ХVI ғасырдағы және XVII ғасырдың басындағы Германия


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ХVІ ѓасырдаѓы жєне ХVІІ ѓасырдыњ басындаѓы Германия

Жоспар

  1. Х‡ ѓ. аяѓында Х‡І ѓ. басында Германияныњ экономикалыќ дамуы.
  2. Х‡І ѓ. басындаѓы Герман империясы.
  3. Х‡І ѓ. басындаѓы шаруалар кµтерлістері.
  4. Неміс гуманизімі.
  5. Шаруалар кµтерлісі жєне оныњ негізгі аудандары.

6. Х‡І ѓ. екінші жартысындаѓы Германия. Экономикалыќ ќ±лдырау.

XVI ғасыр басында Орталық және Батыс Еуропада католик шiркеуiнiң материалдық және саяси талаптары өстi. Себебi, бұл кезеңде католик шiркеуi бүкiл феодалдық құрылыстың идеологиялық тiреуiне айналған едi. Индульгенция Папалар мен жоғарғы дiни қызметкерлер феодализмнiң мәнiн жете түсiне отырып, оның тiрегiмiн деп есептедi. Папаның дипломаттары мен салық жинаушылары бүкiл Еуропаға тарап кеттi. Олардың қойған талаптары жаңадан қалыптасып келе жатқан буржуазияның наразылығын туғызды. Шiркеудiң талаптары XV-XVI ғасырлардың басында ортақ мемлекеттерден тойтарысқа кездестi. Бiрақ, Германияның бытырың қылығы папалар билiгiне мүмкiндiк бердi. Германиядан түскен көптеген ақша папа билiгi үшiн кетiп жатты. Бұған наразылықтың күшеюi реформациялық қозғалыстың басталуына түрткi болды. Яғни, елдi папалық талаптардан құтқару мәселесi немiс халқының мiндетiне айналды. Шiркеу реформасын жасау сол кездiң күнделiктi программасына айналды. Бiрақ бұл процесс әлеуметтiк таптардың әрқайсысы өздерiнше ұғынып, өз мақсаттары тұрғысынан ерекше мән берiлiпқаралды. Олардың шiркеуге оппозиция болуы барлық элементтердi бiраз уақытқа дейiн бiрауыздылығын көрсеттi. Бұлқозғалыста Германияның гуманизмi маңызды орынға ие болды. Бұлар немiстердiң ұлттық жағынан дамуын, схоластикамен дамуын, дiннен iргесiн ашып алуын және ең бастысы Рим папасына қарсы болды. Дөрекiлiк пен опасыздықты сынады. Олар өз шығармаларында дүниенiң рахатын, адам жаратылысын, адам рухының азаматтығы мен мәдениет жетiстiктерiн мадақтады. Әсiресе, немiс гуманизмiнiң iшiнде “Германияның қос шырағы” аталған Э. Роттердамский мен И. Рейхмин үлкен беделге ие болды. Эразм Роттердамский (1466-1536) өзiн-өзi “әлемнiң азаматымын” деп атады. Ол адам еркiнiң белсендiлiгi үшiн күрестi уағыздады, соғысты сынады. Бiрақ папаға қарсы шыққанымен дүниедегi дүниедегi дiншiл дiн-шiркеулiк принциптердi жақтады. Христиандық дiнге рационалдық негiз берудi талап еттi. Реформациялық төңкерiске қарсы И. Рейхмин болса, христиандық мораль мен гуманизмдi ымыраластыруға тырысты. Христиан дiни шiркеуiмен қарсыласуды қаламады, Реформацияға қарсы болды. Оның шәкiрттерi “Рейхмин iсiн” жалғастырды.

Еуропалықтар үшiн ортақ оқиға-Реформацияның Германияда кең көлемдi қозғалыс сипатына ие болды. Бұл процесс Еуропада феодализмге қарсы алғашқы iрi шайқасқа айналды. Мартин Лютер 1517 жылы қазанда 95 тезиспен күнәнi кешiретiн грамоталарға қарсы шығуы Реформациялық қозғалыстың басталуымен байланысты болды. Мартин Лютер (1483-1556) Уилибем қаласында (Саксония) туылды. Оның әкесi мыс рудасын алатын бюргерлердiң бай иелерiнiң бiрi болды. Бюргерлер княздарданқысым көрiп отырды.

Осындай бюргерлердiң арасында және католиктiк дiн иелерiне деген оппозиция күшейе түстi. Осындай ортада өскен М. Лютер 18 жасында Эрфурт университетiне оқуға түсiп, гуманистердiң радикалдық үйiрме мүшелерiнiң ықпалына түседi. Католик дiнiнiң ықпалынақарамай шiркеу мен дiн иелерi адам менқұдай арасында дәнекер бола алмайды деп жариялады. Лютер ұсынған негiзгiқағида адам өз жанының тазаруына шiркеу мен оның догмасы емес, құдайдың өзi тiкелей дамытқан нанымның көмегi арқылы жетедi деп мәлiмдедi. Дiни ақықаттың түпқазығы дiн аңызы емес, папаның декреттерi емес, қасиеттi кiтап (көне және жаңа өсиеттiң ережелер кiтабы) болып табылады дедi. Лютердiң реформациялық iлiмiнде немiс бюргерлерiнiң таптық шектеулiгi айқын көрiндi. Лютер iлiмi таптық негiзден шектеулi болды. Ол саяси және әлеуметтiк өмiрдi жаңартыпқайтақұру негiзiнде дамытпады. яғни, Германияның билеушi княздары мен феодалдарын Лютер Реформацияның негiзгi тiрегi деп атады. Лютер католик шiркеуiне қарсы ашық күрес -қатынастарды өзгертудiң қажеттiлiгi туралы ашықтан-ашық мәлiмдеуге батылы бармады. Бiрақ Лютердiң тезистерi әр әлеуметтiк таптарына өзiнше әсер еттi. Әр топ өз мүдделерiне енгiзiп жатты. Ал бұқара халық тезистерiнiң сипатына, ехоластикалық мәнiне түсiнбедi. Олар шiркеудiқайтақұру ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк азаттық алу үшiнқойылған талап деп түсiндi. Лютер жаппайқозғалыстан сыртқалмады. Халыққа арқа сүйей отырып, Римге барып сотқа жауап беруден бас тартты, 1519 жылы Лютер папаның өкiлiмен болған айтыста католиктiк дәстүрден толыққол үзгендiк екендiгiн айқындап бердi. 1520 жылы 21 қыркүйекте Лютердi шiркеуден аластау туралы папаның үкiмi жарияланды. Оған Лютер бiрнеше ма қалалар жазумен жауап бердi. Сөйтiп, 1520 жылы 10 желтоқсанда Виттенберг университетiнiң ауласында жиналған студенттер алдында папаның үкiмiн отқа өртеп жiбердi. Папаға қарсы шығуы Лютердi Реформацияның халықтыққозғалысының бiрден-бiр бастысы дәрежесiне көтердi. Бұлқозғалыс соңынан саяси бытырың қылыққа қарсы жүргiзiлгенқозғалыс болған едi. Кейiннен Лютердi жақтаушылардың өзi бiрнеше көзқарасқа бөлiнiп кеттi. Соның iшiнде, ең ықпалдысы Реформациядағы халықтық бағыт болды. Реформацияның мәнiн халықтық революция тұрғысынан ұғынған адам бұл-Томас Мюнцер болды. Оның балалық кездегi өмiрбаяны белгiсiз. Мюнцер Реформация кезiнде Лютердi жақтаушы ретiнде аренаға шықты. Ол 1520 жылы Лютердiң ұсынысымен Саксония қаласына Цвинкауға священник, уағыздаушы болады. Мюнцер халықтың ең кедей таптарын өзiне тарта отырып, Реформацияға жаңа революциялық мазмұн бердi. Мюнцердiң пiкiрiнше, Германиядағы Реформацияның мiндетi дiннiң жаңа формасын орнату емес, шаруалар мен қала кедейлерiнiң әлеуметтiк-саяси төңкерiсi деп есептедi. Ол халықтықанауға қарсы шықты, таптық айырмашылық пен жеке меншiгi жоқ, тәуелсiз шет мемлекеттiк өкiмi жоққоғам болуын уағыздады. Мюнцердiң халықпен жақын болуы революциялық апаратын жол деп есептеген шаруа-плебейлер лагерiнiң көсемi дәрежесiне көтерiлдi.

XVI ғасырда қоғамдық қозғалыс 1524-1525 жылдары Шаруалар соғысында өзiнiң шарықтау шегiне жеттi. Бұл соғыс алғаш Оңтүстiк Шварцвольдта басталды. Мюнцердiң жақтастары 1424 жылдың аяғы мен 1425 жылдың басында революцияшыл шаруалардың алғашқы программасы “статьяланған хатын” жариялады. Бұл хат әртүрлi топтардың талаптары мен шағымдарының кiрiспесi болды. Шварцвольдтағы көтерiлiсшiлер стихиясы негiздеқұрылды. Сондықтан, үстем таптардың партиясына бiрiккен топтар көтерiлiсшiлер арасында iрiткi салуға әрекет жасады. Көтерiлiсшiлердiң революцияшыл топтары бұғанқосылмады. Олар шаруаларды күреске шақырды. Шаруалар соғысының ең алғашқы және ең нағыз революцияшыл бағдарламасы болған “Статьяланған хатының” үндеуiнқабылдап, әрекет жасады.

Революциялық насихатты анабаптистер Швабияда тарқатты. Бұл жерде Цюрих реформаторы У. Цвинглидiң жақтаушылары да насихатталды. Олар жоғары Швабияда 1525 жылы наурызда Мемминген қаласында үш отряд бiрiгiп, “Христиан бiрлестiгiн” құрды. Осы бiрлестiк атақты 12 статья программасын жасады. 12 статья халық қозғалысы арасында өте кең тарады. Баспадан басылып шығып ресми программаға айналды. Осы программа арқылы тактикалыққимыл жасалып, Дунай бойындағы Ульм, Биберах қалаларында бiршама жетiстiктерге жеттi. Бiрақ бiрiккен күштерге қарсылық көрсете алмай, 1525 жылы сәуiрде көтерiлiсшiлер талқандалды. 1525 жылдың аяғында көтерiлiс басшыларының бiрi Гайемайер Тироль мен Зальцбург қалаларында ең соңғы шайқас ұйымдастырды. Бiрақ бұл көтерiлiс жеңiлiп, Гайемайер Австрия үкiметiнiң жiберген адамының қолынанқаза табады. Жеңiлуiнiң бiрнеше себептерi болды. Бiрiншiден, шаруалар бытырың қы бет-бетiмен шабуыл жүргiздi. Екiншiден, әртүрлi таптардың революция көзқарастары әртүрлi болды т. б. Шаруалар соғысы талқандалғаннан кейiн 1533 жылы Мюнстер қаласында Реформация үшiн күрес басталып жеңiске жеттi. 1534 жылы ақпанда қала билiгiн өзқолдарына алды. Оларды наубайшы ян Матис пен тiгiншi Иоанн Лейденеск басқарды. Анабаптистердiң бұл билiгi 14 айға созылды. Мюнстер “Жаңа Иерусалим”, яғни жұмақ өмiрдiң орталығы деп жарияланды. Жаудың қоршауында болғанымен бiршамақайтақұрулар жүргiздi. Мюнстерлiк коммуна жер учаскелерiн бөлiп бердi. Алтын, күмiс сияқтықымбат бағалы заттарды. Конфиссиялап ортақ пайдаға жаратты. Ақша жойылып заттай айырбас жүргiзiлдi. Қоршаудағы Мюнстер ұзақ соғыстан кейiн жауға берiлдi. Қайраткерлерi ұзақ азаптаумен өлтiрiлдi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нидерландының ХVІ-ХVІІ ғасырдағы мәдениеті
Дәстүрлі мал шаруашылғы және егін шаруашылығы
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары
Капитализм генезисі дәуіріндегі ағылшын-балтық сауда-экономикалық қатынастарының тарихы
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
Индия Ұлы Моғолдар билігі кезінде
Қазақтардың этникалық тарихының деректері
ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ ҚАЗАҚ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ
ХІХ ғасырдағы мұқтаждарға көмек көрсету мен қолдаудың негізгі мәселелері
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz