Клеопатра киімінің конструкциясы негізінде киімдердің дизайынын жасау және оның жасалу технологиясы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.5
1. «КЛЕОПАТРА»КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1. «Клеопатра» сән үлгілерін айқындау бағытындағы ізденістер ... ... ..6.21
1.2. «Клеопатра» сән үлгілерінің қызметі және дизайн обьектісі ... ... ..21.23
1.3. Костюм композициясының түсі, декоры және фактурасы ... ... ... ... 23.27
1.4. «Клеопатра» сән үлгілерінің түспен боялған эскизі және сыртқы техникалық эскизі мен техникалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28.29
2. «КЛЕОПАТРА»СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ КОНСТРУКЦИЯЛАУ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Конструкциялау әдістерін топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ...30.36
2.2. «Клеопатра» сән үлгілерінің сызбасын құрастыру үшін негізгі өлшемдерді және киімнің еркін қонымдылығына берілетін қосымшаларды таңдап негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36.40
2.3. «Клеопатра» сән үлгілерін құруға арналған есептеулер ... ... 40.43
2.4. «Клеопатра» сән үлгілерінің конструкциялық сызбасын сызу,
модельдік ерекшеліктерін енгізу ... ... ... ... ... ... ... ... .4350
3. «КЛЕОПАТРА»СӘН ҮЛГІЛЕРІН ТІГУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3.1. «Клеопатра» сән үлгілеріне техникалық құжаттама жасау ... ... ... ..51.57
3.2. Үлгіге арналған негізгі және қосымша маталардың шығыны ... ... ... ..58
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... .60.61

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылда халыққа өз жолдауын арнап отырады. 11 қараша күні елбасымыз «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады. «Біз Жалпы ұлттық идеямыз-Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел -елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан — 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі-Мәңгілік Ел! Ол-барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпы ұлттық идеяны өміршең ететін Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі-бірлік берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз — Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», — деді Мемлекет басшысы.
Қазіргі кезде, дүниежүзілік моданың авангард үлгісіндегі киімдеріне жаппай назар аударған кезеңі басталып отыр. Соның ішінде, авангард үлгісінің конструктивті ерекшелігі бірінші орынға қойылады. Қазіргі таңға лайықты болып отырған карсеттердің үлгілері де, кең етекті белдемшелерде контрасты «бейкалармен» жиектерін көмкеру де бәрі-бәрі костюмінің о бастағы үлгілерінен алынып отыр. Жас қыздарға арналған толық композициялы, әрі ұнасымды, жаңа үлгімен пішілу жағынан оқшауланатын әсем комплект. Ерекше романтикалық және классикалық стильдердің үлгісінде, атлас таспа мен органзы матасының қиықтарынан әзірленген гүлдермен ерекшеленеді. Бұлар костюмді әдемі етіп ғана қоймай, сонымен бірге жастардың қазіргі заманғы киімдерінің ежелгі киімнің даму тарихынан келіп шыққандығын көрсетіп тұр.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-5
1. КлеопатраКОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Клеопатра сән үлгілерін айқындау бағытындағы ізденістер ... ... ..6-21
1.2. Клеопатра сән үлгілерінің қызметі және дизайн обьектісі ... ... ..21-23
1.3. Костюм композициясының түсі, декоры және фактурасы ... ... ... ... 23-27
1.4. Клеопатра сән үлгілерінің түспен боялған эскизі және сыртқы техникалық эскизі мен техникалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28-29
2. КлеопатраСӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ КОНСТРУКЦИЯЛАУ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Конструкциялау әдістерін топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 30-36
2.2. Клеопатра сән үлгілерінің сызбасын құрастыру үшін негізгі өлшемдерді және киімнің еркін қонымдылығына берілетін қосымшаларды таңдап негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36-40
2.3. Клеопатра сән үлгілерін құруға арналған есептеулер ... ... ... ... 40-43
2.4. Клеопатра сән үлгілерінің конструкциялық сызбасын сызу,
модельдік ерекшеліктерін енгізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4350
3. КлеопатраСӘН ҮЛГІЛЕРІН ТІГУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3.1. Клеопатра сән үлгілеріне техникалық құжаттама жасау ... ... ... ..51-57
3.2. Үлгіге арналған негізгі және қосымша маталардың шығыны ... ... ... ..58
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .60 -61
КІРІСПЕ
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылда халыққа өз жолдауын арнап отырады. 11 қараша күні елбасымыз Нұрлы жол- болашаққа бастар жол атты жолдауын жариялады. Біз Жалпы ұлттық идеямыз-Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел -елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол Қазақстан -- 2050 стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі-Мәңгілік Ел! Ол-барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы, -- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз Tүркі жұртының мұраты Мәңгілік Ел деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпы ұлттық идеяны өміршең ететін Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі-бірлік берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз -- Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз, -- деді Мемлекет басшысы.
Қазіргі кезде, дүниежүзілік моданың авангард үлгісіндегі киімдеріне жаппай назар аударған кезеңі басталып отыр. Соның ішінде, авангард үлгісінің конструктивті ерекшелігі бірінші орынға қойылады. Қазіргі таңға лайықты болып отырған карсеттердің үлгілері де, кең етекті белдемшелерде контрасты бейкалармен жиектерін көмкеру де бәрі-бәрі костюмінің о бастағы үлгілерінен алынып отыр. Жас қыздарға арналған толық композициялы, әрі ұнасымды, жаңа үлгімен пішілу жағынан оқшауланатын әсем комплект. Ерекше романтикалық және классикалық стильдердің үлгісінде, атлас таспа мен органзы матасының қиықтарынан әзірленген гүлдермен ерекшеленеді. Бұлар костюмді әдемі етіп ғана қоймай, сонымен бірге жастардың қазіргі заманғы киімдерінің ежелгі киімнің даму тарихынан келіп шыққандығын көрсетіп тұр.
Диплом жобасының мақсаты:
Клеопатра киімінің конструкциясы негізінде киімдердің дизайынын жасау және оның жасалу технологиясын көрсету.
Диплом жобасының міндетері:
1) Костюм жасау композициясының негіздерін анықтау.
2) Клеопатра сән үлгілерінің конструкциялау негіздерін анықтау.
3) Клеопатра сән үлгілерін тігу технологиясын әзірлеу және көрсету.
Дипломдық жоба:
Клеопатра дизайн негізінде киімін конструкциялау және әзірлеу үдерісі.
Диплом жобаның құрылымы:
Кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, сызбалар, зскиздердер мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1.КлеопатраКОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Клеопатра сән үлгілерін айқындау бағытындағы ізденістер
Бүгінгі Мысыр - Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі -Азияда жатыр. Екі құрлықтың арасындағы шекара Суэц каналының бойымен өтеді. Мысырдың миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі - құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 пайызды әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нілдің алқабы мен атырауы. Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот Египет - Нілдің сыйы деп айтқан болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін Батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы тіршілік жолағының арнауы оңтүстігінде бір километрден Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді. Құнарлы алқапты жан-жағынан шөл дала қоршаған.Бұл шөл далада су жоқ болғандықтан, адам өте сирек ұшырасады.Әдетте ондай бірен-саран кездесетіндер-көшпелі бәдәуилер.
Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті - сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.
Сурет 1.1.1 Папирусқа салған сурет
Ежелгі Мысыр - Африканың солтүстік-шығысында Ніл өзені бойында құрылған ертедегі мемлекет. Мысыр жерін адам баласы палеолит дәуірінен мекендей бастаған. Б.з.б. 4-мыңжылдық шамасында Ніл өз бойына жиналған тайпалар(протосемит, бербер, кушит, т.б.) өзара араласып, Мысыр халқы қалыптасты. Халық санының күрт өсуіне, аңшылық пен балық аулау кәсіптері арқылы тамақ табудың қиындауына байланысты мал шаруашылығы мен егіншілік дами бастады. Қоғамның әрі қарай дамуы нәтижесінде алғашқы мемл. бірлестіктер пайда болды. Олардың арасынан екі мемлекет іріктеліп шығып, елдің оңтүстігінде жоғарғы Мысыр, ал солтүстігінде төменгі Мысыр патшалықтары құрылды. Б.з.б. 3-мыңжылдық шамасында жоғ. Мысыр билеушісі Менес (Мена) төменгі Мысырды басып алып, елді біріктірді.
1. Ең ежелгі патшалық (б.з.б. 3000 - 2800) кезеңінде елді екі билеуші әулет кезек-кезек басқарды. Жерді суғару қолға алынып, мыстан қару-жарақтар, құрал-саймандар соғылды, айырбас сауда дүниеге келді. Нубияға, Ливияға, Синай түбегіне жорықтар жасалды.
2. Ежелгі патшалық (б.з.б. 2800 - 2250) үшінші әулеттің билікке келуімен басталды. Ауыл шаруашылығы, қолөнер, айырбас сауда мен құрылыс жұмыстары жетілдіріліп, жерге жеке меншік пайда болды. Перғауын мен мемлекеттік аппараттың билігі күшейтілді, тұрақты әскер құрылды.
Құл еңбегін кеңінен қолдана отырып, перғауындарға арналған пирамидалар салынды. Мысырдың бірінші бөлінуі б.з.б. 2250 - 2050 ж. болды. Жер көлемінің тым ұлғайуына байланысты жергілікті тайпа көсемдерінің билігі күшейіп, нәтижесінде б.з.б. ХХІІІ - ХХІІ ғасырларда Мысыр бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Ұсақ мемлекеттер өзара қырқыса бастады. Дегенмен сауда мен қолөнердің дамуы елдің бір орталыққа бағынуын қажетсінді. Сөйтіп, б.з.б. ХХІ ғ-дың ортасына таман ел қайтадан бірікті.
3. Орта патшалық (б.з.б. 2050 - 1700) 12-ші әулеттің билік басына келуімен тікелей байланысты. Өсақ иеліктер қайтадан бір орт-қа біріктірілді. Суландыру жұмыстары, қолөнер, сауда бұрынғысынан да өркендеді. Сириямен, Крит аралдарымен сауда байланыстары жақсарды. Бұл кезеңнің соңына таман орт-тың билігі әлсіреп, перғауындар арасында билік үшін күрес басталды. Мысырдың екінші рет бөлінуі кезінде (б.з.б. 1700 - 1580) елге солт.-шығыстан гиксос тайпалары шабуыл жасап, мемлекеттің көпшілік бөлігін басып алды да 110 жылдай билік құрды. Мысыр перғауындары тек елдің оңт. жағында үстемдік етті. ХҮ - ХҮІІ-әулеттен шыққан перғауындар елден басқыншыларды қуып шығу үшін үздіксіз соғыс жүргізгенімен, тек 18-әулеттің тұсында ғана Мысыр толық азат етілді.
4. Жаңа патшалық (б.з.б. 1580 - 1070) кезеңінде қола мен темірден әр түрлі бұйымдар (соқа, жіп иіретін құралдар, дөңгелек, шыны-пиала, т.б.) шығарылды. Сирияға, Палестинаға жасалған жорықтар нәтижесінде он мыңдаған тұтқындар құлға айналды. Арбакештер әскері пайда болды. Перғауындар - Тутмос І, Тутмос ІІІ, Аменхотеп ІІ заманында МысырғаСирия, Палестина, оңт-те Ніл өз-нің бастауына дейінгі жерлер қосылды. Вавилон, Хетт патшалықтарымен дипломат. қарым-қатынас орнады. Елдің күшейген тұсы Аменхотеп ІІІ (б.з.б. ХҮ ғ-дың 1-жартысы) заманы. Б.з.б. ХҮ ғ-дың 2-жартысынан бастап Сирия үшін хеттермен, кейін "теңіз халықтарымен" және ливиялықтармен үздіксіз соғыс жүргізілді. Нәтижесінде б.з.б. 11 ғ-да елдің саяси-экономика жағдайы қатты нашарлап кетті.
5. Кейінгі патшалық (ливия-парсы) кезеңінде (б.з.б. 1070 - 332) ел қайтадан бір орт-қа біріктіріліп, экономика әрі қарай дамыды, металл ақшалар пайда болды. Бірақ кейін Мысыр. қайтадан ыдырай бастап, б.з.б. 671 ж. Ассирияның қол астына қарады. Дегенмен Сайс Псамметих І (б.з.б. 663 - 610) тұсында ел азат етілді. Оның мұрагері Нехо ІІ Грекиямен және Жерорта теңізінің шығыс жағалауын мекендеген мемлекеттермен тығыз сауда байланысын орнатты. Бірақ б.з.б. 525 ж. елді парсы патшасы Камбис жаулап алды. Парсы билеушілері елдегі биліктерін сақтап қалу үшін Мысыр. абыздарына көп жеңілдіктер жасады. 6. Грек-рим кезеңі (б.з.б. 332 - б.з. 395) Мысырды А.Македонскийдің жаулап алуымен басталды. Аса ірі сауда және мәдени орталық - Александрия қаласының негізі қаланып, бұдан басқа да көптеген сауда және қолөнер орталықтары құрылды. Орт. Азия, Үндістанға дейінгі елдермен байланыс орнатылып, Мысыр жерінде Батыс және Шығыс мәдениеттері біріктірілді. Алғашқы патшалықтар тұсында перғауын сарайларында арнайы мектептер ашылып, болашақ шенеуніктер даярланды. Мектептерде 5-16 жас аралығындағы ер балалар оқып, 12жастан бастап әр түрлі мекемелерде көшірмеші, хатшылық жұмыстарды атқарды. Мектептерде сауатты жазу мен есепке баса назар аударылып, қосымша гимнастик. жаттығулар, суда жүзу, өзін-өзі дұрыс ұстау үйретілді. Діни мектептерде астрономия мен медицина оқытылды. Ақсүйектердің балаларына әскери білім берілді. Математика ғылымы алгебра мен геометрияға бөлінді. Қарапайым алгебра есептері шешіліп, пирамидалар геометр. жолмен салынды. Мысыр абыздары жұлдыздарды зерттеу арқылы жылды 3 маусымға (сулы-жаңбырлы, егінді, құрғақ) 12 айға бөлді. Әр айда 30 күннен болды. Ал қалған 5 күнді жылға қосты. Уақытты есептеу үшін құм және су сағаттары қолданылды. Елді мекендердің алғашқы карталары мен қалалардың жоспары жасалынды. Анатомия мен хирургия да жақсы дамып, өлген адамдардың денесі бальзамдалды, хирург. аспаптар пайда болды. Бұған қоса адам емдеуде магия, сиқыршылық, кері дуалап оқу әдістері кеңінен қолданылды. Денені мумиялау, дәрі-дәрмек, түрлі-түсті бояулар жасау арқылы химия ғылымы да дами бастады. Мысыр теңізшілері перғауындардың бұйрығы бойынша алыс елдерге саяхат жасады. Грек-рим мәдениеті келгенге дейін Мысырда нақты тарихи оқиғалар тек жартастағы жазулар мен аңыз-әңгімелер арқылы ғана сақталып отырған. Мысыр мәдениеті ежелгі дәуірде антик. мәдениеттің, кейіннен Еуропа және мұсылман мәдениеттерінің бастауы болды. Гректер Мысырды ежелгі данышпандар елі деп атап, оларды өздерінің ұстаздары санады.
Мысырды арабтар жаулап алды. Мұнда араб тілімен бірге өз діндерін исламды таратты. Мысыр 1952 жылғы революциядан кейін ғана шын мәніндегі ерікті мемлекетке айналды. Оған дейін көп жыл бойы Ұлыбритания үкіметі қол астында еді. Республикада 1952 жылғы революциядан соң көптеген зауод, фабрикалар салынды.
Мысыр Израильмен тарпынан талай шабуылғаұшырады. 1967 ж. Израиль Мысырдың Синай түбегін басып алды. Мысырдың халқы Израиль тартып алған Синай түбегін, басқа да араб жерлерін азат ету үшін қүресуде.1974 ж. Мысыр халқы Суэц каналының шығыс жағасындағы Израиль әскерлерін кетуге мәжбүр етті. Канал бойымен Еуропа мен Америкадан Азия және Шығыс Африкаға кеме жолы ашылады.Мысырдың бізге жеткен музыкалық аспаптары біздің заманымыздан бұрын 3 мың жыл жылдыққа саяды. Қабыт қабырғаларына, бедерлеп түсірген әншілердің, музыканттардың бейнелері музыканың ерте заманнан бастап дамығанын көрсетеді. Мысыр музыкасы ең алғашқы жеке дауыс түрінде қалыптасқан. Алғаш көп дауысты музыка Жаңа патшалық дәуірінде туғанға ұқсайды. ЕАР-ды мекендеген елдерде сақталып келген музыкалық аспаптардың төркіні Ежелгі Мысырда жатыр.
* Систра,
* Арфа,
* Флейта,
* Гобой,
* Керней
* Органдар,
Әр түрлі барабандар, дүние жүзінің мұражайларында сақтаулы жатыр. Музыка өнерін түсінудің этикалық негізі де Мысырда туған. Мысыр жазушылары музыканыпайдалы және зиян деп екіге бөлген.
Ніл алқабында Мысырдың бай өлкесі мен атырауында жердің әрбір текше метрі барынша пайдаланылады. Мұнда бидай, арпа, қарақұмық, күріш, жүгері, мақта, қант құрағы, көкөністер, зәйтүн мен дәмдеуіштер өсіріледі. Орман, тоғайлар мүлдем жоқ, бірақ та Нілдің жағалауында құрма пальмалары өседі. Жеміс ағаштары, банан плантациялары мен жүзімдер Нілдің шұраттары мен атырауында өздерін өте тамаша сезінеді. Жерорталық жағалауларда негізінен пальма тығыз өскен жағажайлар, Синай түбегінде - көлденеңінен кесілген жатқалдар, барлық түске боялған тау реңжердері көз тартады. Шөлейттің ортасында шоқ тоғайлары мол өскен шұраттар, плантациялар мен мол өнімді дәнді дақылды егістіктері бар жасыл аралдар.
