Қазтуған Сүйінішұлы



1. Қазтуған Сүйінішұлы
2. Қазтуған жырау
3. Сүйініш ұлы Қазтуған
4. МАДАҚ ЖЫРЫ
Қазтуған Сүйінішұлы (шамамен 15 ғасырда өмір сүрген) – жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі. Қазтуған жыраудың артынан өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалған. Бірақ жырларының көпшілігі сақталмаған. Бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде «Бұдырайған екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» деп аталатын үш толғауы ғана бар. Алайда аталған үш шығарманың өзі-ақ Қазтуғанның қазақ әдебиет тарихынан орын алуына негіз бола алды. Қиялының ұшқырлығы, кеңдігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен әсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа толы болғанын танытады. Ұлттық бояуы ашық, өршіл романтикаға суарылған, афористік толғаныс, көркем тіркестерге бай Қазтуған жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған.
Жыраудың «Бұдырайған екі шекелі» толғауында әрі жырау, әрі батырға тән өз портретін өзі жасап, ұтымды да дәл метафоралық салыстырулар арқылы әсем көмкерген. Ал, «Алаң да алаң, алаң жұртта» халықтың туған мекен ? Еділін тастап, шу бойында алғаш хандық құрып, қоныс тебуі, тәуелсіз ел болу кезеңін меңзейді. Қазтуғанның туған жер, өскен елге деген махаббаты да кіршіксіз әрі шексіз. Ол «Кіндік кесіп, кір жуған» ата қоныс ? Еділдің дарқан байлығы мен шексіз де шетсіз қуатты мекен екенін сипаттау арқылы өз сүйіспендігін жайып салады. «Жатып қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жерді» суреттегенде, оның елге қорған, мықты тірек болғанын да ұмытпайды. «Белгілі биік биік көк сеңгір» жырынан жауынгер-жыраудың өмір жайлы тыныс-түсінігі айқын аңғарылады. Бұл аталған жырлар қазақ әдебиетінде өзінің мазмұны мен көркемдік сипаттары жағынан ғана емес, сыртқы түзілім-құрылыс тұрғысынан да ерекше дараланады.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазтуған Сүйінішұлы

Қазтуған Сүйінішұлы (шамамен 15 ғасырда өмір сүрген) – жырау, жорық
жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі. Қазтуған жыраудың артынан өмір,
болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан
алуан жырдан құралған мол мұра қалған. Бірақ жырларының көпшілігі
сақталмаған. Бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде Бұдырайған екі
шекелі, Алаң да алаң, алаң жұрт, Белгілі биік көк сеңгір деп аталатын
үш толғауы ғана бар. Алайда аталған үш шығарманың өзі-ақ Қазтуғанның қазақ
әдебиет тарихынан орын алуына негіз бола алды. Қиялының ұшқырлығы, кеңдігі,
суреттеу тәсілдерінің байлығы мен әсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық
өнерінің жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа толы болғанын танытады. Ұлттық
бояуы ашық, өршіл романтикаға суарылған, афористік толғаныс, көркем
тіркестерге бай Қазтуған жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына
үлгі, өнеге мектебі болған.
Жыраудың Бұдырайған екі шекелі толғауында әрі жырау, әрі батырға тән
өз портретін өзі жасап, ұтымды да дәл метафоралық салыстырулар арқылы әсем
көмкерген. Ал, Алаң да алаң, алаң жұртта халықтың туған мекен ? Еділін
тастап, шу бойында алғаш хандық құрып, қоныс тебуі, тәуелсіз ел болу
кезеңін меңзейді. Қазтуғанның туған жер, өскен елге деген махаббаты да
кіршіксіз әрі шексіз. Ол Кіндік кесіп, кір жуған ата қоныс ? Еділдің
дарқан байлығы мен шексіз де шетсіз қуатты мекен екенін сипаттау арқылы өз
сүйіспендігін жайып салады. Жатып қалған бір тоқты жайылып мың қой болған
жерді суреттегенде, оның елге қорған, мықты тірек болғанын да ұмытпайды.
Белгілі биік биік көк сеңгір жырынан жауынгер-жыраудың өмір жайлы тыныс-
түсінігі айқын аңғарылады. Бұл аталған жырлар қазақ әдебиетінде өзінің
мазмұны мен көркемдік сипаттары жағынан ғана емес, сыртқы түзілім-құрылыс
тұрғысынан да ерекше дараланады.
Қазтуған жырлары алғаш рет Ғ.Мұштақтың Шайыр, яки қазақ ақындарының
басты жырлары деген кітабында басылған. Кейіннен Ертедегі әдебиет
нұсқалары, Алдаспан, 15-18 ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Бес ғасыр
жырлайды атты жинақтарда жарық көрген. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық
энциклопедиясы, 5 том

Қазтуған жырау

Қазтуғанның туып-өскен қонысы – Еділден бөліне шығып, онымен жарыса
ағатын Ахтуба, Бодан (Бозан) өзендерінің бойы, қазіргі Красный Яр қаласы
тұрған маңай. Жырау көшпенділердің шынжыр балақ, шұбар төс әскери
аристократиясынан шыққан сияқты. Халық аңыздарында ол қолбасы батыр.

Өзіне арнаған мадақ жырында Қазтуған былай толғайды:
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шәй жібек оққа кірісті,
Айдаса – қойдың көсемі,
Сөйлесе – қызыл тілдің шешені,
Ұстаса – қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы,
Билер отты би соңы,
Би ұлының кенжесі,
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,
Бұлыт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқа
Сүйінішұлы Қазтуған!

Таза далалық поэзия! Бұл жолдар қазақ тілінде ғана сұлу, қазақ
оқушысына ғана түсінікті. Мұздай ызғарлы ауыр сауыт киген батыр көтермелеу
үшін өзін номадтың түсінігіндегі ең әулетті, ең құрметті деген заттарға
балайды. Тарпаң тағыны ұстар ұзын құрық, ақ орданы сүйеп тұрған әшекейлі
сырық, жас бураның тал қайзар өткір азуы, қыранның жембасар тырнағы, -
алтын да, күміс те, алмас та емес, бірақ алтыннан да, алмастан да салмақты,
іріктеліп, екшелеп алынған образдар. Осы жолдардан Қазтуғанның жорықшы,
жауынгер жырау болғандығы көрінеді. Сонымен бірге жыраудың эпосшы
болғандығы да аңғарылады. Ноғайлы цикліндегі жырлардың біразынан Қазтуған
поэзиясының әсері байқалады. Бұл тұрғыдан алғанда Қазтуған – қазақ эпосын
жасаушылардың бірі.

Бұлыт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан, -
деп шалқыған Қазтуғанның білегінің күші қаншалық болғанын біз
білмейміз, ал ақындығына келсек, оның мұндай сөздерді айтуға толық хақысы
болғандығы көрінеді. Қазтуғанның нақыл-тақпақ, жыраулық ой толғанысынан
келетін:

Балдағы алтын құрыш болат
Ашылып шапсам дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп.
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқа мен қосым қалар деп.
Ақ дария толқын күшейтер,-
Құйрығын күн шалмаған балығын
Ортамнан ойран салар деп.
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп, -

Іспеттес жолдары жыраулық поэзияның бізге жеткен ең ескі үлгісі. Бұл
жерде үлкен ақыл иесі, кең тынысты жырау бой көрсетеді.
Алайда Қазтуғанның ақындық қуатын танытатын шығарма – оның туған жермен
қоштасу жыры. Бұл толғаудан кейін бүкіл қазақ поэзиясына азық болған
образдарды ұшыратамыз.

Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ағала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қонымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт!

Бұл жолдарда оқушысын баурап алатын ерекше бір күш бар сияқты. Аңдап
қарасақ, өзгеше ештеңе де жоқ, қарапайым сөз тіркестері. Алайда осы
қарапайым сөздердің өзінде адамды елітер, ерітер қаншама сезім жатыр
десеңші!
Қазтуған поэзиясы – табиғат аясындағы көңілі таза сәби көшпендінің
поэзиясы. Бұл поэзия номадтың санасының қаншалық дәрежеде болғандығын
көрсетеді, оның өзін қоршаған, әлі адам қолы бүлдірмеген табиғат туралы
түсінігінен елес береді, өмірге көзқарасын білдіреді. Табиғат аясындағы
ақкөңіл номадтың қиялы өзінің ұшқырлығымен, кендігімен, сонымен қатар
балаңдығымен бізді таң қалдырады. Жырау туғызған кейбір муреттер мен
образдарға біз кішкене баланың құмнан соққан құрылыстарына қараған үлкен
кісінің сезімімен қызықтай қраймыз, бірақ күлмейміз, - сүйсінеміз. Бұл
сезім кейде бас ұруға дейін жетеді. Өйткені Еділ жөнінде айтылған:
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақсы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас, -
деген жолдар хас суреткердің қолынан ғана шығуы мүмкін еді. Сүйкімсіз
шөп шырмауықтың қалыңдығы, адамға тыныш ұйқы ұйықтатпайтын бақа-шаянының
көптігі де жырауға соншалық ыстық. Туған жердің қасиеттілігінің бір белгісі
іспеттес. Бірақ біз жатырқамаймыз, тыжырынбаймыз – суреткердің қиялына
таңырқап, демімізді ішке тартамыз. Өйткені біздің алдымызда орта ғасырдың
поэзиясы, ортағасырлық көшпенді. Осы тамаша толғау:
Сөйткен менім Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Хайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт, -
деп Еділ бойында қалған түрік тектес руларға бақыт, береке, тыныштық
тілеумен аяқталады.
Біздің қолымыздағы Қазтуған атына қатысты деректер әзірге осымен
шектеледі. Бізге жеткен, әрине, Қазтуған мұрасының жүзден бірі ғана. Бірақ
осының өзі қазақ әдебиетінің басы болып есептелуге тиіс суреткердің
творчествосы жайынан біршама елес бере алады.

Сүйініш ұлы Қазтуған
Қазтуған туралы аз жазылған жоқ. Зерттеу еңбектердің баршасы да оны ХV
ғасырдың тұлғасына жатқызады. Бірақ ол пікірдің шындықтан ауылы алыстау.
Қазтуған – Ноғайлы жырауларының ең кенжесі, ХVІІ ғасырдың бірінші
жартысында өмір сүрген тұлға.
Жыраудың өмір сүрген кезеңін анықтауға Ноғайлы шежірелері септеседі.
Қазтуған шежіресі былай түзіледі: Ысмайыл – Дінбай – Тінікей – Абдол –
Сүйініш – Қазтуған. Ысмайыл Мұса бидің ортаншы ұлдарының бірі болғандықтан,
1480 жылдар шамасында дүниеге келді деп болжауға болады. Ал өлген жылы 1563
жыл. Оның төртінші ұлы Дінбай Орыс би заманының 1578-1590 жылдары атыс-
шабыстың бел ортасында болды. Қазтуған Ысмайылдың бесінші ұрпағы. Әр
ұрпаққа 20-25 жастан бергенде Қазтуған 1600 жылдар шамасында дүниеге келген
болады.
Ол ноғай ұлтының төл перзенті. Үшінші атасы Дінбай би дәрежесіне
көтерілмегенмен, Башкирияның уәлиі болған Ноғайлының атақты мырзаларының
бірі. Қарғыс тигендей атыс-шабыспен өмірлері Ысмайыл ұлдары арасында үнемі
әділет жолына жығылушылардың бірі болды.
1556 жылы Астраханды орыс ләшкері екінші рет алып, Ысмайылдың талабымен
Еділдің өткелдеріне қатаң күзет қойылған-ды. 1558 жылы Ливон соғысы
басталып, күзет алынып тасталғанда, Ысмайылдың қитұрқы қылықтарына наразы
болған Дінбай әкесінен бөлініп, Қырымға ауған-ды. Қырым ханы Дәулеткерей
апаларынан туған жиен еді. Хан Ысмайыл балалары Дінбай мен Құтлықбайды,
олармен бірге ілесе барған Сейідахмет би ұрпақтары мен Оразалының тоғыз
ұлын құшақ жая қарсы алды. Дәулеткерей 100 мың ләшкермен Мәскеуге жорыққа
аттанбақшы еді. Әлгілерді ләшкер санатына қосты. Бірақ орыс межелерінің
күзеті мықты екенін барлап біліп, жорықтан бас тартты. Ноғайлыдан
келгендерге елдеріне қайтуға кеңес берді. Дінбай қайтар жолда Дон
казактарының шабуылына ұрынып, інісі Құтлықбайды тұтқында қалдырып,
соңындағы қалың найман елін жауға беріп, он бес адаммен ғана қашып келді
(В.В. Трепавлов... 303-б.). 1559 жылы әжептәуір жасақпен барып, тұтқын
болған інісін, қолды болған елін және бүлгін кезінде ауып кеткен қыруар
жұртты қайтарып әкелді. Риза болған әке оны Башкирияға уәли ғып жіберді.
Дінбай 1563 жылдың қысында Ноғайлыдан қашып кеткен Шейхмамайдың үш ұлы
Ташкент билеушісі Барақ ұлы Баба жасақтарымен тізе қосысып, Ноғайлының
шығыс қанатын тонағанда, соңдарынан аттанып, мал-мүлікті айырып алып, жорық
жетекшілерінің бірді-екісін байлап алып қайтқан да осы Дінбай еді (Сонда,
309-б.).
Ал 1576 жылы Дінахмет бидің тұсында Башкирия уәлиі Дінбай дәрежесі
жағынан бимен теңестірілді (Сонда, 315-б.). Ал Орыс би тұсында ол батыс
тарап шекараға жауапты – нұрадын қызметін 1584 жылға дейін атқарды. 1586
жылы қаңтарда Орыс пен Дінбай елшілері Бақшасарайға келіп, Түрік сұлтанына
сұранды. Дінбай Орыс бидің түрікпен тізе біріктіру саясатын қолдады.
Міне, осы шамадан бастап, Дінбай аты құжаттарда кезікпейді де, Дінбай
ұрпақтары атымен Тінікей, Қанай, Рахманқұл есімдері ауызға ілігеді.
Демек, Дінбай ақ патшаға жаны қас Орыс бидің үнемі серіктесі болып,
саяси сахнаға Орыс бидің ұлы Жанарслан шыққанда да, Дінбай ұлдары оның
шашбауын көтерді. Сөйтіп, Дінбай және Дінбай ұрпағы Ноғайлының Ресейге
қарсы тобының басты тіректерінің бірі болды деуге негіз бар. Дінбай
ұрпақтары орысшыл Ормамбетті өлтіруге қатысты. Осы оқиғадан кейін Ноғайлыға
Астрахан атқыштары шыққанда Дінбай ұрпақтары Жемнің сыртына көшіп кетті.
Бұл мәселелерді тәптіштеп баяндап отырған себебіміз: сөз болған
жағдайлардың көбісі Қазтуған толғауларына жыр жолдары болып енген.
Сап-салпыншақ анау үш өзен ,
Салдары менің ордам қонған жер...
Мұндағы үш өзен: Еділ, Жайық, Жем. Бұл үш өзенді жайлағаны рас.
Соңғысында тіпті Жемнің шығысына асып кеткен-ді.
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінде ашқан,
Сүйінішұлы Қазтуған.
Мұндағы кәуірі Ресей екені бесенеден белгілі. Кәрі атасы Дінбайдың
орысқа қарсылығымен жастайынан сусындап өскен Қазтуғанның бұл мәселедегі
көзқарасы анық та біржақты.
Еділ – Жайық арасын 1508-1513 жылдар аралығында Ормамбет інілері мен
балалары тастап шыққан соң, Есет, Ор, Жем сыртында жүрген Орыс пен Дінбай
ұрпақтары Астрахан аймағына келіп, қазіргі Қызылжар, Володар ауданындағы
Бозан суының бойына қоныстанды. Құт-береке Бозан өзенінің көрінісі қаз-
қалпы Қазтуған жырына көшірілген:
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған.
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежедегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас.
(Бес ғасыр жырлайды. Алматы, 1989. 29-б.).
Осы шумақтағы “ботташық” Бозан өзені бойында өсетін тамырлы жеміс, осы
өңір тұрғындары арасында әлі де ботташық деп аталады.
Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиянда”:
Қабыршақты, Қарасу
Қанатымды залым қияр деп,
Қарғабойлы, Қазтуған
Қайғыланып көшкен жер, –  деп, Қазтуғанның ата қонысы Қабыршақты,
Қарасу деп көрсетеді. (Мұрат. “Арыс” баспасы, Алматы, 2001. 135-б.).
Әлбетте, осыған ұқсас жер аты әр жерде кездесуі мүмкін. 1576-1586 жылдарда
Қазтуғанның ұлы атасы Ноғайлыға нұрадын болып, батыс шекараның
жауапкершілігін мойнына алды. Бұл қауым Сарай-Бату қаласының үйіндісі мен
Сарай-джедид (Жаңа Сарай) аралығын қоныстанғаны белгілі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазтуған Сүйінішұлы- жырау
Жыраулар поэзиясы
ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ
Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
Қазтуған Cұйінішұлы
Халқымыздың ұлы ұландары жыраулар шығармашылығында
Қорқыт ата кітап
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАНЫМДАР БАСТАУЫ
XIX ғасырда өмір сүрген ақын - жыраулар
Пәндер