Педагогикалық шеберлік туралы түсінік



1. Педагогикалық шеберлік туралы түсінік
2. Педагогикалық шеберліктің негізгі өлшемдері (мақсатқа лайықтылық, шығармашылық,үйлесімділік)
3. Педагогикалық шеберлік компоненттері және оларға сипаттама
4. Педагогикалық қарым ‒ қатынас қызметі
Педагогикалық қарым ‒ қатынастағы мұғалімнің тілі
5. Маңызды қарым ‒ қатынас мұғалімнің тұлғалық сапасы
6. Тұлғаның жалпы (базалық) және кәсіби мәдениеті
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», – айтады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Лист 1

1. Педагогикалық шеберлік туралы түсінік.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі - мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Педагогикалық шеберлік - ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр - сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін, - айтады.

2. Педагогикалық шеберліктің негізгі өлшемдері (мақсатқа лайықтылық, шығармашылық,үйлесімділік)
Педагогикалық шеберлік - тек қана мұғалімнің жалпы, жан - жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс - тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс - тұрысы, қозғалысы, отырып - тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.

3. Педагогикалық шеберлік компоненттері және оларға сипаттама
Педагогикалық техника негіздерін білу- қарым-қатынас жасау тнхнологиясын игерудің қажетті шарты. А. С. Макаренко: Мен тек бері кел деген сөздерді 15-20 түрлі реңмен айта білгенде, бет әлпетімнің, тұрған тұрысымның, дауысымның 20 түрлі қылып өзгертуді үйренген кезде ғана өзімді нағыз шебер деп есептей бастадым. Бірақ, маған біреу осыдан кейін келмесе де және не керек екенін сезбесе де мен қорыққан жоқпын,- деп жазған болатын. А. С. Макаренконың айтқан бұл ойынан педагогикалық техниканың білі, дағдыларының қатарында ең маңызды тәрбиелеу құралдарының бірі мұғалімнің сөз сөйлеу шеберлігінің дамуы екенін байқаймыз. Егер педагогикалық техниканың көптеген білік, дағдыларын бір топқа біріктіретін болсақ, онда мұғалім шеберлігінің бұл маңызды компонентінің құрылымы төмендегі жалпы біліктерімен сипатталады: сөз саптау білігі, бет әлпетінің өзгеруі және пантомималық өзгеруінің айқындылығы, өзінің психикалық жағдайын басқара білуі және эмоцианалдық-шығармашылық жағдайын қолдай білуі, актерлік-режиссерлік біліктер, осының барлығы тәрбиеленушілердің ойына, сезіміне әсер етуіне, дүниеге деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас тәжірибесін бере білуге мүмкіндік береді.

4.Педагогикалық қарым ‒ қатынас туралы түсінік, оның мәні.
Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас бұрын, алдымен қарым-қатынасты жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды қарап шығайық.

5.Педагогикалық қарым ‒ қатынас қызметі
Педагогтық әдеп - мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педагогтық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогтық шеберліктің құрамдас бөлігі болып табылады. Әр мұғалімнің дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогтық әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады. Аталған жағдайлардан басқа сергектік, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді бөліп алып қарауға болады.
Сабақта студенттер тақырып бойынша алдын-ала дайындалған мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасын жетілдіруге арналған психотехникалық жаттығуларды басшылыққа ала отырып өткізіледі. Студенттер әртүрлі жаттығулармен танысып, сол жаттығуларды орындайды. Сабақ соңында жаттығуларды өткізуге байланысты талдау жүргізіліп, қорытынды жасалынады, белсенділік танытқан студенттер жұмысы бағаланад

6)Қарым ‒ қатынас құралы және қарым ‒ қатынас түрлері
Қарым ‒ қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. . Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады.Сөйлеу -- тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынас үрдісі.
Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы - мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Коммуникациялық жүйе - бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi - қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi - эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.

7.Педагогикалық қарым ‒ қатынастағы мұғалімнің тілі Оқушыларды оқуда да, одан тыс процестерде де ұйымдастыра отырып, оқытушы олармен өзара үнемі араласады. Әлеуметтік функцияны тасушы ғана емес, нақтылы жеке адам ретінде де көірентін мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы - педагогтық қызметтің құрамдас бөлігі. Оның оқушылармен қарым-қатынасы екі негізгі. Информацтялық және интегративті-компенсаторлы функция бар тәрбие процесінің өзіне тән жолымен басқару ретінде көрінеді. Бұл жерде хабар екі бағытта басқару субъектісінен (мұғалімнен) басқарылатын объектіге (оқушыға) және керісінше - объектінің субъектіге қарай жүреді. Тікелей адамдар арасындағы қатынаста педагог тәрбиелеушілер, жалпы коллектив туралы, ондағы ішкі процестер туралы сан алуан мәліметтер алып отыр. Өз ретінде, педагог қатынас процесінде тәрбиеленушілерге мақсатты бағытталған, оқушыларға оның үндеуінің шағын текстегі ретінде спонтанды, жарып шығатын қаптаған информация береді.Қатынасу арқылы мәліметтер алады. Тікелей қарым-қатынас жеке адамды түрлі жағдайда және жәйттерде танып ұғынуға мүмкіндік береді. Ол жеке адамның ашық, неғұрлым айқын байқалатын сыртқы қылықтарын біліп қоймай, майда шамалы мәлімденген қылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Ал, олар жеке адамды түсіну үшін аса елеулі, маңызды ішкі процестердің байқалу нышандары болуы мүмкін

8. Педагогикалық қарым ‒ қатынас кезеңдері
Қарым-қатынас[1] - адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.
Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.
Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов мұғалімнің тұлғалық центрациясы деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің "Мен" қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде).Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.
Басқа отандық зерттеушілер, бағдарлардың маңыздылығын мойындай отырып, көбінесе сабақ беруде қолданылатын тәсілдерге шоғырланады (11). Н.К.Марков пен А.Я.Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезенін ашу, әдістемелілігі мен импровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрседен келесі нірсеге көңіл ауысымдылығы) және нәтижелілік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр. Авторлардың зерттеулері көрсеткендей педагогтың индивидуалды стилінің қалыптасу процесінде стильдің мазмұнды сипаттамалары өзгеруі мүмкін, ал динамикалық сипаттамалардың өзгеруі, яғни эмоционалдылық пен саналылықтың өзара өтуі анықталған жоқ.

9.Маңызды қарым ‒ қатынас мұғалімнің тұлғалық сапасы
Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып,арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік - саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі.Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу,тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті.Мұғалім жан-жақты жетілген білімді,әдістемелік шығармашы- лық шеберлік иесі,халықтық дәстүр,әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеумет- тік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресесе осы кәсіби білік дағ- дыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.[2]
Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал.
Қазіргі таңда мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын.

10. Адамға үйірлік педагогтың кәсіби тұлғалық сапасы
Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін
бағдарламаларды тиімді пайдалану;
салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;

11 .Педагогикалық қарым-қатынасқа қойылатын жалпы талаптар жүйесі.Оқушылар мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Негізінен педагог пен оқушы арасындағы қатынаста бірнеше талаптар ескеріледі:яғни белгілі дистанцияның болуы,сыйластық,түсіністік,тыңдай білу мен пікір айту қабәлеті секілді шарттық ұғымдар пайдаланылады.Педагогикалық қарым-қатынас негізінде бала мен ұстаздың өзіндік ролі мен орны айқындалады.

12.Білімін жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу педагогтың кәсіби дамуының факторы, оларға сипаттама.Педагог-қоғамдағы ең белсенді және ұқыптылық пен жауаптылықты қажет ететін мамандық екендігі айқын.Сондықтан да педагог атаулының бәріне де біліктілік,шеберлік,білім сапасын арттыру,тынымсыз ізденіс пен қажырлы еңбек ету талаптары қойылады.Соның ішінде қазіргі заман талабына сай әр уақытта педагог маман өз білімін жетілдіріп,тәжірибе жинақтауға,жаңалыққа құштар болуға,ғылыми және кәсіби тұрғыдан ізденімпаздылық танытуға тиіс.Педагогтарымыздың білікті де білімді болуы жаңашыл,жан-жақты,сауатты шәкірттер тәрбиелеуге,ұлт санасын дамытуға,қоғамға тың жайттар енгізуге зор ықпал етеді. Тәрбиеші болу үшін тәрбиеленген болуың керекдеген А.С.Макаренконың даналық сөзіне көз жүгіртсек,ұстаздан адамгершілік пен өзіндік тәрбие қажет етіледі.Сол себептен де,болашақ педагогтар білім жағынан ғана емес,тәрбие турасынан да танылуы тиіс.Міне,білім мен тәрбиені жетілдіру-педагог тұлғасын дамытуда зор роль атқарады.

13.Педагогтың өзін-өзі басқару және бағыттай білу біліктілігі мен дағдысын меңгеруі және практикада қолдануы маңызды педагогикалық мәдениет. Жақсы мұғалім -- бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Мұғалімнің өзін-өзі басқара білуі - жалпы мәдеииет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мұддесін қанағаттандыру максатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан -жақты, жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады. Туптеп келгенде, бул тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз. Педагогикалық практиканың тиімділігінің негізгі шарттары - оның кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, педагогикалық практиканың мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыдан қарау, жүйелілік, оны өткізудегі қажеттілік

14.Мәдениет туралы түсінік, оның маңызы негізгі қызметі. Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің ғылыми-педагогикалық дайындығы мен тәжірибелік іс-әрекеті арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу дәрежесін бейнелейтін, оның педагогикалық іс-әрекет пен тәрбие қатынастарының субъектісі ретіндегі тұтас тұлғасының мәнді сипаттамасы. Педагогикалық процестің мақсаты мен міндеттері тандап алынатын іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды. Қазіргі кезендегі жалпы мәдениеттің теориясы (Кизимов В.В., Маркарян Э.С. және т.б.) іс-әрекеттің мазмұны әлеуметтік тәжірибені меңгеруге адамзаттың жинақталған барлық мәдениеттер байлығына айтылған оқуға (В.И. Ленин) бағытталуы керектігіне сеңдіреді.

15.Тұлғаның жалпы (базалық) және кәсіби мәдениеті. Тұлғаның коғамдық сана-сезімінің дамуының белгілі бір сатысында, адам өзінің жеке басы үшін тек сыртқы мақсаттарды ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын да түсінеді.Кәсіби мәдениет-бұл қандай да бір кәсіптік іс-әрекетпен айналысушы адамдардың кәсіби деңгейіне қойылатын талаптар жүйесі.Кәсіби мәдениет жеке тұлғаның әлеуметтік толысуының басты көрсеткіші,қоғамдықөндірістің нақты саласында өзінің мәнді күшін жүзеге асыруға даярлығын анықтаушы жеке тұлғаның білімі,іскерлігі мен дағдыларының,сапаларының кешені болып табылады.

16.Педагогикалық мәдениет жөнінде сөз қозғағанда қашанда нәрлі орта жайлы, оны азықтандырған, оның пайда болуы, дамуы және гүлденуіне қолайлы жағдай туғызған - халық жайлы есте ұстаған жөн. Кез келген мәдениет кайраткерінің жеке шығармашылығы оған дейін халық жөне адамзат жеңіп алған жетістіктер негізіңде дамиды. Ол өз халқының мәдениетін жетілдіруді бастаудан бұрын өзінің көп ғасырлық тарихында халық туғызганды меңгеруі, сонымен қатар өзге халықтар мен адамзат жасаған игіліктерді игеруі қажет. Тек халық пен адамзат рухани қазынасы жиынтығы ғана мәдениет қайраткерінің шығармашылығына нақты тұғырнамалық негіз бола алады. Кез келген педагогтың данышпандығы мен ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығымен, оның рухани қазынасының тереңіне мейлінше бойлау қабілетімен өлшенеді.Педагогикалық ойлау - кез келген педагогикалық құбылысты тікелей немесе жанама түрде белгілі бір көзқараспен ой елегінен өткізу бойынша жасалатын әрекет. Оның мәні - білімнің мазмұны, мұғалімнің және оқушының қызметі сияқты үш бөлшектің сәйкестігінде.Педагогикалық қарым-қатынас-мұғалім мен оқушы арасындағы біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын,адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс.Мұғалім мен оқушының танымдық хабарлар алмасуы,өзара түсінісуі,бір-бірін қабылдауы. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін- өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу- тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр. Ахмет Байтұрсынов: Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім,- деген болатын.

17.Педагогикалық рухани адамгершілік мәдениетіРухани -адамгершілік мәдениет- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік мәдениет нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрысОл тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

18.Педагогикалық шеберлік
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең сынампаз бөлігі болып табылады, - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.Педагогикалық мәдениет.Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты екінші табиғат. Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы.Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. .Педагогикалық мәдениет жөнінде сөз қозғағанда қашанда нәрлі орта жайлы, оны азықтандырған, оның пайда болуы, дамуы және гүлденуіне қолайлы жағдай туғызған - халық жайлы есте ұстаған жөн. Кез келген мәдениет кайраткерінің жеке шығармашылығы оған дейін халық жөне адамзат жеңіп алған жетістіктер негізіңде дамиды. Ол өз халқының мәдениетін жетілдіруді бастаудан бұрын өзінің көп ғасырлық тарихында халық туғызганды меңгеруі, сонымен қатар өзге халықтар мен адамзат жасаған игіліктерді игеруі қажет. Тек халық пен адамзат рухани қазынасы жиынтығы ғана мәдениет қайраткерінің шығармашылығына нақты тұғырнамалық негіз бола алады. Кез келген педагогтың данышпандығы мен ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығымен, оның рухани қазынасының тереңіне мейлінше бойлау қабілетімен өлшенеді.

19.Шетел тілі мұғалімінің оқушыларымен өзара қарым-қатынасында шетел тілін меңгеру мәдениетаралық қарым-қатынас құралыОрта мектепте шет тілін оқыту 3 немесе 5 сыныптан басталды. Бұл кездегі бағдарламада оқыту,түсіну және шет тіліндегі мәтінді аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен жазбашаның негізін қалау. Бағдарламада бөлімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. Алғашқы кезеңге бірінші орынға оқып-түсіну және аударма қойылады.
-оқушылар таныс емес сөздерді оқып білу-cөздіксіз мәтінді оқып түсіне білу
-шетел тілін өз ана тіліне ауызша аудара білу
-жазбаша аудара білу Жазбаша оқытуда мынадай талаптар қойылды:
-мәтінді көшіріп жаза білу
-қысқа сөйлеуді жаза білу

20. Педагог және оқушылардың өзара қарым-қатынасының үйлесімділігі тұлға ретінде баланы қалыптастыруда шешуші факторҰстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас орнату, олардың арасында кездесіп қалатын қиыншылықтар психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Ал, мұғалім мен шәкірттер арасындағы қатынасты іздестірудегі ғылыми-педагогикалық бірең-сараң әдебиет пен мақалаларда тек ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен шектеледі. Осы кезде тәлім-тәрбие ісіндегі жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән беріледі. Осындай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында мұғалімнің бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу керек деген міндет қойылады.

21. Балалық щақ және бала құқығы бүгінгі өмірде
Балалық шақ -- адам өмірінің туғаннан бастап жасөспірімдік (13 -- 14 жас) кезеңге дейінгі атауы. Педагогикада Балалық шақнегізгі кезеңдерге ажыратылады. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың өзі нәрестелік, бөбектік, сәбилік, естияр-балдырғандық деп бөлінеді. Бұлар балабақшадағы топтарға сәйкес: үш жасқа дейін бөбектік, үш пен бестің арасы сәбилік, бес пен жеті жас арасы естиярлық, бүлдіршіндік болып бөлінеді. Оқыту мен тәрбие процесінің негізгі кезеңдеріне және балалардың даму ерекшеліктеріне сәйкес жеті мен он жеті жастың аралығы мектептік шақ деп аталады. Мұның өзі үш кезеңге бөлінеді:
* а) бастауыш сынып оқушылары (1 -- 4-сынып);
* ә) ортаңғы (негізгі) сынып оқушылары (5 -- 9-сынып);
* б) жоғары сынып оқушылары (9 -- 11-сынып).
Бір жас тобындағы балалардың мінез-құлқында елеулі айырмашылықтар болады, сондықтан жас психологиясының сипаттамасы шамамен ғана белгіленеді. Баланың жан дүниесі бір қалыпты дамымайды, ол кейде баяу, кейде секірмелі түрде өтеді. Балалық шақтағы психология даму процесі баланың отбасымен, өскен ортасымен тығыз байланысты; қазіргі Бала психологиясы.
Бала құқықтары, оның өміріне, дамуына, білімденуі мен тəрбиесіне қамқорлық қашанда бүкілəлемдік проблема болған. Қабылданған халықаралық құжаттарда (Бала құқықтары Декларациясы, 1959ж.; Бала құқықтары жөніндегі Конвенция, 1989ж.; Балалар тіршілігін сақтау, қорғау жəне оларды дамыту Декларациясы, 1990ж.; Ымырашылдық принциптері Декларациясы 1995ж.; Əлем мəдениеті жөніндегі Декларация, 1998ж. жəне т.б.) қоғамда бала құқықтарының үстемдігін, оларда ымырашылдық, басқыншылыққа бармау сезімдерін оятып, тыңдай білу мен зер салуға үйрету қажеттігі жария етілді. Бұл құжаттарда хатталған бағдарламалар барша аймақтардағы барлық халықтар үшін теңдей маңызды да олар тарапынан бірдей орындалуы міндетті.
Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері рухындағы тəрбие мақсаттары , принциптері жəне мазмұны БҰҰ білім, ғылым жəне мəдениет бойынша Бас конференциясының Халықаралық қатынастар, өзара түсіністік жəне бейбітшілік рухындағы тəрбие жəне адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін құрметтеу рухындағы тəрбие жөніндегі ұсыныстарында (Париж, қараша, 1974ж.) жарияланды.

22. Бала құқығы жөнінде Декларация және Конвенция жалпы адамзаттық құндылық
Аса жоғары педагогикалық маңызға ие болған құжат - бұл Бала құқықтары жөніндегі Конвенция. Қазақстан Республикасында бұл Конвенция ресми түрде бекіп, қабылданды. Оның тұжырымдары төрт негізгі талаптарға саяды: баланың тіршілік ету, даму, қорғану жəне қоғам өміріне белсенді араласу құқықтарын қамтамасыз ету. Конвенцияда ересектердің балалармен қарым-қатынас жасаудың жалпы адамзаттық мəдениет идеяларының негізіне арқау адамгершілік - инабаттық қағидалары айқындалған. Мұнда барша жұртшылыққа өз арақатынастарын гуманистік негізде құрып, бала тұлғасын құрметтеу жəне əлпештеу, оның ой-пікірлері мен көзқарастарын қолдап-қуаттау жəне осылардың бəрін ізгілік тəрбиесінің негізіне қалау қажеттігі жөнінде ұран тасталды.
Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тұжырымдарын, Бала тіршілігін, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік Декларациясы жəне оны іске асыру əрекеттерінің Жоспарын орындау мақсатында ҚР үкіметі өз Қаулысын қабылдады. Осыған сəйкес Республикалық бағдарлама түзіліп, С.Назарбаева бастаған Бөбек қоры жəне балалар қамқорлығын өз міндетіне алған басқа да қоғамдық мекемелер іске қосылды.
Бала құқықтары жөніндегі Конвенция жəне БҰҰ-ның басқа да тұғырлы құжаттарында жарияланған Ережелердің түпкі мəні - білім жəне тəрбие толығымен тұлға дамуына, сонымен бірге адамның құқықтарын жəне негізгі еркіндіктерін құрмет тұтуға бағышталуы.

23. Балалардың құқығын қамтамасыз ететін негізгі талаптар : өмір сүруін,дамуын және қоғамдық өмірге белсене араласуын қамтамасыз ету
Балалар құқықтары туралы халықаралық конвенциядан.
Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
Әрбір баланың ой-пікірі, ар-ождан және дін еркіндігене құқығы бар. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы.
Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
Әрбір Қазақстан оқушыларының міндеттері:
1.Әрбір оқушы ҚР-ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға,
2. Басқа адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін сақтауға,
3. Табиғатты қорғауға,
4. Тарихи мәдени мұраларды
сақтауға міндетті.

24. Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы жайындағы заңдылықтар
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және
шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары
негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың
бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан
Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске
асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
Заңның қолданылуы
1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылмайтын бала, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында,
Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шарттарда өзгеше көзделмесе, Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды
пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
2. Осы Заңның баланың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормаларының күші кәмелетке
толғанға дейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық әрекетке қабілеттілігін
толық көлемінде алған балаларға қолданылады.

25. Ғылымаралық баяндауда дау-дамай жайлы түснік
Адам баласының ілгері дамуы немесе кері кетуінің алғы шарты ретінде қарама-қайшылықтардың әр түрлі үлгіде көрініс беріп отыратындығы қоғамдық ғылымдарда жиі аталады.Осындай қарама-қайшылықтардың бір көрінісі дау(конфликт)-әлеуметтік феномен түрінде қарастырылады.Конфликті латынның қарама-қарсытұру , қарсы күресу етістігінен шыққан.Дау (конфликт) ұғымына әр түрлі ғылым саласында түрліше анықтамалар беріледі.
Дау-деп әлеуметтік қарама-қайшылықтардың шиеленісу шегіне жеткен жағдайындағы әр түрлі әлеуметтік бірліктердің қақтығыстарын атайды.Педагогика ғылымының социология саласындағы жинақталған білім қорынан дауларды шешудегі дауларды елемеу, жарыс әдістері, келісімге келу, ынтымақтастық, жүйенің ұйымдастырушылық құрлысын өзгерту, іштей келіспеушілік әдістері.
Психологиялық дау деп шамасы жағынан бірдей, бірақ қарама - қарсы күштердің,мүдделердің,ұстанымдардың ,өзара әрекеттесетін оппенттердің немесе субъектілердің пікірлерінің, көзқарастарының үйлеспеуін атайды.
Басқа пәле - тілден.Тіл арқылы байланысу,қарым-қатынас жасау - адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық.Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққада қолданатынымыз жасырын емес.Кейде аңдамай сөйлеп,ауырмай өлеміз.Қызбалыққа салынып, былапыт сөз сөйлеп, артынан ұятқа қалып жататын жандар балағат сөз үшін заңмен жауапқа тартылатынын ,әрине біледі.Әйтседе осы жаман әдеттен адамдар айығып кеткен жоқ.Керісінше, жас балаларды байқатпай баулып,теріс ықпал етіп барады.
Балалар арасындағы аулада ойын барысында, мектепте сабақ арасында қарапайым түсінбеушіліктен басталған кикілжің, дау-дамайда жаман сөзбен бірін-ьірі сыбап,былапыт сөздермен балағаттасуға дейін барады.
Ғалымдардың айтуыша, дөрекі былапыт, балағат сөздер (арнайы баламасы боқтық деген сөз )қай халықтың этномәдениетіде де бар екен.

26)Педагогикалық дау-дамай педагогикалық әрекет жүйесіндегі табиғи құбылыс
Педагогикалық дау дамайға тұлғаарлық дау дамай,яғни тәрбиеші мен тәрбиеленушідің (мұғалім мен оқушы,ата-ана мен бала)арасындағы және топаралық, егер дау дамай мұғалім мен сынып арасында болса.Дау дамай шығуына түрлі себептер әсер етеді.Бұл себептер барлық тұлғааралық дау дамайларға сәйкес,ұқсас болып келеді. Қоғамдық рөл позицияларына, мақсаттарына,әр түрлі қызығушылықтарына байланысты. мұғалім мен оқушы арасындағы дау дамай,көбінесе ниеттердің әр түрлі болуына байланысты. Мысалы,мұғалім сабақ түсіндіріп тұр, ал сол уақытта екі оқушы өз жеке тақырыптарына сөйлеп отыр. Мұғалім өз баяндамасын, өз мақсатына жету объектісі деп санаса, оқушылар оған мән бермей,керісінше мұғалім олардың мақсаттарына, яғни әңгімелесуге бөгет болып тұр деп санайды. Бұл жерде ниеттердің айырмашылығы айқын көрінеді. Кейде бұл проблемалар бір бірін түсінбеушілікте,дөрекі сөйлеу,мұғалімнің беделі оқушыдан жоғары болғандықтан,мұғалімнің кейде оқушыдың жанына қатты тиер ескертулер болғаннан туындайды.

27)Дау-дамайдың түрлері және олар туралы дабыл
Дау-дамай (конфликт) - әрқилы мұддеге бағытталған тараптардың қарама-қайшылықты тайталасы. Дау-дамайлы ара қатынастарды талдауда олардың негізгі типтерін ажырата білу аса маңызды келеді. Мұндай байланыстардың субъекттеріне тәуелді дау-дамай келесідей типтерге бөлінеді: тұлғаның өз бойындағы, тұлғалар арасындағы, топ- тар байланысындағы, топ ішіндегі, топтар арасындағы қайшылықты қатынастар. Дау-дамайлы жағдайлар қатынасқа түскен тараптардың болмысқа де - ген көзқарастарының өзара сәйкес келмеуінен шынайы және жалған сипат алады. Кейде туындаған қайшылықтар әсіреленіп, елеуге тұрмайтын тұстары көзкөре күрделендіріледі, оларды шешудің қарапайым жолдарына мән берілмейді.
Дау дамайды 3топқа бөлуге болады:
Жүйелі(системалық) түрдегі дау дамайлар,яғни негізінде білімнің жүйе ретінде қарасытырғанда, жүйедегі қайшылықтар жатады; экономикалық, саяси, этникалық, рухани болып);
Процеске байланысты (процессуальді) дау дамай,педагогикалық конфликтер, негізінен білім беру үдерісінде пайда болатын қайшылықтар.
Нәтижелі дау дамай, (шынайы және идеалды нәтижелерінің бас негіз қайшылықтарынан туады).
Дау дамай оқу процесінде 4субъекті ерекше бөлуге болады. Олар мұғалім, оқушы,ата ана және админстратор. Дау дамайлар оқушы мен оқушы,оқушы мен мұғалім, оқушы мен ата на, ата ана мен мұғалім, мұғалім мен мұғалім, оқушы мен администратор арасында болады.

28) Дау-дамайдың туу салдары және оларды шешу жолдары
Дау дамайды шешу жолдары. Ең алдымен бұл жағдайға анализ жасап, бұл проблема не үшін туындағанын тауып, түсіну керек. Оқушылармен сөйлесіп, ақыл айтып, не болғанын проблемаға қатысқан адамадырдан сұрап, проблеманын басты себебін айқындау. Оқушы мен мұғалім арасындағы дау дамайды шешкенде, баланың жас ерекшелігін ескеру керек. Қарым қатынасты жақсарту, оқушымен сөйлескенде тек сөздеге ғана емес, интонацияға, мимикаға назар аудару.
Баланың мінезінің ерекшеліктеріне мән беру керек. Агрессияға агрессиясыз жауап қайтару.Оқушының өзі не сезіп тұрғанын айтқызу, мұқият тыңдап,түсінушілікпен қарау.Мұғалім позитвті эмоциялар көрсетіп, бұл қиыншылықты шешуге ниеттін айқын балаға көресетуі керек.

29)Студент тұлғасы. Белгілі жас мөлшеріндегі адам және тұлға ретінде сипаттама
Студентедің әлеуметтік және танымдық мотивтерінің дамуын зерттеп қарасақ, онда таным қызығушылықтарының дамуы олардың кәсіби қабілеттерінің ары қарайғы дамуының негізі екенін көреміз.
Кең ауқымды танымдық мотивтер арқылы студенттер жаңа білімге деген қызығушылық, оны меңгеру барысындағы қиыншылықтарды бастан өткеру сияқты әрекеттерді жүзеге асырады. Оларда білімге деген қызығушылық тереңдей түсіп, тек оқу пәнінің ғана заңдылықтарын емес, сонымен қатар ғылымның, кәсіби құзіреттіліктің негізіне бет бұрады.
Оқу-танымдық мотив-теориялық және шығармашылық ойлаудың әдістеріне деген қызығушылық ретінде іске асады. Студенттерді әлбетте ғылыми жұмыстарға араласу, зерттеу әдістерінің әртүрлерін қолдану қызықтырады. Студенттерді танымдық іс-әрекеттің нәтижелілігін жоғарылату жолдары еліктететіндіктен, олардың ой еңбегін рациональді ұйымдастыру және оның мәдениеті туралы әдебиеттер қызықтыра түседі. Бұл жас шамасында процессуальді және нәтижелі оқу мотивациясының бірлігінің пайда болуы туралы сөз қозғауға болады
Егер студентті 18 - 20 жастағы тұлға ретінде қабылдаса,бұл кезең студенттің өнегелі
және эстетикалық сезімдерінің активті дамуына, мінез - құлқының қалыптасуымен тұрақтануына, есеюдің әлеуметтік рольдерінің (азаматтық, кәсіптік, еңбек және т.б.) толық кешенін меңгеруіне байланысты. Бұл жаста экономикалық белсенділік
басталады. Демографтардың пайымдауынша, осы кезеңде адамның дербес өндіру қызметі, еңбек биографиясының басы және отбасын құруға құлшынысы басталады. Бір жағынан мотивацияны түрлендіруі, барлық бағалы бағыттар жүйесін құру болса, екінші жағынан мамандыққа үйрену жолындағы арнайы қабілеттіліктерді қарқынды ұйымдас
тырады. Бұл жас негізінен мінез - құлық пен ақыл - ойдың қалыптасу кезеңдеріне сәйкес келеді
Студенттің әлеуметтік-психологиялық бейнесін сипаттайтын және оқудың табыстылығы
на әсер ететін факторларды екі категорияға бөлуге болады: оқу орнына студентпен бірге келгендер және оқу процессі кезінде пайда болғандар - оларды басқаруға болады.
Бірінші катергорияға мыналарды жатқызуға болады: дайындық деңгейі, оқуға деген
қарым-қатынас, оқу орнының мақсаттары туралы хабардар болуы, кәсіби болашақ туралы көз-қарас. Бұл категорияға жататын факторлар бірінші курс студентінің мен қайда келдім және қоршаған ортам қандай екендігін түсінгісі келген кездегі бейімделу этапында қызмет атқарады.
Уақыт өте келе бірінші категориядағы факторлардың әсері әлсіреп, екінші топтағы факторлар шешуші рольді атқарады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: оқу процесін ұйымдастыру, оқыту деңгейі, студент пен оқытушының қарым-қатынас түрі және т.б.

30)Жоғарғы оқу орнындағы оқу ерекшеліктері
Жоғарғы оқу орны, мектептен өзгеше. Бұл жерде студент өзінің келешектегі мамандығына дайындалады. Курстан курсқа сабақ тапсырмалары көбейіп, күрделене түседі. ЖОО өзінің режимімен, оқу процесінің басқа формаларв мен тапсырмалармен мектпетен өзгеше. Студент өзіндік жұмыстар жасап, өзін өзі тәрбилейді. Тек қана оқымай, көптеген түрлі конференцияларға қатысып, зерттеу жұмыстарын өткізуге мүмкіндігі бар. Жоғары оқу орындарында тҽрбие саналы түрде жҥргізіледі. Студент тек жоғары білім ғана емес,
сонымен бірге жоғары деңгейдегі тәрбие үлгілерін де университет қабырғасынан көреді.
Бүгінгі студенттер - кешегі мектеп оқушылары, ал ертеңгі мемлекет басқарудың тұтқасын өз қолдарына алатын болашақ мамандар. Сондықтан болашақ маман тҽрбиесі - өте күрделі және өте жауапкершілігі мол іс-әрекет. Жоғары білім - халық мәдениетін мұра тұтуға мүмкіндік беретін әлеуметтік институт. Жоғары мектептегі қҧндылықтар: білім алушы, білім алушының көңіл-күйі. Оқу ордасына, оқуға жҽне ұстаздарға деген сенім мен ықыласы. жауапкершілігі мол іс-әрекет. Жоғары оқу орнының айырмашылығы да артықшылығы да жоғары сапалы білімді, жоғары мҽдениетті маман даярлауында
болғандықтан,жоғары оқу орнындағы тҽрбие жұмысы - кәсіби бағдар беру, кҽсіпке
бейімдеу, кәсіптің қыр-сырына үңілдіру арқылы адамзаттық жҽне ұлттық құндылықтарды ұштастыра отырып болашақ маманның базалық (тірек) мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

31) Студенттердің оқу еңбегінің мәдениеті туралы түсінік
Студенттердің оқу еңбегінің мәдениеті - студенттің өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - студент мәдениет саласының өрісі кең. Оның дәрежесі мен сипаты оқу орнындағы қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: студенттің мәдени әрекет,студенттің мәдени ортасы, оқу еңбегі барысында қолданатын мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Қазіргі таңда студент үшін мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым оның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай қажеттіліктерді жатқызамыз: оқудың мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.

32) Студенттердің оқу жұмысының әртүрлі формаларында оқу әрекетін ұйымдастыру
Студенттердің оқу жұмысының әртүрлі формаларында яғни реферат жазу, шығармашылық тапсырыс, курстық диплом, диплом және конкурстық жұмыс, ғылыми-практикалық конференцияда баяндама,мақала,тезис,хабарлама, олимпиада және сайыстар. Бұл жұмыстар болашақ мұғалімнің ұстаздық кәсіби маман ретінде даярлау ретінде ықпалы зор. Ал сайысқа қатысулар ұтымдылықты сондай-ақ болашақ маманның кәсіби біліктілігін арттырады. Студенттердің оқу жұмыстары жобалау кезеңдерінен өтіп жүргізу технологиялары арқылы іске асады.Яғни пратикада зерттеліп отырған жағдайымен таныстырылып, нәтижесін қорытындылап,қолданысқа енгізу. Ғылыми баяндаманы ұйымдастыру ең алдымен баяндаманың өзектілігін талқылау, мақсатын құру,баяндаманы оқуға жаттығу, даярлық жүргізу. Тундайтын проблемаларды зерттеу жоспарын құруда оған даярлық және баяндама әзірлеу кезеңінің технологиясын тәжірибе жүзінде қарастыру.

33) Бірінші курс студенттерінің оқу еңбегінің мәдениетін меңгеру маңыздылығы
Қазіргі кезде жоғары оқу орнында 1 курс студенттердің жалпы және арнайы дағды, білік, білімдер жүйесін қамтамасыз етіп қоймай, білімді өз бетімен игеру қажеттілігін және оқу еңбегінің мәдениетін меңгеру маңыздылығын қалыптастыруды қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар қазіргі уақытта ғылыми-техникалық апараттар ағыныны орасан зор болуы оны оқытуды қысқа мерзмінде оқу бағдарламасына сыйдырып, студенттер санасына жеткізуде қиындықтар туғызады.Сол себепті студент өзіндік жұмыстар жасаудың аясын кеңейту керек. Өз бетімен жұмыс оқытушы студентті сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы әрекетін ұйымдастыратын оқытудың дидактикалық құралы болып келеді. Сыртқы өзіндік жұмыс оқытуды құралы ретінде әр түрлі тапсырмалар түрінде берілсе, ішкі өзіндік жұмыс студенттердің ойына оқу енетін танымды және практикалы тапсырмалар түрінде өрнектеледі. Студенттердің оқу жұмысының әртүрлі формаларында оқу әрекетін ұйымдастыруда өзіндік жұмыстын қабылдау орасан зор маңызға ие. Студенттерінің оқу еңбегінің мәдениетін меңгеру маңыздылығы ол математикалы ойлауды дамытады, танымды қызыушылыққа және білуге құмарлыққа трбиелейді, қажетт білік пен дағдыны қалыптастырады, материалды саналы мегеруін көрсетеді, оқу жұмыстарынрын орындауда жауапкершлік сезімін, еңбек сүйгіштікке, табандылыққа жне мақсата жетудегі шыдамдылыққа тәрбиелейді.

34) Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының мәні,міндеттері,формаларын өзектілеу мәселелері
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары - болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері:зерттеу обьектісін анықтау, жоспар жасау, қоғамдық құбылысты таным-білу,ақиқаттылығын атап көрсету, қоғамдақ құбылыстардың байланыс формаларының арасындағы байланыс беріктігін анықтап алу.Іс-жүзінде,тәжирибеде тексерілуі;,қолданылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогтық әдеп, шеберлік туралы жалпы түсінік
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы
Педагогикалық әдептіліктің көрсеткіштері
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі туралы түсінік
Педагогикалық шеберлік пен әдеп
Педагогикалық әдептің негіздері
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің элементтерінде
Педагогикалық шеберлік жайлы
Мұғалімнің сөйлеу шеберлігі туралы
Пәндер