Мысыр Араб Республикасының Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы бас билеушісі президент, "Раис" деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак атқарады.Бүгінгі күні Мысырдың тұрғындары 70,5 млн. адамнан асады және жыл сайын 1,3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар (феллахтар)
Мысырдағы өзара сөйлесу тілі араб тілінің бір диалектасы, ресми тілі - "жоғары" араб тілі деп аталатын тіл. Арабтар оңнан солға қарай жазады.. Бірақ сандары солдан оңға қарай жазылып, оқылады. Мысырда ағылшын тілі білімі өте көмектеседі. Қалалар мен курорттық орталықтарда тұратын көптеген арабтар ағылшын тілінде тілдесе алады; жол көрсеткіштерінде және көше атауларында жие-жие ағылшын және латын шрифтері пайдаланылады.
Мысыр - төтенше қонақжай ел. Қонақтарын қашанда ашық көңілмен қарсы алады. Мысырға миллиондаған саяхатшылар келген - олардың көптегені мұнда қайта-қайта келіп кеткен. Олардың ішіндегі ең танымалдары Нілдің бойындағы ғажайып елді сипаттаған жол жазбаларын қалдырған: математик Еуклид, географ Страбон, жазушылар Гюстав Флобер және Агата Кристи, Лоренс Даррелл және Э.М. Форстер. Тіпті жаугершілер де бұл елдің сұлулығына жәйбірақат қала алмаған. Ұлы Александр оған Александрияны сыйлаған; Наполеон, оның археологтары Ежелгі Мысырды ашқан, бір сапарында әскерлеріне қарап, толқып тұра: Әскерлер, мына пирамидалардың биіктігінен сендерге қырық ғасыр қарап тұр! деген сөздер айтқан. Мұсылмандар діні египеттіктердің өмірінің ырғағын анықтайды. Бұл таза сыртқы белгіден айқын көрінеді: мысалы күніне бес рет муэдзин дауыс күшейткіштен дінге сенушілерді намазға шақырады.. Ал рамазан айында түн күнге айналады. Күні бойы мұсылмандар ораза тұтып, күн батқаннан кейін ғана ауыз ашады. Бұл уақытта қоғамдық өмір тұрып қалады, мемлкеттік мекемелер тек 10.00-нан 14.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Саяхатшы әрине мысырдықтардың, алдымен ауылдық жерлерде айқын көрінетін, бірақ та қала өміріне де бөтен емес ұлттық киімінің ерекшеліктеріне назар аударады. Мысырдықтар кең пішілген жейделер киеді, жәй адамдар әдетте ақ түсті таңдайды, ал әйелдер әр түрлі түстегі элементтермен әрлендіреген, қара түсте киінеді, арасында әшекеймен немесе шілтерімен безендіреді. Көптеген әйелдер мұсылмандық құндылықтарға бет бұра күйеулерінің немесе жанұясының дегенімен хигаб - бетті жаппай, тек шашты жауып тұратын паранжының бір түрін, және ұзын кең көйлек - галабей киеді.
Мысыр Респуликасының діні - Ислам. Олар: 90% - Сүнни мұсылмандар, 5-6% суфи және 3-4% шиға.
Басқа ең үлкен діні - мәсіхшілік, бүкіл елде 16% осы дініге кіреді. Олардың көпшілігі Александрияның Копттік Православ Шіркеу мүшелер. Басқа да шіркеулер - КопттікКатолик және Копттік Евангелик (Протестанттар).
Мысырдың заңдары Шариғатқа негізделеді.
Египтегі христианшылдықтың пайда болған жері Александрия, бұл жерден ол елдің ішінде екі негізбен анахореттік және монаштық қоғамдастық ретінде тарады. Коптар Иисус Христосқа екі - тәңірлік және адамдық табиғат емес, тек бір ғана тәңірлік табиғат қана тән деген сенімді ұстады. Әлемдік Халкидон Соборы 451 ж. монофизиттікті қате ілім деп айыптағаннан кейін, Египеттегі копт шіркеуі ортодоксалды христиан шіркеуінен ажырады.
Мысырды 641 жылы арабтар жаулап алғанға дейін бірнеше ғасырлар бойы христиан елі болып келді. Енді коптар Египеттің 68-миллиондық тұрғындарының ішіндегі шамамен 5-7 млн. деп саналады. Олар мұсылмандармен қатиар өмір сүреді, тіпті кейбір уақытта шіркеудің қоңыраулықтары мешіттердің мұнараларымен көрші орналастырылған.
Копт шіркеуінің басында патриарх тұр, қазіргі уақытта Шенуда ІІІ, резиденциясы Александрияд Коптар ұқыпты сыйынады және пост (еттен және сүт тағамдарынан бас тартады) ұстайды. Олардың литургиясы православ ғұрыптарына жақынырақ.Әкімшілік құрылысы (сурет-1.1.2)
Мысыр Республикасы 29 аймаққа бөлінеді (арабша: muhafazat). Ал оларда ауданларға (markaz'лар) бөлінеді
Аймақ
Елордасы
Александрия
Александрия
الإسكندرية
Асуан
Асуан
أسوان
Асьют
Асьют
أسيوط
Бухейра
Дамхур
البحيرة
Бени-Суэйф
Бени-Суэйф
بني سويف
Каир
Каир
القاهرة
Дакахлия
Эль-Мансур
الدقهلية
Думьят
Думьят
دمياط
Эль-Файюм
Эль-Файюм
الفيوم
Гарбия
Танта
الغربية
Гиза
Гиза
الجيزة
Хелуан
Хелуан
حلوان
Исмаилия
Исмаилиа
Сурет 1.1.2 Әкімшілік құрылысы
Көне Египет мәдениеті Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекетгердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық-билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері -перғауын перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараон Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін Ра күн деген мағына береді. Ол -құдайлардың құдайы және алтын ұғымымен қосылп Алтын нұр шашқан күн ұлымын деп жариялады.
Мысырдағы қашқындар Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күші-өлім. Міне, сондықтан да болар-көне Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі -ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды.
Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылғанда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені-одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың негізінде өлген адам тіріледі деген діни ілім пайда болды. Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен роль атқарады. Тереңірек ойлап қарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған. Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге қайтып оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Олар қабірді адамның уақытша баспанасы деп санады. Ендігі жерде мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Ол үшін адамның денесін сақтап, тірлікте оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз ету керек, демек денені бальзамдап, оны мумияға айналдыру, не болмаса өлген адамның денесіне ұқсас етіп, оның мүсінін жасау қажеттігі туды. Сондықтан да, ежелгі Египетте мүсіншіні санх, ягни өмірді жасаушы деп атады. Мүсіншілер өлген адамның бейнесін жасауды тіршілікті қайта жандандыру деп санап, бұл кәсіптерін ерекше мақтан етті. Шындығында да, өнердің бұл саласы адамдар түсінігінде сиқырлы күшке айналды. Аруаққа табыну, суретші санасына егер дене сақталса немесе толық бейнеленсе, өлген адамның жаны оған қайтып оралады деген түсінікті сіңірді. Өмірдің табиғи ағысын бұзушылық болып көрінген ажалды тоқтатып, жеңіп шығуға болады деген құштарлық, өлімді жеңуге болады деген үміт оты аруаққа табынуды туғызып, ежелгі Египет өнерінің барлық салаларына өз таңбасын салды.
Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну-перғауындарды Құдай деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай-патшалардың (перғауындардың) құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары әміршісі-құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сәнсалтанатпен салынатын мұндай пирамидалар қыруар қаржыны гана емес, ұзақққа созылған ауыр да, азапты еңбекті қажет етті. Осы бір азапты еңбек қасіретті өмір Египет құлдарының үлесіне тиген болатын.
Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салынды Египет абыздарының қағидаларына сүйенсек, патшалар мен вельможаларға ғана емес, кез келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт-жоралар толық орындалған жағдайда мәңгілік өмірлік күш (мәңгілік өмір) ие болады. Бірақ қаржыны көп қажет ететіндіктен кедей адамдардың денелері бальзамдалмады, оларды матаға орап, көпшілік зираттарының шетіне көме салды. Демек, пирамидалардың салынуы-көне Египет қоғамындаты адамдар арасындағы шектен тыс теңсіздіктің кеңінен орын алғандығын байқатады. Біздің заманымаздан бұрынғы ІІІ-II ғ. құдай патшаларға арналған құрылыстар пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды. Пирамидалар салу мемлекеттің экономикасын әлсіретіп, қазынаны тауысты, әсіресе халық тарапынан көп шығын мен жұмыс күшін қажет етті. Сондықтан да, пирамидалар қайыршылығының басты себепкері болды. Ал егер пирамидалар салуға жұмсалған қыруар қаржы мен египет халқының табанды еңбегін халық игілігіне жұмсағанда (жолдар салғанда және тағы басқалары). Египет сөзсіз экономикасы жоғары дамыған өркениетті елге айналған болар еді деген ой еріксіз келеді. Рамсес фараоны Құдіретті құдай фараондардың о дүниеге барғанда жанға сая, басқа баспана болатын мәңгілік ғұмырдағы үйлері пирамидалар көргенді де, көрмегенді де таң қалдыратын дәуір ескерткіштері, Әлемнің жеті кереметі аталған өнер туындыларының бірінен сана лады. Ерекше атап өтетін бір жай, Египет сәулетшілері өз есімдерін өздері жасаған ескерткіштерге тасқа қашап жазған, демек олар өз еңбегінің нарқын түсіне білген, сондықтан да өз даңқын шығаруға, оны болашақ ұрпаққа мұра етуге арланбаған. Дұрыс та, әділ шешім, өйткені ежелгі заманды былай қойғанда, осыдан небәрі бірнеше ғасыр бұрын ғана салынған феодалдық Еуропаның соборлары мен сарайларын, шіркеулері мен князь үйлерін және тағы да басқа тамаша ғимараттарды салған сәулетшілердің есімдері ілуде бірі болмаса, көпшілігі осы уақытқа дейін белгісіз күйінде қалды. Ал, бүгінгі ұрпақ осыдан бес мың жылдай бұрын тұрғызылған Египеттің ең көне пирамидасы перғауын Джосердің пирамидасын жасаушының аты-жөнін білуі осы ащы шындықтың айғағы болса керек. Оның сөулетшісі Имхотептің ғалымдық, дәрігерлік, философиялық еңбектері өз заманында аса жоғары бағаланған. Ол сонымен қатар ұрпақтар есінде ұлы балгер, сиқыршы ретінде де қалған, өйткені ғылым дамуының сонау бастауы кезеңінде ғұмыр кешкен ғалымдардың өмірі міндетті түрде балгерлікпен астасып жатқан. Имхотеп тіптен екі рет құдай деп танылған. Арада екі жарым мың жыл өткенде гректер оған медицинаның құдайы ретінде табынған. Оның мүсіні, сірә, ғалымдарға орнатылған алғашқы мүсін болуы да ғажап емес. Оның мүсіндері сақталынбаған, бірақ Мемфисте Имхотептің құрметіне орнатылған ғибадатхана бар.
Джосер пирамидасы көп сатылы құрылыс, ол ұзыннан-ұзақ басқыш тәрізді аспанға өрлей береді. Бұл пирамиданың биіктігі -60 м. болса, одан кейінгі салынған пирамидалар одан да биік, одан да аумақты. Сонда осындай алып құрылыстарды салу неге қажет болды екен? -деген ойға еріксіз келесің. Біздің ойымызша, жиналған байлықты қоғам өзінің билеп-төстеушілері арқылы аспан мен жер үстіндегі өктемдігін жүзеге асыру ісіне жұмсаудан басқа амал таппады. Сонымен бірге жұмыр басты пенденің ой-қиялын өзіне табындырып қою үшін тірі құдай -перғауын о дүниеден тыныш орын алмақ та болған шығар. Басқаны былай қойғавда, пирамидалардың өте биік етіп салынуы-өзін құдаймен қатар қойған тәкаппар да, мансапқор перғауынның қарапайым халықтан артықшылығын көрсету мақсатынан да туған сияқты. Әйтеуір, қалай болғанда да Египет мәдениетінің бастауында салынған бұл пирамидалар өз еліндегі ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең құдіретті ғимарат болып қала береді.
Адамзат баласын таң қалдырған талай мәдени мұралар күлге айналып, гүлденген қалалар жермен-жексен болды, мейірімсіз де қатал уақытгың сынына шыдай алмаған кереметтер Әлемнің жеті кереметі бірінен соң бірі жоғала бастады. Ал бүгінгі күнге кереметтердің ең көнесі осы Мысыр пирамидалары ғана жетіп отыр, ендеше көне тарихтың куәгері болған бұл тамаша гимараттар әлі де талай ұрпақтардың қызықтай берер аса құнды мәдени ескерткіші ретінде қала бермек.
Біздің заманымаздан бұрынғы бір мың жылдықтың басына қарай пирамидалар салынуы тоқтатылды. Пирамидалар ендігі жерде тастан емес, шикі кесектен тұрғызыла бастады, ал мұның өзі бұрынғыдай қымбатқа түспейтін болды. Перғауын бұрынғысынша құдай саналғандықтан олардың құрметіне сансыз мүсіндер орнатыла бастады, демек перғауындарға құдай есебінде табыну көне Египеттің діни наным-сенімдерінде басты орын алды. Египетте құдайлар өте көп болған, тіпті әрбір қаланың бірнеше құдайы болған.
Ең құдіретті құдай, яғни құдайлардың құдайы-Күн құдайы Ра болды. Одан кейінгі басты орынға-өлім құдайы Осирис шықты. Египеттіктер өздері о дүниеге аттанғаннан кейін Оси-рис жер асты патшалығының құдайы болатындығына кәміл сенген. Құнарлы жер мен аналықтың құдайы Осиристің әрі қарындасы, әрі әйелі Исида болды. Ай құдайы екінші жағынан жазу құдайы да болып саналса, ал Маат шындық пен тәртіптің құдайына айналды.
Көне Египетте кеңінен орын алған мұндай көп құдайға табынушылық мемлекетті орталықтандыру ісіне нұқсан келтіріп, басқарушы өкіметті одан әрі әлсірете түсті, тіпті мұндай жағдайда басып алған тайпаларды бағыныштылықта ұстаудың өзі қиындыққа соқты. Міне, осындай сындарлы кезеңде тарих сахнасына діни реформатор перғауын Аменхотеп (біздің заманымаздан бұрынғы 1419-1400 жылы аралығында билік жүргізген) шықты. Оның басты мақсаты-бір құдайға табынуды жүзеге асыру болды, сөйтіп адамзат тарихында тұңғыш рет көп құдайға табынушылықтан бір құдайға табынушылыққа көшуге маңызды қадам жасалды. Ол жаңа мемлекеттік діни наным-сенім енгізіп, жалғыз құдай Атоя деген ат берілген Күн шарын жариялады. Осы күннен бастап көп құдайға табынушылық жойылып, осыған байланысты олардың ғибадатханалары жабылып, олардың иелігіндегі дүниемүліктер төркіленді. Бұл шынайы тарихи төңкеріс кезеңінде перғауын IV Аменхотеп өз атын құдай атына сәйкестендіріп Эхнатон деп (Атан рухы деген мағына береді) өзгертіп, Египеттің астанасын ежелгі Фивыдан өзі салдырған Атон көкжиегі деген мағынаны білдіретін Ахетотон қаласына көшірді. (Бұл қаланың орнында қазіргі уақытта Амарн атты шағын қыстақ тұр, сондықтан да Египет тарихының Эхнатонға байланысты барльгқ кезеңі Амарндық деп аталады. Хуфу пирамидасы Эхнатонның жүргізе бастаған реформаларының абыздар тарапынан жойқын қарсылыққа ұшырап, өмірінің қысқа болуына қарамастан сол дәуірдің мәдениетінің даму барысына, оның болашағына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Ең бастысы өнер саласында патша бейнесін барынша дәріптеуден бас тартушылық пен канондар мен стильден гөрі мәдени туындылардың ішкі мазмұнына мән беру құбылысының алғашқы нышандары белгілі бола бастады. Атап айтқанда, Амарн өнері деген атауға ие болған бұл дәуір мәдениетінде бейнелердің нанымдылығы, жеке бейнелер мен бүкіл композицияның өзара үйлесімділігі, өнер туындыларындағы лирикалық сырластық, сезімдік қасиеттердің пайда болуы-баға жетпес мәнді мәдени құбылыстар болып табылады.
Ойымыз дәлелді болу үшін ата-анасының алдында жұмсақ жастыққа отырып, қаннен-қаперсіз ойынға кіріскен Эхнатонның қыздары кіп-кішкентай жалаңаш ханшалар бейнеленген суретті алайық, рахат та, бейғам өмірдің құшағындағы осы бір бейкүнә сәбилердің шаттық өмірін бейнелейтін бұл сурет шын мәнісінде Египеттің асқаралы өнеріндегі бұрын кездеспеген жайлар болатын.
Эхнатонның әйелі Нефертитидің портретін көз алдыңызға елестетіңізші. Ғажайып та, сымбатты бұл бейненің даңқы бүгінгі заманға дейін жетіп отырған жоқ па? Әйелге тән нәзіктік пен сұлулық, тек әйел атаулыға тән аналық пәк сезім мен ішкі жан тебіренісі, ой тереңдігі мен табиғи тәкаппарлығы ғажайып бейнеден ап-айқын боп көрініп тұрғанын қалайша мойындамасқа! Ендеше, Нефертити портретінің барлық әйелдердің ішіндегі ең тамашасы деген атаққа ие болуы да -осы бір ерекше қасиеттердің құдіретті бейне бойынан табылуы болса керек. Бұл дәуірден кейінгі кезеңдерде де Египет өнері өз дамуында айта қаларлықтай табыстарға жетті. 1922 жылы дүние жүзін таң қалдырған тамаша жаңалық, яғни баға жетпес көркемөнер қазынасы сақталған перғауын Тутанхамонньщ мұхият жасырылынған қабірі табылды. Бұл тамаша табыс ағылшын археологы Г. Картердің Патшалар алқабындағы ұзаққ жылдар бойы жүргізген еңбегінің жемісі болатын. Эхнатонның мұрагері болған бұл перғауын небәрі 20 жасқа жетпей дүние салған, бірақ ол өз заманында ерекше атаққа ие бола алмаса да, осы бір сәнді дүниелері арқылы біздің заманымызда ерекше даңққа бөленді. Олай болатын себебі Египеттің бүкіл патшаларының қабірлерінің ішінде тек қана Тутанхамонньщ қабірі ғана тонаушылар қолына түспей, барлық қазынасымен сақталып қалған.
Египет мәдениеті сан-салалы мәдениет. Солардың бірі-біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері. Олар-құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдыққа жататын ең көне әдеби мұралардың кейбіреулері сақталып қалған, бірақ ғалымдардың пікірінше, бұлардан да көне әдеби мұралар болғандығы ақиқат. Өкінішке орай, олар біздің заманымызға дейін келіп жетпеген. Египеттің көркем әдебиетінің түрлі жанрлары болған. Олар: патшалар мен ұлы даналардың өз балаларына арналған нақыл сөздері, түрлі тақырыптарды қамтитын әңгімелер және тағы басқалары Көне Египет әдебиетінің тамаша туындыларының бірі Өмірден тұңілген адамның өз жанымен сұхбаты деп аталады. Өмірден қатты тұңілген бұл адам өлімге бет бұрады. Бірақ оның жаны бұл әрекетке барынша қарсылық жасап, бұл өмірдің қызығы мен рахатын көруге кеңес беріп, оны өлімнен сақтандырады Иероглиф көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсаң да,олар иероглифтерге бай болып келеді. Кейіннен, көне мысырлық иероглифтік жазу буындық жүйеге көшті (қытайлықтар болса мұндай өзгерістерге ұшырамай өз жазба дөстүрлерін сақтап қалған).
Ерекше атап өтетін бір жайт, Египет жерінде салынған ғибадатханалардың алдына сфинкстер тұрғызылды. Тастан қашалып жасалған сфинкстердің денесі арыстан, ал басы адам бейнесінде болды. Оның басы перғауынды бейнеледі. Сфинкс Египет өміршісінің құдіреті мен күшінің оның даналығы мен жұмбақтығының жаршысы болды. Ең алып сфинкс б.з.б үшінші мыңжылдықта салынған. Ол осы уақытқа дейін Хефрен пирамидасын күзетіп түр. Тұтастай алынған жартастан жасалған бұл сфинкстің басы адамның басынан отыз есе ұлкен, ұзындығы 57 метрге жетеді. Ғылым саласында да көне Египет айта қаларлықтай жетістіктерге жетті. Тамаша ғимараттардың, әсіресе пирамидалардың салынуына қарап математика, геометрия сияқты ғылым салаларының қаншалықты сатыға көтерілгендігін айқын аң-ғаруға болатын сияқты. Б.з.б XXI ғ. аяғы мен XIX ғ. басында шардың жоғарғы жағы үлкен дәлдікпен есептеліп шығарылды.
Адамзат тарихындағы ең көне сағаттар су және күн ағаттарын алғаш жасаушылар да осы мысырлықтар болатын. Астрономия ғылымымен қатар, медицина ғылымы да өз дамуында тамаша табыстарға жетті. Адам организміндегі мидың атқаратын қызметі анықталды, сонымен қатар әртүрлі ауруларға бай-ланысты көз, тіс және тағы басқалары дәрігерлері пайда болды.
Біздің заманымаздан бұрынғы екінші ғасырдың аяғы бір мыңыншы жылдықтың басынан бастапЕгипет мәдениетіне Криттің, Сирияның, Қосөзен бойыңдағы құл иленуші мемлекеттердің мәдениеті өз әсерін тигізе бастады. Біздің заманымаздан бұрынғы VI ғ. Египетті парсылар жаулап, ал олардың үстемдігі біздің заманымаздан бұрынғы 405 жылы дейін созылды. Одан кейін де Египет мемлекетінің тәуелсіздігі ұзаққа созылған жоқ, біздің з.б. 332 жылы македондықтар Египетті өздеріне бағынышты етумен қатар, Александр Македонский (біздің заманымаздан бұрынғы 356-323 жылы) құрметіне Александрия қаласының негізін қалады. Египет абыздары Македонскийді құшақ жая қарсы алып, оны Құдайдың ұлы деп жариялады. Осы бір тарихи кезінде Египет гректер мен египеттік құдайлардың басты қасиеттерін бойына жинақтаған жаңа Сарапис құдайының бейнесін қалыптастырды, оған халық болып табыну басталды. Ал Александрия қаласы болсаШығыс әлемі мен грек халқының мәдени орталығына айналады, сөйтіп Египетте эллиндік мәдениет кеңінен қанат жайды. Атақты сәулетші Дейнократтың жобасы бойынша салынған Александрия қаласының ұзыннан-ұзақ көшелері, театры, кітапханасы, толып жатқан ғибадатханалары мен бақшалары, моншалары мен түрлі демалыс орындары болды. Мұнда өз дәуірінің талай ғұлама ғалымдары, ақындары, суретшілері еңбек етті. Бұл қалада Әлемнің жеті кереметінің бірі-атақты Александрия шырағы салынды
Сурет 1.1.3 Мысыр перамидалары
Мысыр пирамидалары-Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені. Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналады. Сағаналар осыдан 5 мың жыл бұрын салынған.
Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі-147м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым.
Алып құрылыстар осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Осы пирамидалар Әлемнің жеті кереметініңAnthony және Клеопатра. Аттар Antony және Cleopatra аты аңызға айналған даңқ қамтыған. Тіпті оқырман бұрын Шекспир танысты, олардың махаббат пен қайғылы тағдыры. Роман және жалпы Мысыр ханшайымы ұлы махаббат тарихи мысалдар бірі болып саналады. Сондықтан, бір бар Энтони мен Клеопатра атауы ескертпені лирикалық көңіл реттейді. Іс-қимыл оның өрісі сәл барлық ежелгі классикалық әлем емес. Бұл бүкіл әлемде билік үшін күрес барарасында Атап айтқанда, Шекспирдің Энтони мен Клеопатра басқа трагедия, сипатталады қандай орын героин беріледі. Барлық басқа да қайғылы жайттардың көңіл Гамлет, Отелло, Король Лирме, немесебатыры негізінен шоғырланған Афелий тағдыры қайғылы пьесасы соңына дейін аяқталады.
Клеопатра VII Филопатор (көне грекше: ΚλεοPIάτρα ΦιλοPIάτωρ) (б.з.б. 69,Александрия - 30 сонда) Мысырдың соңғы патшайымы, Птолемей әулетінен шыққан Клеопатра Птолемей ХІІ-нің қызы. 21 жыл елді басқарған. Римнің әскери қолбасшысы Марк Антонийға деген драматикалық махаббатымен аты шығып, көптеген әдебиет шығармаларда және кинода бейнеленген.
Клеопатра б.з.д. 69 жылы 2 қарашада туылған. Мысыр патшасы - Птолемей ХІІ-нің үш қызының бірі болған. Балалықшағы және жастық шағы туралы мәлімет жоқ.
Б.з.д. 51 ж. наурыз айында Птолемея XII қайтыс болғаннан кейін Клеопатра сол кездің заңы бойынша, 9 жасар інісі Птолемей XIII-мен формальды ресми некеге тұрып таққа отырады. Ресми лауазымы - Θέα ΦιλοPIάτωρ (Теа Филопатор).Бастапқа кезде жалғыз өзі елді басқарды. Інісі өсіп, оның тәрбиешісі Теодоттың және қолбасшы Ахиллдың демеуімен таққа талас басталады. Нәтижесінде Клеопатра б.з.б. 48 ж. Сирияға қуылды.Клеопатра мен Цезарь
Сурет 1.1.4Клеопатра мен Цезарь
Бірақ Александрия соғысынан кейін Рим иператор Ю.Цезарьдің көмегімен таққа қайта оралады. Птолемей ХІІІ қашып жүріп суға батып қайтыс болады, ал Клеопатра ресми түрінде кішкентай інісі Птолемей XIV-мен формальды некеге тұрып, шын мәнісінде Мысырда тұтас билікке еге болады.52 жасар Цезарь Клеопатраға ғашық болып қалып, Риммен Мысырдың арасында қарым-қатынасы артып, император Тибрдың жағасында Клеопатра үшін вилла соғады. Осы сүйіспеншіліктен Клеопатра Цезарьдан 23 маусым б.з.д. 47 жылы ұл туады, атын Птолемей Цезарь деп қояды ( лақап аты - Цезарион).
Сурет 1.1.5Клеопатра мен Марк Антоний
Ян де Бре, Антоний мен Клеопатраның тойлауы,1669ж 15 науырыз б.з.д. 44 ж. Цезарь өлтіріліп, Римде тақ таласы басталады. Шілденің басында Клеопатра Александрияға қайтып оралады. Көп ұзамай 14-жасар Птолемей XIV қайтыс болады (Иосиф Флавийдің болжамы бойынша, оны Клеопатраның өзі уландырып өлтірген, өсіп келе жатқан баласына кедергі балмасын деп).
Мысырда сол кездері өте қиын жағдайда болды: бір жағынан - ашаршылық, 2 жыл құрғақшылық, халықтың наразылықтары өскен. Ал екінші жағынан елде Цезарьдің дұшпандары билеп отырды.
Осы жағдайда Клеопатра Марк Антониймен жақындасып, оның Октавианға қарсы соғысында қаржымен көмектесіп, қарсы күресін қызу қолдайды.
40-жасар Марк Антоний 28-жасар жас патшайымды жақсы көріп қалады. Осы 10 жылдаң астам созылған махаббат хиқкаясының нәтижесінде Клеопатра б.з.д 40 жылы Антонийдан егіз туды: ұлдың атын Гелиос (Күн) деп қойып, қыздың атын Селена (Ай) деп қойды. Б.з.д. 36 ж. Антонийдан үшінші бала - Птолемей Филадельф атты ұл тапты.
Б.з.б. 32 ж. Рим империясында азаматтық соғыс басталды. Б.з.д. 31 жылы Акциум түбінде Клеопатра мен Антонийдің әскері жеңіледі. Б.з.д. 30 ж. көктемде Октавиан армиясы Мысырға кіреді.
Клеопатраның өлімі, Реджинальд Артур, 1892Клеопатра өзінің серіктес әйелдерімен тығылып, өтіріктен у ішіп қайтыс болған туралы жалған хабар береді.Оны естіген Антоний өз өзіне пышақ салып қайтыс болады.Көп ұзамай Клеопатра да Октавианның алдында басын игісі келмей у ішіп өз өзін өлтіреді.Клеопа́тра бейнесі көрнекті драматургтер (У.Шекспир, Б.Шоу) мен суретшілер (П.Рубенс, Дж.Тьеполо) шығармашылығынан көрініс тапты
1.2. Клеопатра сән үлгілерінің қызметі және дизайн обьектісі
Дизайн - көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі - әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу 1928 ж. пайда болды.
"Дизайнер" термині 1600 жылдарға жатады. Бұған дейін орындық жасайтын қолөнерші дизайнер де, дайындаушы да өзі болатын. 1800 жылдарға қарай фабрика жұмысшылары арнайы дизайнер әзірлеген дизайн бойынша көптеген орындықтар шығарды. Ақын және дизайнер Вильям Морис 1880 жылдары фабрика бұйымдарына қарсылығын білдірді. Ол қол өндірісіне қайта көшу үшін "Өнер және қолөнер" қозғалысын бастады. Шансорғыш сияқты алғашқы электр құралдары көрер көзге кескінсіз болды. Қәзіргі уақытта біз үй құралдарының тек жақсы жұмыс істейтініне ғана емес, үй ішіне үйлесімділігіне де мән беріп жатамыз, соңдықтан дизайн - қазіргі тауарларды шығарудың маңызды қасиеті. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz