«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының персоналмен жұмысын басқару бөлімшесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және менеджмент» кафедрасы
Тәжірибе практикасы бойынша
ЕСЕП БЕРУ
Тақырып: «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік қоғамының персоналмен жұмысын басқару бөлімшесі
Орындаған: Мухамбетярова Р.
4-курс Э 04-01гр.
КҚУ-нің практика жетекшісі
Ажигулова Ж. Х
ММГ-дің практика жетекшісі
Суйеуова Р. Н
Алматы - 2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ -бет
1 «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік қоғамының қысқаша сипаттамасы -бет
1. 1 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның даму хронологиясы -бет
1. 2 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 3 жылғы негізгі
технико-экономикалық көрсеткіштер -бет
1. 3 Өнімнің өзіндік құны -бет
2 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның персоналмен
жұмысын басқару бөлімшесі -бет
2. 1 Персоналды басқару бөлімшесінің функциялары -бет
2. 2 Жеке еңбек шартын жасасу тәртібі -бет
2. 3 Персоналды басқару жүйесі -бет
3 еңбек ақы қорын есептеу мен еңбекті төлеуді ұйымдастыру -бет
3. 1 Еңбекті төлеуді ұйымдастыру -бет
3. 2 Жұмысшылар саны мен еңбек ақы қоры -бет
3. 3 Еңбек ақы төлеуді талдау сипаттамасы (мысал) -бет
ҚОРЫТЫНДЫ -бет
Қосымшалар -бет
Пайдаланылған әдебиеттер -бет
КІРІСПЕ
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы бүгінде Қазақстан Республикасының мұнай-газ өндіретін бірден бір ірі кәсіпорынның қатарындағы аймақта өндірілетін мұнайдың тең жартысынан астамын, ал Республикада бестен бірінен астамын қамтамасыз етеді.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мына негізгі қызмет түрлерімен айналасады:
- көмірсутекті шикізат жатқан жерлерді барлау;
- мұнай мен газды іздестіру, құрылымдық және пайдалану ұңыларын қазу;
- мұнай, газ оорындарын жарақтандыру, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарды, жол салу және жөндеу;
- мұнай мен газ өндіру;
- мұнайды кәсіпшілікшілік жинақтау, тасымалдау және комплексті дайындап, тұтынушыларға өткізу;
- республика мұнай өңдеу зауыттарында өңделгеннен кейін мұнай өнімдерін өткізу;
- ұңғыларды, мұнай кәсіпшілік, электромеханикалық қондырғыларды жөндеу және күту;
- өндірісті автоматтандыру мен байланыс құралдарын монтаждау және пайдалану;
- ішкі және халықаралық рынокта мұнай мен мұнай өнімдерін өткізуді зерттеу;
- тауарлар мен қызметті сыртқа шығару және әкелу, өзара тиімді сыртқы экономикалық байланыстарды, шетел фирмалармен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық қарым-қатынасты дамыту;
- кен орындарын пайдалану барысына ақпараттық-есертеу қызметін көрсету;
Практиканың негізгі мақсаты: Акционерлік қоғамда жіберілген бөлімшесінің жұмысымен таныса отырып, бөлім қызметі мен атқаратын міндеттерін, оның өндіріске қатысын, байланысын түсіну, үйрену, сонымен қатар диплом жұмысына негіз болатын материалдар мен ақпараттар жинау, қамтылу.
Зерттеу объектісі : «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік Қоғамының Персоналмен Жұмысты Басқару бөлімшесі.
Зерттеу құралы: есеп беру құжаттары, 2000-2002 жылдарғы еңбек балансы, тарифтік анықтама, архивтік материалдар.
1 «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік қоғамының қысқаша сипаттамасы
1963 жылдың қараша айында «Мангышлакнефть»өндірістік бірлестік ретінде қаланған «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы бүгінде Қазақстн Республикасының мұнай-газ өндіретін бірден бір ірі кәсіпорынның қатарындағы аймақта өндірілетін мұнайдың тең жартысынан астамын, ал Республикада бестен бірінен астамын қамтамасыз етеді. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ - еліміздегі ең ірі мұнайгаз өндіруші кәсіп орны. Компанияның бас офисы батыс Қазақстан теңіз жағалауында, Ақтау қаласында орналасқан. Негізгі тауарлық өнімі бұл бекітілген талапқа сәйкес дайындалған мұнай және аз көлемде газ.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мына негізгі қызмет түрлеріне мыналарды жатқызады: көмірсутекті шикізат жатқан жерлерді барлау; мұнай мен газды іздестіру, құрылымдық және пайдалану ұңыларын қазу; мұнай, газ оорындарын жарақтандыру, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарды, жол салу және жөндеу; мұнай мен газ өндіру; мұнайды кәсіпшілікшілік жинақтау, тасымалдау және комплексті дайындап, тұтынушыларға өткізу; республика мұнай өңдеу зауыттарында өңделгеннен кейін мұнай өнімдерін өткізу; ұңғыларды, мұнай кәсіпшілік, электромеханикалық қондырғыларды жөндеу және күту; өндірісті автоматтандыру мен байланыс құралдарын монтаждау және пайдалану; ішкі және халықаралық рынокта мұнай мен мұнай өнімдерін өткізуді зерттеу; тауарлар мен қызметті сыртқа шығару және әкелу, өзара тиімді сыртқы экономикалық байланыстарды, шетел фирмалармен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық қарым-қатынасты дамыту; кен орындарын пайдалану барысына ақпараттық-есертеу қызметін көрсету.
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына
қатысты мәлімет
01. 12. 2002 жыл бойынша
Кесте-1
- Мұнай және газ кен орындарын барлау және өңдеу
- Мұнай және газ өндіру
- Мұнайгаз шикізатын және өңделген өнімдерді өткізу
Еншіліс ЖШС, Маңғыстаумұнайгаз АҚ 100% қатысуымен
«Oil Transport Corporation» (OTC)
- «Жетібай технологиялық транспорт»
- «Бұзашы тех транспорт»
- «Манғыстау технологиялық транспорт»
- «Арай»
- Арнайы техникамен қызмет көрсету.
- Вахталық жолаушылар тасымалдау.
«Oil Services Company» (OSC)
- «Химремонтскважин»
- «Шегендеу»
- «Бұрғышы»
- Қаламқас кен орнында ұңғыны жер асты және күрделі жөндеу
- Мұнай және газ өндіру процесінің технологиялық химизациясы
- Цементтеуші агрегаттар қолданатын арнйы қызмет көрсету
- Жетібай кен орнында ұңғыны жер асты және күрделі жөндеу
«Oil Construction Company» (OCC)
- «Манғыстаумұнара»
- «Мұнай құрылыс»
- «Манғыстау мұнай жолдары»
- Мұнай және газ кен орындарының құрылысы мен орналастырылуы
- Мұнара құрылысы
- Кен орындарда автомобиль жолдарын қызмет көрсету, шығындарын жабу.
- Санитарлы курорты емдеумен қамтамасыз ету қызметі.
- Кеніш электрожелілерінің эксплуатациясы
- Автоматика, байланысты қамту
1. 1 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның даму хронологиясы
1961 жылдың 5 шілдесінде Жетібай жеріндегі №6 барлау ұңғысын қазу кезінде өнеркәсіптік қуатты мұнай фонтаны атқылады. Сол сәттен Маңғыстау мұнай эпопеясы басталып, Қазақстан Республикасының ірі өндірісі бар елдер қатарына қосылды.
Мемлекет байлығын игетуді тұрақты түрде назарға алды. 1963 жылы қараша айының 27-нде Батыс Қазақстан Халық шаруашылығы кеңесінің № 280 Қаулысымен мұнай-газ өндіру кәсіпорны - «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестігі құрылды.
1965 жылы «Мангышлакнефть»1 бірлестігі «Казахстан нефть» бірлестігіне өзгертілді.
1966 жылы 30 желтоқсанда Маңғыстада екінші мұнай кәсіпшілігі пайда болды. Бұл күні Жетібай кен орнында алғашқы үш ұңғы мұнай бере бастады. Сол жылы мұнай кен орындары ашылған жерде «Жетібайнефть» мұнай кәсіпшілік басқармасы құрылды.
1967 жылы Өзен мен Жетібай кенорындары елге 3733 мың тонна, 1970 жылы 10401 мың тонна, немесе, 1913 жылы революцияға дейінгі бүкіл Ресейдің өндіргенімен тең берді. 1967 жылы қаңтарда салынып болған 154 километрлік Шевченко-Жетібай-Өзен автомагистралі өндірістердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға мүмкіндік берді.
1970
жылы 25 тамызда 1500 километрлік Өзен-Құлсары-Гурьев-Құйбышев «ыстық» мұнай құбырының ске қосылуы Маңғыстау мұнайын елдің орталық аудандарына жеткізу проблемасын толықтай шешті. Өзен кенорныгда тораптық сорап стансасы арқылы теңіз суын қабатқа айдау объектісіпайдалануға тпсырылды. Оның тәуліктік қуаты 2500 текшеметр құрады. «Жетібайнефть» МГӨБ бойынша жылдық мұнай өндіру көлемі 1, 5 млн тоннаға жетті.
1972 жылы Жаңа Өзен қаласында 5000 орындық стадионның бірінші кезегі ашылды. Теңге газ кәсіпорнының өнеркәсіптік газы «Орта Азия-Орталық» газ құбырына қосылды.
1973 жылы Мамырда - Қарамандыбас, қазанда - Асар, оңтүстік Жетібай мұнай кен орындары пайдалануға қосылды. Екі жылдан соң Ұлы Отан соғысының 30 жылдығын байланысты Өзен мұнайшылары 100 миллионыншы тонна мұнай өндірді. Өзен кен орнында қабатқа тәулігіне 1400 текшеметр ысытылған теңіз суын айдайтын қондырғы іске қосылды. 1978 жылы Ұлутас кен орны пайдалануға қосылды.
1982 жылы «Жетібайнефть» МГӨБ ұйымдасқаннан бері 40 млн тонна мұнай өндірілді. Қаражанбаста №82, 809 ауа айдау ұңғылары бойынша өнімді қабаттың ішін қыздыру тәжірибесі жасалды. 1988 жылдары «Кумкольнефть» мұнай-газ өндіру басқармасы құрылды. Оның қарамағына кен орнын жарақтандыру, материалдық-техникалық және көлік қызметін көрсету, әлеуметтік сала ұйымдары берілді. «Жетібайнефть» МГӨБ ұйымдасқаннан бері 50 млн тонна мұнай өндірілді.
1994 жылдары «МұнайГаз» холдинг компаниясының бұйрығымен «Маңғыстаумұнайгаз» «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестігі бөлініп шықты. 1997 жылы Қаламқаста вахтамен істейтін мұнайшылар қалашығын салу жұмыстары басталып, 1999 жылға қарай толығымен аяқталған еді. Онда денсаулық сақтау, физкультура және спорт басқармасы құрылды. Ақтауда мұнайшылар емханасы, Қаламқаста, Жетібайда және Асарда дәрігерлік амбулаториялар жұмыс істей бастады.
2000
жылға қарай Жетібайда мұнайлы қабат көздерін сұйықтықпен ашу тәсілін қолдану қосымша 63 мың тонна өнім алуға мүмкіндік берді.
2001 жылы «Oil Serves Company» ЖШС құрылып, жауапкершіліг шектеулі «Химремонтскважин», «Шегендеу» және «Бұрғышы» серіктестіктері біріктірілді. Асарда 144 орындық жатақханасы, 80 орындық асханасы бар европалық үлгідегі тұрғын кешкен салынып, пайдалануға берілді.
2002 -жылы Ресейдің «Арнаулымашин жасау және металлургия» кәсіпорнынан қабат мұнай көздерін су айда шу қондығысы сатып алынды.
Еңбекті ұйымдастыруды оңтайландыру тәсілі одан әрі жалғасты. «Маңғыстау технологиялық көлік», «Бозашы технологиялық көлік», «Жетібай технологиялық көлік», «Арай» жауапкершілігі серіктестіктері жаңадан ашылған «Ойл Транспорт Корпорейшэн» кәсіпорнына біріктірілді.
Орта есеппен тәуліктік өнім өндіру 12652 тонна құрады. Оның ішінде «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ 9657 тонна, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ 2995 тонна.
2003 жылы Қабат мұнай көздерінүлкен қысыммен ұйықтық аәдап ашутәслі Қаламқас кен орнында да қолданыла бастады.
«Маңғыстаумұнайжолдары», «Маңғыстаумұнара», «Нефтестрой», ЖШС ірілендіріліп, «OIL CONSTRUCTION COMPANY» серіктестігіне біріктірілді.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бойынша тәуліктік өнім көлемі орта есеппен 12080 тоннаға жетті. Оның ішінде «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ 9560 тонна, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ 2520 тонна. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қазір малпы мұнац қоры 969 миллион тонна (6783 баррель ) құрайтын 15 мұнай және газ кен орындарын пайдаланып отыр.
1999 жылдың басындағы жағдай бойынша акционерлік қоғамның кен орындары қойнауларынан барлығы 144 миллион тонна мұнай өндіреді. Алынуға жататын қалған мұнай қорлары 200 миллион тонна (1400 миллион тонна баррель) .
1. 2 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 3 жылғы негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер
Кесте-2
Мұнай жеткізу - барлығы (мың тонна)
Соның ішінде:
Мұнай өндірудегі көрсеткіштердің артуы әлемдік нарықтағы бағалардың өсуімен тікелей байланысты.
Газ өндірудің артуы мұнай өндірудің артуымен байланысты.
Мұнайды өткізу жөніндегі маркетингтік зерттеулер көрсеткендей, мұнай өткізудің тиімді бағыттарына мұнайды Одесса портына жеткізу мен Актау порты жатады.
Шикі мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ үшін экономикалық тиімсіз, өйткені ұсынылған бәсекеқабілетті бағалар мен жоғары деңгейлі салық салуға байланысты. Алайда Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысын орындай отырып, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ отандық мұнайөңдеу зауыттарына атап айтқанда Павлодар мұнай химия зауытына мұнай жеткізуді арттырды.
2003 жылы республика ішінде мұнай жеткізу бағыттары құрады:
- Атырау МӨЗ 160, 9 мың тонна
- Павлодар МӨЗ 2684, 6 мың тонна
- өз қажеттіліктеріне жіберу (отын)
МТҰК «КазТрансОйл» 12, 1 мың тонна
- МТҰК «КазТрансОйл» 175, 9 мың тонна
2002 жылғы бағыттар бойынша жеткізу келесідей:
Жалпы өнім өткізу 2002 жылы 4074230 мың тенге немесе екі есе өсті. Бұл мұнайдың бір тоннасына орташа бағасы 6900 тенгеге және мұнай жеткізу 1036, 9 мың тоннаға артуымен байланысты.
Пайда 1245709 мың тенге құрады. өнімді өндіру және өткізу шығындарының 28106251 мың тенгеге артса да, әлемдік нарықтағы қолайлы жағдай түсім көлемін арттырып, барлық шығындарды жауып және пайданың біршама артуына себеп болды.
1. 3 Өнімнің өзіндік құны
Өнімнің өзіндік құны кез келген кәсіпорвн үшін түпкі қаржылық қызмет нәтижесін анықтаушы басты звено болып табылады. Өнімнің өзіндік құны туралы ақпарат тек қана бухгалтерлік есеп үшін ғана емес, сонымен қатар жоспарлауда, басқару шешімдерін қабылдауда және жалпы бизнесті ұйымдастыруда да өте маңызды.
Кәсіпорнынның шығындар көлемін анықтауда келесі шығыстарды дұрыс әрі дәл анықтау қажет: өнімнің (жұмыс, қызмет көрсету) өзіндік құны, сонымен қатар кезең шығыстары (жалпы және административті шығыстары), пайыздар бойынша шағастары. Мұнайгаз өндіруде өнімнің өзіндік құны мұнай және газды өндіру мен дайындау кезіндегі шығындары, негізгі қорлар, материалдар, отын мен энергия, еңбек және т. б. өндірістегі шығындар мен өткізу шығындарынан құралады. Осыған орай өзіндік құнды құраушыларға:
- мұнайгазды өндіру және дайындаумен тікелей байланысты шығындары, сонымен қатар басқару шығындары.
- Техниканы жаңартумен және өндірісті ұйымдастырумен, мұнай сапасын арттырумен байланысты шығындар.
- Еңбек жағдайын жақсарту мен техникалық қауіпсіздік және өндірістегі жұмысшылардың мамандандырылуымен байланысты шығындар.
- Босаған жерлерді шаруашылық пайдалануға жарамды қалпына келтіру шығындары, соның ішінде жер рекультивациясына, яғни жасалған жұмыстар салдарынан жердің құнарлығын қалпына келтіру.
- Геологобарлау жұмыстарына шығындары.
- өткізу шығыстары
Тауардың толық өзіндік құнына дайын өнімнің жіберу станциясына дейінгі транспорт шығыстары және оны транспорт құралына жүктеу шығыстар жатады. Егер тауар бағасы франко-вагон белгіленген станция қойылса, белгіленген станциядан белгілеген станцияға дейін транспорттық шығыстары жоспарланады және арнайы есептеледі, мұнда олар мұнайгаз өндіруші басқарма тауарының өзіндік құнына кірмейді. Тауар өзіндік құнына мұнайгаз өндіруші басқармамен берілген бағадан жеңілдіктер жеткізу шарты мен есепке сәйкес және өткізуді азайтатын түсім кірмейді.
өнімнің өзіндік құнына кірмейді:
- тауарды устеме біржолата сату арқылы сатып алушылармен қайтатын транспортировка мен қораптау шығыстары.
- Айыппұл, устеме пұл (пеня) және жеткізу келісімшартын, тасымалдау шартын тағы басқа шаруашылық қарым қатынасты реттейтін басқа да ережелерді бұзғаны үшін төленген және алынған неустойки.
- Банк ссудасын пайдаланғаны үшін төлемдер.
- Мұнайгаз өндіру басқармасы персоналын мәдени-тұрмыстық (бала бақша, санаториилер, демалыс үйлер) қызмететумен байланысты шығыстары.
- Жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелері арасында сауықтыру жұмыстарын, мәдени-танымдық шараларын жүргізетін ғимараттар, құрылымдар, бөлімдерді сондай ақ бақша, парктер, пионер лагерьлерін сақтаумен байланысты шығыстары.
Мұнайгаз өндіру басқармамен төленетін мұнайгаз өндірумен тікелей қатысты емес жұмыстар (қызмет көрсетулер) шығыстары (қала, кенттерді жақсарту жұмыстары, ауыл шаруашылығына қөмек көрсету) .
2 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның персоналмен жұмысын басқару бөлімшесі
2. 1 персоналды басқару бөлімшесінің функциялары
Персоналмен жұмысын басқару бөлімшесі «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының Ақтау қаласындағы бас бөлімінің ғимаратында орналасқан. Аталмыш бөлімде 64 экономист-инженерлер жұмыс істейді. Бөлім бастығы болып Шарипов А. Мырза тағайындалған. Бөлім қызметкерлері «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына құрылымына кіретін барлық ЖШС бойынша жұмыскерлердің саны, олардың мамандық құрылымы, жұмыс уақыты мен жалақысы бойынша және т. б жұмыстарды біріктіріп, жалпы акционерлік қоғам бойынша есеп дайындайды.
Кадрлар бөлімінің функциясы өзіне келесілерді кіріктіреді:
- кәсіпорын ұжымын жұмысшылар, қызметкерлер, инженер-техникалық жұмысшылар санымен сәйкесінше комплектілеу .
- кәсіпорынның кадрлық қажеттілігін ағынды және болашақта жоспарлануы.
- Мамандануы, білім алуы, жасы жөніндегі кадрлар құрамына жүйелік талдау және тәжірибе жүзінде кепілдемелер жасап шығару.
- Директорлар және жоғары тұрған органдар номенклатурасындағы жұмыскерлердің іскерлік, кәсіпқойлық сапасын жеке дара зерттеу және кадрларды іріктеп алу мен орналастыруға көмек көрсету.
- Кадрлар есебі жүйесін ұйымдастыру және олардың кәсірорын ішіндегі қозғалысы, олардың аққыштығын талдау.
- Кадрларға жоспарлы аттестация жүргізу.
- Кадрлардың біліктілігін арттыратын шаралар дайындау, сонымен қатар жоғары оқу орындары мен орта мамандандыру оқу орталығы, факультеттері, курстары мен өндірісті ұйымдастыру мектептеріне жіберу үшін кандидатура таңдау.
- Кадрлық резерв дайындау жіне олармен жұмыс.
- Алдыңғы қатарлы кадрлармен жұмыс тәжірибесін жалпылау және оны енгізу.
- Құрылымдық бөлімшелер басқарушыларын кадрларды іріктеп алу мен орналастырудың прогрессивті формалары мен әдістерін үйретуді ұйымдастыру.
- Ұжымның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлы шараларын дайындау және іске асыруға қатысу.
Персоналмен жұмысты басқару (қоғамдық кадрлар бөлімі) - бұл жұмыс күшін тиімді пайдалануға, тәртіпті нығайтуға, еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсартуға және кадрларды өндірісте бекітуге жағдай жасайтын еңбек ұжымының қоғамдық өздігінен істеушілік органы. Олардың негізгі мақсаты - штаттық кестеде қаншасы көрсетілсе, өндірісте сонша қызметкерлердің болуына қол жеткізу.
Қоғамдық кадрлар бөлім жұмысының мазмұны
- Кадрлардың аққыштығы, жұмыс уақытының жоғалуы, еңбек тәртібін бұзу себептерін зерттеу мен табу бойынша администрацияға көмек көрсету;
- Жас жұмысшылар мен мамандарды тиімді пайдалану, оларға біліктілігін және жалпы білімдік деңгейін арттыруға жағдай жасау, олардың жұмыста жоғары жылжуы бойынша жұмыстарын жақсартуға ат салысады;
- Жұмыскерлердің өз ниеті бойынша жұмыстан кету арыздарын қарастырады, олрмен жеке жұмыстар жүргізеді, өз ниетімен жұмыстан кетуге арыз жазуына себептерін анықтайды.
Қоғамдық кадрлармен жұмыс бөлімі өз тәжірибелік жұмысында еңбек туралы заңнамаларға және басқа да кадрлармен жұмысына қатысты нормативтік актілерге сүйенеді.
Қоғамдық кадрлармен жұмыс бөлімінің құқықтары:
- Жұмыскерлердің орналастырп қою, орын ауыстыру, жұмыстан шығарумен байлаысты мәселелерді қарастыруға қатысу;
- Қоғам бөлімшелерінде, кәсіпорында тексерулер жүргізу, кадрлармен жұмыс жағдайын ұйымдастыру, кадрлар аққыштығын қысқарту және еңбек тәртібін нығайту шараларын жүргізу.
- Қысқарту мен кадрлар аққыштығының алдын алуға, еңбек тәртібін нығайтуға бағытталған кепілдемені администрацияға енгізу, тұрақты еңбек ұжымдарын қалыптастыру және басқарушылардың осы жұмыс жағдайына деген жауакершілігін арттыру.
Персоналды басқарудың түп негізінде мекеменің стратегиялық мақсатына жету үшін адамдарды компанияның байлығы ретінде қарастырып, оларды басқа ресурстармен бірге орналастыру, дамыту, мотивациялау қажеттігі жатады. Персоналды басқару мекеме мен жұмыскерлер арасындағы қарым қатынасқа әсер етуші барлық басқарушылық шешімдерді қамтиды.
Жеке еңбек шартының (ЖЕШ) жасалу мерзімі жұмыскер мен жұмыс беруші үшін маңызды роль атқарады. Жұмыс беруші ЖЕШ мүмкіндігінше қысқы мерзімге жасасуға тырысады. Алайда ЖЕШ мерзімі қысқа болған сайын жұмыскердің жұмысқа қатынасы формальды болып қала бермек. Өзін уақытша қызметкер ретінде сезінген оны фирманың болашақтағы тағдыры алаңдатпайды, әлдебір күрделі мәсілелер шешуде ат салылуға тырыспайды және жағдайды жақсартуға ынталанбайды.
ЖЕШ тараптары келесілер болуы мүмкін:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz