Жаңартылаған білім беруді жүзеге асыруда жаңа технологияларды қолдану


Кіріспе3
1 Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 1 сынып пәндерін оқыту ерекшеліктері4
2 Жаңартылаған білім беруді жүзеге асыруда жаңа технологияларды қолдану6
Қорытынды9
Пайдаланған әдебиеттер10
КіріспеМемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр -сырын зерттей бастаған сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі - орыс тілі және ағылшын тілі - әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.
Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ -ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра тапсырмаларды ықшамсабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.
Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы-бастауыш саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Жас бүлдіршіндердің ой-қиялын біліммен нұрландыратын, дуниетанымын кеңейтетін-ұстаз шеберлігі. Әсіресе, терең де тиянақты білім беруді ұлағатты тәрбиемен ұштастыруды қазақ тілі әдебиеттік оқу пәндерінің өзіндік орны ерекше. Мен өз тәжірбиемде қолданып журген Сорос-Қазақстан Демократиялық білім беру орталығының «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының элементтері оқушылардың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен ауызша, жазбаша шығармашылық ізденіс дағдыларын сыни тұрғыда қалыптастыру жолдарын ұсынады. Дженни Стиль, Куртис Меридит және Чарльз Темпл сынды американдық авторлар ұсынған бұл бағдарламаның мақсаты; талдау, саралау, жинақтау, түйінін ашу. Тыңдасам, есімде қалмайды, өзім жасасам, ұмытпаймын, өзім оқысам, түсінемін. Бұл технологияны қолданудағы 3 кезеңнің байланысы сыни тұрғыдан ойлауға бағыттайды. Оқушылардың топта, ұжымда жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, бірін-бірі сыйлау, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу. Топтастыру, эссе, Венн диаграммасы, кубизм, семантикалық карта, дәстүрлі емес жолды өлең, еркін жазу, түртіп алу жүйесі, ойлан, жұптас, бөліс т. б. сабақ мақсатына қызмет ететін, оқушының әр кезеңде өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін элементтерін оқушы деңгейіне қарай сабақ жоспарына енгізіп, қолданамын. Сабақтың мақсатын қоя отырып, » мен осы сабақтан не күтемін; менің оқушыларым сабақ соңында қандай жетістікке жетеді; осы мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерді қалай қолданамын; нәтижесінде өз мақсатыма жеттім бе, менің оқушылардан күткеніме олар жетті ме?» деген мәселеріне көңіл аударамын.
Алға қойылған мақсат - 12 жылдық білім беруге көшу сатысында жалпы білім беру мектептерінде даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту жолында мұғалімнің кәсіби, құзырлық, шығармашылық деңгейін көтеруге көмек көрсету, тәжірибемен бөлісу. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасының негізгі идеяларын ашу және оның 12 жылдық мектептегі оқыту әдістерінің бағыты үшін потенциалдық маңыздылығына көз жеткізу.
XXI ғасыр мектебі жедел өзгеріп жатқан заманға бейімделуге мүмкіндік беретін түбегейлі өзгерістер енгізуді, өз кәсіби шығармашылығымызды шыңдауды талап етеді. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастырады.
Зерттеулік білік пен дағдылар адамға тек ғылыми жұмыспен айналысқанда ғана емес, сонымен бірге оның басқа да қызмет аясында қажет. Шығармашыл-зерттеушілік ізденіс кез-келген кәсіптің ажырамас бөлігі болып табылуда. Баланы зерттеушілік іс-әрекетке дайындау, зерттеулік ізденістің біліктері мен дағдыларына үйрету қазіргі кезде білім берудің маңызды міндеті болып отыр.
Соңғы жылдары өз тәжірибемде тиімді қолданып жүрген «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) жобасы мазмұны жағынан оқыту әдістері бағытының бірі болып табылады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы мұғалімдерді оқытудың көптеген жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстырады.
Сонымен қатар жобаның ішінде және оның теориялық базасы негізінде мұғалім әдіс-тәсілдерді таңдауға, қолдануға, қиыстырып қолдануға, тіпті жаңалықтар енгізуге мүмкіндік алады. Бұл мұғалімге өз оқушыларының ерекшеліктерін байқап, ескере отырып білім беруіне мүмкіндік туғызады.
Бастапқы сатыда оқушының даму деңгейі анықталғаннан кейін, мұғалім кімнің сыныптастарына көмектесе алатынын, қайсылары олардың жауаптарын толықтыра алатынын байқап алады. Оқушылардың білім мен білік қоры әртүрлі болғанмен, оқытудың да түрлі стильдері мен ыңғайы бар. Оқытудың түрлі әдістерін қолдану мұғалімге әр оқушының қалауын және даралығын ескеруге мүмкіндік береді.
Мұғалім оқушыларына қалай көмектесе алады? Оқу материалы және оқушылардың өз тәжірибелері мен білімдері арасындағы қажетті байланыстарды анықтауға көмектесуі жетістіктің, сәттіліктің кілті болып табылады. Сонымен бірге оқушылар өз мақсаттары мен қажеттіліктерін анықтай алу және өз көзқарасын білдіріп, оны дәлелдей алу мүмкіндігіне ие болулары қажет. Еркін пікірталасты қолдау - СТО жобасының негізгі мақсаттарының бірі. Берілген сұрақты талқылау мүмкіндігіне ие болған жағдайда оқушылардың мәселеге деген көзқарасы мен берген бағаларының алуан түрлілігі байқалады. Мұғалім «тек бір ғана дұрыс көзқарас бар» деген ойдан бас тартса болғаны, сыныпта қанша бала болса, сонша пікір пайда болады. Балалардың білімдеріндегі, дүниетанымдарындағы айырмашылықтар бірден айқын бола бастайды. Алуан түрлі пікірлер мен көзқарасты қабылдап, бағалай білу - бағдарламаның айнымас шарты және оның негізгі принципі.
Қандай болмасын сыныпты кез келген қоғамға тән сан қилы қызығушылықтар, қабілеттер, тәжірибе мен мүмкіндіктер сипаттайды. Сондықтан мұғалім оқу материалын дайындағанда және оқыту әдістерін таңдағанда осылардың бәрін ескергені жөн.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының әдістері сыныптағы үйреншікті жағдайды өзгертіп, балаларды жұппен, үлкен және кіші топтарда жұмыс істеуге қызықтыруды көздейді. Сыныптың ұжымдық білімі кең, ал сыныптастардың бір-біріне берген көмегі өте тиімді, нәтижелі екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Білімпаз оқушылар оқытушы рөліне ие болып, өз білгендерімен бөлісіп, оқуға деген қызығушылығы және өздігінен жаңа білімді игеруге деген ықыласы арта түседі. Ойдың тәуелсіздігін қолдау үшін мұғалім оқушыларға олардың әрқайсысының пікірі мен ойы құнды екенін жеткізе алуы керек. Ойды білдіру еркіндігін шектеу ойлауды шектеу деген сөз.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы мұғалімге нақты техникалар мен әдістерді таңдауда және оған шығармашылықпен қарауына ешқандай шектеулер қоймайды. Мұғалім оқулыққа тым тәуелді болмай, стратегияларды оқу материалына және оқушылардың ерекшеліктеріне бейімдеуге көп көңіл бөлуге тиіс. Мұғалім жасаушы, дәнекер немесе байланыстырушы және өз шәкіртінің серігі. Тек мұғалімге өзіне қолайлы жұмыс әдістерін таңдай алу керек.
СТО-ның қызметі оқу мен жазу арқылы ой тәуелсіздігінің дамуына арналған. Оқыту концепцияларды жетілдіруге, сөздік қорды байытуға, жалпы білімді кеңейтуге бағытталады және бақылау, түсіну, түйіндеу т. б. арқылы түсінуге үйретеді. Балалар ойшылар рөлінде «Мен мұны қайдан білемін?», мәтінді құрастырушылар ретінде «Бұл нені білдіреді?», мәтінді қолданушылар «Мен мұнымен не істей аламын?», мәтінді талдаушылар және бағалай білушілер ретінде, «Бұның мен үшін маңыздылығы неде?» деген сұрақтарға жауаптар іздейді.
Оқыту әдістерімен қатар материалды меңгерту дағдыларын да үйрену қажет. СТО жобасы тек фактілермен және білімдермен шектеліп қоймай, оларды іс жүзінде қолдануға аса назар аударады. Оқыту мақсаты өмір бойы білімге құштар, тәуелсіз, өз алдына дербес ойшыларды өсіру болып табылады. Тиімділігі төмен, дұрыс зерттелмеген әдістер баланың оқуға деген қызығушылығын, мұғалімдердің жаңаша жұмыс істеуге деген талабын бәсеңдетуі мүмкін.
Мен өз сабақтарымда сәтті қолданып жүрген тәсілдер қатарына «Ассоциациялар» мен «Кластерлерді» жатқызар едім. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, бірі екіншісін толықтырады, сондықтан бұларды бірге қолданған да тиімді. Ассоциациялар - тақырып бойынша балаларды ашық әрі еркін ойлауға жетелейтін оқыту әдісі.
Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын.
1.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беру - жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау -одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4. Оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
5.
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтін жүргізуде жас ерекшеліктерді ескеріп отырып орындату қажет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz