Педагогикалық зерттеудің қисындық құрылымы



1.Педагогикалық зерттеудің негізгі кезеңдері
2.Зерттеу проблемасын анықтау . ғылыми ізденістің бастапқы кезеңі
3.Зерттеу тақырыбы, өзектілігін дәлелдеу
Ғылыми ізденістің нәтижелігі зерттеу қадамдарының бірізділігіне байланысты, яғни зерттеу қисыны шынайы нәтижеге экелуі тиіс. Қисынды жасау - күрделі үрдіс. Оның үш кезеңін белгілеуге болады: мақсат қою, зерттеу және енгізу-рэсімдеу.
Бірінші кезеңде - тақырыпты таңдау, міндеттерді анықтау, болжам жасау (мәселе - тақырып - объект - пән - ғылыми фактілер - бастапқы тұжырымдама - жетекші идея және пікір - болжам - зерттеу міндеттері сызбасы бойынша жүреді).
Екінші кезеңде - әдістерді таңдау - болжамды тексеру - алдын-ала қорытындыларды белгілеу - оларды сынақтан өткізу және нақтылау -қорытынды жасау сызбасы бойынша жүзеге асады.
Үшінші кезеңде - сынақтан өткізу (қорытындыларды талқылау, оларды қоғамға ұсыну), жұмысты рэсімдеу (есеп беру, баяндамалар, кітаптар, диссертациялар, ұсыныстар, жобалар және т.б.) және нәтижелерін практикаға ендіру.
В.И. Загвязинский, Р.Атаханов зерттеу қисынын құрылымдаудың 3 кезеңін бөліп көрсетеді: қойылым кезеңі, өзіндік зерттеу кезеңі, дайындау-тарату кезеңі.
Қойылым кезеңі - бұл зерттеудің міндеттерін және ғылыми болжамын, зерттеу тақырыбын таңдау аралығындағы кезең, ол зерттеудің барлық кезеңдеріне ортақ қисынды сұлбамен жүзеге асырылады. (мәселе-тақырып-нысан-ғылыми деректер-негізгі ой - зерттеу ниеті- ғылыми болжам-міндеттер).
Өзіндік зерттеу кезеңінің зерттеу жұмысын орындаудың қисынды сұлбасы жалпы мағыналы түрде беріледі (әдістерді таңдау-ғылыми божамды тексеру-алдын ала жасалған қорытындыларды құрылымдау-оны ресми мақұлдау және нақтылау- соңғы қорытынды жасау).

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Педагогикалық зерттеудің қисындық құрылымы. Зерттеудің проблемасын және тақырыбын анықтау ғылыми ізденістің
бастапқы кезеңі ретінде
Педагогикалық зерттеудің негізгі кезеңдері
Зерттеу проблемасын анықтау - ғылыми ізденістің бастапқы кезеңі
Зерттеу тақырыбы, өзектілігін дәлелдеу

1. Педагогикалық зерттеудің негізгі кезеңдері
Ғылыми ізденістің нәтижелігі зерттеу қадамдарының бірізділігіне байланысты, яғни зерттеу қисыны шынайы нәтижеге экелуі тиіс. Қисынды жасау - күрделі үрдіс. Оның үш кезеңін белгілеуге болады: мақсат қою, зерттеу және енгізу-рэсімдеу.
Бірінші кезеңде - тақырыпты таңдау, міндеттерді анықтау, болжам жасау (мәселе - тақырып - объект - пән - ғылыми фактілер - бастапқы тұжырымдама - жетекші идея және пікір - болжам - зерттеу міндеттері сызбасы бойынша жүреді).
Екінші кезеңде - әдістерді таңдау - болжамды тексеру - алдын-ала қорытындыларды белгілеу - оларды сынақтан өткізу және нақтылау -қорытынды жасау сызбасы бойынша жүзеге асады.
Үшінші кезеңде - сынақтан өткізу (қорытындыларды талқылау, оларды қоғамға ұсыну), жұмысты рэсімдеу (есеп беру, баяндамалар, кітаптар, диссертациялар, ұсыныстар, жобалар және т.б.) және нәтижелерін практикаға ендіру.
В.И. Загвязинский, Р.Атаханов зерттеу қисынын құрылымдаудың 3 кезеңін бөліп көрсетеді: қойылым кезеңі, өзіндік зерттеу кезеңі, дайындау-тарату кезеңі.
Қойылым кезеңі - бұл зерттеудің міндеттерін және ғылыми болжамын, зерттеу тақырыбын таңдау аралығындағы кезең, ол зерттеудің барлық кезеңдеріне ортақ қисынды сұлбамен жүзеге асырылады. (мәселе-тақырып-нысан-ғылыми деректер-негізгі ой - зерттеу ниеті- ғылыми болжам-міндеттер).
Өзіндік зерттеу кезеңінің зерттеу жұмысын орындаудың қисынды сұлбасы жалпы мағыналы түрде беріледі (әдістерді таңдау-ғылыми божамды тексеру-алдын ала жасалған қорытындыларды құрылымдау-оны ресми мақұлдау және нақтылау- соңғы қорытынды жасау).
Дайындау-ендіру - бұл ресми мақұлдау, қорытындылау, талқылау, оны
қоғамға ұсыну, зерттеу жұмысын дайындау (есеп берулер, баяндамалар, кітаптар,диссертациялар, ғылыми ұсынымдар, жобалар) және нәтижені тәжірибеге ендіру. Әр зерттеудің қисынының өзіндік ерекшелігі болатынын атап өткен жөн.
Сондықтан әр зерттеу жұмысынан мәселенің сипатына, зерттеудің пәнімен міндетіне және т.б. факторларға қарай ізденудің жүйелі оңтайлы нұсқасын табу қажет.
Зерттеудің әдіснамалық және тәртіптік бөлігі болады. Әдіснамалық бөлім (әдіснамалық аппарат) мәселені, тақырыпты, нысанды, бұйымды зерттеуден, терминдерді нақтылап, мақсатты, міндетті, ғылыми болжамдарды тұжырымдаудан тұрады.
Тәртіптік бөлім зерттеудің жоспарын жасау, мәліметтерді жинау техникасы мен әдісін сипаттау болып табылады.
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-теориялық немесе теориялық, прогностикалық-жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі - зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ элі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.
Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мәні: зерттеу объектті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық (эксперименталды-теориялық) деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нәтижесінде түтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті - осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.

2. Зерттеу проблемасын анықтау - ғылыми ізденістің бастапқы кезеңі
Педагогика саласында жүргізіліп жатқан зерттеулердің ауқымдылығына қарамастан, басым бағыттар бойынша жаңа зерттеулер ұйымдастыру ең негізгі қажеттілік болып қала береді. Мәселелердің негізгі бағыттары:
Бірінші бағыт, адамды қоғам дамуында техника мен технологияны меңгерген, жалпы өндіруші күш ретінде, яғни ғылымның барлық жетістіктерін игере отырып, өз қызметінде көздеген мақсатына қол жеткізуі, оны әлеуметтенуді жүзеге асырушы және мәдениетті қалыптастырушы ретінде танумен байланысты. Осыдан қазіргі тұрақсыз қоғамда адам туралы ілім-білімді тереңдету мен оны тұрақтандыру шарттары маңызды міндет болып отыр.
Екінші бағыт, қазіргі балаларда айқын байқалатын психологиялық, әлеуметтік-психологиялық өзгерістерді терең зерттеу қажеттілігімен байланысты.
Үшінші бағыт, өсіп келе жатқан ұрпақтың тұлғалық дамуына байланысты жаңа пайымдауларды қарқынды іздеу, іс-әрекетінің сипатын, деңгейін анықтау. Бұндай ер жетуге экелетін бірнеше себептерді білу қажет:
адамның тұлға ретінде қалыптасуының табиғи алғышартын ашу.
әлеуметтік ортаның және тәрбиелеу жүйесінің баланың тұлғалық дамуына тигізетін әсерінің сипаты мен ерекшеліктерін анықтау;
іс-әрекет субъектісі ретінде адамның тұлғалық даму үрдісінің мазмұны мен заңдылықтарын сараптау;
қазіргі әлеуметтік қоғамда жекешеленуді жүзеге асыру ерекшеліктерін, құралдарын, шарттарын айқындау.
Төртінші бағыт, оқытудың қолайлы мерзімін айқындай отырып, балаларға нені және қалай оқыту керек екендігін анықтау. Оқыту үрдісінің мазмұны мен мәні, құрылымы қандай болу керек, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушыларының оқу үрдісінің айырмашылықтарын білу қажет. Бұл ретте, білім беру, оны игерудің жаңа әдістерін ашу мен қатар, есею кезінде жасөспірім, біліммен іскерліктен басқа тұлғалық сапаға ие болуы маңызды. Бұнда өсіп келе жатқан ұрпақтың бойынан нақты ұлт, қазақ халқына тэн жалпы тұлғалық құндылықтарды ашу мен тәрбиелеудің маңыздылығымен байланысты.
Бесінші бағыт, ақпараттық жарылыспен сипатталатын, қоғам дамуындағы шапшаң ілгерлеушіктермен байланысты түбегейлі өзгерген өмір кеңістігінде қазіргі баланың қалыптасуы және білім беру үрдісінің ұйымдастырылуы мәселесімен байланысты: Бұнда бірінші орынға қойылатын міндеттер:
Қуатты ақпараттық ағынның, бұқаралық ақпарат құралдарының, бейне нарықтың және ғаламтордың балаларға әсерін айқындау;
Қазіргі жағдайда білім алуға деген қызығушылықты арттырып қоймай, білім алу үрдісінде қажетті ақпаратты дербес таңдай білуді қалыптастыратын білім беру үрдісінің педагогикалық-психологиялық негіздемесін іздеу.
Алтыншы бағыт, субмәдениеттің жастарға әсерін, баланың жаңа әлеуметтік байланыстарының құрылымы мен рухани дамуының белсенділігін анықтау, соның ішінде, өзін-өзі дамытуда педагогикалық-психологиялық демеу көрсетуден тұрады.
Жетінші бағыт, бір жағынан жастардың ерік-жігерін тұрақтандыру мүмеіндіктерін қарастыру, екінші жағынан балалар қауымдастығында адамгершілік құндылықтарды қалпына келтірумен байланысты. Сегізінші бағыт, қазіргі жағдайда элемдегі болып жатқан өзгерістердің көп қырлылығы мен қиындығы, сонымен қатар, ұлтаралық қатынастағы педогогикалық- психологиялық өзгерісті зерттеу және адам бойындағы төзімділікті тәрбиелеумен байланысты.
Тоғызыншы бағыт, балалармен үлкендерге психологиялық-педогогикалық көмек көрсетудің теориялық негізін құрылымдауды кең көлемде анықтау қажеттілігімен байланысты. Психологиялық және әлеуметтік педогогикалық бейімдеу қызметінің жүйесін құру мәселесін қарастырумен байланысты.
Оныншы бағыт, болашақ ұрпаққа арналған психологиялық, психологиялық-әдіснамалық ғылыми-психологиялық оқу құралдарымен кітаптарды шығарудың негізін қалау және олардың жаңа ақпараттық технологиялармен, соның ішінде ғаламтормен байланысын анықтау болып табылады.
Әрине, психологиялық-педагогикалық өзекті мәселелер шеңбері айтарлықтай кең. Қазіргі күні терең теориялық ұғынуды және тәжірибелік жұмыстың ауқымын кеңейтуді талап ететін педагогикалық-психологиялық міндеттер мен тақырыптар көп.
Ғылыми ізденудің алғашқы кезеңі зерттеу саласын таңдаудан басталады. Таңдау объективті (өзектілігі, жаңашылдығы, болашаққа қажеттілігі) және субъективті (тәжірибе, ғылыми және Кәсіби қызығушылықтар, зерттеушінің қабілеті мен ойлау деңгейі) себептерге байланысты болады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, педагогикалық ізденудің саласы мен себебі жанжақты. Бұлар:нәтижені қамтамасыз ететін табысқа жету шарттары, немесе, керісінше, педогогикалық қызметтегі кемшіліктер, оқыту мен тәрбиелеудегі тар мүмкіндіктер болуы мүмкін. Зерттеудің өзектілігі зерттеушінің алдында тұрған міндеттер мен мәселелерді шешудің маңыздылығын көрсетеді.
Ғылыми жұмыстың бағытын таңдай отырып, зерттеуші зерттеу жұмысының келелі мәселесін анықтайды. Проблема және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет сабағындағы жаңа әдіс-тәсілдер
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Педагогикалық жүйелердің әдіснамасы
Тарих кабинетін безендіру
Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі әдіс - тәсілдері
Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы
Салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің әдістері
ГЛОСАРИЙ. Оқу-тәрбие процесін технологияландыру
Сөздің психологиялық құрылымы
Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері
Пәндер