Қазақ дәстүріндегі неклесу түрлері



Мазмұны:

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

ІІ Негізгі бөлім
2.1. Ертедегі қазақ халқының некелесу дәстүрі ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.2. Қазақ дәстүріндегі неклесу түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3. Қазіргі отбасы және некелік қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Ү сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
І Кіріспе
Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай – екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да негізінен осы жас мөлшерін дұрыс көред, бұған дейін қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды. Өйткені әрбір ата-ана балаларының оқу бітіріп, өз бетінше өмір сүруге дайын болған кезінде ғана жеке отбасы болуын қалайды. Олай болса, қазіргі күнде орта мектепті 17-18 жасқа толмай, ал жоғарғы оқу орнын негізінен 22-23 жасқа толмай бітіре алмайтындықтан, оның үстіне өзіне өмірлік жар таңдау жастардың өз еркінде болғандықтан, неке құру жолы бұрынғымен салыстырғанда әжептеуір жоғарылады. Бізде жиналған деректерге қарағанда, қазіргі ауыл жастарының арасындағы алғашқы неке құру негізінен 18-бен 25-тің арасы болып отыр. Кейбір жағдайларға байланысты бұл шамадан әрлі-берлі ауытқуы да мүмкін. Қыз балаларда негізінен 20 жаса дейін тұрмыс құруды ұнатса, ер балалалар армия қатарында қызмет ету борышын өтеп қайтқаннан кейін үй болуды қалайды. Мұның өзі қазіргі өмір талабына байланысты қалыптасқан заңдылық.
Қазіргі неке құратын жастар негізінен бірге оқу, бірге жұмыс істеу, ауылдас болу арқылы ұзақ уақыт бірін-бірі біліп, өзара сынасып, ұнатысу, ұғынысудың нәтижесінде болашақ тағдырларын бір отбасын құру арқылы ұштастыруға келіседі. Жастар арасындағы мұндай ұзаққа созылған достықты әдетте екі жастың да ата-аналары білетін болады. Сондықтан қыз да, жігіт те әке-шешесімен, жақын туыстарымен ақылдасып, олардың келісімін алады, өздері де уәделеседі. Әрине, шешуші дауыс әрқашан жастардың өзінде болады. Сондықтан қай жағының туыстары болсын келісімін береді. Әдетте, қыздың ата-анасы баласын той жасап, қолынан бергісі келсе, жігіт жағының ресми түрде құда түсуінің қажеттілігін білдіреді. Мұндай жағдайда жігіттің ата-анасы туған туыстары алдын-ала дайындалып, 3-4 кісіні құдалық сөйлесуге аттандырады.
Олар қыз әкесіне келіп, жастардың өзара келіскендігін айтып, осы некеге олардың ризашылық беруін өтінеді. Мұндайда қыз әкесі ризалығын айтып, баласына той жасап қолынан ұзататындығын білдіреді.
Содан соң жастар жағынан келген құдалар рахметін айтып, «үкі тағарға» әкелген ақшасын қыздың әке-шешесіне, аға-жеңгесіне әкелген сыйлықтарын ұсынып, ұзату тойын өткізуге қажет болған көмектің қандайына болсын дайын екендігін айтады. Мұның сыртында «өлі-тірі», «той малы», «Қоржын апару» әдеттеріне байланысты апаратын малдары мен бұйымдары өз алдына. Бұған қосымша келін түсіру тойын ұйымадстыру да жігіт жағының мойнында болатындығын еске алсақ, мұның бәрі туған-туысқандардың көмегінің болмайтындығы да шындық.
Құдалық келісімі аяқталғаннна кейінгі міндетті түрде орындайтын ғұрып- «қоржын аапару». Құдалар ауылдары бір –бірінен алыс болса қоржынмен «өлі-тіріні» ұзату тойына барғанда апарады. Ал ауыл арасы жақын немесе ауылдас болған жағдайда ұзату тойының алдында ұзату тойының алдында апарылады.
Қазіргі кезде, Қазақстанның қай өңірінде болса да, қыз ұзату, келін түсіру тойын өткізу тәртібінде айтарлықтай өзгешеліктер жоқ деуге болады. Мұндай тойға ауыл адамдары жас және қызмет ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен бөлек шақырады. Сондықтан кейбір тойлар 2-3 күнге созылады.
Қазақстанның қай өңірінде болмасын неке қиюдың тағы бір жолы – қызды өз еркімен алып қашу арқылы үйлену. Бірақ қазіргі күндегі қыз алып қашудың себебі де, мазмұны да бұрынғыдан өзгеше. Қыздың күйеуге қашып кетуі немесе оны алып қашудың негізгі себебі – екі жақтан да жұмсалатын толып жатқан шығынды, қыруар еңбекті азайту мақсатына байланысты.
Жоғары оқу орнында оқып жүрген жастардың үйлену тәртібі тіпті басқа, олар бірнеше жыл бір институтта немесе бір қаладағы институттарда оқып жүріп танысады да, қалада жүріп неке құрады.
Қазақстанның кең байтақ жерін мекндеген қазақ халқының төңкеріске дейінгі некелесу және үйлену тойын өткізу дәстүрі жайында мол деректер бар. Қазақстанның әр өңіріне тжолы түскен саяхатшылар, белгілі ғалымдар, қызмет бабымен келген жергілікті қызметкерлер түрлі ру-ұлыстар арасынан сан алуан құнды деректер жинап, баспа жүзін көрсетсе, кейбрі архив қоймаларынан орын алған. Кезінде ешбір зерттеушінің көзіне түсіп, құлағына шалынбай, ұмытылғаны да болған. Дегенмен ел арасында қазірге дейін сақталып келе жатқан дәстүрлер жайында осы деректерге, кәрі құлақ қариялардың айтқандарына, ауыз әдебиетінің мұраларына сүйеніп, белгі бір тұжырымдар жасауға болады.
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер
1. Отбасы және денсаулық. 1/2006.
2. Отбасы және денсаулық. 5/2005.
3. Отбасы және денсаулық. 1/2005.
4. Отбасы және денсаулық. 7/2004.
5. Отбасы және денсаулық. 8/2005.
6. Отбасы және денсаулық. 9/2005.
7. Мұқажанов А. Отбасы саясаты // Ақиқат №6, 1999.
8. Тажин М. Аяғанов Б. Социология негіздері. Алматы 1993.
9. Антонов А.А. Медков Б.М. Социология семии. Москва 1996.
10. Халел Арғынбаев. Қазақ отбасы дәстүрлері. Алматы. Қайнар 2005.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

І Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Ертедегі қазақ халқының некелесу
дәстүрі ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

2.2. Қазақ дәстүріндегі неклесу
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2.3. Қазіргі отбасы және некелік
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .19

ІІІ Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..23

ІҮ Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..25

Ү
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

І Кіріспе

Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы
неке құру үшін қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай –
екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі.
Қазақ жұртшылығы да негізінен осы жас мөлшерін дұрыс көред, бұған дейін
қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды. Өйткені әрбір ата-ана
балаларының оқу бітіріп, өз бетінше өмір сүруге дайын болған кезінде ғана
жеке отбасы болуын қалайды. Олай болса, қазіргі күнде орта мектепті 17-18
жасқа толмай, ал жоғарғы оқу орнын негізінен 22-23 жасқа толмай бітіре
алмайтындықтан, оның үстіне өзіне өмірлік жар таңдау жастардың өз еркінде
болғандықтан, неке құру жолы бұрынғымен салыстырғанда әжептеуір жоғарылады.
Бізде жиналған деректерге қарағанда, қазіргі ауыл жастарының арасындағы
алғашқы неке құру негізінен 18-бен 25-тің арасы болып отыр. Кейбір
жағдайларға байланысты бұл шамадан әрлі-берлі ауытқуы да мүмкін. Қыз
балаларда негізінен 20 жаса дейін тұрмыс құруды ұнатса, ер балалалар армия
қатарында қызмет ету борышын өтеп қайтқаннан кейін үй болуды қалайды. Мұның
өзі қазіргі өмір талабына байланысты қалыптасқан заңдылық.
Қазіргі неке құратын жастар негізінен бірге оқу, бірге жұмыс істеу,
ауылдас болу арқылы ұзақ уақыт бірін-бірі біліп, өзара сынасып, ұнатысу,
ұғынысудың нәтижесінде болашақ тағдырларын бір отбасын құру арқылы
ұштастыруға келіседі. Жастар арасындағы мұндай ұзаққа созылған достықты
әдетте екі жастың да ата-аналары білетін болады. Сондықтан қыз да, жігіт те
әке-шешесімен, жақын туыстарымен ақылдасып, олардың келісімін алады, өздері
де уәделеседі. Әрине, шешуші дауыс әрқашан жастардың өзінде болады.
Сондықтан қай жағының туыстары болсын келісімін береді. Әдетте, қыздың ата-
анасы баласын той жасап, қолынан бергісі келсе, жігіт жағының ресми түрде
құда түсуінің қажеттілігін білдіреді. Мұндай жағдайда жігіттің ата-анасы
туған туыстары алдын-ала дайындалып, 3-4 кісіні құдалық сөйлесуге
аттандырады.
Олар қыз әкесіне келіп, жастардың өзара келіскендігін айтып, осы
некеге олардың ризашылық беруін өтінеді. Мұндайда қыз әкесі ризалығын
айтып, баласына той жасап қолынан ұзататындығын білдіреді.
Содан соң жастар жағынан келген құдалар рахметін айтып, үкі тағарға
әкелген ақшасын қыздың әке-шешесіне, аға-жеңгесіне әкелген сыйлықтарын
ұсынып, ұзату тойын өткізуге қажет болған көмектің қандайына болсын дайын
екендігін айтады. Мұның сыртында өлі-тірі, той малы, Қоржын апару
әдеттеріне байланысты апаратын малдары мен бұйымдары өз алдына. Бұған
қосымша келін түсіру тойын ұйымадстыру да жігіт жағының мойнында
болатындығын еске алсақ, мұның бәрі туған-туысқандардың көмегінің
болмайтындығы да шындық.
Құдалық келісімі аяқталғаннна кейінгі міндетті түрде орындайтын ғұрып-
қоржын аапару. Құдалар ауылдары бір –бірінен алыс болса қоржынмен өлі-
тіріні ұзату тойына барғанда апарады. Ал ауыл арасы жақын немесе ауылдас
болған жағдайда ұзату тойының алдында ұзату тойының алдында апарылады.
Қазіргі кезде, Қазақстанның қай өңірінде болса да, қыз ұзату, келін
түсіру тойын өткізу тәртібінде айтарлықтай өзгешеліктер жоқ деуге болады.
Мұндай тойға ауыл адамдары жас және қызмет ерекшеліктеріне қарай бір-
бірінен бөлек шақырады. Сондықтан кейбір тойлар 2-3 күнге созылады.
Қазақстанның қай өңірінде болмасын неке қиюдың тағы бір жолы – қызды
өз еркімен алып қашу арқылы үйлену. Бірақ қазіргі күндегі қыз алып қашудың
себебі де, мазмұны да бұрынғыдан өзгеше. Қыздың күйеуге қашып кетуі немесе
оны алып қашудың негізгі себебі – екі жақтан да жұмсалатын толып жатқан
шығынды, қыруар еңбекті азайту мақсатына байланысты.
Жоғары оқу орнында оқып жүрген жастардың үйлену тәртібі тіпті басқа,
олар бірнеше жыл бір институтта немесе бір қаладағы институттарда оқып
жүріп танысады да, қалада жүріп неке құрады.
Қазақстанның кең байтақ жерін мекндеген қазақ халқының төңкеріске
дейінгі некелесу және үйлену тойын өткізу дәстүрі жайында мол деректер бар.
Қазақстанның әр өңіріне тжолы түскен саяхатшылар, белгілі ғалымдар, қызмет
бабымен келген жергілікті қызметкерлер түрлі ру-ұлыстар арасынан сан алуан
құнды деректер жинап, баспа жүзін көрсетсе, кейбрі архив қоймаларынан орын
алған. Кезінде ешбір зерттеушінің көзіне түсіп, құлағына шалынбай,
ұмытылғаны да болған. Дегенмен ел арасында қазірге дейін сақталып келе
жатқан дәстүрлер жайында осы деректерге, кәрі құлақ қариялардың
айтқандарына, ауыз әдебиетінің мұраларына сүйеніп, белгі бір тұжырымдар
жасауға болады.

ІІ Негізгі бөлім
2.1. Ертедегі қазақ халқының некелесу тәстүрі
Халық түсінігі бойынша неғұрлым жастарды ерте үйлендірсе, олар әрбір
жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпақтары көп, мықты бюолады деген сенім
болған.
Осыған орай, жастай некелестіру- қазақ арасында ертеден келе жатқан
дәстүр. Кей уақытта қыздарды 13-14 жасында ұзатса, ер балаларды 15-16
жасында балиғатқа толды деп үйлендіре берген. Бұл дәстүр халық арасында
ашық көрініс тапқан.
Неке құрудың негізгі жолы – құда түсіп, қалыңмал төлеп үйлену,
жасаумен тұрмысқа шығу. Ал малы тапшы шаруаларға, әсіресе кедейлерге 27.17
бас мал төлеп кедін түсіру оңайға түспейтін. Тақыр кедей балалары әуелі
өздері бірнеше жыл жалға жүріп, қалыңға беретін мал жиятын немесе
оңтүстікте қалыңдық үшін қыз әкесне қызмет ету әәдеті де болған. Әке
–шешеден жастай айырылып, кейдей туысының қолына қараған қыздар мен жесір
қалған кедей әйелнің қыздарына құда түсіп, азын-аулақ малын беріп, күйеу
әкесі қалыңдықты 9-10 жасқа толысымен өз қолына алып бағатын да әдет
болған. Мұны қазақ қалбала етіп алу дейді.
Қолбала болып жүрген қыз бала болашақ күйеуімен бірге өскенмен,
балиғатқа толғанша ерлі-зайыптылық ғұрыпты құрғызбайтын.
Қыздарын 12-13 жасқа толысымен күйеуге беру, әрине, кедей-жарлылардың
ісі. Өйткені көп баланы асырап бағу оларға оңай түспейтін, оның үстіне
құдаы ауқаттырақ болса, қалыңмалын төлесімен, қызды жас болса да өз қолына
алып, үй шаруасына үйретіп, қолқанат ету жағын қарастыратын. Қалыңмалын
алып қойған жарлының қызын бермеске амалы болмайтын. Бұдан тек әлді
шаруалар, байлар ғана аулақ болған. Олар құыздарын 17-18 –ге келмей
ұзатқан. Осы уақытта бай қыздары әбден бой жетіп, оң-солын айрыып, болашақ
өмірге дайындалатын. Барлық әдет-ғұрыптарын айтарлықтай етіп өткізіп, ырғап-
жырғап ұзатуға байлар бір-бірімен бәсекелес болатын. Әсіресе еркек –шора
болып өскен кенже қызды әлпештеп, кемеліне келгненше ұзатпай, оң жақта
ойнап-күлсін деп, күйеу таңдауға да ерік беретін. Елден асқан сұлу, өнерлі
қыздар әрқашан күйеу таңдап, көп уақыт оң жақта (әкесінің үйінде) отыра
беретін.
Қазақ әдетінде қыз бен күйеудің жас шамаластығына көбінесе
қарамайтын. Өйткені барлыққа мастанған егде тартқан байлар жоқшылықтың
зардабынан қысылған жарлылардың жас қызын төсек жаңғырту ниетімен әйел
үстіне немесе әйелі өлгеннен соң малға жығып алатын.
Мұндай жағдайда 13-15 жасар қыздарды 50-60 жасар шалдар айттырып
алатын әділетсіздіктер жиі кездесіп тұратын. Осындай қыршын қыздар
тағдырының тіпті әкесінен үлкен, озбыр қарттарға душар болуының негізгі
себебі қыз әкесінің сирағы шыққан кедейлігі, өгейлігі не жетім қыздың
жалғыздығы екендігін көптеген архив деректері де дәлелдейді.
Айттыру арқылы қосылған ерлі-зайыптылардың жас ерекшелігі кейде
керісінше болаады, яғни әйел ерінен әжептеуір үлкен болады. Мұндай жағдай
көбіне әмеңгерлік әдетпен үйлендіру тәртібіне байланысты болатын. Жасы
келген уақытта жеңге алғандықтан, олардың жас арасындағы ерекшелік онша
көзге түспейді. Ал ағасы өліп жесір қалған жеңгені, ержеткен әмеңгері
болмағандықтан, жас балаға қосып, некесін қиғандығы жас ерекшелігі кейде
тіпті алшақ жатады. Мәселен 17-40 жасар әйелдерді 13-15 жасар балаларға
қосу туралы деректерді тағы да архив қазынасынан және ел арасынан өзіміз
жиналған деректерден кездестіреміз. Кейде үй шаруасына қарайтын кісісі жоқ
байлар жас баласына бой жеткен кедей қызын айттырып алып беретін. Мұндайда
16-17-ге келген қыздың күйеуі 12-13 жастағы бала болатын.
Құда түсіп қыз алысудағы бүкіл қазақ қауымына ортақ тәртіптің бірі –
туыстық жақындығы жеті атаға толмай, қыз алыспау. Мұндай тәртіпті
этнография ғылымында экзогамия дейді. Қазақ халқындағы экзогамиялық
тәртіптің мән-жайы туралы көптеген авторлардың еңбегінен деректер келтіруге
болады. Мәселен, А. Левишин экзогамиялық тәртіптің қазақ арасында қатал
сақталғандығы сондай, кей уақытта туыстық жақындығы тым әріге кететіндер
арасында ғана неклесуге болатындығын айта келіп, тіпті бір рудың адамдары
бір-*біріне қосылмайтындығына мысал ретінде жағалбайлы руына жататын
жігіттің қалыңдықты өз шінен емес, басқа рулардан, ең болмағанда жеті рудың
басқа руларынан іздейтіндігін келтірген.
Қазақстанның жері үлкен. Оның әр түкпірінде мекендейтін қазақ
жұртшылығына сырттан тиетін экономикалық әсер мен ислам дінінің ықпалы әр
түрлі болғаны даусыз.
Айталық, Россия шекарасына жақын жатқан солтүстік, солтүстік –шығыс
және батыс аудандарында және оңтүстікте мәселен отырықшы, қала
мәдениетінің әсерінде болған ташкент, шымкент және Түркістан маңын
мекендейтін қазақ жұртшылығының шаруашылыған товарлы ақша айналымының
әсерімен ислам дінінің ықпалы тиіп, олардың арасындағы туыстық қарым-
қатынастың бұрынғыдан әлдеқайда әлсірей түсуі анық.
Осыған орай Қазақстанның әр ауданына байланысты әр уақытта жазылған
әдеби мұралардағы деректерге тоқталайық. Мәселен, Ы. Алтынсариннің
айтуынша, Қазақстанның солтүстік- батысын мекендейтін қазақ жұртшылығының
арасында ХІХ ғасырдың екінші жартысында 8 атаға толғанша қыз алыспаған.
М.Е. Маковецкийдің айтуынша, Қазақстанның солтүстік-шығысында бұрын 7 атаға
дейін қыз алыспайтын болса, өткен ғасырдың 80-жылдарында үш атаға толысымен
қыз алысқан. Біздің ел аласынан жинаған деректерге қарағанда, П.
Маковецкийдің үш ата арасындағы қыз алысу тәртібі жалпы қазақтар арасындағы
қалыптасқан әдет емес, тек төрелер мен қожалар арасындағы қатынас
екендігін дәлелдейді.
Көптеген негізгі халықтардың өмірінен жиналған этнографиялық деректер
негізінде экогамиялық тәртіпті бұзудың нәтижесінде болатын қан араласуы
тұқымның әлсіреп азғындауына, кемтарлардың көбеюіне, кейде тіпті тұқым
бермейтін бедеулікке душар ететіндігі дәлелденген мәселе.
Неке мәселесі жөнінде, шариғат қағидасы бойынша, қандастық жақындығы
болмаса да, баласының енесіне кесі үйленуге болмайды. Өгей шешеге, сондай-
ақ өгей шешесінің артынан еріп келген қызға, яғни тумаған қарындасына
үйленуге қақысы жоқ. Бірге туған апалы-сіңлілі қыздар, бірге туған ағалы-
інілі адамдарға тұрмысқа шығуға болмайтындығын бірнеше авторлар келтірген.
Ал, ел арасынан жинаған деректерге қарағанда соңғы айтылған тйымға халық
арасында тым қатаң қарамаған сияқты. Өйткені апалы-сіңлілі, абысынды-ажынды
болып тұрмысқа шықса, күйеулерінің арасындағы туыстық байланысты үзбей,
қайта біріктіре түсуге көмектеседі. Апалы-сіңлілерді ағалы –інілілердің
алғандығына мысалды қазақ ауыз әдебиетінен келтіруге болады. Айталық Ер
Төстік ертегісіндегі ерназар байдың 9 ұлына екінші бір байдың 9 қызын
айттырып алып берген.
Туған балдызына әйелінің тірі кезінде үйленуге болмағанымен, әйелі
өлсе- үйленуге болады. Ал туған қайынбикесіне ешуақытта үйленуге болмайды.
Күйеу өліп жесір қалған әйел қайын атасына не туған қайнысының балаларына
тұрмысқа шығуға болмайды. Ал қайын атасының інісіне, қайнағаларына, олардың
балаларына шығуға қақы бар.
Қыз бала шешесінің бірге туған аға, інісен тұрмысқа шықпайды, бірақ
олардың балаларына шығуға болады. Сол сияқты жиен балалар нағашы апаларын
алуға қақы жоқ, бірақ олардың және нағашы ағаларының қыздарына үйленуге
болады. Мұны қазақ халқы бөлелер арасындағы және жиендер мен нағашы жұрт
арасындағы неке десе, этнография ғылымында күзендік (кузенный) неке дейді.
Бұл некенің екі түрі болады.
1. Кросскүзендік неке (шешесінің) аға-інілерінің қыздарына үйлену,
яғни нағашы мен жиен арасындағы неке. Мұның осы көрсетілген екі түрі де
қазақта болды. Бірақ қазақ дәстүрінде жиен алғаннан гөрі, нағашы алғанды
дұрыс көреді. Сондықтан да қазақ арасында жиен алған молықбас, нағашы
алған тарықбас дейді. Жиендерінің нағашы ағасынгың қыздарына үйлену құқы
өте көне замандағы жиендердің тек қана шешелері шыққан топтан, рудан әйел
алатын тәртіппен бафланысты нәрсе.
2. Ортокүзендік неке (әкесінің) аға-інілерінің қызадыран үйлену, яғни
яғни немерелер арасындағы неке не шешесінің апа-сіңлілерінің қыздарына
үйлену, яғни бөлелер некесі. Мұның алғашқы түрі, яғни немерелер арасындағы
некелесу құқы қазақ тәртібіне жат, ад екінші түрі, яғни бөлелер арасындағы
неке кездесіп тұрады. Ата-енеге екі жағынан да қайырымдылық мол
болғандықтан, бөлелер некесі қазақ ұғымында өте берік болады.
Төрт аяқтыда-бота, екі аяқтыда бөле тату деген мақал да осыдан
қалыптасса керек.
Сөйтіп ағайынды ұл мен қыздың балалары, яғни нағашы мен жиендер бір-
бірімен қыз алысатын. Екі елге ұзатылған ағайынды апалы-сіңлілердің
балалары (бөлелер) бір-бірімен қосыла беретін. өйткені шеше тарапынан
болған туыстық қатына қазақ ғұрпында экзогамиялық тәртіпті бұзғандық болып
есептелмейді.
Ислам дінінің қағидалары бойынша, туған ана, бірге туған апа,
қарындас әкесінің апа, қарындастарына және емшектес туыстарынан басқа
туыстарының бәрінің де алшыс-жақындығына қарамай неке құруға болады. Бірақ
неке құру мәселесіндегі шариғат қағидалары жалпы халыққа көп ықпалын тигізе
қойған жоқ. Оған жоғарыда келтірілген көптеген көнее әдеттердің біздің
заманымызға дейін сақталынып келуі толық әдлел болғандай.
Ислам діні мұсылмандардың басқа діндегі халықтармен некелесуіне тыйым
салды. Немесе басқа діндегі адам ислам дінін қабылдаған күнде ғана онымен
неке құруға болады. Шариғат бойынша, басқа діндегі адамды мұсылман етіп
үйлену үлкен сауап делінеді. ХІХ ғ. басында мұсылман дінін қабылдап,
қазаққа шыққан орыс, украин қыздары қазақстанның солтүстік шекарасында жиі
кездесетін. Әсіресе орыс қазақтарының қыздары қазаққа үйір болған. Мұнымен
бірге орыс деревняларында жалда жүрген жарлы жігіттер орыс қыздарын алып,
христиан дініні қабылдау да кездесетін.

2.2. Қазақ дәстүріндегі неклесу түрлері
ХХ ғасырдың басында бүкіл қазақ халқына тән болған некелесудің ең
негізгі түрі –қалыңдықты қалыңмал төлеп сатып алуға негізделген құдалық
арқылы неке құру болды. Мұнымен бірге алғашқы қауымдық қоғамда үстемдік
еткен топтық некенің қалдығы ретінде қазақ арасында әмеңгерлік (левират)
және балдыз алу (сорорат) ғұрыптары бойынша неке құру әдеті де өте жақсы
сақталып келді. Әр түрлі жағдайларға байланысты ел арасында қыз-
келіншектерді алып қашып некелесу әдеті де болды. Бірақ бұл әдет ХХ ғ.
басында қдалық арқылы неке құру ғұрыпымен тығыз байланысты болды. Олай
дейтініміз, кей уақытта құдалық арқылы некелесу тәртібі алып қашумен
аяқталса, енді бірде алып қашу арқылы некелсу міндетті түрде құдалық
ғұрпымен қалың төлеу арқылы бітетін.
Қазақ арасында, сирек болса да ХХ ғ. басында кездесіп тұратын
некелесу түрінің бірі – туған-туысы жоқ, қалың төлеуге шамасы келмейтін
жалғыз басты жарлы жігіттер қыз әкесіне қалың орнына күшін сатып, белгілі
мөлшерде қызмет істеу немесе қыз әкесінің ер балалары болмаған жағдайда-
қасына күшін күйеу болып кіру арқылы неке құру болды. ХІХ ғ. бірінші
жартысына дейін әр түрлі жауапкершілік уақиғаларға байланысты тұтқын боп
қолға түскен қыз-келіншектерді жауынгерлер өзара бөлісіп немесе сауға
ретінде сұрап алып некелесу түрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Графика бейнелеу өнерінің жанры
Өрнектер кілем композициясын құрайтын негізгі элементтер
Дәстүрлі музыкалық өнер
Қазақтың әншілік дәстүрі Алматы АРЫС
БҚО-ның кәсіби мектеп композиторлары
Қазақ дәстүріндегі бала тәрбиесінің қазіргі қоғаммен сабақтастығы
Сана және бейсана. Тіл мен ойлаудың арақатынасын бағалау
Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
Сөз мәдениетінің түпқазығы тілдік тұлға
Діни дәстүрлер арқылы жеткіншектердің рухани-адамгершілігін қалыптастыру
Пәндер