Тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара карым-катынастар заңдары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе3
1. Б. Коммонер заңдары4
2. Ю. Либихтың минимум заңы6
3. Шелфордтың төзімділікке заңы7
4. Аллен, Бергман, Глогер т. б ережелері8
Қорытынды10
Қолданылған әдебиеттер11
КіріспеТақырыптың өзектілігі. Білімнің барлық салалары сияқты экология да бірқалыпты емес, бірақ үздіксіз дамыды. XVIII ғасырда француз жаратылыс зерттеушісі Ж. Бюффон алғаш рет сыртқы орта жағдайларының жануарлардың құрылысына тікелей әсерін зерттей бастады. Ол бір түр басқа түрге температура, ауа райы, тамақтың, сапасына байланысты өзгере алады деді. Бірінші эволюциялық ілімнің, авторы - Жан - Батист Ламарк «сыртқы жағдайлардың әсері ағзалардың бейімделуі және өсімдіктер мен жануарлардың эволюциясының негізгі себептерінің бірі», - деп есептеді. Чарльз Дарвиннің «Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте оған қолайлы қолтұқымдардың сақталуы» деген еңбегінде (1859) табиғаттағы «тіршілік үшін күресті» теория жүзінде тұжырымдады. Күрес түсінігіне Ч. Дарвин табиғи сұрыптауға алып келетін және эволюцияның қозғаушы факторы болып табылатын түрдің мекен ететін ортасымен қарама-қайшылықты әсерінің барлық формаларын кіргізді. Ч. Дарвиннің осы еңбегі тірі ағзалардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын жан-жақты зерттеу мәселесін көтерді. Неміс жаратылыс зерттеушісі Э. Геккель өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» (1866) және «Әлемнің пайда болуының табиғи тарихы» (1868) еңбектерінде экологияны ағзалардың қоршаған ортамен, тіршілік ету жағдайларымен қатынасын зерттейтін жалпы ғылым ретінде түсіндіреді. XX ғасырдың экологияның дамуына елеулі үлес қосқан ғалым Владимир Владимирович Докучаев болды. Ол топырақ түзілу процесінің мысалында тірі ағзалар мен өлі табиғаттың, өзара тығыз байланысын көрсетті. Владимир Иванович Вернадский тірі ағзалар мен олардың тіршілік қызметінің өнімдерінің геологиялық құбылыстардағы (процестердегі) анықтаушы рөлін керсетіп, биосфера туралы ілім және оның өмір сүруін, тұрақтылығын және даму заңдылықтарын тұжырымдады. Қазақстанда экологиядан оқулықтар мен оқу құралдарының авторларының ішінен отандық ғалымдар - Ә. С. Байсенованы, А. Б. Бигалиевті, А. Баешевті, Ж. Жатқанбаевты, В. И. Фурсовты және т. б. атауға болады.
«Табиғат жақсы біледі» заңы биосферада ненің болуы керек, ненің орын алуы қажет еместігін барлығын алдымен анықтайды.
Тақырыптың мақсаты. Қарапайым молекуладан адамға дейін - табиғатта барлығы қатаң конкурстан өтіп, жүлде ретінде - тіршілік етуге құқық алып отыр. Бүгінде ғаламшардың эволюциясынан өткен мыңның бір бөлігі болатын өсімдіктер мен жануарлардың түрлері мекендеуде.
Міндеттері:
1. Б. Коммонер заңдарын анықтау;
2. Ю. Либихтың минимум заңының маңызын білу;
3. Шелфордтың төзімділікке заңын білу;
4. Аллен, Бергман, Глогер т. б ережелерінің маңызын білу;
Б. Коммонер заңдарыАғылшын ғалымы Б. Коммонер (1974 жыл) тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара карым-катынастарды төрт заңға біріктірген.
Бірінші заң - барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланыста болады. Адамның табиғатқа араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардың бірінде ДДТ препаратының көмегімен масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылды. Бірақ, біраз уақыттан соң осы бунақденелілермен қоректенетін кесірткелер қырыла бастаған. Содан соң осы жорғалаушылармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Нәтижеде тышқандардың саны күрт артып кеткен. Кесірткелердің жойылуы нәтижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін зақымдаған. Олай болса масалар да қалыптасқан экожүйенің маңызды құрам бөлігі болып табылады.
Экологияның екінші заңы - материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Кез келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскременттері мен қалдықтары екіншілері үшін азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы, жасыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер-жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады. Жануарлардың қалдықтары - оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық. Ал, олардың қалдықтары - бейорганикалық заттар (азот, фосфор, калий, көмірқышқыл газы және т. б. ) - өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.
Үшінші заң - табиғат өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды. Тірі ағзада жасалатын кез келген органикалық затты ыдырататын фермент болады. Адамның қолымен жасалған, бұрын табиғатта болмаған жаңа органикалық затты ыдырататын фермент жоқ. Сондықтан бұл зат жинала береді. Бұған улы химикаттар - пестицидтер мен гербицидтер мысал бола алады. Табиғатқа ірі өзгеріс енгізу алдында барлық мүмкін болатын экологиялық нәтижелер қарастырылуы тиіс. Орта Азияның ірі өзендері - Сырдария мен Амударияның суын егістікке пайдалану Арал теңізінің деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырды. Арал күннен-күнге тартылып барады, ал оның маңындағы Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтанып барады. Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-тің салынуы Балқаш көлінің деңгейінің төмендеуіне әкелді.
Төртінші заң - тегін ешнәрсе жоқ. Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.
Б. Коммонер 28. 05. 1917 жылы АҚШ-та дүниеге келген. 30. 09. 2012 жылы қайтыс болды. АҚШ биологы және экологы.
Белгілі америкалық эколог-ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:
1) барлығы барлығымен байланысты;
2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;
3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";
4) еш нәрсе тегін берілмейді.
Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.
Б. Коммонер былай деп жазды: «… ғаламдық экожүйе біртұтас болып көрінеді, сол шеңберде ештеңені ұту немесе жоғалтуы мүмкін емес және ол жаппай жақсарудың объектісі (нысаны) бола алмайды; адам еңбегімен алынғандардың барлығының орындары толықтырылуы тиіс. Осы вексель бойынша төлемнен қашқақтауға болмайды; бұл тек кейінге шегерілуі мүмкін. Қоршаған ортаның бүгінгі дағдарысының шегерілімі тым созылып барады дегенге саяды».
«Табиғат жақсы біледі» заңы биосферада ненің болуы керек, ненің орын алуы қажет еместігін барлығын алдымен анықтайды. Қарапайым молекуладан адамға дейін - табиғатта барлығы қатаң конкурстан өтіп, жүлде ретінде - тіршілік етуге құқық алып отыр. Бүгінде ғаламшардың эволюциясынан өткен мыңның бір бөлігі болатын өсімдіктер мен жануарлардың түрлері мекендеуде.
Бұл эволюциялық таңдап іріктеудің басты критерийі - ғаламдық биотикалық айналымға, кетігін тауып қалану (үйлесу) мен барлық экологиялық қуыстарды толтыру. Кез келген организмнен шыққан заттардың барлығында оны ыдырататын ферменттер болуы керек, ал ыдыраған өнімдер қайтадан айналымға қосылуы тиіс. Егерде осы заңды биологиялық түрлердің біреуі бұзатын болса, ерте ме, кеш пе эволюция онымен ажырасып тынады.
Адамның өнеркәсіп өркениеті ғаламдық көлемде биотикалық тұйықтықты өрескел бұзып отыр, ол үшін жазаланбай қоймайды. Осындай қиын жағдайдан тек қана ымыраға келу ғана шығармақ. Нұрлы жол мен акылға ие бола білген адамның қиындықтан жол табатынына сенім мол.
Б. Коммонердің тұжырымдамасына қоса, қазіргі экологтар - «барлығына жетпейді» деген экологияның тағы бір заңын шығарды (Ресурстардың шектеулі заңы) . Тіршілік иелерінің барлық формаларына арналған қоректік заттардың көлемі жерде, әрине шектеулі. Сондай-ақ, биосферада жаңадан пайда болған органикалық әлем өкілдерінің бәріне де бірдей жете бермейді. Сондықтан кейбір организмдердің шамадан тыс ғаламдық көлемде көбеюі, өзге түрлердің азаюы есебінен болуы мүмкін[1; 9] Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозшатаева. «Экология» - Алматы, 2002 ж.
Б. Коммонер
2. Ю. Либихтың минимум заңы1840 жылы Юстус Либих (1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз үзбесімен анықталатынын дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет (СО2, Н2О және т. б. ) жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенің анықтайды. Кәзір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтың минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді. 1-сурет. «Либихтың күбігі» 1- суретте «Либихтың күбігі» көрсетіліп тұр: күбіктің ішіндегі су деңгейі ең қысқа тақтаймен өлшенеді. Демек, дененің ең әлсіз түйіні шешуші рөл атқарады, және ол дененің төзімділіктің шегін анықтайды. Бұл ереже Либихтың «минимум заңы» деп аталады. Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады. Минимуммен қатар максимумның да шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы В. Шелфорд болды[2; 45] Ж. Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері»- Алматы, 2004 ж.
Юстус Либих (1803-1873)
3. Шелфордтың төзімділікке заңыТүрлердің мекен ету ортасының факторларының каңдай да бір ауытқу диапазонына бейімделуге қабілетің экологиялық валенттілік деп атайды. Фактордың ағзаға әсер етуі Әр түрдің өкілдері оптимум шамасына және экологиялық валенттілігіне қарай ерекшеленеді. Мысалы, : тундрадағы қарсақ ауа температурасының шамамен 80°С (+30°С-дан -55°С-ға дейін) ауытқуына шыдай алса, ал жылы су шаяндары судың температурасының 6°С-дан (+23°С-дан +29°С) жоғары ауытқуын көтере алмайды. Фактордың бір әсер ету шамасы бір түр үшін оптималды, екіншісі үшін зиянды, ал үшіншісі үшін төзімділік шегінен тыс болуы мүмкін. Экологиялық валенттілігі төмен түрлерді стенобионтты (грек тілінен аударғанда stenos - тар), ал төзімділігі жоғары түрлер - эврибионтты (грек тілінен аударғанда eyros - кең) деп атайды. Стенобионттылық пен эврибионттылық ағзада өзінің тіршілігін сақтауда пайда болатың әр түрлі бейімделу типтерін сипаттайды. Мысалы, температураға қатысты эври- және стенотермді ағзалар; тұздардың концентрациясына байланысты эври- және стеногалилі; жарыққа - эври- және стенофотты, тамақ түріне байланысты эври- және стенофагты ағзаларды бөліп көрсетуге болады. Эврибионттылық түрдің кең таралуына жағдай жасайды. Көптеген қарапайымдылар, саңырауқұлақтар эврибионттарға жатады да олар барлық мекен ету орталарында таралған. Стенобионттылық таралу ареалын шектейді. Экологиялық фактордың артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады. Максимумның шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы В. Шелфорд болды. Шелфордтың толеранттылық заңы: Экологиялық фактордың максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық шамасын (латын тілінен аударғанда tolerantia - шыдау, төзім) яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды. Салыстырмалы түрде тұрақты жағдайда ұзақ уақыт тіршілік еткен түрлер өзінің экологиялық серпімділігін жоғалтып, қоршаған ортаға стенобионттылық калыптасады. Ал, орта факторларының айтарлықтай ауытқымалы жағдайында тіршілік еткен ағзалардың экологиялық серпімділігі жоғары болады да олар эврибионтты болады[2; 12] Ж. Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері»- Алматы, 2004 ж.
В. Шелфорд (1877-1968 жж)
4. Аллен, Бергман, Глогер т. б ережелеріД. Аллен ережесі (1877 ж. ) бойынша дене температурасы тұрақты жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді. Мысалы, экологиялық жағынан бір-біріне жақын мына түрлердің құ-лактарының мөлшерін салыстырсақ, тундрада мекендейтін поляр түлкісінің құлағы ең кіші, қоңыржай белдеуде мекендейтін кәдімгі түлкінің құлағы орташа, Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің құлағы өте үлкен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz