Қиын балаларды қайта тәрбиелеуді ұйымдастыру технологиялары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қиын балаларды қайта тәрбиелеуді ұйымдастыру технологиялары.

Қазіргі кезде, әсіресе еліміздің тәуелсіздігін нығайтуда өз ұрпағымыздың салауатты өмір салтын күшейту, рухани адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттілігі туындауда. Сондықтан да, ұрпақ тәрбиесіндегі теріс, оқыс мінез-құлықтарды жойып, жетілген тұлға тәрбиелеу мәселелері алға қойылуы тиіс. Онда жетілген тұлға деп кімді айтамыз? Ол - өз ақыл-ойын, сезімін еркін үйлесімдікке ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастыратын, адамгершілік қағыдаларды менгерген адам!

«Қиын оқушының» аталғаннан басқа типтері жоқ деп айтуға болмайды. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде де, тәжірибелерде де анық көрінетін «Қиын оқушы» орта буында, яғни жеткіншек шақта ашық байқалады. Жеткіншектердің өзі туралы ойы қалыптасады өзін ұжымның көзімен көру анық көрінеді. Сондықтан өте сезімтал болып, өзі туралы айтылған жайттарды» өзі туралы өзгелер не ойлайды?» деген сұрауды жанына жақын қабылдайды. Егер бұған дейін (төменгі сыныпта) ол өзіне айтылған ескертулерге мейлі ол қатты, қатаң айтылсын, мән берілмейтін болса, орта буында ескертулердің қандайын болса да қабылдамай қарсы шығатынын байқауға болады. Оның үстіне, балалар әртүрлі және олар мектепте мұғалім алдында әртүрлі органнан, әртүрлі тәрбие беретін отбасына келеді.

Мысалы, біреулері дөрекілік патшалық ететін ортада өседі, бұл оның адамгершілік қасиеттерінің сапасына және мінез-құлқының қалыптасуына міндетті түрде әсер етеді. Осыдан барып бала тұйық, жасқаншақ, өтірікші, лыппай бұйығы болып келеді, егер тағы әлеуметтік жағдайы төмен немесе сәтсіз отбасынан шыққан болса, материалдық жағынан өзін өзгемен салыстырып, өзгеден өзін төмен санап, қамығып оқшауланып осының салдарынан сабақтан да жиі қалатын болады. Енді біреулері керісінше, өлшеуден тыс қамқорлықтың салдарына өз талап тілектеріне бола алмайтын еркелікке, кесірлікке бой алдырған болып келеді.

Бұл баланың жүйке жүйесінің әлсіз болуына тез әсерленгіш және әділ айтылған сынның өзін ащы қабылдайтын, өзін-өзі аяғыш, басқалар бұған үнемі әділетсіз қарайтындай сезінетін бала болып шыға келеді. Нәтижесінде бұндай балалар үйінен жиі қашқыш, тығылып қалғыш, өзін біреулер тауып алғанша күтіп отыратын, «үйге қайт» деп жалынғанын күтетін, сосын өз дегеніне қол жеткізетін, бопсалаушы болып шыға келеді. Бұл айтылғандар баланың ішкі жан дүниесіндегі жүріп жатқан құбылыстар, тәрбиешіге оны көре білетін көз, адамның жан дүниесіне үңіле білетін сезімталдық керек. Кейде кездейсоқ кездесетін адамда баланың ішкі жан дүниесіне әсерін тигізе алады.

Ата-аналар ең бірінші баланың ішіне үңіліп «Балам қандай?», «Неге қызықтыруым керек?» деген қарапайым сұрақтарға толық жауап алумен қатар мақсатты түрде тәрбиелеуді ұйымдастырғаны және өз мүмкіндігінде ескергені жөн. Ал мұғалімдер осындай әртүрлі тәрбие алған балаларды анықтап алғаннан кейін олардың қолынан ненің келетіндігін, неге оның әлі келмейтіндігін осыны біліп алғаны жөн.

Өкінішке орай тура осы тұстан қателіктер кетіп жатады. Ата-аналар баласының тәрбиесін біреуге итере салып, баласының бойынан көрінген жақсылықтарды өзі емес, мектептегі мұғалім ашып жатса намыстанбайды. Ал қоғамымыздың ересек мүшесі өз кезегінде бір ерке балаға тәрбиеші бола алатындығын ұмытпай, осы жауапкершілікті адамгершілікпен атқарғаны жөн. «Қиын оқушы» аспаннан дап-дайын болып түспейді, ол осы аты аталған тәрбиешілердің бірінің болмаса бірінен кеткен қателіктердің жемісі екендігін еш естен шығаруға болмайды.

Бала бақытсыздығы өзін түсінетін, жанын ұғатын, бағыт сілтейтін, ісін түзетуге көмектесетін тәрбиешінің болмауында.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас әсер етеді. Отбасы, туыстар, мұғалімдер, сыныптастар арасындағы қарым-қатынастардың тұлғаға тигізер ықпалы зор.

Психология ғылымының белгілі мамандары Б. Г. Ананьев[31], В. В. Давыдов[32], Қ. Б. Жарықбаев[33], Ж. И. Намазбаева[34], М. М. Мұханов[35], В. К. Шабельников[36] сияқты ғалымдардың зерттеулерінде балалардың әлеуметтік және жеке білімдері мен өмір тәжірибелерінде, адамзат қоғамының жетістіктерін, рухани байлықтарын игеріп, мінез-құлықтарына, дүниетанымдарына қалыптастырып отыру қажеттігі айқындалған.

Жас ерекшелік психологиясының мәселелерімен айналысқан көптеген авторлардың пікірлерінше мінез-құлықтағы қиындық көп жағдайларда жас жеткіншектерде, әсіресе ұл балаларда тез байқала бастайды деп айтылған. Баланың мектепке келуі және осымен байланысты өміріндегі жаңа бейнелер оның әлеуметтік жағдайына жаңа мән, өзгерістер береді.

Баланың моральдық бейнесі, моральдық мінез-құлқы, психикасы негізінен оның іс-әрекетінің үстінде дамиды, ал іс-қимылдың алғашқы іргетасы балалық кезде қалыптасады. Демек баланың моральдық тұңғыш мектебі жанұяда өтеді. Жеке тұлғаның келешектегі мінез-құлқының бастапқы нышаны, іргетасы өте жас кезінде-ақ көріне бастайды.

Мектепке келгенннен кейін баланың адамгершілігінің дамуын одан әрі дұрыс жолға қойып тәрбиелеу мұғалім мен үлкендердің, ата-аналардың бірлескен әрекеті, міндеті болуы тиіс, мұндай бірлескен істің болмауы, ретке келтірілмеуі мінез-құлқы қиын балалардың пайда болуына себепкер болып жатады.

Әрбір баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, психикалық даму кезінде байқалады. Ал тәрбие процесін басқару өте қиын, күрделі, ол еш уақытта бірқалыпты жағдайда өте бермейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Мұның себебі, жоғарыда айтылғандай бала дамуында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын педагогтар мен ата-аналар тарапынан ауытқулар болып, соның нәтижесінде тәрбиесі қиын балалардың мінез-құлықтары қалыптасады. Кейде мұндай жағдайларды жеткіншектердің өздеріне аудара салып, тәрбиеге көнбейтін оқушылар деп жатады. Оның әртүрлі себептермен туындап жататынына терең мән бере бермейміз. Сол себепті де тәлімгер- оқытушылар мінез-құлқы қиын балаларды анықтап, оларды тәрбиелеу жолдарын төмендегі ұсыныстарымен байланыстыруына болады:

  1. Мұғалімнің күнделікті оқу-тәрбие жұмысының процесінде оқушылардың дара ерекшеліктерін бақылап, есеп алып отыруы;
  2. Педагогикалық- психологиялық нақты зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мұғалім балаларда кездесетін әр түрлі жағымды және жағымсыз дара ерекшеліктерін байқауы ( мұнда кейбір балалардың оқу материалын тез ұғуы немесе баяу ұғуы, берілген тапсырманы мезгілінде бұлжытпай орындауы немесе түрлі сылтауларды айтып бас тартуы, іс-әрекеттерінің барысындағы белсенділік немесе енжарлық, бір баланың байсалды, ұстамды болуы, екіншісінің жеңілтек, қызба болуы, баланың ұжымшыл болуы немесе ұжымнан өзін оқшау ұстауы т. б. ) ;
  3. Оқушылардың мінез-құлқын, олардың сана-сезімінің жетілу дәрежесін танып, біліп отыру;
  4. Оқушылармен санасып отыру, яғни тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы дұрыс емес сенімдерді қайта құру, түзету. Дәлірек айтқанда, балаларды теріс саналардың шырмауынан босатуды - қайта тәрбиелеу әдістерімен жүзеге асыру ;
  5. Оқушы өмір сүріп отырған әлеуметтік ортасының сырын ашу (өзі араласатын құрбы-құрдастар тобы) және оны, әсіресе қайта тәрбиелеуде жетекші күш бола алатын ұжымын (сынып, секция, үйірме жұмыстары т. б. ) белгілеу;
  6. Балалардың ерекшелігін ескеріп, кейбір жағдайда жеткіліксіз тәрбиенің нәтижесінде балалардың мінез-құлқында теріс әдеттер байқалатынынына көңіл бөліп, оларды ізеттілік, ұстамдылық сияқты әдеттерге тәрбиелеу жолдарын іздестіру.

Жалпы айтқанда, мінез-құлық және жүріс-тұрыс ауытқулары бірден пайда болмайды. Кейбір теріс қылықтар қараусыз қалады. Міне, бұл соның нәтижесі. Ең басты міндет мінез-құлық және жүріс-тұрыс тәрбиенің дамуындағы ауытқулардың алдын алу. Сондай-ақ, тәрбие саласындағы мәселелерді жан-жақты қарастыра отырып, тәрбиесі қиын балалармен жұмыс істеудің нақты жолдарын көрсете білу.

Демек, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім мазмұны мен оқу-тәрбие үрдісінде осы мәселелер кеңінен орын алуы тиіс деп ойлаймыз. Себебі, заман талаптарының қиыншылықтарын (әлеуметтік дағдарысын) мына біз үлкендермен бірдей сезініп жүрген жас жеткіншектерге педагогикалық-психологиялық тұрғыда қолдау беріп, олардың жан дүниесімен санасып, патриоттық тәрбие бере білсек, онда олар еліміздің тірегі, сіздердің ұрпақтарыңыздың жалғасы бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері
Дене жаттығуларының сипаттамасы
Интерактивті оқыту
Тәрбие технологиялары ұғымының мәні
Мектеп жасына дейінгі балаларды математикаға оқытуда пайдаланылатын дамытушы ойындар ерекшеліктері
Тәрбие технологияларының жіктелуі
Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалардың шығармашылықтарын қалыптастыру
Ойды логикалық түрде дамыту
Бастауыш сынып оқушылардың ғылыми әрекетін қалыптастыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz