Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ортақ меншік құқығының түсінігі және негізгі түрлері


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР . . . 6

1. 1 Меншік құқығының ұғымы және мазмұны . . . 6

1. 2 Қазақстан Республикасындағы меншіктің түрлері және нысандары . . . 15

1. 3 Меншік құқығына ие болу және тоқтатылу негіздері . . . 18

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ . . . 36

  1. Ортақ меншік құқығының ұғымы, оның түрлері мен пайда болу негіздері . . . 36

2. 2. 2 Ортақ үлесті меншік . . . 38

2. 2. 1 Кондоминиум . . . 44

2. 2. 2 Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік) . . . 48

2. 3 Ортақ бірлескен меншік . . . 49

2. 3. 1 Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі . . . 51

2. 3. 2 Шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі . . . 56

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 63

КІРІСПЕ

Меншік құқығы - барлық ресурстардың және мемлекеттің экономикасының жемісінің сипатын, көлемін және пайдалану бағытын түсіндіретін қоғам мен қатынастардың дамуы жағдайына шешімді әсер ететін ерте кездегі құқықтық түсінік. Сондықтан кез келген мемлекеттің заң және қоғамдық қатынастарды реттейтін барлық құралдары оның барлық даму кезеңінде меншік қатынастарына, меншік құқығының мазмұнын анықтауға және қалыптастыруға, оны қорғауға көп көңіл бөледі. Меншік құқығы адамның абсолюттік биліктегі нақты материалдық заттарға әсер ету мүмкіндігінің құқықпен анықталған көрінісі ретінде пайда болды.

Меншік құқығының жалпы юридикалық көрінісі мемлекеттің пайда болуының алғашқы қадамдарынан ақ қалыптасты. Осы жалпы көріністер өзінің сипатын халықтың идеологиялық түсінігі, саяси инститтутардың халық әдет-ғұрыптарының қоғамдық өмірдің өзгергеніне қарамастан, бірнеше мыңдаған жылдар бойы сақтап келеді.

Бірақ осы негізгі элементтер мен белгілер қоғамның дамуымен, оның қажеттілігімен және оларды қанағаттандыру құралдарымен бірге дамиды және оның дамуын құқықта көрсетілуін қажет етеді. Бұл процесс қоғам мен адамның дамуы секілді үнемі даму үстінде болады, тоқтамайды.

Сондықтанда, “меншік құқығы” түсінігінің көп ғасыр бойы бар екендігіне қарамастан, бүгін оның көпқырлы және көпжақты қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны және тәжірибелік түсінігі, қоғаммен танылған және мемлекетпен қамтамасыз етілген мазмұны мен мәнін анықтауға талпыныс сақталуда.

Осы орайда берілген дипломдық жұмыс та ортақ меншік құқығының түсінігі мен түрлерін зерттеп талдауға арналған. Ортақ меншік құқығы институтының маңызы мен мағынасы ең алдымен бірнеше тұлғалардың өздерінің тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру үшін белгілі бір объектіні жария түрде құрып, немесе иеленіп, бірлесіп пайдалануына көрінеді. Ортақ меншік шаруашылық жүргізу тәжірибесінде, сондай-ақ өмірде мүлікті мейлінше тиімді пайдалануына жәрдемдеседі.

Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.

Меншік құқығы - субъектінің заң арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы[1] .

Меншік институты әлі де толығымен қарастырылатын және болашақта да көптеген елдердің зеттеушілерінің назарын аударатын мәселе. Бұл ең алдымен басқа әлеуметтік байланыстар мен процестер меншікке қатысты жүзеге асуымен байланыстырылады. Әсіресе, мемлекет пен мемлекет қатынастары маңызды, өйткені олар мемлекеттің экономикалық функцияларын жүзеге асыруға бастапқы бағыттарын құрайды, мемлекет пен қоғамның дамуын белгілейді. Бұл орайда меншікті мемлекеттік қорғаудың проблемаларын толық жете шешуді маңызды деп ойлаймын.

Меншік қатынастары бойынша әр сипатты және әртүрлі заңдар салаларымен реттеледі, олар: конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, жер, қылмыстық және т. б. Бұл жалпы теориялық ортақтауды қажет етеді және әр қоғамдағы бұл институттық дамуына тән, жекелеп айтқанда ортақ нарықтық қатынас жағдайындағы заңдылықтарын айқындайды. Әсірісе енді ғана меншік құрылып келе жатқан, енді ғана нарықтық экономика мен нарық қатынастары дамып келе жатқан біздің елге қолданымды. Бұл экономикалық сферада, қазіргі жүріп жатқан реформалардың бағытын дұрыс бегілеуге, жеке қайта құрудың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондықтан да, азаматтық құқық жүйесінде “Меншік құқығы” өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл тақырып әрқашан да көптеген авторлардың назарын аудартқан. Атап айтсақ, аталған мәселені тереңдеп зерттеумен Маркс, Толстой Ю. К., Сергеев А. П., Суханов Е. А., Жүсіпов А. Г., Сулейменов М. К. сынды белгілі ғалымдар айналысқан.

Дипломдық жұмыстың мақсаты меншік құқығына қатысты жалпы ережелерді қарастыру, бүгінгі қоладанылып жүрген заңдарымыз бойынша ортақ меншік құқығының түсінігін ашу және оның түрлерінің ерекшеліктерін көрсету.

Алдымызға қойылған мақсатқа сүйене отырып біз өзімізге мынандай міндеттерді қоямыз:

- Меншік құқығының ұғымы және мазмұнын ашып көрсету; .

- Қазақстан Республикасындағы меншіктің түрлері және нысандарын зерттеу;

- Меншік құқығына ие болу және тоқтатылу негіздерін қарастыру;

- Ортақ меншік құқығының ұғымын, оның түрлері мен пайда болу негіздерін ашып көрсету және талдау;

- Ортақ меншік құқығының ерекшеліктерін сипаттау және оның негізгі түрлерін қарастыру.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған қайнар көздер тізімінен тұрады.

1 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны

Қазақстан Республикасының ұлттық меншігі құқығының қалыптасуы айтарлықтай қиын жағдайда өтті.

КСРО-ның азаматтық заңдары жеке меншікті мойындамай мемлекеттік меншікті халықтың меншігі деп жоғары деңгейде тәртіптеді. КСРО Конституциясы социалистік меншіктің үш нысанын бөліп қарады: мемлекеттік, колхоздық-кооперативтік және кәсіподақтары мен басқа да қоғамдық ұйымдардың меншігі, сондай-ақ социалистік меншіктен туындайтын өзіндік меншік (КСРО Конституциясының 10, 11, 12-баптары, Қазақ КСР Конституциясының 10, 11, 12-баптары) .

Оның үстіне КСРО-да ұзақ уақыт бойы қоғамдық, яғни мемлекеттік меншікті жекелеген азаматтардың өзіндік меншігінен басым бағалады. Ал оның соңғысы тиісті құқық жағынан қорғалмады және өндіріс құралы болып есептелмеді.

90-шы жылдардың басынан бастап “Социалистік меншіктен” бас тарту үрдісі басталды. КСРО Конституциясының 10-бабы (КСРО Заңының редакциясы 1990 жылғы 14 наурыз) және 1990 жылғы 6 наурыз КСРО-дағы “Меншік туралы” Заңның 4-бабы 1-тармағының негіздерінде меншік мынадай түрлерге бөлінеді: азаматтардың меншігі, ұжымдық және мемлекеттік.

КСРО Конституиясының 11-бабына сәйкес мемлекеттік меншік бүкіл халықтың игілігі деп танылды. Мемлекеттік (жалпы халықтық) меншік кеңес мемлекетіне жататын бір қорды құрды ол бұл меншіктің дара және бірден-бір субъектісі болды, ал ҚСРО-інің егемендігі тек сөз жүзінде қалды. КСРО-ның “Меншік туралы” Заңы (21, 22, 23-баптары) жерді және басқа табиғи объектілерді ешқандай мемлекеттің құрылымының қарауына жатқызбады. Бұл объектілер КСРО-ға да республикаларға да бірдей қарайтын, сөйтіп, шын мәнінде меншік субъектілерінің даралығына қайшы келді. Осындай жұмбақ тұжырымдар әр республикаға өз меншік құқығын бермей қойып, мынадай салдарға душар болды, айталық, осы баптарға сүйеніп, Қазақстан Украинаның жерін меншіктеуге, керісінше, Украина қазақ жеріне құқылы болуына әкеп соқты. “Жалпы игілік” деген ұғымының өзі бұл мүлікті иесіздікке душар етті, зат бір қарағанда бәріне тиесілі болды, сонымен бірге оның нақты иесі де болған емес. Демек, әу бастан “халықтың игілігі” категориясы заңмен бекітіле тұрса да, ешқандай ілгерілеуді әкелген жоқ. Өз кезегінде Қазақ КСР-нің Конституциясы да меншік бүкіл халықтікі деп жар салды, бірақ та “халық” деген сөз де тағы келіп нақтылықты көрсете алмады. Егер меншік субъектісі экономикалық мағынада - халық десек, оның бір де бөлігі өз бетінше меншік иесі болып танылмады. Заттардың бүкілхалықтық болуы тауар-ақша қатынасына қайшы келді, нәтижесінде мемлекеттік мүлік нақты қатынастардан шығып қалды. Бірыңғай меншік иесіне тауарсыз экономика ғана тән еді. Шын мәнінде затқа халық емес, оның бір бөлігі (заңды тұлғалар мен азаматтар) иелік етуі тиіс.

КСРО-дағы меншік туралы заңда бұрынғы “өзіндік меншік” ұғымының орнына “азаматтардың меншігі” деген жаңа ұғым пайда болды. Заң әдебиеттерінде жеке меншік тек капиталистік шаруашылыққа ғана тән емес, бар болғаны тауарлы шаруашылықтың белгісі деп тұжырымдалды [2, 13б. ] .

КСРО-ның өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру тұжырымдамасында Қазақстан КСРО шеңберінде дербес республика ретінде шаруашылық жүргізуді бекіту мен дамыту жағдайларын қарастырды, сол арқылы жалджамалы еңбекті пайдалану нәтижесінде жеке-дара (өзіндік) меншікті және жеке-дара - өндірістік меншікті енгізу идеясы ұсынылды.

Қазақ КСР-інің 1990 жылғы 15 желтоқсанда қабылданған “Меншік туралы” Заңында тұңғыш рет меншік құқығының принциптері мен ұғымы бекітіліп, Қазақ КСР-нің жері мен басқа табиғат ресурстарына айрықша меншік жарияланды. Меншіктің қалған басқа түрлері де республиканың меншігі болып танылды, дей тұрғанмен, онда бүкілодақтық меншікті қалыптастыру жағы да ескерусіз қалған жоқ. “Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы” Заңының 3-бабында “Республика аумағындағы барлық ұлттық байлық оның меншігі болып табылады және республиканың заңдық құзырына өтеді” деп нақты жазылды. Қазақ КСР-і өзінің меншігін, КСРО-ның меншігін, республикалық және коммуналдық меншіктерді құрды.

Қазақ КСР-нің меншік туралы заңындағы ең бір ұнамды тұс, оның 7-бабының 2-тармағында азаматтың меншігі былайша тұжырымдалды: “азаматтың дене және рухани қажеттерін табыс келтірмей қанағаттандыруға арналған өзіндік меншігі; табыс келтіруге арналған жеке меншік түрінде көрінеді”. Бірақ та Заңның бірқатар ережелеріне елеулі түзетулер қажет еді. Сонымен, мемлекеттік меншіктің құқық субъектісі Халық депутаттары Кеңесінің барлық деңгейі деп танылды. Мүліктің меншік иесі Кеңестер болып табылатын органдар емес, мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық құрылым аталды. Бұл Заңда көңілге қонбайтын ережелер де кездесті. Мысалы, Қазақ КСР-і мемлекет ретінде коммуналдық меншіктің субъектісі бола алмады.

Қазақ ССР-інің “Меншік туралы” Заңында меншіктің үш түрі белгіленді: азаматтардың меншігі, ұжымдық және мемлекеттік меншік. Заңның 24-бабына сәйкес жер мемлекеттің айрықша меншігі деп айқындалды, ол тек жалға немесе ғұмырлық мұрагерлік құқығына ғана берілетін болды. Тұңғыш рет осы Заңда заттық құқық бекітілді (шаруашылық жүргізу құқығы және т. б. ) .

1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің қабылдануы меншік құқығының жағдайын түбірімен өзгертті. Бұл заңымыз бойынша меншіктің екі нысаны анықталды: мемлекеттік және жеке. Бұл туралы толығырақ келесі тарауларда қарастырамыз.

Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық ғылымның нәтижелерін және меншік құқығына байланысты заңдардың қол жеткен жетістіктерінің ең таңдаулысын заңды түрде тұжырымдады да нарық талаптарына сәйкестендірді. қазіргі кезде меншік құқығының негізгі институт ретінде ғылыми тұрғыда дәлелденуі Ю. Г. Басин., М. К. Сулейменов., Б. Б. Базарбаев., Н. Б. Мухитдинов т. б. отандық ғалымдарымыздың еңбектерімен бекітіледі.

Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқықтық институт ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.

Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді - табиғаттың өнімдері мен еңбекті - меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады [3, 479б. ] .

Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады [4, 7б. ] .

Меншіктің экономикалық санатын ұғынудың негізі XІX ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тіреледі. Меншік, бұл зат та емес, мүлік те емес. Бұл - белгілі бір эконмикалық қатынас [4, 10б. ] .

Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белгілі бір қоғамдық қатынас. Ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды.

Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы меншік құқығын объективті жағдайдағы меншік құқығы және субъективтік жағдайдағы меншік құқығы деп бөледі.

Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс, заңдар мен басқа да заңдық, нормативтік құжаттар) әңгіме болғанда - шын мәнінде объективтік мағынадағы меншік құқығы, яғни меншіктің құқық институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенін көреміз (мысалы, АК-тің 188-276-баптары) . Меншік құқығының объективтік нормалары негізінде нақтылы меншік иесі өз қалауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті пайдалануына және оған билік етуге құқылы екендігін, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгілі заңдық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік құқығының субъективтік жағына тап боламыз (Азаматтық кодекстің 188-бабы) .

Азаматтық кодекстің 188-бабында меншік құқығына мынадай анықтама берілген: “Меншік құқығы дегеніміз - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы”. Бұл анықтама мейлінше дәл әрі ғылыми жағынан толық берілген. Өйткені, субъектіге “тиесілі” деген сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын береді. Меншіктің экономикалық қатынастарға қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады.

Меншік құқығына берілген анықтама бойынша меншік құқығын субъектінің мүлікке заңға сәйкес билік етуі, оны өзінің қалауынша пайдалануы деп түсіну керек [5, 20б. ] . Яғни субъектінің затқа үстемдік етуі заңдастырылған және оған толық құқылы. Осындай үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген қасиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өңдеуге, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, жойып жіберуіне толық құқы бар. Затқа заң арқылы үстемдікті тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені, затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді. Демек, затқа меншік иесінің билігі шексіз болуы мүмкін емес. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 188-бабындағы меншік құқығын шектеу мұндай құқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құқығы заң арқылы айқындалады. Меншік қатынастарын реттеуді әртүрлі құқықтық тәсілдермен жүзеге асыруға болады.

Адам қоғамдық өндіріске ұдайы қатысып, өзіне белгілі бір игіліктер жасайтыны белгілі. Сондықтан, меншік ең алдымен экономикалық категория ретінде қаралу керек. Бірақ, мүліктік игіліктерге және адамдардың көз-қарастары әр түрлі. ұдай өндірістің мәні мүліктік игіліктер жасауда, олар жоғары айтылғандай біреулер иемденіп, немесе біреулер меншігіне айналып отырады.

Кез келген мүліктік игілік одан оның иемдену мақсатына жасалады, сондықтан да өндіріс қатынастарының негізі болып, меншікті иемденудің өзі болып табылады.

К. Маркс көрсеткендей, меншік дегеніміз белгілі тұлғалардың мүліктік игіліктерге өзіне тиесілідей, өзінікіндей қатынастары, демек барлық басқа тұлғалардың көрсетілген игіліктерге бөтендікіндей, өзіне тиесілі еместей қатынастары[3, 480б. ] . Сондықтан, “Меншік” заттар себебінен адамдар арасындағы қатынастары болып табылады, бұл иемдену фактісі немесе бір тұлғаға (олардың ұжымдарына) мүліктік игіліктер тиісті болу фактісіне жатады, демек басқа барлық тұлғалардың бұл игіліктерден шектелуіне әкеледі.

Сонымен, меншік қатынастары былай көрсетіледі:

  1. Өндіріс процесінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынас ретінде;
  2. Экономикалық қатынастар ретінде, өндіріс қаражаты түрінде мүліктік иемденуінде [4, 11б. ] .

С. Н. Братусь және басқа ғалымдар азаматтық құқық пәнін зерттеп, мынадай қорытындыға келді, меншік, өндірістің керекті алғы шарты бола тұра сол арқылы жүзеге аса отырып, өндірілген мүліктік игіліктерді иемденудің негізі болып табылады. Меншікті олар екі жайда қарастырады. Статистикалық иемдену жағдайында болуы, өндіріс қаражаты және оның өнімі белгілі бір тұлғанікі, динамикалық-мүліктік игіліктердің пайдалануы және ауспалы жағдайында болуы. Меншік қатынастары - мүліктік қатынас болғандықтан онда статистикалық және динамикалық жағдайда тұруы ақырғысына тән [6, 67б. ] . Шындығында, бұнымен келіспеуге болмайды, себебі, меншік иесі мүліктік игілікті өндірумен қатар, оны пайдаланып және арғы тағдырын белгілей алады.

Бұған дейінгі сөз меншік ерекше экономикалық категория ретінде айтылған еді, ол меншіктің заңды мазмұнын ашылуының бастамасы қызметін атқаруы тиіс еді. Енді соған өтеміз.

Меншік құқығының мазмұны мен ұғымы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабында толық ашылған.

Меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы көрсетілген өкіліттіліктен толығымен субъективті меншік құқығындай меншік иесіне әрекеттерін заңды қамтамасыздандырылған мүмкіндіктерін көрсетеді, өкілеттіліктерге меншік иесі болуы уақытында ғана ие. Мүлікті иелену де заңды және заңсыз болады. Заңды деп қандай да бір құқықтың негізгі сүйенетін иеленуді айтамыз, яғни заңды иелену титулы.

Кейде заңды иеленуді титулды деп те айтады. Заңсыз иелену құқықтық негізге сүйенбейді, демек, титулсыз иелену.

Заңсыз иеленушілер өз ішінде екіге бөлінеді: адал ниеттілер және арам ниетті иеленушілер болады. Заңсыз иеленуші мүліктің заңсыз иеленгенін білмесе және білуі мүмкін болмаса адал ниетті заңсыз иеленуші. Ал егер де ол иеленушінің заңсыз екенін білсе немесе білуі тиіс болса, онда ол тұлға заңсыз арам ниетті иеленуші болып табылады. Заңсыз иеленушілердің бұл бөлінуі меншік иесі өз мүлкін виндикациялық талап қойғанда меншік иесімен иеленуші арасында кіріс және шығыс есептеуде, сондай-ақ иеленуші мерзімінің өтуіне байланысты меншік құқығының иеленуі туралы мәселе шешу кезінде керек. Заңсыз және заңды иеленушілер болып бөлінуі мерзімнің өтуіне байланысты иелену кезінде маңызды роль атқарады. Солай, меншік иесі жоқ қозғалмайтын мүлікті 15 жыл заңды иеленген иеленуші, ол мүліктің толық заңды меншік иесі бола алады.

Меншік құқығының ендігі элементі, пайдалану өкілеттілігі. Бұл Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 188-бабының 3-тармағына сай, мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табуды заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда, кіріс, өсім, жеміс, төл және өзге нысандарда болуы мүмкін.

Пайдалану өкілеттілігі әдетте, иелену өкілеттілігіне сүйенеді. Бірақ кейде мүлікті иеленбей пайдалануға болмайды.

Меншік құқығының ең ақырғы негізгі элементі - билік ету өкіліттілігі - бұл, мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуін осы мүлікке қатысты заң актілерін жасау жолымен белгілеу [7] .

Меншік иесі өз мүлкін сату, жалға беру, кепілне қою және т. б. ол мүлікке билік етуін іске асыруы күмән туғызбайды. Кедергі жол болған жоюы немесе оны лақтыруы, не болмаса мүліктің касиеттері өндіріс немесе тұтынудың бір ғана актісінің жарамдылығы көзделсе меншікке қатысты әрекеттерін заңды саралау анағұрлым қиындау.

Е. А. Суханов билік ету құқығына анықтама бергенде, өте айқын “қуатты” өкіліттілік, оның барлығымен меншік иесін басқа титулды иеленушілерден ажыратуға болады (бірақ кей кезде басқа иеленушілер де мөлшерімен сондай мүмкіндіктерге ие) деген. Меншік иесіне жоғарыда айтылған үш өкілеттік бір мерзімде жиылады (иеленеді) [8, 374б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге меншік құқығы: түсінігі, түрлері, жүзеге асыру тәртібі
Табиғатты пайдалану құқығы: құқықтық сипаттамасы
Жеке пәтерлерде пәтерлерді жалға беру
Жеке кәсіпкерлік туралы
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
Табиғатты пайдалану құқығының тәртібі
Халықаралық дербес құқық пәнінен дәрістер
Тұрғын үйге меншік құқығын тоқтатудың негіздері
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Енбек құқығы субъектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz