Теріге күтім жасау



1. Теріге күтім жасау ережесі
2. Күтім қалай жасалады?
3. Бет кескіндерінің айқындылығы
4. Тері күтімі, гигиенасы
5. Терінің маңызы
6. Теріні күту және ойылған жеріне ем жасау
Әдемі болып көріну — өнер. Өнерге баулу арқылы ғана адам оны өз бойына дарыта алады. Әдемі болу өнерін үйрену қиын емес. Бар болғаны, еріншектікке жол бермеу. Жас пен дәрежеге, материалдық және психологиялық жағдайларға қарамастан, әйел адам әдемі болып жүруі тиіс. Сұлулық көші одан әрі жылжиды, бүгін “күтім” жайында сыр шертпекпіз.
Психологтар мынадай дәлелді келтіреді: сырт келбеті арқылы әйел әлемге өзін таныстырады. Табиғаттың әйелді қалай жаратқандығына қарай,ол өзіне өзгелердің таңданысы пен өкінішін тудыра алады. Өз-өзіңізге күтім жасауды қолға алыңыз және әдетке айналдырыңыз. Сұлулыққа ұмтылу — наздық емес, асыра сілтеушілік те емес. Өзіңізге айналадағы жандардың тарапынан жағымды әсер қалдыру үшін әдемі болып жүру маңызды.
Ал әдемілік немен өлшенеді деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Шаштың түсі мен ұзындығы, қас пен кірпіктің қалыпты жағдайда болуы, киім киюдегі стиль — кез келген бойжеткен мен келіншектің айнасы. Алайда, барлық ханымдар есте ұстайтын бірнеше ережелер бар. Бір қызығы, әдемі болып көріну үшін шығындалудың қажеті шамалы. Бірақ, ескерту қатал: ережелерді бұзбай, күнделікті сақтап отыру қажет. Бір сәтте ханшайымға айналып шығу тек ертегілерде ғана болады. Ал өмірде ханшайым болу үшін, өмір бойы тынбай күтініп жүру керек. Бізден алынған кеңестерді есте сақтай отырып, өзіңіздің сырт келбетіңізді бір сәтке болса да, назардан тыс қалдырмауға тырысыңыз...
1. Л.З. Тель, Е.Д.Даленов «Валеология» (екі кітап) 1-кітап Астана 2002
2. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008
3. Сұрақ және жауап. Энциклопедия
4. А. П. Лаптев. Гигиена. М., 1990
5. Минх А.А. «Общая гигиена», М., 1984
6. C. Е. Советов. Мектеп гигиенасы. А., 1973
7. 2.М. Т. Матюшонок. Балалар мен жас өспірімдердің физиологиясы мен гигиенасы. А., 1986

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Теріге күтім жасау ережесі
2. Күтім қалай жасалады?
3. Бет кескіндерінің айқындылығы
4. Тері күтімі, гигиенасы
5. Терінің маңызы
6. Теріні күту және ойылған жеріне ем жасау

Теріге күтім жасау ережесі
Әдемі болып көріну — өнер. Өнерге баулу арқылы ғана адам оны өз бойына
дарыта алады. Әдемі болу өнерін үйрену қиын емес. Бар болғаны, еріншектікке
жол бермеу.  Жас пен дәрежеге, материалдық және психологиялық жағдайларға
қарамастан, әйел адам әдемі болып жүруі тиіс. Сұлулық көші одан әрі
жылжиды,  бүгін “күтім” жайында сыр шертпекпіз.
      Психологтар мынадай дәлелді келтіреді: сырт келбеті арқылы әйел
әлемге өзін таныстырады. Табиғаттың әйелді қалай жаратқандығына қарай,ол
өзіне өзгелердің таңданысы пен өкінішін тудыра алады. Өз-өзіңізге күтім
жасауды қолға алыңыз және әдетке айналдырыңыз. Сұлулыққа ұмтылу — наздық
емес, асыра сілтеушілік те емес. Өзіңізге айналадағы жандардың тарапынан
жағымды әсер қалдыру үшін әдемі болып жүру маңызды.
Ал әдемілік немен өлшенеді деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Шаштың
түсі мен ұзындығы, қас пен кірпіктің қалыпты жағдайда болуы, киім киюдегі
стиль — кез келген бойжеткен мен келіншектің айнасы. Алайда, барлық
ханымдар есте ұстайтын бірнеше ережелер бар. Бір қызығы, әдемі болып көріну
үшін шығындалудың қажеті шамалы. Бірақ, ескерту қатал: ережелерді  бұзбай,
күнделікті  сақтап отыру қажет. Бір сәтте ханшайымға айналып шығу тек
ертегілерде ғана болады. Ал өмірде ханшайым болу үшін, өмір бойы тынбай
күтініп жүру керек.  Бізден алынған кеңестерді есте сақтай отырып,
 өзіңіздің сырт келбетіңізді бір сәтке болса да, назардан тыс қалдырмауға
тырысыңыз...

Күтім қалай жасалады?
 Кеңес: Жеке басыңызға ғана тән ерекшеліктерді ескере отырып, сұлулық
салонына барудың міндетті кестесін жасап қойыңыз.
 1.  Тазалыққа табынушылық 
Бұл күнделікті күтім жасаудың альфасы мен омегасы. Бұл ереже сан
ғасырлар бұрын шыққан, маңыздылығын бүгінгі күнге дейін жоғалтпаған.  Орта
ғасырда суға шомылу өте қауіпті саналды. Соған қарамастан, ол заманның
адамдары екі аптада бір рет жуынатын болған. Бетке бояу жағу ықылым
заманнан бері бар, орта ғасырлық адамдар бояу лас бетке ұқыпты жағылатынын
және жақсы сақталатынын білген.  Алайда, бұл ескінің дәстүрі.
Қазіргі таңда тазалық—денсаулықтың кепілі. Сұлулықтың да кепілі тазалық
болып тұр. Күнделікті қоршаған ортаның зиянды факторларынан бетті тазартып
тұру үшін күніне екі рет бетке арналған сусабынның көмегімен жуынып
тұруыңыз шарт.  Кірдің әсерінен бет терісі астында қосымша қабық пайда
болады. Қабық болса, бет терісін күтімсіз көрсетеді. Қоршаған ортаның
кейбір жағымсыз мінездері адамның сырт келбетіне қатты әсер етеді. Сол үшін
бетті тазалап отыру — күтімнің басты әрі негізгі ережесі. Маңызды бір жайт,
барлық істі орындаған кезде ләззат ала отырып, шын ынтамен жасаңыз. Міндет
санап, амалсыздан күтім жасау күтім емес.  Бет жуған сәтте рахат ала
отырып, жусаңыз, оның әсері екі есе болады.
Бетіңіздің терісіне мән беріп, келісті иіссу таңдай білу маңызды. Бет
терісі әдетте майлы, құрғақ болып бөлінеді. Майлы бетті құрғақтандырғыш
иіссумен, құрғақ бетті  ылғалдандырғыш иіссумен жуу қажет.

Бет кескіндерінің айқындылығы
Басты назар мен уақытыңызды шашыңыздың үлгісіне, қастың ұқыпты алынуына
және тырнақтарыңыздың ұзындығына бөліңіз. Ол үшін бірнеше аптада бір рет
осы жерлердің бабын жасайсыз. Әлбетте,шашты реттеп отыру үшін шаштаразшының
көмегіне жүгінуге тура келеді. Ал тырнақ пен қастың қалпын өзіңіз-ақ жүзеге
асыра аласыз. Көзіңіздің үстінен бір артық қылшық өсіп кетсе, сол бір
қылшық бүкіл ажарыңызды алып қояды. Ол өзіңізге білінбегенімен, айналадағы
жандардың көзіне оттай басылады. Сондықтан, өзіңіз жиі жүретін жерлерде:
әжетханада, жұмыс үстелінде, айна алдында бір қас жұлғыштан тұрса, жақсы.
Қол босаған уақытта қастың артық жерлерін теріп отырасыз. Ал шаш мәселесіне
келсек, оны екі күнде бір жуып тұрған дұрыс.  Шашты бос жаю немесе түйіп
алуды еркіңізге беріңіз. Бастысы, ұқыпты жиналған немесе жайылған болса
дұрыс. Егер шаш ұштары шашақтанып кеткен болса, бос жіберемін деп, әуреге
салынбаңыз. Себебі, шашақталып кеткен шаш ұштары ажарыңызды қашырады.
Тырнақтың жөндеуі де өзіңіздің қолыңыздан келеді. Егер сенімсіз болсаңыз,
сән салондарынан жасатуға болады. Бастысы, тырнақтар бір ұзындықта болуы
керек және боялған түсі қатты көзге түспейтін, жай түстен болуы шарт. Қара
немесе көк сияқты қатаң түстерді қазақ қызы жақпаған. Егер, тырнақты бояу
басты шарт деп қабылдамасаңыз, бояусыз қалдырыңыз. Бастысы, күтім көрініп
тұрса, болғаны.

Тері күтімі, гигиенасы
Дене тазалығы дегеніміз — алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі
ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық-
биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.
Жұмыс жасап, күнделікті тұрмыста шаруамен айналысқан шақта адам терісін
кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын
қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін
физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май
бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады.
Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз
иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы-дерматит дерті дамиды.
Басқадай ірінді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін
неше түрлі тәсілдер қолданылады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін
денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн.
Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір
шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде
оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар кебейеді. Ішек-
қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы
дерттердің таралуында қол кірінің қаншалыкты роль атқаратыны көптеген
адамдарға белгілі.
Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және оларды
тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай
щетка тұруы пайдалы. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында тазартып
жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпай кетуге болмайды. Адамның терісі
құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал егер тері құрғақ болса, онда
балалар сабыны деп аталатын сабынды, лонолині бар сабындарды пайдаланған да
тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет,
әсіресе жаз айларында, күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін
болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды,
саусақ арасын аптасына екі рет 5 % формалин ерітіндісі сіңген мақтамен
сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе,
дезодарант қолдану керек. Қазіргі кезде дезодарант өте көп.
Онша қымбат емес. Кейбіреулер арнаулы үнтақтарды пайдаланады. Менің бір
таныс педагогім кейбір ұлттар өкілінің қолтығы жағымсыз иістерді көп
таратады деп тұжырым жасады. Орыс буламысы, фин саунасы, жапон офуросы,
сэнтосы ағзаға өте пайдалы. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем альш
сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта-жігері арта түседі.
Монша гигиенаны жақсы өткізеді. Денені сауықтырады. Әсіресе Сібірде түратын
орыс халқының моншасы. Олар ыстық моншаға түсіп, буланып қайың, емен
жапырақ-тарынан жасалған сыпыртқылар мен сабаланып, содан кейін моншадан
жүгіріп шығып қалың қарға аунап, кейіннен моншаға қайтадан түседі. Дене
жақсы шынығады. Денсаулық артады.

Терінің маңызы
Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл
адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі
мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде
сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі
микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен
торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру
сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз.
Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға
қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тepi арқылы
(термен) бөлініп отырады. Tepi газдардың алмасуына қатысады, оттекті
ciңipiп, көмірқышқыл газын бөледі. Tepi — сезім мүшесі.
Терінің құрылысы. Tepi үш қабаттан: сыртқы, ішкі жене шел қабатынан
тұрады Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Ycтiңгi қабат өлі
клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың,
сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына жаңа
клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш заттар
болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды. Адам
организміндегі бояғыш заттар күн сәулесінің әсерінен пайда болады.
Терінің iшкi қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда
қалыңырақ болады және тepiгe серпімділік қасиет береді. Терінің бұл қабаты
қан тамырларымен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған.
Мұнда май және тер шығаратын бездер шаштың түбінде болады.
Тер бездері тер бөледі. Денеден тер бөлінгенде — адам салқынды сезеді.
Бұл денені ысып кетуден сақтайды. Терідегі май бездері май бөледі. Tepi
майы шашты және терінің үстін майлайды, теріге жұмсақтық және серпімділік
қасиет береді.
Кейде тepi бетінде мең деп аталатын қара, қызыл түйінді өсінділер
болады, сондай-ақ қол сыртында, бетте секпіл де кездеседі. Бұлардың біразы
тұқым қуаласа, енді бipi зат алмасудың бұзылуынан болады. Кейбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Науқастың көзіне, мұрнына, құлағына күтім жасау, басын жуу, шашын тарау
Косметиканың адам ағзасына әсері
Парфюмерия мен косметиканы реттейтін нормативтік құжаттар
Халі ауыр науқастар күтімі принциптері
Бетті тазарту бағдарламаларының түрлері
Миокардиосклероз ревматикалық жүрек ауруы
Күйік ауруларында мейіргерлік күтімнің маңызы
Күйік туралы түсінік
Денсаулық - зор байлық. Жұмысқа қабілеттіліктің сатылары
Қант диабетінің патогенезі және этиологиясы
Пәндер