Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының құқықтық сипаттамасы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының түсінігі, элементтері және ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2 КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТЫН ЖАСАУ, ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ БҰЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.1 Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын жасау және орындау тәртібі ... ... 37
2.2 Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын өзгерту және бұзу тәртібінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
3 КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТЫ БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59

Қазіргі заманғы Қазақстан жағдайында франчайзингтік қатынастардың шынайы жай-күйі туралы айту оңай емес. Оның себептері алуан түрлі.
Қазақстанда өндірістік сектор аса қиындықпен дамуда. Соның салдарынан франчайзинг сірә, ең алдымен қызмет көрсету аясында белсенді қолданысқа ие болады. Өндірістің ұлғаюы және франчайзингті тиісінше қайта бөлу потенциалды түрде жоққа шығарылмайды. Басымды бағыттардың бірі ретінде ауылшаруашылық өндірісі бола алады, лицензиялық келісімдерді басқа да салалар үшін қолдану жоққа шығарылмайды.
Интеллектуалды меншікті импорттардың кәдімгі шектеулері болып республиканың өзіндегі интеллектуалдық нәтижелердің көлемі мен деңгейі табылуы мүмкін.
Әрине, батыс фирмаларының дамыған технологияларына қарсы тұру өте қиын. Сондықтан біздің экономика үшін интеллектуалды меншіктің ішкі нарығын қорғауға бағытталған белгілі бір пайдалану тиімсіз болатын бағыттар бойынша дайын интеллектуалдық нәтижелерді шеттен алу мүмкіндігін белсенді түрде пайдалану керек.
Экономиканың әрбір секторында әртүрлі технологиялардың бизнес жүргізу әдістерінің және т.б. қатар болуы мен бәсекелестігі орынды болары сөзсіз. Экономиканың белгілі бір стратегиялық салаларын қоспағанда, лицензиялық қатынастарға тікелей мемлекеттік араласуға жол берілмейтіндігін ескеру қажет. Яғни, франчайзингті реттеудің жанама әдістері туралы сөз болып отыр. Ал, жеке бизнес осы дамыған шарттық институттарға берілетін мүмкіндіктерді белсенді түрде пайдалана алады. Жарқын болашақта франчайзинг Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің қатынастарында да кеңінен қолданылатын болады деген ойдамыз. Бұған заңнамалық шешім де әсер етуде. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусыма қабылданған «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңында франчайзингтік қатынастарды мемлекеттік қолдауға қатысты жеке 2-тарау бар. Онда франчайзингтік қатынастарды мемлекеттік қолдаудың қағидалары мен шаралары анықталған.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты рента, лизинг, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына қарағанда, бұл ТМД елдері ғалымдарымен басқа да мамандармен жасап шығарылған құрылым емес, ал құқықтың англо-саксондық және континентальдық жүйелерінде тұрақты түрде қалыптасуға ие болған шарттық қатынастардың апробацияланған түрі. Сонымен бірге оның үш ғасырлық тарихы бар және ол өзінің өміршеңдігін толық дәлелдеді.
Франчайзинг шарты әртүрлі салаларда қолданылады. Патенттердің тауар белгілері мен интеллектуалдық меншіктің басқа да нысандарының иелері оларды басқа тұлғаларға лицензия бере отырып шетелдерде жиі пайдаланады. Яғни франчайзинг кең таралған халықаралық жеке құқықтық институттардың бірі болып табылады.

1. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24-маусымдағы 330-II Заңы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлімі) №409-I 1999 жыл 1-шілде (17.02.2012ж. енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен).
3. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Том 2. – Алматы: Заң әдебиеті, 2004.- 288 б.
4. Хамзин Ұ. Азаматтық-құқықтық шарттардың жекелеген түрлері. – Қарағанды: Болашақ, 2006.-282 б.
5. Жанар Бекболат. Франчайзинг ұғымы және оның Қазақстанда қалыптасу негіздері / Заң № 1, 2006. 22-25 беттер.
6. Амангельды А. Договор доверительного управления исключительными правами . // Правовая реформа в Казахстане. 2003. №2 -19-20б.
7. Амирханова И.В. Предприятие, предпринимательское дело как объекты гражданских прав. // Вестник КазГУ. Серия юридическая. 2000. №2 -15б.
8. Андреева Л. Существенные условия договора: споры, продиктованные теорией и практикой. // Хозяйство и право. 2000. №12-7б.
9. Басин Ю.Г. Сделки: Учебное пособие. Изд. 2-е, испр. И доп. А., 1999-46б.
10. // Басин Ю.Г. Избранные труды по гражданскому праву. Предисловие Сулейменов М.К., Исханов Е.У. Сост. Сулейменов М.К. А., 2003-64б.
11. Баргинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга вторая: Договоры о передаче имущества. М., 2005.-356б.
12. Баргинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга третья: Договоры о выполнении работ и оказании услуг. М., 2005.-246б.
13. Баргинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право: Общие положения. М., 1997.-76б.
14. Вещные права в Республике Казахстан./Отв. ред. М.К. Сулейменов. А., 1999.-89б.
15. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Комментарий. Отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы: Жетi Жарғы, 2000.- 346б.
16. Гражданско-правовые договоры. М.Ю.Тихомиров. – М., 1999.-354с.
17. Яковлев А.С. Имущественные права как объекты гражданских правоотношений: Теория и практика. 2005.-32б.
18. Тихомиров М.Ю. Коммерческий договор: Заключение, исполнение, правила разрешения споров. 2006.-235б.
19. Как составить договор, заявление, доверенность в Республики Казахстан. – Алматы: Борки, 1999.-76б.
20. Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи, комментарии, практика. /Под ред. Диденко, 1996-2005.-145б.
21. Волгин В.В. Защита интересов при заключении сделок. М., 2006.132с.
22. Васильчикова Н. Сборник договоров на все случаи жизни: с комментариями и разъяснениями. 2006.-185б.
23. Басин Ю.Г. Общие положения нового Гражданского кодекса Республики Казахстан. – Материалы семинара: «Актуальные вопросы коммерческого законодательства в Республики Казахстан и практика его применения», т.1, Алматы, 1996.-79б.
24. Гражданское право. Том 1, 2. Учебник для вузов (академический курс)./ Отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы, 2002.-239б.
25. Басин Ю.Г. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, 1997.-87б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының түсінігі, элементтері және
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты тараптарының құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2 КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТЫН ЖАСАУ, ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ
БҰЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 7
2.1 Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын жасау және орындау
тәртібі ... ... 37
2.2 Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын өзгерту және бұзу тәртібінің

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
3 КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТЫ БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
ЖАУАПКЕРШІЛІК ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..50
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы Қазақстан жағдайында франчайзингтік қатынастардың
шынайы жай-күйі туралы айту оңай емес. Оның себептері алуан түрлі.
Қазақстанда өндірістік сектор аса қиындықпен дамуда. Соның салдарынан
франчайзинг сірә, ең алдымен қызмет көрсету аясында белсенді қолданысқа ие
болады. Өндірістің ұлғаюы және франчайзингті тиісінше қайта бөлу
потенциалды түрде жоққа шығарылмайды. Басымды бағыттардың бірі ретінде
ауылшаруашылық өндірісі бола алады, лицензиялық келісімдерді басқа да
салалар үшін қолдану жоққа шығарылмайды.
Интеллектуалды меншікті импорттардың кәдімгі шектеулері болып
республиканың өзіндегі интеллектуалдық нәтижелердің көлемі мен деңгейі
табылуы мүмкін.
Әрине, батыс фирмаларының дамыған технологияларына қарсы тұру өте
қиын. Сондықтан біздің экономика үшін интеллектуалды меншіктің ішкі нарығын
қорғауға бағытталған белгілі бір пайдалану тиімсіз болатын бағыттар
бойынша дайын интеллектуалдық нәтижелерді шеттен алу мүмкіндігін белсенді
түрде пайдалану керек.
Экономиканың әрбір секторында әртүрлі технологиялардың бизнес жүргізу
әдістерінің және т.б. қатар болуы мен бәсекелестігі орынды болары сөзсіз.
Экономиканың белгілі бір стратегиялық салаларын қоспағанда, лицензиялық
қатынастарға тікелей мемлекеттік араласуға жол берілмейтіндігін ескеру
қажет. Яғни, франчайзингті реттеудің жанама әдістері туралы сөз болып отыр.
Ал, жеке бизнес осы дамыған шарттық институттарға берілетін мүмкіндіктерді
белсенді түрде пайдалана алады. Жарқын болашақта франчайзинг Қазақстан
Республикасы кәсіпкерлерінің қатынастарында да кеңінен қолданылатын болады
деген ойдамыз. Бұған заңнамалық шешім де әсер етуде. Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 24 маусыма қабылданған Кешенді кәсіпкерлік
лицензия (франчайзинг) туралы Заңында франчайзингтік қатынастарды
мемлекеттік қолдауға қатысты жеке 2-тарау бар. Онда франчайзингтік
қатынастарды мемлекеттік қолдаудың қағидалары мен шаралары анықталған.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты рента, лизинг, мүлікті
сенімгерлікпен басқару шарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына қарағанда, бұл ТМД елдері
ғалымдарымен басқа да мамандармен жасап шығарылған құрылым емес, ал
құқықтың англо-саксондық және континентальдық жүйелерінде тұрақты түрде
қалыптасуға ие болған шарттық қатынастардың апробацияланған түрі. Сонымен
бірге оның үш ғасырлық тарихы бар және ол өзінің өміршеңдігін толық
дәлелдеді.
Франчайзинг шарты әртүрлі салаларда қолданылады. Патенттердің тауар
белгілері мен интеллектуалдық меншіктің басқа да нысандарының иелері оларды
басқа тұлғаларға лицензия бере отырып шетелдерде жиі пайдаланады. Яғни
франчайзинг кең таралған халықаралық жеке құқықтық институттардың бірі
болып табылады.
Біздің заңнамада кешенді кәсіпкерлік лицензия термині қолданылған,
ол құқықтық қатынастардың осы тобын ажырату үшін заң шығарушылармен шартты
түрде пайдаланылған. Бірақ әлемнің көптеген елдерінде франчайзинг термині
пайдаланылатын болғандықтан, қазақстандық заң шығарушылар бұл терминді
аталған бап атауындағы жақшаның ішінде атап өтіп, Қазақстан Республикасында
кешенді кәсіпкерлік лицензия деп франчайзинг аталатындығын көрсетті.
Осылайша әлемдік заңнамамен белгілі бір үндестік жасалады.
Сонымен бұл жүйенің әрекеті ғасырдың соңына дейін басылса да, көптеген
адамдар осы жүйе арқылы байыды, ал алдыңғы кәсіпкерлер өтімді нарықтың
кенет кеңеюі арқылы бәсекеге қабілеттілікті дамытудың тағы да бір жолын
тапты.
Қазіргі кезде франчайзинг әр түрлі бизнестің түрлерінде пайдаланылады.
Әсіресе ол келесі өнеркәсіп және қызмет көрсету саласында қарқынды түрде
дамып жатыр:
- автомобильдік өнеркәсіп және автосервистің қызметкері;
- бизнесті ұйымдастыру және жүргізу бойынша көмек;
- құрылыс, үйлерді жөндеуге байланыстьы қызметтер;
- ағартуға байланысты қызмет көрсету;
- демалыс пен ойын-сауық;
- жедел қызмет көрсететін мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар және
т.б.
- азық-түлік шатырлар, медициналық және косметикалық қызметтер;
- үй шаруашылығы саласындағы қызметтер;
- бөлшекті сауда және басқа да көптеген қызметтердің түрлері.
Сонымен франчайзингтің түсінігі әр түрлі және тіпті вариациялы
айтылады. Оның былай айтылуы әр бөлек алынған мемлекеттің немесе белгілі
халықаралық ұйымның экономикалық және құқықтық жүйелерінің ерекшелігімен
байланысты.
Франчайзинг бойынша бір компания тәуелсіз адамға немесе компанияға
компаниясының өнімін және қызметін сатуға құқық береді, ал ол осы өнімді
немесе қызметтерді франчайзердің алдын ала бизнес жүргізу бойынша
белгілейтін заңдарына және ережелеріне сәйкес сатуға міндеттенеді.
Осы ережелердің барлығын іске асырудың орнына франчайзи компанияның
атын, абыройын, өнімі мен қызметін, маркетингтік технологияларын,
сараптамасын және қолдау механизмдерін пайдалануға рұқсат алады. Осындай
құқықтарды алу үшін франчайзи франчайзерге басттапқы жарнасын жасайды, ал
содан кейін ай сайынғы жарнасын төлеп тұрады.
Франчайзинг жалға беру тәрізді. Өйткені франчайзи ешқашанда тауар
таңбасының толық иесі болып табылмайды.
Зерттеудің мақсаты. Бұл дипломдық жобада азаматтық-құқықтық шарттардың
бірі болып табылатын франчайзинг шартының ұғымы, франчайзинг шартын
жасасудың өзекті мәселелері, шарт бойынша жауаптылық қарастырылады.
Франчайзинг шартына түсінік беру, пәнін ашып көрсету және франчайзинг
қатынастарының ерекшеліктерін айқындап шығару, оны қолдану процессінде
туындайтын негізгі жағдайларды белгілеу осы дипломдық жобаның мақсаты болып
табылады.
Алдымызға қойылған мақсатқа сүйене отырып мынандай міндеттерді
қоямыз:
• Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы
франчайзинг қатынастырының құқықтық реттелуін қарастыру;
• Франчайзинг шартына түсініктеме бере отырып, тараптардың құқықтары
мен міндеттерін ашып көрсету;
• Франчайзинг шартын жасау кезінде ескеру қажет болып табылатын
ережелерді қарастыру;
Франчайзинг шартының ерекшеліктерінің мазмұнын ашып қарастыру;
Франчайзинг шарты бойынша туындайтын жауапкершілікті талдау.
Дипломдық жұмысты жазу барысында шетелдік және отандық ғалымдардың
еңбегін пайдалана отырып, солардың ішінен, әсіресе, Сулейменов М.К., Басин
Ю.Г., Сергеев А.П., Толстой Ю.К., Суханов Е.А., Жайлин Ғ.А., Хамзин Ұ.М.,
Брагинский М.И., Витрянский В.В.еңбектеріне сүйендім.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

ерекшеліктері

Франшиздік келісім деп - лицензиар белгілі бір іскерлік операцияларды
(бизнесті) лицензиарға тиесілі атаумен жүргізуге және оның кәсіпкерлік
қызметінің әдісін пайдалануға лицензия беретін шартты түсінеміз. Әдетте,
франшиздік келісім лицензиарға рұқсат етілген іскерлік белсенділікке
лицензияның әрекет ету мерзімі ішінде қатал бақылау жасау мүмкіндігін
береді.
Бүгінгі күні франчайзинг біршама жаңа құбылыс болып табылса да, оның
түбірі орта ғасырлармен байланысып жатыр. Орта ғасырдағы Англияда король
шонжарларға әртүрлі құқықтар беріп отыратын. Мысалы билік талап ететін
қызметтердің орнына белгілі бір аумақта салық жинауға мүмкіндік бар. Сондай-
ақ азаматтарға базарларда тауарларды сатуға және жәрмеңкелерге қатысуға
рұқсат (франшиза) берілетін. Сөйтіп өкімет баяғы заманда өзінің өкілдігінің
бөлігін капиталдың немесе талап ететін қызметтердің орнына беріп отыратын.
Егер сауда тәжірибесін алатын болсақ, XVII ғасырда Лондонда бүгінгі
күнгі франчайзинг жүйелеріне жекеше ұқсас саудалық гильдия жүйелері
құрылған. XIX ғасырдың басында сол Ұлыбританияда байланысқан үйлер жүйесі
енгізіліп, өкімет арнайы лицензиясы бойынша тұрақты аула иелеріне ғана
спирт сусындарын сатуға құқық беріп тұратын. Бірақ сол кезде, көп
иеленушілеріде тұрақты аулаларын ретке келтіруге және лицензияны төлеуге
жеткілікті қаржысы болған жоқ.
Франчайзингтің нақ коммерциялық жүйелерін дамыту бойынша үлкен түрткі,
басқа континентте - АҚШ-та франчайзинг Азаматтық соғыстан кейін Зингер
тігін машинасын шығаратын американдық компаниясымен пайда болды. Үй
шаруасындағы әйелдер жаңа механикалық жабдықты ықылассыз алатын, ал АҚШ-тың
үлкен аумағында өзіндік сатушылар жүйесін жасау үшін күрделі шығын қажет
болатын. Сол кезде компанияның иесі тігін машиналарын сатуға және сол тауар
бойынша қызмет көрсету құқығын белгілеу арқылы сол аумақта тәуелсіз
сатушыларға сата бастады. Сөйтіп соңғылар машина үшін 60 доллардан төлеп,
125 долларға сататын.

Осылайша әлемдік заңнамамен белгілі бір үндестік жасалады. Сонымен бірге
баптардың мәтінінде біздің заңнамаға белгілі терминология пайдаланылады.
Осындай жолмен заң шығарушылар отандық құқықтық терминологияның дәстүрлерін
сақтап қалды. Ресей Федерациясының заңнамасында бұл тенденция РФ АК-де
айқын көрініс тапқан бола отырып, Азаматтық кодекстің 966-бабының мағынасы
бойынша лицензиялық шарттың бір түрі, дәл сондай құқықтық институт
коммерциялық концессия шарты деген атауға ие.
Құқықтық классификация тұрғысынан алып қарағанда қазақстандық
заңнамада франчайзинг шарты мен кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты,
синонимдер болып табылады.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты Азаматтық кодексте,
дәл сол атаумен, 45-тарау 896-909-баптардың нормаларымен реттелген.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша бір тарап (кешенді
лицензиар) екінші тарапқа (кешенді лицензиатқа) сыйақыға айрықша құқықтар
кешенін (лицензиялық кешен), соның ішінде лицензиардың фирмалық атауын және
қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ лицензиаттың
кәсіпкерлік қызметінде пайдалану үшін шартта көзделген айрықша құқықтардың
басқа да объектілерін (тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, патент және
т.б.) беруге міндеттенеді [1].
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты белгілі бір көлемде лицензиялық
кешенді лицензиардың іскерлік беделі мен коммерциялық тәжірибесін (атап
айтқанда, пайдаланудың мейлінше аз және (немесе) мейлінше кең көлемін
белгілей отырып) белгілі бір қызмет аясына қолданатын аумақты көрсетіп
немесе көрсетпей пайдалануды көздейді.
Франчайзингтің лицензиялық келісімдердің басқа түрлерінен ерекшелігі
кешенді кәсіпкерлік лицензия арқылы айрықша лицензияны беру қамтамасыз
етілетіндігінде. Оның тағы бір ерекшелігі ол интеллектуалдық меншіктің
жеке объектісіне деген құқықтарды беру жөнінде бекітілмейді, ол лицензиялық
кешенге деген құқықтарды беруді білдіреді. Франчайзинг шарты қызмет көрсету
элементтерімен күрделенуі мүмкін. Ол айқын кәсіпкерлік сипатқа ие.
Бұл шарттың мақсаты болып халық тұтынатын тауарларды (тауарлардың
өзін, қызмет көрсетулерді, жұмыстарды) өндірудің бәсекеге қабілетті, жоғары
технологиялық тәсілдерін, тауарларды (өндірістік) өндірудің құралдарын
тарату табылады.
Осыған сүйене отырып кешенді кәсіпкерлік лицензияның (франчайзингтің)
түрлерін ажыратуға болады. Оларға мыналар жатады: 1) кешенді кәсіпкерлік
лицензия (франчайзинг) жұмыс орны, соған сәйкес лицензиар дайын жұмыс орнын
құрады және оны лицензиялық кешенмен бірге лицензиатқа жеке кәсіпкерге
береді; 2) кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) кәсіпорын, бұл кезде
лицензиар кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен бірге лицензиатқа
береді; 3) конверсиалық кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), бұл
жағдайда тараптар құрылымдық бөлімшелерді жеке кәсіпорындарға қайта құру
негізінде шарт бекітеді; 4) көбейтілген кешенді кәсіпкерлік лицензия
(франчайзинг), соның негізінде лицензиат бірнеше кәсіпорындар құрады; 5)
өндірістік кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) бұл жағдайда кешенді
лицензиар кешенді лицензиатқа кешенді лицензиармен немесе оның келісімімен
жеткізілетін шикізатты, материалдарды, технологияларды және жабдықтарды
пайдаланумен өз тауар белгісі не дараландырудың өзге де құралымен
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіруге немесе оларды өндіріп
сатуға деген құқықты береді; 6) тауарлы кешенді кәсіпкерлік лицензия
(франчайзинг), бұл орайда кешенді лицензиар кешенді лицензиатқа кешенді
лицензиармен берілетін не оның келісімімен белгіленетін маркетинг
технологиясын пайдаланумен өз тауар белгісі бойынша немесе дараландырудың
өзге де тауарларды (жұмыстарды қызмет көрсетулерді) сату құқығын береді.
Заңнамамен кешенді кәсіпкерлік лицензияның (франчайзинттің) өзге де түрлері
көзделуі мүмкін.
Құрылымы бойынша кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты консенсуалды, екі
жақты және ақылы шарт болып табылады.
Франчайзинг шарттары бойынша төлем жүргізудің нысандары, тәсілдері мен
мерзімдері кешенді кәсіпкерлік лицензия шарттары тараптарының
келісімдерімен анықталады. Сыйақы төлеудің қалыптасқан тәжірибесі бар. Олар
лицензиатпен лицензиарға белгіленген бір жолға немесе кезеңдік төлемдер
нысанында, түскен сомадан бөлу нысанында. қайта сату үшін лицензиармен
берілетін тауарлардың көтерме бағасын өсіру жолымен және шартпен көзделген
басқа да нысанда төленуі мүмкін [2].
Әлемдік тәжірибеде шарт бекіткеннен кейін бірден бекіткен соманы бас
кезінде енгізу, ал содан кейін мерзімді төлеу кең таралған болып табылады.
Франчайзинг шарты кәсіпкерлік болғандықтан жазбаша нысанда жасалуға
тиіс. Осы тұста интеллектуалдық меншік обьектілеріне құқықтарды беру сол
объектілердің өзін және берілетін құқықтардың шарттағы көлемін
нақтыламайынша мүмкін емес екенін атап өткен жөн. Сондықтан осы шарттың
елеулі талаптары ретінде мерзім және берілген лицензияның әрекеті таралатын
аумақ танылатын болады. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының елеулі талабы
болып баға, яғни, лицензиатпен лицензиялауға төленуге тиіс сыйақы табылады.
Бұл сол бір немесе өзге жағдайларда рынокта төленуге тиесілі сыйақының
кәдімгі (орташаландырылған) ставкаларына сүйене отырып, оның (оның
жекелеген бөліктерінің) құндылығын анықтауға келмейтін шарт пәнінің
ерекшеліктерімен байланысты. Осы айтылғанның негізділігі франчайзинг
шартының пәнін қарастырумен расталатын болады.
Тараптардың келісімі бойынша елеулілік маңыздылығы шарттың өзге де
талаптарға берілуі мүмкін.
Лицензиялық кешеннің кейбір бөліктеріне құқықтарды беру (атап айтқанда
өнертапқыштыққа пайдалы модельдерге және т.б. деген құқық) олармен (оларға
деген құқықтармен) мәміле бекітудің заңнамамен көзделген арнайы тәртібін
талап ететін болады. Бірақ, басым жағдайларда, кешенді кәсіпкерлік лицензия
шартындағы тараптар тауарлардың жұмыстарды және қызмет көрсетулерді
дараландыратын құқықтарды берумен шектелетіндігін ескерген жөн [3, 288б].
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты мерзімді шарт және мерзімсіз шарт
(оның әрекет ету мерзімін көрсетусіз) ретінде де бекітіле алады.
Шарттың тараптары мен өзге де қатысушылары. Кешенді кәсіпкерлік
лицензия шартының тараптары болып кешенді лицензиар және кешенді лицензиат
табылады. Шарттың екі тарабы да кәсіпкерлер болып табылады.
Кешенді лицензиар - бұл лицензиялық кешенге деген айрықша құқықтар
кешенін беретін субъект. Бұл құқықтардың көлемі оларды шарт бойынша одан
әрі беру үшін жеткілікті болуға тиіс. Әдетте, лицензиялар ретінде
интеллектуалдық меншік объектілеріне (лицензиялық кешенге) құқықтардың
бастапқы иесі болады.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша құқықтарды беру рәсімі
жағынан кәсікерлік қызмет болады және субъект оны жүзеге асыра отырып өзін
кәсіпкер ретінде көрсететіндігін атап өту маңызды. Осыдан франчайзинг
шартының басқа шарттардан соның ішінде, мүлікті сенімгерлікпен басқару
шартынан ерекшелігі көрініс табады. Соңғы шарт, кейбір жағдайларда өзі
арқылы кәсіпкердің мүлкін беруді қамтамасыз ете отырып, сонымен бірге оның
кәсіпкерлік қызметке қатысуының аяқталғандығын (мүмкін уақытша) білдіреді.
Кешенді лицензиат болып өзіне айрықша құқықтарды беру туралы шарты
бекіткен, кәсіпкерлік қызметтің кез келген субъектісі табылады. Алынған
лицензиялық кешеннің көмегімен тұрақты кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыру
туралы сөз болып отырғандықтан, лицензиаттар ретінде коммерциялық заңды
тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер шығуға тиіс. Осы құқықтық қатынастарға
коммерциялық емес занды тұлғалардың мемлекеттің, әкімшілік-аумақтық
бөліністердің қатысуына жол берілмейді.
Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты белгiлi бір көлемде лицензиялық
кешендi, лицензиардың iскерлiк беделi мен коммерциялық тәжiрибесiн (атап
айтқанда, пайдаланудың мейлiнше аз және (немесе) мейлiнше кең көлемiн
белгiлей отырып), белгiлi бiр қызмет аясына (лицензиардан алынған немесе
пайдаланушы өндiрген тауарларды сату, өзге де коммерциялық қызметтердi
жүзеге асыру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету) қолданатын аумақты
көрсетiп немесе көрсетпей пайдалануды көздейдi.
Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген
салаларында қолдану жөнiндегi шектеу заң актiлерiмен белгiленедi [4, 282б].
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының пәні болып лицензияларға тиесілі
айрықша құқықтар табылады. Интеллектуалдық меншік объектілерінің үлгілік
тізімі ҚРАК-нің 961-бабында келтірілген. Жоғарыда атап өткеніміздей,
лицензиялық кешеннің негізгі құрамдас бөлігі болып азаматтық айналым
қатысушыларын және олардың тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерін
дараландыру құралдары табылады. Оларға аталған баптың 3-тармағына сәйкес
фирмалық атаулар, тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері) жатады.
Объективті себептерге байланысты лицензиялық кешеннің құрамында тауарлар
шығарылатын жерлердің атауларын (шығатын жерлерін көрсету) беру бірқатар
жағдайларда орынсыз болады. Егер занды актілермен тауарларды (жұмыстарды,
қызмет көрсетулерді) дараландырудың басқа да құралдары көзделетін болса,
онда олар да лицензиялық кешендердің құрамына енгізілетін болады.
Заңнамада кешен деген ұғым қолданылғанымен, оның франчайзинг
қатынастарына қатысты түсінігі басқаша болып табылатындығын атап өткен жөн.
Құқықтар кешенінің бөлінбейтіндігі туралы талап жоқ. Тараптар лицензиялық
құқықтардың өздерінің көңілдерінен шығатын пакеттерін өз беттерінше
құрастыра алады. Оның барлығы тараптардың (ең алдымен кешенді лицензиаттың)
іс жүзіндегі қажеттіліктеріне, кешенді лицензиаттың төлем қабілеттілігіне
байланысты. Кәсіпорындарды иеліктен айыру мен байланысты мәмілелерге
қарағанда франчайзинг кезінде материалдық ресурстарды беру орын алмайды,
материалдық емес мүліктік ресурстарды беру орын алады, бұған қонверциялық
кешенді кәсіпкерлік лицензияны беру жағдайы жатпайды. Бұл лицензиялық
кешендерді беру актісін іс жүзінде шектеусіз тираждауға мүмкіндік береді.
Шектеулер тек бастапқы кезде бекітілген франшизм келісімдерінің
талаптарымен және нарықтағы осы тауар түріне деген сұраныспен белгіленетін
болады.
Осы айтылғанға сүйене отырып, біз кешенді кәсіпкерлік лицензия
шартынын пәні болып айрықша текті тауар (денесіз заттар немесе басқаша
айтқанда мүліктік құқықтар) табылады деп айта аламыз. Осы мүліктік
құқықтардың басқаларынан ерекшелігі олар оның иесіне кейіннен кімнен
болсада қандай да бір ақшаны немесе заттарды беруді талап етуге мүмкіндік
бермейді. Олар өз алдына жеке бір құндылық болып табылады.
Азаматтық айналым қатысушыларын, тауарларды жұмыстарды және қызмет
көрсетулерді дараландыру құралдарынан басқа лицензиалық кешен құрамына
шығармашылық интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне деген құқықтар кіруі
мүмкін. Лицензиялық кешеннің мұндай құрамдас бөліктері әдетте франчайзингті
өндірістік аялар үшін пайдалану кезінде қажетті болып табылады. Өндіріс
салаларына қарай интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелеріне деген
берілетін құқықтар түрленетін болады. Мысалы, ауыл шаруашылық өндіріс
аясындағы франчайзинг селекциялық жетістіктерге деген құқықтарды
компьютерлерді өндіру жөніндегі технологияларды интегралды микросхемалардың
топологияларына деген құқықтарды және т.б. беруге себепші болады.
ҚРАК-нің 896-бабының 2-т. сәйкес лицензиялық кешенмен қатар
кәсіпкердін (лицензиардың) іскерлік беделі мен коммерциялық тәжірибесі
сияқты интеллектуалдық меншік сипатына ие емес игіліктерді беру мүмкіндігі
көзделеді. Кешенді кәсіпкерлік лицензия пәнінің аясы берілуге жатпайтын
игіліктер мен әрекет етуші заңнамаға сәйкес оларға іскерлік бедел жатпайтын
кәсіпкер құқықтарымен шектелуге тиіс. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын
қолдану яғни лицензия бойынша айрықша құқықтардың жекелеген түрлерін беру
(оларды шарт пәніне енгізу) бойынша шектеулер заңды актілермен белгіленуі
мүмкім. Мәселен, франчайзинг бойынша құпия түрде ойлап табылғандарға және
т.б. мүліктік құқықтар беріле алмайды. Лицензиялық кешендерді беруге
мүмкіндік бермейтін объективті фактор болып, лицензиялармен қатар
шығармашылық интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің құқық иелері болып
табылатын субъектілердің мүдделеріне зиян келтіру мүмкіндігі табылады.
Осы айтылғанға сүйене отырып, бұл шарттың негізгі құқықтық мақсаты
болып лицензиатқа тиісті лицензияны беру табылатындығын атап өткен жөн. Ол,
сондай-ақ айрықша болып табылатындығына қарамастан, әрекет ету аясында
белгілі бір аумақтар мен уақыт кезеңдерімен шектелуі мүмкін. Кешенді
кәсіпкерлік лицензия белгілі бір қызмет аясына қатысты беріле алады,
мысалы, лицензиялардан алынған немесе пайдаланушымен өндірілген тауарларды
сатуға ғана немесе лицензия лицензиатты өзге коммерциялық қызметті
(жұмыстар атқаруға, қызмет көрсетуге) жүзеге асыруға уәкілдендіруі мүмкін.
Лицензия, әрине, лицензиар жүзеге асыратын қызметтің барлық түрлеріне де
беріле алады. Лицензияны беру лицензиатқа берілген құқықтарды жүзеге
асырудың іс жүзіндегі мүмкіндігін беру қажеттілігін білдіреді [5, 22б].
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына
негізделеді және Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы заң мен
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда
көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері
қолданылады.
Жеке және заңды тұлғалар франчайзингтік қатынастар субъектілері болып
табылады. Франчайзингтік қатынастар субъектілеріне, инвестицияларға
байланысты бөлігінде, Қазақстан Республикасының инвестицияларды мемлекеттік
қолдау және қорғау туралы заңнамасы қолданылады. Франчайзингтік қатынастар
субъектілеріне - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, осы Заңда реттелмеген
бөлігінде, Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
туралы заңнамасы қолданылады.
Қазақстан Республикасында франчайзингтік қатынастарды мемлекеттік
қолдау:
1) шағын кәсіпкерлікті, инвестицияларды және франчайзингтік
қатынастарды мемлекеттік қолдау принциптері мен нысандарының біртұтастығы;
2) мемлекеттік органдардың франчайзингтік қатынастарды мемлекеттік
қолдауды жүзеге асыру кезіндегі келісілген өзара іс-қимылы;
3) франчайзингтік қатынастар субъектілерінің кәсіпкерлік қызметіне
мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының негізсіз араласуына
жол бермеу;
4) бәсекені қорғау және монополистік қызметті шектеу;
5) франчайзингтік қатынастарды мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу
және қолдану кезіндегі жариялылық принциптерімен жүзеге асырылады.
1. Қазақстан Республикасында франчайзингтік қатынастарды мемлекеттік
қолдаудың негізгі шаралары мыналар:
1) франчайзингтік қатынастарды дамыту және қолдау жөніндегі
бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
2) франчайзингтік қатынастарды дамыту және оларға жәрдемдесу жөніндегі
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру;
3) франчайзингтік қатынастар субъектілеріне Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беру;
4) франчайзингтік қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша
консультациялық қызметтер көрсету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айрықша құқықтар
кешенін тіркеу және қорғау;
6) Қазақстан Республикасының кешенді кәсіпкерлік лицензия
(франчайзинг) туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
7) Қазақстан Республикасында кешенді кәсіпкерлік лицензияны
(франчайзингті) дамыту мен таратуға жәрдемдесетін өзге де шаралар болып
табылады.
2. Франчайзингтік қатынастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік органдарды
және олардың функцияларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
келмейтін актілерді шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды
адамдарының заңсыз іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан франчайзингтік
қатынастар субъектілеріне келтірілген зиян Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиіс. Франчайзингтік қызметті бақылау
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Франчайзингтік қатынастар субъектілері кешенді кәсіпкерлік лицензияны
(франчайзингті) жүзеге асыруға қатысты нормативтік құқықтық актілермен, сот
шешімдерімен және өзге де актілермен Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен танысуға құқылы. Франчайзингтік қатынастарды
мемлекеттік реттеу туралы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайтын
мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары оларды мерзімді баспа
басылымдарында жариялауға міндетті.
Мемлекет кешенді лицензиардың Қазақстан Республикасының аумағында
тіркелген айрықша құқықтар кешенін де, егер мұндай тіркеуді шет мемлекеттің
тануы Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта
көзделсе, басқа мемлекеттің аумағында тіркелген айрықша құқықтар кешенін де
тіркеуді және қорғауды жүзеге асырады. Санаткерлік меншік объектісі
Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген жағдайда, санаткерлік
меншік құқығын тіркеу және оны кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша
беру тараптардың қалауы бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік орган кешенді
кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша кешенді лицензиар беретін айрықша
құқықтар кешенінің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты лицензиардың лицензиялық кешенін,
іскерлік беделі мен коммерциялық тәжірибесін белгілі бір көлемде (атап
айтқанда, пайдаланудың ең аз және (немесе) ең көп көлемін белгілей отырып),
пайдалану аумағын көрсетіп немесе көрсетпей, қызметтің белгілі бір саласына
қатысты пайдалануды көздейді.
3. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты сондай-ақ:
1) қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты беруді,
шарттың бүкіл мерзімі ішінде кешенді лицензиатқа басқару, техникалық және
ақпараттық жағынан ұдайы жәрдемдесуді;
2) кешенді лицензиатқа пайдалануға берілген айрықша құқықтар кешенін
пайдалануға қатысты талаптарды кешенді лицензиаттың орындауын кешенді
лицензиар тарапынан бақылау шараларын да көздей алады.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын кәсіпкерлік қызметтің жекелеген
салаларында қолдану жөніндегі шектеулер Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде белгіленеді.
Шарттың тараптары мен үшінші тұлғалар кешенді кәсіпкерлік лицензия
шартына қатысушылар болып табылады. Кешенді лицензиар мен кешенді лицензиат
кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының тараптары болып табылады. Лицензиялық
брокер, жеке кәсіпкер, банк, сақтандыру ұйымдары мен өзге де ұйымдар
тараптардың келісімі бойынша үшінші тұлғалар бола алады. Лицензиялық брокер
өз атынан және өз тәуекелімен де, лицензиардың, лицензиаттың немесе
франчайзингтік қатынастардың өзге де субъектілерінің атынан және
тәуекелімен де әрекет жасай алады. Лицензиялық брокерге сыйақы тіркелген
бір мәрте немесе кезеңдік төлемдер нысанында немесе кешенді кәсіпкерлік
лицензия шартында көзделген өзге де нысанда төленеді. Лицензиялық брокерге,
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Қазақстан Республикасының
заңнамасымен реттелмеген бөлігінде, Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексінің ережелері қолданылады.
Кешенді лицензиар кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты жасалғанға дейін
әлеуетті кешенді лицензиатқа шарт жасалған жағдайда пайдалануға берілетін
айрықша құқықтар кешені туралы ақпарат береді. Бұл орайда кешенді лицензиар
берілетін ақпараттың құпия коммерциялық сипаты жөнінде әлеуетті кешенді
лицензиатқа ескертуге міндетті.
Әлеуетті кешенді лицензиаттың өзіне осы баптың 1-тармағына сәйкес
берілген ақпаратты кешенді лицензиардың жазбаша рұқсатынсыз жария етуге
құқығы жоқ. Аталған ақпарат жария етілген жағдайда кешенді әлеуетті
лицензиат кешенді лицензиарға келтірілген шығынды Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша берілетін, құпия
коммерциялық сипаттағы ақпарат Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінде көзделген шарттар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының
заңнамасымен қорғалады. Кешенді лицензиат пен кешенді лицензиар ақпараттың
құпиялылығын сақтау жөнінде бірлескен шаралар қолдануға міндетті.
Аталған мәліметтер жария етілген жағдайда кешенді лицензиат кешенді
лицензиарға келтірген шығынды Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті.
Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қадағалау, бақылау, тіркеу
және өзге де функцияларды орындауға қажетті мәліметтерден басқа, кешенді
кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша берілетін құпия коммерциялық ақпаратқа
қол жеткізуді талап етуге құқығы жоқ.
Кешенді кәсіпкерлік лицензияның (франчайзингтің) негізгі түрлері
мыналар:
1) кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) - жұмыс орны, оған
сәйкес лицензиар әзірленген жұмыс орнын құрады және оны лицензиялық
кешенмен қоса жеке кәсіпкер-лицензиатқа береді;
2) кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) - кәсіпорын, бұл ретте
лицензиар кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса лицензиатқа
береді;
3) конверсиялық кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), бұл ретте
тараптар құрылымдық бөлімшелерді дербес кәсіпорындар етіп қайта кұру
негізінде шарт жасасады;
4) көп кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), оның негізінде
лицензиат бірнеше кәсіпорын құрады;
5) өндірістік кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), бұл ретте
кешенді лицензиар кешенді лицензиатқа тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) кешенді лицензиар жеткізетін немесе онымен келісу арқылы
жеткізілетін шикізатты, материалдарды, технология мен жабдықты пайдалана
отырып, өзінің тауар таңбасымен не өзге де даралау құралымен өндіруге
немесе өндіру мен өткізуге құқық береді;
6) тауарлық кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), бұл ретте

қызметтерді) кешенді лицензиар беретін не онымен келісу арқылы белгіленетін
маркетинг технологиясын пайдалана отырып, өзініқ тауар таңбасымен не өзге
де даралау құралымен өткізуге (сатуға) құкық береді;
7) кешенді кәсіпкерлік лицензияның (франчайзингтің) Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын өзге де түрлері.
Франчайзингтік қатынастар субъектілерінің бухгалтерлік есепке алуды
және қаржылық есептілікті жүргізуі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік
есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік органдар өздерінің өкілеттігі шеңберінде кешенді
кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы заңнаманың сақталуын бақылауды
жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі франчайзингтік
қатынастарға жәрдемдесу және оларды дамыту жөніндегі бағдарламалардың іске
асырылуын бақылауды жүзеге асырады.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы заңнаманы бұзған
тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты
болады. Франчайзингтік қатынастар субъектілерінің арасындағы даулар
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

міндеттері
Франчайзинг шарты консенсуалды болғандықтан, қатысушылар арасындағы
заңдық байланыс, олар шарттың елеулі талаптары бойынша келісімге келген
сәттен бастап туындайды. Сондықтан лицензиар тиісті лицензиялық кешенді
барлық құқықтарды шартпен көзделмеген мерзімдер мен көлемде беруге
міндетті, ал лицензиат оларды өзіне беруді талап етуге құқылы. Сонымен
бірге, франчайзингтің ерекшелігі қандай да бір мүлікті физикалық түрде
(яғни қолдан қолға) беру орын алмайтындығында, өйткені ол материалдық емес.
Лицензиар жоғарыда аталған мақсаттарда лицензиатқа құқықтарды жүзеге асыру
мүмкіндігін беру үшін лицензиар белгілі бір ақпартты беруге міндеттелетін
болады.
Кешенді лицензиар лицензиатты оған берілген құқықтарды жүзеге асыруға
байланысты мәселелер бойынша оқытуға және оған кеңес беруге міндетті.
Сонымен қатар кешенді лицензиар лицензиаттан алынғаи құпия қоммерциялық
ақпаратты жария етпеуге міндетті.
Шартта лицензиардың басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)
туралы Заңның 14-бабына сәйкес кешенді лицензиар мынадай құқықтарға ие:
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша лицензиатпен
шығарылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасын
бақылау;
Лицензиат өз кәсіпорнын (кәсіпорындағы өз үлесін) иеліктен айырған кезде
оны басымды түрде сатып алу;
З.Үшінші тұлғалар алдында лицензиатқа қатысты кепіл болу үшін немесе
кепілші болу;
Кешенді лицензиатпен өзге де шарттар бекіту, атап айтқанда оған қатысты
лицензия беруші болу;
Кешенді лицензиат өз міндеттерін орындамаған кезде кешенді кәсіпкерлік
лицензия шартын біржақты тәртіпте бұзу және одан келтірілген залалдарды
өндіру, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша берілген айрықша
құқықтар кешенін беруге бағытталған әрекеттерді жүзеге асырмау. Заңнамамен
немесе кешенді кәсіпкерлік лицензия шартымен кешенді лицензиардың өзге де
құқықтары көзделуі мүмкін.
Жоғарыда айтылғаннан туындайтындай, франчайзинг шартының алдына қойған
міндеттерінің бірі болып лицензиялық кешен бойынша лицензиатпен құқықтарды
жүзеге асыруда нақты шектеулерді белгілеу табылады. Оны шешкен кезде
франчайзинг екі тараптың да қызығушылығын тудырады. Лицензиар жаңа орында
өндірісті, игерілген технология бойынша болса да, шексіз қалпына келтіру
қажеттілігімен әртүрлі мемлекеттердің билік басындағылармен тиісті
формальдылықты жөнге келтіру т.с.с. босатылады. Сонымен бірге ол өзінің
интеллектуалдық меншігін, бизнесті жүргізу тәсілдерін және тіпті басқа
тұлғалармен іскерлік беделді пайдалануды лицензиялау арқылы елеулі көлемде
табыс ала алады [6, 19б].
Лицензиат шығындарды көтереді, бірақ ол оларды тезірек және кепілді
түрде қайтару мүмкіндігін алады. Егер сол бір немесе өзге кәсіпкерлік
кызметтің қалыптасқан пайдалылық керсеткіштеріне сүйенетін болсақ,
шығындармен алынатын кірістер әрқашанда бір-бірімен арақатыста болады.
Лицензиар үшін лицензиаттың алатын пайдасы немесе өзге де олжасы оның
шығындарымен салыстырғанда негізсіз көп болмауы маңызды болып табылады,
олай болмаған жағдайда оның құқықтары елеулі түрде кемсітілген болады.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия институтының нормалары лицензирлардың
ғана емес, сондай-ақ лицензиаттың да құқықтары мен мүдделерінің
кепілдіктерін қамтиды. Олар енді оның контрагентті лицензиялар үшін шектеу
талаптарынан көрініс табады. Шектеу талаптарының мазмұнынан лицензиялардың
тиісті міндеттері мен лицензиаттың талаптану құқығы шығарылатын болады.
Мүмкін болатын шектеу талаптарының мәнісі (олар негізінен ҚРАК -нің
900-бабында көрсетілген) мынада: франчайзинг шарты бойынша лицензиялық
кешенді бергеніне қарамастан, лицензиар бәрібір өзінің кәсіпкерлік
қызметінде пайдаланылатын интеллектуалды меншіктің сол бір немесе өзге
объектілеріне деген үлкен көлемді құқықтардың иесі болып қала береді.
Кешенді лицензия бойынша құқықтардың белгілі бір көлемінің лицензиатқа
өтуі белгілі бір шамада оның құқықтарын азайтады. Алайда дәл қандай шамада
азайтатынын анықтау қиын. Лицензиар мен лицензиаттың ұқсас құқықтарының
өзара бәсекелестігі туралы мәселеде өзекті болып қалып отыр.
Заңнама мәнісінен туындайтындай лицензиар құқықтарының толықтығы
туралы болжам негізгі болып табылады. Оған соңғысы жекелеген құқықтарын
тікелей жоққа шығарылатын жағдайлар ғана күмән келтіре алады.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартымен тікелей көзделгенде, лицензиарға
лицензиатқа бекітілген аумақта қолдану үшін басқа ұқсас қешенді кәсіпкерлік
лицензияларды бермеу не осы аумақта тікелей дербес қызметті жүргізуден
тартыну міндеті жүктеледі.
Заңнамада шектеу талаптарын лицензиат үшін де белгілеу мүмкіндігі
көзделген. Оларға мыналар жатады:
а) лицензиаттың кешенді кәсіпкерлік лицензияны пайдалану аумағында
лицензиат лицензиарға тиесілі айрықша құқықтарды пайдалана отырып жүзеге
асыратын кәсіпкерлік қызметке қатысты лицензиар мен бәсекеге түспеу
міндеттемесі;
б) лицензиардың бәсекелестерінен (әлеуметті бәсекелестерінен) басқа
да кешенді кәсіпкерлік лицензияларды алудан лицензиаттың бас тартуы. Бұл
жағдайда пәні бойынша ұқсас (құқықтар жиынтығы бойынша ұқсас) лицензиялық
кешені бар лицензиарды алудан бас тартуы көзделеді;
в) шарт бойынша берілген айрықша құқықтарды жүзеге асыру кезінде
пайдаланылатын үй-жайдың орналасқан жерін, сондай-ақ оның сырты мен ішін
безендіруді лицензиаттың лицензиармен келісу міндеттемесі көзделуі мүмкін.
Жоғарыда лицензиаттың қызметіне лицензиардың қатал бақылау мен бақылау
бойынша белгілі бір әрекеттер (лицензиаттың қызметін заңсыз шектеу) жасау
мүмкіндігі туралы айтылғанына қарамастан лицензиатқа кешенді кәсіпкерлік
лицензия талаптарымен көзделген келесі шектеу міндеттемелері жарамсыз
болады:
лицензиат сататын тауардың бағасы немесе лицензиат орындайтын (көрсететін)
жұмыстардың (қызметтердің) бағасы, не аталған бағаның жоғарғы немесе
төменгі шегі лицензиармен белгіленетіндігі туралы талап;
лицензиат белгілі бір санаттағы сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге)
ғана не шартта белгіленген аумақта ғана орналасқан жері бар (тұратын орны)
ерекше сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) тауарлар сатуға, жұмыстар
орындауға немесе қызметтер көрсетуге құқылы болатын талап.
Шарт бойынша құқықтар берілгеннен кейін лицензиат лицензиялық
құқықтарды шарт талаптарына, заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыруға
тиіс.
Франчайзингтік қатынастардың тұрақтануы мен тараптардың құқықтары мен
міндеттерін анықтау да және шарт бойынша басқа да мәселелерді шешу кезінде,
сондай-ақ іскерлік айналым дағдыларын да қолдану жоққа шығарылмайды. Жалпы
кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты оны орындау басталғаннан кейін (одан
талап етілетін іс-әрекеттерді лицензиармен жасау) лицензиат міндеттерінің
басым болуымен сипатталады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе лицензиат:
лицензияларды өзінің өндірістік аумағына жіберуге, оған қажетті құжаттаманы
беруге, яғни лицензиарға өнімнің шығу көлеміне оның таралу (сатылу)
аумағына және т.б. бақылау жасауға мүмкіндік беретін құжаттарды беруге;
-берілген айрықша құқықтардың дұрыс пайдаланылуына бақылау жасауды
жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға көмек көрсетуге, яғни
лицензиаттық кәсіпорнында жүргізілген тексеріс нәтижелерінің шынайылығы
үшін лицензиарға өзінің тауарлық белгісін пайдаланумен сатылып кеткен
өнімнің сапасын қосымша тексеру, оның қосымша саны лицензиатпен жасырын
түрде шығарылатын шығарылмайтындығын және тағы басқа анықтау талап етіледі;
лицензиардың пайдалануға берілген айрықша құқықтардың сипатына, пайдалану
әдісі мен шарттарына қатысты барлық нұсқаулықтары мен нұсқауларын сақтауға;
лицензиардың өндіріс құпиясын және одан алынған коммерциялық жасырын
ақпаратты жария етуге;
сатып алушыларды (тапсырыс берушілерді) олар үшін мейлінше айқын әдіспен
фирмалық атауын, тауар белгісін, қызмет белгісін немесе даралаудың өзге де
құралын кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты негізінде пайдаланылатындығы
туралы хабардар етуге міндетті. Бұл лицензиармен лицензиаттың өзара қарым
қатынасы олардын ішкі мәселесі болып табылатындығымен байланысты. Лицензиар
сенім білдіріп немесе ойланбастан кешенді кәсіпкерлік лицензияны
лицензиатқа бергендігі, оларды лицензия бойынша өндірілген тауарлардың,
атқарылған жұмыстардың көрсетілген қызметтердің сапасы төмендеді деп
жаңылыстыру салдарынан, тұтынушылардың құқықтарын бұзбауға тиіс.
Лицензиаттың аталған міндеті тауарлар, жұмыстар (қызметтер) тұтынушыларының
олар туралы жан-жақты және сенімді ақпарат алуға деген құқықтарымен
байланысты [7, 15б].
Лицензиат шарт талаптарына сәйкес сыйақы төлеуге міндетті.
Көмекші міндеттемелер нысанында құрылатын қосалқы франчиздік
қатынастардың пайда болуы әбден мүмкін. Онда лицензиаттың өзі қосалқы
лицензиатқа қатысты лицензиар ретінде табылады.
Бұл кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында лицензиатқа берілген барлық
немесе жекелеген айрықша құқықтарды басқа тұлғаларға пайдалануға рұқсат ету
құқығы лицензиармен келісілген немесе шартта белгіленген жағдайларда
көзделуі мүмкін. Негізгі шарт бойынша сыйақы, кешенді кәсіпкерлік қосалқы
лицензияға қатысты барлық талаптар атап айтқанда, қосалқы лицензия
негізінде өндірілетін өнімнің сапасы оны сатып алу және т.б. реттелуге
тиіс. Лицензиат үшін қосалқы лицензияның кімге берілетіндігі маңызды
болады.
Кейбір жағдайларда кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының өзінде
белгілі бір уақыт кезеңі ішінде пайдалану аумағы керсетіліп немесе
көрсетілмей, лицензиаттың белгілі бір мөлшерде қосалқы лицензия беру
міндеті қамтылуы мүмкін. Мұндай міндетті белгілеу лицензиардың мүддесімен
байланысты болуы мүмкін. Өйткені ол оны шартта белгілей отырып, сыйақы
бағасында оған қосалқы лицензияны сатудан түсетін сома лицензиатпен
ескерілетін болғандықтан лицензияшы сатудан мүмкіндігінше көп пайда табу
мақсатын көздейді.
Қосалқы лицензиялық франчиздік келісімнің көмекшілік сыпайы ҚРАК-нің
бірқатар нормаларынан көрініс табады. Атап айтқанда кешенді кәсіпкерлік
қосалқы лицензия шарты лицензиармен лицензиаттың негізгі шартынан неғұрлым
мерзімге бекітуге болмайды. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының
тоқтатылуы осыған сәйкес жасалған барлық кешенді кәсіпкерлік қосалқы
лицензия шартын тоқтатады. Егер заң актілерінде көзделген негіздер бойынша
негізгі шарт жарамсыз деп танылса, осыған сәйкес жасалған кешенді
кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарттары да жарамсыз деп танылады.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты құқықтардың нақты анықталған
көлемімен сипатталады. Бұл оны бөтеннің мүлкін пайдалану көзделетін, мысалы
мүлікті жалға алу шартынан басқа да шарттардан ерекшелендіреді. Онда
мүлікті пайдалану кезінен тек жалпы категориялармен, мерзіммен, мүлікті
мақсатына сай пайдалану талабымен және өте сирек жағдайда пайдалану
көлемінен ғана анықталады. Сол себептен жалға алу шартының негізінде
көмекші шартты бекіту осындай шартты франчайзинг шартының негізінде
бекітуден елеулі түрде ерекшеленеді. Бірінші жағдайда қосалқы жалға
алушының құқықтары белгілі бір өзіндік мазмұнға ие болады. Екінші жағдайда
олар іс жүзінде арифметикалық түрде бірінші лицензиат құқықтарынан алынады.
Осыған орай ҚРАК-нің 904-бабының нормасында көзделген. Оның әрекеті қосалқы
лицензиат өзіне берілген құқықтарды жүзеге асырмаған жағдайларға арналған.
Егер кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында өзгеше көзделмесе, ол мерзімінен
бұрын тоқтатылған кезде, кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты бойынша
лицензиаттың құқықтары мен міндеттері осы жағдайда негізгі шарт бойынша
лицензиат ретінде шығатын лицензиарға ауысады.
Шарт тоқтатылғаннан кейін лицензиат, егер оларды өзінде қалдыру
көзделмеген болса, лицензиарға тиісті құжаттаманы қайтаруға тиіс, шартпен
егер ол болса, лицензиатпен өндірілген артық өнімнің тағдыры туралы мәселе
шешілуі мүмкін. Осыған ұқсас басқа да мәселелер шешілетін болады. Мысалы,
егер лицензиат өзіне байланысты емес себептер бойынша алдын ала көзделгенге
қарағанда құқықтардың аз көлемін жүзеге асырса, тиесілі сыйақының белгілі
бір бөлігін ұстап қалу, төленген сомаларды қайтару және т.с.с. лицензиаттың
пайдасына өтемақы беру механизмін көздеу қажет.
Кешенді лицензиат кешенді лицензиармен негізгі франчайзинг шартынан
басқа өзге де шарттар бекітуге құқылы. Заңнамамен немесе шартпен кешенді
лицензиаттың өзге де құқықтары көзделуі мүмкін. Кешенді кәсіпкерлік
лицензия шарты өзінің әрекет етуін лицензиат өзіне берілген құқықтарды
жүзеге асыратын бүкіл кезеңге сақтап қалады. Сол немесе өзге себептер
бойынша (мысалы қайта құрылу) лицензиар өзінің фирмалық атауын өзгерткен
жағдайда да шарт өз күшінде сақталады. Бұл орайда лицензиялық кешеннің
құрамында берілген ескі фирмалық атауды жаңа фирмалық атауға ауыстыру
жүзеге асады. Лицензиаттың еркі бойынша ол шартты бұзуды талап ете алады.
Шарт күші сақталған жағдайда лицензиат лицензиарға тиесілі сыйақының
тиісінше азайтылуын талап етуге құқылы.
Осыған ұқсас норма лицензиялық кешен құрамындағы бір немесе бірнеше
құқықтарды өзгерту жағдайлары үшін көзделген. Бұл мысалға патенттің әрекет
ету мерзімінің өтіп кетуі салдарынан өнертапқыштыққа деген құқықтың заң
бойынша қорғалуы тоқтатылған жағдайларда орын алуы мүмкін. Лицензиар бұл
уақытта ескі өнертапқыштықтың орнын толтыра алатын жаңа өнертапқыштықты
пайдалану құқығына ие болуы мүмкін және т.б. заңнама мәнісінен
туындайтындай ең бастысы лицензиялық кешен элементтерінің (құқықтарының)
негізгі бөлігі өзгермесе болды. Сондай-ақ ауыстыру нәтижесінде үлкен пайда
әкелетін интеллектуалдық меншік объектісіне деген құқыққа ие болған
лицензиат бұл үшін сыйақыны үлкен мөлшерде төлеуге міндетті емес.
Керісінше, егер интеллектуалдық меншіктің жаңа объектілерін пайдалану
тиімділігі төмен болса лицензия кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты өз
күшінде сақталған кезде, лицензиарға тиесілі сыйақы мөлшерін сәйкесінше
азайтуды талап етуге құқылы. Лицензиялық кешен құрамында бір немесе бірнеше
құқықтар өзгертілген кезде шарт күшін сақтап қалуға мүдделі емес лицензиат
оны бұзуға құқылы [8, 7б].
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының қолданылу мерзімінде шарт
бойынша пайдалануға берілген кешенге кіретін қандай да бір айрықша құқықтың
қолданылу мерзімі өтіп кеткенде не мұндай құқық өзге де негіз бойынша
тоқтатылғанда шарт сақталады. Ал егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат
лицензиарға тиісті сыйақыны мөлшеріне қарай азайтуды талап етуге құқылы.
Лицензиаттың ҚРАК-нің 889-бабында көзделген міндеттерінің барлығы
егер шартта өзгеше көзделмесе деген ескертумен бірге, яғни диспозитивтік
түрде жазылған. Лицензиат міндеттерінің шамадан тыс диспозитивтілігі осы
шарттың кейбір басты белгілерінің әлсіреуін және оның мазмұнында
қайшылықтарды туғызады. Олар лицензиаттың міндеттерімен бірге
қарастырылады.
Лицензиаттың негізгі міндеттерінің бірі – шартта көзделген қызметті
іске асыру кезінде шартта көрсетілген лицензиардың лицензиялық кешенін
шартта көрсетілген түрде пайдалану (ҚРАК-нің 899-бабының 1-т). Аталмыш
міндеттің қалай жүзеге асырылатындығы лицензиар үшін, әрине, бәрібір емес,
өйткені лицензиаттың оған берілген айрықша құқықтарды дұрыс пайдалануы
франчайзинг шартының басты мақсаты - лицензиаттың қызметі арқылы
лицензиардың өндірістік немесе сауда – өтім жүйесін кеңейтуге кедергі бола
алады. Сондықтан АК-тің 896-бабының 2-т. сәйкес кешенді кәсіпкерлік
лицензия шарты белгілі бір көлемде лицензиялық кешенді, лицензиардың
іскерлік беделі мен коммерциялық тәжірибесін (атап айтқанда, пайдаланудың
мейлінше аз және (немесе) мейлінше кең көлемін белгілі бір қызмет аясына
(лицензиядан алынған немесе пайдаланушы өндірген тауарларды сату, өзге де
коммерциялық қызметтерді жүзеге асыру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету)
қолданатын аумақты көрсетіп немесе көрсетпей пайдалануды көздейді.
Лицензиардың аталған міндетін оның лицензиялық кешенді шартта көзделген
көлемде және шартта нақты белгіленген әдіспен пайдалану міндеті деп
түсінген дұрыс.
Лицензиаттың келесі екі міндеті, шын мәнінде, оның алдыңғы міндетін
жүзеге асырудың әдістері ғана болып табылады. Оларға лицензиарды өзінің
өндірістік аумағына жіберу, оған қажетті құжаттаманы беру және оған
берілген айрықша құқықтардың дұрыс пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге
асыру үшін қажетті ақпаратты алуға көмек көрсету және лицензиардың
пайдалануға берілген айрықша құқықтардың сипатына, пайдалану әдісі мен
шарттарына қатысты барлық нұсқаулықтары мен нұсқауларын сақтау (АК-тің 899-
бабының 2 және 3-т.) жатады.
Лицензиатқа өндіріс құпиясын және одан алынған өзге де коммерциялық
жасырын ақпаратты жария ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz