Тамыр: тамырдың бірінші реттік құрылысы. Тамырлықжүйе


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚММУ Ф 4/3-05/03

2007 ж. 14 маусымдағы №6 НХ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Молекулярлық биологияжәне медициналық генетика кафедрасы

0300210

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырып 5. Тамыр: тамырдың бірінші реттік құрылысы. Тамырлық жүйе.

Мамандығы: 5В011300 «Биология»

Пән: Ботаника

Курс: 1

Құрастырушылар:

Дюсенбекова Б. Н.

Қалиева Г. Т.

ҚАРАҒАНДЫ 2014

Кафедра отырысында талқыланып және бекітілді.

Хаттама № __«__» 2014

Кафедра меңгерушісі Б. Ж. Құлтанов

Тақырып 5. Тамыр: тамырдың бірінші реттік құрылысы. Тамырлық жүйе.

Мақсаты: тамырдың морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін, тамыр жүйесінің түрлерін оқыту.

Оқыту мақсаты:

1. Тамыр жүйесінің түрлерін және қызметтерін анықтау.

2. Тамырдың өсу аймағын анықтау.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тамыр жүйесіне жалпы сипаттама.

2. Негізгі және шашақ тамыр жүйесінің құрылысы және ерекшеліктері.

3. Тамырдың өсу аймағы.

4. Тамыр шашақтарының құрылысы және қызметтері.

5. Тамыр ішкі құрылысы.

Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыптық семинар: сабақ тақырыбын талқылау және өңдеу, тесттілеу, жүйелік семинар: оқытылатын тақырып бойынша мәселелерді талқылау және терең танысу, оқу сұхбаттасу: берілген тақырыптың сұрақтары бойынша білімін бекітіп және жақсарту үшін арналған сұрақтар.

Әдебиет:

Негізгі:

1. Ә. Ә. Әметов Ботаника. / Жоғары медицина және колледждеріне арналған оқулық/ Алматы: Дәуір, 2005-512 б.

Қосымша:

1. Уғлиханова Г. Ж. Өсімдік биотехнологиясы: оқулық - 2-ші толықт. Бас. - Алматы: Дғуір, 2009. - 336 с. Ботаника:Учебник для вузов (по спец. 0405 Фармация) . 2-е изд., испр. - СПб. :СпецЛит, СПХФА, 2003. -647с.

2. ЯковлевГ. П., ЧеломбитькоВ. А. ; Под ред. КамелинаР. В. . Ботаника:Учебник для вузов (по спец. 0405 Фармация) . 2-е изд., испр. - СПб. :СпецЛит, СПХФА, 2003. -647с.

3. КислицкаяВ. Н. : Высшие растения: Учеб. - метод. пос/КГМА. -Караганда, 2007. - 56 с.

4. ЗакревскийВ. В. :Генетически модифицированные источники пищи растительного происхождения: прак. Руков. По санитарно-эпид. Надзору: учеб. пособие. - СПб: Диалект, 2006. - 152 с.

5. ЗакревскийВ. В. :Развитие фитохимии и перспективы создания новых лекарственных препаратов. - Алматы: Ғылым. - 2004

6. КузнецовВ. В., КузнецовВ. В., РомановГ. А. : Молекулярно-генетические и биохимические методы в современной биологии растений. - БИНОМ. Лаборатория знаний, 2012. - 487 с.

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақтар және бүршіктер орналасқан сабағы өркен деп аталады. Өркен сабақтан және онда орналасқан жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе меристемасы бір мезгілде пайда болады, тұтас бір мүше өркенді түзеді. Бүршік - жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады.

Оның атқаратын қызметі - фотосинтез (жапырақтар арқылы) . Өркеннің тамырдан басты айырмасы - жапырақтың болуы.

Бүршік (gemma) - жоғары сатыдағы бастамасы. Барлық гүлдіөсімдіктерде өркеннің түріне қарай Бүршіктің вегетативтік және генеративтік түрлері бар. Вегетативтік (өсімді) Бүршік тек ұзарған өркенде орналасады, одан сабақ пен жапырақ өсіп шығады. Генеративтік (көбеймелік) Бүршік, (басқаша айтқанда гүл Бүршік), сәл ірілеу және тек қысқарған өркенде ғана орналасады, оны ұзынынан қақ жарып қарағанда бастама сабақтың жан-жағына бекіген гүлшанақтары (ашылмаған гүлдер) көрінеді. Олар гүлдеп, жеміс береді. Сондай-ақ бір ғана гүл өсіп шығатын гүл бүрі (бутон) болады. Бүршіктің сыртындағы қат-қабат қалың, тығыз қабыршақтар өсімдік сабағының ұшар басындағы өсу нүктесін бүркеп тұрады. Ең сыртқы қабыршақтары қоңырқай түсті, одан шайыр тәріздес жабысқақ зат бөлінеді. Олар Бүршікті ыстық-суықтан, желден, зиянкестер мен зақымданудан қорғайды. Бүршіктер көктемде өсімдікте жиналған қоректік заттармен қоректеніп толысады да, сыртындағы қалың қабыршақтары түсіп, Бүршік ашылады (жарылады) . Қабыршақтың үзіліп түскен жерінде сақина тәрізді із қалады, сол арқылы өркеннің бір жылда қаншалықты өскенін біледі. Сабақ ұшындағылары төбе Бүршікі (одан өсімдік бойлай өседі), сабақ бойына орналасқандары бүйір Бүршікі деп аталады. Көптеген тұқымымен көбейетін өсімдіктерде бүйір Бүршікі жапырақ қолтығына орналасады, оны жанама Бүршік (одан жан-жағына бұтақтар өсіп таралады) деп атайды. Қоңыржай аймақта өсетін ағаштар мен бұталарда күзге қарай, өсімдік өркендерінің өсуі тоқталып, Бүршіктер уақытша тыныштық күйге көшеді. Бұны қыстаушы Бүршіктер, ал әрі өркен, әрі гүл шығаратын Бүршіктерді аралас Бүршіктер деп те атайды. Бүршіктердің бәрі бірдей өсіп, өркенге немесе гүлге айнала бермейді. Олардың ұзақ уақыт бойы өспей, Б. күйінде қалатын бұйыққан (ұйқыдағы) Бүршік түрі де болады. Олар бірнеше жылға дейін өсу қабілетін жоймайды (мысалы, қарағайда - 5, доланада - 25, еменде - 100 жыл, т. б. ) . Өсімдік өркені сынып зақымданғанда, ағашты кескенде немесе үсікке шалдыққанда ғана бұйыққан Б-тер оянып, өсе бастайды. Өсімдіктердің вегетативті көбеюі кезінде Бүршіктің атқаратын рөлі зор.

Өсімді мүшелерге - тамыр, сабақ, жапырақ жатады.

Тамыр - топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі. Оның атқаратын қызметі: топырақтан су мен минералды тұздардың ерітіндісін сору; өсімдікті топыраққа мықтап бекіту; қоректік заттарды қорға жинау. Су мен минералды тұздардың ертіндісін сору қызметіне байланысты өң жасушаларынан тамыр түктері түзіліп, өткізгіш жүйелері дамып көлемін ұлғайтса, ал топыраққа мықтап бекіну қызметі оның орталық бөлімінде тірек ұлпалары түзіліп, беріктігін күшейте түседі. Сабақтан айырмашылығы - тамырдың алғашқы қабығы тез түсіп отырады, жапырақ (тіпті қабыршақ түрінде де) шығармайды. Тамыр сабық сияқты ұшынан өседі (тамыр ұшы оймақшамен қапталып тұрады, ол қорғаныштық қызмет атқарады) . Тамырлар негізгі, жанама, қосалқы деп үш түрге бөлінеді. Негізгі тамыр тамырдың ұрық тамыршасынан дамиды, ол тік төмен қарай бағытталып өседі. Тамыр мен сабақтың ұштасып жалғасқан жерін тамыр мойыны дейді. Өсу барысында негізгі тамырдан, тарамдалып жанама тамырлар шығады. Олар тік төмен бағытталмай жан-жаққа таралып жайлып өседі. Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады да бүкіл тамыр жүйесінің көлемін ұлғайтады. Ол дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, пияз, жүгері, күріш) негізгі тамырдың орынын басады. Қосалқы тамырлар неғұрлым жиі өссе өсімдіктің топырақтан қоректенуі жақсарып, соғұрлым мол өнім алынады. Негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамырлар жиынтығы тамыр жүйесі деп аталады.

Тамыр жүйесі - бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығы. Негізінен кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде білуленген жуан негізгі тамыры бар, оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер: сәбіз, картоп, қызанақ, орамжапырақ, т. б. (қос жарнақты өсімдіктердің барлығында болады) . Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды. Қосалқы тамырлардың қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі, көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, жүгері, күріш, тары, сұлы, пияз, барлық пиязшықты өсімдіктер) болады.

Тамыр - өсімдіктің бірліктік, вегетативтік мүшесі, шектеусіз жоғары өсуі, оң геотропизмдік қасиеті бар, құрылысы радиалды және ешқашан да жапырағы болмайды.

Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.

Тамырды жіктеу.

Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан-жағына жанама тамырлар тарайды (мысалы, асбұршақ, асқабақ, қауын, жоңышқа, сәбіз, аскөк, т. б. ) .

Шашақ тамыр жүйесіне негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ және т. б.

Аралас тамырлар жүйесінде анық көрінетін негізгі, сонымен қатар қосымша тамырлар да болады (қызан, капуста) .

Тамырдың қызметтері

  1. Тамыр арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді;
  2. Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады;
  3. Әр түрлі органикалық заттарды (аминқышқылдар, гормондар, т. б. ) синтездейді.
  4. Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды;
  5. Басқа өсімдіктердің тамырларымен, микроорганизмдермен, саңырауқұлақтардың жіпшелерімен әрекеттеседі;
  6. Вегетативтік көбеюге қатысады.

Тамыр бөлімдері ұзындығы мен қызметіне қарай тамыр оймақшасы, бөліну, созылу (өсу), сору, өткізгіш аймақтары деп бөлінеді. Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы түзуші ұлпалардан құралған өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабығындағы жасушалары сыртқы кедергілерге үйкеліп, зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп, ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды қажалудан жеңілдетеді. Осылайша тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап тұрады.

Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабытындаға клеткалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабатынан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалаптасуына себеп болады.

Өсу аймағының жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарады. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы аймақта түзіле бастайды.

Сору аймағы - өсу аймағынан кейін орналасқан қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қыптап жатқан жұқа өң қабықшысының жасушаларының созылуынан пайда болады.

Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк - жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, суды және онда еріген минералды тұздарды сорады. Өсіп келе жатқан жас тамырға тірек қызметін атқарады.

Өткізу аймағы суды және суда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктердің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл аймақта тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар көп болады.

Тамырдың сору мезанизмі:

Сору күші - бұл осмостық және тургорлық қысымдардың арасындағы айырмашылық.

Осмостық қысым - цитоплазмадаға және клетка қабырғасына әсер ететін клетка шырыны ерітіндісінің қысымы.

Тургорлық қысым - жасуша қабырғасының клетка шырынының ерітіндісіне әсер ететін қысым. Топырақтағы ерітіндінің тамыр қабығының жасушалары арқылы қозғалысы олардың сору күші айырмашылығына байланысты, яғни соруы аз жасушалардан соруы күшті клеткаларға жүреді.

Тамыр қысымы - бұл барлық тамыр түктерінің сору күші.

Жапырақтардың сору күші - бұл су молекулаларының және тамыр қабырғаларының арасындағы іліну күші.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстандық тегеурінгүлдер (Delphinium L.) мен бәрпі (Aconitum L.) туыстарының вегетативтік мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылысы
Тамыр жайлы жалпы түсінік
Lamiaceae тұқымдасының құнды дәрілік түрі
Тамырдың алуан түрлілігі
Ботаника пәнінің міндеттері
Шыны майлар мен майға ұқсас заттар
Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері
Зерттеу нысанасы Lamiaceae тұқымдасы Melissa туысының дәрілік мелисса бағалы дәрілік түрі
Стресс жағдайындағы өсімдік
Ботаника емтихан билеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz