Әкімшілік заңдардағы кодификациялау институты


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 126 бет
Таңдаулыға:
ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР
Осы диссертацияда мынадай қысқарған сөздер қолданылады:
ҚР - Қазақстан Республикасы
Қазақ ССР - Қазақ Советтік Социалистік Республикасы
Қазақ КСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
КСРО - Кеңес Социалистік Республикалар Одағы
РКФСР - Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы
РФ - Ресей Федарациясы
УССР - Украин Советтік Социалистік Республикасы
УР - Украин Республикасы
БССР - Беларусь Советтік Социалистік Республикасы
ӨзССР - Өзбек Советтік Социалистік Республикасы
ӨР - Өзбекстан Республикасы
ҚырССР - Қырғыз Советтік Социалистік Республикасы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ҚР ӘКБтК - Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі
ҚР ҚК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
ҚР АК - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
ҚР ҚІЖтК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу туралы кодексі
ҚР АІЖтК - Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу туралы кодексі
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық және құқықтық өзгерістер, қоғам өміріндегі мемлекеттің орны мен рөлінің өзгеруі мемлекеттің маңызды конституциялық міндеттерінің бірі ретінде адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындау әкімшілік құқықтық ғылымның алдына шешуді талап ететін бірнеше өзекті мәселелерді қояды. Әкімшілік құқық ғылымының өзекті мәселелерінің бірі әрқилы қоғамдық қатынастарды неғұрлым саналуан әлеуметтік салада - мемлекеттік басқару саласында, атқарушы билік қызметінде әкімшілік-құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіру болып табылады. Әкімшілік құқық тек қана қазақстандық құқық жүйесінің ірі саласы ғана емес сонымен қатар, дүние жүзінің көптеген елдеріндегі құқық жүйесінің, соның ішінде ТМД елдерінің де құқық жүйесінің ірі саласы болып табылады. Әкімшілік құқық нормалары басқару саласындағы неғұрлым орынды, мақсатқа сай қоғамдық қатынастарды реттейді және бекітеді, құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарды қорғайды, басқару саласынан қазіргі күннің талаптарына сай келмейтін, оған жауап бере алмайтын қатынастарды ығыстырып шығарады, жаңа қоғамдық қатынастардың пайда болуына және дамуына ықпал етеді.
Әкімшілік - құқықтық нормалардың көмегімен азаматтардың басқару саласының құқықтық мәртебесі, атқарушы биліктің мемлекеттік органдарының құқықтық жағдайы және олардың азаматтармен өзара қарым-қатынасы анықталады. Әкімшілік құқық нормалары жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоғамдық және басқа да мемлекеттік емес бірлестіктердің әкімшілік-құқықтық мәртебесін, сонымен қатар, мемлекеттік, муниципальдық қызметшілердің және мемлекеттік емес бірлестіктердің қызметшілерінің құқықтық мәртебесін анықтайды.
Әкімшілік құқық нормалары басқарудың салааралық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-мәдени және шаруашылық саласындағы қоғамдық басқарушылық қатынастарды реттейді.
Жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, құқық бұзушылықтың алдын алатын және оны ескертетін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын, қоғамдық қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қорғайтын әкімшілік құқықтық нормалар маңызды рөлді атқарады.
Айтылғандардың барлығы әкімшілік құқықтың Қазақстанның құқықтық жүйесінде маңызды орын алатынын қуәландырады. Әкімшілік-құқықты реттеудің тиімділігі көпшілік жағдайда әкімшілік құқық нормаларының жүйесін жетілдіруге, оны кодификациялауды жетілдіруге байланысты.
Әкімшілік құқықты жетілдіру және оны кодификациялаудың жолдары мен нысандары туралы мәселе қазіргі кезде ерекше маңызға ие болуда. Бұл бір жағынан, нарықтық экономикаға өтуге байланысты рөлі төмендеп қалған әкімшілік құқықтың рөлін қайта қөтеруге байланысты болса, ал екінші жағынан әкімшілік заңнаманы кодификациялауды жетілдірудің қажеттілігінен туындайды.
Осыған байланысты әкімшілік-процессуалдық құқық мәселесі де өзекті болып табылады. Оның мәселелері шеңберін зерттеу осыған дейін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізумен шектеліп келеді. Азаматтардың позитивтік құқықтарын жүзеге асыру тәртібі, сонымен қатар оларды әкімшілік-процессуалдық қорғау тәртібі Қазақстандық ғылымда тәжірибелік тұрғыдан зерттелмеген [1] .
Материалдық құқық нормаларының одан әрі жетілдірілуі әкімшілік-процессуалдық нормалардың кодификациялануын да талап етеді. 1970-жылдарда кеңестік құқықтық ғылымы ұсынған және қазіргі замандағы ресейлік юриспруденция арқылы дамытылған, процессуалдық нормаларды кодификациялау туралы ұсыныстарды [2] есепке ала отырып, іс жүргізудің маңызды түрлерін ретке келтіретін, әсіресе, басқару саласындағы азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыру тәртібін ретке келтіретін әкімшілік-процессуалдық кодекстің жобасының құрылымы мен тұжырымдамасын жасауға кіріскен орынды болар еді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев еліміздегі заңдарды жетілдіріп отыруға ерекше мән береді. Ол өзінің “Қазақстан - 2030” атты ұзақ мерзімдік стратегиясында былай деп көрсеткен: “Ақыр соңында бізге заңдарымыздың жартыкештігіне және тұрлаусыздығына көңіл бөлу қажет” [1] .
Осы стратегияны іске асыру мақсатында “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы” қабылданып, оның “Заң шығару қызметі” атты бөлімінде “қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, оны ескірген және қайталайтын нормалардан арылту, қоғамдық қатынастардың кейбір салаларын құқықтық реттеудегі олқылықтардың орнын толтыру жөніндегі жұмыс жалғасын табады” деп көрсетілген [1, 93] .
Біздің зерттеп отырған тақырыбымыз, алдмызға қойып отырған мақсатымыз Елбасы стратегиясы мен Үкіметтік бағдарлама бағытында жүріп отыр.
Осы және басқа да бірнеше мән-жайлар Қазақстанның әкімшілік құқығын кодификациялаудың шиеленіскен мәселелерін теориялық жағынан жетілдіруді қажет еді. Осы және басқа да мәселелердің өзектілігі, күрделілігі және көп жақтылығы диссертациялық зерттеудің тақырыбын таңдауда анықтаушы фактор болды.
Қазақстанның және ТМД елдерінің әкімшілік құқығын кодификациялаудың теориялық мәселелерін кешенді зерттеу құқық-шығармашылық процесінің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және құқық қолданушы органдарының тәжірибелік қызметінде заңдылықты нығайтуға, әкімшілік құқық нормаларын жетілдіруге, Қазақстанда адам және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге байланысты ұсыныстарды жетілдіруге ықпал етеді.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты - Қазақстанның әкімшілік құқығын кодификациялаудың өзекті мәселелерін кешенді зерттеу, қазақстандық құқықтың ірі саласы ретінде әкімшілік құқықты кодификациялауды одан әрі жетілдірудің басым бағыттарын анықтау. Қазіргі күннің талаптарына сай әкімшілік-процессуалдық құқықты кодификациялаудың келешекке арналған жүзеге асырылуының үлгісін ұсыну.
Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылған:
- әкімшілік-құқықтық реттеудің объектісі мен қызмет бағыттарын (функциясы) ғылыми талдау жасау;
- әкімшілік құқықты кодификациялаудың қағидаларын және кодификациялаудың мәнін жан-жақты ашу;
- әкімшілік құқықты кодификациялауға қатысты заңдылық техникасының мәселелерін зерттеу;
- ТМД елдеріндегі әкімшілік заңнамаларды кодификациялаудың ерекшеліктерін салыстырмалы-құқықтық талдау;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамаларын кодификациялаудың объективтік алғышарттарын қарастыру;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамаларын одан әрі жетілдірудің қазіргі кезеңдегі міндеттерін тұжырымдау;
- әкімшілік құқықтың материалдық және процессуалдық нормаларының ара қатынасын анықтау және әкімшілік-процессуалдық нормаларды кодификациялаудың жүйесін ұсыну.
Диссертациялық зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы. Еңбекте тұңғыш рет қазақстандық ғылымда диссертациялық деңгейде Қазақстанның әкімшілік құқығын кодификациялаудың қазіргі замандағы мәселелері кешенді түрде ғылыми тұжырымдалған.
Бұған дейін әкімшілік құқықты кодификациялау жүйесінің қағидалары, материалдық және процессуалдық әкімшілік құқықтың бөліну мәселелері қазақстандық заң ғылымында тәжірибе жүзінде зерттелмеген.
Зерттеудің сонылығы, сонымен қатар, мына жағдаймен анықталады. Ол құқықтық мемлекетті құру, мемлекет пен қоғам қызметінің барлық салаларында жеке тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мақсатында заңнамаларды үнемі жаңартып және жетілдіріп отыру екендігінде. Бұл авторға қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіру бойынша ойларын тұжырымдауға және әкімшілік-процессуалдық нормаларды кодификациялау жөніндегі ұсыныстарын жасауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің объектісі мен пәні . Зерттеу объектісі - әкімшілік-құқықтық реттеу саласында, сонымен қатар, мемлекеттік билік органдарының нормашығармашылық, кодификациялық қызметінің барысында, әкімшілік құқықты жүйелендіру мен кодификациялау процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Зерттеу пәні - Қазақстанның әкімшілік құқығын кодификациялаудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері, қағидалары және тәжірибесі, кодификациялаудың субъектілерінің шеңбері және олардың құзыреті, кодификациялаудың жүйелері және нысандары, заңдылық техникасы, оның әдістері мен тәсілдері, ТМД елдерінің әкімшілік заңнамаларын кодификациялаудың ерекшеліктері, Қазақстандағы кодификациялаудың ықтимал мүмкіндіктері және заңнамаларды жетілдірудің жолдары болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің әдістемеліқ негізі. Диссертация тақырыбымен жұмыс жасау барысында автор ғылыми танымның әрқилы әдістерін пайдаланады: индуктивті, дедуктивті, талдау, синтез, диалектикалық, тарихи. Жеке ғылыми әдістер де қолданылды: соның ішінде салыстырмалы-құқықтық талдауға басымдық берілді (Қазақстанның және ТМД-ның басқа да елдерінің әкімшілік құқығының кодификацияланған нормалары талданды) ; құжаттарды талдау (заңдар және өзге де құқықтық нормативтік актілер, солардың ішінде ведомостволық бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер) қарастырылды.
Зерттеудің теориялық негізі ретінде заңнамаларды жүйелендіру және кодификациялау мәселелерімен айналысқан ғалымдар: Б. А. Жетпісбаевтың, М. И. Жұмагұловтың, А. Е. Жатқанбаевтың, С. З. Зимановтың, Ғ. С. Сапаргалиев-тың, Х. Ю. Ибрагимовтың, С. Н. Омаровтың, С. А. Табановтың, И. А. Тарановтың, В. Г. Татарянның, А. С. Ибраеваның, Д. Н. Бахрахтың, В. В. Лазаревтың, В. А. Ло-рияның, А. Е. Луневтың, А. С. Пиголкинаның, А. П. Кореневтың, Н. Г. Салищева-ның, М. С. Студеникинаның, В. Д. Сорокинның, Д. А. Керимовтың, М. В. Костен-никовтың, И. В. Панованың, Н. Поленскийдің, О. М. Якубтың және тағы басқалардың еңбектері пайдаланды [3] .
Қарастырылып отырған мәселенің зерттелу деңгейі. Бұл мәселенің кейбір жақтарын зерттеуге қазақстандық әкімшілік танушылардың арасынан А. А. Таранов, И. А. Омаров, С. Н. Досымбеков, Б. А. Жетпісбаев, М. И. Жұ-магұлов, Х. Ю. Ибрагимова, М. Ш. Какимова және басқалар, ал Ресейлік арасынан Ю. М. Козлов, В. Д. Сорокин, А. П. Коренев, М. С. Студеникина, Г. И. Петровты атап айтуға болады. Арнайы құқық шығармашылық қатынастарына Б. В. Дрейщевтің Еңбектері арналған. Алайда, осы тақырып бойынша арнайы ғылыми зерттеу әлі де жоқ болып тұр.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:
- әкімшілік құқықты кодификациялаудың авторлық анықтамасының берілуі. Яғни оның мемлекеттік басқару саласындағы құқықтық негіздерді дамытуға және бекітуге бағытталған, әкімшілік құқықтың жаңа жинақталған, бірыңғайланған кодификациялық актісін құру мақсатын көздейтін нормаларды жүйелендірудің бір нысаны ретінде қарастырылған;
- кодификациялау пәнін анықтау, автордың пікірінше, мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және мемлекеттік қызметтің басқа да нысандарын (заң шығармашылығы, сот төрелігі) жүзеге асыру кезінде пайда болатын басқарушылық сипаттағы (атқарушылық қызмет) қатынастарды реттейтін, сонымен қатар, мемлекеттік емес басқару саласында қоғамдық бірлестіктердің атқарушы биліктің, мемлекеттік басқарудың кейбір функцияларын жүзеге асырумен байланысты екендігін көрсету;
- әкімшілік құқықты кодификациялау қағидаларының жүйесі: объективтілік, ғылымилық, нақтылық, тиімділік, жоспарлылық, конституциялылық және заңдылық, адамгершілік, ізгілік, халықаралық құқық нормаларына сәйкестілік, жүйелілік және демократиялылық, қабылдаушылық және жаңарушылық, кешенділік және оңтайлылық, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуы туралы әкімшілік құқық ғылымы тұрғысынан кейбір жаңа пайымдаулар;
- қазақстандық әкімшілік заңнамалардың тиімділігінің шарты мынадай факторлармен негізделеді: а) құқықтық нұсқамаларда әлеуметтік-экономикалық және саяси заңдылықтардың дұрыс негізделуімен; ә) норма шығармашылық қызмет барысында басқарудың қағидалары мен жалпы заңдарын есепке алумен дәлелденетінін анықтау; б) мұнда жүйелік бағыт қағидаларын пайдаланумен; в) құқықтың спецификалық заңдылықтарының және заңдылық техникасының қатаң сақталуын есепке алумен;
- әрқилы деңгейдегі әкімшілік-құқықтық нормаларды кодификациялау кезінде заңдылық техникасының ережелерін пайдалану және жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
- әкімшілік-процессуалдық құқықтың дербес саласы туралы идеяны қолдайтын аргументтер және материалдық және процессуалдық әкімшілік құқық нормаларын жеке-жеке кодификациялау туралы қорытынды; әкімшілік құқықтың материалдық және процессуалдық нормаларын жеке-жеке кодификациялау, жеке алғанда, кодификациялаудың ең қиын мәселесі-материалдық әкімшілік құқық нормаларын кодификациялаудың көлемін анықтауды шешуді жеңілдетеді;
- Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дамуы барысында әкімшілік құқықтың материалдық және процессуалдық нормаларын кодификациялау бойынша құқық шығармашылық органдары қызметінің негізгі басым бағыттары екендігін қөрсету.
Диссертациялық зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік құндылығы және теориялық маңыздылығы. Диссертациялық зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік құндылығы және теориялық маңыздылығы әкімшілік құқықты кодификациялаудың өзекті мәселелері және ғылыми негіздерін кешенді жетілдірумен, нормаларды әкімшілік-құқықты реттеу және кодификациялауды Қазақстан Республикасының қызметінің объективті қалыптасқан саяси, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық шындығына сәйкес жетілдірумен анықталады. Диссертант ұсынған әкімшілік құқықты кодификациялау жүйесін дамыту жағдайы және болашағы әкімшілік құқық нормаларын кодификациялаудың теориялық пайымдаудағы олқылықтардың орнын белгілі бір деңгейде толықтырады. Диссертацияда, автор, жеке алғанда, кодификациялаудың мәнін, мазмұнын және қағидаларын ашатын теориялық ережелерді жетілдірген, ол ТМД-ның басқа да елдеріндегі әкімшілік заңнамаларды кодификациялау кезінде де қолданылуы мүмкін.
Зерттеудің тәжірибелік мәні әкімшілік құқықты кодификациялаудың жүйесін болашақта жүзеге асыруды анықтау әдістемесі мен әдіснамасын жетілдірумен қорытылады. Диссертанттың жарыққа шыққан жұмыстарында жарияланған зерттеу нәтижелері кодификациялық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы мүмкін, бұл құқықшығармашылық органдарына өздеріне жүктелген міндеттерді табысты орындауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері, сонымен қатар, ғылыми - зерттеу қызметінде, және де тәжірибелік қызметкерлермен нормативтік құқықтық актілерді дайындау кезінде, заңдатуға қатысты білім беру мекемелерінде мемлекет және құқық теориясы, әкімшілік құқық және басқа да пәндерді оқыту барысында пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі және мақұлдануы. Теориялық ережелері және тәжірибелік ережелері мен нұсқамалары халықаралық ғылыми-тәжірибелік қонференцияларда, семинарларда баяндалды және сонымен қатар ғылыми мақалаларда «Әкімшілік құқық» дәрістік курсында, арнаулы курстарда бейнеленді.
Диссертациялық зерттеудің көлемі мен құрылымы. Көлемі мен құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келеді. Диссертациялық зерттеу 128 бетте баяндалған, ол кіріспеден, қысқартылған сөздердің тізімінен, екі тараудан, жеті параграфтан, қорытындыдан және пайдаланылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.
1. ӘКІМШІЛІК ЗАҢДАРДАҒЫ КОДИФИКАЦИЯЛАУ ИНСТИТУТЫ: ТҮСІНІГІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚАҒИДАЛАРЫ
1. 1. Әкімшілік заңдарды кодификациялаудын түсінігі,
оның функциялары және негізгі белгілері
Әлеуметтік өзгерістерді енгізу барысының жеделдетілуі, Республиканың күрделі халық шаруашылығы кешенін басқарудын міндеттерінің күннен-күнге күрделенуі. Қоғамның демократиялануы заңдардың тиісінше өсуін, бүгінгі күннің қажеттіліктеріне жақындауын талап етеді. Сонымен қатар, заң шығару процесінің тұрақты түрде жетілдірілуі - Республикалық заңның беделінің бекітілгендігінің маңызды көрсеткіші, біздің өміріміздің барлық негізгі салаларына анық және бекем құқықтық ережелердің енгізілуінің кепілі. Қоғамның әрбір мүшесінің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ететін тиімді нормативтік-құқықтық механизмді құру мақсатындағы - заң шығару саласындағы қайта құру алдымен осыған бағытталуы тиіс. Өкінішке орай, заңдардың жағдайы мемлекет алдында тұрған міндеттерге әлі де толық жауап бере алмайды. Мұндай жағдайды, құқықтың өзінің кертартпалығымен және оның көбінше, қоғамда болып жатқан өзгерістерге жете алмауымен түсіндіруге болады. Сонымен қатар құқықтық ретсіздікті және тәртіпсіздікті болдырмау үшін, заңдар, тұрақты болуы тиіс. Қоғамдық қатынастардың дамуын ынталандыруы тиіс.
Құқықтың сыртқы нысанына оның ішкі құрылымының элементтері анықтаушы әсерін тигізеді. Бұл әсер әсіресе әкімшілік құқық нормалары деңгейінде айқын байқалады. Ішкі нысанының құрылымында нормалар алдыңғы орынды алады, өйткені оларда неғұрлым тұрақты мінез-құлық ережелері бекітілген. Әкімшілік құқықтың әрбір жеке алынған нормасы әлеуметтік және мемлекеттік басқару бағдарламасының бір бөлігін қамтамасыз етеді. Ол әрқашан басқа нормалармен байланысты болады, тек кейбір жағдайда, қандай да бір бекітілген кешенде олар бағдарламаны тұтас жүзеге асыру процесін реттеуі мүмкін. Әдетте, құқықтық реттеу объектісінің бірлігі өкілетті мемлекеттік органдарды әкімшілік құқық нормаларын нормативтік заң актілеріне біріктіруге итермелейді. Ал соңғылары әкімшілік заңдар жүйесіне кіреді.
Жалпы құқық теориясында заңдардың түсінігі мен функциялары туралы мәселе жеткілікті өңделген, алайда ол негізінен әкімшілік-құқықтық нормаларды жүйелендіру түрлерінің барлық жиынтығы аспектісінде жасалған. Бізге бұл мәселені жүйелендірудің нақты бір түрі кодификациялауға қатысты қарастыру қажет.
«Заңдар» түсінігі заң әдебиеттерінде әртүрлі сипатталады. Мысалы, С. В. Поленинаның пікірінше, бұл «иерархия және өзара бағыныштылығы бойынша байланысқан, тұтас түрінде және өзінің құрылымдық бөлімдері бойынша да өзара әрекеттесуші және мемлекеттік басқару салалары мен функциялары. Құқық салаларына қатысты қоғамдық қатынастарды реттеуші жаппы одақтық және Республикалық заңдар мен басқа да нормативтік актілердің жиынтығы» [3] .
«Кеңестік заңдар жүйесі» деп аталатын ұжымдық монографияның авторларының пікірінше, «заңды нормативті актілер» және «заңдар» деген екі түсінікті ажырата білу қажет. Соңғысы тек мемлекеттік басқару мен мемлекеттік биліктік жоғарғы органдарының заңды нормативтік актілерін сипаттайды. «Сондықтан да, - дейді, монография авторлары, - заңдар жүйесі тұтас мемлекеттің нормативтік актілер жүйесінің «өкілі» ретінде қарастырылуы мүмкін» [4] .
«Заңдылық» түсінігін тек қана басқару мен биліктің жоғарғы органдарының нормативтік актілерінің шеңберімен шектеп қана қою дұрыс емес сияқты. Жоғарғы, орталық және жергілікті органдардың барлық нормативтік актілері біртұтас жүйені білдіреді. Қандай да бір органдардың құзыретін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін оның элементтері қызмет бағыттары бойынша өзара байланысты болады. Алайда, құзырет - жеке құбылыс болғандықтан, басқару органдарының актілері салыстырмалы түрде оқшауланған және дербес. Олардың әрқайсысы қандай да бір деңгейде заңдар жүйесін толықтырып, оның мазмұндық сипатына ықпал етеді. Бұл жүйеде алдыңғы сатыдағы басқарушы актілерді бөліп қарау қажет, ол өз алдына басқа іс. Барлық Республикалардың мемлекеттік басқару органдарының және мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының актілері осыларға жатады.
Әкімшілік заңдардың қалыптасуы Қазақстан құқығының бүкіл жүйесінің үздіксіз дамуы барысында жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттік басқару органдарының норма шығармашылық қызметі заңға негізделген. Бұл олардың ұйымдастырушылық қызметінің қажеттіліктерімен, мемлекеттік билік органдарының немесе жоғарғы тұрған басқару органдарының ұйғарымдарымен анықталады.
Сондықтан да әкімшілік заң актілері заң нормаларының басым туынды кешендері болып табылады, және тек екі жағдайда ғана олар алғашқы құрылым ретінде жасалады. Бұл мынадай жағдайларда болуы мүмкін: біріншіден, мемлекеттік билік органдары өздері әкімшілік акт қабылдайды, екіншіден, заңда немесе жоғарғы тұрған атқару-орындау органының актісінде тікелей ұйғарым жоқ ал нормалар кешені әкімшіліктің қалауы бойынша шығарылады.
Әкімшілік заңдарды жасау барынша мемлекеттік басқару саласында норма шығармашылық қатынастар туындайды, дамиды және тоқтатылады. Олардың дамуы арнаулы нормалармен және атқару-орындау қызметінің қалыптасқан тәжірибесімен анықталады.
Әкімшілік-құқықтық әдебиеттерде норма шығармашылық теориясы проблемаларына салыстырмалы түрде аз жұмыс арналған. Оны белгілі қандай да бір деңгейде қазақстандық әкімшіліктанушылардың арасынан А. А. Таранов, И. А. Омаров, С. Н. Досымбеков, Б. А. Жетпісбаев, М. И. Жұмағұлов, Х. Ю. Ибрагимова және басқалар жасаған /3/, ал Ресейлік арасынан Ю. М. Козлов, В. Д. Сорокин, А. П. Коренев, М. С. Студеникина, Г. И. Петров жасаған. Арнайы құқық шығармашылық қатынастарына Б. В. Дрейщевтің еңбектері арналған [5] .
Бұл мәселемен айналысатын авторлардың көпшілігі «құқықшығар-машылық» және «нормашығармашылық» түсініктерінін арасына теңдік белгісін қояды. Осылайша, Б. В. Дрейщев тура жазады: «құқықтық нысандардын бірі ретінде басқарудың нормативтік актілерін шығару (өзгерту, жою), яғни мемлекеттік басқару органдарының құқықшығармашылық қызметі жатады» [5, 546] .
Мәселенің бұлай қойылуымен келісу мүмкін емес тәрізді. Нормалар құқық жүйесінің тек қана бір элементін құрайды. Олардың құрылуы, өзгеруі немесе жойылуы нормашығармашылық қатынастарын ғана тудырады. Ал әкімшілік құқыққолданушылық актілерінің қалыптасуы басқару органдарының бұл қызметінің барысын қамтамасыз ететін өзінің арнаулы қоғамдық байланыстарын тудырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz