Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат


Кіріспе3
1. Өмірі мен шығармашылығы4
2. Жамбыл Жабаев шығармашылғы5
Қорытынды9
Пайдаланылған әдебиеттер10
КіріспеРуға, атаға, бай мен кедейге бөлінген ол кездегі ауыл ішінде Жамбыл кейбір ақындардың байларды мақтайтынын, керісінше, бірсыпырасының еңбекші халық мүддесін жақтайтынын көреді. Жас Жамбылдың алғашқы өлеңдері Жетісу бойына атағы жайылған Сүйінбайға қатты ұнайды, ол бала ақынға көп ақыл береді, сөз өнерін сүйе білуге баулиды.
Сүйінбай Аронұлы жас ақынның талантын көріп: « . . . Балам, өз өлеңіңді шығар, бірақ оның жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын елең болсын, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйініп отыратын өлеңі болмасын, бүкіл халық сүйіп тыңдайтын өлең болсын. Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегіңде не болып жатыр, соны аңғар, соны біл», - депті.
Ақындық өнерді сән үшін емес, қарапайым халықтың мұңын мұңдап, оғын жоқтау үшін пайдалану қажет екенін түсінген Жамбыл өзінің алғашқы ірілі-уақты өлеңдерінде-ақ байларды мінеп-шенеп отырады. Әсіресе Досмағамбетпен айтысында мұндай әлеуметтік теңсіздік тақырыбын ақын тереңнен қозғауға ұмтылады. Жамбыл өз өлеңдерінде бай мен билердің, төрелердің елге жасаған қиянаттарын әшкерелейді, халық мүддесін өз өлеңдеріне арқау етеді.
Қазақтың ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерінен көп үйренген Жамбыл өзінің өлең шығару шеберлігін де, айтыстағы шеберлігін де арттыра түседі. Жамбыл айтыста Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет сияқты бірсыпыра ақындарды жеңген. Айтыс ақыны болып жүріп мысқылшыл уытты өлеңдерді табанда айтып тастауға машықтанады және жырларында өз заманындағы ақындардың көбінен озық екенін танытады.
Байлардың, патша әкімдерінің ақындық талантты тұншықтырмақ болған әрекеттеріне Жамбыл батыл қарсы шығады. 1913 жылы Алматы уездік әкімдерінің Николай Романов патшаның тұқымын мақтап жырла деген бұйрығын орындаудан бас тартады.
ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарында Жамбыл белгілі ақын болады. Бұ кезде ұсақ өлеңдермен қатар, көлемді жырлар да шығарады. Патша династиясының 300 жылдығына арналып Алматыда көрме ұйымдастырылады. Көрмеге қазақ байлары ақ үйлерін тігіп, қымбатты дүниелерін қойып, жасауларын жияды. Қазақ байлары мен әкімдерінің бұл жағымпаздық қылықтарын шенеп, Жамбыл «Өстепкеде» (көрмеде, орыстың «выставка» деген сөзінен алынған) деген өлең шығарады.
1. Өмірі мен шығармашылығыЖамбыл Жабайұлы (28 ақпан 1846, Жамбыл тауы-22 маусым 1945, Алматы) - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.
Өмірбаяны
Туған жері - Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері - Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі - Ұлы жүзШапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық -жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан - Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен - Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан - Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.
Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал -құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары - бір жағынан, Қоқан хандығы - екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл - ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру - біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин.
2. Жамбыл Жабаев шығармашылғыЖамбыл- өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің ұшан-теңіз жыр-толғау, айтыстары да түгел сақталмаған. Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы мысқылдап шығарған "Шағым", ақындық жолына рұқсат сұраған "Әкеме", "Менің пірім Сүйінбай" деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры - "Айкүміспен айтысы", сылқым бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Жамбыл Жабаев пен оның шығармашылығы туралы айта берсеңіз, ақтарылар ойдың шегі шеті жоқ. Осылардың ішінен, біз, дүмше молданы мысқылдап шығарған "Шағым" өлеңіне талдау жасаймыз.
Шып-шып етіп молданың
Қолындағы тобылғы,
Қозғалтпайды жон жағым,
Талай дүре соғылды.
Торсылдатып танадай,
Жыртар болды тонымды.
Тілің ащы бала деп,
Қайнатты әбден сорымды.
Оқымай-ақ кетейін,
Байламаңыз жолымды.
Алдыңыздан өтейін,
Не жазып ем сол ғұрлы?!
Оқымаймын молдадан,
Екі иығын қомдаған.
Бала келсе сабаққа,
Жем аңдыған дорбадан.
Ақ сәлдесі басыңда,
Боз інгендей боздаған.
Қайтіп сабақ береді,
Айтқаны ішке қонбаған.
Оқығанша мен одан,
Домбыраны қолға алам.
Өлең кірген түсіне
Жөргегінде мен болам.
Қинама, әке, қинама,
Болмас енді зорлаған! М
ысқыл сарынында жазылса да, бұл өлеңнің астарында үлкен ой жатыр. Сол кездегі дүмше молдалар, олардан қорқып сауатын аша алмаған талай жас жеткіншектер жайлы, тек өз басынан өткенін баяндап тұр. Нақтылап айтсақ, сол кездің балалардың атынан қоғамға шағым айтып отыр. Олардан таяқ жеп жүргенімше домбыра ұстап, халықтың мұңын айтайын дейді. Ал өлеңнің көркемдік болмыс-бітіміне келер болсақ. 7-8 буынға негізделген. «Торсылдатып танадай», «Боз інгендей боздаған» деген сынды теңеулер мен «Ақ сәлдесі», «Тілің ащы бала» деген эпитетті тіркестер бар. Сыртқы формасы термеге ұқсас. Өйткені, автор Жамбылдың дарынында айтыс және жырау сарыны байқалады ғой . . . Қолындағы тобылғы, Қозғалтпайды жон жағым, Талай дүре соғылды. Торсылдатып танадай… Мына шумағында аллитерациясының қысқа берілгенін көреміз. Өлең аса көркемдік ерешлеіктермен өрілмесе де, айтылар ой дәл, бейнелі, оқырманға жайтты көз алдына әкелетін қасиетімен жазылған. Осы тұсымен талдауда ерекшеленді.
Жамбыл батырлық, ерлік, адамгершілік сияқты бүкіл халықтық құндылықтарға толық сенеді дей келе сатиралық өлеңдері: «Кәдірбайдың төбеті» деген өлеңі де бар. («Кәдірбайдың төбеті» өлеңнің оқу. ) Сонымен қатар, патшаға қарсы ұл - азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған: «Патша әмірі торылды», «Зілді бұйрық» деген өлеңдері бар. « Сұраншы батыр», « Өтеген батыр» атты жыр - дастандары бар. Сонымен қатар Жамбыл Верный қаласында өткен Жетісу ақындарының тұңғыш слетіне қатысады, Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің онкүндігіне қатысады.
Жамбыл өмірінің екінші кезеңі ауыр қайғыда болады. 1941 - 1945 жылдар аралығын біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Сол кезде біздің аталарымыз ел ақсақалдарынан бата алып, майданға аттанады. Ал балалар, енді артқа шегініс жасап, халық поэзиясының бір түрі: тұрмыс салт жырларындағы «
бата», «жұбату», «қоштасу»
түрлеріне тоқталайық.
Қане, кім қандай бата біледі? Ендеше бүгінгі сабағымыз Жамбылдың халық поэзиясына құрылған өлеңдеріне берелік.
Сондағы Жамбылдың өлеңі
: « Алғадай туралы әрбір ой»
(оқушылар кітаптан тауып « Алғадай туралы ой» атты өлеңнің оқиды) Алғадай - Жамбылдың өте жақсы көретін баласы. Майданға әке әмірімен аттанады. Майданда еткен еңбек, ерліктерін естігенде қуана жауап жазады, алғыс айтады. Майданда әр жеңіске қуанышын да білдіріп отырады.
Алғадай - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ақынның ұлы. 1943 жылы баласы Алғадайдың қайтыс болғанын Ғали Орманов (сол кездегі хатшы), Әбділда Тәжібаев естірткен.
Алғадай майданға аттанғаннан кейін 7 күннен соң, Жамбылдың ұрпағын жалғастырар өмірге ұл бала келеді. Немерелі болып, атын ырымдап Қуаныш қояды. Жамбыл осы немересіне алданып, өзін жұбатып « Атаның әлдиі» атты өлеңнің шығарады. ( кітаптан « Атаның әлдиі» атты өлеңнің оқу) Неміс - фашист басқыншылары Нева өзенінің жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қамауда қалады. Халық үшін зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің « Ленинградтық өренім» атты өлеңнің арнайды. Жамбылдың бұл өлеңі Ленинград қаласының бар жерінде ілініп, Ленинградтықтарға күш - жігер берді, қуаттандырды. (оқушылар Жамбылдың «Ленинградтық өренім» орысша - қазақша нұсқаларын оқиды) . Жамбыл ауыр қайғыдан кейін басын көтеріп, өз жолдастарының қатарына қосылғанмен де оңала алмайды. Өнер адамдарымен де кездеседі. Өз домбырасын Нұрғиса Тілендиевке бере тұрып: « Мына, қасиетті қара домбыраның киесі сенде болсын. Осыны көзіңнің қарашығындай сақтап, қазақтың қара домбырасын бар әлемге асқақтата паш ет» деп, батасын береді. Нұрғиса Тілендиев Жамбыл аманатын ұрпақтар сабақтастығы ретінде қазақтың қара домбырасын айдай әлемге паш етіп, Жамбыл атамыз сияқты артына өшпес мол мұра қалдырып кетті. Жеңіс жырын естіп, ауыр қайғыдан кейін Жамбыл атамыз 1945 жылы 22 маусымда 7 сағат 55 минутта дүниеден өтті. Жамбыл атамыз өлсе де, аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбыл өлеңдері, жырлары әрқайсымыздың жүрегімізде соғып тұр. «Жасымнан атым аян Жамбыл едім, Сүрінбес қара өлеңге даңғыл едім», - деп өзі жырлағандай, шашасына шаң жұқпаған дана жырау ақындық туын әрдайым жоғары ұстаумен өтті. Ол тарихта «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғ. Гомері», «феномен - феникс» атағымен қалды.
«Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы» болған Жамбыл бабамыз өз шығармаларының біразын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге күш-қайрат, жігер беруге және елін, жерін қорғауға үндеуге арнады. Соның бірі өз ұлын майданға шығарып саларда шығарған «Аттандыру» өлеңі.
ҚорытындыЖасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген. Жамбылдың шығармашылық өмірі 19-ғасырдың 70-жылдарынан басталған. Бұл - қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдары ресей империясы бүкіл қазақ елін түгел отарлап алған болатын. Соның салдарынан жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай, 20-ғасырдың 20-жылдарында ақ пен қызылдың соғысы, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты оқиғалар халықтың тағдырына теріс әсерін тигізді, қарапайым адамдардың да, зиялылардың да психологиясын өзгертті. осындай жағдайдың куәгері болған жамбыл шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлады, күйініп те, қиналып та сөйледі. Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан өнері - оның айтыстары. Бұл айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар. осының қай-қайсысында да жамбыл өзінің нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен екенін көрсетеді. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына жамбыл ақын белсене қатынасты. патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді. өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап шығарды. Кеңес дәуірі жылдарында жамбыл қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлады. Ол байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, біздің дәуірімізге жаңа сапада, соны мазмұнмен байытып жеткізді. Мемлекет басшылары мен партия көсемдеріне қарата айтқан жырларында жалпы мемлекеттік мәселелерді көтерді. 2-дүниежүзілік соғыс тұсында бүкіл Кеңес Одағында Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің әлемнің шартарабына танылған тұсы да осы кезең еді. ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. 1945 жылдың 22 маусымында жамбыл жүзге қараған шағында алматы қаласында қайтыс болды. Жамбыл - жыршылық өнердің де асқан шебері. оның үздік шығармалары қырықтан астам шет елдер тілдеріне аударылды. ромен роллан, мартин андерсен нексе, катарина сусанна причард сияқты атақты суреткерлер жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. 20-ғасырдағы халық ақындарына жамбылдың әсері өте зор болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, т. б. белгілі суырып-салма ақындар бар. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін Жамбыл Ленин, Еңбек Қызыл ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталды. 1941 ж. Сталиндік сыйлықтың лауреаты атанды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz