жылу энергетика саласы. Бұрынғысынша жиынтық шығарындылардың 70 пайызға жуығы автокөлік үлесіне тиіп отыр. 2007 жылға дейін автокөлік шығарындыларының әсерін төмендету мақсатында жыл сайын ішкі істер департаменті және көлік бақылау инспекциясы бірлесіп, «Таза ауа» акциясын өткізіп тұратын. Қазіргі кезде Автожол Заңын реформалауға байланысты жолдарда көлікті тоқтатуға тыйым салынған. Сондықтан да 2007 жылдан бері ішкі істер департаменті автокөліктердің улылығын және түтінін бірлесіп тексеруден тыс қалып келеді, осы себепті 2007-2008 жылдан бері «Таза ауа» айлығы өткізілмеді.
Өткен жылдардағы «Таза ауа» айлығын тексерген автокөліктерден шығатын улы түтін 10-22 пайызға дейін санитарлық нормаға сай келмейтін. Мұның себебі - біздің облысқа Қытай, Жапония, Біріккен Араб Әмірлігі және Ресейден әкелінетін ескі көліктер болса, көліктердің таза экологиялық отынды қолданбауынан болып отыр. Таза экологиялық отын саналатын ұйытылған газға көшу өте баяу жүргізілуде. Облыс бойынша газ толтыратын 4 станса болса, оның екеуі Тараз қаласында. Тараз қаласында электрокөлік желісі дамымаған, небәрі 3 троллейбус бағытымен 4 троллейбус тұрғындарға қызмет етіп жүр. Темір сол, автобекет, Төле би көшесі, Химия зауыттарына қатынас жойылған. 2005 жылдан бері бірде бір троллейбус сатып алынбаған.
Жыл сайын өткізілетін «Таза ауа» айлығының қорытынды ақпараты мен ұсыныстар негізгі ведомстволарға, шаруашылық нысандарына жіберілмеген, осы күнге дейін ешқандай нәтиже жоқ. Автокөлік мекемелерінен зиянды әсерді төмендету туралы еш ұсыныс түскен жоқ, ал ұсынылған шараларға немқұрайлылық танытуда.
Қала магистралына түсетін салмақты жеңілдету бойынша жерасты өтпелі жолдарын салу, жол айрықтарын кеңейту, көгеріштендіру, тағы басқа көліктерге таза отын түрін пайдалануға кешенді шешім қабылдау; электркөліктерді дамыту сынды шаралар әлі шешімін таппай отыр.
Өндіріс көлемі өскен сайын зиянды заттар мәселесі күрделенуде, әсіресе, жылу энергиясынан аралатын булы газдар, оларға коммуналдық шаруашылықтардың қазандықтары және өнеркәсіп орындарының отын жаққыш агрегаттары жатады. Қазіргі уақытта шығарындылардың негізгі үлесін отын жағып, жоба қуатының 35-40 пайызын пайдаланатын Жамбыл ГРЭС-і» АҚ құрап отыр. 2008 жылы электроэнергия өндіруге 38 пайыз мазут және 62 пайыз табиғи газ қолданылған. Жамбыл облысына келетін газдың 30 пайызынан астамы сол алып кәсіпорынның еншісінде. Сондықтан ластаушы заттар шығарындылары 2007 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 2, 5 есеге көбейіп, 4804 тоннаны құрады.
Қазіргі уақытта мекемеде қоршаған ортаны қорғау басқармасының табиғат қорғау талаптарының нұсқамасына сәйкес, табиғи газды молырақ пайдалану қарастырылып, отын балансы реттелген. Соған қарамастан соңғы жылдары шығарынды нормасын сақтамау дерегі анықталуда. Атмосфераға жанған отыннан кететін артық температураны қосалқы цехтар қажетіне жарату жүзеге аспай келеді, оның себебі өндірістік құрал-жабдықтар әбден тозығы жеткен.
Отын энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалануды жоғарылату негізгі қағида бола тұра, «ҚР экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы», «ҚР энергия үнемдеу» Заңы талаптарына қарамастан мекемеде, өндірістің технологиясын жаңалау және басқару жүйесін жетілдіру сияқты жұмыс жоспарлары жасалмаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz