Саяси иделогия ұғымы



1.Саяси иделогия ұғымы
2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері
Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
Саяси иделогия ұғымы. Идеоголия әр түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы мен дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология – жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі – саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немемсе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды.
Саяси идеология Ағартушылық дәуірде дүниеге келген. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсаттарына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс-әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді.
Қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:
1. Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді.
2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік және т.с.с. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді.
3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады.
4. Амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.
5. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берелік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарастар тударыда.
Саясаттың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол – адамдарды рухани – біріктіріп, топтастырудың және басшылықтың құралы. Саяси қатынастар саласында олардың іс-әрекетіне бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси қызметке ұмтылдырады, беолсенділігін арттырады.Саяси қызметке қатысушылардың іс-әрекеттеріне мақсаттылық, жүйелік, дәйектілік енгізіледі.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
1.Саяси иделогия ұғымы. Идеоголия әр түрлі - саяси, құқықтық, этикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы мен дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология - жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі - саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немемсе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды.
Саяси идеология Ағартушылық дәуірде дүниеге келген. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсаттарына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс-әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді.
Қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:
1. Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді.
2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік және т.с.с. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді.
3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады.
4. Амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.
5. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берелік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарастар тударыда.
Саясаттың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол - адамдарды рухани - біріктіріп, топтастырудың және басшылықтың құралы. Саяси қатынастар саласында олардың іс-әрекетіне бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси қызметке ұмтылдырады, беолсенділігін арттырады.Саяси қызметке қатысушылардың іс-әрекеттеріне мақсаттылық, жүйелік, дәйектілік енгізіледі.
Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, олардың жүзеге асырудың құралдары мен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап өзідік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады. Көзқарастары бірыңғай қоғамдастықтың мүшесі болып сезіну - әрбір саяси қозғалыстың мүшесін байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен қатар идеология - сезім тудыратын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс-әрекеттеріне мән-мағына беріп күшейтеді, асқақтатады. Мысалы, Отан үшін, халқы үшін адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі құрбан етуге дейін барады.
Жүйеленген түрінде саяси идеология партия бағдарламаларында, декларацияларында, манифестерінде, жарғыларында сондай-ақ түрлі насихаттық құжаттарды қалыптасады. Сондықтан А.Грамши идеология халықтаң ұжымдық еркін оятып, ұйымдастыру үшін қызмет етеді -деген.
Идеологияны, жоғарыда айтылғандай, саналы түрде қоғамның білімді өкілдері, идеологтар-саясатшылар, фәлсалшылар, әлеуметтанушылар, заңгерлер, экономистер, ақын жазушылар, т.т. жасап шығарады. Ол ақпарат құралдары арқылы таратылады, халықтың санасына сіңдіріледі.
Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдық, революциялық, консервативтік радикалдық, шовинистік, ұлтшылдық және т.с.с. болып бөлінеді. Кейбір ғалымдар идеолгояның ұғымдары мен принциптерін нақтылы ғалымдардағы сияқты тәжірибе жүзінде тексеріп, білуге келмейді деп оған күмәнданушылықпен қарайды. Бірақ, идеология қоғамдық-саяси шындықты бейнелейтінінедау келтіруге болмайды. Сондықтан К.Маркс идеялар халық санасына сіңгенде материалдық күшке айналады -деп тегін айтпаған. Ол жоқ жерден бостан-бос пайда болмайды. Жаңа идеялар пісіп-жетілген тарихи міндеттерді көрсетеді. Адамзат өзінің алдына өзі шеше алатын міндеттірді ғана қояды. Себебі, міндеттің өзі осы шешуге қажетті материалдық жағдайлар болып отырған кезде ғана немесе болуға таянған кезде туады.
Бүгінгі таңда идеологияны тудыратын объективті себептер жойыған жоқ. Керісінше, қазіргідей өтпелі заманда оның маңызы зор. Қоғамда саяси сана, саяси идеологияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, ол әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына неғұрлым тереңірек сіңірсе, соғұрлым өмір шындығын толығырақ бейнелейді, тарихи процестін заңдылықтарын дұрысырақ көрсетеді, ғылымға жақын келеді.
Идеологияның мақсаты мен мазмұны қолдаушының (ұсынушының) мүддесімен сәйкес келеді. Сол себептен идеологияны ұсынушылар: мемлекет, билік, саяси немесе жеке адам идеологияға өте үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Егер идеологияны қолдануда қателікке жол берілсе, онда қоғам дамуының өзі қате жолға түсіп кетуі күмәнсіз. Тарихта бұндай жағдайларға ұшыраған мемлекеттер аз болған жоқ.

Негізінде, қандай идеологияны таңдау қажет екенін шешуші халық болуы тиіс. Саяси биліктің, мемлекеттің ұстанатын идеологиясы қоғамның, оның әрбір әлеуметтік топтарының, азаматтардың мүддесінің, ой-пікірлерінің, яғни идеяларының жиынтығы болуы тиіс. Ал халық мүддесімен мемлекеттік идеологияны сәйкестендіретін демократияның дамуы болып саналады.
2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері. Саяси идеологияның тұнғыш түрлерінің бірі - либерализм. (Латынның либералис - еркін деген сөзінен). Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. Монтескье, С. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвил, Дж. Милль. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либеральдық саяси доктрина арқылы білдірді.
Бүгінгі таңда либерализм - ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің идеалы қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне , дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Либералдық идеологияның негізгі принципі - адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы. Олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада классикалық либерализм мына қағидаларға негізделеді: адамның жеке-меншікке құқығы, нарықтың, бәселекелстіктің, кәсіпкерліктің еркіндігі, экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Осыған сәйкес мемлекет бір ғана қызметті - меншікті қорғау, түнгі сақшылық қызметін атқарады.
Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек әділдікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан, озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Демократияның либералдық түсінігі - адамардың тендігі олардың өмір сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарының теңдігі. Мемлекет азаматтық қоғамынан ажыратылған. Мемлекет қызметі заңмен шектеледі, билік тармақталады. Кейінірек либералдық саяси көзқарас оны жалпыға бірдей сайлау құқығы, либералдық саяси көзқарас оны жалпыға бірдей сайлау құқығы, парламентаризм, саяси алуан түрлілік, жергілікті өзін өзі билеу және т.б идеяларымен байытты.
XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмейді. Сондықтан либерализм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм (неолиберализм) деген ат алды.
Неолиберализм - азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы. Егер осы екі идеологияны: либерализм мен неолиберализмді салыстырып қарасақ, алғашқыда бір-біріне қарама-қарсы бағыт сияқты көрінеді. Себебі,
либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талап етсе, ал
неолиберализм керісінше -- мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады. Дегенмен, осы екі идеологияның арасында бітіспес қарама-қарсылық жоқ. Неолиберализм идеологиясының пайда болуы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік жағдайлармен байланысты болатын.
Консерватизм - қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.ХҮІІІ ғасыр Еуропа, Америка және Азияның көптеген елдеріндегі нарықтық экономиканың дамып, капитализм қалыптасып, әлеуметтік теңсіздіктің күшейген уақыты болды. Ол кезде еңбекшілер мен кедейлердің, жалпы жоқшылыққа ұшыраған адамдардың мүдделерін қорғауға арналған әлеуметтік қорғау жүйесі жетілген жоқ еді. Сол себепті революция ұйымдастырып, буржуазиялық тапты ығыстырып, социализм орнату қажет деген идеялар кеңінен тарала бастады.1789 жылғы Ұлы Француз революциясы бұның іс жүзіндегі дәлелі болатын. Осы саяси құбылыстарға байланысты қалыптасқан консерватизм идеологиясының негізгі мақсаты -- қоғам мен мемлекетті, олардың саяси жүйелерін бұрынғы қалпында сақтап қалу болды. Консервативтік идеология - қоғамды әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан, ретсіз реформалардан, әсіресе қатыгез, қантөгісті революциялардан сақтап қалу жолдарын ұстанды.
Консервативтік идеяны бірінші ұсынған ағылшын мемлекет қайраткері және ғалымы Эдмунд Берк болатын. Кейін бұл идеяны одан әрі зерттеп,
идеологияға айналдыруға өз үлестерін қосқан француз саясаттанушысы Жозеф де Местр (1754-1821), неміс тарихшысы, заңгері Фридрих фон Савиньи (1779- 1861), австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773- 1859) және т.б. болды.
Консервативтік идея Еуропаның батыс, солтүстік және Азияның біраз
елдерінде мемлекеттік қолдау тауып кейін идеологияға айнала бастады. Осы
консерватизм идеологиясының басты мақсаттары: куатты мемлекет құру, саяси жүйенің, биліктің жоғарғы әлеуметтік топтың қолында болуы, тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы іс жүзінде жүзеге асып, бұл елдерді әртүрлі кездейсоқ, ретсіз реформалардан, кенет оқиғалардан, өкіметтік төңкерістерден, шиеленістерден сақтап қалды, бейбіт жағдайда нәтижелі әлеуметтік- экономикалық қарқынды дамуға жол ашты. Консерватизм идеологиясы қоғам өмірінде әдет-ғұрып, дәстүрлер маңызды рөл атқарады деп түсініп, оларды мызғымастай сақтап қалуды мақсат етті.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап консерватизм идеологиясының негізгі қағидаларына өзгерістер енгізіліп консервативтік ой-пікірдің басты бағыты жаңарған консерватизмге (неконсерватизмге) ауысты.
Неоконсерватизм - қоғамдағы саяси плюрализмді (әртүрлілікті) дамыту және саяси процестерді реттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИДЕОЛОГИЯ - ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
Құқықтық сана және жалпы түсінігі
Ақпарат құралдарының еркіндігі және этикалық жағдайы
Ядролық қаруды таратпау туралы шарт таратпау режімінің арқауы болды және солай бола бермек
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік түсінігіне қатысты Қазақстанның бастамалары туралы әлемдік БАҚ, Интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау
Ұлттық идеология астарлары
ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МӘСЕЛЕСІ
Ислам дінінің қоғамдағы орны мен ролі
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
Пәндер