Қобыз – ежелден келе жатқан аспап



1 Қобыз . ежелден келе жатқан аспап
2 Қорқыт пен қобыз
3 Қобыздың құдіреті
4 Қобыз түрлері
5 Нар қобыздың тағдыры.
6 Қобыздың оркестрде қолданылатын түрлері
7 Қорқыт Ата туралы аңыз
8 Қорқыт Ата энциклопедиялық жинағы
9 Пайдаланған әдебиеттер
Қобыз – ежелден келе жатқан аспап. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, VIII-IX ғасырларда қобызды Қорқыт жасаған және оған алғаш рет күй шығарып тартқан деседі.
Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы жөнініде мынадай аңыз бар: «Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнайды екен. Алайда ол оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанады. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай қалай., не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жаққан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар терісінен жасалған шанақ, ор текенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың кұйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» – деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна салып, осы айтылғандардың бәрін жасайды.
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған, қобызым.
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым.
Желмаяның терісін
Шанақ қылған, қобызым.
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған, қобызым.
Бесті айғырдың құйрығын
Ішек қылған, қобызым.
Құлағыңды бұрайын
Осы айтқаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын,- деп қобызды қолына алған кезде, аспап боздап қоя беріпті. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң – бәрі тоқтай қалып, құлақ түре тыңдапты».(М.Жарқынбаев. Қорқыт. Өнер, 1987 ж.)
1. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
3. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қобыз - ежелден келе жатқан аспап. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, VIII-IX ғасырларда қобызды Қорқыт жасаған және оған алғаш рет күй шығарып тартқан деседі.
Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы жөнініде мынадай аңыз бар: Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнайды екен. Алайда ол оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанады. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай қалай., не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: Қорқыт, жаққан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар терісінен жасалған шанақ, ор текенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың кұйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен - деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна салып, осы айтылғандардың бәрін жасайды.
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған, қобызым.
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым.
Желмаяның терісін
Шанақ қылған, қобызым.
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған, қобызым.
Бесті айғырдың құйрығын
Ішек қылған, қобызым.
Құлағыңды бұрайын
Осы айтқаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын,- деп қобызды қолына алған кезде, аспап боздап қоя беріпті. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң - бәрі тоқтай қалып, құлақ түре тыңдапты.(М.Жарқынбаев. Қорқыт. Өнер, 1987 ж.)

Қорқыттың Ұшардың ұлуы күйі тыңдалады. Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын Ұшар деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдет-ғұрпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласына қалған жалғыз көз - тазыны іздесе, ол ұшты-күйлі жоқ болып шығады. Ескі жұртта қалған болар - деп, ана бұрынғы қоныстарына келсе, айтқандай-ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай-сүйекті сырқырата аспанға қарап ұлып жатыр екен. Мұны көрген ана:
Жалғызымнан айырылдым,
Қанатымнан қайырылдым,
Ұшар,ұшар, кә-кә... - деп аңырайды. Кең далада жалғызының артында қалған ана мен иесінен айырылған тазы - қос мұңлық қосылып күңіренеді. (Н.Шәменұлының айтуы бойынша жазылған. М.Жарқынбеков. Қорқыт. Елім-ай. Өнер. 1987 ж. 22 бет.)
Қорқыт өзінің Ұшардың ұлуы атты күйін осы оқиғаға байланысты шығарыпты деседі.
Түркі тілдес халық тайпаларының сенім-нанымында шамандық елеулі орын алған. Шаман дегеніміз емші, тамыр ұстаушы, балгер, жын құрсанған бақсы. Оларды абыз деп те атаған. Бұл қобыз деген сөздің өзгерген түрі. Бақсылар қолына қобыз алғанда:
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым!
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым,
Қызыл қаршын тобылғы
Жәшік қылған қобызым,
Желмаяның терісінен
Қапшық қылған қобызым
Жүйрік аттың құйрығын
Ішек қылған қобызым!
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым!
Тасқа шыққан ырғайдан,
Құлақ қылған қобызым!
Сексендегі кемпірдей,
Бүкір белі қобызым!
Буаз қатын секілді
Арты шөмек қобызым!
Әбден де болжа, қобызым! - деп сарнайды. Қобыз - түркі тілдес халықтардың ертеден келе жатқан көне өнер аспабы.
Қорқыттан кейін өмір сүрген, аты әйгілі, киелі бақсылардың бірі Қойлыбай туралы да қазақтар арасында аңыз көп. Қойлыбай бар бақсының түп атасы, оқ тартар садағы іспетті деп суреттейді оны Шоқан. Бірде ол қобызын аламан бәйгеге салғаг деген аңыз бар. Жүздеген сәйгүлік қосылған бәйге аттарының келе жатқанын көргенде қолына қанжарын алып әулие, пірлерін жәрдемге шақырып Қойлыбай сарнап қоя береді. Сол-ақ екен бәйге жақтан бір қара дауыл тұрып, отша лапылдаған аптап ыстық жел соғады. Біркезде сол дауылдың артынан қалың қара көрініп, ат тұяғынның дүбірі естіледі. Демде бәйге аттарының алдынан қарборандатып, атты құлаш тамырымен ала жібін сүйреткен алып ағаш көрінеді. Сөйтсе ағаш дегені Қойлыбайдың қобызы, дауыл мен желді суырып келе жатқан көкаман жынының екпіні екен, - деп айтылады аңыз әңгімеде.
Қорқыт пен қобыз
Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде де керемет ойнайды екен. Алайда, ол оған қанағаттанбай, адам және жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанды. Қарғай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ ары қарай қалай, не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: Қорқыт, жасап жатқан қобызың алты жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен, - деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна сала, осы айтылғандардың бәрін жасап
„Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым,
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым,
Желмаяның терісін
Шынақ қылған қобызым,
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым,
Бесті айғырдың құйрығын
Ішек қылған қобызым,
Құлағыңды бұрайын,
Осы айтқаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын" - деп жырлайды.
Сырдарияға кілем жайып, үстіне отырады да қобызын күндіз-түні тарта береді. Сол уақытта бүкіл жер-жиһан, жүгірген аң, ұшқан құс, бәрі-бәрі дарияның жағасына анталап келіп, күй тыңдап тұрады екен. Қорқыттың қобызы күй төгіп тұрған кезде оған ажал да батып келе алмапты. Бірде шаршағаннан көзі ілініп кеткен кезінде судан кішкентай жылан шығып, дана қартты шағып алады. Сөйтіп, Қорқыт 95 жасында жантәсілім етеді. Ел аузындағы Ажал айтып келмейді деген нақыл осыдан қалса керек... Бүгінгі күні Қорқыт бабамыздың оннан астам күйлері белгілі болып отыр.
2. Қобыздың құдіреті
Қыпшақ Қойлыбай Әбдурахпанұлы - атақты бақсы, таңғажайып тәуіп, керемет көріпкел, теңдесі жоқ қобызшы болған. Аңыздарда да, тарихи шығармаларда да Қорқыттан кейін Қойлыбайдың есімі аталады. Ақын Хамитбек Мұсабай өзінің Қойлыбайдың қоштасу күйі деген дастанында Қойлыбайдың қобызы мен киелі қасиеттері туралы былай жыр толғайды:
Қарт Қойлыбай - қобызшының абызы,
Шежіредей сайрап жатыр әр ізі.
Қатар жүрер қос анардай қашанда,
Замананың ақиқаты, аңызы.
Ол қобызбен - қара тасты сөйлеткен,
Ол қобызбен - тал бесікті тербеткен.
Ол қобызбен - селді буып сұрапыл,
Ол қобызбен - шу асауды үйреткен.
Ол қобызбен - қара бұлтты қақ тілген,
Ол қобызбен - ақбоз үйді тіктірген.
Ол қобызбен - тілін кесіп жыланның,
Ол қобызбен - ханға тізе бүктірген.
Ол қобызбен - жанған өртті өшірген,
Жөнге салған ессіздерді есірген.
Киіз үйді жиһазымен жиюлы,
Арғы беттен - бергі бетке көшірген.
Ол қобызбен - қара нөсер жаудырған,
Ол қобызбен - жан ләззатын қандырған.
Ол қобызбен - тоқсан тоғыз күй шалып,
Ол қобызбен - мәңгіге атын қалдырған.
Ұлтымыздың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың пайымдауынша, түсінде Қорқыт атадан бата алған қыпшақ Қойлыбай бақсы шамамен XIV ғасырдың аяқ шенінде өмірге келген. Оның атақты бақсы, тәуіп, сәуегей, қобызшы ретінде есімінің алты алашқа кеңінен танылған кезі - XV ғасырдың алғашқы ширегі. Ол Қойлыбайды бақсылардың бақсысы әрі пірі деп бағаласа, Әлкей Марғұлан: Қорқыттың қобызын, оның сарынын ең алғаш рет мирас еткен кісі - Қойлыбай бақсы. Ол Қорқыттың шәкірті болып саналады деп жазады. Қойлыбай бір үлкен бәйгеге қобызын қосып, жарыс басталатын жерге алдын ала қобызды бір үлкен сексеуілге байлатады. Бәйгеден келе жатқандардың шаңы көрінгенде, Қойлыбай қолына қылышын алып, бақсылық ойынын бастап, сарын айтады. Кенет, бәйге аттары кеткен жақтан қатты дауыл тұрып, ысқырған қызыл жел соғады. Көп ұзамай, дауылдың ортасынан аттар көріне бастайды. Ал бәрінің алдында сексеуіл сүйреткен Қойлыбайдың қобызы келе жатады. Осылайша Қойлыбай қобызын бәйгеге қосып бас бәйгені жеңіп алады. Мағжан Жұмабаев Шоқанның зерттеулерін негізге ала отырып Қойлыбайдың қобызы атты дастанын жазған.
Қобыздың тағдыры бақсылардың тағдарымен бірге. Бұл жөнінде Әлкей Марғұланның өзі былай деп жазады: Ұлы бақсы, жыраулардың, қобызшылардың көп шыққан ортасы, әсіресе, қыпшақтар арасы (ХІІІ - ХІХ ғасыр). Олардың ішінде 1299 жылы Византия тарихында жазылған Көкем бақсы, Римға, Мысырға елші болып барған. Бұлардың кейбіреуі Мысырға қобызын ала барып, Мысырдың суретшілері оларды суретке түсіріп алған. Қыпшақтың ең атақты қобызшыларының бірі - Барақ бақсы. Қобыз тартумен бірге ол қыпшақ тілінде эпикалық жыр айтып, кейде өлеңдер жазып жүрді. Рашид ад - Диннің шежіресінде қобыз сөзінің арғы түбірінің Қыпшақ сөзімен төркіндес екендігі айтылады.
Қобыз түрлері
Нар қобыз, қыл қобыз, шаң қобыз болып бөлінеді. Қыл қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге - үш, төрт ішектілер және нар қобыз, жез қобыз деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек.
Нар қобыздың тағдыры.
Қобыз аспабы Кеңес дәуірі тұсында көптеген қудалаушылық көрген, бақсы аспабы деп, ойнауға тыйым салынған аспап. Дегенмен де өнер адамдарының, халықтың арақасында 20 ғасырдың 70 жылдарында қайтадан жаңғырған.

Қобыздың оркестрде қолданылатын түрлері
Қобыз-бас, қобыз-прима, қобыз-контрабас, 4 ішекті прима қобыз, қобыз-альт.

Қорқыт Ата - түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин "Жамиғ Ат-Тауарих" атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының "Түрік шежіресінде" оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 - 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата - ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, [[Абыз (адам)абыз]]. Екіншіден - күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден - әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын музыка пәнінде насихаттау
Қазақ халқында музыкалық аспаптардың түрлері көп
Фольклорлық деректер мен этнографиялық материалдар
Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Мектеп бағдарламасы шеңберінде аспаптық музыканы қолданудың әдіс-тәсілдері
Мектепте қазақтың ұлттық аспабы қобыз жасау технологиясын үйрету, ағаш ою, инкрустация
Қазақ мәдениетіндегі күй өнері
Ішек қылған, қобызым
Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық аспаптарға үйретудің мәні мен мазмұнының теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы
Пәндер