Күрес спорты


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Күрес спортының тарихы2

2. Күрес спортының әдіс-тәсіл, техникасы4

3. Жарыстар өткізу жолдары5

Пайдаланған әдебиеттер6

1. Күрес спортының тарихы

Күрес эллиндер мен латындар (гректер мен латындар) заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Грек-рим күресінің мақсаты лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады.

Егер таза жеңіс болмаған жағдайда, жеңіс ең көп ұпай алған балуанға беріледі. Балуанның киімі лыпа, бандаж, арнаулы трико және былғарыдан тігілген жұмсақ аяқкиімнен тұрады. Грек-рим күресінің жарыс ережесі 1896 ж. шығарылып, содан бергі уақытта талай рет жаңартылып келеді. Ол 1986 ж. 1 -ші Олимпиялық ойындардың бағдарламасына еніп, содан бері (1900, 1904 жылдардан басқа) бағдарламадан басқа олимпиядалық жарыстан түспей келеді. Әлем чемпионаты 1897 ж. Еуропа чемпионаты 1898 жылдан бастап өтіп келеді. Күрес әуесқойларының халықаралық бірлестігі (ФИЛА) 1912 ж. құрылды. ҚР- ның Грек-рим күресінің бірлестігі 1993 жылдан ФИЛА-ға мүше

Грек-рим күресі - (классикалық күрес, француздық күрес, грек-рим стиліндегі спорттық күрес) жекпе-жектің еуропалық түрі. Мұнда спортшы белгілі бір техникалық тәсілдерді пайдалана отырып, қарсыласын тепе-теңдіктен шығарып, кілемге қабырғасын тигізуі керек. Грек-рим күресінде аяқ көмегімен техникалық іс-қимылдарды жасауға (ілу, шалу, қағу) және аяқты қолмен орауға тыйым салынған. Классикалық күрес Ежелгі Грецияда пайда болып, Рим империясында дами бастаған. Қазіргі заманауи грек-рим күресінің түрі Францияда ХІХ ғасырда қалыптасқан.

ТӘРТІБІ . Грек-рим күресі - бұл екі спортшы жекпе-жегі. Күрес техникалық тұрғыдан белден төмен пайдаланылатын түрлі техникалық тәсілдер көмегімен жүргізілуі тиіс. Жекпе-жектің басты мақсаты - қарсыласын кілемге арқасымен қысу (туше) . Балуан сондай-ақ, егер кезеңдер бойынша есеп 1:1 болып 3 кезең болғанда 2 кезеңде ұтып жеңіске жете алады, 6 ұпайдан артық жетістікте болса балуанның біреуі 5 ұпайлық кезеңді жүргізсе кезең аяқталады (техникалық басымдық) . Балуан әбір лақтыруда, ұстауда және алыпсоқта белгілі бір ұпай санын жинайды. Кілемдегі рефери ұпай береді, бірақ басты төреші (немесе кілем төрағасы) ұпай есептелмес бұрын оның шешімімен келісуі керек. Балуанға сондай-ақ, егер оның қарсыласы айқас барысында селсоқтық танытқан, тәртіпті бұзған жағдайда да ұпай беріледі. Айқас ұзақтығы - үш кезең екі минуттан. Егер жеңімпаз анықталмаса, жеребе тарту бойынша балуандардың біреуіне шабуылға шығуға мүмкіндік беріледі, ал егер шабуыл сәтті өтсе, шабуылшыға жеңіс бұйырады, ал сәтсіз шықса, қорғанған жеңеді. Жекпе-жекке майланған дене немесе басқа да «сырғанайтын» заттарды пайдаланып шығуға тыйым салынған, тырнақ қысқа қырқылған, өзінде міндетті түрде бет орамалы болуы тиіс. Төрешімен таласуға болмайды, ондай жағдайда спортшы ұтылған болып саналады.

Қазақстандағы еркін және грек-рим күресінің даму тарихы
Қазақстан жері - даңқы қазақ даласын жер жарған хас батырларды дүниеге әкелген киелі мекен. Халық аңыздары мен ертегілерінен бала күнімізден түрлі тартыста бел сыбанып күштерін сынаған жас палуандардың жекпе-жектері туралы оқып келеміз. Ешқандай қарусыз палуандар бір-бірінің жауырынын жерге тигізу үшін арпалысқан. Қазақтың бірде-бір сауық кешін палуандар күресінсіз және мүмкін емес алып заттарды көтеретін баһадүрлердің өнерінсіз елестету мүмкін болмаған.

Әсіресе палуандық өнерден Қазақстан тарихында Балуан Шолақтың алатын орны ерекше. Ол талантты жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырған бірден - бір талант иесі. Кәсіби күреспен Балуан Шолақ айналысқан емес. Оны бәрінен бұрын өзінің алпауыт күшін көрсете алатындығы қызықтырған. Дәл осы қазақстандық алып күш иесі Балуан Шолаққа ресми емес түрде тіркелген 816 келі көтерген рекорд тиесілі.

Қазақ халқы тұңғыш кәсіби палуан ретінде Қажымұқан Мұңайтпасовты пір тұтады. Спортшының еншісінде халықаралық дәрежедегі көптеген жүлделі мадақтаулар бар. Әлемдік біріншіліктердің барлығында Қажымұқан өзінің жеңістерімен дүр сілкіндіретін. Мұңайтпасов қажырлы еңбектерінің арқасында қолы жеткен жетістіктері үшін «Қазақ халқының батыры» атағына ие болды[4] .

Қажымұқан Мұңайтпасов қазақстандықтардың халықаралық дәрежеде күреспен айналысуына жол көрсетті. Кеңес одағының құрамасында жүрген қазақ палуандары Мұңайтпасовтың ізін басып, қырықыншы жылдары күрес (еркін және грек-рим) Қазақстанда спорттың бір түрі ретінде кеңінен дами бастады. Көп ұзамай 1947 жылы біздің еліміздің өкілдері грек-рим күресінен болған бүкілодақтық чемпионатқа қатысты. Қазақ даласының жарқын палуандарының бірі Қайрат Байдосов сол кезде бірінші болып КСРО спорт шебері атағына қол жеткізді. Дәл сол кезде қазақстандық палуандар іріктелген әлемдік күрес қатарына енді.

1964 жылы грек-рим күресінен Қазақстанның тұңғыш олимпиадалық чемпионы және КСРО еңбегі сіңген спорт шебері атағын Анатолий Колесов олжалады. Дәл Колесовтың алтын жүлдесінің арқасында Қазақстанның қоржыны алтын жүлделерге тола бастады. Бүкіл жер шарын шарлаған қазақ палуандарының қанжығасы олжасыз қалған емес. Біздің спортшылар жыл сайынғы барлық турнирлерде, оған қоса еуропалық, азиадалық біріншіліктерде, сонымен қатар Олимпиадалық және әлем чемпионаттарында мүмкін емес рекордтарға қол жеткізді. Валерий Резанцев , Жақсылык Үшкемпіров , Шәміл Серіков , Анатолий Назаренко , Игорь Ростоцкий , Дәулет Тұрлыханов , Юрий Мельниченко , Мәулен Мамыров секілді палуандарымыз бірнеше дүркін әлем жүлдегерлері мен олимпиаданың жеңімпаздары атанды.

Жиырма бірінші жүз жылдық Қазақстан үшін қазақ палуандарының Олимпиада ойындарында, Еуропа мен Азия әлем чемпионаттарында жарқын өнерімен көзге түсіп, Отанымыздың мәртебесін асқақтатқан нәтижелерге толы болды.

2. Күрес спортының әдіс-тәсіл, техникасы

Күрес техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әрі түрлі әрекеттер сараланып шықты. Оларды шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау әрекеттер деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттьфуға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады. Күрес техникасына нашар палуандар әдетте, өзіне қолайлы әрі тиімсіз амалдарды пайдаланады. Сөйтіп көбінесе қарсыластарының бетін қайтаруға ғана күш салады. Ал мұндай амалдар шабуылдаушы жақтың күші басым болса ғана нэтиже береді. Техникасы жақсы палуандар көбінесе ісүші басым қарсыласын да жеңіп кетеді. Брі үшін олар түрліше қимылдар жасап, қорғанып, қарсы шабуылға шығып, не күш жағынан, не уақыт жағынан ұтады.

Күрес техникасын анықтау үшін күресушілердің барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек.

Ең қарапайым қимылды орындағанның өзінде де адам денесінің бірқатар органдары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес техникасын талдап анықтағанда жеке бұлшықет қызметі қарастырылмайды. Өйткені күресте оны қысу немесе тарту күші тарту ұзақтығы, шапшаңдығы пайдаланылады. Сонымен, палуандар қозғалысында әсер етуші күш ретінде мыналар ескеріледі:

· салмақ күші;

· бұлшықеттің тарту күші;

· дененің инертті (қимылсыз тұрған кездегі) қарсылығы.

Осы күштер әсер еткенде палуан денесі әртүрлі жағдайға түседі, оның жеке бөліктерін рычак ретінде қарастыру ыңғайлы.

Күрес тәсілдерін квалификациялау барлық белгілі әдістерді ортақ белгілеріне қарай топқа бөлуге болады.

Жүйелеу - Тәсілдердің әртүрлі топтардың арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктерді тауып, оларды қиындық дәрежесіне, құрылымының күрделілігіне, тағы сол сияқты белгілеріне қарай бірінен бірін орналастыру (жүйе) .

Терминология - педагогикалық және спорттық жұмыс кезінде пайдаланылатын қазақша күреске тән атаулар.

3. Жарыстар өткізу жолдары

Күреспен жарыс өткізудің мақсаты күшті балуандарды (күшті команданы) анықтау, спорттық ұжымның және жаттықтырушылардың оқу-жаттығу және тәрбиелік жұмыстардың қорытындысын байқау және балуандардың әрі қарай спорттық шыңдауына жағдай жасау және де күрестік кеңінен тарауына әсерін тигізуі.

Біріншілік (первенство) жарысы оқулық топтарында, секция арасында, дене тәрбиесі ұжымдарында өткізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық спорт түрлері. Ойын ережесі
Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене мүмкіндіктерін шыңдау
Олимпиада ойындары
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық
Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
Қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері
ҚР дене тәрбиесі мен спорттың дамуын жоспарлау
Балалар спорты
Қазақстандағы отбасылық дәстүрлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz