Проблемалы оқыту
Жоспар
I. Кіріспе.
1.1. Халық аузындағы есептердің сипаттары.
1.2. Проблемалық оқыту арқылы жаңа білімді меңгерту.
II. Негізгі бөлім.
1.3 Бастауыш мектепті ақпараттандырудың бүгінгі жағдайы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Проблемалы оқытудың мақсаты-мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Оқушыларға тақырып бойынша проблемалық сұрақтар қойылады. Оқушылар проблемалық сұрақтарды шешудің дұрыс варианттарын қарастырады, ойланады, жаңа білімді игеру туралы қорытынды жасайды, оны практикада қолданады.
Проблемалы оқыту-бұл ғылым негіздерін оқып білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы.
Психологтар адамның ойлағыштық іс-әрекетінің негізгі түрлерін атайды: репродуктивті және продуктивті, шығармашылық.
Репродуктивті іс-әрекеті үлгі, алгоритм бойынша орындалады. Мұғалім жаңа оқу материалын, жаңа ұғымдардың мәнін түсіндіреді, тапсырманы орындаудың жолдарын көрсетеді. Оқушы оқу тапсырмасын мұғалімнің көрсетуімен алгоритмге сүйеніп, яғни мұғалімнің сабақ үстінде жасаған әрекетіне сәйкес орындауға қажет.
Бағдарлама бойынша оқу материалдарының көпшілігін мұғалім проблемалық ситуация жағдайында түсіндіруі тиіс.
Продуктивті іс-әрекетінің айырмашылығы оқушы белгілі білімді өз бетімен жаңа ситуацияда қолданады немесе белгілі ситуацияда жаңа білімді, әркет жасаудың жаңа ережесін табады. Бірақ оқушының дайын алгоритмді, үлгіні пайдалануы да мүмкін.
Проблемалық ситуация жағдайында оқушының іс-әрекеті ойлаумен, пайымдаумен, өз бетінше ізденумен сиптталады (проблеме түрінде сұрақ қою, жорамал ой туғызу т.б.).
Шығармашылық іс-әрекеті алгоритмнен, үлгіден, формализмнен аумаушылықты көтере алмайды. Шығармашылық бұл эвристикалық іс-
әрекеті, оның мәні, негізгі идеялары тез түсініп ұғыну, істің кенеттен шешілу жолдарын табу.
Оқушылардың шығармашылық ойлауы проблемалық ситуациядан басталады.
Проблемалық ситуация деп пайда болған құбылыстарды, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан қиыншылық қабылдаған білім және іскерлік негізінде адамды жаңа әдістерді немесе істі іздеуге, түсіндіруге талаптандырады.
Ақыл-ой әрекеті толық циклының проблемалық пайда болуынан проблеманың шешілуіне дейін мынадай кезеңдері болады:
- проблемалық ситуацияның пайда болуы;
- проблеманы-сұрақты қою және оның қиыншылық мәніне жете түсіну;
- болжау арқылы шешім тәсілдерін табу;
- болжамды дәлелдеу;
- проблема шешімнің дұрыстығын тексеру.
Проблема проблемалық ситуация болып саналады, бірақ әр түрлі проблемалық ситуация проблема бола алмайды. Мысалы, 3-сынып оқушысына өзеннің бір жағасында тұрып, оның енін қалай өлшейді деп сұрақ қоса, ол сұрақтың мәнін ұғып оны шешу үшін дәрменсіз болады. Бұл жерде проблемалық ситуация пайда болды, бірақ ол проблема бола алмайды. Себебі, оны шешу үшін оқушының білімі, тәжірибесі жеткіліксіз болады.

1) Бастауыш мектеп журналы № 2-2003.
2) Бастауыш мектеп журналы №4-2006.
3) Бастауыш мектеп журналы №4-2006.
4) Бастауыш мектеп журналы №6-2004.
5) Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика» Алматы 2002ж.
1) Бастауыш мектеп журналы № 2-2003.
2) Бастауыш мектеп журналы №4-2006.
3) Бастауыш мектеп журналы №4-2006.
4) Бастауыш мектеп журналы №6-2004.
5) Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика» Алматы 2002ж.
Жоспар
I. Кіріспе.
1.1. Халық аузындағы есептердің сипаттары.
1.2. Проблемалық оқыту арқылы жаңа білімді меңгерту.
II. Негізгі бөлім.
1.3 Бастауыш мектепті ақпараттандырудың бүгінгі жағдайы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Проблемалы оқытудың мақсаты-мұғалім оқушыларды білім жүйесімен,
іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және
шығармашылық қабілетін дамытады. Оқушыларға тақырып бойынша проблемалық
сұрақтар қойылады. Оқушылар проблемалық сұрақтарды шешудің дұрыс
варианттарын қарастырады, ойланады, жаңа білімді игеру туралы қорытынды
жасайды, оны практикада қолданады.
Проблемалы оқыту-бұл ғылым негіздерін оқып білу процесінде жеке
адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің
қалыптасуы.
Психологтар адамның ойлағыштық іс-әрекетінің негізгі түрлерін
атайды: репродуктивті және продуктивті, шығармашылық.
Репродуктивті іс-әрекеті үлгі, алгоритм бойынша орындалады.
Мұғалім жаңа оқу материалын, жаңа ұғымдардың мәнін түсіндіреді, тапсырманы
орындаудың жолдарын көрсетеді. Оқушы оқу тапсырмасын мұғалімнің көрсетуімен
алгоритмге сүйеніп, яғни мұғалімнің сабақ үстінде жасаған әрекетіне
сәйкес орындауға қажет.
Бағдарлама бойынша оқу материалдарының көпшілігін мұғалім
проблемалық ситуация жағдайында түсіндіруі тиіс.
Продуктивті іс-әрекетінің айырмашылығы оқушы белгілі білімді өз
бетімен жаңа ситуацияда қолданады немесе белгілі ситуацияда жаңа
білімді, әркет жасаудың жаңа ережесін табады. Бірақ оқушының дайын
алгоритмді, үлгіні пайдалануы да мүмкін.
Проблемалық ситуация жағдайында оқушының іс-әрекеті ойлаумен,
пайымдаумен, өз бетінше ізденумен сиптталады (проблеме түрінде сұрақ қою,
жорамал ой туғызу т.б.).
Шығармашылық іс-әрекеті алгоритмнен, үлгіден, формализмнен
аумаушылықты көтере алмайды. Шығармашылық бұл эвристикалық іс-
әрекеті, оның мәні, негізгі идеялары тез түсініп ұғыну, істің кенеттен
шешілу жолдарын табу.
Оқушылардың шығармашылық ойлауы проблемалық ситуациядан басталады.
Проблемалық ситуация деп пайда болған құбылыстарды, фактілерді
адамның түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан
қиыншылық қабылдаған білім және іскерлік негізінде адамды жаңа әдістерді
немесе істі іздеуге, түсіндіруге талаптандырады.
Ақыл-ой әрекеті толық циклының проблемалық пайда болуынан
проблеманың шешілуіне дейін мынадай кезеңдері болады:
- проблемалық ситуацияның пайда болуы;
- проблеманы-сұрақты қою және оның қиыншылық мәніне жете түсіну;
- болжау арқылы шешім тәсілдерін табу;
- болжамды дәлелдеу;
- проблема шешімнің дұрыстығын тексеру.
Проблема проблемалық ситуация болып саналады, бірақ әр түрлі проблемалық
ситуация проблема бола алмайды. Мысалы, 3-сынып оқушысына өзеннің бір
жағасында тұрып, оның енін қалай өлшейді деп сұрақ қоса, ол сұрақтың мәнін
ұғып оны шешу үшін дәрменсіз болады. Бұл жерде проблемалық ситуация пайда
болды, бірақ ол проблема бола алмайды. Себебі, оны шешу үшін оқушының
білімі, тәжірибесі жеткіліксіз болады.

Ұлттық мазмұнды есептің сырын ашу үшін оның құрылымын да білу
керек.
Халықтық математика- біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе қара сөз,
біресе ертек, біресе тәжікелесу, біресе ілмек не дұзақ шешу,ұйқас
табу,мақалдап сөйлеу,ұсақ заттармен өнер көрсету,сиқырлы ой айту түрінде
ұшырасады. Бұл- халық аузындағы есептердің әдеби сипаты. Оны есептің сыртқы
түрінен, сондай- ақ ішкі мазмұнынан да байқауға болады.
Мына жұмбақты алайық.
Бір емен, жеті терек, алты қайын,
Бұтағы толып жатыр дайым, дайым.
Ішінде шынар терек, үш қарағай,
Өңгесін айта беріп не қылайын.
Өлең жазу ережесіне бағындырып, ағаш түрлерімен салыстыру арқылы
ен тағылған жұлдыздар: Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан, Үштараз.
Өлеңде әр жұлдыз өзіне тән сипат алған. Мәселен, Темірқазықтың емендей
берік, жалғыз екендігі айтылған. Еменге теңеу арқылы, оның аспан көгінде
қозғалмайтындығы жасырылған.
Ұстаздың міндеті әр жұлдыздың аспанда орны бар екендігін, оны табуға
болатындығын айтып, әртүлі әңгімелер қозғайды. Бірде жұлдыздарды есепке
алып, оның орнын анықтаған Ұлықбек еңбегі аталса, екіншіде Декарт
координаталар жүйесінің маңызына тоқталынады. Үшіншіден, жұлдыздардың тууы
мен батуы айтылып, олардың өмірдегі маңызына мән беріледі.
Мәселен, мысырлықтар Сүмбіле жұлдызының орнын, тууы мен батуын
зерттей отырып, бір жылда 365 күн бар екенін айтқан. Олар мысыр күнтізбесін
жасаған. Мұның маңызын қазір бәріміз білеміз. Осыған
байланысты халық даналығы, ғылыммен оның астарласуы, тәрбиелік мәні
айтылады.
Темірқазықтың орналасуы арқылы дүние тараптарын айқындауға болады.
Қазіргі пайдаланып жүрген Декарт өстері осының негізінде ойланылып
табылды. Кейін бұл крест түріне айналған. Кірестшілер мен кернеушілер
айсыз түнде Темірқазық арқылы жол тауып, барар жеріне адаспай
жеткен. Аспан шырақтары арқылы ауа райын болжаған. Күн мен Айдың
жерге, адамға, жәндікке әсерін білген, оны басшылыққа алған.
Осындай әңгімелерді үлкендер жастарға айта отырып, олардың
дүниетанымын кеңейтіп, қызықтыру мен табиғат құбылыстарының практикалық
маңызы арқылы ілімге бағыштаған, әртүрлі тәрбие берген.
Ақбоз, көкбоз-екі жұлдыз,
Темірқазық-жалғыз жұлдыз,
Жетегенім-жеті жұлдыз,
Жеті айтқаны сауап дейді,-ұйқасын алайық.
Бұл жердегі жетеген деп отырғанымыз жетіқарақшы, оның жеті жұлдыздан
тұратындығы және құрамына Ақбоз, Көкбоз сияқты екі жұлдыз және Темірқазық
кіретіндігі айтылған. Ақбоз бен Көкбозды таба алсақ, Темірқазықты табуға
болады. Ақбоз бен Көкбоз арқылы түзу жүргізіп, екі жұлдыз арақашықтығындай
бес өлшем жерден-солтүстіктен Темірқазық ізделеді. Төрттағаның бір мәнісі-
осы болса, екінші мәнісі мынада. Өлең ұйқасын пайдалана отырып тез
жаттаттырып, жеті рет айтса сиқыры-жауабы бар екендігіне бой ұсындыру. Дем
алмай өлеңді жеті рет қайталау өкпе жұмысын жақсартып, адамның сергектігіне
әсер етеді. Қазіргі тілде бұл биоэнергиялық жаттығуға жатады.
Үркерлі айдың – бәрі қыз, Сүмбіле туса-су суыр, Ай қораласа-арбаңды
сайла, Күн қораланса күрегіңді сайла, Шолпан таң алдында туады деп бекер
айтылмаған. Осы қыр мен сырды ашу- халық тәрбиесі деген осы. Халық
тәрбиесінде өмірде білу, табиғатпен тілдесу, құбылыстың, объектінің сырын
ашу, яғни таным: салыстыру, нақтылау, топтау және жіктеу, байқау мен
ұқсастыру, қолдану арқылы өткен. Осыдан да біз халық аузындағы есептердің
таными сипаты бар дейміз.
Заттан санды дербестеу арқылы дерексіз санау туғандығы белгілі. Бала бір
десе түсінбейді, бір жылқы десе түсінеді.Мұны қазақ ерте байқап, баланы
дерексіз санға үйрету үшін, мына жолдарды ойлап тапқан:
Бір дегенім-білеу,
Екі дегенім-егеу,
Үш дегенім-үскі,
Төрт дегенім-төсек,
Бес дегенім-бесік,
Алты дегенім-асық,
Жеті дегенім-желке,
Сегіз дегенім-серке,
Тоғыз дегенім-торқа,
Он дегенім-оймақ,
Он бір-қара жұмбақ.
Мұнда бір мен білеудің, екі мен егеудің, сондай-ақ, білеу мен егеудің
үндестігін пайдаланып, санды еске түсіру үшін, затты еске алудың
керектігіне нұсқай отырып, онға дейінгі санауды үйретеді. Өзі күнбе-күн
ұстап-тұтып жүрген заттарды пайдаланып, онға дейінгі санауды үйрете,
көрнекілік негізінде іске асыру керектік қағидасына тіреледі. Үйретудің
көрнекілік қағидасы ұлттық мазмұны бар есептердің барлығына тән. Онан әрі
санау (11) –шешілмеген (қара) жұмбақ деу арқылы үйрететінің алда дегенге
саяды.
Ұғымдв меңгеру үшін, оның негізгі сипаттарын білу қажеттігіне
баланы баулиды, тілін дамытады. Ол үшін қазақ жұмбақтар шешуге,
жаңылтпаштар айтуға қалыптастырады, мақал мен мәтелдің, шешендік сөздердің
сырын білуге тәрбиелейді.Халық аузындағы есептер осындай ауыр жүк
арқалайды.
Ой тезіне салып, ұғымның әрбір сипатының керегінің көзіндей,
атқаратын қызметін түсіну, көрген түймесін табу-жұмбақты, есепті шешудің
алтын балдағы-кілт. Кілт оңайлықпен қолға түспейді. Сондықтан ойды
дамытатын жұмбақтар шешу, тілді дамытатын жаңылтпаштар айту ерте басталады.
Осыдан да жұмбақтардың кейде бір, кейде әртүрлі жауаптары болады. Ойды сан
тарапқа самғатып, ой ұшқырлығына тәрбиелеу-халық аузындағы есептердің ой-
өрістік сипаты. Есептің ой-өрісі қағидасын іске асыру үшін қазақ ойлау
қызметін ұйымдастыру әдістерін де көрсеткен. Әсіресе, ынталандырушы буын,
мазмұнды тірек бабы қолданылады. Олар көбіне есеп атауында, есеп сұрауында
келеді. Сондай-ақ, ол есептің айтылуы мен мазмұнында да болуы мүмкін.
Ескісіз жаңа болмайды есебін қарастырайық.
Екі сегіз-он алты,
Және сегіз және алты.
Жандап жүрген бір алты,
Барлығы қанша?
Ескісіз жаңа болмайды,
Есепсіз дана болмайды.
Бұл есепте философиялық ой жатыр. Жаңаны ашу үшін, ескіні білу, ата мұраны
білу керектігі айтылған. Сонымен бірге, жаңалық ашу үшін, дана болу үшін
есеп керектігі көрсетілген.
Есептің түрлі жауабы бар. Себебі ауызша айтылғанда, тыныстауды
түрліше келтіруге болады. Мұндай есептерді шығарғанда әрбір жағдайды талдап
толымды индукцияны пайдаланған жөн. Оқулықта осындай есептер болуы тиіс.
Халық аузындағы есептер әр тұста туғандықтан, олар өз заманының
жүгін көтереді, тілін пайдаланады. Сондықтан көне сөз, атауларымен
таныстыру, оның мағынасын ашу, елдігіміздің бір көрінісі тарихи дамуымыздың
сынығы. Мәселен, есептерде кездесетін күпшек, жарты тиын, елулік,
жетпістік, теңге осындай сөздер. Халық аузында есептердің бұл тарихи
сипаты. Есептің тарихын айту да, оынң кейіпкерлерімен таныстыру да, ел мен
жер атына көңіл бөлу де есептің алдына қойған мақсатын түсінуге,
оны есте қалдыруға көмектеседі. Тарихи шындықты білуге құштар етеді. Халық
қазынасын сақтауға тәрбиелейді.
Тәрбие-сан қырлы. Ата-тегіңнің табысын айту, халқыңның дәстүрін
сақтау, оны өз заманыңның қағидаларымен шендестіру-тәрбиенің бір көзі деп
білеміз.
Қазақ халқының ауыздан-ауызға тараған есептердің арасында ұлттық
иден өтіп, басқа халық даналығымен астарласып жататын есептер де бар.
Мұндай ортақтықты мақал-мәтелдерден де байқауға болады. Ортақ ойлау
жүйесінен туған мұндай есептердің мәдени сипаты бар дейміз. Геометриялық
прогрессияға берілген Есің кетсе, ешкі жи есептері Үнді, Қытайлардың
есептерімен аралас.

Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа
жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл
педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге
байланысты болып отыр.
Білім негізі бастауыш мектепте берілетіні анық.Сондықтан да бастауыш
сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде
ғана білім беріп қоймай, пәндер арқылы баланың жан-
жақты дамуын қамтамасыз ету керек.
В.П.Беспальконың анықтамасы бойынша педагогикалық технология дегеніміз
тәжірбиеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің
жобасы,педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс- тәсілдер, оның
құрамды бөлігі ғана. Педагогикалық жүйе ретінде ол оқушының жан- жақты
қалыптасуына ықпал ететіндей оқытудың әдіс, құрал, үдерісінің мақсатты
жиынтығын қарастырады.
Бүгінгі таңда оқытуда дәстүрлі және дәстүрлі емес, жааң дамыта оқыту
әдістері пайдаланылуда. Дәстүрлі әдістің негізін сыныптық сабақ жүйесі
ретіне Я.А.Коменский салса, педагогикалық жаңа әдістер 50-60-шы жылдарда
пайда болып осы заманға Л.С.Выготский,Д.Б.Эльконин,В.В.Давы дов,Л.В.Занков
т.б. идеялары жалғасты. Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған
басты мәселелер, ғылымдардың пікірінше, оқушыларды дамыта оқыту, яғни
оқушының оқу әрекетінің қалыптасуы, оқуға деген ынтасының артуы. Қазіргі
білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты,
жан- жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің
интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және
басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-
өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты
әрқилы жүзіге асырылуы мүмкін. Бүгінгі таңда білім берудің даму бағыты мен
технологияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып
жүргені мәлім.
Солардың бірі бүгінгі таңда кеңінен қолданылып жүрген Проблемалық
оқыту технологиясы:
-білім, білік, дағдыға ие қылу;
-өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
-танымдық және шығармашылық икемділікті дамыту.
Кез келген сабақты түрлендіріп өткізудің мәні зор. Сонымен қатар
сабаққа сай тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, дұрыс мазмұнды жүргізу мен
дамыта оқыту барысында проблема тудыру арқылы (проблемалық әдіспен)
неге? неліктен? деген сұрақтар қою арқылы оқушыларға дәлелдетіп, өз ойын
жинақтауға бағыттаймын. Мысалы: 3+2, 2+3; мәні бірдей, неге? неліктен?
Балалар өз ойларын ортаға салып, түрлі пікір айтысып, соңында мынандай
қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосындының мәні өзгермейді деген
тұжырымға тіреледі.
Проблемалық әдіспен оқытудың мақсаты оқушының сабақ бойы ой
еңбегімен тың пікір айта білуге үйретеді. Оқушыны ізденуге, қорытынды
жасауға, өзгеше қорытындысы жасалған жағдайда ғана проблема туды деп
есептеуіміз қажет. Проблемалық оқыту оқушының бұрыннан меңгерген біліміне
сүйеніп, мәселені толық шешуі үшін аздаған өзіндік ойды, шығармашылық
шешімді, дербес әрекетті қажет ететін проблемалық жағдайға алып келуі
қажет. Проблемалық мәселе, проблема тууға ыңғайлы тақырыпты таңдай білу,
мұғалімнің ізденімпаздығын, тапқырлық шеберлігіне байланысты.
Есеп шығару кезінде кері есеп құрастыра білуге, ұқсастық,
айырмашылықтарын таба білуге баулу.
Проблемалық оқыту технологиясын пайдалану барысында өз бетімен
әрекеттену әдістерін меңгерту. Танымдық және шығармашылық икемді дамыту
мақсатында кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ең
алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
1.3. Бастауыш мектепті ақпараттандырудың бүгінгі жағдайы.
Білім мазмұнын жаңартудың маңызды аспектілерінің бірі
бастауыш білімді ақпараттандыру болып табылады.
Бастауыш мектепті ақпараттандыру дегеніміз-бұл бастауыш мектепте
оқу құралы есебінде және бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу, дамыту үшін,
сондай-ақ оқу процесі мен мұғалімнің кәсіби жұмысын талапқа сәйкес
ұйымдастыру мақсатынды оқу үрдісіне ақпарытты, коммуникациялық
технологияларды енгізу.
Ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша, оқу процесінің тиімділігін
арттыруда ақпараттық технологиялардың ролі зор. Сол себептід де мектепті
ақпараттандырудың басты құралы болып табылатын және соған сәйкес бүгінгі
күні құрылымдық, мазмұндық жағынан өзгеріске ұшырап отырған пән-информатика
пәні. Алайда, күні бүгінге дейін пікірталас тудырып келе жатқан өзекті
проблемалардың бірі-бұл пәнді қай сыныптан бастап оқыту қажеттігі және оның
мазмұны, бағыты қандай денгейде болу керек деген мәселе.
Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап
оқытуға болатындығы және оның негізінде дәлелденіп отыр.
Біздіңше, бұл курсты бастауыш сыныптардан оқытуға негіз болатын
басты факторлар мыналар:
-бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу:
-ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту:
-бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра
отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңестігіне даярлау.
Ресей ғалымы И. Б. Мылованың пікірінше, бастауыш мектеп оқушыларын
қазіргі ақпараттық технологияларды оқыту процесін ұйымдастыруды негізгі екі
әдістемелік тұрғыдағы амал ретінде қарастыруға болады:
1) басты мақсат есебінде бастауыш мектеп оқушыларының нақты компьютерлік
программалармен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері қарастырылады
(графикалық, мәтіндік редакторлармен және конструкторлармен,
қолданбалы программалармен жұмыс істей білу). Тәжірбиеге сүйенсек,
бүгінгі күні бастауыш мектеп оқушыларын қазіргі ақпараттық
технологияларға оқытуды ұйымдастырудың бұл әдісі кең тараған.
2) Қазіргі ақпараттық технологияларға оқытуды бастауыш мектепті
жаңартудың негізгі мақсаттарына сәйкес қарастырылады және оқыту пән
шеңберінде төменегі үш маңызды дидактикалық аспектілерді ескере
отырып, жаңа сапалық деңгейде жүзеге асырылады:
-әрбір баланың жеке дамуына жағдай жасау және оның оқуда, қарым-
қатынаста өзіндік тәжірибесінің қалыптасып, шығармашылық және
әлеуметтік белсенділігінің дамуына ықпал ету:
-дербес оқытуды оқу тапсырмасын бірлесе отырып орындауға біріккен
балалар мен ересектерді құрайтын оқу тобымен үйлесімді байланыстыра
білу:
-кең көлемдегі пәндік кіріктіру, оқу процесін кешенді тақырыптар
төңірегінде құру.
Сонымен қатар бастауыш мектепті ақпараттандыру мәселесін зерттеуші
ғалымдардың пайымдауынша, бастауыш мектепті ақпараттандырудың
міндетерін шешуде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
қолданудың төменгі бағыттарына сүйену керек:
1) оқу процнсінде қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану;
2) бастауыш мектепте информатикаға оқыту;
3) кәсіби педагогикалық іс-әрекетті қамтамасыз ету.
4) Оқу тәрбие процесін басқару.
Біздіңше, информатика пәнін оқытудағы ең тиімді вариант-бұл бастауыш
сынып мұғалімдерінің дәстүрлі пәндерді оқыту процесінде оқушылардың
ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыруы.
Бұл жағдайда дидактикалық тұрғыдан қазіргі ақпараттық
технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану оқушылардың пәндік,
коммуникативтік және әлеуметтік компоненттіліктерінің қалыптасуына толық
жағдай жасайды. Бұнда ескеретін мәселе-бұл бастауыш мектеп үшін тиімділігі
зор педагогикалық ұйымдастырушылық шарттарды орындау қажеттілігі. Олар:
-сабақ кезінде сынып бөлмесінде жеке және топтық жұмыс
ұйымдастыру үшін бір компьютер орналастыру;
-ұжымдық, топтық түрде электронды оқу материалдарымен жұмыс
ұйымдастыру үшін проекциялық аппаратураны қолдану мүмкіндіктерін туғызу.
Бастауыш мектепті ақпараттандыруға қатысты теориялық-әдістемелік
материалдарды талдау төмендегі проблемаларды шешу негізінде тиімді жүзеге
асу ммкіндігі бар екендігін көрсетіп отыр:
-бастауыш мектеп мұғалімінің әдістемелік дайындығын жетілдіру;
-бастауыш мектеп оқушыларын оқытуға электронды оқулықтарды
құрастыру;
-дәстүрлі сабаққа ақпаратты коммуникациялық технологияларды
пайдалануға педагогикалық психологиялық және ұйымдастырушылық бағытта
жағдай жасау.
Бұл аталған прьлемалар өз кезегінде бастауыш мектептің
мазмұндағы негізгі мақсаттарын шешу қажеттігін көрсетіп отыр:
1) коммуникативті, әлеуметтік компоненттілігі және шығармашылық,
алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамыта отырып, оқу үрдісінде
өзіндік жұмыс істеу дағдысы мен белсенділігін арттыру негізінде
бастауыш мектеп оқушысының тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, оның
ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру.
2) Бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру.
Бастауыш мектеп оқушысының танымдық іс-әрекеттерінің
белсенділігін, оқуға деген ынталарын дамытуда сонымен қатар,
бастауыш мектептегі балалардың физологиялық, психологиялық жағынан
дамуын нығайтуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінің денгейін
арттыруда қазіргі ақпараттық технологиялық мүмкіндіктерін барынша
кең пайдалану.
3) Бастауыш мектептің біртұтас ақпаратты оқу кеңістігін құрастыру,
мұндағы барлық суюъектілер-оқушылар,мұғалімдер, ата-аналар,
әкімшілік
-әртүрлі қолданыстағы ақпаратты ресурстарды
қолдануға толықтай мүмкіндіктері бар.
Аталған мақсаттарды оқытудың қазіргі ақпараттық
технологияларын бастауыш мектептегі дәстүрлі әдістемемен үйлесімді
байланысиыру арқылы және оларды оңтайлы, тиімді пайдалану негізінде жүзеге
асыру мүмкіндігі зор екендігі практика жүзінде дәлелденіп отыр.
Біздің пікірімізше, бастауыш мектептегі информатика курсы
қоғам талабына сай оқушыға білім, білік, дағды қалыптастырумен қатар,
оқытудың қазіргі ақпараттық техногиялырының мүмкіндіктерін орынды пайдалану
арқылы оқушының жасырын жатқан қабілеттерін дер кезінде көре біліп, оны
шығармашылықпен оқушымен бірлесе отырып дамытуға жол ашады.
Бастауыш мектепті ақпараттандыруға байланысты бүгінгі күні
ерекше мәнге ие болып отырған мәселелердің бірі-бұл бастауыш мектептегі
дәстүрлі сабаққа қазіргі ақпараттық технологиялырды шектеулі енгізуге
қажетті әдіс-тәсілдермен мұғалімдердің қарулану денгейімен дайындықтары.
Сол себепті де болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің әдістемелік дайындығына
жете мән беру керектігі өзінен өзі туындайды.
Бүгінгі педагогикалық жоғары оқу орнының түлегі бастауыш сынып
оқушыларына пәндік және жалпы оқу білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын
меңгертумен қатар олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғасын
дамытуға, пәндік, әлеуметтік, коммуникативтік, компьютерлік және ақпараттық
мәдениеттіліктерін қалыптастыруға және осы мақсатта қазіргі ақпараттық
технологияларды шығармашылықпен пайдалана білуге дайын болуы тиіс.
Бастауыш мектепте қазірігі ақпараттық технологияларды қолданудың
қазіргі жағдайына талдау жұмысы төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік
берді:
1) Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологиялар төмендегі
бағытта қолданыла алады:
-балалар мен педагогтарды зерттеу пәні, соған әйкес бастауыш
мектептегі информатика және ақпараттық мәдениет негіздері пәнінің
мазмұны арнаулы компьютерде өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыруға және мәтіндік, графикалық редактормен, оқыту
программаларымен жұмыс істеуді жетік меңгеруге құрылуы тиіс;
-мұғалімнің сабақ жоспарын, конспект жазу, көрнекі әдістемелік
құрал дайындау, оқушылардың өткен материалды меңгеруін тексеру,
қатысты есепке алу және есеп жүргізу үшін мұғалімнің педагогикалық
іс-әрекет құралы;
-пәндік сабақтарды ұйымдастыру және өткізу, оқушылардыі өзін-өзі
бақылауы мен тестілеу үшін оқыту құралы. Мұндай оқу үрдісінің
негізгі ерекшелігі
-бұл оқыту дамытушы ойындар, компьютерлік тестілер, электрондық
оқулық негізінле жүзеге асады;
-шығармашылық елестету, жағдайға байланысты тез шешім қабылдау,
қоршаған ортаны тану қабілеттерін дамытып, қалыптастыру үшін
бастауыш сынып оқушылары үшін интелектуальды дамыту құралы;
-ақпатаратты алу және қрбылармен, әріптестерімен интернет арқылы
қарым-қатынас жасау көзі.
2) Сауатты түрде іріктелген компьютерлік программалардағы ойындық
және оқу тапсырмаларының вариативтілігі оқушының жұміс істеуіне игі
әсерін тигізеді.
3) Компьютерлік программада, электронды оқулықта берілген ойындық,
оқу тапсырмалары проблемалық ситуация оқушылардың көңіл-күйіне,
ынтасына әсер етумен қатар, олардың шығармашылық және интелектуальдық
белсенділігіне кешенді түрде ықпал етеді.
4) Оқушылардың жаңа материалды, жаңа техниканы меңгеру денгейін және
олардың жеке қабілеттерін, қабылдау темпін, қызығушылықтарын,
ынталарын есепке ала отырып, ұйымдастыру барысында оқытудың жеке
әдістерімен формаларын қолдануға мүмкіндік береді. Өйткені қазіргі
ақпараттық технологиялыр ұжымдық іс-әркетке құрылған оқу-тәрбие
үрдісінде жеке оқыту түрін ұйымдастыруға бағытталған.
Қорытынды.
Қорыта келе, проблемалы оқыту туралы педагогикалық және
әдістемелік әдебиетте көп айтылып та, жазылып та жүр, бұл жайлы
пікірталастары да баршылық.
Кейбір авторлар проблемалық оқытуды оқытудың өз алдына ерекше
проблемалық оқыту басқа әдістер арқылы іске асырылады. Біздіңше,
проблемалық оқыту-жаңа әтісте, оқытудың жаңа жүйеі де емес, оны оқыту
жұмысын ұйымдастырудың бір түрі деп қаралғаны дұрыс. Психологтардың Л.С.
Рубинштейн, Н.А. Менчинская, А.М. Матюшкин, т.б. пікірінше, бұл құбылыс
аамның таным әркетінің, әсіресе ойлау ерекшелігіне байланысты пайда болған.
Л.С. Рубинштейн жалпы проблеманың болуы-адамның дұрыс тану әркетінің
негізгі бір сипаты деп қарайды. Ол ойлау-проблемалы жағдайдан басталады
деген.
Проблемалы оқытуда көздейтін-мақсат-оқушыларға білімді даяр
күйінде бәрін мұғалімнің өзі баяндап бермей, олардың алдына белгілі
проблемалы міндет қоып, соны өздеріне шешуге бағыттау.
Проблемалы оқыту-проблема, проблемалы сұрақ, проблемалы тапсырма,
проблемалы жағдаят деген ұғымдарды қамтиды. Бұл ұғымдардың мазмұның дұрыс
түсіндірудің маңызы зор.
Кез керген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың
проблемалы болуының негізгі шарты-оларға жауап ізденуде оқушыларға даяр
жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы
қайшылықты, басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің
немесе тәсілдің мұнда жетіспей тұрғанын сезінеді.
Проблемалы міндет дегеніміз-осындай жағдайдағы іздену, зерттеу
барысында шешілетін мәселе. Міндет мазмұны деп, белгілі ізделініп
отырғанның арасындағы қайшылық нәтижесінде пайда болған проблеманы айтамыз.
Мұның жауабын практикалық операциялар арқылы табуға болады. Сондықтан кез
келген міндет проблема болмайды.
Проблемалы оқыту тек проблемалы жағдаят тудырып қана қоюда емес,
сонымен қатар оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгеруді де қажет етеді. Ол
үшін мұғалім оқушының материалда кездесетін ой, пікір қашылықтарын дұрыс
аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдарымен тәсілдерін меңгеруге,
өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс.
Мұның басты жолы-дұрыс ойлай білуге баулу. Бұл-оқылатын
материалға сай оқушы тараптарынан дұрыс сұрақ қоя білуден басталуы керек.
Өйткені оқушылар баяндалатын мәтінге байланысты ондағы ой, пікірді дұрыс
ашуға көмектесетін нақты, дәл, дұрыс сұрақ қоюды білмейді. Мысалы, мұғалім
әдеби шығармалырды талдап, осы шығармалардағы басты кейіпкер мынау болып
табылады деп соған тоқталады, түсіндіреді немесе әдеби ағынға талдау жасап,
оның өкілдерін атайды, осы кезде оқушы тарапынан: Біз мұны неге негізгі
кейіпкер деп ерекшелейміз?, Әдеби ағымның тууы неге байланысты?, Бұл
ақындарды неге осы ағымға ғана жатқызамыз? т.б. осылар сияқты сұрақтар
қойылады.
Қарама-қайшылықтың пайда болуы оқушы алдында проблеманың тууына,
оны шешу үшін ойдың тікелей қатысуына мүмкіндік жасайтын құбылысты дербес
алып қарауға мүмкіндік беретін алғашқы бастама болып саналады. Қарама-
қайшылықты аңғартып, оны таба білуге үйрету. Мұғалім тарапынан шеберлікті
талап етеді.
Ой жүйесінде пайда болған қарама-қайшылық оқушының дербес жұмысын
істеуіне түрткі болып, оқылатын материал оқушыны қайшы алып келеді
де,шешуді керек ететін проблема туады.
Ой қайшылығы пікірталасын тудырып, дұрыс ой қорытындысына келетін
жағдайға итермелегенде ғана біз проблема туады деп есептеуіміз керек.
Қорыта келгенде, проблемалық оқыту сабақта проблемалық жағдаят
тудырып, проблемалық шешуді талап етеді.
Проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі-оқушының білетіні мен
білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалы міндетті
шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалы жағдаят пайда болады, осыған
орай, оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.
Прблемалық оқыту өзіне тән 3 түрлі формада іске асады: Проблемалы
баяндау, оқушылардың біршама іздену және өздігінен зерттеуі. Проблемалық
оқыту оқушылардың таным әрекетінің 3 кезеңінен тұрады.
1) Проблемалық міндет қою және ұғыну;
2) Проблемалық міндетті талдау, болжамдар жасау, оны шешудің тиімді
амалдарын қарастыру;
3) Проблеманы шешу және оның дұрыстығын тексеру.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1) Бастауыш мектеп журналы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz