Қылмыстың құрамы. Қылмыстық жаза


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Қылмыстың құрамы. Қылмыстық жаза

Қылмыстың құрамы деп - қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.

Қылмыстың құрамының әрқайсысы оның субьективтік және обьективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компаненттерді айтамыз.

Қылмыс құрамы белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы. Мысалы, бөтен мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұның өзінде диспозициялардың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді.

Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субьектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.

Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175- бабында ұрлықтың оған тән белгісі - басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипаталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамында мұқияттылқпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады.

Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тәне белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т. с. с) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді.

Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі - оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы - тонау болады.

Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқылық нормада - бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап - қызмет жөніндегі жалғандық.

Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немес бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікт асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.

Қылмыс дегеніміз жаза мен қауіп төндіру арқылы тиым салынған қоғамға қатерлі жасалған әрекет не әрекетсіздік. Бұл қылмыс анықтамасы көптеген Европа елдерінде формальды түрде қолданылады. Ал отанымызда қылмыстық құқық материалды - формальды анықтамаға ие, яғни формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсы екендігіне баса назар аударылса, ал материалды - формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсылығымен бірге оның қоғамға қауіптілігіне көңіл бөлінеді. Жоғарыда айтылған сөздерден байқайтынымыз - қылмыстың өзіне тән міндетті бірнеше белгілерінің бар екендігі. Оларға тоқталып кететін болсақ, қылмыс анықтамасының мәні ашылады. Сонымен қылмыстың өзіне тән төрт белгісі бар: 1. қоғамға қатерлі әрекет; 2. құқыққа қайшылық, яғни қылмыстық заңмен тиым салынған әрекеттер; 3. кінәлілік; 4. қылмыстық жазалылық.

Қоғамдық қатер дегеніміз - қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға шынайы түрде зиян келтіретін не сол зияндарды жоюға кедергі келтіретін әрекет не әрекетсіздік. Жасалған әрекет не әрекетсіздікке жаза тағайындау үшін, оның қоғамға қатері ақиқат екеніне тура көз жеткізуіміз керек.

Қоғамдық қатері бар әрекетті тек қана қылмыс деп тану қате көзқарас. Сонымен бірге ол әкімшілік құқық бұзушылық болу да әбден мүмкін. Бұнда да тұлғаға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігінің мөлшері анағұрлым төмен болады. Егер әрекет салдарынан тұлғаға, қоғамға ауыр не орташа ауыртпалықтағы залалдар келтірілмесе, ол әрекетке әкімшілік тәртіпте жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, жол қозғалыс ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтірілсе.

Қылмыстың екінші бір міндетті белгісі болып қылмыстық құқыққы қайшылық табылады. Қайшылық - жоғарыда айтылғандай қылмыстың формальды белгісі. Қылмыс туралы тек тиым қылмыстық заңмен бекітілген жағдайларда ғана сөз болуы керек. Басқа құқық салаларына қайшы келген жағдайлар оларды қылмыс деп тануға негіз бола алмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы территориясында шетел валютасымен шартқа отыруға «валюталық реттеу заңымен» тиым салынған, бірақ қылмыстық құқықта бұндай жағдайлар қарастырылмағандықтан, бұл әрекеттер қылмыс деп санамайды. Сонымен қылмыс туралы қылмыстық заңда көрсетілмесе, өылмыс жоқ деп саналады.

Жоғарыда айтылған қылмыстық құқыққа қарсылық белгісімен өте тығыз байланысты екі белгі - кінәлілік және жазалылық.

Қылмыстық кодекстің 19-бап 2-тармақшасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік кінәсіз келтірілген зияндар үшін жүктелмейді.

Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі болғандықтан, субъектінің әрекетінде кінәнің жоқтығы оның әрекетін және қылмыстық құқыққа қайшылық белгісін де жоққа шығарады.

Жазалылық - бұл атынан-ақ айтылып тұрғандай әрбір заңға қайшы, қоғамға, қауіпті әрекет не әрекетсіздіктер заңмен міндетті түрде жазалануы тиіс. Кейбір жағдайларда қоғамға қауіпті, заңмен тиым салынған әрекетті жасаушы кінәлі тұлға жазаға тартылмауы да мүмкін, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартуға ескіру мерзімі өтіп кетсе, амнистия, рақымшылық және т. б. жағдайлармен, бәрақ бұдан жасалған әрекет не әрекетсіздік қылмыс болып қоса береді.

Міне біз қылмыс белгілерімен танысып өттік. Енді осы қылмыстың құрамына, квалификациялануына негізгі бөлімде қарастырып шығамыз.

Жаза тағайындау - жасалған қылмыста айыпты деп танылған адамға айыптау үкімін шығарарда қылмыстық ықпал жасаудың нақты шарасын соттың таңдауы. Жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты және маңызды саты болып табылады. Өйткені, жаза тағайындау, оны жүзеге асыру сотталған адамды түзеуге, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, қылмыстың алдын алуға ықпал етеді. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткізу көбіне қылмыстық жазаны әділ әрі негізді тағайындау арқылы мүмкін болады.

Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумьшың 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» № 1 қаулысында былай делінген[1; 125] .

Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және коғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы кағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; рецидивтің болуын және оның түрін; сотталушының кылмыстық әрекеті қай сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысын және жасын ескеруі қажет. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды.

Жазаның мақсатқа лайықтылығы дегеніміз - соттың тағайындаған мәжбүрлеу шарасының сотталған адамға оң ықпал етуге сәйкес келу талабын білдіреді. Соттың таңдаған жазасы оның жалпы мақсаттарына қол жеткізудің жеткілікті құралы болуы керек. Осыған байланысты ҚК-нің 52-бабы 2-бөлігінде «Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуы тиіс…» деп көрсетілген. Қылмыстық заң сотты жаза тағайындау кезінде жаза мақсаттарының біреуіне қол жеткізу болып саналатын - жазаның сотталған адамның түзелуіне әсер ететіндігін көре білуді және жасалған қылмыс пен қылмыскерді сипаттайтын барлық мән-жайларды ескере отырып, жазаның мүмкіндігінше ең қатаң емес түрін дұрыс тағайындай білуді, оның мөлшерін анықтауды міндеттейді. Сот жазаны ҚК-нің Жалпы бөлімінің ережелерін ескере отырып тағайындайды.

Жаза тағайындау кезінде сот мына жағдайларды міндетті түрде ескеруі тиіс:

1) . Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі;

2) . Кінәлінің жеке басы;

3) . Кінәлінің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-қ±лқы;

4) . Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар;

5) . Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар;

6) . Тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы[3; 235] .

Сыбайлас жемқорлық ғасыр дерті

Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес, бұл - ымы­расыз, жүйелі, кезең-кезеңімен жүргізілетін жұмыс.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жауаптылық, әкімшілік пен тәртіптік жауапкершілік тиісінше ҚР-ның Қылмыстық кодексінде және ҚР-ның Әкімшілік кодексінде көзделген. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында мемлекет өз тарапынан жемқорлыққа қарсы жүргізілетін шараларды күшейту және мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершілікті көбей­туді талап етуде. 29. 12. 2010ж. «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет» туралы Заңын толықтырып, осы Заңның 12-бабы­ның 2-тармақшасына 2), 3), 4), 5), 9), 13), 13-1) өз­гертулер енгізілді. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың 12 бабының 1-тармағында аталған қандай да болсын құқықбұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық әрекеттің белгілері болмаса, қызметінен төмендетуге, қызметінен босатуға немесе мемлекеттік міндеттерді атқарудан өзге де түрде босатуға, не заңда белгіленген тәр­тіппен өзге де тәртіптік жаза қолдануға әкеп соғады.

Сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзу­шы­лықтарды анықтауды, жолын кесуді, алдын-алуды және жасалуына қарсы шараларды салық органдары да жүзеге асыруда. Салық төлеушілердің сенім деңгейін арттыру, жаңа сатыдағы мемлекеттік қызметшінің бет-бейнесін құру болып табылатын салық қызметі органдарындағы стратегиялық міндеттерді шешу үшін сыбайлас жемқорлық аясын тарылту, әр қызметкердің санасына қызметтік міндеттерін адал орындауын жеткізуге және сыбайлас жемқорлық көріністерін түп тамырымен құрту үшін оған қарсы әрекеттер жасауға бағыт­талған елеулі шаралар тұрақты түрде жүргізіледі. Салық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің аса маңызды міндеттерінің бірі - салық төлеушілерді мемлекеттік қызметшіге пара беруден бас тартқызу, сөйтіп сыбайлас жемқорлықтың өсуін азайту.

Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды біріктірілген мақсатты негізде жүзеге асыру маңыздырақ болып табылады. Жемқорлыққа қарсы күресті жүргізу тек қана мемлекеттік қыз­меткерлердің ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның әрбір азаматының міндеті!

Сыбайлас жемқорлық ұғымының анықтамасы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңында нақты берілген.

«Осы Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байлан-ысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың

өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылық-тарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады» [1] .

Әлемдік экономикалық қатынастардың ғаламдану жолына түсуі және өзара байланысының күшейе түсуі, әлем елдері алдында тұрған ғаламдық проблема-лардың қатарына сыбайлас жемқорлықты да қосты.

«Ендігі жерде сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып,

ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналғанына, оның қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтып отырғанына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы тек қана халықаралық ынтымақтастық және оған қарсы күрес зор маңызға ие болды» делінген БҰҰ қабылдаған құжатта [2] .

Осылайша, сыбайлас жемқорлықпен күрес бүкіл әлемнің барлық мемлекеттері алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр.

Адалынан табылмаған дүние-мал туралы қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде: «Ей, мүміндер! Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер. Бірақ өз ризалық-тарыңмен саудаласу басқа . . . » («Ниса» сүресі, 29-аят) . «Араларыңдағы малдар-ыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ, біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар». («Бақара» сүресі, 188-аят) [3] делінген.

Сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігі «пара алу» мен «пара беру» туралы пайғамбарымыз Мұхамед (С. Ғ. С. ) өз хадистерінің бірінде былай депті: «Пара алған да, пара бергенде Алла тағаланың қарғысына ұшырайды».

Адамзат баласы қоғамның «жегі құрты» саналатын осы келеңсіз құбылыспен қай заманнан бері таныс және онымен қалай күресті?

  1. 2. Ежелгі дүниедегі және ортағасырлардағы жемқорлық және онымен күрес тарихы.

Ежелгі тарихқа тереңірек үңілсек, б. з. б. IV-III-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда өмір сүрген Шумерлердің сына жазуында Шумер патшасы Урукагин-

нің өз «қызметтері» үшін сыйақы дәмететін соттар мен шенеуніктердің іс-әрекетін тиюға тырысқаны туралы айтылған [4] . .

Б. з. . б. III-II мыңжылдықтарда Мысыр, Өзен аралығы, Үндістан, Қытай, Иудей халықтарының діни кітаптарында да жемқорлық туралы сөз болады [4] .

Ал, Карфаген, Рим империясы, Византия, Осман империясы секілді өз заманы-

ның құдіретті мемлекеттерінің ыдырап, жойылып кетуінің ең басты себептері-

нің бірі осы сыбайлас жемқорлық екенін көреміз [4] .

Ерте орта ғасырлардан бастап жемқорлық Еуропаға жаппай тарала баста-ды. Католик дінбасыларының қарапайым халыққа «Индульгенция» сатуы осы жемқорлықтың айқын көрінісі еді [5] . Тіпті, жемқорлық үшін талай діндар «Инквизиция» сотына тартылып, оларды өртеу де тоқтата алмады. Жемқор-лықтың кең етек жаюы, діни рыцарьлық ұйым «Тамплиерлер ордені» басшы-ларының өз мүшелеріне белгіленген мөлшерден артық қаражат жинауына, қай-тыс болған орден мүшесінен артық ақша шықса оны шіркеу рәсімімен жерлеу-

ге қатаң тиым салуға мәжбүрлеген. Бірақ, жемқорлықты осындай қатаң шаралар да тоқтата алмады [6] . Тіпті, католик дінбасылары арасында жемқорлық шектен шығып, кардиналдарға пара беру арқылы XIV-ғ. белгілі баскесер

Роберт Женевский «Климент VII» деген атпен, XV-ғ. басында теңіз қарақшысы Бальтазар Коссе «Иоанн XXIII» деген атпен Рим Папасы тағына отырды [6] .

Біздің ең жақын көршіміз Ресейдегі жемқорлықтың бастау алуы― IX-X ғасырларда Киев Русі құрылғаннан бастап белгілі. Князьдар жергілікті жердегі

өз қызметкерлеріне жалақы төлемегендіктен, олар қарапайым халық үстінен күнкөріс көзін табуға мәжбүр болып, лд қылмыс ретінде қарастырылмады.

Ал, XV ғасырдан бастап, сыбайлас жемқорлық Ресейде қалыптасқан жүйеге айналды. Мемлекеттік шенеунік тікелей өз міндетін атқарғаны үшін қарапайым халықтан сыйақы талап етті. 1497 жылы Русь мемлекетінің Заңдар жинағы «Судебникте» пара алған сотты жазалау туралы алғашқы заң жарияланған. 1550 жылы шыққан «Судебникте» парақорлық кеңірек қамтылып, пара үшін соттас-

қан тараптардың сөздерін бұрмалаған және жалған хаттама толтырған Боярлар думасының ең төменгі лауазымды шенеунігі - дьяктарды қамау немесе айыппұл салу секілді заң баптары енгізілді. 1649 ж. 25 мамырда Мәскеуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көтеріліс басталып, халық қаһарынан сескенген патша Алексей Михайлович сол кездегі жемқорлыққа басты кінәлі деп саналған бояр Леонтий Плещеевті халықтың қолына беруге мәжбүр болды. Халық Л. Плещеевті ұрып өлтірді.

Ресейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай күресті бастаған I Петр патша болды. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің іргетасын шайқайтын зұлым күш екенін түсінген I Петр бірнеше заң қабылдап (23. 08. 1713 ж., 24. 12. 1714 ж., 05. 02. 1724 ж. ), осындай қылмыстар үшін өлім жазасын белгіледі. Бірақ, I Петр қайтыс болған соң Ресейде сыбайлас жемқорлық өрши түсті. Патшайым Екатеринаның тұсында ірі мемлекеттік шенеуніктер мемлекет мүддесін ақшаға сата бастады. Сол кезде Ресейдің сыртқы саясатына жауапты болған канцлер Бестужев-Рюминнің 15 жыл бойына Англия мен Австрия елдерінен үлкен мөлшерде ақша алып тұрғаны ашылып қалды. Оны өлім жазасынан құтқарған, Елизаветаның таққа отырарда берген «Менің бұйрығыммен ешкімде өлім жазасына кесілмейді» деген уәдесі болды [6] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
АЯҚТАЛМАҒАН ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
Қылмыстық жауаптылықтың негізі
Қылмыстық жауаптылық негіздері
Қылмыстық құқықтық қатынастар және қылмыстық жауаптылық
Қылмыс және қылмыс құрамы
Қылмыс түсінігі белгілері
Қылмыстық құқық ғылымы
Қылмыстық құқық бұзушылықтағы объектінің түрлері
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz