(IAS) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

33 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

Акцияға келетін пайда

Мақсаты

1 Осы Стандарттың мақсаты акцияға келетін пайданы анықтау және ұсыну принциптерін белгілеу, оның өзі түрлі ұйымдардың сол бір есепті кезеңдегі қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ сол бір ұйымның түрлі есепті кезеңдердегі қызметінің нәтижелерін салыстыру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Акцияға келетін пайда туралы ақпараттың “пайданы” анықтау кезінде пайдаланылатын есепке алу саясатындағы айырмашылықтарға байланысты кейбір кемшіліктерге қарамастан, бірыңғай әдістеме негізінде есептелген бөлгіш қаржы есептілігінің сапасынан асып кетеді. Стандартты қараудың негізгі мәні - акцияға келетін пайданы есептеу формуласындағы бөлгіш.

Қолдану аясы

2 Осы Стандартты, сондай-ақ жай акцияларын немесе әлеуетті жай акцияларын бағалы қағаздардың ашық нарықтарында орналастыру барысында болып отырған ұйымдар қолдануы тиіс:

  1. төмендегідей ұйымның бөлек немесе жеке қаржылық есептіліктеріне:

(і) жай акциялары немесе әлеуетті жай акциялары нарықта айналымда болатын ұйымдар (ішкі және шетелдік қор биржаларда немесе жергілікті және аудандық нарықтармен қоса, бағалы қағаздардың қордан тыс нарығында) ; немесе

(іі) құралдардың кез келген түрлерін ашық нарықта шығару мақсатымен бағалы қағаздар комиссиясымен және басқа қызметті реттеуді ұйымдастыру шараларымен бірге шоғырландырылған қаржылық есептілік ұсынатын немесе ұсынып жатқан.

  1. бас ұйымы бар топтың шоғырланған қаржылық есептіліктеріне:

(і) жай акциялары немесе әлеуетті жай акциялары нарықта айналымда болатын ұйымдар (ішкі және шетелдік қор биржаларда немесе жергілікті және аудандық нарықтармен қоса, бағалы қағаздардың қордан тыс нарығында) ; немесе

(іі) құралдардың кез келген түрлерін ашық нарықта шығару мақсатымен бағалы қағаздар комиссиясымен және басқа қызметті реттеуді ұйымдастыру шараларымен бірге шоғырландырылған қаржылық есептілік ұсынатын немесе ұсынып жатқан.

3 Акцияға келетін пайданы ашып көрсететін ұйым акцияға келетін пайданың көлемін осы Стандартқа сәйкес есептеуі және ашып көрсетуі тиіс.

  1. Ұйым 27Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі(IAS) ХҚЕС-ына сәйкес әзірленген шоғырландырылған қаржы есептілігін де, жеке қаржы есептілігін де ұсынатын кезде осы Стандартта ашып көрсетілуі талап етілетін ақпарат тек шоғырландырылған деректер негізінде ұсынылуы тиіс. Акцияға келетін пайданы өзінің жеке қаржы есептілігі негізінде ашып көрсететін ұйым ондай ақпаратты тек пайда мен шығын туралы есепте ұсынуға міндетті. Ұйым акцияға келетін пайда туралы ондай ақпаратты шоғырландырылған қаржы есептілігінде ұсынуға құқылы емес.

4А Егер ұйым пайда немесе шығынның компонентін 1 (IAS) Қаржы есептілігін ұсыну (2007 жылғы редакция) ХҚЕС-ының 81 тармағынада сипатталғандай бөлек табыс туралы есепте ұсынса, онда ол бір акция табысын тек сол бөлек есепте ұсынады.

АНЫҚТАМАЛАР

5 Мына терминдер осы Стандартта төменде көрсетілген мәндерде пайдаланылады:

Таратылуға қарсы - акцияға келетін пайданы ұлғайту немесе кеміту, оның өзі айырбасталатын құралдарды айырбастауға қатыстырудың, опциондар мен варранттарды орындаудың немесе белгілі бір шарттар орындалғаннан кейін жай акциялар шығарудың нәтижесі болып табылады.

Белгілі бір шарттарды орындаған кездегі акцияларды сатып алу келісімшарты- акциялар шығару туралы белгілі бір шарттардың орындалу туралы мәміле.

Шартты түрде шығарылатын қарапайым акциялар - шартты түрде шығарылатын қарапайым акциялар шығару туралы шартта белгіленген талаптар орындалғаннан кейін шағын ақшалай өтем төлеуге айырбас ретінде немесе қандай да болсын, соның ішінде шағын ақшалай өтем төлеусіз шығарылатын жай акциялар.

Тарату - акцияға келетін пайданы кеміту немесе акцияға келетін шығынды ұлғайту, бұл айырбасталатын құралдарды айырбастауға қатыстырудың, опциондар немесе варранттар орындау немесе белгілі бір жағдайлар орындалғаннан кейін жай акциялар шығару нәтижесі болып табылады.

Опциондар, варранттар және олардың баламалары - өздерін ұстаушыға жай акциялар сатып алу құқығын беретін қаржы құралдары.

Жай акция - үлескерлік құралдардың барлық басқа сыныптарына неғұрлым төмен статусы бар үлескерлік құрал.

Әлеуетті жай акция - өз иесіне жай акцияларды иелену құқығын бере алатын қаржы құралы немесе өзге шарт.

Жай акцияларды сату опциондары - мұндай опционды ұстаушыға жай акцияларды белгілі бір баға бойынша белгілі бір кезең ішінде сату құқығын беретін келісімшарттар.

6 Жай акцияларды ұстаушылар кезеңдегі пайданы бөлуге тек артықшылықты акциялар сияқты басқа акция түрлері иелерінен кейін ғана қатысады. Ұйымда жай акциялардың бірнеше сыныбы болуы мүмкін. Бір сыныптағы жай акцияларды ұстаушылар дивидендтер алуға тең құқылы.

7 Әлеуетті жай акциялардың мысалдары:

(а) қаржы міндеттемелері немесе үлескерлік құралдар, соның ішінде жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялар;

(b) опциондар мен варранттар;

(с) шарт келісімдерінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін, мысалы, ұйым немесе басқа активтер сатып алу кезінде шығарылатын акциялар.

8 32 Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну (IAS) ХҚЕС-ында анықтамасы берілген терминдер осы Стандартта, егер басқадай көрсетілмеген болса, онда 32 (IAS) ХҚЕС-ының 11-тармағында келтірілген мәндерде пайдаланылады. 32 (IAS) ХҚЕС-ында қаржы құралының, қаржы міндеттемесінің, үлескерлік құралдың және әділ құнның анықтамалары, сондай-ақ сол анықтамаларды қолдану жөніндегі ұсыныстар берілген.

БАҒАЛАУ

Акцияға келетін негізгі пайда

9 Ұйым басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайда немесе шығын жөнінде және ұсынылған жағдайда, одан әрі жалғастырылатын қызметтен сол акцияларды ұстаушыларға келетін пайда немесе шығын жөнінде акцияға келетін негізгі пайда есебін шығаруға міндетті.

10 Акцияға келетін негізгі пайда басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайданы немесе шығынды (алымы) айналымдағы жай акциялардың кезең ішіндегі орташа өлшенген санына (бөлгіші) бөлу жолымен есептелуі тиіс.

11 Акцияға келетін негізгі пайда туралы ақпарат басты ұйымның әрбір жай акциясының ұйымның есепті кезеңдегі қызметінің нәтижелеріне қатысуының үлесін анықтау мақсатында ұсынылады.

П а й д а

12 Акцияға келетін негізгі пайданы есептеу мақсатында басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін сомалар:

(а) одан әрі жалғастырылатын қызметтен басты ұйымға келетін пайда немесе залал сомасы; және

(b) басты ұйымға келетін пайда немесе залал сомасы

(а) және (b) тармақтарда көрсетілген, артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердің салықтан кейінгі сомалары, артықшылықты акциялар өтелгеннен кейін пайда болатын айырмашылықтар және капитал ретінде сараланған артықшылықты акциялардың басқа да осы сияқты нәтижелері бойынша түзетілген тең сомалармен қабылдануы тиіс.

13 Кірістер мен шығыстардың кезең ішінде мойындалған, басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға жатқызылатын барлық баптары, соның ішінде салық бойынша шығыстар және міндеттемелер ретінде сараланған артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін кезеңдегі пайданы немесе шығынды анықтау кезінде есепке алынады (қараңыз: 1 Қаржы есептілігін ұсыну (IAS) ХҚЕС-ын қараңыз) .

14 Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердің пайдадан немесе шығыннан шегерілетін салықтан кейінгі сомасы:

(а) сол кезеңде жарияланған шоғырландырылмайтын артықшылықты акциялар бойынша кез келген дивидендтердің салықтан кейінгі сомасынан; және

(b) шоғырландырылмайтын артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердің, ол дивидендтердің жарияланғанына немесе жарияланбағанына қарамастан, кезеңде төленуі қажет етілетін салықтан кейінгі сомасынан құралады. Акциялар бойынша кезең ішіндегі дивидендтер сомасына кезең ішіндегі шоғырландырылған артықшылықты акциялар бойынша төленген немесе ағымдағы кезең ішінде бұрынғы кезеңдерге қатысты жарияланған қандай да болсын дивидендтер сомасы қосылмайды.

15 Ұйым артықшылықты акцияларды сататын жеңілдікті өтеу есебіне бастапқы төмен дивидендтерді немесе дивидендтерді неғұрлым кейінгі кезеңдерде инвесторлар артықшылықты акцияларды сатып алатын үстемені өтеу есебінен «нарықтан жоғары» төлеуді көздейтін артықшылықты акциялар кейде міндеттемесі ұлғайтылған артықшылықты акциялар деп аталады. Артықшылықты акциялар шығару кезіндегі кез келген жеңілдік немесе үстеме міндеттеменің ұлғаюына қарай пайыздың тиімді міндеттемесі әдісін пайдалана бөлінбеген пайдаға амортизацияланады және есепке алуда акцияға келетін пайданы есептеу мақсатында артықшылықты акцияға дивиденд түрінде көрсетіледі.

16 Артықшылықты акцияларды ұйымның соларды ұстаушыларға тендерлік ұсынысы шеңберінде сатып алуға болады. Артықшылықты акциялар ұстаушыларға төленген өтемді төлеудің әділ құнының сол артықшылықты акциялардың баланстық құнынан асып кетуі артықшылықты акциялар ұстаушылар пайдасындағы кіріс және ұйымның бөлінбеген пайдасынан шегерім болып табылады. Бұл сома басты ұйымның артықшылықты акцияларын ұстаушыларға келетін пайданы немесе шығынды есептеу кезінде шегеріледі.

17 Айырбасталатын артықшылықты акцияларды мерзімінен бұрын айырбастауды ұйымның айырбастаудың бастапқы жағдайларын қолайлы түрде өзгерту немесе қосымша ыңғайласпа қосымша ұсынысты төлеу арқылы ынталандыра алады. Жай акциялардың әділ құнының немесе төленген басқа өтемді төлеудің айырбастаудың бастапқы шарттарына сәйкес орналастырылатын акциялардың әділ құнынан асуы артықшылықты акциялар ұстаушылар пайдасындағы кіріс болып табылады және басты ұйымның артықшылықты акцияларын ұстаушыларға келетін пайданы немесе шығынды есептеу кезінде шегеріледі.

18 Артықшылықты акциялардың баланстық құнының оларды өтеу кезіндегі өтемді төлеудің әділ құнынан кез келген асуы басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін кезеңдегі пайданы немесе шығынды есептеу кезінде шегерілуге жатады.

А к ц и я л а р

19 Акцияға келетін негізгі пайданы есептеу үшін жай акциялардың саны кезең ішіндегі айналыстағы жай акциялардың орташа алынған санына тең болуы тиіс.

20 Кезең ішінде айналыста болатын жай акциялардың орташа алынған санын пайдалану акционерлік капитал мөлшерінің түрлі кезеңде акциялардың көп немесе аз санының айналыста болатындығына байланысты өзгеруінің ықтималдығын көрсетеді. Кезең ішінде айналыста болатын жай акциялардың орташа алынған саны кезеңнің бас кезінде айналыста болатын жай акциялардың кезең ішінде сатып алынған немесе орналастырылған жай акциялар саны бойынша түзетілген, орташа алынған уақыт коэффициентіне көбейтілген санына тең болады. Орташа алынған уақыт коэффициенті акциялар айналыста болатын күндер санын есепті кезеңдегі күндердің жалпы санына бөлудің бөліндісі ретінде айқындалады; көптеген жағдайларда, жеткілікті негіздер бар болған жағдайда, орташа алынған көрсеткішті шамамен есептеуге жол беріледі.

21 Акциялар айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне, әдетте, оларды өтеу жөніндегі дебиторлық берешек пайда болған сәттен (әдетте олар орналастырылған күннен) бастап қосылады, мысалы:

(а) ақша қаражатын төлеу арқылы орналастырылған жай акциялар есепке оларды төлеу бойынша дебиторлық берешек пайда болған сәттен бастап қосылады;

(b) жай немесе артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді ерікті қайта инвестициялау барысында орналастырылған жай акциялар есепке дивидендтер төленген күннен бастап қосылады;

(с) қарыз құралын жай акцияларға айырбастау нәтижесінде орналастырылған жай акциялар есепке пайыздар есептеу тоқтатылған күннен бастап қосылады;

(d) басқа қаржы құралдарының пайыздарын немесе негізгі сомасын төлеу есебінен орналастырылған жай акциялар есепке пайыздар есептеу тоқтатылған күннен бастап қосылады;

(е) ұйымның міндеттемелерін орындау есебінен орналастырылған жай акциялар есепке міндеттемелер орындалған күннен бастап қосылады;

(f) ақша қаражаты болып табылмайтын активті сатып алған кезде өтемді төлеу ретінде орналастырылған жай акциялар есепке сатып алынған актив ұйым балансында мойындалған күннен бастап қосылады; және

(g) ұйымға көрсетілген қызметке ақы төлеу есебінен орналастырылған жай акциялар есепке ондай қызметтердің көрсетілуіне қарай қосылады.

Жай акцияларды айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне қосу сәті оларды шығаруға және орналастыруға байланысты жағдайлармен айқындалады. Акцияларды орналастыруға қатысты кез келген шарттың мазмұнын тиісті түрде ескеру қажет.

22 Ұйымдар бірігуі құнының құрамдас бөліктерінің бірі түрінде шығарылған жай акциялар орташа алынған акциялар санының есебіне сатып алынған күннен бастап қосылады. Мұның өзі сатып алушы ұйымның сатып алынатын ұйым пайдалары мен шығындарын сол күннен бастап пайдалар мен шығындар туралы өз есебіне қосуының нәтижесі болып табылады.

23 Міндетті түрде конвертациялауға жататын құрал конвертацияланғаннан кейін шығарылатын жай акциялар акцияға келетін негізгі пайда есебіне шарт жасасқан күннен бастап қосылады.

24 Орналастырылуы кейінге қалдырылған акциялар акцияға келетін негізгі пайда есебіне тек барлық қажетті шарттар орындалған (яғни жоғарыдағы оқиғалар орын алған) күннен бастап қосылады.

25 [жойылған]

26 Кезең ішіндегі және барлық ұсынылған кезеңдер үшін айналыстағы жай акциялардың орташа алынған саны әлеуетті жай акциялардың жай акцияларға айырбасталуынан басқа, болып жатқан жағдайларды ескере отырып, түзетілуі тиіс, нәтижесінде айналыстағы жай акциялар санының өзгеруі ресурстағы тиісті өзгерістерсіз өтеді.

27 Жай акцияларды активтердегі тиісті өзгеріссіз шығаруға немесе айналыстағы жай акциялар санын қысқартуға болады. Мұның мысалдары:

(а) акцияларды жеңілдік шарттармен капиталдандыру немесе орналастыру (кейде акциялар түріндегі дивиденд деп аталады) ;

(b) кез келген басқа шығарылымдағы жеңілдік элементі, мысалы, нақты акционерлер үшін құқықтар шығарудағы жеңілдік элементі;

(с) акцияларды бөлшектеу;

және

  1. акцияларды кері бөлшектеу (акцияларды шоғырландыру) .

28 Акцияларды жеңілдік шарттармен капиталдандыру, орналастыру кезінде немесе акцияларды бөлшектеу кезінде жай акциялар нақты акционерлер арасында қосымша өтем төлеусіз шығарылады. Сонымен, айналыстағы жай акциялар саны активтердің көбейтілуінсіз ұлғайтылады. Осы оқиғаға дейін айналыста болған жай акциялар саны айналыстағы жай акциялар санындағы теңбе-тең өзгерістерді ескере, бұл оқиға ұсынылған кезеңдердің ең ертерегінің бас кезінде болғандай етіп түзетіледі. Мысалы, акциялар біреу үшін екеуі жеңілдік жағдайымен орналастырылған кезде аталған орналастыруға дейін айналыста болған жай акциялар саны жай акциялардың жаңа жалпы санын алу үшін үшке тең коэффициентке немесе қосымша акциялар санын алу үшін екіге тең коэффициентке көбейтіледі.

29 Жай акцияларды шоғырландыру кезінде, әдетте, айналыстағы жай акциялар саны қысқарып, ол активтердің тиісінше қысқаруымен ұласпайды. Алайда, жалпы нәтиже акцияларды әділ құн бойынша сатып алу болып табылатын кезде, айналыстағы жай акциялар санының қысқартылуы активтердің тиісінше қысқаруының нәтижесі болып табылады. Мұның мысалы акцияларды арнаулы дивидендпен ұштастыра шоғырландыру болып табылады. Айналыстағы жай акциялардың құрамдастырылған операция жүзеге асырылатын кезең ішіндегі орташа алынған саны арнаулы дивиденд мойындалған күннен бастап жай акциялар санының қысқаруын ескере түзетіледі.

Акцияға келетін таратылған пайда

30 Ұйым басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайда немесе залал жөнінде акцияға келетін таратылған пайданы және, ұсынылған жағдайда, одан әрі жалғастырылатын қызметтен сол акцияларды ұстаушыларға келетін пайданы немесе залалды есептеуге міндетті.

31 Акцияға келетін таратылған пайданы есептеу үшін ұйым басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайдаға немесе залалға және айналыстағы акциялардың орташа алынған санына таратылған әлеуетті жай акциялар ықпалын ескере түзетуге міндетті.

32 Акцияға келетін таратылған пайда акцияға келетін негізгі пайда сияқты анықталады, нақты айтқанда, әрбір жай акцияның ұйым қызметінің нәтижелеріне қатысуының үлесін кезең ішінде айналыста болған таратылған әлеуетті жай акциялар ықпалын ескере анықтау керек. Нәтижесінде:

(а) басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайдаға немесе шығын таратылатын әлеуетті жай акциялар бойынша кезең ішінде есептелген дивидендтер мен пайыздардың салықтан кейінгі сомасына ұлғайтылады және пайдада немесе шығыста таратылатын әлеуетті жай акцияларды жай акцияларға айырбастау нәтижесінде пайда болатын кез келген өзгерістерді ескере түзетіледі; және

(b) айналыстағы жай акциялардың орташа алынған саны, егер әлеуетті жай акцияларды жай акцияларға айырбастауға рұқсат етілетін болса, онда айналысқа түсетін қосымша жай акциялардың орташа алынған санына көбейеді.

П а й д а

33 Акцияға келетін таратылған пайданы есептеу үшін ұйым басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін, 12-тармаққа сәйкес есептелген пайдаға немесе шығынға:

(а) басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайданың немесе шығынның мөлшерін алу, 12-тармаққа сәйкес есептеу кезінде шегерілген, таратылатын әлеуетті жай акцияларға қатысты кез келген дивидендтерге немесе басқа баптарға;

(b) таратылатын әлеуетті жай акциялар бойынша кезең ішінде есептелген кез келген пайыздарға; және

(с) таратылатын әлеуетті жай акцияларды жай акцияларға айырбастау нәтижесінде кірістерде немесе шығыста болатын кез келген басқа да өзгерістерге салықтан кейінгі ықпалды ескере түзету енгізуге міндетті.

34 Әлеуетті жай акцияларды 33-(а) -(с) тармақта көрсетілген жай акцияларға айырбастағаннан кейін баптар пайда болмайды. Мұның орнына жаңа жай акциялар ұстаушылар басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін және 12-тармаққа сәйкес есептелген пайдаға немесе шығынға қатысуға құқылы болады. Сонымен, басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін және 12- тармаққа сәйкес есептелген пайдаға немесе шығынға 33-(а) -(с) тармақта аталған баптарға және оларға байланысты кез келген салықтарға түзетіледі. Әлеуетті жай акцияларға жатқызылатын шығыстар мәмілелер бойынша шығындарды және пайыздың тиімді міндеттемесі әдісін пайдалана ескерілетін жеңілдіктерді қамтиды (қараңыз: 39 Қаржы құралдары: тану және бағалау (IAS) ХҚЕС-ының 9-тармағы, 2003 жылғы редакция) .

35 Әлеуетті жай акцияларды айырбастау кірістер мен шығыстарда кейіннен өзгерістер болуына әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, әлеуетті жай акцияларға қатысты пайыздарды төлеуге жұмсалатын шығыстардың азаюы және пайданың тиісінше ұлғаюы немесе шығынның кемуі қызметкерлердің ұйым пайдасына қатысуының міндетті жоспарларына байланысты шығыстарды ұлғайтуы мүмкін. Акцияға келетін таратылған пайданы есептеу мақсатында басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайда немесе зиян кірістердегі немесе шығыстардағы кез келген кейінгі өзгерістерді ескере түзетіледі.

А к ц и я л а р

36 Акцияға келетін таратылған пайданы есептеу үшін жай акциялар саны олардың 19 және 26-тармақтарға сәйкес есептелген орташа алынған санына және барлық таратылатын әлеуетті жай акцияларды жай акцияларға айырбастаған кезде шығарылатын жай акциялардың орташа алынған санына тең болуы тиіс. Таратылатын әлеуетті жай акциялар кезең басындағы күй бойынша немесе, егер олар кейінірек шығарылатын күнгі күй бойынша жай акцияларға айырбасталды деп есептелуі тиіс.

37 Таратылатын әлеуетті жай акциялар көрсетілген әрбір кезең үшін жеке анықталуы тиіс. Таратылатын әлеуетті жай акциялардың өткен кезеңдегі саны әрбір аралық есепке қосылатын таратылатын әлеуетті жай акциялардың орташа алынған саны болып табылмайды.

38 Әлеуетті жай акциялардың орташа алынған саны олар айналыста болған кезеңдегі күй бойынша есептеледі. Қайтарып алынған немесе қолданылу мерзімі есепті кезең ішінде біткен әлеуетті жай акциялар акцияға таратылған пайда есебіне кезеңнің олар айналысты болған бөлігі шегінде ғана қосылады. Есепті кезең ішінде жай акцияларға айырбасталған әлеуетті жай акциялар кезең басынан бастап, айырбасталатын сәтке дейін акцияға таратылған пайда есебіне қосылады; алынған жай акциялар айырбасталған сәттен бастап акцияға келетін негізгі, сондай-ақ таратылған пайдаға қосылады.

39 Таратылатын әлеуетті жай акцияларды айырбастау кезінде шығарылатын жай акциялар саны сол әлеуетті жай акцияларды шығару немесе олар жөніндегі шарт талаптарымен анықталады. Айырбастаудың бірнеше негіздері бар болған кезде есеп ұстаушының көзқарасы тұрғысынан ең тиімді әлеуетті жай акцияларды, айырбастау коэффициентін немесе орындау бағасын қолдана жасалады.

40 Еншілес ұйым, бірлескен қызмет немесе қауымдасқан ұйым басқа тараптарға, басты ұйымнан, кәсіпкерден немесе инвестордан гөрі, не еншілес ұйымның, бірлескен қызметтің немесе қауымдасқан ұйымның жай акцияларына, не басты ұйымның, кәсіпкердің немесе инвестордың (есеп беретін ұйымның) жай акцияларына айырбасталатын әлеуетті жай акциялар шығаруы мүмкін. Егер еншілес ұйымның, бірлескен қызметтің немесе қауымдасқан ұйымның жай акцияларына айырбасталатын осы әлеуетті жай акцияларға, есеп беруші ұйымның акциясына таратушы әсері болса, онда олар акцияларға келетін таратылған пайданың есебіне қосылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
34 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
1 ІAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
14 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
8 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялардың салдары
10 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
21 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Қарыздар бойынша шығындар
Активтерге жататын субсидиялар туралы ақпарат беру
7 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz