Айша бибі кесенесі және тарихи орындар



Кіріспе 3
1. Айша бибі кесенесі 4
2. Айша бибі кесенесінің тарихи маңызы 5
3.ХІ ғ. Карахан 7
4. Дауытбек кесенесі (Шамансурдың) 8
5. ХІХ ғ. Кали.Юнус шығыс моншасы 9
6. VIII.IХ ғ.ғ. Ақыртас сарайлық комплексі 9
7. Тектурмас Х.ХIV ғғ. Сәулет комплексі 10
8. Бабаджа Хатун кесенесі 10
ҚОРЫТЫНДЫ 11
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 12
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кезінде Әулиеата уезінің бастығы бол¬ған В.Каллаур Айша бибі мен Қарахан арасындағы шексіз махаббат туралы ел арасындағы аңыздың бірнеше нұсқасын жинаған көрінеді. Сондай-ақ археология үйірмесінің мүшесі В.Панков: «Айша бибі кесенесінің төрт бұрышында жуан баға¬налары бар. Әр фасадының ортасында жоғары және сүйірлеу аркамен бітетін кішірек қуыстар бар. Барлық қабырғасы мен бағаналарының беті тұтастай қыш тақталармен қапталып шыққан. Кесененің ішкі беті кірпіштен, сыртқы беті күйдірілген құйма балшықтан қаланған. Кірпіш пен құйма тастардың арасы әк қосылған балшықпен жымдастырылып, арша ағашымен ұстатылған. Мұндай әдістің жер сілкінгенде қабырғалардың құламай сақталып, бүгінге дейін жетуінің айғағы – осы», деп жазып қалдырған екен.
13 ғ-да Таразда болған монах Чань-Чунь хабарламасында да Таластың үстінде тастан салынған үлкен көпір болғаны айтылады. Оның қалдығын 19 ғ-да В.А. Каллаур зерттеді. Келесі елеулі ескерткіш — Ақыртас құрылысы шамамен 7 — 8 ғ-ларда салынған. Қазіргі Тараз қ-ның шығысынан 40 км жерде орналасқан. Төртбұрышты жобамен соғылған. Ауд. 200´200 м. Құрылысқа қалыңд. 1 м-ге жететін гранит тастар қолданылған. Тастар әр түрлі геом. өрнектермен әшекейленген. Ақыртас қабырғалары көтеріліп үлгермеген сияқты, биікт. 1 — 1,5 м шамасында. Қандай құрылыс екені белгісіз. Ресей шығыстанушысы П.И.Лерх оны салынып бітпеген будда ғибадатханасы десе, В.В.Бартольд несториан ғибадатханасы деген болжам айтады. Мұражайдағы ескерткіштер мемлекет тарапынан қорғауға алынған.
Ондағы сәулет өнерінің бірегей үлгілеріне Айша бибі, Бабажы қатын, Қарахан, Тектұрмас, Шамансұр, т.б. күмбездер жатады. (қ. Айша бибі кесенесі; Бабажы қатын кесенесі; Қарахан кесенесі; Тектұрмас кесенесі;Шамансұр кесенесі). Әбдіқадыр мешіті Әбдіқадыр медресесі деп те аталады (қ. Әбдіқадыр медресесі). Ежелгі Тараздың ортаазиялық қалалар секілді шахристаны, рабаты болған. Шахристанның аум. 7,5 га. Оның ішінен 10 — 12 ғ-ларға жататын шығыс моншасының қалдығы табылды. Моншаны 1940 ж. А.Н. Бернштам зерттеді. Монша жобасы төртбұрышты, ауд. 13,60´12,40 м, күйдірілген сапалы кірпіштен қаланған, 5 бөлмеден, 2 алаңқайдан тұрады. 3 бөлмесінің қабырғасына ою-өрнек салынған, сылақтың қызыл, сары, көк, қара, қоңыр түсті бояуларының қалдығы сақталған. 3 бөлме мен бір алаңқай ерлер, қалған 2 бөлмесі мен алаңқай әйелдер бөлігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: жұмыстың басты мақсаты – Айша бибі кесенесі туралы мәліметтер жинап деңгейін анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді шешуге талпыныстар жасалды:
- Айша бибі туралы аңызды талдау;
- Айша бибі кесенесі туралы ату;
- Айша бибі кесенесінің тарихи маңызын ашу;  
1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” 2005ж
2. Қазақ энциклопедиясы, 1-том
3. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
4. Маргулан А., Басенов Т., Мендикулов М. Архитектура Казахстана. Алма-Ата, 1959. С. 99-102. Табл. 22-27;
5. Труды Семиреченской археологической экспедиции 1936-1938 гг. Таласская долина. Алма-Ата, 1949. С. 75-81;
6. Материалы обследования памятников архитектуры Жамбылской области. 1984-1989, 2000;
7. Паспорт памятника (архив НИПИ ПМК).
А.Н. Проскурин, Б.Т. Тұяқбаева
8. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы. Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж.
9. А.Әпсеметов, Д.Тәлеев Тараз екерткіштері

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Айша бибі кесенесі 4
2. Айша бибі кесенесінің тарихи маңызы 5
3.ХІ ғ. Карахан 7
4. Дауытбек кесенесі (Шамансурдың) 8
5. ХІХ ғ. Кали-Юнус шығыс моншасы 9
6. VIII-IХ ғ.ғ. Ақыртас сарайлық комплексі 9
7. Тектурмас Х-ХIV ғғ. Сәулет комплексі 10
8. Бабаджа Хатун кесенесі 10
ҚОРЫТЫНДЫ 11
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 12

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кезінде Әулиеата уезінің бастығы бол - ған В.Каллаур Айша бибі мен Қарахан арасындағы шексіз махаббат туралы ел арасындағы аңыздың бірнеше нұсқасын жинаған көрінеді. Сондай-ақ археология үйірмесінің мүшесі В.Панков: Айша бибі кесенесінің төрт бұрышында жуан баға - налары бар. Әр фасадының ортасында жоғары және сүйірлеу аркамен бітетін кішірек қуыстар бар. Барлық қабырғасы мен бағаналарының беті тұтастай қыш тақталармен қапталып шыққан. Кесененің ішкі беті кірпіштен, сыртқы беті күйдірілген құйма балшықтан қаланған. Кірпіш пен құйма тастардың арасы әк қосылған балшықпен жымдастырылып, арша ағашымен ұстатылған. Мұндай әдістің жер сілкінгенде қабырғалардың құламай сақталып, бүгінге дейін жетуінің айғағы - осы, деп жазып қалдырған екен.
13 ғ-да Таразда болған монах Чань-Чунь хабарламасында да Таластың үстінде тастан салынған үлкен көпір болғаны айтылады. Оның қалдығын 19 ғ-да В.А. Каллаур зерттеді. Келесі елеулі ескерткіш -- Ақыртас құрылысы шамамен 7 -- 8 ғ-ларда салынған. Қазіргі Тараз қ-ның шығысынан 40 км жерде орналасқан. Төртбұрышты жобамен соғылған. Ауд. 200'200 м. Құрылысқа қалыңд. 1 м-ге жететін гранит тастар қолданылған. Тастар әр түрлі геом. өрнектермен әшекейленген. Ақыртас қабырғалары көтеріліп үлгермеген сияқты, биікт. 1 -- 1,5 м шамасында. Қандай құрылыс екені белгісіз. Ресей шығыстанушысы П.И.Лерх оны салынып бітпеген будда ғибадатханасы десе, В.В.Бартольд несториан ғибадатханасы деген болжам айтады. Мұражайдағы ескерткіштер мемлекет тарапынан қорғауға алынған.
Ондағы сәулет өнерінің бірегей үлгілеріне Айша бибі, Бабажы қатын, Қарахан, Тектұрмас, Шамансұр, т.б. күмбездер жатады. (қ. Айша бибі кесенесі; Бабажы қатын кесенесі; Қарахан кесенесі; Тектұрмас кесенесі;Шамансұр кесенесі). Әбдіқадыр мешіті Әбдіқадыр медресесі деп те аталады (қ. Әбдіқадыр медресесі). Ежелгі Тараздың ортаазиялық қалалар секілді шахристаны, рабаты болған. Шахристанның аум. 7,5 га. Оның ішінен 10 -- 12 ғ-ларға жататын шығыс моншасының қалдығы табылды. Моншаны 1940 ж. А.Н. Бернштам зерттеді. Монша жобасы төртбұрышты, ауд. 13,60'12,40 м, күйдірілген сапалы кірпіштен қаланған, 5 бөлмеден, 2 алаңқайдан тұрады. 3 бөлмесінің қабырғасына ою-өрнек салынған, сылақтың қызыл, сары, көк, қара, қоңыр түсті бояуларының қалдығы сақталған. 3 бөлме мен бір алаңқай ерлер, қалған 2 бөлмесі мен алаңқай әйелдер бөлігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: жұмыстың басты мақсаты - Айша бибі кесенесі туралы мәліметтер жинап деңгейін анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді шешуге талпыныстар жасалды:
oo Айша бибі туралы аңызды талдау;
oo Айша бибі кесенесі туралы ату;
oo Айша бибі кесенесінің тарихи маңызын ашу;
1. Айша бибі кесенесі
Айша бибі кесенесі -- ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.
Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 -- 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген.
Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әртүрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан - аз ғана суреттер қалған. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3х1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айшы бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың біріндегі "күз, бұлттар, дөңгеленген дүние..." деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпішпен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады.
Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ.
"Қазақ жобалау-қалпына келтіру" институты Айша бибі кесенесін қалпына келтіру жұмысының жобасын жасап, Тараздағы шеберхана ескерткішті қалпына келтірді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2001-2004 жылдар аралығында жүргізілді. Кесене кейіпін келтіру үшін Түркістан филиалының қайта жасаушы шеберлері үш жыл бойы ескі технологиялы пештерді қолдану арқылы 72 түрлі белгі салынған плиткалар дайындады. Сондай-ақ кесене фундаментін қатайту қабырғаларын көтеріп алғашқы кейпіне келтіру күмбездің ішкі және сыртқы желкендерін жөндеу секілді қиын жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ электр жарығын тартып кесене аймағы қоршалды, яғни осылайша кесене қайта қалпына келтірілді. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.
2. Айша бибі кесенесінің тарихи маңызы
Айша бибінің кім екені жөнінде атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. Ал, аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының атасы деп есептейтін Зеңгі бабаның қызы еді дейді. Сол аңыздың айтуынша, Айша бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Жаугершілік заман болса керек, тұс тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін, жерін қорғаумен жүргенде Қараханның уәделі мерзімде Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Арада біраз уақыт өтіп кетеді. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені Тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба әже қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді. Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі ас жабдығына кіріседі. Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша бибі күтушісі ас әзірлегенше дем ала тұрмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Су сабатының салқын ауасына қосылған таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған жас арудың балғын тәнін аялай сипап, рахат құшағына бөлейді. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады. Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: Айша, сен енді бибі болдың! деп үш рет айқайлапты. Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді. Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр Тараз қаласының іргесінде.
19 ғ. ортасынан бастап кесене бірнеше рет тарихшылардың, өнертанушылардың, архитекторлардың тарапынан зерттеулерге ұшырады. Ескерткіш бойынша көптеген еңбектер бар. Алғашқы келбетін жоғалтқанға дейін кесене әртүрлі фасадты күмбез тектес құрылыс болған. Жобасында бір камералы, шаршы тәрізді, порталсыз оның жақтарының ұзындықтары 4,2 м, қабырғасының қалыңдығы 1,5 м. Ескерткіштің қиранды жағдайы құрылымдық ерекшелігі мен оның тұрғызылуын айқындауға көп септігін тигізді. Құрылыстың іргетасы бірнеше қатар тас кесектерінен жасалған. Қабырғалары кірпіштен қаланған. Кірпіштердің арасы саз балшыққа шыланған құрылыс заттарының сынықтарымен толтырылып, ағаш діңі тәрізді көлденең байланыстырулармен бекітілген. Ағаш байланыстырушылар төбесін жапқан күмбездің негізіне де қолданылған. Сфероконус тәрізді болып келген күмбезі сегізбұрышқа тірелген. Кесене фасадтарының дәл ортасында жебе тәріздес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция ғалымдары
Қазақстан Республикасында зиярат ету діни туризмнің дамуы
Қарахан кесенесі
Қазақ даласының әулиелері мен әйгілі адамдары
Жұмыстың мақсаты Қазақстанның жеті кереметімен танысу
Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері мен әулие адамдары
Тараз өңірінің архитектуралық ескерткіштері
Туристік нысандар
Айша бибі кесенесі туралы
Жамбыл облысындағы туризм саласының дамуы және болашағы
Пәндер