Конституция



І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Конституционализм
2. Конституциялық кеңес
3. Мемлекеттік басқарудың конституциялық қағидалары.
4. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Конституция ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.
Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.
Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады.
Украинаның, Молдованың, Грузияның,Өзбекстанның қолданыстағы Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды.
Болгарияның, Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның, КолумбияныңКонституциялары Құрылтай жиналысында қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), Ресейдің Конституциялары, сондай-ақ Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды.
Арменияның, Әзербайжанның, Литваның, ТәжікстанныңКонституцияларын парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді.
1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Алексеев С.С. Теория права. М.: БЕК, 1993.
4. Бсйсснова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
5. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994
6. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы:
Жеті Жаргы, 1996.
7. Ибраева А.С. Заң терминдсрінің казақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
8.Сапаргалиев Г.С. Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Конституционализм

2. Конституциялық кеңес

3. Мемлекеттік басқарудың конституциялық қағидалары.

4. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Конституция

Конституция ( латынның лат. constitutio — яғни құрылым сөзінен
шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты
жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің
бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі
кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд
Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары
оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады.
Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып
табылады.

Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша
Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті
конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады.
Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады.
Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін.
Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері
қолданылады. Атап айтқанда,
Конституцияны парламент, құрылтай ж иналысы, референдум қабылдайды немесе
аралас тәсілдермен қабылданады. 

Украинаның, Молдованың, Грузияның,Ө збекстанның қолданыстағы
Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды. 

Болгарияның, Румынияның, Камбоджаны ң, Бразилияның, КолумбияныңКонститу ц
иялары Құрылтай жиналысында қабылданды. Қазақстанның
(1995 жылғы), Ресейдің Конституциял ары, сондай-ақ Беларусьтің Негізгі
Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп,
бүкілхалықтық референдумда қабылдан ды.

Арменияның, Әзербайжанның, Литваның , ТәжікстанныңКонституцияларын
парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді.

1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда
қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық
заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни
мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен
(98 баптан) тұрады.

Конституционализм

Конституционализм - [французша Constitutionalisme, латынша Constitutio -
заң]

a) бастапқыда - саясатта, мемлекеттік құқықтағы конституциялық
монархияны ең қолайлы басқару түрі ретінде мойындайтын бағыт;

ә) негізгі заңның (конституцияның) әліппесін немесе жоғары заңдық күші
бар мемлекеттің аса маңызды заңдар жинағын, конституциялық процедуралар мен
ұстанымдарды қатаң ұстану принципі; заң билігі үстемдік құратын тәртіп,
яғни мемлекеттік органдар өз бетінше емес, құқықтық ережелерге сәйкес
әрекет етеді;
б) саяси билік құрудың үстем қағидаты мен құрылымы ретінде заң билігін
жақтайтын саяси ойдың бағыты. Ағылшын-саксондық саяси дәстүр
конституционализм мен конституциялық басқару жүйесін теңдестіреді. Роман-
германдық саяси дәстүрде конституционализм ұғымының баламасы "құқықтық
мемлекет" ұғымы болып табылады.

Конституциялық кеңес

Конституциялық кеңес - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында
Конституциясының үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып
саналады. Конституциялық қадағалаудың үшінші, француздық моделінің үлгісі
ретінде Конституциялық Кеңес өкілеттігін жүзеге асырған кезде мемлекеттік
органдарға, ұйымдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға тәуелді емес, тек
Конституцияға бағынады әрі саяси және басқадай себептерге сүйене алмайды.
Конституциялық Кеңес өз іс-әрекетінің процесінде, барлық жағдайда,
соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын
мәселелерді анықтаудан және зерттеуден тартынуға міндетті. Конституциялық
Кеңес өкілеттігі, қызметінің ұйымдастырылуы және кепілдігі жағынан соттарға
көбірек жуықтағанымен, билік тармақтарының бірде-біреуіне бірікпейді.

Конституциялық сот

Конституциялық сот - бір-қатар елдердегі конституциялық бақылау бірден-
бір немесе басты міндеті болып табылатын ерекше орган. Жоғарғы соттардан
әзгеше түрде ол жалпы соттар жүйесіне кірмейді. Бір елдерде (мысалы
Ресейде) ол ерекше санаттағы сот деп саналып, тиісінше сот жүйесіне кіреді,
екінші бір елдерде
(мысалыГерманияда, Италияда, Румыни яда, Болгарияда, Монғолияда) сот
билігіне жатпайтын ерекше бақылау органы болып табыла¬ды. Конституциялық
Соттың мүшелеріне парламент сайлайды (Германияда, Хорватияда), не мемлекет
басшысы тағайындайды (Кипрде); кейде Конституциялық Сот
мүшелерін парламенттер, басқа да билік және әділет органдары тағайындайды.
Конституциялық бақылау жасаумен қатар Конституциялық Соттың конституцияны
түсіндіруге, саяси партиялар қызметінің конституцияға сәйкестігі мәселесін
шешуге, құзырет туралы дауларды қарауға, т.б.

Құқығы бар. Қазақстан Республикасында Конституциялық Сот 1995 жылға
дейін елімізде нормативтік актілердің Конституцияға сай келуін қадағалайтын
орган болып келді. Ол 1992 жылы 6 маусымда қабылданған "Қазақстан
Республикасының Конституциялық соты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
негізінде құрылды. "Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау
туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі
Қаулысымен Конституциялық Сот құрамы 11 адамнан жасақталды. Тиісті заңға
және 1993 жыл¬ғы Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес
Конституциялық Сот республика Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің
жоғары органы болып табылады. Оған Конституцияны қорғау және оның
мәртебелілігігі қам¬тамасыз ету міндеті жүктелді және оның зандар мен өзге
де құжаттарды Конституцияға сай емес деп табуы республика аумағында олардың
күшін жояды деп корсетілді. "Қазақстан Республикасы Конституциялық соты
туралы" Заңда анықталғандай, бұл органның құзыретіне актілердің
конституциялылығын қараумен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің,
Министрлер Кабинеті мүшелерінің Жоғарғы сот пен Жоғарғы төрелік сот
төрағаларының, Бас прокурордың, Қазақстан Республикасы дипломатиялық, өзге
де өкілдіктерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе
қозғалған ретте олардың Республика Конституциясы мен заңдарын сақтауы
туралы қорытынды беру, азаматтардың конституциялық құқығына қатысты құқық
қолдану тәжірибесінің Конституцияға сай келуі тура¬лы істерді қарау, тиісті
заңда көрсетілген нақты мәселелер бойынша іс қозғау, т.б. жатты. 1995 жылы
конституцияға сәйкес Конституциялық Соттың орнына сот жүйесіне кірмейтін
Конституциялық Кеңес құрылды.

Мемлекеттік басқарудың конституциялық қағидалары.
Қазақстанда Республикалық басқару нысаны бекітілді. Парламенттік
құрылыс, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі,
мемлекеттік биліктің үш тармаққа: заң шығарушылық, атқарушылық, сот
билігіне бөлінуі; халық қабылдаған Конституцияның үстемдігі және жоғары
заңдық күші басқарудың осындай таңдаудың заңдық негізі болып табылады.
Парламенттік құрылыс монархиялық та, сондай-ақ, республикалық та
басқару нысаны ретінде кызмет ете алады. Алайда, республикалық басқару
нысаны көзінде Парламентке, әдетте, тыйым салудың өлшеусіз билігі берілген
монархтың өзі күш көрсете алмайды. Парламентті тікелей (Мәжіліс) және өз
өкілдері (Сенат) арқылы Қазақстан халқы сайлайды. Қазақстан Парламенті
халық атынан өкілетті орган ретінде заң шығару процесін жүзеге асырады.
Республикалық басқару нысаны азаматтарға максимум немесе минимум бостандық
береді.
Қажетті саяси, материалдық, рухани қажетін қанағаттандыру үшін
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы мақсатында Қазақстан
Республикасының Конституциясы оларға кең мүмкіндіктер ашады. Сайлау
жөніндегі заңдар халықтардың едәуір бөлігінің өкілетті органдарға депутат
болып сайлануы үшін қолайлы жағдай жасайды. Қазақстан Республикасының
Конституциясы халықты мемлекеттік биліктін бірден-бір бастауы деп жариялап
қана қоймайды. Ол халықтың егемендігін жүзеге асырудың құқықтық негізін
қалайды. Ең жоғары заңдық күші бар актілер қабылдауға халықтың құқығы бар.
Конституцияға сәйкес халық атынан билік жүргізу құқығы Қазақстан
Республикасының Президентіне және Парламентіне берілген. Мұның астарында
терең демократиялық идея жатыр. Парламент, Президент сияқты халық атынан
билік жүргізе отырып, өзінің субъектілік еркін емес, халық еркі мен
мүддесін білдіреді. Тек осындай жағдайда ғана халық атынан билік жүргізудің
конституциялық заң күші болады. Мемлекеттік биліктің өз өкілеттігі
шеңберінде өзінің үш тармағы арқылы жүргізуі қандай да болсын бір органның
зорлық-зомбылық жасауына жол бермейді, сөйтіп, мемлекеттік органдардың
демократиялық негізде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Айталық, заң
шығарумен тек Парламент кана айналысады. Тек Конституцияда көзделген
жағдайларда заң шығару өкілеттігін Президент қана пайдалана алады. Атқарушы
билік ешбір жағдайда заң шығару өкілеттігін жүзеге асырмайды. Бұл сот
органдарына да қатысты. Осы арқылы жинақталып халық еркін білдіретін
заңдардың беделі мен заңдық күші сақталады.
Республикалық басқару нысаны биліктің мұрагерлігін немесе мемлекеттік
билікті ұзақ уақыт бойы иеленуді танымайлы. Айталық, Президент жеті жылға
сайланады. Бір адам Президенттікке қатарынан екі реттен артық сайлана
алмайды. Мәжіліс депутаттары төрт жылға сайламады. Сенат депутаттарының бір
бөлігі екі жылға, екінші бөлігі — төрт жылға сайланады. Мәслихат
депутаттары төрт жылға сайланады. Мемлекеттік қызмет жасының шегі
Конституцияда белгіленген. Мұндай тәртіп мемлекеттік аппарат кадрларын
заңдық тұрғыдан жаңартып отырады, белгілі бір мөлшерде бюрократтық пен
тоқыраушылықтан сақтайды. Өкілетті органдарды мезгіл-мезгіл жаңартып отыру,
кадрлардың орнын ауыстыру мемлекеттік аппаратты идеялық жаңаруға, алғы
лектегі әріптестерінің тәжірибесіне сын көзбен қарауға, қоғам өміріне ғылым
мен практиканың үздік жетістіктерін енгізуге бағыттайды.
Республикалық басқару нысаны халықтың еркіне негізделіп қана қоймайды.
Ол мемлекеттік органдарды азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды
мүдделерін қорғауды, оларды мемлекет мүддесімен сәйкестендіруді көздейді.
Сөйтіп, адамдардың құқықтары мен бостандықтары мемлекет мүддесімен жоғары
тұруын қамтамасыз етеді. Мемлекет Конституцияда тікелей көрсетілгеннен өзге
жағдайларда адамдардың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектей
алмайды.
Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адам құқығы мен
бостандығын, халықтын денсаулығы мен адамгершілігім сақтау мақсатында
қажетті деңгейде ғана адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының
шектелуіне жол берілетіндігі Қазақстан Республикасының Конституциясында
тура көрсетілген. Бұл арада мынадай екі маңызды жәйтке назар аударған жөн.
Бірінші — ол Парламент қабылдаған заңдардың, яғни, нормативтік
құқықтық актілердің негізінде және соған сәйкес ерекше жағдайларда құқықтар
мен бостандықтар шектелуі мүмкін, ал белгілі бір жағдайларда Президент
шектеуі мүмкін. Басқа ешбір, тіпті ең жоғары деңгейдегі заңға сәйкес
актілердің өзімен коиституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау
және тағы басқа әр түрлі себептермен адам мен азаматтың құқығы мен
бостандығын шектеуге болмайды;
Екіншісі — ол қоғамдық ізеттілікті қорғау. Ізеттілік нормалары
құқықтық нормалар сияқты айқын және белгілі бір деңгейде белгіленбеген.
Дегенмен, ол құқықтық нормаларды қалыптастырудың негізі болып табылады және
қоғамдық өмірдің гүлденуіне қызмет етеді. Қоғамдық ізеттілікті
конституциялық тұрғыдан қорғау Қазақстанда республикалық басқару нысанының
ең жоғары гуманистік көрінісі болып табылады.
Қазақстанда Президенттік институты КСРО ыдырар алдында бірер ай бұрын
құрыла бастады. Қазақ. КСР-ының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде
Қазақстан КСР-ы Президенті кызметі орнын белгілеу және тиісінше Қазақ КСР
Конституциясына өзгерістер енгізу туралы Заң қабылдады. Заң Президенттің
мемлекеттік биліктің ең жоғары органдары жүйесінде алатын орның, сондай-ак
оның өкілеттігін белгіледі. Конституциялық мәні бар осы Заңда мемлекеттік
билікті бөлу туралы сөз болғам жоқ. Кеңестердің қолында бүкіл билік
сакталды. Сонымен бірге, Президентке "халық депутаттары кеңестерінің бүкіл
билігін жүзеге асыруыма ыкпал ету" (Қазақ КСР Комституциясының 114-бабы
міндеті жүктелді. Жоғарғы Кеңес қоғам өміріндегі барлық мәселелерді шешуге
құқығы бар мемлекеттік жоғарғы орган күйінде қалды. Қазақ КСР-ының бірінші
Президентін жасырын дауыспен Қазақ КСР Жоғарғы Кенесі сайлады. Қазақ. КСР-
ының бірінші Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Президент өкілеттігін
талдау, оның көп жағдайда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне тәуелді болғаның
көрсетті. Оған қоса Президент Республика басшысы деп аталғанмен егемен,
тәуелсіз мемлексттік басшысы болған жоқ.
Қазақ КСР Президентінің әрекеті мен өкілеттігі КСРО Жоғарғы Кеңесінің
және ҚСРО Президентінің құзыретімен шектелді.
Қазақ ҚСР Президенті мәртебесінің мұндай жағдайы ҚСРО ыдырағанша,
Қазақ КСР-ының егемендігі туралы Декларация қабылданғанша созылды. Осы
алгашкы кезеңде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің толық билігі, өзіндік
парламенттік республика туралы айтуға болады. Бұл кезде Қазақ ҚСР
Конституциясында кейін одан әрі дамытылған ереже болды. Оған, атап
айтканда, тыйым салу кұкығы, Қазақ, ҚСР-ының жогары мемлекеттік билік және
басқару органдарының өзара іс-әрекетін камтамасыз ету, республика Үкіметі
актілерінің қолданылуын токтата түру жөніндегі өкілеттігі жатады.
Казақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланган кезден Президенттік
институты қалыптасуының екінші кезені басталады. Ек бастысы, осы кезенде —
Президент тәуелсіз мемлекеттің басшысы болды. Осының нәтижесінде одақлық,
органдармен, әсіресе ҚСРО Президентімен өзара қатынаска байланысты
өкілеттік жойылды, өйткені оның қажеті болмай калды. Мемлекеттік биліктің
заң шығарушылық, атқарушылық билік, сот билігі тармақтарына бөліну
принципінің қабылдануына орай Президент тек мемлекет басшысы ғана емес,
республиканың атқарушы билік басшысы деп танылды. Қазақстан Республикасының
1993 жылғы Конституциясы Президентті мемлекеттік биліктің атқарушылық
тармағына да косты. Сөйтіп, кайсыбір деңгейде ол Президент мәртсбесін
бәсеңдетті. 1993 жылғы Конституцияда Қазақ. КСР Копституциясындағы
"Президенттің жоғары мемлекеттік билік пен басқару органдарының өзара
әрекетін камтамасыз ететіндігі" жөніндегі кағида енді болған жоқ, оның
есесіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясының Конституциясы орыс мемлекеттің негізгі заңы
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
Конституция теориясы
Шет елдердің Конституциялары
Конституция – еліміздің Негізгі Заңы
Конституция-мемлекеттің Негізгі Заңы туралы ақпарат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолдары
Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
АҚШ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТАЛДАМАСЫ
Пәндер