Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе3

1 Мағжан - қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі5

2 Мағжан Жұмабаев шығармашылығы6

Қорытынды9

Пайдаланған әдебиеттер10

Кіріспе

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы - 19 наурыз 1938, Алматы) - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Атасы - Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі - Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 - 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М. Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 - 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С. Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б. Майлинмен танысады.

Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 - 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.

“Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

“Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.

1918 - 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 - 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.

1923 - 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.

1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды.

Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды.

Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С. Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды.

Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды. Жұмабайұлы 1927 - 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.

1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.

Петропавл қаласыннда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

1 Мағжан - қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі

Мағжан - қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен.

Жарты ғасырдан аса оның есімін де, шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.

Мағжанның туып өскен жері - Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Булаев ауданы. Әкесі Бекен - көзі ашық, өжет, қайратты, парасатты адам. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап, өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды. Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген. Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз, Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.

Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді. Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды. Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.

Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды.

Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы «Ғалия» медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді. Бұл медреседе сол жылдары бірталай қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы Бейімбет Майлин де болған.

Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығуына қол ұшын берген - ұстазы Ғалымжан Ибрагимов.

Шәкіртінің алғырлығын да, зеректігін де таныған ол Мағжанның білімін әрі қарай жалғастыруына да ақыл-кеңес береді.

Мағжан орыс һәм Еуропа мәдениетінен сусындамақ болып, Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түседі. Осы оқу орнында ол Сәкен Сейфуллинмен алғаш танысады. Мағжан семинарияны алтын медальмен бітіреді.

Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген. Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете тағы да басқа орыс, Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырған.

Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып отырады. Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел - жұртының тағдырына бағышталған. Мағжан - лирик ақын, сыршыл ақын. Ақын поэзиясының ең қомақты жағы осы лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жан тербетеді, адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар - адамгершілік, шынайы махаббат, т. б.

Мағжан - эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген суымас перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Халқымыздың сондай ер жүрек перзенттерінің бірі - батыр Баян. «Батыр Баян» поэмасы «алашым» деп еңіреп, «майданда жолбарыстай» ерлік көрсеткен осы аруақты көкжал батырға арналған.

2 Мағжан Жұмабаев шығармашылығы

Шығармашылықпен, айналысқан алғашқы он жылда Мағжан ұлт - азаттықты поэзияда ең терең қозғаған ақын болды. 1929 - 1938 жылдар аралығында көркем туындылары тоқырауға түскен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі тек 1936 жылы ғана бостандыққа шығып, Қазақстанға қайтып оралады. Петропавл қаласында мұғалім болып жұмыс істейді. Алайда, оны қалалық оқу ісінің меңгерушісі саяси айыптап, қызметінен босатады. 1937 жылы Алматыға келіп аударма ісімен айналысқан Мағжан Жұмабаев 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

Небәрі 44 жыл ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзі өмірден өтсе де артына өлмес мұрасын қалдырды. Бүгінде Мағжантану ілімі ұлттың рухани-мәдени құндылықтар қатарында. Қазақ әдебиетінің сарқылмас қазынасына айналған ұлы суреткердің шығармашылығын көптеген ғалымдар зерттеп, ғылыми еңбектер, оқулықтар жазды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Шериздан Елеукенов, Мағжантану жолында сүбелі еңбек етіп, осы саладағы ізденісі үшін мемлкеттік сыйлыққа ие болған қаламгер. Ол 1988 жылдары Алаш азаматтарын ақтау туралы құжатты әдебиет және өнер институты атынан дайындап, атпал азаматтың халқымен қауышуына мұрындық болған.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте - бұлт, жерде желмін гулеген,

Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар? -

Мағжан ақындығының құпиясы оның өз тұсының шындығын дәл бейнелуінде ғана емес, өлеңінің сиқырлы күшінде. Ол бірде өмірдің күлкісіндей қуанышты бейнелесе, бірде жылаған, қайғы жұтқан қазақтың ішкі сезімін көрсетеді.

Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңіріп, орыс тілін жетік білген. Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете секілді орыс, батыс ақын-жазушыларының шығармаларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырды. Әдеби туындылармен бірге Мағжанның қаламынан туған оқу құралдары да көпшіліктің қызметіне жарап жатыр. Жастарды оқу, білімге шақырған қаламгер әлемдік педагогиканы қазақтың ұлттық ерекшеліктерге сай етіп, бірқатар еңбек жазды. 1923 жылы оның Ташкентте «Педагогика» атты кітабы және төменгі сыныпқа арналған «Сауатты бол» атты оқулығы жарық көреді.

Елінің тарихы мен мәдени мұраларын терең білген Мағжан қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» сияқты бірнеше тамаша поэмалар тудырды.

…Түркістан - екі дүние есігі ғой,

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой, - деп тебіренген ол «Тұран», «Түркістан» арқылы Шығыс әлемін, бүкіл түркі дүниесін мақтан ете жырлайды. Сондықтан, Мағжан Жұмабаевтың түркі жұртының алдында тұлғасы биік ақын. Оның шығармасына байланысты жиындар Түркия мемлекетінде жиі ұйымдастырылып, көптеген өлеңдері түрік тілінде жарық көрген.

Мағжан Жұмабаев ешқандай басшылық қызметтер атқармаған. Сырт бейнесі өте сұлу, келбетті адам болған екен. Сәбит Мұқанов ол туралы: «Мінезі баладай, тілі балдай еді. Адамға қайырымды, кешірімді, қалтқысыз жан еді… » деп жазады. Ақынның алғашқы жарынан Граждан атты баласы болып, кейін ол шетініп кеткен. Ал соңғы қосылған зайыбы Зылиха өмірінің соңына дейін Мағжанмен бірге болып, оның өлеңдерін бастырып, жинаған екен. Сондай-ақ аумалы-төкпелі заманда өзіне қара күйе жаққан жандарға ақынның жаман сөз айтпауы да оның бойында адамшлық қасиеттің биік болғандығын көрсетеді.

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!

Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері

БАЛАПАН ҚАНАТ ҚАҚТЫ

(“Балапан” журналына арналып қара сөзбен жазылған өлең)

Балапан қанат қақты…

Жас едi. Қанаты да қатып жеткен жоқ едi. Амалсыз қақты.

Солтүстiктiң суығына шыдай алмады. Суық жел сүйегiне жеттi. Ызғар өкпесiне өттi.

Ұшып орманға барып едi, күнi кеше күбiрлесiп, күлiмдесiп, жылы құшағын ашып тұрған ағаштар бұған мойнын бұрмады. Ұшып тоғайға барып едi, қанша шырылдап айналып жүрсе де, қалың ақ кебiнiн жамылып, тоғай тұрмады.

Балапан баспана таба алмады.

Балапан қанат қақты…

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаев Анама өлеңі
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы
Мағжан Жұмабайұлы
Мағжан - қазақтың ұлттық ақыны
Мағжан жұмабаевтың өмірбаяны
Артқы кунге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі
М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Ақынның өмірі мен шығармашылық өсу жолдары
Мағжан Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, Түркістан өлеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz