Қасиетті Құран Кәрімнің түркі тіліндегі алғашқы аудармалары



1. Қасиетті Құран Кәрімнің түркі тіліндегі алғашқы аудармалары
2. Түркі тіліне аударылған алғашқы Құран Кәрім
Құран Кәрім бүгінге дейін әлемнің көптеген тілдеріне «аударылған». Алғашқы аударма жұмыстары Х ғасырдың екінші жартысында қолға алынғаны мәлім. Жоғарыда айтылған кезең – саманилердің заманына пара-пар келеді. Бұл уақытта Құран парсы тіліне аударылды. Самани князьдарының бірі – Әмір Мансұр бин Нұх (961-976) кезеңінде мәуереннахрлық ғалымдардан құралған комиссия алғашқы Құран Кәрімнің аудармасын әзірлеген. Бұл аударма Табаридің Құран Кәрім тәпсірі негізінде алынып, қазіргі Өзбекстанның Бұхара қаласында жасалды. Аталмыш аударма жұмысы сөзбе-сөз аудару тәсіліне негізделіп жасалған. Аудармада парсы тіліндегі сөздерге мән берілмей, парсы сөйлемінің құрылымы негізге алынбай, арабша сөздердің астына жазылды[1].

Түркілер Ислам дінін қабылдағаннан кейін аударма жұмыстарын қолға алулары әбден ықтимал, алайда бұл жұмыстар бірігіп жасалмаған болуы керек. Бұл аудармалар кей сүрелердің ауызша аудармасынан тұрады. Түркілер арасында бірігіп жасалған аударманың алғашқы рет кімнің тарапынан және қашан жасалғаны жайлы дерек қалмаған.
Түркі тіліндегі Құран Кәрім парсы аудар¬маларының негізінде жасалған болатын. Ахмет Зәки Уәлиди Тоған 1914 жылы Бұхара хандығына жасаған экспедициясында Құран Кәрімнің түркіше аударылған қолжазбасын табады. Бұл алғашқы түркіше аударманы, ол парсы тіліндегі аудармамен бір кезеңде жасалғаны жайлы тұжырым айтады. Оның ойынша, бұл қолжазбаны тәржімалаған кісі алғашқы парсы тілінде аударма жасаған комиссияда болған исфиджабтық Аргу Түркі болуы әбден ықтимал. Бұл тұжырыммен келіспеушілік білдірген Фуат Көпрүлү алғашқы түркі тіліндегі аударма ХІ ғасырдың бірінші жартысында жасалғанын айтқан. Абдүлқадір Инан да Көпрүлү айтқан тұжырымды ма¬құлдады.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қасиетті Құран Кәрімнің түркі тіліндегі алғашқы аудармалары

Құран Кәрім бүгінге дейін әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Алғашқы
аударма жұмыстары Х ғасырдың екінші жартысында қолға алынғаны мәлім.
Жоғарыда айтылған кезең – саманилердің заманына пара-пар келеді. Бұл
уақытта Құран парсы тіліне аударылды. Самани князьдарының бірі – Әмір
Мансұр бин Нұх (961-976) кезеңінде мәуереннахрлық ғалымдардан құралған
комиссия алғашқы Құран Кәрімнің аудармасын әзірлеген. Бұл аударма Табаридің
Құран Кәрім тәпсірі негізінде алынып, қазіргі Өзбекстанның Бұхара қаласында
жасалды. Аталмыш аударма жұмысы сөзбе-сөз аудару тәсіліне негізделіп
жасалған. Аудармада парсы тіліндегі сөздерге мән берілмей, парсы сөйлемінің
құрылымы негізге алынбай, арабша сөздердің астына жазылды[1].

Түркілер Ислам дінін қабылдағаннан кейін аударма жұмыстарын қолға алулары
әбден ықтимал, алайда бұл жұмыстар бірігіп жасалмаған болуы керек. Бұл
аудармалар кей сүрелердің ауызша аудармасынан тұрады. Түркілер арасында
бірігіп жасалған аударманың алғашқы рет кімнің тарапынан және қашан
жасалғаны жайлы дерек қалмаған.
Түркі тіліндегі Құран Кәрім парсы аудармаларының негізінде жасалған
болатын. Ахмет Зәки Уәлиди Тоған 1914 жылы Бұхара хандығына жасаған
экспедициясында Құран Кәрімнің түркіше аударылған қолжазбасын табады. Бұл
алғашқы түркіше аударманы, ол парсы тіліндегі аудармамен бір кезеңде
жасалғаны жайлы тұжырым айтады. Оның ойынша, бұл қолжазбаны тәржімалаған
кісі алғашқы парсы тілінде аударма жасаған комиссияда болған исфиджабтық
Аргу Түркі болуы әбден ықтимал. Бұл тұжырыммен келіспеушілік білдірген Фуат
Көпрүлү алғашқы түркі тіліндегі аударма ХІ ғасырдың бірінші жартысында
жасалғанын айтқан. Абдүлқадір Инан да Көпрүлү айтқан тұжырымды мақұлдады.
Түркі тіліне аударылған алғашқы Құран Кәрім қараханид тілінде қолға алынған
болатын. Кейін Х-ХҮІ ғасырлар арасында хорезм және шағатай тілдеріне
аударылған Құран Кәрім қолжазбалары табылды. Шығыс түркі тілінде жазылған
аталмыш шығармалардан басқа батыс түркі тілінде де жазылған аудармалар
баршылық. Айсу Ата бұл аудармалардың жалпы саны сексен үшке жететінін
айтады [2].
Ердоған Құран Кәрім аудармаларының тілдік жағынан маңызы атты мақаласында
1333-1334 жж. шираздық Мұхаммет бин Хажы Девлетшахтың қаламынан шыққан
Құран Кәрім аудармаларының нұсқасын ең көне қолжазба ретінде көрсетеді. Бұл
нұсқа Ширазда жазылған болуы тиіс. Түркіше аудармалар араб сөздерінің
астына жазылып отырған. Янос Экманн Құран Кәрімнің шығыс түркі тіліне
аударылған шығармаларға қатысты жазған мақаласында бұл туындының шығыс
түркі тілінде жазылған ең көне аудармасы болуы мүмкін екендігін айтады.
Сонымен қатар, тілдік жағынан ХІІ-ХIII ғғ. қараханид дәуіріндегі Орта Азия
исламдық түркі тілінің ерекшеліктерінің бар екендігін жазған [3].
Абдүлқадір Инан бұл нұсқаның ХІV ғасырда жазылғанын тұжырымдайды [4]. Ал,
Гүлден Саол болса, Хорезм тілінде жазылған Құран аудармасы атты
мақаласында араб және парсы сөздері аз кездесетін аты аталған аударманың
жазылу уақытын ХІІ-ХIII ғасырларға жатқызады және негізгі тілінің қараханид
тілі болғанына қарамастан, бұл еңбекте оғыз-қыпшақ элементтерінің
кездескенін баяндаған болатын [5].
Жоғарыда аты аталған Құран Кәрім аудармасынан кейін жасалған тағы бір
тәржіма, қазір Ташкентте Өзбек Ғылым Академиясында 2854 нөмірімен сақтаулы.
А.А.Семенов бұл шығарманың ХIII ғасырға қатысты екендігін және ондағы араб
тіліндегі мәтіннің сөзбе-сөз аударылғанын айтады. Тілі – қараханид
дәуірінің Орта Азия исламдық түркі жазба тіліне жатады. Шығыс түркі тілінде
жазылған бір аударма жұмысы Англияның Манчестер қаласындағы Дж. Риландс
кітапханасының араб тіліндегі жазбалар бөлімінде сақталған Құран кітабының
аудармасы болып табылады. Бұл аударманың толық нұсқасы 30 томнан тұрады,
дегенменен, қолда бары – 14 қана. Айсу Ата бұл аударманы Түрік тілі
Қоғамының баспасында 2004 жылы жариялаған болатын. Атаның айтуына
қарағанда, 1145 беттен құралған Риландс нұсқасында бірнеше ерекшеліктер
бар. Қолжазба әр бетінде үш қатардан тұратын арабша, парсыша және түркіше
мәтіннен құралғандықтан ауқымды нұсқа болып табылады. Бұл кітаптың қай
жерде, қашан жазылғаны және оның аудармашысы кім екені жайлы мәлімет жоқ.
Мәтіннің сөздігін құраған ғалым Экманның ойынша, бұл туынды қараханид
тілінің соңғы, хорезм тілінің алғашқы дәуірінде жарыққа шыққан болуы тиіс.
Тағы да Экманның сөзіне сүйенер болсақ, тілдік ерекшеліктерін ескере
отырып, оның ХIII ғасырдың екінші жартысы-ХІV ғасырдың алғашқы жартысында
жазылған деген тұжырымға келеміз. Басқа бір нұсқасы Хәкімұлы Али Паша
Мешітінің Сүлеймание Кітапханасында 2-нөмірмен тіркелген. Осы нұсқаны
Гүлден Саол Гарвард Университетінің Таяу Шығыс тілдері мен мәдениеті
бөлімінің баспасында 1993 жылы жариялаған болатын. Саолдың айтуы бойынша,
аталмыш нұсқа толығымен дерлік толықтырулардан құралған. Рейхани Несих
жазған бұл шығарма: арабша тоғыз қатар, түркіше тоғыз қатар, жалпы он сегіз
қатардан тұрады. Осы туынды хорезм тілінде қолға алынған.
Бұлар шығыс түркішесіне жасалған сөзбе-сөз аудармалар. Оған қоса, тәпсірлер
де бар. Солардың алғашқысы, Санкт-Петербург қаласының мұражайында сақтаулы
тұр. Осы нұсқаны 1914 жылы Ахмет Зәки Уәлиди Тоған Түркістан аймағынан
тапқан еді. Бұл шығарманы кім және қашан жазғаны белгісіз. Фуат Көпрүлүнің
еңбектерінде осы тәпсір Әмір Темір кезеңінде жазылған деп көрсетіледі [6].
Осы аударманың өзіне тән ерекшелігі – мағынасының сөзбе-сөз жеткізілуімен
қоса, сүрелерге қатысты тәпсір мен хикаялардың да болуы. Тәржіманың жазба
тілінде де ерекшелік бар. Экманн тәпсірлі аударманың жазба тілі қараханид
тілі екендігін, дегенменен тәпсір мен хикаялар үшін қыпшақ, оғыз және де
шағатай тілдері элементтерінің қолданылғандығын айтады. Сондықтан, аталмыш
тәржіманың ХV ғасырдан бұрын жазылуының мүмкін емес екенін алға тартады.
Бартольд осы тәпсірлі тәржіманың Мәуереннахрда жазылғандығын айтып өткен.
Абдүлқадір Инан аты аталған шығармадағы тәпсір мен хикаялар тілінің хорезм
тіліндегі Нахжу-л-фарадистен еш айырмашылығы жоқ екенін, ең аяғында оғыз
тілі элементтерінің көбірек қолданылғандығын көрсетеді. Aл шығарма сөздігін
дайындаған Боровков ондағы тілдің Муқаддимату-л-әдәб еңбегіне жақын
екендігін айтады. Зейнеп Қорқмаз Марзубаннаме аудармасы атты еңбегінде
тәпсірдің қараханид тілінен хорезм тіліне өткен кезеңінде жазылған шығарма
екендігін жазған [7]. Ал, екінші тәпсірлі тәржіма ХVІ ғасырда Шайбани
Хандығы кезеңінде жазылған. Бұл шығарманың екі нұсқасы бар. Оның алғашқысы
– Топкапы Сарайы кітапханасының ІІІ Ахмет бөлімінде 16-нөмірмен сақтаулы
тұр. Осы нұсқаның жазылған уақыты 1543-1544 ж.ж. арасы, ал, екінші нұсқасы
Кония қаласындағы Мәулана мұражайының кітапханасында сақтаулы. Оның жазылу
уақыты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құран Кәрімді қазақ тіліне аудару мәселелері
Тәпсірдің ерекшеліктері
Құран немесе Құран Кәрім
Құран – тұтастай тұңғиық ғылым
Құран Кәрім
Диуани Хикмет еңбегі
Тiлдегi кiрме элементтер және оның қалыптасу жолдары
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі
Қожа ахмет иассауи хикметтерінің орыс тіліне аударылу мәселелері
Қожа Ахмед Яссауий кесенесі
Пәндер