Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық дамуы

1. Мектепке дейінгі баланың жеке басының даму шарттары
2. Үлкендердің ықпалы
3. Жеке басының қалыптасуына іс.әрекеттің ықпалы
Мектепке дейінгі жаста бала біршама тұрақты жан дүниесіне ие болады, ал мұның өзі әлі де болса, толық қалыптаса қоймаған, бұдан әрі де дамып жетілуге қабілеті бар, жеке адам деп санауға бастапқы негіз болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың даму шарттары алда өткен жас кезеңі шарттарынан айтарлықтай өзгеше. Оған үлкендер тарапынан қойылатын талаптар да едәуір арта түседі. Қоғамдағы жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерін, қоғамдық мораль нормаларын сақтау - өзекті талапқа айналады.
Қоршаған дүниені танудың өскелең мүмкіндіктері баланың ынтасын өзіне жақын адамдардың тор шеңберімен шығарып, іс-әрекетті өзара қарым-қатынас формалары мен байсалды түрлерін (оқу, еңбек) үлкендер арасында болатын алғаш игере бастауға жеткізеді. Бала өз құрдастарымен бірлескен іс-әрекетке кіріседі, өз іс-әрекеттерін олармен келісуді жолдастарының ықылас, пікірлерімен санасуды үйренеді. Мектепке дейінгі бүкіл балалық шақ бойына балалар іс-әрекетінде қабылдау, ойлау, есте сақтау және басқа психикалық процестерде ғана емес, сонымен бірге өз мінез-құлқын ұйымдастыра білуге де жоғары талаптар қоятын өзгерістер мен бетбұрыстар орын алады.
Осының бәрі баланың жеке басын қалыптастырады, оған қоса адамның жеке басын қалыптастырудағы әрбір жаңа қадам шарттардың ықпалын өзгертеді. Одан әрі тәрбиелеу мүмкіндіктерін арттырады.
Баланың жеке басының дамуының екі жағы бар. Оның бірінші жағы - баланың қоршаған дүниені біртіндеп біліп, өзінің одан алатын орынын түсіне бастауы, осыдан мінез-құлық мотивтерінің жаңа типтері пайда болады, соның әсерінен бала белгілі бір қылық көрсетеді. Екінші жағы - сезім мен еріктің дамуы. Олар осы мотивтердің ықпалдылығын, мінез-құлықтың тұрақтылығын және оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың сенсорлық дамуы қарқынды келеді. Бұл кезеңде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қаситеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс-әрекетте бала барған сайын оның түсін, түрін, шамасын, салмағын, температурасын, беткі қасиеттерін және т. б. дәл бағалай бастайды. Әуенді қабылдауында бала оның әуенін қадағалауды, дыбыстардың қатынасын жоғарылығына қарап бөлуді, ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді қабылдауында ұқсас дыбыстардың айтылуындағы аса нәзік айырмашылықтарын айыра алады. Балалардың кезегі мен оларды бөлетін уақыт аралықтарын ажырата білуі едәуір жете түседі.
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Бірішісі, заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттер мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі, қоршаған ортаның толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру.
Заттардың қасиеттерін бағдарлаудың дамуы. Балалық шақтың өзінде балада заттар әр түрлі қасиеттері жөніндегі түсініктердің белгілі қоры жинақталады, бұл түсініктердің бірқатары үлгінің орнына жүреді, қабылдау процесіндегі заттардың жаңа қасиеттерін бала осы үлгімен салыстырады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Лекция №7
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық дамуы

1. Мектепке дейінгі баланың жеке басының даму шарттары
2. Үлкендердің ықпалы
3. Жеке басының қалыптасуына іс-әрекеттің ықпалы

Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәжірибесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлық эталонға ауысады. Сенсорлық эталондар дегеніміз -- қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түсініктер. Бұларға түс, пішін, заттардың шамасы, олардың кеңістіктегі орны, дыбыс күші, уақыт аралықтарының ұзақтығы, тағы басқалар жатады Ересектер балаға сурет салуға, құрастыруға көмектескенінде олар қалайда негізгі пішіндер мен түстерді атайды.
Баланың іс-әрекет үстінде пайда болатын және өзіне қарата айтылған сөзі эгоцентирикалық сөз деп аталады. Мектепке дейінгі жас кезінде эгоцентирикалық сөз өзгеріп отырады. Бұл айтылуға баланың не істеп жатқанын ғана емес, оның іс жүзіндегі алдын ала ескертуші және бағыттаушы сөздер пайда болады. Мұндай сөздер баланың іс жүзіндегі мінез-құлқынан озық жүретін бейнелі ойын көрсетеді. 5 - 6 жасқа жеткенде эгоцентирикалық сөз кеми түседі. Бала бұл кезде қасында ешкім болмаса, көбіне жұмысын үндемей істейді. Бұл оның сөз негізіндегі ойлауының болмайтынын көрсетпейді. Эго-жоспарлаушы қызметін атқарады. Сонымен, эгоцентрикалық сөз баланың сыртқы және ішкі сөзінің арасындағы баспалдақ болып табылады.
Даму психологиясы немесе жас ерекшеліктерінің психологиясы -- жеке адамның психикалық дамуын, өмір тіршілігінде қалыптасу зандылықтарын танып білуге көмектесетін психология ғылымының дербес саласы. Даму:
* 1) материалдық объектілердің заңды, бағытты, қайтымсыз өзгеруі, нәтижесінде объектінің жаңа қасиеттері туындайды;
* 2) тұлғаның сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың әсерімен даму үрдісі.
Даму кезінде адамда сандық және сапалық өзгерістер туындайды. Даму психологиясы адамның жеке басының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді, адам жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін азаматтық қасиеттерінің кемелдену жағдайларын, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық зандылықтарымен таныстырады. Даму психологиясы психикалық дамудың қозғаушы күшін, заңдылықтарын және адамның онтогенезде қалыптасуын қарастырады.
Даму психологиясы келесі бөлімдерден тұрады:
* мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы;
* бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы мен жеке басының қалыптасуы;
* жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері мен жеке бастарының қалыптасуы;
* жасөспірімдердің психикалық дамулары мен психологиялық ерекшеліктері;
* ересектер мен егде жастағылардың психологиялық ерекшеліктері;
* қартайған жастағылардың (геронтопсихология) психологиялық ахуалдары.
Даму психологиясы -- онтогенезде адамның психологиялық және қылықтық дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін мәліметтері бар психологиялық зерттеулер саласы. Дамудың әлеуметті жағдайы -- адамның психологиялық және қылықтық дамуы өтетін әлеуметтік жағдай. Дамудың әлеуметтік жағдайы дамудың қандай факторлар жүйесіне байланысты екендігін де қарастырады Дамудың жақын зонасы -- психикалық дамудың мүмкіндіктері, адамға сырттан минималды көмек беру арқылы ашылады. Дамудың жақын зонасы ұғымын әйгілі ғалым Л.С.Выготский енгізген. Дамудың жақын зонасы - айналадағы адамдардың кішігірім көмегін немесе демеуінің негізінде балада айқындалатын және соларды пайдаланып оның шынайы дамуына мүмкіндіктер. Дамытатын күштер -- балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ересектердің өз алдына қойылатын мақсаттары, яғни баланың өзін өзі жетілдірудегі қажеттіліктері.

2. Үлкендердің ықпалы
Халқымыз әр жастағы адамдардың көңіл күйі,сезімдері,мінсіз ерекшеліктері,түсінік талғамдары сенім,қызығулары,әдет дағдылары бірдей болып келмейтіндері жөнінде де қызықты пікірлер айтқан.Сөз маржандарында адамның жас өзгешеліктері негізінен балалық,жастық,кемелдік және кәрілік шақ секілді басты-басты төрт кезеңнің тұрғысынан қаралатындығын байқауға болады.Адамның моральдық бейнесі,психикасы оның іс-әрекеті үстінде дамиды,ал іс-қимылдың алғашқы іргетасы балалық кезде қалыптасады.Халқымыз өз ұрпағын жақсы қасиетке еңбексүйгіштік, тілалғыштық, имандылық т.б баулуды үнемі негізі мәселе деп ойлап келген.
Бала біткеннің бәрі де ес білгеннен бастап білсем, көрсем, естісем, ұстасам, алсам деп әрекет етуге ұмтылады.Ол өзін қоршаған ортамен,басқа адамдармен қарым-қатынасқа қалайды. Бұл баланың өзін қоршаған өмірді терең де толық білуге табиғи құштарлығы олар үшін жай нәрсенің өзі жаналық.Бұлар әуесқой,тынымсыз зерттеуші көптеген мақал-мәтелдердің мән мазмұнын осы айтылған идеяны да бейнелейді.
Ата-ана өз баласын өнегелі сөзбен,жеке басының үлгісімен тәрбиелейді. Ойын баласында үлкендердің сөзіне, қылығына, іс-әрекетіне еліктеушілік басым.Мақал-мәтелдер бұл жөнінде төмендегіше тұжырымдалған: Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі,Баланың тентек болмағы үйінен, Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер, байқамай сөйлесең көрсетер бір өнер, Қызды асырай алмаған күң етеді,ұлды асырай алмаған құл етеді, Ұлың өссе үлгілілермен ауылдас бол, Анаға баланың алалығы жоқ деп халық бала тәрбиесін тек құрғақ,сылдыр сөзбен жүргізгеннен гөрі іс-әрекет,үлгі өнеге арқылы жүргізудың пәлмендірек келмейтіндігін,сондай-ақ бала тәрбиесіне оның құрбы-құрдастарының,жора-жолдастары ның да ықпалы болатындығын еске алып отырған.Сондай-ақ балаға жасалатын ерекше мейірімділіктің де,керемет қаталдықтың да,баланы бір-бірінен алалап қараудың да теріс нәрсе екенін, ол баланың жеке басын құрметтеп, елеу,оның психологиясының дұрыс қалыптасуына жағдай жасайтынын нақыл сөздермен дұрыс көрсеткен.
Халық ұғымында адамның негізгі өмір кезеңінің бірі-жастық кезең бозбала шақ.
Жастық шақтың басты белгісі-адамның жаны мен тәнінің саналық, сандық жағынан да бөлек елеулі өзгерістерге түсуінде. Осы жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады,оның сана-сезімі өседі,психикасы шындала, қатая түседі.Ол қоғамнан өз орнын табуға тырысады,өзін қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды. Бұл жас балалар да өзін-өзі бағалауға ынталану, рухани өмірге қызығу, жеке басындағы ойлар, адамгершілік идеялар кемеліне келе бастайды.Халық даналығы жастарға қызығы мол,қайтып оралмайтын, кейін іздесеңде таптырмайтын адам өміріндегі ең қызықты бос өткізсең-оның орнын ешуақытта толтыра алмайсың деп бұл кезде адамда ғылым-білімді, өнердің сан алуан түрлерін меңгере алуға мүмкіндік мол болатынын,сол себепті көп оқып,үйреніп, біле берудің керектігін әдемілеп ескермейді,оларды еңбексүйгіш,көпшіл,белсенді,өнегелі болуға шақырады.Мәселен, Жігіт адамға жеті өнерде аз, Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын, Менмен жігіттің соры,төменшік жігіттің қоры, Кішіпейіл, кең жайлау жігіттің зоры, Өзім білем деген жігітің басына ойран салғаны,көп біледі деген жігіттің басына қорған салғаны, Селжең деген жігіттің серкесінің соры, Жасында көргені жоқ, өскенде айтары жоқ, Жас лкүнінде еңбек қылсаң есейгенше жетілерсің, Жұмыссыз жастың жүргені сөкет, -деген толғаулар біздің жоғарыда айтқандарымызға жақсы дәлел.
Олай болса неге біздер балаларымызға өнерді үйрен де жирен деп отырмасқа. Мектептегі үйірмелерге қатысуға кеңес бермеске.
Сондай-ақ ата-бабаларымыздың бала тәрибиесінде денсаулықты да назар тыс қалдырмағаны байқалады. Қазіргі таңдағы бала денсаулығының психикалық жағынан төмендігін сол кезде-ақ білгендей.
Сондықтан денсаулық мәселесіне қатысты ой-пікірлер де көптеп кездеседі. Халық денсаулықтың өмір сүрудің негізгі шарты екендігін жақсы түсініп кеңестерін алмаған.
Он екі мүшең сау болса, жарлымын деме,жаныңдажарық болмаса, зарлымын деме деп денсаулық адамға өмірлік серік,жанның сау және ажарлы болуды тәнге байланысты екендігін адам тәнінің байлығын ешнәрсемен түсіндіруге болмайтынын дұрыс тұжырымдайды. Тазалық-денсаулыққа кепіл, Тазалық-саулық негізі,саулық-байлық негізі, Күтінгенге кәрілік жоқ т.б толып жатқан қағидалар әлі күнге дейін күшін жоймаған кеңестер. Олар өздерінің көп жылғы тәжірибиелерінен қорыта келіп: салақтық, қомағайлық, жалқаулық,еріншектік басты себебі екендігін айтқан. Қысқа ғана мақал-мәтелдермен түгендеп бере білген. Мыс: Тыймаған ауызда бәле бар, Құныға жеген құспай қоймас, Қотыр қолдан жұғады, таз тақиядан жұғады, Ауру астан, Ыңырсыған келіннің үйі ыбырсық, Ластың дос-шыбын т.б мақалдарда жалқау, салдыр-салақ адамдардың ауруға бір табан жақын ұшырайтындығын, әсіресе аурудың көзі-салақтықта екендігі дәлелді көрсетіліп миына құйып отырған. Сау адам үнемі шат көңілді болса, ауру қандай нәрсеге болмасын селсоқ, енжармен көңілмен қарайды. Сау адам мен науқастың өмірге көзқарасы да, еңбекке қатысы да, тіпті сыртқы пішіндерінің өзінде де, айырмашылық болатынын бажайлап білдіріп отыраған. Бұл сен аурудың қолына тап болмау жағын қарастыр деген ескертпе. Бұл жөнінде де: Жан ауырса, тән азады, қайғы басса-жан азады, Ауру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастарымен, ересектермен қарым- қатынасы
Мектеп жасына дейінгі балаға сипаттама
Балалар психологиясының дамуына қарым- қатынастың рөлі
Бала бақша мен мектептің өзара байланысы және балалар мен оқушылардың бейімделу үрдісі
Мектепке дейінгі жаста темперамент дамуының жас ерекшеліктері
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жалпы сөйлеу қабілетінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық
Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі бала
Пәндер