Тәрбие және оның даму тарихы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе

1 Тәрбие және ислами тәрбиеге жалпы көзқарас.

1. 1 Тәрбие және оның даму тарихы . . .

1. 2 Құран және оның тәрбиелік мәні . . .

1. 3 Ислам тәрбиесінде Мухаммед пайғамбардың орны . . .

2 Исламдағы бала тәрбиесінің маңыздылығы.

2. 1 Исламдағы бала тәрбиесінде жанұяның рөлі . . .

2. 2 Исламда бала тәрбиесінің негізгі принциптерімен әдіс-тәсілдері . . .

2. 3 Бала тәрбиесі туралы ислам ғалымдарының тұжырымдамалары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе.

Зерттеудің өзектілігі:

XXI-ғасыр қоғамға көптеген техникалық прогреспен қатар рухани өзгерістер әкелгені рас. Нақтырақ айтсақ, жаңа ғасырдың жаңалықтары адамдардың тыныс тіршілігіне өз әсерін тигізіп қана қоймай, заманға бейімделуді де талап етуде. Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, сол қоғамның заңдылықтарына бағынады. Тіпті әр кімнің өзі шешуге тиіс отбасылық мәселелерді де қоғамдық өзгерістерге байланысты қарастыруға тура келіп отырғаны жасырын емес.

Отбасының көз қуанышы бала. Сондықтан да «балалы үй -базар, баласыз үй- қу мазар» деп ата-бабаларымыз тегін айтпаған. Бұл нақылдың бүгінгі таңда маңызы жоқ болып бара жатқандығы бәрімізді толғандырар. Еліміздегі тастанды бала, көкек ана сияқты толып жатқан негізгі мәселелерді азайтып, жойып теріс қылықтарға жол бермеу біздің тақырыбымыздың көкейтесті мәселесі болмақ.

Адам тумасынан адамгершілік қасиетке ие болып тумайтыны белгілі. Адамгершілік қасиет адамға тәрбие арқылы дариды. Бала тәрбиесі- бұл өмір тынысы және тарихи ұғым. «Бала тәрбиесі- бесіктен» десек те, соңғы жылдары бала тәрбиесіне ата-ана тарапынан да, қоғамдық ұйымдар тарапынан да жеткілікті назар аударылмай, назардан тыс қалып жатқандығы байқалады. Соның нәтижесінде адамдар арасында мейірімділік, адамгершілік пен имандылық азайып, қатігездіктер орын алуда.

Балалар жас бір қоғамның келешегі. Әр бір қоғам келешегіне кепілдік беретін, өзінің ұлттық мәдени қасиеттерін сақтап қалатын және дамытатын адамдарды қалдырып кетуді қалайды. Балаларға жақсы тәрбие берген, оларды жақсы өсірген, дініне, ұлтына, отанына ең үлкен қызмет еткен болып есептеледі. Балаларға діни әрі пән ілімдерін үйрету қоғамның іргетасын жақсы салу демек. Қоғам осындай іргетас пен ғана жоғарылайды. Алайда, іргетас неғұрлым мықты болса, қоғам да соғұрлым күшті қуатты болады. Іргетас әлсіз болса қоғам да күшсіз осал болады. Балаларды дүниеге әкелу қиын емес, оларды адам ету- ең ауыр жұмыс.

Қазақ халқы соңғы ғасырда тәрбиенің екі түрін басынан өткізді деуге болады. Оның біріншісі қазан төңкерісіне дейінгі ұлттық тәрбие болса, екіншісі төңкерістен кейінгі коммунистік тәрбие. Қазақтың ұлттық тәрбиесі негізінде ислам дінінің қағидаларына негізделген имандылық жолы болатын, сондықтан да олар рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қойған.

Ал коммуистік тәрбие болса атеистік саясат жүргізіп, дінді бас қатыратын “апиын” деп, материалдық құндылықты рухани құндылықтан жоғары қойып келеді. Соның кесірінен адамдар құдайға да сенбей заңды да силамай өмірдегі басты мақсат тіршілікке, ішіп жеп бұл дүниенің рахатын көріп қалу деп ұқты. Мұндай тәрбие ақыры аяғында имандылық жолынан тайдырып, моральдық азғындыққа алып келді.

Мемлекетіміз өз егемендігін алғаннан кейін тілімізді, дінімізді және мәдениетімізді қалпына келтіре бастады. Дегенмен де, қазіргі таңда тәрбие тек мемлекетімізде емес, бүкіл дүние жүзінде ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Сол себептен ұлттық тәрбиенің қайнар көзі болған ислам тәрбиесін, соның ішінде бала тәрбиесін зерттеуді ғылыми жұмысымның мақсаты етіп таңдадым. Мен бұл жұмысымда тәрбиенің қыр-сырын, ислам тәрбиесінің негіздерін, исламдағы бала тәрбиесінің ерекшеліктерімен әдіс-тәсілдерін ашып көрсетуді мақсат еттім.

Мынаны ескерте кетейін, бұл тақырыпқа қатысты мемлекетімізде нақты зерттелген жұмыстар мен әдебиеттер болмағандықтан шет тілдерінде жазылған әдебиеттерді қолдануға тура келді. Меніңше дін ғылымына сұраныс арта бастаған өлкемізде ислам негіздерінің, соның ішінде ислам тәрбиесіне қатысты арап, түркі тілдеріндегі жазылған шығармаларын мейлінше аудару ләзім.

Шығыс пен батыс зертеушілері Құранды дүниежүзілік мәдениетте кездеспейтін туынды деп есептейді. Бұған Құранның қаншама ғасырлар өтсе де оның өзгермеуі, ескірмеуі, уақыт өткен сайын өзінің құндылығын жоғалтпай жасара түсуі дәлел болады.

Әрине әр бір саладағы зерттеулердің белгілі бір мақсаты бар. Атақты неміс философы Гегель тәрбиенің мақсатын жақсы азамат өсіру деп тұжырымға келсе, Джон Девид тәрбиенің мақсатын адамдарды адамгершілікке қол жеткіздіру деп пайымдайды. Атақты тәпсірші Байзауи болса тәрбиені “бір нәрсені бірте бірте дамыта отырып, кәмелдікке жеткізу деп түсіндірген. Ислам дінінде тәрбиенің мақсатын төмендегідей түсіндіреді. Бақара сүресі 201 аятында “Эй Раббымыз, бізді бұл дүниеде де және ахиретте де жақсылықтарға бөле және тозақтың азабынан сақтайгөр” делінеді. Бұл аятқа қарайтын болсақ ислам дінінің мақсаты адамды кәміл адам ету, шын ақиқатқа нағыз әділеттікке, шын бақыттылыққа апару болып табылады.

Шын мәнінде адамзат тарихындағы ең маңызды және қайталанбас оқиға исламның келуі және оның өркен жайып дамуы болды. Кезкелген анархиялық жағдай пұтқа табынушылық, Аллаһқа серік қосу, әділетсіздік, зұлымдық пен жауыздықтың үкім сүріп жатқан араб қоғамында жалғызғана ортаға шыққан Мухаммед пайғамбар жиырма үш жыл ішінде пайғамбарлық өмірін тәмамдаса да, араб түбегіндегі Сирия, Иранға дейінгі жерлерді өз ішіне алған үлкен мемлекетті артына қалдырды. Оның тәрбиесін алған сахабалар кезеңінде Ислам мемлекеті шығыста Қытай территорияларын батыста Атлантика мұхиттарына болған жерлерді өз ішіне алған мемлекетке айналды.

Сондықтан зерттеу жұмысымның екінші тарауындаисламдағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері жайында айтпақпын. Негізінде, ислам тәрбиесіне негізделген қазақтың ұлттық тәрбиесін зерттейтін болсақ, баланың туылуындағы шілдехана, бесіктой, сүндеттой, ат қою сияқты мерекелердің түбінде Құран мен Мухаммед пайғамбардың хадисі жататындығын байқауға болады.

Зерттеудің мақсат-міндеттері: Өлшеусіз өнер, мақсатсыз жұмыс оңбайды демекші, осы жұмысты жазуда белгілі бір өлшемдердің, қағида мақсаттардың болатындығын ескерсек:

  • Ислам тәрбиесінің әдістемелік қайнар көздерімен таныстырып олардың ислам тәрбиесіндегі алатын орнын анықтау.
  • Ислам тәрбиесіне қатысты ғалымдардың тұжырымдамалары мен ұсыныстарын қарастыру.
  • Исламдағы бала тәрбиесінің методологиялық ерекшеліктерімен таныстыру. Сондай-ақ оның негізгі ғылыми әдіс-тәсілдерімен принциптерін айқындау.
  • Исламдағы бала тәрбиесінің ұлттық тәрбиемен байланыстылығын салыстыру және айырмашылығын көрсету.
  • Қысқаша айтатын болсақ, мемлекетімізде исламдағы бала тәрбиесі туралы зерттелінген нақты жұмыстар аз болғандықтан сол олқылықтың орнын толтырмаса да, сынық айна жоқтан жақсы деген қағидаға сүйеніп жұмысты ислами тұрғыдан зерттеуді мақсат еттім.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Исламдағы бала тәрбиесін ислами ғылымдар мен әлеуметтік ғылымдардың негізінде зерттеу.

Зерттеудің құрылымы: Зерттеу әдеттегідей, кіріспеден, бірінші тарау үш бөлімнен, екінші тарау үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1. 1 Тәрбие және оның даму тарихы.

Араб тілінде тәрбие сөзінің үш түрлі түбірін кездестіруге болады.

  1. Раба- ярбу; көбейту, арттыру мағынасына келеді. Құранда Рум сүресі 39- аятында осы мағынада қолданылған.
  2. Раба- ярби; пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.
  3. Раба- яруббу; реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді. /1/. «Раб» сөзі тәрбиелеуші реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ тағаланың есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет айтылады. Құранда ең көп айтылатын «Аллаһ» сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында «раб» сөзі тұрады. /2/.

«Раб» сөзі негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына қолданылады. Сондықтан да Құрандағы мағынасы осыны меңзейді. Негізгі мағынада қолданар болсақ, бүкіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық көрінеді. Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар еткен, Аллаһ тағала үшін қолданылады. Тәрбиенің білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады. Тәрбие, алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі буын өкілдеріне ілім-білімдерін үйретуі деп айтқандар да бар. Тәрбиеден мақсат жаман мінез-құлықтан жақсы мінез-құлыққа, адамзатқа пайдалы өнеге болатын үлгілі адам тәрбиелеу. Тәрбие сөзі тілімізде ахлақи іс-әрекет мағынасында да қолданылады. Мысалға жақсы менезді адам үшін «тәрбиелі», жаман мінезді адам үшін «тәрбиесіз» деп қолданылады. Тәрбие сөзінің «әдеп» сөзімен байланыстылығы да бар. Әдепті адам деген кезде тәрбиелі адам, әдепсіз адам деген кезде тәрбиесіз адам ойға келеді. /3/.

Тәрбие ұғымын Мухаммед пайғамбардың міндеті жағынан алып қарайтын болсақ «теблиғ»-жеткізуші, «муршид»- жол көрсетуші деген мағынаны білдіретін теблиғ және муршид сөздері тәлім-тәрбие мағынасын өз ішіне қамтиды. Мухаммед пайғамбардың «Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деген сөзімен тәрбиенің мақсатын көркем мінезге қол жеткізу, қасиеттілікке ие болу деп айтсақ қателеспейміз. Ислам тәрбиесінің мақсаты адамдарды дүние және ахиретте бақыттылыққа жеткізу, қысқаша айтатын болсақ «жақсы мұсылман өсіру» болып табылады.

Имам Ағзам Әбу Ханифа «Тәрбие тұлғаны тәрбие ететін немесе бұзатын нәрсені білуді білдіреді» деген. Ал Маверди бұл жайында былай деген: «Тәрбие тірекке ұқсайды. Аллаһ ол арқылы ақылды кемелдендіреді. Тәрбие әсемдік, ұрпағы құруға айналғандарды, Аллаһ тағала тәрбие арқылы көркемдейді»

Зернуси: «Білім, зейінді алатын нәрсе, ал тәрбие болса, білім мен үкім беру жүйелерін үйретеді» деген. Ибн Сина тәрбиеге «қандай да бір нәрсені, әдетке айналдырғанша қысқа әрі ұзақ уақыт қайталау» деп анықтама берген.

Атақты тәпсірші Бейзауи болса тәрбиені «Бір нәрсені бірте-бірте дамыта отырып, кәмілдікке жеткізу» деп түсіндірген. /4/.

Тәрбие негізінде өз алдына мақсат емес себеп болып есептеледі. Кейбір ата-аналар балаларын, өмір мектебіне дайындау үшін тәрбиелейді. Кейбірі білімдар болуы үшін тәрбиелейді. Ал енді біреулері еліне, халқына қызмет ететін азамат болсын деп тәрбиелейді. Тәрбиенің осы сияқты мақсаттары көптеп кездеседі. Адамдар әртүрлі дәуірлерде заманның талабына сай тәрбиені алуан түрлі мақсаттарда қолданып келген. Сондықтан да «Заман түлкі болса, тазы болып қу» деген сөзді негізгі қағидаға айналдырып, осыны бер перде тұтқан. Сол үшін тәрбие барлық жерде бірдей болмаған. Тәрбиенің жүйелі түрде берілуін сонау ежелгі гректерден көруге болады. Олардың түсінігінде ең құрметті адамдар, тәрбиенің сүзегінен өткендер болады. Ренесанс дәуірінде тәрбиенің мақсаты адамдыққа қол жеткізу болса, ХҮІІ ғасырда тәрбиенің мақсаты ғалымдарды көбейту мақсатқа айналды.

Қазіргі таңда да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі роліңді біле аласың. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Біздің аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дап болып, өз өмірлерінде дұрыс қолданғандай сыңай танытады. Бұлай дейтін себебіміз атадан қалған ұлағатты сөздердің түп төркіні осындай тұжырымға еріксіз жетелейді. Мәселен тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала». Міне мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастылатын ар мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Бізді тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.

Дүние жүзіндегі бүкіл діндер адамзатқа тәрбиеге қатысты әр түрлі ойлар мен әдіс тәсілдер қалдырған. Мысалға, Хиндуларда ең үлкен тәрбие денеге емес, рухқа бағытталған. Олардың пікірінше адамның өлуі, дүниеден арылып Нирванаға қауышуы ең үлкен бақыт болып саналған. Тәрбиенің мақсаты жамандықтан ұзақ болу, қоғамға жақсы адам үлгісін тәрбиелеу болса да олардың бұл әдістері тәрбиені тек руханиятпен шектеп дүние өміріне маңыз бермеуі, нәпсінен, бүкіл арман және қажеттіліктерінен алыс болуы тәрбиенің мақсатына кедергі болушы еді.

Будда діні жоғарыдағы ұстанымдарды шамалы өзгертсе де, бәрі бір дене мен рухты адамдық іс-әрекеттен алыстататын еді. Олардың пікірінше өмір қиыншылықтан, жамандықтардан тұрады. Бұл жамандық адамдар кәмілдікке қол жеткізгенге дейін жалғасады. Адамдардың өлімі тек формалардың ауысуы ғана еді. Қайтыс болғанға дейін бұл тәрбиені алмайтын болса дүниеге қайтадан жануар түрінде оралады. Адам тәрбиеленумен Нирвананың шыңына жетеді. Хиндулар Брахмандардың, яғни рахибтердің қол астында еді. Жазу алғашқы кездері құмға жазып үйретілген. Кейінерек өсімдік жапырақтарына сия мен жазып үйретілген. Жоғары оқуда тек Брахмандар ғана оқи алатын.

Зәрдушт дінінде 15 жас балағат жасы болып есептелген. Балағат жасына келген жастарға зәрдүшттік заңдар және ахлақи бағыттар үйретілген. Жастардың діндар, еңбексүйгіш және іс-әрекеттерінде адал болуларына маңыз берген. Зәрдүшттік тәрбиеде адам өз міндетін сезінудегі негізгі белгісі оның рухани пәк болуында. Әйелдерге қамқорлық жасау негізгі адамгершілік борыш болып саналған. Тамақтануға да көп көңіл бөлген. Өйткені адам тамақтанбаса азамматтық қызмет борыштарын жасай алмайды. Өйткені адамның рухани өмірі физикалық өмірі мен тікелей байланысты. «Тамақ жеп ішпейтін адамның құлшылық жасауға күші жетпейді»(Ясна, 33 баб) . Зәрдушттікте адамдарды әлсіздендіреді деп оларға ораза ұстауға тиым салған. Тамақтану жақсарған сайын адамдардың мінез-құлықтары да жақсара береді. Олар арақ ішуге тиым салмайды. Мөлшері мен ішуді ұсынады. Осылайша арақ ішу арқылы жақсы мінезділермен жаман мінез-құлықты адамдарды ажыратуға болады. Зәрдүшттерде дүниеуи мал-мүліктерден бас тарту талап етілмейді. Оларды мөлшері мен пайдалануды әмір етеді.

Адамды кәмілдікке жеткізу түсінігі тайпаларда түрліше көріне бастады. Мысалға, римдіктерде қиыншылықтарға шыдаған батыр әскер кәмілдікті білдірсе, гректерде дене әдемілігі және мінез-құлық тәрбиенің негізгі мақсаты еді. Яхудилерде қасиеттілігі бар адам кәмілділікті білдірген. /5/. Олардың пікірінше балаларын жақсы көрген адам оларды сабау керек. Егер де оларды ұрмай мейірімділік жасаса балаларына қиянат жасаған болып есептеледі. Ер кісілер оқытылып, қыз балалар оқытылмайтын еді. Оларда ақыл-ой тәрбиесі екінші орында еді. Әке ұлдарына тарихы оқиғаларды тақпақ тәрізді түсіндірген. Тәурат балалардың қолынан түспейтін, үнемі ұстаздарының мінез-құлық дәрістерін балаларға үйрететін кітабы болып, “балаларды бір қол мен жазалап екі қол мен аялау» дәстүрі пайда болды.

Қытайда болса ежелден қалыптасқан Конфуцийдің тәрбие тәсілдері мен салт-дәстүрлері үйретілетін еді. Конфуцийдің пікірінше кәмілділік тек қана үкіметке мойынсұнуменен ғана жүзеге асады. Оның пікірлері қазірге дейін жалғасып келе жатыр.

Ежелгі түріктерде тәрбиенің негізі дін еді. Олардың алғашқы діні будда діні болған. Бұл діннің негізгі дәстүрлері әр уақыт қасиеттілікті жасырып, қателіктерін жариялау сипатта өмір сүру еді. Адамдарды жақсы көру, басқалардың сенімін мазақтап қорламау еді. Сондықтан да олар қонақсүйгіш барлыққа бірдей құрметте болатын еді.

Шыңғысханның немересі Құбылай Буддист болғанымен жексенбі күні христиандардың шіркеуіне, жұма күндері мұсылмандардың мешітіне баратын болған. Шаман діні де Буддизмнің бір бөлігі еді. Көне түріктер, қай сұлтан билік басына шықса соның тәрбиесіне, үкіміне бағынатын болған. Сұлтан қай дінге сенетін болса, халық та сол дінді қабылдаған. Сондықтан да ежелгі түріктер көп діндердің әсерінде қалған. /5/47-48беттер.

Иранның ежелгі діні зердушт діні болған. Тәрбие дәстүрлері де сол дінге негізделген. Жақсылық құдайы Хурмуз, жамандық құдайы Ахирман деп аталған. Олар құдайларына жету үшін Ахирманнан құтылу жолын іздестірген. Осылайша олар өздерін дене және рухани жақтан тәрбиелеп келген.

Тәрбиенің жүйелі түрде берілүін ежелгі түріктерден көруге болады. Грек философы Аристотель негізгі тәрбиеші әке-шеше екендігін, осы арқылы жанұя байланыстарының нығайуына, қоғамдық өмірде бауырмалдылықтың өркен жайып дамуына негіз болатындығын айтады. Бұл дәстүр тарихтың ең қараңғы жылдарында шығыс елдеріне үлкен ықпалын тигізді. Аристотелдің пікірінше тәрбие мәселесіне үкімет те араласуы керек. Ол баланың туылған сәттен емес, жеті жастан бастап оқытылуын ұсынады. Гректер балаларын қарапайым адамдардың қолына тәрбиелеуге берген.

Грек философы Платон адамдарды үш бөлікке бөлген. Диқаншылар мен өнершілер, соғысушы әскерлер және қызметкерлер.

Бірінші бөлік кісілердің тәрбиесіне тек өнер үйрету жеткілікті еді. Әскер тәрбиесінде екі нәрсеге көңіл бөлген. Олар музика және гимнастика. Қызметкер мен жұмысшыларға жоғары деңгейдегі білімдер, философия және тақуа, қиыншылықтарға шыдау, сабырлылық үйретілген. Шығыста болғаны секілді бір рахиптың құзырында бір ғалымның болуы қажет еді. Римдіктер Ирандықтардың әсерінде қалған.

Тарихи дамудың кейінгі жылдарында алғашқы қауымдықтың орнына құл иеленушілік пайда болды. Көне шығыста тайпалық қоғам пайда болып, материалдық әрі рухани мәдениетке негіз болды. Көне ғасырларда шығыс мемлекеттерінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі зор.

Мысалға, Қытайлықтар қағаз ойлап тапты, Үндістанда ондық есеп системасы, Месопатамияда жер планетасын градустарға, сутканы сағаттарға, минут және секунттарға бөлуді ойлап тапты. Сол кездерде Греция мәдениетінің ошағы болған Лакония (орталығы Спарта) және Антика (орталығы Афина) екі үлкен қала болған. Екі қалада да құл иеленушілік үкім етуші еді. Грецияда құлдар «сөйлейтін құрал» деп атанған. Тәрбие жұмысы мемлекеттің қолында, Спарта ауқатты кісілердің ғана оқуға мүмкіндіктері болған. Спарталықтардың балалары жеті жасқа дейін үйде болып, Агелла деп аталатын оқу орындарында он сегіз жасқа дейін білім алған.

Көне грек тарихшысы әрі философ Плуатахр Спарта мектептеріндегі тәлім-тәрбие туралы былай дейді: «Балаларға оқу жазудың ең қажеттісі үйретілетін еді. Тәрбие, мойынсұну, шыдамды болу және жеңу ілімін үйретуді көздеген». Спарта тәрбиесінің тағы да бір маңызды ерекшелігі балалардың жүректерінде құлдарға болған жек көрушілік сезімдерін ояту болған. Олар қыздар тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.

Көне Грецияның екінші ежелгі қаласы болған Афинада да Спарта секілді өзіне тән тәлім-тәрбие ерекшеліктері болған. Құлдар жеке мүлік ретінде қолданылған. Құлдар балаларды мектепке жетектеп барғандығы үшін оларға «педагог» деген атақ берілген. /6/.

Сакраттың пікірінше шынайы ахлақ тек ғалым және білімділерге тән. Сондықтан да үкіметті басқару оның пікірінше солардың қолында болуы керек.

Аристотель жан мен тәннің бар екендігін айта отырып жанды үшке бөледі. Өсімдіктердегі жан, бұл қоректену және көбеюмен белгілі болады. Хайуандардың жаны, өсімдіктердегі қасиеттер мен бірге сезім армандар да қосылады. Жанның үшінші түрі өсімдік және хайуандардағы қасиеттермен қоса ақыл, ойлау қасиеттерін өз ішіне алады.

Аристотелдің пікірінше жоғарыдағы үш түрлі жанға байланысты, тәрбие мәселесінде дене тәрбиесі, ахлақи тәрбие, ақыл-ой тәрбиесі болу керек екендігін айтады. Оның пікірінше кезкелген арман және іс-әрекеттерде төмен, орта және шектен асып кету сияқты деңгейлердің бар екендігін айтады. Олардың ішіндегі ең дұрысы тепе-теңдікті сақтайтын - орта жол болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
Педагогиканың шығу және даму тарихы
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан педагогикасының тарихы
Педагогика тарихының негізгі ұғымдары
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz