Қабылдау туралы жалпы түсінік


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1. Қабылдау туралы жалпы түсінік4

2. Қабылдау мен қызметтің дамуы5

3. Ес туралы жалпы ұғым6

4. Ес түрлері8

Қорытынды10

Пайдаланған әдебиеттер11

Кіріспе

Қабылдау, субъектінің практикалық қызметін бағыттай отырып, сонымен бірге өз дамуында осы қызметтің жағдайлары мен сипатына тәуелді. Ж. Пиаже айтқандай генезисті, перцептивті процестердің құрылымы мен функцияларын зерттеуде проблеманы “праксеологиялық” тәсілдемемен қараудың мәні маңызды.

Қабылдау мен қызметтің өзара байланысы психологияда ұзақ уақыт еленбеді және де немесе қабылдау практикалық қызметтің сыртында (субъективті менталистік психологияның әр түрлі бағыттары) зерттелді, немесе қызмет қабылдауға тәуелсіз (қатаң бихевиористер) қарастырылды.
Тек соңғы он жылдықта олардың арасындағы генетикалық және функционалдық байланыстар психологиялық зерттеу пәні бола бастады. Диалектикалық материализмнің қоршаған шындықты танудағы практиканың роліне қатысты белгілі философиялық ережелерге сүйене отырып отызыншы жылдардың басында кеңестік психологтар (Б. Г. Ананьев, П. Я. Гальперин, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, Б. М. Теплов және т. б. ) қабылдаудың субъекті қызметінің сипатына байланыстылығын зерттеуге кірісті. Біздің қызметкерлермен бірге психология Институты мен ПҒА мектепке дейінгі тәрбие Институтында жүргізген қабылдауды онтогенетикалық зерттеулеріміз осы бағытта жүрді.

Қабылдау - аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі бслсенді психикалық әрекет. Бұл күрделілік пен белсенділік келесі жәйттерден көрінеді. Бұл алдымен, ақпарат ағымы - бұл сезім мүшелері жәй іркенушінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдау лелердем миға жетуі ғана смсс. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады (мәнді тетіктерін байқастыру үшін заттарды түртіп көру мен көзбен шолып шығу; дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті құбылыстарды әуендеп не күбірлей қайталау) . Сондықтан да, психикалық қабылдау процесін субъектінің затты тануға ұмтылған тікелсй іс-әрекеті деп қарастырған жөн.
Балалардың практикалық қызметінің ерекшеліктері және оның жастық өзгерістері адам қабылдауы онтогенезіне айтарлықтай әсер ететін сияқты. Бүтіндей қызмет сияқты, сондай-ақ оның құрамына кіретін перцептивті процесстердің дамуы спонтанды емес жүреді. Ол өмір мен үйрету жағдайларымен анықталады, оның барысында Л. С. Выготский атап өткендей, бала бұдан бұрынғы буындармен жиналған қоғамдық тәжірибені игереді

Зерттеу мақсаты ол қабылдау жөнінде ұғымды зерттеу.

Міндеттері:

Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;

Қабылдау туралы түсінікті зерттеу;

Қабылдаудың кезендеріне талдау жасау;

Естің түрлері, қасиеттеріне анықтама беру;

Қабылдау туралы жалпы түсінік

Қабылдау - сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінентуған заттың тұтас бейнесі.

Қабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін анализденген затты синтездеу керек. Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады. Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды. Қабылдаудың түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді.

  • 1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.
  • 2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері, түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.
  • 3. Қабылдаудың таңдамалылығы. Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады
  • 4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша.

Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты.

Уақытша түрі - адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады. Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді. Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі. Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп - заттардың алыстығын, түрін, көлемін қате қабылдау.

Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды. Кеңістікте қабылдау деп - дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады.

Қабылдау мен қызметтің дамуы

Қабылдау, субъектінің практикалық қызметін бағыттай отырып, сонымен бірге өз дамуында осы қызметтің жағдайлары мен сипатына тәуелді. Ж. Пиаже айтқандай генезисті, перцептивті процестердің құрылымы мен функцияларын зерттеуде проблеманы “праксеологиялық” тәсілдемемен қараудың мәні маңызды.

Қабылдау мен қызметтің өзара байланысы психологияда ұзақ уақыт еленбеді және де немесе қабылдау практикалық қызметтің сыртында (субъективті менталистік психологияның әр түрлі бағыттары) зерттелді, немесе қызмет қабылдауға тәуелсіз (қатаң бихевиористер) қарастырылды.

Тек соңғы он жылдықта олардың арасындағы генетикалық және функционалдық байланыстар психологиялық зерттеу пәні бола бастады. Диалектикалық материализмнің қоршаған шындықты танудағы практиканың роліне қатысты белгілі философиялық ережелерге сүйене отырып отызыншы жылдардың басында кеңестік психологтар (Б. Г. Ананьев, П. Я. Гальперин, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, Б. М. Теплов және т. б. ) қабылдаудың субъекті қызметінің сипатына байланыстылығын зерттеуге кірісті. Біздің қызметкерлермен бірге психология Институты мен ПҒА мектепке дейінгі тәрбие Институтында жүргізген қабылдауды онтогенетикалық зерттеулеріміз осы бағытта жүрді.

Балалардың практикалық қызметінің ерекшеліктері және оның жастық өзгерістері адам қабылдауы онтогенезіне айтарлықтай әсер ететін сияқты. Бүтіндей қызмет сияқты, сондай-ақ оның құрамына кіретін перцептивті процесстердің дамуы спонтанды емес жүреді. Ол өмір мен үйрету жағдайларымен анықталады, оның барысында Л. С. Выготский атап өткендей, бала бұдан. Бұрынғы буындармен жиналған қоғамдық тәжірибені игереді. Жекелеген жағдайда өзіндік ерекше адамдық сенсорлық оқыту перцептивті процесстерді тіршілік етудің жеке бастық жағдайларына бейімдеуді ғана емес, сондай-ақ қоғам жасаған сенсорлық эталондар жүйесін (олардың қатарына мысалы, жалпылай қабылданған музыкалық дыбыстар шкаласы, әр түрлі тілдердің фонемалар решеткасы, геометриялық формалар жүйесі, т. т. жатады) игеруді ойлайды. Жекелеген индивидтер игерілген этолондарды қабылданатын объекті зерттеу және оның қасиеттерін бағалау үшін пайдаланады. Мұндай эталондар қабылдаудың жедел бірліктері болады, оның практикалық қызметі құралмен жанама түрленсе, ал ойлау қызметі - сөзбен түрленген сияқты баланың персептивті іс әрекетін жанама түрлендіреді.

Біздің топшылауымызға сәйкес, перцептивті іс әрекеттер нақты жағдайды ғана бейнелеп қоймай, белгілі бір шамада практикалық іс әрекеттер нәтижесінде мүмкін болатын оның түрленулерін алдын ала біледі. Осында сенсорлық алдын ала білулерге (интеллектуальды алдын ала білуден айтарлықтай өзгешеленетін) бола перцептивті әрекеттер тәртіптің жақын болашағын анықтау және субъект алдында тұрған мәселелер мен жағдайларға сәйкес оны реттей алады.
Негізінен біз баланың көру және сезіну процесін зерттесекте, дегенмен анықталған заңдылықтар, біздің қызметкерлердің зерттеулері көрсеткендей, басқа да сенсорлық модальдықтарда (есту, кинестетикалық қабылдау және т. б. салаларда) жалпы мәнге ие болады және өзіндік көрініс береді.
Біз қабылдаудың қызмет сипатына тәуелділігін зерттедік:
a) Баланың онтогенетикалық дамуы тұрғысында
b) Функционалдық (қандай да бір перцептивті іс әрекеттердің сенсорлық оқыту әсерімен қалыптасу процессінде) даму барысында.

3. Ес туралы жалпы ұғым

Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:

  • а) әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;
  • ә) әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;
  • б) олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.

Осыған орай ол нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады:

  • 1) аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы, түс - сары) ;
  • 2) ұқсас ассоциациялар (мысалы, қарындаш, дәптер) ;
  • 3) қарама-қарсы ассоциациялар (мысалы, ақ - қара; ұзын - қысқа) .

шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады. Қазақ ғұламасы Абай ес туралы “Отыз бірінші сөзінде”: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде иә көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек”, - дейді. Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әр қилы. Психикалық белсенділік сипатына байланысты ол қимыл-қозғалыс есі, эмоциялық-сезімдік ес, бейнелі-көрнекілік ес және сөздік-мағыналық (логикалық) ес болып бөлінеді. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай ерікті ес, еріксіз ес болып бөлінеді. Адамның ақпаратты қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай қысқа ес және ұзақ мерзімді (түпкілікті) ес, сондай-ақ, шұғыл ес болып бөлінеді. Естің кейбір түрлері арнайы аспап - мнемометр арқылы өлшенеді. Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз - ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде бозарады не қызарады. ґйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған. Сөздік-мағыналық (логикалық) ес ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі пішімдер арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Естерді ерікті ес және еріксіз ес деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің есте берік қалуы деп аталады. Мұндай жағдайда осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі. Естің бұл түрі қысқа мерзімді ес деп аталады. Психология ғылымында қысқа мерзімді ес “шұғыл” ес (түрлі амал-тәсілдер есі) деп аталады. Ал түпкілікті ес қабылдаған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі - әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да қатысты болуы. Ес түрлері бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, сөздік-мағыналық ес мағыналы болумен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Ес бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Есте қалдыру дегеніміз жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:

  • 1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;
  • 2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы;
  • 3) Есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдардың ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің мәнін білу;
  • 4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру;
  • 5) қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп, қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.
4. Ес түрлері

Ес түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:

1. Психикалық белсенділікке қарай:

  • 1) Қозғалыс есі - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі;
  • 2) Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру;
  • 3) Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту;
  • 4) Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.

2. Мақсатқа қарай:

  • 1) Ырықты ес - түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;
  • 2) Ырықсыз ес - адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.

3. Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай:

  • 1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;
  • 2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру (ұзақ мерзімді ес) ;
  • 3) Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.

1. Есте қалдыру. Есте қалдыру - мәліметті белсенді қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны теру процесстері. Есте қалдыру түрлері төменде көрсетілген:

  • 1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;
  • 2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру;
  • 3) Оперативті есте қалдыру;
  • 4) Ырықты есте қалдыру. Жаттау - ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты;
  • 5) Ырықсыз есте қалдыру;
  • 6) Логикалық есте қалдыру;
  • 7) Механикалық есте қалдыру - заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным процестер және олардың инженерлік ерекшеліктері
Ұғым— логакалық категория
Жалпы психология пәні
Әлеуметтік перцепциялар түсінігі
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Жүйелеу және оның түрлері
Түйсік пен қабылдаудың патологиясы туралы мәлімет
Жеке тұлға психологиясы
Сана мен таным
Түйсік туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz