Бейімбет Майлин туралы
1. Б.Майлиннің өмірбаяны
2. Ақындығы
3. Драматургиясы
4. Қорытынды
2. Ақындығы
3. Драматургиясы
4. Қорытынды
Қазақ әдебиетінің XX ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған "алыптар тобында" ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлиннің орны өзгеше, бө¬лек. Қалам қызметіне ерте (1912 жылдан) араласқан Майлиннің ширек ғасыр ішінде жазған тандаулы поэзиялық, прозалық, драмалық шығармалары—біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына.
Қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі жанрларын қалыптастырып, дамытуға сіңірген ерекше еңбегін, бүгінгі қазақ аулының жаңа тарихындағы жиырмасыншы-отызыншы жылдардың көркем шежіресін жасауда атқарған айрықша қызметін өз алдына қойғанда, Бейімбет Майлин өзінен кейін қолына қалам ұстағандарға анық екі қырымен өнеге: 1) "Талант — еңбек" деп Горький айтқандай, саңлақ суреткер өлшеулі ғана шығармашылық ғұмырында өлшеусіз еңбек сүйгіштігімен "Жазушылық — жазу, жақсы жазу, жақсы жаза алсаң қалам құрғатпай жазу" екенін тынымсыз да мігірсіз іс-әрекетімен қолма-қол дәлелдеп кетті; 2) "Әңгіме —шеберлік мектебі" деп Федин айтқандай, құдды қазақтын Чеховы секілді құдіретті зергер әрі қысқа, әрі нұсқа новеллалары арқылы шын мәніндегі әдеби шеберліктің мектебін ашып, осы жанрдағы шынайы, тап-таза, мөп-мөлдір реализмнің үлгісін көрсетті.
Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында) туған. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді.

Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Әдібаев Х.
2. Базарбаев М.
3. Қабдолов З.
4. Нұрғалиев Р. «Қазақ әдебиеті» мектеп баспасы Алматы 2003

Іа. Қазақ әдебиетінің XX ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған "алыптар
тобында" ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлиннің орны
өзгеше, бөлек. Қалам қызметіне ерте (1912 жылдан) араласқан Майлиннің ширек
ғасыр ішінде жазған тандаулы поэзиялық, прозалық, драмалық
шығармалары—біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына.
Қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі жанрларын қалыптастырып, дамытуға
сіңірген ерекше еңбегін, бүгінгі қазақ аулының жаңа тарихындағы жиырмасыншы-
отызыншы жылдардың көркем шежіресін жасауда атқарған айрықша қызметін өз
алдына қойғанда, Бейімбет Майлин өзінен кейін қолына қалам ұстағандарға
анық екі қырымен өнеге: 1) "Талант — еңбек" деп Горький айтқандай, саңлақ
суреткер өлшеулі ғана шығармашылық ғұмырында өлшеусіз еңбек сүйгіштігімен
"Жазушылық — жазу, жақсы жазу, жақсы жаза алсаң қалам құрғатпай жазу"
екенін тынымсыз да мігірсіз іс-әрекетімен қолма-қол дәлелдеп кетті; 2)
"Әңгіме —шеберлік мектебі" деп Федин айтқандай, құдды қазақтын Чеховы
секілді құдіретті зергер әрі қысқа, әрі нұсқа новеллалары арқылы шын
мәніндегі әдеби шеберліктің мектебін ашып, осы жанрдағы шынайы, тап-таза,
мөп-мөлдір реализмнің үлгісін көрсетті.
Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай
облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі
Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында) туған. Екі жасында әкеден
жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында
тәрбиеленеді. Жетіге жеткен соң өзі де сол байдың қозысын бағып, кейін
атының делбесін ұстайды. Бейнет пен жоқшылықтың ащы дәмін ерте татқан жас
бала кәрі әжесінің жылы құшағында бұйыға тербеліп отырып, оның:
Өмірімде көргенім күңдік, құлдық,
Бұл жалғанда бар ма екен біздей мұндық?—
деген гөй-гөйінің зар сырын жанымен ұғады. Әжесі көне жырларды көп білетін,
өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері болса керек,
Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып, өлеңге әуестенеді.
Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды. Содан соң есігінде
жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатылбалдин деген татар мұғалімнен
дәріс алады. Одан әрі іргелес көрші ауылдағы басқа бір Әбдірахман Арғынбаев
дегеннің медресесіне түсіп, екі жыл (1910—1912) оқиды. ("Шұғаның
белгісіндегі" бас кейпкердің учитель болуы және Әбдірахман атануы тегін
емес-ті). Өз бетінше кітап оқып, көп ізденеді, қалаға барып, білімің одан
әрі көтеруге талаптанады.
1913—1914 жылдарда Майлин Троицкідегі "Уазифа" мектебінде, оны
бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияда оқиды. Сол жылдары
медресе шәкірттерінің әдеби үйірмесіне қатысып, өзі секілді талапкер
жастармен бірге "Садақ" атты қолжазба журнал шығарысады. "Садақтың" әрі
редакторы, әрі белсенді авторы болған Бейімбет осы журналдың 1914 жылғы үш
нөмірінде өзінің тырнақ алды прозалық туындысы "Шұғаның белгісін"
жариялайды. Бұл 'Ғалия" шәкірттері мен ұстаздарының арасында авторының атын
шығарып, талантын танытқан тамаша шығарма болатын. Бейімбет Майлиннің
медресеге сабақ беретін белгілі татар жазушылары Мәжит Ғафуримен, Ғалымжан
Ибрагимовпен шығармашылық байланысы, медреседе өзімен бірге оқитын башқұрт
ақыны Сайфи Құдашпен достығы осы кезден басталады. Солармен ынтымақтаса
жүріп, Бейімбет екі жылдай орыс тілін үйренуге көп күш салады, Гоголь, Лев
Толстой, Чехов, Горький шығармаларымен түпнұсқадан танысады.
Бірақ денсаулық жағдайына байланысты Медресе-Ғалияның оқуын аяқтай алмай,
1915 жылы дәрігерге көрінбек боп Троицк қаласына қайтып оралады да, осы
тұста "Айқап" журналында қызметте жүрген Сұлтанмахмұт Торайғыровпен,
Мұхамеджан Сералинмен танысады. Журналда бірнеше өлеңдер жариялайды. 1916
жылы еліне келіп, 1919 жылға дейін қаламгерлік қызметімен қатар, ауыл
жастарына ұстаздық етеді. Бұл бір орасан қиын, ойлы-қырлы, бұралаң жолдары
көп күрделі кезең еді. 1916 жылғы маусым жарлығы кезінде, елдің ер-
азаматтары қылыштарын кекке қайрап, екі жақты езгіге — патша жендеттерінің
талауына, жергілікті жемқорлардың қанауына қарсы ұлт-азаттық көтерілісіне
аттанғанда, Бейімбет оларға сәт-сапар тілеп, күрес адамдарын ашық айқасқа,
берік сапқа тұруға шақырды (Қанды тұман"):
Ойбай-ау, қайдасындар? Аттаныңдар!
Бері кел, шашау шықпа, топтаныңдар!—
дей тұрғанымен, осы қозғалыс бірсыпыра жерлерде сәтсіздікке ұшырағанда
кенет торығып, келер күннен үміт үзе жаздайды да, 1917 жылдын ақпанында
патшаның тақтан құлағанына қуанып, қайта жадырайды ("Қазаққа"):
Келді теңдік, туды теңдік басыңа,
Қатын, еркек, кәрі менен жасына.
Туысқандық, құрдастыққа асыға—
Алалықты араңдағы жой, қазақ!
Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма!
Бірлікпенен жұмыс атқар басыл да!
Азын-аулақ миын болса басыңда,
Партия, штат, дау-шарынды қой, қазақ!
1992 жылы Сәкен Сейфуллиннің шақыруымен Орынборға келіп, баспасөз қызметіне
қызу кіріседі. Орталық газет бетінде жиі-жиі әңгіме-очерктер жариялап,
"Қызыл Қазақстан" журналында "Шұғаның белгісін" жанадан жөндеп бастырады,
кітап баспасынан өлеңдер жинағын шығарады.
1923 жылы Майлин Қостанай қаласына барып, "Ауыл" деген жаңа газет
шығарысады. Көптеген новеллалары, сықақ әңгімелері, белгілі "Раушан-
коммунист" хикаяты осы газет бетінде жарық көреді. 1925 жылы Өлкелік
өкіметтің арнайы шақыруымен республикалық сол кездегі астанасы Қызылордаға
келіп, қайтадан баспасөз және баспа орындарында (1934 жылға дейін) әр алуан
қызметтер атқарады. 1934— 1937 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас
редакторы болып істейда.
Осылармен қатар, ұйымдасқан күннен бастап Қазақстан жазушылар ұжымының
құрамында болып келген Бейімбет ұлан-ғайыр әдеби еңбекті ұйымдастыру, ұйым
жұмысын басқару, жас әдебиетшілерді тәрбиелеу ісіне үнемі ат салысып
отырады.
Бұл жылдарда Майлин-суреткер өз дәуірінің ұлы, өз заманынын үні болудың
үлгісін көрсетті. Әсіресе оның шағын және орта көлемді эпика түрінде ай
сайын, апта сайын толассыз туып, мерзімді газет-журнал беттерінде үздіксіз
жарияланып жататын әдеби шығармалары жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы ауыл
өмірінің әрі түзу айнасы, әрі көркем шежіресі іспетті. Сол кездегі шаруа
тіршілігінің Бейімбет бейнелемеген сыры да, сымбаты да сирек шығар.
Осы жылдар ішінде жазушының өзі қалам тербеген барлық жанрда елу бес кітабы
жарық көріп, жұртқа кеңінен таралып еді.
Б. Майлин 1938 жылы дүние салды.
Ақындығы
І. ә. Бейімбет Майлин—ақын. Ол әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен
бастады және қазақ поэзиясының дамуына өзіне лайық үлес қосты.
Майлин — реалист. Оның поэзия, проза, драматургия салаларынын қай-
қайсысында жазған шығармаларын алып қарасақ та, тұнып тұрған шындық;
ақиқаттан ауып басқан бір де бір адымы болған емес.
Ендеше, шыншыл суреткердің әдеби туындыларының болмыс-бітімін, сыр-сипатын,
қажет жағдайда тіпті күнгейімен қоса көлеңкесін сарапқа салған тұста да
оның өзіне ұқсамауға, яғни ақиқат шындықтан алшақтауға болмайды.
Қазақ поэзиясыньщ дамуына өзіндік үлес қосты дегенде біз қазақ өлеңін
көркемдік жағынан еуропалық биікке көтеріп, оның мазмұнды пішінін тотының
түгіндей құбылта құлпыртқан Абайдан әрі өрлетіп әкетті демейміз. Әділіне
келсек, Бейімбет өлеңдерінің өрімі ең жеңілі, ырғағы, ұйқасы... — Абай
реформаларынан көш кейін жатады.
Демек, кейбір зерттеулерде айтылып жүрген "Бейімбет — қазақ өлеңнің асқан
шебері" деген пікір ұшқары, ағат. Мазмұн мен пішін жағынан қатар салмақтап
байқасақ, оның суреткерлік шеберлігі еңгімелеріне қарағанда өлеңдерінде
бәсен, әлсіз.
Олай болса, Майлин поэзиясының қадір-қасиеті неде?
Екі нәрседе — жырлаған тақырыбында және бейнелеген образында. Біріншіден,
Бейімбет қазақ кедейінің тұрмысы мен тіршілігін қазақ поэзиясында өзіне
дейін болмаған аумақта, кең, терең және жан-жақты суреттеді.
Екіншіден, Бейімбет қазақ кедейінің мінезі мен мүсінін қазақ поэзиясында
өзіне дейін болмаған деңгейде дәл, тіпті типтік һәм символдық дәрежеде
(Мырқымбай) тарихи жағынан нақты және өрбу, өсу үстінде сомдап соқты.
Осы екеуінің үстінде енді Бейімбет өлеңдері мен поэмаларынын тұла бойына
күн шуағындай тарап, ұшқын атып, сәуле шашып жатқан әрі жылы, әрі шымыр
юморды (әзіл-әжуәні) қоссақ, жалпы Майлин ақындығының өзгелерден оқшау тек
өзіне ғана тән ерекшелігі белгіленеді де, оның, жоғарыда айтылғандай,
қазіргі қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесі анықталады.
"Жырлағаным — кедейдің жыры"
Суреткердің өнері өмірімен, яки өз басынан кешкен ғұмыр-тіршілігімен
тығыз байланысты. Ол өмірде нені жете таныса, өнері арқылы жұртқа да соны
танытады. Осы ақиқат тұрғысынан қарасақ, Бейімбеттің дүниеге көзін
ашқаннан көрген-баққаны — көбіне ауыл өмірі. Төңкерістен бұрынғы, төңкеріс
қарсаңындағы және одан кейінгі қыр тіршілігі, дала тұрмысы. Сондықтан оның
ширек ғасыр бойы, сөз өнерінің қай жанрында болсын, жазған шығармалары
түгел ауыл өмірне арналуы тегін емес.
Осыны өзі де білген. "Жаңа әдебиет" журналының 1931 жылғы 6—7 сандарында
ол өзі туралы: "Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл туралы ғана
болып келеді,— деп ашып айтты. — Өндіріс өмірін суреттеуге мен әлі күнге
дейін кірісе алғаным жоқ. Өйткені әлі күнге өндіріс өмірімен таныстығым
жоқ".
Жә, бірақ мұнда тұрған не бар? Қазақта ауылды, даланы жырламаған ақын
бар ма? өйткені "қоғалы көлдер, құм, сулар-кімдерге қоныс болмаған?"
(Махамбет).
Бейімбеттің дала жырындағы — ауыл әуеніндегі өзіне дейінгілерден оқшау
ерекшелік те дәл осы арадан келіп шығады.
Ауыл өміріне кедей мүддесі мен мұратының тұрғысынан қараған Бейімбет
шығармаларының идеялық мазмұнында, сөз жоқ, қазақ қоғамындағы қилы-қилы
қайшылықтар адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктер желі тартып жатты.
1915 жылы жазған "Жазғы қалыш" деген өлеңінде ақын қыс өтіп, жаз жетіп,
табиғат түлеп өзгергенмен ауыл өміріндегі атам заманнан келе жатқан
ескілік, кертартпа салт-сана, "жер-дауы, жесір дауы — кесір дауы" әлі
өзгермей, "қыс болса, әмеңгерге жесір сатып, аянбай көз жасына белден
батып" жүрген "ақсақал, қарасақалдардың" әдептен тыс нысапсыз әдет-ғұрпын
аяусыз әшкерелейді.
"Ауылда" деген өлеңінде автор надан ортада үйден-үйге қыдырып "ет те шай
— тапқаны тек тамақ ішкен" қаракетсіз жалқауларды сынаса, "Садақбайда" ел
ішін алатайдай бүлдіріп, топ, жік, партия құрып, жұртты орға жықпақ болып
жүрген саяси ала аяқтарды түйрейді.
Майлин жырлаған қазақ аулы екеу — төңкеріске дейінгі ескі ауыл,
төңкерістен кейінгі жаңа ауыл. Екеуінің де сыр-сипатын ақын тек қана кедей
дүрбісімен көреді, көрсетеді, таниды, танытады.
Ақынның түсінігінше, мұқтаждықтың ең кесірлі жері — талапты жастың
қалтасын қағып, түбінен "жел гулететіні" ғана емес, ілгері бассам деген
аяғын кері тартып, "жалындаған жүрегін сөндіретіні". Содан соң амал жоқ:
Шарасыздық күнге ұшырап байғұстар
Садаға үшін жанын байға жалдайды.
Бейімбет өзінің тұрақты тақырыбына осының бәрін тұрлаулы түрде көріп-
біліп, ұғып-түйіп, саналы түрде келді.
Ал енді бай деген кім, байлық деген не? Майлин бұған да ("Мал",
"Байлыққа", "Қарынға") кедейдің көзімен қарайды.; Бұл тұста да түйін-
тұжырым берік. Мәселен, "мал"— Майлиннің ұғымында Бальзактың түсінігіндегі
"ақша" секілді,— "санасызды санға қосқан", сөйтіп оның "өзін патша, өзін
би" еткен байлық. Малы бардың қолында бәрі бар, Тілесе, тіпті:
Малы барлар "Меке" барар жалақтап,
Сөзін сыйлы, елді аузына қаратпақ.
Мұсылмандық белгісі
Майлин юморы мен сатирасы осылайша ақындығының алғашқы адымдарынан бастап-
ақ әрбір өлең жолдарының ара-арасынан шымыр-шымыр қайнап шығып, күллі
поэзиясының өн бойына шым-шым сіңе берген еді.
Көне ауылдың қоғамдық қоршауы мен әлеуметтік ортасындағы кедергі-кеселді,
адам басындағы кесапат-келеңсіздікті, керенау-кердеңдікті найзадай
түйрейтін осынау ащы да болса ашық, адал, ақ жарқын күлкісін ақын өзінің
аңызға айналған әйгілі ұнамды кейіпкері Мырқымбай мінезін — қылығы мен
құлқын, әдеті мен ғұрпын, сайып келгенде, санасы мен салтын әзілдеген тұста
да іркіп көргең емес.
Мырқымбай
Бұл — қазақ әдебиетінде бұрын-сонды мұншалық бедерлі бейнеленбеген, дәлірек
айтқанда, мұншалық жан-жақты жинақталмаған және дараланбаған, мұншалық
ұтымды мүсінделмеген және мінезделмеген тың тип. Ол—төңкеріске дейін байдың
малын бағып, шөбін шауып, ғұмыр-тіршілігін құлдық пен қорлықта, азат пен
бейнет астында өткізген, төңкерістен кейін ол, өз еркі өзіне тиіп, енда
малға ие, жерге қожа боп, адам санатына қосылған, келе-келе өмірге көзін
ашып, оңы мен солын танып, еңсесін көтере белін жазып, қашаннан шерге толы
көкірегіне енді азаттықтан туған қуаныш енген соң аздаған жел бітіп, асып
бара жатқан ерлік болмағанмен біршама ожар ерлікке басып, төңірегіне әнтек
тентектік көрсете бастаған жалаңаяқ жалшы — кейде кеж, кердең, кейде
томырық, тұйық, кейде оспадар, ожырай... Өзінің оқығаны жоқ қараңғы,
тұрмыстан тоқығаны да жоққа жақын көрбала, бірақ әйтеуір күш біткен, ниеті
дұрыс, пиғылы адал еңбек адамы — кедей. Дәл осындай сауатсыз шаруаға тән
сыр мен сипатты шындық шеңберінде өндіре, өрбіте, кейде тіпті өсіре баяндау
арқылы Бейімбет ел аузында аңызға айналып кеткен атақты образ-символын
айшықтайды.
Мырқымбай — жиынтық кейіпкер — тип. Мырқымбай деген есімнің өзінде
ажуамен пернеленген астар бар, атына заты — болмысы, мінезі, қылығы,
қимылы, қауқары түгел сыйып тұр. Мырқымбай десе Мырқымбай...
Мырқымбай ! Мырқымбай ! Мырқымбай !..
Бай, бай, бай, бай!
Жүрмейсің жәй.
Нең бар еді?
Әй, құдай-ай!..
Мырқымбай
Бұл – Мырқымбайды тұңғыш көруіміз.
Осы заман жайын, жаңа өмір мәнін түсінген ойлы адамның сөзі ме? Бұл
кешегі бай үстемдгігінің кезінде би-болыстан зәбір көріп, жапа шегіп, запы
болып қалған қорғансыз бейшараның бүгінгі жаңа тұрмыс тұсында да ескілік
шырмауынан шыға алмай, көне едетінше күйбеңдеген күйкілігі, рухани
мешелдігі, демек, әкенің өзі баласы, яки Мырқымбай болмағанмен, істеп
жүргенінің бәрі - "мырқымбайлық".
Әрине, ауыл өмірінің астын үстіне шығара жаңартпақ, боп, ауыл адамдарына
жаңа заң орнату әрекетінде жүрген ауылнайлар — "атқа мінген адамдар" мұндай
аласапыран ауыспалы шақта асыра сілтеуден де кұралақан емес-ті. Бірақ,
қалай болғанда да, әйтеуір әкенің балаға ызасы адам психологиясындағы
жаңғырудан көрі, сол кешегі сорлылықтың бүгінгі сарқыншағына ұқсаңқырайды.
Міне, Мырқымбай ''мырқымбайлыққа' осылай ауысады да, мұның өзі бір адамның
ғана келеңсіз құлқы емес, күллі қазақ аулындағы кеселі мол кезеңді
құбылысқа айналады.
Дегенмен, төңкеріс тудырған жаңа қоғамдық жүйе кезінде Мырқымбай да,
"мырқымбайлық" та бір орында, бір қалыпта тұрмайды. Мырқымбай бірте-бірте
өсуге, "мырқымбайлық" бірте-бірте өшуге бет алады. Майлин поэзиясының өн
бойында айрықша арна салып, желі тартып жатқан кедей тақырыбы енді осы
өзгерістерді типтендіре суреттеу, көркем жинақтау барысында игеріліп,
идеялық шешімін табады.
Ақыр аяғында Бейімбет "Бер, Мырқымбай, қолынды" деген өлееңінде бас
кейіпкердің бүкіл өмір жолын ойша шолып, оған өзінің алдында, өзше ел
алдында есеп бергізеді. Өйткені ақын көк шолақ аттан басқа түгі жоқ "сауған
сиыр байікі, өгіз Ормантайдікі" деп отырған сорлы кедейді "баяғыда көрген",
"баласын солдатқа жіберіп" зар еңіреген бейшараға "16 жылы да келген",
"төңкерістен кейін жиын жасап, жиылыс басқарған", Сары обаның бауырын
трактормен жыртып егін еккен, ауылда кооператив ұйымдастырып, мектеп ашқан
Мырқымбайдың "еңбегі өнген". Сондықтан оның келешегіне "әбден сенген" ақын
есеп-өлеңін былай аяқтайды:
— Жидың білем қонынды,
Көрдің бе енді жолынды,
Ілгері көшке жетейік,
Бер, Мырқымбай, қолыңды!
Бұл - бір Мырқымбайға ғана емес, барлық болмыс-бітімі, сый сипаты, мінез-
құлқы мен іс-әрекеті Мырқымбай образына жинақталған осы ғасырдың
жиырмасыншы жылдарындағы күлкі қазақ кедейіне арнап айтылған сөз.
Мырқымбай туралы өлендер топтамында сөз бен сурет, ой мен образ осылай
жымдасқан. Майлин поэзиясында өзіне тән мәнер мен машық өзгеден ерек өрім
мен өрнек бар десек, оны дәл осы арадан іздеген жөн.
Мәселен, Майлин поэзиясында тегі мен түрін автордың өзі белгілеп,
"поэма" деп ат қойып, айдар таққан шығарма жоққа жақын. Оның оқиғалы ұзақ
жырлары сюжетсіз шағын өлеңдерімен аралас-кұралас бірге жүр. Ал, белгілі
әдебиет зерттеушілерінің анықтауынша, Бейімбет әр алуан тақырыптағы қысқа
өлеңдермен, лирикалық һәм сатиралық жырлармен қатар он төрт дастан жазған.
Бұларды тақырып жагынан саралап, екшеп қарасақ бесеуі ("Байдың қызы",
"Разия қыз", "Қашқан келіншек", "Зәйкүл", "Маржан")— әйел теңдігін жырлаған
шығармалар.
Бұл тақырып, жалпы, Майлин поэзиясынан елеулі орын алады. Қазақ қызының
тағдыры мен талайы туралы, әйелдің отбасындағы, қоғамдағы, өмірдегі орны
мен рөлі хақында Бейімбет қаламынан туған өлең-жырлар бірқыдыру. Бірақ
солардың бәрі бірдей әйел атаулының атам заманғы аянышты халін, бас
бостандығы жоқ байғұстығын, бай үйінің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген
күн екенін, кейін жаңа заманда өз еркі өзіне тиіп, ерлермен теңелгенін
ертегідей шұбатып, бір сарынмен баяндай бермейді, әрине... Демек, Майлиннің
бұл тақырыпты жырлауы әдетте әдебиет сыншылары жиі сынайтын стандарттан
аулақ, әр өлеңнің идеялық мазмұны әр түрлі.
Әрине, ақын әйел басының азаттығына айрықша қуанады:
Азат, әйел, қолынды әкел!
Сен — азаттық көркісің.
Азаттығың мәңгі, мәңгі,
Мәңгі-бақи беркісін! Азат
әйел
Ал әйелдің теңелуі — бір адамның басындағы жақсылық қана емес, бүкіл
өмірдегі жаңалық, жалпы әлеуметтік санадағы жаппай өзгеру, болмыс-бітімі
болашақта қалыптасатын жаңа адамға апарар жол:
Тең әйел, сен теңелсең, өмір жаңа,
Өзгеріп, әлеуметтік салт пен сана.
Жас өмір ұл мен қыздың өрнекшісі.
Жаңа адам туғызар күш сонда ғана.
"Тең әйел"
Алайда, Майлин "әйел теңдігінің" және осы деп, "азат әйел" не істесе —
соның бәрін кұптап, қошемет жасап, кұр беталды қол шапалақтай бермейді.
"Азат әйелдің" басына келген бақытты, "әйел теңдігін" түсінуін сын көзімен
қадағалайды. Майлин шығармашылығын зерттеушілер оның оқиғалы, сюжетті ұзақ
өлеңдерін күллі қысқа өлеңдерінің ара-арасынан іріктеп алып, поэмалар
ретінде талдап жүр.
Жоғарыда аталған махаббат тақырыбындағы поэмалардың ішінен "Разия қыз"
(1919) бен "Маржанды" (1933) бөліп қарастыруға болар еді. Бұлардың бірінде
Разия атты бай қыз Әлім деген кедей жігітке көңіл қосады, бірақ арманына
жете алмай, екеуі де ақ бандылардың оғына ұшады, екіншісінде Маржан қыз не
егде жалшы Тасқараға, не жас қойшы Сәлімге қосыла алмай, екеуінің де
өліміне себепші Самалық байдың озбырлығына душар боп, қайғылы халге
ұшырайды.
Турасын айтқанда, осылардың. қай-қайсысы да қазіргі қазақ әдебиетінің
өскен, өркен жайған биігінен, қоспасыз суреткерлік шеберлік тұрғысынан
пайымдасақ, осы күні әбден жетілген шын мәніндегі шынайы поэмалардың
алғашқы баспалдақтары, бүгінгі биігімізге кешегімізден келетін көне сүрлеу
секілді. Әрине, әрқайсысында да кезеңді шындық көтеріледі, идеялық жағынан
да айқын нысана бар, бірақ өлеңдік жағы солғын, композициялық құрылымы
болбыр екенін айтпасқа болмайды.Сондықтан да біз Бейімбет өлеңдері мен
поэмаларына нағыз әдебиетшінің биік талғамы белгілеген нағыз көркемдік
критерийлерін өлшем етіп, шыншыл шолу жасасақ, екі нәрселерін айрықша атау
жөн ғой дейміз. Оның бірі — Майлиннің юморы мен сатирасы. Қазақ
әдебиетіндегі бұл саланы ақын өзіне дейінгі деңгейінен біршама ілгері
әкетіп, біраз жетілдірген. Абайдың "Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол —
акынның, білімсіз бейшарасы" деген қағидасын мьқтап, ұстанғандай, өлең
ішіне басы артық сөз кіргізбеу үшін, әр сөз орнын тауып, ойнап тұруы үшін
және әр сөз авторлық идеяға қызмет етіп, Майлин поэзиясының жалпы идеяльқ
мазмұнына тең. Бұл сырды акынның өзі әдемі айтқан.
Бәрін айт та — бірін айт,
Коллективтің жырын айт!
Айтты-айтпады, Бейімбет қай жанрда жазбасын, күллі шығармашыльғының ең
өзекті мазмұны — Қазақ республикасындағы жаңа ауыл шындығы. Оның поэзиясы
да солай, ең жақсы, жарқын өлеңдері ("Құтты болсын мейрамың", "Гүлденсе
ауыл — гүлденеміз бәріміз", "Жаңартты қазір жырды ауыл", "Коллективтің
жырын айт", т.б.) жаңа ауылдагы жаңа шаруалардың жаңа тұрмысына, берекелі
өміріне, шаттығы мен қуанышына, ұйымдасқан ұжымдьқ еңбегіне арналған.
Төңкерістен бұрынғы және кейінгі жылдардғгы сахара шындығьның шағын
шежіресі — Бейімбет поэзиясының ең басты мағынасы мен мәні.
Іб. ДРАМАТУРГИЯСЫ
Қазіргі қазақ әдебиетінің Қазан төңкерісінен кеінгі жаңа кезеңін бастаған
Секен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов секілді Бейімбет Майлин де
әмбебап суреткер — ақын, прозашы әрі драмашы болды. Іргетасы төңкеріс
күндерінде қаланып, есу-өрбуі енді-енді басталған қазақ топырағындағы
жасанды пролетариат әдебиетінің идеялық бағыты жаңа жүйеге сай келді,
бірақ, оның мазмұн жағынан да, пішін жағынан да әр алуан және сала-сала
жолмен дамуын өмірдің өзі талап етті. Сондықтан аталған "алыптардың"
әрқайсысы бір емес, бірнеше жанрда қатар жазды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz