Экологиялық тәрбие негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

№1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың экологиялық тәрбиесінің негіздері

1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың экологиялық тәрбиесінің тарихына шолу

Қазіргі кезеңде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасындағы қайшылықтар бастауыш мектеп пен педогогиканың алдына бірқатар жаңа міндеттерді қойып отыр. Оларды шешу қазір мектепте оқып жүрген ұрпаққа, табиғатқа деген теріс әсерлерді жоюға және болашақта бұл қатынасты тиімді ортаға бұруда нақты талап бере алады.

Табиғатты және онымен қарым-қатынасты тек сөз жүзінде тар практицизм мен утилитаризм шеңберінде зерттеуге қарсы орыс ағартушылары: В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. А. Добролюбов, Д. И. Писарев, Н. Г. Чернышевский қарсы болды. Олар мектепте табиғат туралы толыққанды білімдерді енгізуді талап етті. Олар аталған білімдердің жеке адамның адамгершілік моральдық қасиеттерінің қалыптасуына, баланың табиғаттағы мінез-құлқын анықтайтынын атап көрсетті.

Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский баланың табиғатпен ара қатынасын кеңейтіп, табиғаттың тәрбиелеушілік әсерінің педагогикада төмен бағаланып отырғанына таңданыс білдірді.

Қазіргі кезеңдегі экологиялық білім беру табиғат пен қоғамның біртұтастығы туралы, олардың тарихи өзара байланысы, адамның табиғатқа қатынасының әлеуметтік себептілігі туралы ілім әдістемесі негізінде құрылған.

2. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың экологиялық білім беруді даярлау ерекшелігі

Экологиялық білім берудің мазмұны оқушының қоршаған ортамен өзара әсерінің құрылымын қарастыруды талап етеді.

Бұл құрылымды сараптау «оқушы - табиғи орта» жүйесінің қызметінің төмендегі нұсқаларын біліп көрсетуге мүмкіндік береді:

1. Бастауыш сынып оқушысы табиғи ортамен тікелей қарым-қатынаста болады. Экологиялық білімнің мазмұнын қалыптастыру тұрғысынан алғанда аталған бірлікті мына сызбанұсқа түрінде көрсетуге болады (сызбанұсқа 1) .

Берілген жағдайда экологиялық білім берудің мазмұнын қалыптастырушы факторлар:

  1. Оқушы, оның қоғамдық өмірге қажетті жеке басының мінездемесі;
  2. Табиғи орта;
  3. Қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ететін оқушы мен табиғаттың өзара қатынасының сипаты.

3. Экологиялық тәлім-тәрбие берудің қазіргі мәселелері

Экологиялық мәселелердің өзектілігі, болашақ және қазіргі ұрпақтардың өмір сүруіне қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында оларды шешуге деген объективті қажеттілік мектептің алдына оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жаңа міндеттерін қойып отыр.

Бастауыш мектеп оқушыларында табиғатқа деген жауапкершілік қатынасының процесі оның көпжақты бағалығы - эстетикалық, танымдық, экономикалық, практикалық меңгеруі негізінде жүзеге асырылады.

Оқушылардың қоршаған табиғтқа және азаматтық қатынастарының күшеюі тек білімдер жүйесі ғана емес, белгілі бір дағдылар, іскерліктер, әдептердің қалыптасуымен байланысты. Қазіргі заманғы экологиялық білімдері меңгерудің әдістемелік негізі «адам - қоғам - табиғат» жүйесіндегі диалектикалық бірлік болып табылады. Бұл білімдердің комплексті пән аралық сипаты бар және оған жаратылыстану ғылымы, қоғамдық-тарихи, әлеуметтік экономикалық, технико-технологиялық және адамгершілік-эстетикалық ұғымдар енеді де, олар дүниетанымдық сипатқа ие болады.

Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану болғандықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады.

№2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың экологиялық тәрбие берудің жолдары

1. Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбие беру негізінде дүниетанымын қалыптастыру

Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам - біртұтас ұғым. Адам, табиғат, қоғам арасындағы және олардың үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі тез дамиды. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының көру және есту сезім мүшелері арқылы қабылдауымен есте сақтау қабілеті жоғарғы дәрежеде болады.

«Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршілік мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниетанымның көзі - білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Мектеп қабырғасында алған білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы адам, заттар мен құбылыстар арасындағы қарым-қатынас пайда болады.

2. Экологиялық тәрбие беру жұмыстарының түрлері

Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясында ортаны қорғауда жергілікті (өлкетану), аймақтық, ұлттық және ғаламдық байланыстар мәселелерінің ашылып көрсетілуіне ерекше назар аударылған.

Экологиялық білім беру принциптері мектептердің практикасында төменгі міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады:

  1. Адамның табиғатқа әсерінің оның заңдарына сәйкестігін анықтайтын ілімдер, негізгі ұғымдар мен фактілер туралы білімдерді меңгеру;
  2. Қоғам мен әрбір адамның материалдық және рухани күшінің көзі ретінде табиғаттың көпжақты бағалылығын түсіну:
  3. Қоршаған ортаның жағдайын бағалаудағы қолданбалы білімдер мен практикалық іскерліктерді меңгеру. Оның жағдайын жақсартуда дұрыс шешімдер қабылдай білу, өзінің іс-әрекетінің мүмкін болатын салдарын болжау және еңбек қызметінде табиғатқа теріс әсерлерді болдырмау:
  4. Табиғат пен қарым-қатынасқа деген қажеттілікті дамыту, дүниені тануды адамгершілік - эстетикалық сезімдермен бірлікте қарастыруға талпыну;

3. Дүниетанымын қалыптастыру әдістемесі

Бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғаттың құбылыстарын, біздің еліміздегі, шет елдегі қоғамдық және саяси өмір туралы, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оның іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту және тәрбие барысында Отан, халық туралы, алдыңғы қатарлы адамдардың дүниежүзі халықтарының бейбітшілік және бақыты үшін күресу туралы оқушылардың түсінігі қалыптасады.

Ендеше, қорыта келе, балалардың дүниетанымын қалыптастырып, оларды тереңдетуге мұғалімнің іс-тәжірибесінің қызықтылығы, тартымдылығы, көп түрлілігі қажет-ақ.

Дүниетаным - ақиқатты рухани практикалық тұрғыдан игеру жүйесі. Соның ішінде білім мен сенім жиынтығы, адамдардың адамгершілік мұраттары мен әлеуметтік мінез-кұлқы реттегіштері, саяси бағдарлар, қоршаған ортаға деген психологиялық жэне эстетикалық көзқарас дүниені түсіну жэне дүниені өзгерту дүниетаным түсінігінен қуат алады. Дүниетаным - жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы жайлы ұғымдардың жиынтығы, дүниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі.

№3 кіші мектеп жасындағы оқушылардың табиғатты қорғау мен аялауға тәрбиелеу

1. Табиғатты қорғау дәстүрлері

Табиғат! Осы бір тұжырымы кең, қастерлі де қасиетті ұғымды естігенде тұла бойым тамылжып, ет-жүрегім елжіреп кетеді. Ата-анасына бауыр басқан баладай еркелеп кетемін. Себебі табиғат - адам баласының анасы. Табиғат - тіршілік. «Табиғат адам үшін жаралыпты, Бар қызық табиғаттан таралыпты»-деген өлең жолдары да - соның бір дәлелі. Табиғат - адамның еңбегінсіз, адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Ол - тіршілік атаулының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Ол - тіршілік атаулының алтын ұя бесігі, құт берекесі. Адам үшін табиғат - ең қасиетті, қастерлі ұғым. Жер-Ана деп табынған адамзат табиғатты барлық тіршіліктің Анасы деп білген. Күнделікті ішіп-жеп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланылатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы. Сол себепті де қазақ халқы табиғатты аялауға, қорғауға ерекше көңіл бөледі. Тіпті адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді де өзінің туып-өскен табиғатымен байланыстырып жатады. Мысалы, халық арасында «жаны жаздай», «көңілі көлдей», «пейілі кең даладай» деген сөз тіркестерін жиі қолданамыз.

2. Экологиялық сана табиғат оқушылар дүниетанымын қалыптастыру негізі

Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары жүргізіледі.
Бұл екі ұғым бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:
- табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін әңгімелер;
- мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу (кітаптарды және т. б. жөндеу) іс-әрекеті;

3. Экологиялық тәрбиеге байланысты еңбектенуге сипаттама

Жанды дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған құдіретті нәрсе - ауа. «Ауа - өмір тынысы» дейді дана халқымыз. Тыныс алу тоқтаса, өмір де тоқтайды. «Асқар таудың ауасы - аурудың дауасы», «ауаны былғама, ол- алланың демі» деп, халық кең ауаны, таза самалды қасиет тұтқан. Ең қымбатты, қажетті нәрсені «ауадай қажет» деп, халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды. «желдеткішті жаппа», «ауаны қылышпен кеспе» деп, ырым жасап, әулиенің әулиесіндей көреді. Ауаны тазарту үшн көгалдандыру, орман-тоғай өсіру, қорықтарды қорғау ісіне ел ерекше көңіл бөледі.

№5

Мектеп оқушыларды табиғатты қалай зерттеу мен қорғауға, оның жағдайын бағалауға, экологиялық білімдерді өздерінің жолдастарының және ересектердің арасында насихаттауға үйрету тиіс.

Оқушыларда табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті тәрбиелеу керек. Осы қызметке қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру мектептегі оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі болуы тиіс.

Оқушыларға экологиялық білім берудің мақсаттарының бірі-әр түлекте әр түрлі іс-әрекетте қоршаған табиғи ортада саналы түрде өзінің мінез-құлқында жауапкершілік ережелерін сақтауға деген қажеттілікті тәрбиелеу болып табылады /5/.

Орта білім беретін мектептің түлегінің экологиялық сипаттағы білімі мен іскерлігіне қойылатын талаптарды есепке ала отырып, негізгі іскерліктер мен оны құрайтын дағдыларды сипаттайық.

Экологиялық білім беру тұрғысынан алғанда ең маңызды нәрсе оқушының қоршаған орта жағдайын бағалай білуі болып табылады. Ал бұл оқушының гуманитарлық және жаратылыстану - ғылыми циклдағы пәндерді оқу барысында меңгерген іскерліктер мен дағдыларын қаншалықты дәрежеде дұрыс қолдана алуына байланысты.

Экология мен табиғат қорғаудың қазіргі мәселелерін насихаттаудағы іскерліктер мен дағдылар оқушылардың экологиялық білім беруін қорытындылайды. Себебі, оларды жүзеге асыру тіршілік жағдайларында орта және оны қорғауға кең теориялық білімдерге сүйенуді қажет етеді /14/.

Оқушылардың экологиялық білімдерді халық арасына тартудағы рөлі ерекше. Мұнда тек материалды игеру аз, сонымен қатар өзінің көзқарастарын қорғауға эмоционалдың - мотивациялық дайындық, белгілі бір моральдік позиция, жігерлік сапаларды арнайы шынықтыру және әдістемелік өзгерістерді қамту қажет. Оқушы алуан түрлі ақпарат көздерін пайдалана білуі керек, өз ойын айтудың логикасы мен психологиясын, тыңдаушылар үшін тиімді жолмен ақпаратты жеткізу.

№6

Дүниетану ұғымы диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығына сүйенбей өте алмайды. Дүние - ол тек бізді қоршаған табиғат қана емес, ол - адам, адам мен адамның қарым-қатысы, ол - табиғат, табиғат заттары мен құбылыстары, ол - қоғам. Әр қоғамның өркендеуіне адамның ойы мен білімі қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондай керек. Осының өзі дүниенің бір-бірімен байланысты дамитын, оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын орта екенін көрсетеді.

Дүниетану - «дүние» және «тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады. Алдымен нені танып-білу керектігін анықтауымыз керек. Оқушыларға танытқалы отырғанымыз - дүние. Сол дүниені танып-білу әдістері мен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние - қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып-білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.

Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның мәнін ұғыну дәрежесі тереңдей түседі. Әр кезеңнің психологиялық ерекшелігіне байланысты дүние тану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой-пікірі, білім деңгейі дамуы керек. Керісінше дүниені танып-білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі, сана-сезімі кеңейе түседі, адамның көзқарасы қалыптасады. Сөйтіп, диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығы жүзеге асады. «Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой-жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүретіннің бәрі жатады».

Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным - адам санасын дамытуды негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруге де үйренеді.

«Таным» - философиялық ұғым, « . . . айналадағы материалдық шындықты» адам санасында бейнеленуі. Қоршаған дүние объективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғаңда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып, танымды нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық формасы дамиды.

Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Ол затты құбылысты танығаннан кейін, енді таныс еместерін білуге ұмтылады, ізденеді. Сөйтіп, әлде де толық емес білім, толығырақ, дәлірек білімге қарай дамиды. Тану үшін адам дүниеге белсенді әсер етеді, оған ықпал жасап, өзгертеді, екінші зат өндіреді, соның нәтижесінде өзі де өзгереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Студенттерді табиғат қорғауға даярлау туралы
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстанда үздіксіз экологиялық білім беруде этноэкологияның орыны
Экология есептерін компьютерлік модельдеу
Экология сабағында жергілікті материалдарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларына дүнетану пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие беру жолдары
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz