Асбестоз



1. Этиопатогенезі.
2. Асбестоздағы асқынулар
3. Клиникалық көрінісі
Асбест шаңдарынан туындайтын пнемокониозды асбестоз деп атайды. Асбест дегеніміз талшық құрылымдағы минерал, химиялық құрамына сәйкес магний мен темірдің және көбінесе кальций мен натрийдің гидросиликаты болып табылады. Асбесттің әрқилы түрлері кездеседі, олардың ішінде өндірісте серпентин тобы (жылан тәрізді) немесе хризотиласбест тобы маңызды болып саналады. Асбесттің басқа да топтары – амфиболды тобы кеңінен қолданыла бастады. Оған антофилит, тремолит, амозит, крикодолит және басқа да түрлері жатады. Асбест талшықтары өздерінің тахникалық сапаларына сәйкес өндірістің әртүрлі салаларында жылуды изоляция жасау мен өртке қарсы материал ретінде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ол көптеген құрылыс материалдары мен композияциялық қоспалардың құрамына кіреді, пластмасса, шифер, рубероид, фанера, фаолит, асбозурит, совелит және т.б. түрінде қолданылады. Асбест талшықтарының патогенездік әсері толық зерттелмеген.
Асбесттің фибриногендік әсері ұзақ жылдар бойы асбест құрамындағы бос кремнийдің қос тотығының босауынан деп саналған.Асбесттің ине тәрізді талшықтарының өкпе тініне механикалық әсері де болуы мүмкін. Кварц тәрізді, асбест талшықтарының беткейлік белсенділігінен макрофагтарға қарсы белсенді орталықтардың пайда болуына көп көңіл бөліне бастады. Асбест талшықтарының ішіне макрофагтардың түсуі мүмкін. Асбестозда иммунды патологиялық процестер дамуы мүмкін екені жорамалданады.
Асбестоздағы фиброз силикатоздағыдай өзгешелеу болады, альвеолалық-септалық құрылымдардың арқасында фиброздың интерстиция-лық сипаты басым болады, ол баяу дамиды ұсақ тамырлар мен плевраның қабырғаларына таралады.
Силикозға ұқсас түйіншектік өзгерістер кездеспейді және лимфотүйіндері сирек зақымданады. Асбестозда плевралық және плевралық-кардиялық жабысқақтар үнемі кездеседі. Силикозбен ажырату кезінде асбестозда фиброзды өзгерістер ортаңғы және төменгі бөліктерде жиі кездеседі, ал жоғарғы блігінде эмфизема белгісі анықталады. Асбестоздың морфологиялық ерекшелігіне өкпе паренхимасында асбест денешіктерінің табылуы жатады. Осындай денешіктер тек асбестоз дамығанда ғана емес, сол секілді асбестпен қатынастағы адамдарда да кездесуі мүмкін. Асбест денешіктері қақырықта да анықталуы мүмкін.
Асбестоздың өкпелік түрінен басқа, кейінгі жылдары, плевралық түрі де кездесе бастады және онда өкпе тіні зақымданбайды да плевраның өзгерістері анықталады. Париеталды плеврада немесе тіпті перикардта диаметрі 1 см немесе одан кішірек болатын және өкпенің ортаңғы және төменгі бөліктерінің латералды жақтарында фиброзды ошақтар анықталады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Асбестоз. Этиопатогенезі. Асбест шаңдарынан туындайтын пнемокониозды асбестоз деп атайды. Асбест дегеніміз талшық құрылымдағы минерал, химиялық құрамына сәйкес магний мен темірдің және көбінесе кальций мен натрийдің гидросиликаты болып табылады. Асбесттің әрқилы түрлері кездеседі, олардың ішінде өндірісте серпентин тобы (жылан тәрізді) немесе хризотиласбест тобы маңызды болып саналады. Асбесттің басқа да топтары - амфиболды тобы кеңінен қолданыла бастады. Оған антофилит, тремолит, амозит, крикодолит және басқа да түрлері жатады. Асбест талшықтары өздерінің тахникалық сапаларына сәйкес өндірістің әртүрлі салаларында жылуды изоляция жасау мен өртке қарсы материал ретінде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ол көптеген құрылыс материалдары мен композияциялық қоспалардың құрамына кіреді, пластмасса, шифер, рубероид, фанера, фаолит, асбозурит, совелит және т.б. түрінде қолданылады. Асбест талшықтарының патогенездік әсері толық зерттелмеген.
Асбесттің фибриногендік әсері ұзақ жылдар бойы асбест құрамындағы бос кремнийдің қос тотығының босауынан деп саналған.Асбесттің ине тәрізді талшықтарының өкпе тініне механикалық әсері де болуы мүмкін. Кварц тәрізді, асбест талшықтарының беткейлік белсенділігінен макрофагтарға қарсы белсенді орталықтардың пайда болуына көп көңіл бөліне бастады. Асбест талшықтарының ішіне макрофагтардың түсуі мүмкін. Асбестозда иммунды патологиялық процестер дамуы мүмкін екені жорамалданады.
Асбестоздағы фиброз силикатоздағыдай өзгешелеу болады, альвеолалық-септалық құрылымдардың арқасында фиброздың интерстиция-лық сипаты басым болады, ол баяу дамиды ұсақ тамырлар мен плевраның қабырғаларына таралады.
Силикозға ұқсас түйіншектік өзгерістер кездеспейді және лимфотүйіндері сирек зақымданады. Асбестозда плевралық және плевралық-кардиялық жабысқақтар үнемі кездеседі. Силикозбен ажырату кезінде асбестозда фиброзды өзгерістер ортаңғы және төменгі бөліктерде жиі кездеседі, ал жоғарғы блігінде эмфизема белгісі анықталады. Асбестоздың морфологиялық ерекшелігіне өкпе паренхимасында асбест денешіктерінің табылуы жатады. Осындай денешіктер тек асбестоз дамығанда ғана емес, сол секілді асбестпен қатынастағы адамдарда да кездесуі мүмкін. Асбест денешіктері қақырықта да анықталуы мүмкін.
Асбестоздың өкпелік түрінен басқа, кейінгі жылдары, плевралық түрі де кездесе бастады және онда өкпе тіні зақымданбайды да плевраның өзгерістері анықталады. Париеталды плеврада немесе тіпті перикардта диаметрі 1 см немесе одан кішірек болатын және өкпенің ортаңғы және төменгі бөліктерінің латералды жақтарында фиброзды ошақтар анықталады.
Клиникалық көрінісі.Асбестозбен науқас адамның шаңды стажы силикозбен салыстырғанда ұзақтау болады да 18-20 жылға дейін созылуы мүмкін. Еңбек жағдайының өте нашар жағымсыз кезінде бұл стаж әлдеқайда қысқаруы мүмкін, 5-10 жыл арасында дамыған туралы әдебиеттер де кездеседі.
Басқа пневмокониоздардағы секілді асбестозда адамның шағымдары мен клиникалық көрінісі әлсіз байқалатын бронхит пен өкпе эмфиземасына ұқсайды. Силикозға қарағанда асбестозда клиникалық көрінісі айқынырақ байқалады, ерте дамыған және айқын білінетін функциялық өзгерістермен ерекшеленеді. Обструкциялық синдромға біртіндеп диффузиялық өзгерістер қосыла бастайды да диффузды фиброз бен плевралық жабысқақтарға байланысты рестрикциялық-обструкциялық синдром өршиді. Жалпы соматикалық бұзылыстары: әлсіздік, дегбірсіздік, өңінің түнеріп бозаруы, саусақтарында асбесттік сүйелдер анықталады; ентігу, шырышты қақырықты жөтел, кеудесіндег қатты ауырсынулар (плевралық синдром), перкуссияда көбінесе жоғарғы бөліктегі босқорапты дыбыс, төменгі және ортаңғы бөліктерде ылғалды сырылдар, крепитация, плевраның үйкеліс шуы, кейде құрғақ сырылдар анықталады.
Қанда қабынудың салдарынан болған ЭТЖ артуы, гипергаммаглобулинемия, РФ, АНФ, Т-лимфоциттердің функциялық өзгерістері.
Функциялық тесттерден: ӨӨС (өкпенің өмірлік сыйымдылығы) және өкпенің желдендіру көрсеткіштері (ӨМЖ, пневмотахометрия көрсеткіштері) төмендейді, өкпенің қалдықты көрсеткіштері артады.
Рентгенде: өкпе суретінің торлануы, ұялануы, айқындануы және кейде өте айқын болатын созыңқы қараюлары мен ірі фиброзды алаңқайлар анықталады.
Асбестоздың 3 кезеңі болады. 1 кезеңінде өкпенің ортаңғы және төменгі бөліктерінде шеттен өкпе түбіріне қарай созылған жіңішке және қалың торланулар мен плевралық-диафрагмалық жабысқақтар анықталады.
2-ші кезеңінде осы өзгерістер дөрекілене бастайды және әртүрлі пішіндегі созылыңқы қараюлар - яғни ұнтақталған шыны көрінісі анықталады. Өкпе түбірі симметриялы түрде фиброзды қатаяды да кеңейеді, жабысқақтар айқындалады.
3-ші кезеңінде өте дөрекі торланулар, өкпенің барлық бөліктерін қамтитын диффузды қараюлар мен жүрек көлеңкесінің айқындылығы азаяды және плевралық-кардиялық жабысқақтар анықталады - яғни түкті жүрек көрініс байқалады.
Асбестоздың 2-ші және 3-ші кезеңдерінде лимфалық айналымның тоқырауынан және фиброз салдарынан Керли сызықтары немесе көлденең жолақтар анықталады.
Диагностикалық тұрғыдан асбестоздың плевралық түрі қиындық туғызады, себебі онда тек плевралық қана өзгерістер көбінесе париеталды плеврада ғана әктелген ландкартқа ұқсас шашырқы (бляшка) байқалады.
Осындай өзгерістер көбінесе ертеректе асбест шаңының аздаған концентрациясымен қатынаста болған адамдарда анықталады немесе кәсіптік қатынастан тыс ұзақ мерзімдегі қатынастар кездерінде (асбест кәсіпорны аумағында тұратындар немесе топырақта асбестті бар жерлердің тұрғындарында) байқалады.
Асбестоздағы асқынулар.
Асбестотуберкулез. Силикозға қарағанда сирек кездеседі, алайда осындай асқынуға тек асбестоздың дамуы ғана емес, сонымен қатар асбест шаңымен тікелей қатынаста болған адамдарда да дамуы мүмкін. Көбінесе асбестозда инфильтрациялық өзгерістері мен үдемелі дамуына бейім емес және фиброзды тығыздалуыға бейім ошақты туберкулез байқалады.
Асбестоз бен рак. Асбест шаңымен ұзақ қатынаста болу өкпе рагы мен плевраның мезотелиомасы дамуларына бейім тудыратыны бұрыннан белгілі.
Асбестоз жіті және сүлелі пневмониялармен, бронх демікпесімен, бронхоэктаз ауруымен асқынуы мүмкін. Соңғы екеуі сиректеу кездеседі. Асбестоз кезіндегі жіті пневмония ауыр ағымды болады және қиын анықталады, себебі біріккен фиброзды фокустар пневмонияның дамуын күшейте түседі. Сондықтан пневмониямен асқынуы клиникалық көріністеріне сүйене отырып қойылады және тек 1-ші және 2-ші кезеңдерінде ғана рентгендік зерттеде анықталуы мүмкін. Сүлелі пневмония асбестоз ағымын ауырлатады және диагноз қою өте қиынға түседі де тек ошақты пневмонияда ғана немесе тура бағытталған емнің айқын эффекті болғанда ғана мүмкін болады. Кейде асбестоз ревматоидты артритпен асқыну мүмкін, сирек кездеседі. Асбестоздың ауыр ағымы фиброздаушы альвеолитке ұқсас болады.
Емдеуі мен еңбектік сараптауы. Асбестозға шалдыққан адамдарға тіпті 1-ші кезеңі болса да шаңмен, тітіркендіргіш газдармен қатынастағы жұмыстарды, жағымсыз метеорологиялық жағдайларда және ауыр физикалық жұмыстарда істеуге болмайды. Еңбекке жарамсыздық дәрежесін анықтау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асбестоз. Этиопатогенезі
Жұмыс орындарында шандылық көздеріШанның адамға және қоршаған ортаға әсері туралы ақпарат
Шанның адамға және қоршаған ортаға әсері
Жұмыс орындарында шаңдылық көздері. Шаңның адамға және қоршаған ортаға әсері жайлы мәлімет
Кәсіптік аурулар
Табиғи - экологиялық факторлардың адам денсаулығынаәсері
Өндірістік жарақаттану
Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі
Пероральді улану жолы
Өндірістік улар және олармен улану
Пәндер