Философиялық тәрбие үрдістері


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1 Философиялық тәрбие үрдістері4

2. Тәрбие үрдісінің құрылымы5

Қорытынды7

Пайдаланған әдебиеттер8

Кіріспе

Бүгінгі таңда еліміз алдыңғы қатардағы өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселелерді ұлттық мүддеге, танымға, сезімге, нанымға, менталитет пен психологияга т. б. құндылықтарға араластыра отырып, тиімді дамудың сара жолдары мен нық басып әрі сенімді жүріп келеді. Мұны ішкі және сыртқы саясаттағы өзіндік ерекше байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып отыр. Бұл орынды да. Себебі егеменді халқымыздың көп ғасырлар бойы біртіндеп қорланып, қанатын кең жая алмай, қалыптасқан рухани, мағнауи мол дәстүрлі де құнды қазынасы тоталитарлық жүйе кезеңінде орасан зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз кезеңінде жалпы жұртшылықтың, әсіресе өскелең жас ұрпақтың өз туған халқының рухани, мағнауи құндылықтарынан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым, наным-сенім, танымдарынан ажырап қалуына әкеліп соқтырды. Міне сондықтан да жас өскелең ұрпақ халқымыздың рухани, мағнауи тереңге жайылған тамырынан толық қол үзіп қалмауы біздің қазіргі кезеңдегі елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі болыр тұр.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты халыққа арнаған 2004 жылғы жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілетті қарыштап дамыту керектігін айрықша айтады. Бұл орайда әрине, білім беру саласына ерекше назар аудару қажеттігі айдан-анық. «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады. .

Әрбір қоғам өзінің даму барысында зиялы қайраткерлерінің педагогикалық ақыл-ойын, тәлім-тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып отырған. Сондықтан да ғылыми дәстүрлі педагогиканың бастауы деп санайтын орта ғасырлық ұлы ғұлама-ғалым ойшылдар Қорқыт ата, Әл-Фараби, А. Ясауи, М. Қашқари, Ж. Баласағұни, М. Х. Дулати т. б. тарихи педагогикалық мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, келешек жас өскелең ұрпақтарды елжандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл тәлім-тәрбиелік идеялар XIX ғасырда Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев сынды демократ, педагог ағартушылардың педагогикалық, психологиялық, философиялық ойларымен Қазақ халқының тәлім-тәрбиелік құндылықтарының жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал жасады.

Жоғарыда айтылған ғұлама ғалымдардың өскелең жасөспірімдер тәрбиелеудегі озық педагогикалық ой-пікірлерін одан әрі дамытып, жетілдіруші кешегі кеңестік жүйенің солақай саясатының құрбандары болған белгілі қоғам қайраткерлері әрі қарай жалғастырып, қазақ мектептері оқу-тәрбие үрдісінің көлемін ұлттық тәлім-тәрбие мазмұнымен толықтырды.

1 Философиялық тәрбие үрдістері

Қазіргі ұстаздар тәрбие үрдісіне философиялық тұрғыдан қарап, түсінуге міндетті. Тәрбиедегі басты мәселе - оқушының тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта дамытуды көздеу. Гуманизм (адамшылық) дүниетаным принципі, оның негізінде адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенім мен ерік бостандығы, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген идея жатады.

Педагогикалық және психологиялық тұрғыдан гуманизмге адамдар арасындағы қатынастардың сүйіспеншілікке негізделуі олардың ар намысын, абыройын, ожданын құрметтеу, жоғары адамгершілік, парасаттылық қасиетпен қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеу деп білеміз.

Түйіндей келе, гуманизмді адамға тән адамгершіліктің, парасаттылықтың және ой-шабытының ерекше жиынтығы ретінде қарастырып, адамды еркін ойлаудың, адамшьшықтың шынайы иесі деп қабылдаймыз.

Жаңа гуманистік тәрбие жүйесінің негізі-бала. Ол өзін-өзі дамытатын, өзін-өзі аңықтайтын, өзін-өзі іскерлікке баулитын тұлға. Бала өзі оқып үйреніп, өзі дамып, өзін-өзі тәрбиелейді. Өзі ғана өз өмірі мен тағдырына жауапты. Адам неғұрлым өз өмірі мен тағдырына жауапкершілігін ерте сезінсе, соғұрлым өмірін дұрыс құруға талпынады. Сөйтіп, өз ой-пікірімен әрекет ететін тұлғаны тәрбиелеу іске асады. Мұнан туындайтын мәселе, тәрбиені тәрбиенің тиімділігін арттыру үшін философиялық тұрғыдан ойлауы тиіс.

Тәрбие философиясындағы экзистенциализм бағытындағы басты ұстаным - қоғамның әлеуметгік-экономикалық және рухани тоқырау жағдайыңдағы адамның сабырлылығына аса мән береді. Оның өкілдері Ж. -П. Сартр, М. Хайдеггер, К. Ясперс, т. б. адамды біреудің жеке басының пайдасына объект ретінде қолдануына қарсы болды, олар адамды еркін субъект ретінде қарастырып, оның өмірлік ұстанымы үнемі белсенді болып, сыртқы ортаның әсеріне қарсы түра білуі тиіс деп қарастырады. Олардың пікірінше, адам еркі абсолютты болғандықтан, өз мақсатын іске асыра алатын мүмкіндігі мол, айналаға тәуелсіз тұлға. Адам бостандығы кез келген жағдайда сақталып, оның таңдау еркі түрлі жағдайда жүзеге асады.

Бұл философиядағы бостандықтың мәні адамдардың іс-әрекетінің сыртқы жағдайдың ықпалымен емес, ішкі талпынысты іске асыратын іс-әрекет құралын таңдай алуында.

Еркіндік тұлғаның жауапкершілігін арттырады, Тұлғаның материалды жөне рухани жағдайларға тәуелді болуы еркіндікті шектейді, соның салдарынан жауапкершілігін төмендетеді. Сонымен, экзистенциалистік философия адамгершілік-этикалық сипатта болып, белсенді өмірлік ұмтылысты қалыптастырады.

Қазіргі тәрбие теориясында түрлі өзгерістер байқалады. Мысалы, тәрбие мәселесіне мәдениет тұрғысынан қарау, мәдениет жетістіктерін тәрбиеде пайдалану, қазіргі мәдениетгің ауқымын ескеру, тәрбиенің құндылықтар жүйесіндегі орнын, маңызын айқындау көзделеді. Осыған орай тәрбиенің мақсаты, міңдеттері, мазмұны, әдістері, түрлері ұлттық және жалпы адамзаттық негізде қарастырылады (Н. Е. Щуркова, 1998) .

Тәрбие мақсаттылықты нысанаға алып, ғылыми негізде құрылып, бала табиғатын бейнелейтін және тұлғаның дамуын ескеретін, ұстаздың ұйымдастыруымен баланың қоғамдық мәдениетке енуін қамтамасыз ететін, қазіргі қоғамда өмір сүре білуін дамытатын, өз өмірін, адамдык, өмірге лайықты етіп құра алатын қабілетін дамытуды көздейді.

2. Тәрбие үрдісінің құрылымы

Тәрбие үрдісі тәрбие ортасынан, тәрбиеленушінің іс-әрекеттерінен және оқушылардың өз өмірін қазіргі мәдениет аясында тәрбиелік ортамен және іс-әрекеттің субъектісі деп қарауынан тұрады. Тәрбие жұмысында ерекше индивидуальды орта, іс-әрекет, соған сәйкес индивидуальдық әдіс қолданылады. Осы үлгі отбасы, бақша, мектеп, жоғары оқу орнында сакталады. Тәрбиеде өзгеретін басты компонент - тәрбиенің мақсаты. Екінші мүғалімнің оқушыға деген педагогикалық ұстанымы. Үшінші - әдістеме.

Мұғалімнің қазіргі педагогикадағы жаңа ұстанымы оқушыны табиғи күйінде қабылдау. Бұл бұрынғы педагогтар үшін қиындық туғызады, өйткені олар адамды бір қалыпқа салып тәрбиеледі де, соны үлкен жетістік санады. Баланы табиғи қалпында қабылдау объективті шындық. Олардың өзіндік ерекшелігімен бірге, ортаның ықпалының сезілетіні де, объективті шындық. Баланың табиғи қалпы - барлық жағдайдың әлеуметтік-психологиялық жиынтығы. Баланың тұла бойында, келбетінде жоқ нәрсені талап ету өте қиын. Оқушының қазіргі тұр сипаты оның бұрынғы дамуының нәтижесі. Сондықтан біз тәрбиені оның табиғатына сай жүргізуге тиіспіз. Түлғаны табиғи қалпында, жеке бас ерекшелігін ескеріп, оның “Менін” өз даму деңгейінде көрсетуіне мүмкіндік беріп, баланы кінәламауымыз қажет, себебі ол қоғам мен ата-ана тәрбиесінің туындысы. Оқушыны табиғи қалпында қабылдаудың да шегі болуға тиіс, мәселен, біреуді басынып, оны құрал ретінде пайдалануға болмайды. Бала өзінің тұлғалық ерекшелігін білдіргенде өзгенің мүлдесіне нұқсан келтірмеуі, жанындағы адамның қадыр-қасиетін төмендетпеуі тиіс. Сондықтан біз тәрбиені оның табиғатына сай жүргізуге тиіспіз. Сөйтіп, кейбір балалардың тәртібін лезде түзету қолға алынады.

Рухани іс-әрекетте объектіні қабылдау, бағалау бір сәтте іске асады. Рухани іс-әрекетге субъект - адам, объект - өмір. “Субъект - объектілік” қатынас адам мен өмір арасында жүреді. Адамның рухани әрекеті - өз өміріні жалпы адамзаттық өмір тұрғысынан қарап тануға жетектейді. Менің өмірімнің мәні неде және оның өмірдегі орны қандай? деген сұрақтарға жауап қарастырады. Рухани ізденіс әр тұлғаның дамуымен бейнеленеді. Рухани іс-әрекет бұл құндылықты игеру бағдарындағы әрекет, әлемдік құбылыстардың әлеуметтік бағытының маңызын түсіну, сол құндылықтарды жеке тұлғаның өзінше сезініп түсінуі. Оқушы өмірдің негізі мен заңдылықтарын өз жанының күш-қуатымен қабылдап (интеллект, эмоция, ерік) түсінеді. Өзі іштей, өмір туралы толғанып сұрақ қойып толғанады, өз өміріне ой жүгіртеді. Міне, осындай әрекетті рухани әрекет деп санап, “рух” деген ұғымды, “материя” ұғымына қарсы қодданамыз. Рухани әрекеттің заттанған нәтижесі көзге көрінбейді. Мәселен, идея, білім, қағида, қатынас, сезім, түрткі. Олар сезінуге келмейтін, заттанбаған, бірақ белгілі субстанция деңгейінде басқаның қабылдауына негізделген түсінік. Идея айтылып, іс-әрекетте бейнеленеді, түрткі іс-әрекетке итермелейді, мақсат шығармашылық жұмыста іске асады, сезіну қабілеті іске асады.

Қорытынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясы қалыптасуы
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатқа деген саналы қатынасқа тәрбиелеу
Психика және іс - әрекет туралы
Балаларды табиғатпен таныстырудағы тәрбиешінің рөлі
Балаларды табиғатпен таныстырудың міндеттері, мазмұны
Қарым-қатынас мәдениеті
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Мектепке дейінгі ұйымдағы балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Балаларды табиғатпен таныстыру формалары, әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz