Консультанттың клиентпен жұмыс істеуі және қолданылатын техникалары



1. Клиентті тыңдау
2. Қарым.қатынас әдістері
3. Сұрақ түрлері, ашық және жабық
4. Кері байланыс мүмкіндігін беру
Мақсаты: Психологияда жеке адамның психологиялық қасиеттері мен таным процестерін өңдеуг пайдаланылатын әдістемелер жиынтығы мен технологиясын психокоррекция деп пайдаланады.
1. Кеңес беру тәсілдерінің ішінде ерекше тобын құратындары – клиентпен әңгімелесу. Әңгімелесу жоғарыда айтылған ұстанымдарға сай жүргізілуі керек. Тілдесу арқылы жүргізілетін қатынас барысында клиент өзінің басқалардан кем еместігіне көзі жетіп, өзінің басқаларша құнды тұлға екенін түсінеді. Әңгімелесуді бастағанда клиенттің шағымын мұқият тыңдап, оның көптеген ойларын мақұлдап, қажетті кезде оны мақтап, қолдап отыруды орынды пайдалану қажет. Сонда шағымданушы өзін түсініп тыңдайтын адам бар екеніне көзі жетіп, көптеген ешкімге айта алмай жүрген сырларын шегеді. Осы қызығушылықпен тыңдаудың өзі, мәселенің негізіне психологтың шын көңіліменен түсінгісі келгенінің өзі кеңес алушыны біраз жеңілдетіп тастайды. Әңгімелесу барысында қиындықтар себептерін диагностикалау тәсілдері орын алады. Олардың ішінде клиенттің көзқарасын және өмірлік ұстанымын өзгертуге бағытталған алуан түрлі сұрақтар, сауалнама элементтері кеңінен пайдаланылады.
Кәсіби әңгіме барысында психолог тиісті мәліметті алып, кеңес беруде тиімділікке жету мақсатымен қолданатын тәсілдері мен техникасы алуан түрлі амалдан құрылған күрделі құрылым болып табылады. Олардың ішінде психолог сөзінің нақтылығы мен анықтылығы, шағымданушының мұңын айтуға ұмтылдыру, клиент пікірін қорыту секілді кеңес беру әңгімесін жүргізу техникасы кеңінен пайдаланылады.

2. И.В.Цзен, Ю.В.Пахалов т.б. ғалымдар клиент пен психолог қатынасы ерекшеліктерін анықтауға негіз болатын төрт ұстанымды атап көрсеткен: теңдік, серіктестік, жоғарыдан төменге және төменнен жоғарыға. Әртүрлі жағдайларда кеңес беруші түрлі ұстанымдарды жетекші ретінде іріктеп алады. Бірақ кеңес беруде өте дәстүрлі болып теңдік ұстанымымен клиентке қатысты серіктестік ұстанымдары табылады, бұл жағдайларда да бағыттаушы және анықтаушы роль психологқа жүктеледі. Сондықтан осы позицияны толығырақ қарастыру керек.
Кеңес беру процесіндегі психологпен теңдік ұстанымы бойынша клиент өзін кеңес берушімен тең құқығы бар әріптес ретінде сезінсе, психологпен тең белсенділік көрсетіп, өнімді жұмыс істейді. Кеңес беруші клиентті әріптесі ретінде бағалап, оның өмірінде орын алған оқиғалар мен жағдайлар бойынша оны жазғырмайтындықтан клиенттің өзі туралы қандай да бір ақпаратты жасыруға негізі жоқ болады. Теңдік ұстанымы бойынша кеңес берушінің өзі де клиентпен қарым-қатынас жасау барысында ешқандай басымдық, білгірлік көрсетпейді. Бұл жағдай маманның қаншалықты беделді екенін, қаншылықты берік ұстанымда болғанын, олардың білімінің, іскерлігінің және клиент сөздерін талдауына соншалықты көп ынта қойатынын көрсетеді де оған сенім арта түседі. Әрине, теңдік ұстанымында бола отыруы арқылы кеңес беруші ұтып қана қоймай оның жоғалтатыны да бар: себебі «жоғарыға» ұстанымында болған авторитетпен көбірек есептеседі, оны ешқандай сынамастан ұйып тыңдайды.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Консультанттың клиентпен жұмыс істеуі және қолданылатын техникалары
Жоспар
1. Клиентті тыңдау
2. Қарым-қатынас әдістері
3. Сұрақ түрлері, ашық және жабық
4. Кері байланыс мүмкіндігін беру
Мақсаты: Психологияда жеке адамның психологиялық қасиеттері мен таным процестерін өңдеуг пайдаланылатын әдістемелер жиынтығы мен технологиясын психокоррекция деп пайдаланады.
1. Кеңес беру тәсілдерінің ішінде ерекше тобын құратындары - клиентпен әңгімелесу. Әңгімелесу жоғарыда айтылған ұстанымдарға сай жүргізілуі керек. Тілдесу арқылы жүргізілетін қатынас барысында клиент өзінің басқалардан кем еместігіне көзі жетіп, өзінің басқаларша құнды тұлға екенін түсінеді. Әңгімелесуді бастағанда клиенттің шағымын мұқият тыңдап, оның көптеген ойларын мақұлдап, қажетті кезде оны мақтап, қолдап отыруды орынды пайдалану қажет. Сонда шағымданушы өзін түсініп тыңдайтын адам бар екеніне көзі жетіп, көптеген ешкімге айта алмай жүрген сырларын шегеді. Осы қызығушылықпен тыңдаудың өзі, мәселенің негізіне психологтың шын көңіліменен түсінгісі келгенінің өзі кеңес алушыны біраз жеңілдетіп тастайды. Әңгімелесу барысында қиындықтар себептерін диагностикалау тәсілдері орын алады. Олардың ішінде клиенттің көзқарасын және өмірлік ұстанымын өзгертуге бағытталған алуан түрлі сұрақтар, сауалнама элементтері кеңінен пайдаланылады.
Кәсіби әңгіме барысында психолог тиісті мәліметті алып, кеңес беруде тиімділікке жету мақсатымен қолданатын тәсілдері мен техникасы алуан түрлі амалдан құрылған күрделі құрылым болып табылады. Олардың ішінде психолог сөзінің нақтылығы мен анықтылығы, шағымданушының мұңын айтуға ұмтылдыру, клиент пікірін қорыту секілді кеңес беру әңгімесін жүргізу техникасы кеңінен пайдаланылады.

2. И.В.Цзен, Ю.В.Пахалов т.б. ғалымдар клиент пен психолог қатынасы ерекшеліктерін анықтауға негіз болатын төрт ұстанымды атап көрсеткен: теңдік, серіктестік, жоғарыдан төменге және төменнен жоғарыға. Әртүрлі жағдайларда кеңес беруші түрлі ұстанымдарды жетекші ретінде іріктеп алады. Бірақ кеңес беруде өте дәстүрлі болып теңдік ұстанымымен клиентке қатысты серіктестік ұстанымдары табылады, бұл жағдайларда да бағыттаушы және анықтаушы роль психологқа жүктеледі. Сондықтан осы позицияны толығырақ қарастыру керек.
Кеңес беру процесіндегі психологпен теңдік ұстанымы бойынша клиент өзін кеңес берушімен тең құқығы бар әріптес ретінде сезінсе, психологпен тең белсенділік көрсетіп, өнімді жұмыс істейді. Кеңес беруші клиентті әріптесі ретінде бағалап, оның өмірінде орын алған оқиғалар мен жағдайлар бойынша оны жазғырмайтындықтан клиенттің өзі туралы қандай да бір ақпаратты жасыруға негізі жоқ болады. Теңдік ұстанымы бойынша кеңес берушінің өзі де клиентпен қарым-қатынас жасау барысында ешқандай басымдық, білгірлік көрсетпейді. Бұл жағдай маманның қаншалықты беделді екенін, қаншылықты берік ұстанымда болғанын, олардың білімінің, іскерлігінің және клиент сөздерін талдауына соншалықты көп ынта қойатынын көрсетеді де оған сенім арта түседі. Әрине, теңдік ұстанымында бола отыруы арқылы кеңес беруші ұтып қана қоймай оның жоғалтатыны да бар: себебі жоғарыға ұстанымында болған авторитетпен көбірек есептеседі, оны ешқандай сынамастан ұйып тыңдайды. Көптеген сеанс беретін гипнотизерлер табысының құпиясы осы қарсылықсыз беделде. Гипнотизердың ұстанымы мен даңқы олардың тиімді ықпалын қамтамасыз етеді. Ал психологиялық кеңес беру үшін қабылдау кезінде психологтың ұстанымы мен мінез-құлқын өзгеріссіз нәрсе ретінде көрсетуге болмайды. Жоғары кәсіби маман қажет жағдайда өзінің білімі мен беделіне сүйене отырып бір жағдайда жоғарыға ұстанымын ұстанады, ал келесі жағдайда клиенттің өзіндік бағасын көтеруге, оның білімі мен беделін атап көрсетуге ұмтыла отырып төменге ұстанымын ұстанатын актер болып келеді.
3. Психологиялық кеңес беру барысында клиентке ықпал етудің басты құралы - жоспарланған әңгімелесу болып табылады. Оның көмегімен тұлғалар арасындағы қатынастарда орын алған неше түрлі қиындықтар мен психологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жұмыс жүргізіледі.
Әңгімелесу кеңес беру, психокоррекция және психотерапия жұмыстарында жиі қолданылады. Дегенмен, егер кеңес беру жұмысы бәрінен бұрын клиентке оның басқалармен қарым-қатынас мәселелерін реттеуге көмектесумен шектелсе, психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал негізінен көптеген өмірлік қиындықтармен шиеленістердің негізінде жатқан адамның жеке мәселелерін шешуге бағытталған.
Психокоррекция мен психотерапия терминдерінің айырмашылығы жеке тақырып болады. Отандық психологияда пайда болған бұл ұғымдарды бөлу жұмыс ерекшеліктерімен емес, психотерапиямен арнайы медициналық білімі бар адамдар ғана айналыса алады деген заңды жағдаймен байланысты. Біздің көзқарасымыз тұрғысынан бұл шектеу жасанды болып табылады. Себебі, психотерапия психологиялық ықпал жасау жолдарын ойластырады..
4. Кері байланыс мүмкіндігін беру тиімді болу үшін, клиентті қабылдау кезінде ол өзінің мәселесі бойынша көтерілген әңгімеге кірістірілгенін сезініп, кеңес берушімен талқылаған мәселердің барлығын эмоцияға шылыққан түрде қайтадан басынан өткеруі тиіс. Мұндай кірістірушілікті қамтамасыз ету үшін психолог өзінің диагностикалық әңгімесінің дамуын біртіндеп клиенттің басынан өткізген жағдайдың барлығын бір-бірімен ұштастырып, сол оқиға болған жағдаймен логикалық жағынан байланыстырып, талдаудың мағнасы шағынушыға түсінікті болатындай етіп жүргізуі керек. Себебі, талқылаған мәселелердің барлығы клиентке түсінікті және тыңдаушылардың қызығушылығын тудыратын болмаса ол өз оқиғасын шешу үшін үлкен шыдамдылықпен оны сараптап, нәтижесінде осы жағдайдан шығу жолдарын белсене іздеуге кіріспейді.
Киенттің психологиялық жағдайын өзгертуге немесе тереңдетуге арналған арнайы тапсырмалар және жаттығулар ретінде пайдаланылатын әдістемелер мен арнайы жасалған техникалар үлкен орын алады. Оларға, мысалы, гиштальт-терапия шеңберінде жасалған бос орындық техникасы, отбасылық терапия шеңберінде жасалған "келісімдер жасау" т.с.с. әдістемелер жатады. Сонымен қатар клиенттің нені және қалай жасауы керектігін қысқаша қағаз бетіне түсіруді талап ететін үй тапсырмалары, клиентпен қосыла отырып бір шешім қабылдауға бағытталған пікірталастар және т.б. түрлері бар. Көбінесе бұл тәсілдер әңгімелесу процесімен тығыз байланысты, тікелей солардан шығады да, клиент үшін ол ерекше сезім тудыратын мәселе болады. Бұл тәсілдерді қолдану көбіне кеңес берушінің теориялық бағдарымен, сонымен қатар психологиялық көмек сұраған адамның проблемасының сипатымен анықталады.
Әдіс - тәсілдердің мұндай түрін меңгергендігі маманның тәжірибесінің қалыптасқандығын және оның кеңес беру бойынша теориялық еңбектермен таныстығын, бұл жұмыстардың ерекшеліктерін толық түсінгенін, сондай - ақ әріптестерімен кәсіби қарым - қатынас жасап олардың тәжірибесін үйреніп жүргенін көрсетеді. Сондықтан мұндай техникалардың кең тізбегімен таныстығы кеңес беруші психологтың кәсіби шеберлігінің, оның кәсіби жинақтылығының шарты болып табылады. Олар кеңес беру әңгімесін мағналы жағынан тереңдетіп, оны эмоцианалды жағынан үйлесімді етеді. Бұл техникаларды дұрыс пайдалану психологиялық ықпалдың тиімділігін, клиент пен кеңес берушінің байланысын қалыптастырудың және дамытудың мүмкіндіктерін кеңейтеді және ұтымдылығын қамтамасыз етеді.
Тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері.
Кеңес берушінің ықпал етуінің вербальдық құралдарынан басқа вербальдық емес құралдарының да көптеген түрлері бар. Бұл құралдарды пайдалану көбінесе қандай да бір нақты мақсатқа жету үшін қызмет көрсетіп, клиентпен кеңес беруші арақатынасының тез қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл тәсілдер психологқа деген сенімді арттырады және клиенттің қауіпсіздігіне кепіл береді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психоллогия консультация жайлы анықтама беру
Қазіргі нарықтық экономиканың өзгеру үдерісінде ел ішінде психологиялық күйзеліске түсу
Қазіргі кездегі кеңес беруді ұйымдастыру жолдары
Психологиялық консультация жайында
Клиент проблемасының деңгейлері
Кеңес беру психологиясы
Психолог – кеңесшінің жеке жұмысын ұйымдастыру барысы
Кеңес берудің психологиялық мәні
Психологиялық кеңес берудің техникасы
Психологиялық кеңес беру негіздері
Пәндер