Жүзушінің алғашқы дайындығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі
СӨЖ
Тақырыбы: Жүзушінің алғашқы дайындығы
Курс:
Топ:
Орындаған:
Қабылдаған:
Көкшетау 2016
Суда жүзу - спорттың ерекше әрі пайдасы мол түрі. Жүзу кезінде ағзадағы барлық бұлшық ет қимылға түсіп, шымырлана түседі. Омыртқаның түзу болуына бірден-бір септігін тигізеді. Сондай-ақ, ол арқылы дене сымбаттылығын сақтап тұруға да болады. Айта берсек, спорттың бұл түрінің пайдасы аса көп.
Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға батып бара жатса, оны құтқаруды да біледі.
Қажеттіліктер:
*** Таза әрі кең су кешеніне абонемент алыңыз немесе ағысы жоқ өзенге түссеңіз де болады;
*** Қажеттіліктер ішінде қолға тағатын балон, тақтайша, резеңке бас киім және тағы басқалары да болуы қажет;
*** Судан қорғайтын көзілдірікті таңдағанда ыңғайлылығына мән беріңіз.
Жүзуді үйренуге кіріспес бұрын:
- Суға түспес бұрын алдымен өзіңізді психологиялық тұрғыда дайындап алыңыз. Егер бала күніңізде суға тұншығып немесе өзге де төтенше жағдайға тап болсаңыз, өткенді бір сәтке естен шығаруға тырысыңыз;
- Себезгі (душ) қабылдап, бұлшық етті суға үйретіп алыңыз;
- Бірнеше рет отырып тұрып, аяқ-қолға жеңіл жаттығу жасаңыз. 3 минуттай бір орныңызда жүгіргендей қимыл жасаңыз.
Аяқ пен қолды жаттықтыруды су ішінде жалғастырыңыз. Кеудемен және арқамен қолды созған қалыпта аяқты суға шалпылдатыңыз. Терең дем алып, демді су ішінде шығарыңыз.
Аяқты дене деңгейіндегі қалыпта ұстаңыз. Бүгуге болмайды. Ыңғайыңызға қарай суды есу қимылдарын қолыңызбен жасаңыз. Бұл кезде аяқты бос ұстап, суды шалпылдатыңыз немесе судың ішінде жеңіл қимылдатыңыз.
Жүзуге арналған тақтайшаларды да қолдануыңызға болады. Ол денені су бетінде ұстап тұрады.
Бастысы, асықпаңыз. Бірінші жаттығудан кейін жүзуді толықтай меңгеріп кетемін деп ойласаңыз, қателесесіз. Кәсіби мамандардың айтуынша, жүзуді үйренуге 2-3 ай уақыт қажет. Әрине, оның бәрі адамның ептілігі мен қызығушылығына байланысты. Мүлдем зауқы жоқ жандар жүзуді тіпті жарты жылда да үйрене алмайтын сәттер кездеседі. Сондықтан да әрбір қимылды асықпай, мұқияттылықпен жасаған абзал.
Жүзуді жаңадан бастаған сәтте жаттығуды кемінде 20 минут жасаңыз. Аптасына үш рет суға тұрақты түсіп тұрсаңыз, жүзуді тез меңгеруге мүмкіндігіңіз болады.
Жүзуді үйрету - дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі. Ол балалар бақшасында, мектептерде, орта және жоғары білім оқу орындарында іске асырылады. Мектеп оқушыларына жүзуді үйретуге ерекше мән беріледі. Сондықтан жүзу сабағы мектептердің дене тәрбиесі оқу бағдарламасына енгізіледі.
Жүзу сабағы міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін, спортшыларға оқу пәні ретінде өтеді. Бұл пән институттардың, орта білім беретін дене шынықтыру оқу орындарының және мектептердің оқу жоспарларына еншізіліп оқытылады. Сондықтан жүзу сабақтарын маман адамдар өткізуі керек.
Үйрену тәсілдері мен жаттығулары
Жүзіп үйрену үшін ең маңыздысы: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік және ептілік. Жалпы дамыту жаттығулары дененің негізгі физикалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Ол омыртқаны, кеудені, аяқты жүзуге бейімдеу үшін қажет. Сондай-ақ, дұрыс дене бітімінің қалыптасуын қамсыздандырады және жеке бұлшық ет топтарының дамыту бойынша қосымша әсерін және функционалдық мүмкіндіктерінің дағдыларын арттырады. Әдетте жүзу - қозғалыстарды тиімді дамытудың ең қолайлысы болып табылады. Жалпы дамыту жаттығулары гимнастикалық жаттығулар түрінде орындалады. Мысалы, жаяу жүру, секіру, жүгіру денсаулыққа аса пайдалы қарапайым жаттығулар.
Жүзу алдында ең бастысы адам судан қорықпауы, еш жүрексінбеуі керек. Су адамды судың бетіне қалай да көтеріп тұрады. Ең бастысы ішке жұтқан ауаны бірден сыртқа шығарып қоймауы қажет. Жүзумен айналысқан жастың өкпесі ерекше жетіледі. Кәсіби жүзушілердің өкпесі қарапайым адамдарға қарағанда 10-20% мықты болады. Жоғары класс ер жүзгіштерде -5-6, 5 л, әйелдерде -4-4, 5л. Жүзгіштердің тыныс бұлшықет күші мен өкпенің сыйымдылығы да кәдімгі мөлщерден 8-15% көп.
Белсенді жүзудегі су иммерсиясы кезінде тыныс жолдарындағы ауа ағымының кедерғісі 50%-дан аса артады және тыныс бұлшық ет белсенділігінің жоғарлауын талап етеді. Кролль әдісімен жүзу кезінде тыныс алатын ауаның әр литріне оттегінің қосымша мөлшері 1, 3-2, 8 мл-ге жетеді.
Жүзу кезінде тыныс алу жүзу (есу) циклдерімен синхрондалады: тыныс алу фазасының ұзақтығы азаяды, ал тыныс шығару ұзарады және көбінесе су астында брасс әдісімен және шалқалап жүзуді қоспағанда, яғни ауа ортасына қарағанда көп кедергіге қарсы шамамен 50-100 сынап бағанасы жүргізіледі.
Жүзу жылдамдығы 100 метр жүзу кезінде (бассейн ортасында) максималды орташа таза арақашықтық жылдамдығы кролль әдісімен 1, 9м/с, баттерфляйда - 1, 8м/с, шалқалап жүзуде - 1, 7м/с, брасс әдісімен - 1, 5м/с болады. Сонымен, неғұрлым жоғары жылдамдылық кролль әдісімен жүзуде, ал, аз жылдамдық -брасс әдісімен жүзуге тән.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz