Программалау жүйесі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Программалау жүйесі - программаны құрудың және жөндетудің автоматтануын қамтамассыз ететін программалық құралдың жиынтығы. Оның ішінде программалау тілдері, осы тілдерден аударғыштар, бағыныңқы программалардың кітапханалары, программалардың құрастырушысы және жөндеушісі кіреді.
ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІ
Әр ЭЕМ- нің өз программалау
тілі болады - машиналық коман-
далар тілі немесе машиналық тілі
және осы тілде жазылған програм-
маларды ғана орындай алады. Сан-
дар тілі бола тұра, машиналық тіл
программалу үшін жарамсыздау,
өйткені программаларды жазу және
жөндеу үшін көп уақыт жұмсауды
талап етеді. Осы себептен машина-
лық тілдермен сай келмейтін
программалау тілдері кеңінен тара-
ды. Машиналық тілге жақындығы
дәрежесі бойынша - программалау
тілдері төмен және жоғары дәреже-
ліге бөлінеді. Осы тілдердің бірінде
жазылған программа сөйлемдердің
немесе операторлардың бірізділі-
гінен тұрады және бастапқы прог-
рамма немесе бастапқы модуль
деп аталады. ЭЕМ жадында орналастырылған кез-келген программа процессордың жүздеген мың немесе тіпті милиондаған нұсқауларынан тұрады, олардың әрқайсысы бір немесе бірнеше байттармен кодталады (бұл нұсқаулар машиналық код деп те аталады) . Программалау тілі процессор үшін соншалықты ыңғайлы - оның орындалуы да жылдамданады, жадта да аз орын алады. Адам тіліне жақын болған сайын, адамдарға ыңғайлығы артады, процессор регисторларын меңгеруге арналған командалары азаяды. Процессорға жақын тілдер төмен дәрежелі тілдер деп аталады, ал адамдарға ыңғайлы тілдер - жоғары дәрежелі тілдер.
Программалаудың жоғары дәрежелі тілдері адамға үйреншікті терминдердің көмегімен программалар жазуға арналған. Олар жадтың нақты ұяшықтарымен және элементтер нұсқаулықтарымен емес, табиғи тіл командаларымен манипуляция жасайды (дәлірек айтқанда, табиғи тілге жақын (ұқсайтын) командаларымен) . Келешекте бұл командалар арнайы программалар көмегімен автоматты түрде машиналық кодқа өтеді.
Шығарылып жатқан есептерге қарап (математикалық экономикалық немесе басқа бір) - жорғары дәрежелі тілдер айырмашылықтары бола тұра үш-төрт базалық тіл түзілістеріне және ақпарат көрсетімі әдістеріне негізделеді. Бір белгілі тілді үйреніп алып, басқасын үйренуге көшу оңай.
Кеңінен қолданылатын ондаған программалау тілдері бар. Алғашқы кеңінен тараған программалау тілі Фортран болды ( Fortran, FORmula TRANslation, формулаларды машиналық кодқа аудару, 50-жылдар аяғында құрылған) . Ол ғылыми- техникалық есептерді программалу үшін арналған еді. Кейінірек Алгол-60 пайда болды (Alqol, ALGOrihmic-алгоритм және Langnage- тіл), басқа тілдерді, мысалы Паскаль тілін, дайындауға негіз болған.
Бейсик (BASIC, Beginners, AII-purpose Symbolic Instruction Code, жаңадан үйреніп жүргендерге арналған көп мақсаттық символикалық код) оқу мақсатында 60-жылдар басында Драмут колледжінде дайындалған. Үзінің қарапайымдылығы арқасында ол тез халық арасында жайылды және үй компьютерлерінде қолданылды. 70-жылдары Бейсик сол заманның ең қарапайым программалау тілі ретінде Alcuir дербес компьютерінде жүзеге асырылады. Бұл жұмысты Билл Гейтс, Microsoft-тың қазіргі президенті, өзінің серіктесі Пол Алленмен бірге орындады. Гейтстің арқасында бейсик IBM PC платформасына көшірілді, ал оның ең жетілдірген Q Basiс версиясы (Q Basiс, жылдам Бейсик) MS DOS операциялық жүйесінің базалық жабдықтауына өтеді.
Қазіргі күнге дейін Гейтстің күш салуы және қаржылай қалмауы арқасында Бейсикті дамыту белсенді жалғасуда.
Q Basiс тілі -бұл MS -DOS операциялық IBM PC жүйелі дербес компьютерлері үшін ең жақсы программалау оқу тілі.
Q Basiс тілінің Бейсиктің бұрынғы версияларынан негізгі айырмашылығы құрылымдық программалау тілі Паскаль және Си тілдеріне ұқсас. Солай дегенмен, жаңадан үйренушілер үшін Q Basiс тілі, барлық айнымалыларды жөндеу құралдарының икемділігіне орай Паскаль тілінен әлдеқайда жеңіл.
Q Basiс тілінің құндылығы ол бойынан программалаудың диалогтық құралдары ретінде Бейсик тілдерінің ең жақсы қасиеттерін, Паскаль және Си сияқты тілдердің құрылымдық және модульдік программалауының ең жақсы құралдарын жинаған. Бұл тіл көптеген операциялық жүйелер үшін жүзеге асырылған. Жекелеп алғанда, MS -DOS операциялық жүйе үшін Q Basiс және Visual Basic for MS -DOS нұсқасы бар, Windows үшін жыл сайын дерлік Visual Basic -тің жаңа нұсқасы шығарылып тұрады. Барлық офистік қолданбаларға Microsoft компаниясы өзгеше бір макротіл ретінде қолданылатын Visual Basic for Applications (VBA) тілін құрған. Мысалы, VBA дағы Microsoft Word мәтіндік редакторында түрлендіргішті кездейсоқ бөтен регистрда терілген мәтіннің қажетті түріне құруға болады. Бейсиктің бір базалық нұсқасын Q Basiс-ті жақсы білу әрі қарай осы қарапайым өте танымал тілдің басқа нұсқаларымен жұмыс істеуге еркін көше беруге мүмкіндік ашады. Сондай ақ, келешекте Windows үшін программалар жазғыңыз келсе, Бейсикті білу қажет ақ.
АУДАРҒЫШТАР
Жоғарғы дәрежелі тілде программа құрастыру, әрине ыңғайлы. Мәтінді редакторда тердің, командаларды есепті шешу алгоритміне сәйкес жаздың - болды. Бірақ программаның бастапқы мәтіні әлі толық жарамды программа емес, бұл тек жұмысқа қосуға мүмкін емес арнайы командалардың (прграммалау тілі операторларының) жиынтығы, өйткені оларды процессор орындай алмайды. Сондықтан программалаудың кез келген тілінде жазылған программаларды алдымен процессор тіліне аударады, яғни машиналық кодка айналдырады. Ағылшынша аударма трансляция (translation) деп аталады, ал программаларды машиналық код тіліне аударатын программалар аударғыштар деп аталады.
Аударғыш бұл арнайы программа бастапқы мәтіндерді автоматты түрде жұмыс істейтін программаларға айналдырады. Аударғыштардың екі түрі бар: компиляторлар және интерпретаторлары
Компилятор
Жоғары
дәрежелі Обьектілік
тілдегі модуль
программа ЖОҚ немесе
төмен
дәрежелі
ИЯ тілдегі
программа
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz