Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау



Кіріспе
1. Жол.көлік оқиғасы, оның түсінігі және түрлері. Жол.көлік оқиғасының элементтері.
2 Жол.көлік оқиғасы болған жерді қарау, оның түсінігі және әдістері
3. Жол.көлік оқиғасы болған жерді қараудың методикасы.
4. Жол.көлік оқиғасы болған жерді қарау кезінде арнайы білім мен техникалық құралдарды пайдалану.
5 Жол . көлік оқиғасы болған жерді қараудың нәтижесін бекіту. Оқиға болған жерді қарау хаттамасы, оған қосымша тіркелетін
құжаттар мен дәлелдемелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
Криминалистік тактикада кез-келген тергеу әрекетінің алдында бастапқы тергеу әрекеті ретінде оқиға болған жерді қарау жүргізіледі. Оқиға болған жерді қарау негізгі тергеу әрекеттерінің бірі, себебі осы әрекетті жүргізу барысында тергеуші ең басты мәселе қылмыстық оқиғаның болған, болмағандығын шешеді. Оқиға болған жерді қарау өз алдына дербес түрде жүргізілетін кешенді тергеу әрекеті, оның барысында болған оқиғаның механизмін анықтауға талпыныс жасалады. Криминалистика ғылымында "оқиға болған жер" ұғымына байланысты көзқарастар әртүрлі болып келеді.
Мысалы, Рассейкин Д.П. өзінің "Кісі өлтірушілікті тергеу кезінде мәйіт және оқиға болған жерді қарау" еңбегінде, "оқиға болған жер ретінде қарау жүргізіп жатқан оқиғаның болған жерін түсіну керек. Ал, қылмыстың заты, мысалы," ұрланған автокөліктің табылған жерінде оқиға болған жерді қарау емес, заттай дәледемелерді қарау хаттамасы толтырылады" дейді1. Ал Л.В. Виницкий болса "бұл ұғымдарды ажырату керек, бірақ оларды әртүрлі тергеу әрекеттеріне бөлудің қажеті жоқ" деген көзқарасын білдіреді.2 Қазіргі кездегі криминалистикада осы екінші позицияны басым түрде қолдайды.
Себебі, оқиға болған жер ұғымының мағынасы оқиғаның материалдық іздері табылған жер ұғымының мағынасынан кең және болған оқиғаның мән-жайларына байланысты түсініктің барлығын қамтиды. Осындай сипатына қарай отырып Қазақстандық криминалист ғылымдар осы пікірге жүгінеді.
Мысалы, Е.Ғ. Жәкішев "оқиға болған жер" деген түсінікке оқиға болған жер және осы қылмыстың іздері табылған жер жатады. Сондықтан бұл ұғымға тек қана қылмыс жасалған жер ғана жатпайды. Мұнымен қатар бұл ұғымға қылмыс жасауға дайындық жұмыстарын жүргізген жер, қылмыс жасауға қолданған қару және басқа да айғақ заттарды тапқан жерде жатады. Ол- жеке үй, пәтер, ашық алаң, су айдыны, вагон, тағы басқа да объектілер болуы мүмкін. Осыған байланысты бір қылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жер болуы мүмкін. Айталық, адамды өлтіріп, оны басқа жерге апарып бөлшектеп, ол бөлшектерді әр жерге көмсе, кісіні олтірген Жер де, өлікті бөлшектеген жер де, ол бөлшектерді көмген жер де оқиға болған жер деп саналады. Сонымен бір жасалған қылмыс бойынша 3-4 оқиға болған жерді қарауға тура келеді "деп тұжырымдай келе" оқиға болған жер дегеніміз қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер" дейді.3 Ал, А.Я.Гинзбург "оқиға болған жер ретінде криминалистикада тергеліп жатқан қылмыстың оқиғасы, бақытсыз жағдай, стихиялық оқиға немесе бастапқы кезде қылмыстың жасалған орыны деп белгіленетін жер танылады" деген түсінік береді. Ол қылмыстың іздері табылған жерді "оқиға болған жерге жатпайтын орындар мен ғимараттарды қарау"4 деп бөледі.
1. Агушевич А. М. «Анализ недостатков следственных действий, связанных с необходимостью использования специальных знаний по делам ДТП»,Алматы,1993г
2. Байэтт Р. ,Уоттс Р. «Расследование дорожно-транспортных проишествий»Москва , «Транспорт», 1983
3. Белкин Р. С. Лившиц Е.М. «Тактика следственных действий»,Москва, «Новый юрист», 1997
4. Белкин Р.С.,АверьяноваТ.В.,Корухов Ю. Г., Российская Е. Р. «Криминалистика»,Москва, 1999
5. Боровский Б.Е.,Глистин В.К. «Автотранспортные преступления» Ленинград, 1969
6. Виницкий Л.В. «Теоритические и практические проблемы следственного осмотра»,Москва,Докторская диссертация, 1990
7. Герасимов В.Н. «Методика расследования автотранспортных проишествий »,Москва, Издательство МГУ, 1988г.
8. Жарский В.Е. «Расследование дорожно-транспортных проишествий», Москва, 1968г.
9. Жәкішев Е.Ғ. «Криминалистік тактика »,Алматы, «Жеті жаргы»,1997ж.
10. Зотов Б.Л. «Расследование и предупреждение автотранспортных проишествий»,Москва, «Юридическая литература», 1979г.
11. Леви А.А. «Осмотр места проишествия»,Москва, «Юридическая литература », 1972г.
12. Лисиченко В.К. «Использование данных естественных и
технических наук в следственной и судебной практике »,Киев,» 1979г.
13. Литвиненко Л.К. «Вопросы методики расследования автотранспортных проишествий», 1964г.
14. Маландин И.Г."Расследование автотранспортных происшествий" Саратов ,1960г.
15. Мозговых ГА." Трассологическая экспертиза по делам о дорожно-транспортных происшествиях", Автореферат канд диссертации , Алматы ,1971г.
16. Нургалиев Б.М." Особенности осмотра места проишествия и возможности судебных экспертиз по делам о столкновениях транспортных средств" Дараганда, 1993г.
17. Онучин А.П." Проблемы расследования дорожно-транспортных происшествий с учетом ситуационных факторов", Свердловск, Издательство Уральского университета ,1987г.
18. Поврезнюк Г.И. Гинзбург А.Я. Калинин А.В." Справочник следователя ", Алматы, 1998г.

19. Попов В.И." Осмотр место проишествия ", Алматы, КазГос-издат 1956г.
20. Правила учета дорожно-транспортных проишествий, введенные в действие приказом Министра внутренних дел РК ,от 12 дек. 1992г.
21. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 16 шілде 1997 жылы қабылданып қаңтар 1998 жылы күшіне енген.
22. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі, 13 желтоқсан, 1997 жылы қабылданып 1 қаңтар, 1998 жылы күшіне енген.
23. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1650 қаулысымен
күшіне енген Жол Жүру Ережелері 25 қараша 1997 жылы қабылданған.

Кіріспе

Криминалистік тактикада кез-келген тергеу әрекетінің алдында бастапқы
тергеу әрекеті ретінде оқиға болған жерді қарау жүргізіледі. Оқиға болған
жерді қарау негізгі тергеу әрекеттерінің бірі, себебі осы әрекетті жүргізу
барысында тергеуші ең басты мәселе қылмыстық оқиғаның болған, болмағандығын
шешеді. Оқиға болған жерді қарау өз алдына дербес түрде жүргізілетін
кешенді тергеу әрекеті, оның барысында болған оқиғаның механизмін анықтауға
талпыныс жасалады. Криминалистика ғылымында "оқиға болған жер" ұғымына
байланысты көзқарастар әртүрлі болып келеді.
Мысалы, Рассейкин Д.П. өзінің "Кісі өлтірушілікті тергеу кезінде мәйіт
және оқиға болған жерді қарау" еңбегінде, "оқиға болған жер ретінде қарау
жүргізіп жатқан оқиғаның болған жерін түсіну керек. Ал, қылмыстың заты,
мысалы," ұрланған автокөліктің табылған жерінде оқиға болған жерді қарау
емес, заттай дәледемелерді қарау хаттамасы толтырылады" дейді1. Ал Л.В.
Виницкий болса "бұл ұғымдарды ажырату керек, бірақ оларды әртүрлі тергеу
әрекеттеріне бөлудің қажеті жоқ" деген көзқарасын білдіреді.2 Қазіргі
кездегі криминалистикада осы екінші позицияны басым түрде қолдайды.
Себебі, оқиға болған жер ұғымының мағынасы оқиғаның материалдық іздері
табылған жер ұғымының мағынасынан кең және болған оқиғаның мән-жайларына
байланысты түсініктің барлығын қамтиды. Осындай сипатына қарай отырып
Қазақстандық криминалист ғылымдар осы пікірге жүгінеді.
Мысалы, Е.Ғ. Жәкішев "оқиға болған жер" деген түсінікке оқиға болған
жер және осы қылмыстың іздері табылған жер жатады. Сондықтан бұл ұғымға тек
қана қылмыс жасалған жер ғана жатпайды. Мұнымен қатар бұл ұғымға қылмыс
жасауға дайындық жұмыстарын жүргізген жер, қылмыс жасауға қолданған қару
және басқа да айғақ заттарды тапқан жерде жатады. Ол- жеке үй, пәтер, ашық
алаң, су айдыны, вагон, тағы басқа да объектілер болуы мүмкін. Осыған
байланысты бір қылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жер болуы мүмкін.
Айталық, адамды өлтіріп, оны басқа жерге апарып бөлшектеп, ол бөлшектерді
әр жерге көмсе, кісіні олтірген Жер де, өлікті бөлшектеген жер де, ол
бөлшектерді көмген жер де оқиға болған жер деп саналады. Сонымен бір
жасалған қылмыс бойынша 3-4 оқиға болған жерді қарауға тура келеді "деп
тұжырымдай келе" оқиға болған жер дегеніміз қылмыстың жасалған жері және де
осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да
объектілер" дейді.3 Ал, А.Я.Гинзбург "оқиға болған жер ретінде
криминалистикада тергеліп жатқан қылмыстың оқиғасы, бақытсыз жағдай,
стихиялық оқиға немесе бастапқы кезде қылмыстың жасалған орыны деп
белгіленетін жер танылады" деген түсінік береді. Ол қылмыстың
іздері[1] табылған жерді "оқиға болған жерге жатпайтын орындар мен
ғимараттарды қарау"4 деп бөледі. Негізінен, криминалистикада бастапқы
анықтама көп қолданылады, себебі оқиғаның іздері табылған жерде өз сипаты
бойынша "оқиға болған жер" ұғымымен анықталады.
Өйткені, екеуінің де мақсаттары, объектілері бір болып табылады.
Мұндай жалпы түсінік тергеу әрекетін әртүрлі топтарға бөлместен бірыңғай
және тиімді түрде жүргізуге көмектеседі. Сонымен, жоғарыда келтірілген
ұғымдар толығымен оқиға болған жерді қараудың объектілері ретінде
зерттелуге жатады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінде оқиға
болған жерді қараудың ұғымы айқындалмай, оны криминалистік тактиканың,
қылмыстық процестің теориясының еншісіне қалдырған.
Дегенмен, оның ұғымы Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 221-бабында
көрсетілген оқиға болған жерді қараудың мақсаттарынан туындайды. Заңда
оқиға болған жерді қараудың мынандай мақсаттары белгіленген:
1. Қылмыс пен басқа да материалдық объектілердің іздерін
анықтау;
2. Іске қатысы бар мән-жайларды айқындау.5
Осы мақсаттарына қарай отырып, криминалист ғалымдар бір бірінен мәні,
мағынасы бойынша алшақ емес әртүрлі түсініктер береді. Себебі, бұл
мәселенің негізін құраушы ұғым заңда жазылып тұр. Бұрынғы кездегі
авторлардың ойына жүгінетін болсақ, В. П. Колмаков "оқиға болған жерді
қарау ретінде іс бойынша шындықты анықтауға ықпал ететін барлық
мән - жайларды анықтау үшін, ғимараттың ішінде немес басқа да жерлерде
іздер мен заттай дәлелдемелерді табу үшін, тергеуші мен заңда көрсетілген
тұлғалардың оқиға болған жердегі материалдық объектілердің белгілері мен
қасиеттерін, жағдайларын тікелей түрде бағалауды, зерттеуді, қабылдауды
және оның нәтижесін тіркеуді жүзеге асыратын тергеу әрекетін түсіну керек"6
дейді. Ал, қазіргі авторлардан А. Я. Гинзбург жалпылама түрде мынандай
түсінік береді: " оқиға болған жерді қарау тергеушінің қылмыстық іске мәні
бар объектілерді тікелей түрде тауып, олардың белгілерін, қасиеттерін,
жағдайларын және орналасқан орындарын зерттеуін білдіреді"7.
Профессор Е. Ғ. Жәкішев "оқиға болған жерді қарау дегеніміз іздерді,
айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып бекітуге және зерттеуге
бағытталған, сонымен қатар, жасалған қылмыстың мән жайын, оның болу
механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей өткізілетін, заңда көрсетілген
тергеу әрекеті" дейді 8 Бұдан басқа ғалымдар оқиға болған жерді
қараудың негізгі мәні оқиғаның механизмін анықтау екендігіне көңіл
бөледі.
Мұндай тұжырым оқиға болған жердің басты сипатын көрсетеді. Себебі,
тергеуші оқиға болған жерге келіп жеткеннен кейін, қарауды
жүргізу процесінде өзінің ішкі сенімімен оқиғаның механизмін анықтайды.
Бұл оқиға болған жерді қараудағы басты мәселе қылмыстың
болған, болмағандығын шешеді.[2]
Е. Ғ. Жәкішев "Қарау мезгілінде табылған айғақ заттар, іздер
арқылы қылмыстың механизмін, қылмыс жасау әдісін анықтауға,
қылмысты жасауға қатысқан адамдар жөнінде және істің басқа да мән -
жайлары жөнінде өте керекті мәліметтер жиналады"1 деп көрсеткен.
Яғни, тергеуші оқиға болған жердің жағдайымен онда табылған
дәлелдемелер негізінде оқиғаның механизмін анықтап, істің одан арғы
өрбу мәселесін шешеді.
Оқиға болған жерді қарау әртүрлі қылмыс түрлеріне қарай өзіндік
ерекшіліктерге ие болады. Себебі, қылмастардың түрлеріне қарай, оны
зерттеуге байланысты тергеу әрекеттері де өзіндік жеке сипатқа ие болады.
Осындай ерекшіліктерін айқындап, түсіндіру мақсатында жол — көлік
оқиғасы болған жерді қарауға жан - жақты түрде зерттеу жүргіземіз.

1. Жол-көлік оқиғасы, оның түсінігі және түрлері. Жол-көлік
оқиғасының элементтері.
Жол- көлік оқиғасы өз табиғатында ең бір динамикалы түрде пайда
болатын құбылыс болып табылады. Жол-көлік оқиғасының түсінігіне
байланысты криминалист ғалымдардың арасында принципиалдық
дәрежеде айырмашылық жоқ. Себебі, жол-көлік оқиғасының негізгі
мәнді түсінігі арнайы нормативті актіде көрсетілген. Ол акт
Қазақстан Ішкі Істер Министрінің бұйрығымен бекітілген, 1992 жылдың 12
желтоқсанында қабылданған "жол-көлік оқиғаларын тіркеу ережесі" болып
табылады. Бұл ережеге сәйкес "жол-көлік оқиғасы дегеніміз
қозғалыстағы көлік құралының қатысуымен нәтижесінде кісі өліміне немесе
оның дене жарақатын алуына, көлік құралдарында, құрлыстарда, жүктерде
және тағы басқа материалдық объектілерде ақаулардың пайда болуына алып
келіп соғатын оқиғалар"9. Осындай анықтаманы криминалист ғалым
Г.А. Мозговых та береді. Оның айтуы бойынша "жол-көлік оқиғасы дегеніміз-
міндетті түрде қозғалыстағы көлік құралы қатысатын, нәтижесінде
кісі өлімі болатын немесе оның денесіне жарақаттар түсетін, көлік
құралдары мен қоршаған ортаға материалдық ақаулар келтіретін
оқиға"10. Жоғарыда айтылғандай жол-көлік оқиғасының өзіне тән ерекшеліктері
бар.
Оны былайша топтастыруға болады:
1. Жол-көлік оқиғасы динамикалық сипатқа ие, себебі оның
қатысушысы—көлік құралы жол-көлік оқиғасы алдында қозғалыс үстінде болады;
2. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде белгілі бір материалдық залалдар
келтіреді. Ол залалдар әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Мысалы, көлік
құралына, айналадағы қозғалмайтын объектілерге (үйлер, ғимараттар,
ағаштар,т.б.), жаяу жүргіншілерге келтірілген залалдар.
3. Міндетті түрде қатысушысы қозғалыстағы көлік құралы болады.
Бұл жағдайда көлік құралы ретінде "жол-көлік оқиғаларын тіркеу
ережесіне" сәйкес автомобильдер, мотоциклдер, мотоколяскалар, мопедтер,
алынбалы двигателі бар велосипедтер және т.б. өздігімен жүретін
механизмдер, ат жегілген арбалар танылады.11
4. Жол-көлік оқиғалары жол үстінде немесе жол шетінде пайда болады.
Яғни, жол—көлік оқиғасының болуы жолға байланысты туындайды.
Осы белгілерінен көрінгендей жол—көлік оқиғасы өзіне тән
криминалистік зерттеу әдістерін қолдануды талап етеді. Сол себепті,
криминалистикада жол—көлік оқиғаларына байланысты қылмыстарды тергеудің
кешенді түрдегі методикасы анықталып, бекітілген. Негізі, кез-келген
зерттеу үшін зерттеу объектілерін жүйелеп, түрлерге бөліп, топтастырып алу
керек.[3]
Жол-көлік оқиғаларының түрлері "жол—көлік оқиғаларын тіркеу
ережесінде" анықталған. Оған сәйкес мынадай төмендегідей түрлері
көрсетілген12;
1. Соқтығысу - қозғалыстағы көлік құралдарының немесе темір жол
составтарымен, кенет тоқтаған көлік құралдарымен, темір жол составының
рельс үстінде тоқтап қалған көлік құралдарымен соқтығысу оқиғасы.
2. Лақтыру-қозғалыстағы көлік құралдарының лақтырылып кетуі.
1. Қозғалыссыз тұрған көлік құралына соғылу-қозғалыстағы көлік
құралының қозғалыссыз тұрған көлік құралына, арбаға немесе жартылай арбаға
соғылуы.
2. Кедергілерді басып кету—көлік құралының қозғалмайтын кедергіні
басып кетуі немесе соғылуы.
3. Жаяу жүргіншіні басып кетуі—қозғалыстағы көлік құралының жаяу
жүргіншіні басып кетуі немесе жаяу жүргіншінің көлік құралына өзінің
соғылуы. Бұл оқиғалар қатарына көлік құралдарымен тасымалданатын жүктердің
құлауы нәтижесінде адамдар денсаулығына залалдардың келу оқиғалары да
жатады.
6. Велосипед айдаушыны басып кетуі—көлік құралының велосипед
айдаушыны басып кетуі немесе велосипед айдаушының өзінің көлік құралына
соғылуы.
7. Ат арбаны басып кету—қозғалыстағы көлік құралының ат арбаны басып
кетуі немесе ат арбаның өзінің көлік құралына соғылуы.
8. Жануарларды басып кету-қозғалыстағы көлік құралының құстарды,
жабайы немесе үй жануарларын басып кетуі немесе сол құстар мен жануарлардың
өздерінің көлік құралдарына соғылуы, бұл оқиғалар, нәтижесінде адамдардың
жеке басына залал келтірілгенде немесе басқа да материалдық залал
келтірілгенде ғана тіркеуге алынады.
9. Басқа да оқиғалар - трамвайлардың рельстен шығып кетуі, көлік
құралдарындағы жүктердің адамға жануарға немесе басқа көлік құралына
құлауы, қозғалысқа қатысушылар болып табылмайтын тұлғаларды басып кету,
кенеттен пайда болған кедергілерді (құлаған жүк, жұлынып қалған дөңгелек)
басып кету, жүргіншілердің қозғалыстағы көлік құралынан немесе оның ішінде
қозғалыс троекториясының кенет өзгеруі немесе тежегішті басу нәтижесінде
құлап кету оқиғалары, т.б.
Мұндай заңды түрде бекітілген жол —көлік оқиғаларын топтастырудан
басқа криминалисттік ғылымда өзіндік көзқарастар бар. Мысалы, Ю.Д. Кисляков
мынадай топтастыруды ұсынады:
1. Жол бетінде ақаулар немесе кедергілер жоқ кезінде қозғалыстағы
көлік құралының жол бетінен сырғып кетуі немесе лақтарып жіберуі;
2. Көлік құралдарының соқтығысуы;
3. Көлік құралынан басқа кез-келген қозғалмалы затты басып кету;
4. Көлік құралының қозғалмайтын кедергіні немесе жол бетінің
ақауларын басып кетуі;

5 Басқа да оқиғалар13
Бұдан басқа М.Б. Мұқашев келесідей тәртіппен топтастырады:
1. Басып кету-қозғалыстағы көлік құралының кедергіні басып кетуі
немесе қозғалыстағы объектінің көлік құралына соғылуы.
2. Соқтығысу-екі немесе одан да көп қозғалыстағы көлік құралының
өзара соқтығысуы.
3. Лақтырып жіберу-қозғалыстағы көлік құралының лақтырылып жіберуі.
4. Басқа да оқиғалар14
Оның ойы бойынша Жол-көлік оқиғаларын тіркеу ережісіндегі жол- көлік
оқиғаларының түрлері тіркеудің жан-жақтылығын сипаттағанымен тергеу
міндеттерін шешуге көмектеспейді. Себебі, бұл топтастыру оқиғаның
механизміне емес, объектілер мен қатысушыларға байланысты бөлінген. Ал,
тергеуші үшін мысалы, жаяу жүргіншіні басып кетті ме, велосипедистті басып
кетті ме, оның ешқандай мәні жоқ. Ол үшін басып кету объектісі қозғалатын
объекті ме, қозғалмайтын объекті ме және ол жол үстінде жасалды ма, жолдан
тыс жасалды ма, осы сияқты мәселелер маңызды болады. Сондықтан, топтастыру
оқиғаның жасалу механизміне қарай құрылуы керек 15.
Бұлардан басқа жол-көлік оқиғалары құрамалы болуы мүмкін. Мысалы,
алдымен соқтығысып одан кейін жол шетіне лақтырылып жіберілуі немесе
лақтырылу нәтижесінде соқтығысу, т.б. Мұндай жағдайда белгілі бір
кезектілік пайда болады. Сондықтан, топтастырудың бір түріне
жатқызған кезде ең бастапқы жол-көлік оқиғасы негізге алынады. Жол-көлік
оқиғаларын топтастырудың да мәні осындай күрделі оқиғалар кезінде айқын
көрінеді.
Криминалистика ілімінде жол-көлік оқиғаларының криминалисттік маңызына
төмендегідей сипаттамалар жатқызылады:
- оқиғаның механизмі мен жасалу өдісі
- жол жағдайы және онымен анықталатын тергеу жағдайлары.
- оқиғаның нәтижесі мен одан түскен іздер.
- жол-көлік оқиғаларының себептері мен оған әсер
еткен
жағдайлар. Бұлар жол-көлік оқиғаларының криминалистік мағынасының
элементтері болып табылады. Байқағанымыздай, жол-көлік оқиғасының механизмі
бастапқы орынға қойылған. Оның басты себебі жоғарыда айтылғандай жол-көлік
оқиғасының механизмі оқиға болған жерді қарауда анықталуға жататын, істің
одан әрі жылжу тағдырын шешетін құбылыс ретінде танылады. Жол-көлік
оқиғасының механизмі дегеніміз жол-көлік оқиғасының пайда болуының
себептері мен жағдайларының және олардың пайда болуын анықтайтың
факторлардың өзара жиынтығы.[4]
Оның құрамына болған оқиғаның барлық процесі мен жол жүру
қатысушыларының әрекеттері кіреді16. Жол-көлік оқиғасының механизмінің
құрамдас элементтері А.П. Онучинмен былай анықталады:
1. жол-көлік оқиғасының бастапқы сатысы-қалыпты жағдай пайда болған
кездегі оқиға қатысушыларының өзара орналасуы және әрекеттері.
2. жол-көлік оқиғасының кульминациялық сатысы -контакт кезіндегі
оқиғаға қатысушылардың орналасу жағдайы.
3. Финалдық сатысы-көлік құралдарының қозғалысының толықтай тоқтауы
І7.
Мұндай позицияны В. А. Иларионов та қолдайды. Ол жол- көлік
оқиғасының механизмінің элементтерін атай отырып
сатыларының жүру ретш көрсетеді.
Осы сияқты жүйені В.К.Глистин мен Б.Е.Боровский де ұсынады19.
Ал, В.Н.Герасимов жол-көлік оқиғасының механизмін жеті сатыға бөліп,
оны үш кезеңге топтастырады. Оның айтуы бойынша бірінші кезеңге
апат алдындағы жағдай , екінші кезеңге - апаттық жағдайдың өзі, үшінші
кезеңге апат нәтижесін жеңілдетуге бағытталған шаралар.
Бірінші кезең сатылары:
1.Апаттық-ситуациялық саты-қатысушылардың апаттық қауіпті
сезіну сатысы.
2. Шешім қабылдау сатысы - нақты әрекеттерді құрайды. Бұл кезең
шешім қабылдап оны жүзеге асыруды қамтиды.
3. Шешімді жүзеге асыру нәтижесінің сатысы- шешімді жүзеге асыру
барысында қате шешімдерді түзету мүмкіндігі мен нәтижесінің пайда болуын
көрсетеді.
Екінші кезең сатылары.
1. Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың өзара әрекеттерінің
дамушы динамикасын көрсету сатысы.Мұнда "жүргізуші-автомобиль-
жол жағдайы " жүйесінің элементтерінің контактіге дейінгі жағдайы, ал
контактінің алдын - алу мүлдем жүзеге аспауы кезінде болатын саты.
2.Жол-көлік оқиғасы қатысушыларының механикалық контактіге түсуі
немесе бұл сатыны контактілік - апаттық деп атайды. Мұның нәтижесінде
қатысушыларды белгілі бір ақаулар пайда болады.
3. Жол - көлік оқиғасының бітуі, қатысушылардың статикалық
күйге келуімен сипатталады.
Үшінші кезенде апаттың нәтижесін жеңілдететін шаралар, мысалы,
жәбірленушіге көмек көрсету, оларды медициналық мекемеге жеткізу немесе
жүргізуші оқиға болған жерден кетіп қалса, оны іздеу шараларын жүргізу
керек.
Мұны апаттан кейінгі саты деп атауға болады. Осындай сипаттама бере
отырып, В.Н.Герасимов жол-көлік оқиғасының механизмін төмендегідей
түсіндіреді: " жол-көлік оқиғасының механизмі дегеніміз "жүргізуші-
автомобиль-жол жағдайы" жүйесінің элементтерінің өзара әсерлесуінің
психофизиологиялық реакциялары мен физикалық динамикалық құбылыстарының
кенеттен дамып кеткен, нәтижесі апатты құрайтын жиынтығы3. Жоғарыда
айтылғандай жол-көлік оқиғасының механизмі күрделі процестерді құрайды.
Оның ішіндегі маңыздыларының бірі В.Н. Герасимов атап көрсеткен
психофизиологиялық жағдай. Бұл криминалистік тұрғыдан тереңірек зерттеуді
талап ететін құбылыс. Сондықтан да қөптеген авторлар осы түсініктің
мағынасына үлкен мән береді. Жол-көлік оқиғасының мәнін құраушы тағы бір
элемент жол жағдайы болып табылады. Жол жағдайы зерттеу барысында
жол - көлік оқиғасының механизмін анықтауға көмектесуші фактор ретінде
сипатталады . Жол-көлік оқиғасы болған жердің жағдайы белгілі бір
кеңістікте және уақытта белгіленген аумақтағы жердің нақты сипаты. Ол
төмендегідей құрамдас элементтерден тұрады:
- Жол көлік оқиғасы болар алдындағы жағдай;
- Жол көлік оқиғасы болған жердің жағдайы;
- Жол көлік оқиғасынан кейшп жағдай;
В.Н.Герасимов "Жол көлік оқиғасы болған жердің жағдайы өзара
тәуелділікте болатын, бірақ тепе-теңдігі жоқ, нақты бір жерде, нақты бір
объектілердің қатысуымен, нақты уақытта жүзеге асатын құбылыстар,
процестердің күрделі жүйесі ретінде сипатталады" дей келе төмендегідей
жүйені ұсынады:
- Апатқа дейінгі жағдай;
- Жол жағдайы;
- Көлік құралдары мен олардың техникалық жағдайы;
- Оқиғаның даму барысындағы жағдай;
- Жол-көлік оқиғасының қатысушылары мен
оларды
міндеттемелері;
- Оқиғадан кейінгі жағдай;21
Апатқа дейінгі жағдайға жол-көлік оқиғасының болуының
себептері мен жағдайларының жүйесі, жол-көлік оқиғасының орны,
уақыты,т.б элементтер жатады. Апатқа дейінгі жағдай жол-көлік оқиғасының
болған жерінің жағдайымен байланысты, ол бастапқы зонада басталуы
мүмкін. Мысалы, автомобильдің зауыттан шыққан кезде белгілі бір
ақауларының болуы немесе мас адамға автомобильді жүргізуге рүқсат беруі ,
т.б. Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша оқиға болған жерді қарау кезінде емес,
басқа тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде анықталуы мүмкін.[5]

Жол-көлік оқиғасы болған жердің жағдайы жол-көлік оқиғасы болуы
жағдайларының жүйесімен сипатталады. Бұл жол жағдайының
орталық ақпараттық көзі, барлық жағдайлар бойынша мәліметтерді құрайды.
Барлық тергеу әрекеттері осы жол-көлік оқиғасы болған жердің жағдайын
анықтауға бағытталған. Оның құрамына мынадай элементтер кіреді:
Оқиға болған жердің орналасқан орны; 2.Ауа -райы жағдайы; З.Жол
жағдайы;
4, Оқиға болған жерге түскен іздер;
Б. М. Нұрғалиев жол - көлік оқиғасының болған жерінің жағдайын
анализдеу барысында үш бөлікке бөледі:
Бірінші бөлікке – нақты құрылыммен реттелген құбылыстар мен
объектілердің жиынтығы жатады. Бұлар оқиға болған жердің кеңістікте
орналасу орыны, жолдың орналасу ерекшіліктері, құрылыстар мен ғимараттардың
орналасу жағдайы, т. б. болып келеді, яғни оқиға болған кезден бастап
өзгеріске ұшырамайтын объектілер. Екінші бөлікті өзгермелі құрылымы бар
объектілер құрайды. Мысалы, ауа райының жағдайы, соның өзгермелілігі
әсерінен пайда болатын жолдың жағдайы, жарықтану жағдайы, т.б. Бұл оқиға
болған жерді қарауға дейін сақталмайтын құбылыстар болып табылады. Үшінші
бөлікке объектілердің өзара немесе қоршаған ортамен байланысы айқын түрде
көрінбейтін объектілер жатады.
Олар: соғылған автомобильдердің орналасқан орны мен жағдайы, мәйіттің
жолдағы орналасуы, көлік құралдарының қозғалысының іздері, әртүрлі жол
үстіндегі заттар, т. б. болып келеді. Бұлардың жол -
көлік оқиғасына қатыстылығы да анықталуы тиіс, себебі кейбір объектілер
өздігімен пайда болып, жол - көлік оқиғасына қатыссыз болуы мүмкін.
Жол - көлік оқиғасынан кейінгі жағдай - оқиға болған жерді қараудың
жалпы объектісі болып табылады. Бұл кезде көптеген объектілер мен
құбылыстар өзгеріске ұшырап кетеді. Басқа қылмысты жасыру мақсатымен
әдейі жасалған жол - көлік оқиғасынан кейінгі жағдай кезінде нақты
болған оқиға туралы мәліметті толық алу мүлдем мүмкін емес. Сондықтан,
оқиға болған жерді қарау ең басты мәселесі ретінде оқиғаның механизмін
анықтауға бағытталады. Кримининалистика ілімінде жол - көлік оқиғасының
болу себептері мен жағдайларын объективті және субъективті деп екіге
бөледі. Объективті себептерге көлік құралында жүргізушіге белгісіз ақаудың
болуы, стихиялық апаттар мен жол бетінің жаман жағдайы жатады.
Субъективті себептер жүргізушінің немесе жаяу жүргіншінің кінәсімен,
дұрыс емес әрекеттерімен сипатталады. Жол-көлік оқиғасының элементтері
толық дәрежеде жол-көлік оқиғасының мәнін ашуға көмек береді. [6]
Қазіргі кезде элементердің қатарына іздер, олардың түсу механизмі мен
алыну тәсілдері кіреді. Дегенмен, іздердің оқиға болған жерді қарау кезінде
анықталып, табылып, тіркелетінін ескере отырып, іздерге сипаттама алдағы
уақытта беріледі, себебі іздер әрбір жол - көлік оқиғасы кезінде әртүрлі
маңызға ие болады.

[7]
2 Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау, оның түсінігі
және әдістері

Жол-көлік өқиғасы болған жерді қарау өзіндік ерекшеліктері бар
криминалистикада оқиға болған жерді қарау тактикасының бір түрі болып
табылады. Өз сипаты бойынша жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау
криминалистика іліміндегі қарау тергеу әрекетінің заңдылықтарына сүйенеді.
Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау кезінде оқиға болған жер
жағдайына бағалау жүргізіледі. А.П.Онучиннің пікірі бойынша "жол-көлік
оқиғасы болған жерді қарау жол оқиғасы болған жердің материалдық жағдайын,
көлік құралдарын, әртүрлі іздер мен басқа да объектілерді тергеушінің
зерттеуімен сипатталады және ол автокөліктік қылмыстарды ашуға, оны
тергеуге мәні бар мән-жайларды, оқиға механизмін және жол оқиғасының
жағдайын анықтауға қатысты фактілік деректерді айқындау үшін , тіркеу үшін
зерттеудің әдістері мен тәсілдерінің ғылыми негізделген жүйесінің көмегімен
жүзеге асады"23 яғни жол-көлік оқиғасы болған жердің жағдайын анықтау басты
рольдердің бірінде болады. Бұл туралы Б.Л.Зотов "жол-көлік оқиғасын заңды
түрде саралаудың дұрыстығы мына мән-жайлардың толық және дәл анықталуына
байланысты: а)жол жағдайы мен оқиға алдындағы автомашиналардың орналасуы;
б) автомашиналардың жайы мен жәбірленушілердің оқиға алдындағы орналасуы;
в) қозғалыс біткеннен кейінгі машиналардың орналасуы"24, дейді.
Байқағанымыздай көптеген авторлар оқиға болған жерді қарау кезінде
тергеушінің тек іздер мен басқа да объектілерді тауып қоймай, танымдық
қызметті жүзеге асыра отырып, оқиғаның жағдайын анықтауын қолдайды. Яғни,
бұл жерге қарау тергеу әрекеттінің заңда белгіленген шегін ұлғайтуға ұсыныс
білдіріледі. Оқиға болған жерді қарау кезінде тергеуші зерттеліп жатқан жол
жағдайының мәнін жете түсіну үшін танымдық ойлау әдісі арқылы оның
мағынасына, мазмұнына саралау жүргізеді. Мұнда танымдық ойлау белгілі бір
бағытта, мақсатталған нысанда дамиды. Нәтижесінде тергеушіде жол оқиғасына
байланысты ой, пікір, көзқарас қалыптасады. Бұл танымдық процестің бастапқы
өнімі. Криминалистикада танымдық процесс қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу
процесімен сәйкес келеді. Тергеушінің оқиға болған жерді қарау кезіндегі
танымдық қызметі қылмыстық процессуалдық заңмен бекітілген шектер мен
талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады. Оқиға болған жерді қарау
кезіндегі танымдық қызметті белгілі бір криминалистік ақпаратты анықтап
алып, оны логикалық зерттейтін абстрактылы әрекет ретінде емес , нақты
болмысты оның ішіне бойлай отырып зерттейтін күрделі қайшылықты процесс
ретінде қарастыру керек. Сондай жағдайда ғана тиімді шешім қабылдауға
болады. Авторлардың ішінде А.П.Онучин оқиға болған жерді қарау кезіндегі
танымдық әрекетке көп көңіл бөлген. Ол жол - көлік оқиғасы болған жер
жағдайын тану процесіндегі криминалистік қызметі үш сатыға бөледі:
1) Эмпирикалық тану сатысы;
2) Аналитикалық-құрылымдық саты;
3) Процессуалдық-куәләндыру сатысы;25
Эмпирикалық тану сатысында тергеуші қарау кезінде жекелеген заттар мен
объектілерді іздерді зерттейді. Ол табылған материалдық заттарды түсінуге
тырысады. Одан кейін барып табылған объектілердің мәндері мен мәнсіздерін
бөліп,мәні бар объектілерді тереңірек зерттеу үшін жекелейді.
Эмпирикалық тану нақты объектіні зерттеумен аяқталады, бұл жерде
тергеуші өзінің біліміне, танымына сүйене отырып объектінің бұрын айқын
болмаған, түсініксіз, көрінбеген белгілерін анықтайды. Дегенмен объектіні,
жете тану үшін эмпирикалық тану аздық етеді. Сондықтан, тергеуші танымдық
процестің жаңа сатысы аналитикалық-құрылымдық сатыға өтеді.
Мұнда тергеуші өз қызметін объектінің сыртқы белгілеріне емес, нақты
объектінің өзіне негіздейді. Себебі, эмпирикалық таным кезінде зерттеу
объектісі - белгілі бір заттардың, заттай дәлелдемелердің, іздердің сыртқы
белгілері болса, құрылымдық-аналитикалық сатыда нақты объектінің өзі
болады. Аналитикалық-құрылымдық сатының нәтижесінде зерттелген объектілер
жүйелерге біріктіріледі, зерттеу дедукция әдісі арқылы жүргізіледі.
Тергеушінің танымдық қызметінің үшінші сатысы процессуалдық-куәләндыру
сатысы болып табылады. Бұл өз сипаты бойынша дәлелдемелерді қылмыстық-
процессуалдық санатқа жатқызумен айқындалады. Дәлелдеме ретінде тану үшін
табылған және зерттелген объектілер оқиға болған жерді қарау хаттамасына
процессуалдық нысанды сақтай отырып енгізілуі керек. Себебі, дәлелдемелер
тек тергеушімен ғана зерттеліп қоймай басқа да іске қатысушылармен
зерттеледі.
Сондықтандәлелдемелерді тіркеу ұғынықты және заңға сәйкес болуға тиіс.
Тергеушінің күрделі танымдық қызметі, жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау
мазмұнын айқындай отырып, танымның кезекті ауыспалы сатылары мен оқиға
болған жерді криминалистік зерттеудің кезеңдерімен сипатталады26.
Жол-көлік оқиғасы болған жерді қараудың өзіне тән қағидалары болады.
Олар жол-көлік оқиғасы болған жерді қараудың негізгі мәнін түсіндіреді. Жол-
көлік оқиғасы болған жерді қарау криминалистикада қарау тергеу әрекетінің
заңдылықтарына негізделінетінін ескерсек, қараудың төмендегідей қағидаларын
атауға болады:
оқиға болған жерді қараудың уақытылы жүргізілуі-жол-көлік оқиғасы
туралы хабарлама түскен кезден бастап тез арада оқиға болған жерді қарауды
ұйымдастыруды білдіреді. [8]
Жол-көлік оқиғасының жоғары динамикалық қасиетін ескерсек бұл
қағиданың сақталуы ауадай қажет.
Себебі, оқиға болған жерде өзгермелі объектілер өзгеріске ұшырауы
іздердің жоғалуы мүмкін немесе интенсивті көлік құралдарының қозғалысын
қамтамасыз ету үшін іздер еріксіз жойылуы мүмкін. Сондықтан, оқиға болған
жерді қараудың уақытылы жүргізілуінен істің одан арғы тағдыры туралы мәселе
іпешіледі.
Оқиға болған жерді қараудың объективтілігі —нақты оқиға болған жер
қандай болса, қарау кезінде дәлелдемелерді табу және тіркеу дәл сондай
сипатта болуға тиіс. Оқиға болған жерді қарау кезінде тергеуші тарапынан
субьективті көзқарас міндетті түрде болады. Егер дәлелдемелер дұрыс
тіркелетін болса, субьективті көзқарас объективті шындықтан туындайтын
фактор ретінде сипатталып, объективтілік ұғымымен айқындалады. Бұдан басқа
оқиға болған жерді қарау кезінде тергеушінің болжамдары, оқиға
механизмдері, іздердің түсу себептері тіркелуге жатпайды. Себебі, бұл
белгілі бір болжамдарға басымдық беруі мүмкін. Ал тергеуші барлық
болжамдарды тексеруге міндетті болғандықтан, оқиға болған жерді қарау
объективті түрде жүргізілуі тиіс. Оқиға болған жерді қараудың толықтығы -
іс бойынша қатысы болуы мүмкін барлық табылған объектілер мен іздердің
толығымен тіркелуін қамтамасыз етуді білдіреді. Бұл қағида бойынша
тергеушінің білім дәрежесі сынаққа түседі. Себебі, тергеуші белгілі бір
объектілер мен іздердің іске қатыстылығын, іздердің түсу механизмін
анықтауға тиіс, сондықтан қараудың толықтығы тергеушінің тұлғалық
сипаттамасына тікелей тәуелді болады.
Оқиға болған жерді қарауды біртұтас басшылықпен ұйымдастыру - бұл
оқиға болған жерді қарау қатысушылардың санына қарамастан
тергеушінің басшылығымен жүзеге асатындығын білдіреді. Оның
нұсқаулары басқа қатысушылар үшін міндетті және дереу арада орындалуы тиіс.

Оқиға болған жерді қараудың белсенділігі - тергеушінің оқиға болған
жерді қарауды өзінің қызметтік жағдайына байланысты және іздерді табу үшін
белсенді түрде қимылдап, шығармашылық бастамашылық көрсететіндігін
білдіреді.
Оқиға болған жерді қараудың методикалылығы және
кезектілігі-оқиға болған жерді қарауды дұрыс ұйымдастыруды және оны кезекті
түрде жүргізуді білдіреді. Методикалылық бұл жерде қараудың тиімді
әдістерін қолдануды, ал кезектілік қараудың нақты анықталған тәртіпті
сақтай отырып жүргізілетіндігін айқындайды. Бұл қағидалар бір бірімен тығыз
байланыста және өзара жүйелік құрайды. Қағидалардың жиынтығы оқиға болған
жерді қараудың тактикалық негізін түсіндіреді.27
Жол - көлік оқиғасы болған жерді қараудың жалпы объектісі жол -
көлік оқиғасы болған жердің жағдайы, яғни жоғарыда көрсетілгендей
апаттан кейінгі жол жағдайы болып табылады. [9]
Осы объектісіне қарай криминалистика ілімінде кейбір авторлар жол-
көлік оқиғасы болған жерді қарауды екі түрге бөледі:
а) жалпы қарау;
b) деталды қарау;28 Жалпы қараудың объектісі - жол - көлік оқиғасы
болған жердің жағдайы болады. Мұнда оқиға болған жердің аумағы, қараудың
кезектілігі, жолдың жалпы жағдай анықталады. Детальды қараудың объектісі
жол - көлік оқиғасындағы негізгі жекелеген объектілер болуы мүмкін. Оларға
көлік құралдары, адам мәйіті, жол бетіндегі іздер жатады. Осындай бағыттағы
пікірді В. К. Глистин мен Б. Е. Боровский де қолдайды.
Оның нәтижесінде
1. оқиға болған жердің ортасы;
2. қандай іздер мен заттардың оған қатысы бар;
3. қараудың шекарасы; анықталады.29 Одан кейін барып детальды қарау
жүргізіледі. Ал, кейбір авторлар оқиға болған жерді қарауды үш түрге,
кезеңге бөледі. Мысалы, А. Я. Гинзбург пен А. Р. Белкин оқиға болған жерді
қараудың мынандай үш кезеңін атайды:
1. Дайындық кезең;
2. Жұмыс (операциялық) кезеңі;
3. қорытынды кезең; 30
Дайындық кезеңі тергеуші оқиға болған жерді қарау туралы шешім
қабылдаған кезден басталады. Тергеуші шешім қабылдағаннан кейін оқиға
болған жерді ешкімге тигізбей сақтауды, оқиғаның теріс нәтижесін жоюды,
интенсивті көлік қозғалысына кедергі келтірген жағдайда жол қозғалысын
реттеуді, тиісті тұлғалардың тергеу әрекетіне қатысуын, техникалық
құралдардың дайындығын қамтамасыз етуге тиіс. Жұмыс кезеңі екі бөліктен
тұрады:
1. жалпы қарау;
2. деталды қарау;
Жалпы қарау кезінде тергеуші ең алдымен көзбен шола отырып, қарауға
жататын кеңістіктің шекарасын анықтайды. Содан кейін қараудың кезектілігін,
әдісін белгілейді. Жалпы қарау біткен соң, детальды түрде қарау басталады.
Детальды қарау кезінде объектілер жекелей зерттеледі, өз бойында оқиға
іздері бар объектілер алынып, басқа объектілердің бойында іздердің бар -
жоқтығы жан - жақты тексеріледі. Жұмыс кезеңі аяқталғаннан кейін тергеуші
қорытынды кезеңге ауысады. Мұнда оқиға болған жерді қарау хаттамасы
толтырылып, тиісті сызбалар мен жоспарлар сызылады, оқиға болған жерден
алынған объектілер қатталып, мөрленеді және фотосуретке түсіріліп, қажетті
жағдайда дактилоскопиялау жүргізіледі.31 Дәл, осындай позицияны Е. М.
Лившиц пен Р. С. Белкин де ұсынады.32

[10]
Басқаша көзқарасты А. П. Онучин білдіреді. Оның айтуы бойынша жол -
көлік оқиғасы болған жерді қарау үш бөліктен тұрады:
1. дайындық кезеңі;
2. зерттеу кезеңі;
3. қорытынды кезеңі;33
Бұл жерде ерекше сипаты зерттеу кезеңінде белгіленген. Ол бойынша зерттеу
кезеңі үш бөліктен тұрады:
1. жол — көлік оқиғасын жалпы қарау;
2. жол — көлік оқиғасын детальды қарау;
3. жол — көлік оқиғасының жағдайын аналитикалық зерттеу;
Жол - көлік оқиғасының жағдайын аналитикалық зерттеу жалпы және
детальды қарау барсында анықталған мән - жайларды эмпирикалық таным арқылы
зерттеуді, тануды білдіреді. Бұл кезеңге байланысты пайда болған ойлар,
болжамдар дәлелдеме ретінде тіркелмейді, тек тергеушінің істі одан ары
жүргізуі үшін белгілі бір танымдық бағыттарды тандауына көмектеседі.
Жол -көлік оқиғасының жағдайын аналитикалық зерттеу арқылы дәл жол-
көлік оқиғасының жағдайын анықтауға болады. Жоғарыда байқағанымыздай
бұрынғы авторлар жалпы және детальды қарауға тоқтала отырып, оның дайындық
кезеңі мен қорытынды кезеңін оқиға болған жерді қараудың кезеңдері ретінде
қарастырымаған. Дегенмен, криминалист ғалымдар оқиға болған жерді қараудың
дайындық, операциялық, қорытынды кезеңцерге жіктеп, оны біртұтас жүйелі
құрылым ретінде зерттейді. Бұдан басқа криминалистика ілімінде детальды
қарауды статикалық және динамикалық деп екіге бөлу қалыптасқан. Статикалық
қарау кезінде объектілердің орналасу жағдайына өзгеріс енгізілместен
қоршаған ортамен байланыстыра отырып, жалпы белгілері бойынша зерттеледі.
Ал динамикалық зерттеу барысында объектілер жеке белгілері мен
қасиеттері бойынша (көлемі, салмағы, ерекше белгілері, түрі, түсі, т. б.)
зерттеледі және зерттеу барысында қозғалысқа ұшырайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 222-
бабында оқиға болған жерді қараудың үш нысаны белгіленген;
1. оқиға болған жерді бастапқы қарау;
2. оқиға болған жерді қосымша қарау;
3. оқиға болған жерді қайта қарау;34
Оқиға болған жерді бастапқы қарау - тергеушімен ең алғаш жүргізілетін
қарау. Оқиға болған жер әлі ешқандай тұлғамен зерттелмеген, толығымен
тергеуші бірінші болып зерттейді. Оқиға болған жерді қосымша қарау —
белгілі бір себептермен объектінің бөліктері зерттелмеген жағдайда
өткізілуі мүмкін. Қосымша қарау кезінде оқиға болған жер толығымен емес,
оның белгілі бір бөліктері ғана зерттеледі.
Оқиға болған жерді қайта қарау мына жағдайларда өткізіледі:
• объектіні зерттеуге бастапқы қараудың деректері
жеткіліксіз болса;
• бастапқы қараудан кейін жаңа деректер алынған болса;
• бастапқы қарау сапасыз жүргізілген болса,
Қайта қарау оқиға болған жердің кейбір бөліктерінде жүргізіледі, ал
қосымша қараудан айырмашылығы бұрын зерттеліп қойған объектілерге қатысты
жүзеге асады. Мысалы, қосымша қарау бұрын зерттелмеген объектілерді
қарастырады, ал қайта қарау бұрын зерттелген, бірақ белгілі бір себептермен
деректері толық болмай қалған объектілерге қатысты жүргізіледі.
Криминалистикада оқиға болған жерді қараудың үш түрлі әдісі
бекітілген. Олар:
1. Концентрлік әдіс - қараушының қозғалысы спиралды айналыс бойынша
айналымының шетінен ортаға қарай жүргізеді.
2. Эксцентрлік әдіс — оқиға болған жерді қараудың ортасынан
айналымның шетіне қарай "тарқатылған спираль" бағытында жылжиды;
3. Фронтальды әдіс - көлемі бойынша үлкен кеңістікті қарауда
қолданылады. Бұл әдіс аланды бірнеше аумаққа бөле отырып жүргізіледі.
Бұдан басқа субъективті және объективті әдістер туралы айтылады.
Субективті әдіс - қоршаған ортаның ерекшіліктерін ескерместен, тек
қылмыскердің ізімен жүре отырып, оқиға болған жерді зерттеу. Бұл әдіс
негізінде оқиға болған жер толығымен емес, жекелей бөліктері бойынша
зерттеледі. Объективті әдіс — оқиға болған жердің барлық элементтерін,
қылмыскердің қозғалысына тәуелсіз түрде жалпылай зерттеу болып табылады.
Криминалистикада объективті әдіс өте жиі қолданылады, себебі осы әдіс оқиға
болған жерді қараудың толықтығын, жан — жақтылығын қамтамасыз етеді. Жол -
көлік оқиғасы болған жерді қарау кезінде осы объективті әдіс басшылыққа
алынады, ал қарау көбінесе эксцентрлік немесе фронталды қарау негізінде
жүргізіледі. Жол — көлік оқиғасы болған жерді қараудың әдістеріне
байланысты авторлар әртүрлі пікірлер ұсынады. Оның бетінде адам мәйіті
болған жағдайда қарауды концентрлік әдіспен жүргізуге, қарауды оқиға
басталатын нүктеден бастау немесе оқиғаның біткен нүктесінен бастауға
байланысты пікірлер кездеседі. Бұл пікірлер алдағы тақырыптарда
зерттеуіміздің өзегі болады.
[11]

3. Жол-көлік оқиғасы болған жерді қараудың методикасы.

Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау методикасы қазіргі кезде жан-
жақты зерттелген және әртүрлі ғылыми негізделген ұсыныстар мен үн
қосулармен қамтамасыз етілген тергеу әрекеті болып табылады. Жоғарыда
айтылғандай ол дайындық кезеңі, операциялық немесе зерттеу кезеңі және
қорытынды кезеңі деген үш бөлікке бөлінеді. А. П. Онучин дайындық кезеңіне
тергеушінің жол-көлік оқиғасы болған жерге келгеннен кейінгі дайындық
әрекеттерін жатқызады да ,оқиға болған жерге шықпай тұрып дайындалуын
тергеушінің жұмысын ғылыми ұйымдастыру деп атайды.35 Бұл пікірді Б.Л .Зотов
та қолдай отырып, тергеушінің оқиға болған жерге шықпай тұрып дайындалуын
тергеушінің қызметтік міндетіне жатқызып, оны "оқиға болған жерді қарауды
жүргізуге тұрақты түрде дайын болу" деп белгілейді және "оны қамтамасыз ету
үшін:
1) екі жақты радио байланыспен қамтамасыз етілген, арнайы жабдықталған
автомобильдердің болуы;
2) арнайы мамандарды тез арада оқиға болған жерге жеткізу
мүмкіндігінің болуы;
3) оқиға болған жерді қарауды жүргізуге көмектесе алатын тұлғалардың
болуы; шарт" дейді.36 Ал, В.К. Глистин және Б.Е.Боровский тергеушінің оқиға
болған жерге шықпай тұрып алғашқы дайындық жұмыстарын жүргізуін оқиға
болған жерді қараудың дайындық кезеңіне жатқызады. Олардың айтуы бойынша
"оқиға туралы хабарлама түскен кезден бастап, оқиға болған жердің
күзетілуін ұйымдастыру қажет. Хабарламаға қарай отырып, оқиға болған жерді
қарауға қатысушыларды айқындап, техникалық құралмен қамтамасыз етілуін
тексергеннен кейін ғана тергеуші оқиға болған жерге шығады."37 Негізінен
криминалистикада бастапқы пікірді көптеген ғалымдар қолдайды. Себебі,
тергеуші өзінің қызметтік міндеттеріне сай оқиға болған жерді қарауға
тұрақты түрде дайын болуға тиіс. Ал, оқиға болған жерді қарауға қатысушылар
тергеушінің еркіне, оқиғаның сипатына қарай таңдап алынылады. Қазіргі
Қазақстанда қалыптасқан практикаға сай жол-көлік оқиғасы болған жерді
қарауды жүргізу басқа тергеу әрекеттері сияқты Жол полициясының
анықтау бөліміне жүктелген. Яғни, бастапқы тергеу әрекеті ретінде
оқиға болған жерді қарауды жол полициясының анықтаушысы жүргізеді . Егер
қылмыстық әрекет анықталса және онда кісі өлімі немесе оның денесіне
жарақат келтіру орын алса ғана іс тергеушіге беріледі. М.Б.Мұқашев" жол-
көлік оқиғасы болған жерді қарауға тергеушіден басқа жол полициясының
қызметкерлері кіреді, олар оқиға болған жерді күзету, жол қозғалысын
ұйымдастыру, қажет жағдайларда тергеушінің нұсқауын орындау сияқты
міндеттерді атқарады. [12]
Оқиға болған жерді қарауға міндетті түрде үш түрлі сарапшы қатысуы
керек: - автотехник, криминалист және медицина сарапшысы" дейді.38
Мұндай жағдайдағы тергеушінің рөлі оқиға болған жерді қарауды
ұйымдастыру және оның қатысушыларын басқару кезінде көрініс табады.
Жоғарыда аталған сарапшылар тобының қатысуы жол-көлік оқиғасы болған
жерді сапалы және толық қарауға оң әсер береді. Тергеушінің оларды
басқаруды және нұсқау беруді жүзеге асыру үшін қолданылатын арнайы білімнен
хабары болуы тиіс. Сондай жағдайда ғана қарауды тез және жүйелі түрде
жүргізуге мүмкіндік туады. Сарапшылардың оқиға болған жерде белгілі бір
объектілер бойынша берген түсіндірмелері процессуалдық тәртіппен оқиға
болған жерді қарау хаттамасына енгізіліп, одан арғы кезеңде дәлелдеме
ретінде пайдаланылады. Оқиға болған жерге келіп жеткеннен кейін дайындық
жұмыстары жүргізіледі. Ең алдымен оқиға болған жерге ешкімнің
тиіспеушілігін қамтамасыз етіп, бастапқы кезде мүмкін болатын шекарасын
анықтап алу керек. Бұдан басқа оқиға болған жердегі жол полициясының
қызметкерлері арнайы жол белгілерін қойып, оқиға болған жерді қарауды
қауіпсіздендіруді жүзеге асырады, олар жол қозғалысын тәртіпке келтіру
шараларын жүргізеді. Кейде қауіпсіздік шаралары қабылданбаған жағдайда
оқиға болған жер жол үсті болғандықтан оқиға болған жерді қараушыларға
қауіп төнуі мүмкін. Әсіресе, қалалық жерлерде интенсивті қозғалыс кезінде
қауіпсіздік шаралары міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс. Егер оқиға болған
жерде жәбірленушілер болса, оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп,
медициналық мекемелерге жеткізу шаралары қамтамасыз етілуі тиіс. Б.Л.Зотов
жүргізушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету курстарын үйрету керек деп
есептейді39. Себебі, көптеген жағдайда жүргізушілер оқиға болған жерде
жәбірленушілерге алғашқы медициналық көмек көрсете алмайды, немесе
дұрыс нысанда көмек бере алмайды. Бұл олардың жәбірленушілерге жәрдем беру
заңды міндеті болса да іске аспай тұрған мәселе.40 Жәбірленушілерге көмек
көрсету барысында олардың жату жағдайын, тағы да басқа бұзылуы мүмкін
объектілердің орнының бормен немесе басқа да құралдармен алдын ала белгілеп
алуды ұмытпау керек. Бұдан басқа дайындық жұмыстарына оқиға болған жерден
бой тасалап кетіп қалған жүргізуші мен көлік құралын іздестіру үшін қажетті
ақпаратты мейлінше тез арада алып, жедел іздестіру органдарының
қызметкерлеріне табыстау да кіреді. Одан кейін тергеуші тергеу әрекетіне
қатысушыларға олардың орындарын көрсетіп, құқықтары мен міндеттерін
түсіндіреді. Тергеуші дайындық әрекеті ретінде іздер көрініп тұрған
жерлердің бәрін аралап көруі тиіс. Бұл оның жол-көлік оқиғасының шекарасын
анықтауына көмектеседі. В.К.Глистин мен Б.Е. Борвский жоғарыда аталған
тәртіпті қолдай отырып дайындық әрекеттерін төмендегідей тәртіппен
жүргізуді ұсынады:[13]
1) жәбірленушілер оқиға болған жерде болса оларға көмек көрсету;
оларды емдеу мекемесіне жіберер алдында жеке басын анықтап,
тұрғылықты жерін білу керек.
2) оқиғаны көрген адамдардан түсінік ала отырып оқиғаның қалай
болғандығын, одан бері оқиғаның болған жердегі жағдайына қандай
өзгерістер енгендігін анықтау;
3) жол оқиғасына қатысушы жүргізушілердің құжаттарын алып,
қажетті жағдайда медициналық куәләндыруға тез арада жіберу;
4) егер машина жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалап кеткен
болса, жекелеген белгілерін анықтап, оны ұстау, іздестіру шараларын
ұйымдастыру41.
Б.М. Нұрғалиев жол-көлік оқиғасы болған жерді қарауға дейін мынадай
ұйымдастырушылық, дайындық әрекеттері жүзеге асырылуы тиіс деп, мынадай
әрекеттерді атайды:
- қажетті құралдармен қамтамасыз етілген жедел іздестіру — тергеу
тобының оқиға болған жерге жетуін ұйымдастыру.
- сарапшылық ұйымдардың және көлік құралы жол-көлік оқиғасына
қатысқан көліктік ұйымдардың өкілдеріне хабарлама беру;
- куәгерлерді айқындау ;
- емдеу мекемелеріне хабарлау;
- оқиға болған жердің күзетілуін қамтамасыз ету және оқиға болған
жол учаскесіндегі жол қозғалысын реттеуді ұйымдастыру ;
- медициналық жөрдем қажет жәбірленушілерге көмек көрсету;42
Жоғарыдан байқағанымыздай, дайындық жұмыстарының мәні оқиға болған
жерді қараудың толықтығына оң әсерін беретін арнайы жабдықтармен қамтамасыз
ету және дайындық, ұйымдастырушылық әрекеттерін жасау болып табылады. Яғни,
дайындық жұмыстары оқиға болған жерді қараудың
толықтығына,сапасына тікелей әсер етеді.
Оқиға болған жерді қарауды жүргізуге байланысты жол-көлік оқиғаларына
қатысты әртүрлі пікірлер бар. Кейбір авторлар оқиға болған жерде адам
мәйіті болса ол қараудың орталығы , сондықтан оқиға болған жерді қарау
мәйіттен басталуы керек" деп есептейді.43 Бұл пікірді В.К.Глистин мен
Б.Е.Борвский де қолдайды. Олардың айтуы бойынша " егер тез жоғалатын
,тұрақсыз іздер жойылып кетеді деген қауіп болмаса , оқиға болған жерді
қарауды адам мәйітінен бастау керек."44 Басқаша пікірді А..П.Онучин
ұсынады. Ол "қараудың барысында ең алдымен оқиғаның басталу шекарасын,
оқиғаның пайда болуына әсер еткен теріс факторлардың туындаған жерін,
оқиғаның біту шекарасын анықтау қажеттігін айтады. Бұдан басқа оқиғаның
орталық нүктесі (кедергімен контактіге түскен нүкте) және соқтығысу кезінде
екінші көлік құралының оқиға алдындағы орналасу жағдайы бойынша қосымша
басталу шекарасы айқындалады. Осы нүктелерден бастап, қозғалыс үшін оқиға
болған жер жабылады. Оқиға болған жерді қарауды[14] біту нүктесінен бастап,
орталық нүктесіне қарай , одан ары басталу нүктесіне дейін жүргізу қажет,
сонда оқиғамен байланысты іздерді кездейсоқ іздерден ажыратып , тежеу
жолының біту нүктесін тауып, басталу нүктесін анықтау оңайға түседі"45
М.Б.Мұқашев та бұл пікірді қолдай отырып біршама жетілдірілген қарау
төсілдерін ұсынады.Оның айтуы бойынша" ең алдымен көру жағдайын , қауіпті
сезіну мүмкіндігі туындайтын нүктені анықтау керек. Қауіпті сезінуі мүмкін
нүкте дегеніміз жүргізушінің қауіпті көруі , байқауы мүмкін кеңістіктегі
орын. Ал, қауіп нақты түрде көрінген жер - қауіпті сезіну нүктесі деп
аталады. Оқиға болған жерді қауіпті сезінуі мүмкін нүктеден біту нүктесіне
дейін немесе біту нүктесінен басталу нүктесіне дейін жүргізу тиімді.
Біріңші тәсіл оқиғаға қатысушы көлік құралының шайқалу ізі жол бетіне
түскен кезде пайдаланылуы тиіс. Оның барысында ізді бойлай жүріп,
жүргізушінің әрекетін саралай алады және ол әрекеттер қандай жағдайда пайда
болғандығын анықтайды. Екінші тәсіл көптеген іздер бар жолда тиімді болып
табылады. Оны қоддану жол - көлік оқиғасына қатысы жоқ көлік құралының
іздерін ажыратып, алып тастауға көмектеседі. Оқиғаға қатысушы көлік
құралының ізін екінші тәсіл арқылы анықтап алғаннан кейін бірінші тәсілді
қолдануға да болады.46 Негізінен, М. Б. Мұқашевтің ұсынған тәсілі
тиімді болып табылады, себебі жол - көлік оқиғасында басты назар тұрақсыз,
тез жойлатын объектілерге аударылады, сол себепті де жол - көлік оқиғасы
болған жерді қарауды адам мәйітінен бастау тиімсіз және оны қарау кезінде
басқа іздер жойылып кетуі мүмкін. Адам мәйітін қарай отырып, оқиғаның
жағдайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басып кету - қозғалыстағы көлік құралының кедергіні басып кетуі немесе қозғалыстағы объектінің көлік құралына соғылуы
Жол-көлік оқиғалары
Жол - көлік оқиғаларының болған жерін қарау
Оқиға болған жерді тексеру
Қазақстандағы қылмыстар
Соттық автотехникалық сараптама
Көлік құралымен орын алған оқиға болған жерді қарау
Көлік қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
Криминалистика пәнінен дәрістер
Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы. Анықтауға жататын жағдайлар
Пәндер